Гипофиз гормондары
Мазмұны
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
ІІІ. Негізгі бөлім
3.1. Гормондардың жалпы сипаттамасы, зат алмасудағы қызметі,
қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3.2. Гипофиз гормондарының препараттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
3.3. Гипофиздің артқы бөлігінің препараттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ІV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Кіріспе
Барлық жан-жануарлар мен адам денелері алуан түрлі мүшелерден күрделі жүйелерден құрылады. Әрбір мүшенің өз алдына қимылы, өзіне тән міндеттері бар. Былайша айтқанда, сүйек пен ет – қозғалу қызметін атқарса, жүрек пен өкпе – қан тарату, денеге таза ауа жеткізу жұмысын атқарады, ал ішек – қарын мен бауыр –ас сіңіру, қан тамырымен сөл жүйелері организмді қоректендіру, әрбір тәнге, клеткаға нәр жеткізіп және керексіз қалдықтарды денеден сыртқа шығару қызметін атқарып отырады.
Малдәрігерлік фармакология дәрілік заттардың әсерінен тірі ағзадағы физиологиялық және биохимиялық өзгерістердің заңдылықтарын, осы заңдылықтарға сүйене отырып дәрілік заттарды қолдану әдістері мен оның әсерінен болатын өзгеріс көрсеткіштерін малдәрігерлік тұрғыдан зерттейді. Сондықтан да, бұл ілім дәрілік заттардың тәжірибе жүзінде малдәрігерлеріне өте қажетті барлық деректерін зерттеп, жинақтайтын ілім.
Бүгінгі таңда экспериментальды және клиникалық фармакологияның алдында тұрған мақсат – дәрілік заттардың тек жалпы ағзаға ғана әсерін емес, олардың молекулалық және субмолекулалық деңгейдегі әсер ету механизмін зерттеу.[1].
Фармакология өте кең тараған ілім. Оның негізгі деректері медицинада, ветеринарияда, биологияда, фармацияда, табиғатта жаңа дәрілік заттарды синтездеуде, іздестіруде, ауылшаруашылығының көптеген салаларында кеңінен және өте жиі пайдаланылады.
Фармакология қазіргі түсінік бойынша – физиологиялық жүйелердің дәрілік заттармен әртүрлі деңгейдегі қарым-қатынастарының заңдылықтарын зерттейтін ілім. Ал малдәрігерлік фармакология дегеніміз дәрілік заттарды нәтижелі, қауіпсіз және аз шығынмен қолдану принциптері мен ережелерін оқытатын ілім. Малдәрігерлік фармакологияның алдында тұрған тағы бір мәселе – ол малдың өсімін көбейтетін, өнімін арттыратын, оның сапасын жоғарылататын, экологиялық тұрғыдан таза өнім алуды қамтамасыз ететін дәрілік заттарды іздеп, табу.[2].
Қазіргі кезде эндокринология, биохимия, биотехнология жетістіктері гормондарды медицина мен ветеринария салаларында мал шаруашылығында тиімді пайдалануға зор мүмкіндіктер беріп отыр.
Ағзада белгілі бір әрекеттерді (функцияларды) реттейтін өзіндік әсері бар органикалық қосылыстарды биологиялық белсенді заттар дейді. Оларды төрт топқа бөледі: гормондар, гормоноидтар, парагормондар, телегрондар.
Соңғы жылдары көптеген гормондардың химиялық құрамы анықталып, гипофиздің троптық гормондарының (СТГ,ГТГ, АКГТ, т.б.) алыну және тазалану жолдары жетілдірілді, кейбір релизинг-гормондар таза күйінде бөлініп, синтезделінді, біраз гормондар (стероидтар) аналогтары химиялық жолмен алынып, тәжірибеде гормондарды анықтаудың өте сезімтал радиоиммундық әдісі енгізілді.
Гормондар ағзалар мен жүйелердің жан-жақты функцияларын гуморальдық жолмен реттеуге қатынасады. Олардың биологиялық көзқарас

V.Пайдаланылған әдебиеттер
1.Алмашев Б.К. Физикалық және коллоидтық химия практикумы.-Алматы.: Мектеп, 1985.-155 б.
2.Биохимическая фармакология / Под ред. Сергеева С.-М.: Высшая школа,1982.-731 с.
3.Ветеринарные препараты: Справочник / Под ред. А.Д.Третьякова.-М.: Агропроиздат, 1988.-319 с.
4.Збарский Б.И., Иванов И.И., Мордашов С.Р. Биологическая химия.-М., Медгиз.-1972.-144 с.
5.Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы.-Алматы.: Ана тілі, 1993.-276 б.
6.Кононский А.И. Биохимия животных.-Киев.- 1984.-25 с.
7.Қожанов К.Н. Фармакология.-Алматы, 2007.-395 б.
8.Малдәрігерлік фармакология.-Алматы: ҚазМҒЗИ.-2000.-255 б.
9.Малахов А.Г., Вишняков С.И. Биохимия сельскохозяйственных животных.-М., Колос.-1984.-256 с.
10.Михайлов И.Б. Клиническая фармакология.-Спб.,1998.-437 с.
11.Мозгов И.Е. Фармакология.-М.: Агропромиздат, 1985.-416 с.
12.Несіпбаев Т. Адам және жануарлар физиологиясы. Оқулық-диалог. Сұрақ-жауап.-Алматы.: Ғылым, 2005.-304 б.
13.Сайдулдин Т.С. Орысша-қазақша малдәрігерлік сөздігі.-Алматы.: Қайнар, 1993.-168 б.
14.Соколов В.Д., Рабинович М.И. и др. Фармакология.-М.: Колос, 2000.-575 с
15.Харкевич А.Д. Фармакология.-М.: Медицина, 2002.-722 с.
Червяков Д.К. Фармакология с рецептурой.-М.: Агропромиздат, 1986.-318 с.
16.Чечеткин А.В. Биохимия животных.-М.,Высшая школа.-1982.-156 с.
17.Шәріпбаев Н.Ш. Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану.-Алматы.: Қайнар, 1988.-243 б.
18.Червяков Д.К. Фармакология с рецептурой. – М.:Агропромиздат, 1986. -318 с.
19.Фармакопея СССР. –М.:Медицина, 1990.-333 с.
20.Уша Б.В., Жуленко В.Н., Волкова О.И. Фармакология.-М.: Колос, 2003.-375с.
21.Рабинович М.И. Ветеринарная фитотерапия /2-е изд., доп.и перераб. –М.: Росагропромиздат, 1988. – 174с.
22.Ноздрин Г.А. Общая рецептура с основами латинской грамматики. – Новосибирск, 1991. -107 с.
23.Исамбаев М., Сарсенова Ш. Русско-казахский словарь медицинских терминов. –Алма-Ата, 1982.-407 с.
24.Коволев В.Ф., Волков И.В., Виолин Б.В. Антибиотики, сульфаниламиды и нитрофураны в ветеринарии. – М.: Агропромиздат, 1988. – 223 с.
25.Машковский М.Д. Лекарственные средства. –М.: Медицина, 1993.-Т. 1 и 2. – 1147 с.

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 5
ІІІ. Негізгі бөлім
3.1. Гормондардың жалпы сипаттамасы, зат алмасудағы қызметі,
қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3.2. Гипофиз гормондарының
препараттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
3.3. Гипофиздің артқы бөлігінің
препараттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
ІV.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9
V. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..22
Кіріспе
Барлық жан-жануарлар мен адам денелері алуан түрлі мүшелерден
күрделі жүйелерден құрылады. Әрбір мүшенің өз алдына қимылы, өзіне тән
міндеттері бар. Былайша айтқанда, сүйек пен ет – қозғалу қызметін атқарса,
жүрек пен өкпе – қан тарату, денеге таза ауа жеткізу жұмысын атқарады, ал
ішек – қарын мен бауыр –ас сіңіру, қан тамырымен сөл жүйелері организмді
қоректендіру, әрбір тәнге, клеткаға нәр жеткізіп және керексіз қалдықтарды
денеден сыртқа шығару қызметін атқарып отырады.
Малдәрігерлік фармакология дәрілік заттардың әсерінен тірі ағзадағы
физиологиялық және биохимиялық өзгерістердің заңдылықтарын, осы
заңдылықтарға сүйене отырып дәрілік заттарды қолдану әдістері мен оның
әсерінен болатын өзгеріс көрсеткіштерін малдәрігерлік тұрғыдан зерттейді.
Сондықтан да, бұл ілім дәрілік заттардың тәжірибе жүзінде малдәрігерлеріне
өте қажетті барлық деректерін зерттеп, жинақтайтын ілім.
Бүгінгі таңда экспериментальды және клиникалық фармакологияның
алдында тұрған мақсат – дәрілік заттардың тек жалпы ағзаға ғана әсерін
емес, олардың молекулалық және субмолекулалық деңгейдегі әсер ету
механизмін зерттеу.[1].
Фармакология өте кең тараған ілім. Оның негізгі деректері медицинада,
ветеринарияда, биологияда, фармацияда, табиғатта жаңа дәрілік заттарды
синтездеуде, іздестіруде, ауылшаруашылығының көптеген салаларында кеңінен
және өте жиі пайдаланылады.
Фармакология қазіргі түсінік бойынша – физиологиялық жүйелердің
дәрілік заттармен әртүрлі деңгейдегі қарым-қатынастарының заңдылықтарын
зерттейтін ілім. Ал малдәрігерлік фармакология дегеніміз дәрілік заттарды
нәтижелі, қауіпсіз және аз шығынмен қолдану принциптері мен ережелерін
оқытатын ілім. Малдәрігерлік фармакологияның алдында тұрған тағы бір мәселе
– ол малдың өсімін көбейтетін, өнімін арттыратын, оның сапасын
жоғарылататын, экологиялық тұрғыдан таза өнім алуды қамтамасыз ететін
дәрілік заттарды іздеп, табу.[2].
Қазіргі кезде эндокринология, биохимия, биотехнология жетістіктері
гормондарды медицина мен ветеринария салаларында мал шаруашылығында тиімді
пайдалануға зор мүмкіндіктер беріп отыр.
Ағзада белгілі бір әрекеттерді (функцияларды) реттейтін өзіндік әсері
бар органикалық қосылыстарды биологиялық белсенді заттар дейді. Оларды төрт
топқа бөледі: гормондар, гормоноидтар, парагормондар, телегрондар.
Соңғы жылдары көптеген гормондардың химиялық құрамы анықталып,
гипофиздің троптық гормондарының (СТГ,ГТГ, АКГТ, т.б.) алыну және тазалану
жолдары жетілдірілді, кейбір релизинг-гормондар таза күйінде бөлініп,
синтезделінді, біраз гормондар (стероидтар) аналогтары химиялық жолмен
алынып, тәжірибеде гормондарды анықтаудың өте сезімтал радиоиммундық әдісі
енгізілді.
Гормондар ағзалар мен жүйелердің жан-жақты функцияларын гуморальдық
жолмен реттеуге қатынасады. Олардың биологиялық көзқарас бойынша
бағалылығы-өсіп-өну, даму және торшалардың жіктелу процестерін
реттеушілігінде. Гормондарды пайдаланғанда эндогенді гормондардың
қайтарымды байланыс принципімен эндокриндік бездер қызметіне тежеуші әсер
ету қаупін, нысана ағзаларға қосалқы әсерінің сипатын жан-жақты ескереді.
Гормондар мал ағзасына және өнімдер арқылы адамның денсаулығына зиян
келтірмейтін болған жағдайда ғана қолданылады.
Гормондар бірнеше мақсатта қолданылады.
1.Ағзаның репродуктивтік (ұрпақтану, көбею) қызметін реттеу мақсатында
прогестиндер, гонадотропиндер, ГТ-релизинг гормондар, простогландиндер
қолданылады.
2.Салмақ қосу мақсатында (ұзаққа созылған науқастан соң) малды
бордақылағанда анаболизмдік немесе гипогликемиялық әсері бар гормондық
препараттар (андрогендер, эстрогендер, инсулин, соматотропин) қолданған
жөн.
3.Ағзаның жалпы төзімділігін арттыру мақсатында кортикостероидтарды
пайдалануға болады.
4.Мал өнімділігін арттыру мақсатында соматотропин, соматолиберин
гормондары, тиреоидтық гормондар мен соматотропин, стероид-анаболиктер
қолданылады.
Гормон препараттары сипатына және көзделген мақсатқа қарай не ас
қорыту жолы арқылы беріледі, не егіледі, не тері астына қондырылады.[3].
Курстық жұмыстың мақсаты - гормондардың жалпы сипаттамасы, зат
алмасудағы қызметі, қасиетіне тоқталып өтіп, гипофиз гормондарының
препараттарына түсінік беріп, гипофиздің артқы бөлігінің препараттары
туралы сұрақты ашу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-кез келген дәрілік заттардың әсер ету механизмін зерттеу;
-гормондарға толық сипаттама беру;
-гормондардың ағзада атқаратын қызметтерін,мақсатын айқындау;
-гипофиздің артқы бөлігінің препараттары жөнінде толық сипаттама беру;
ІІ. Әдебиеттерге шолу
Мал шаруашылығын ойдағыдай дамыту үшін мал түліктері арасында жиі
кездесетін аурулардан сақтандыру, аса бағалы асыл тұқымды малдардың
денсаулығына мұқият бақылау жасау, өсіріп-өндіру мәселелерін жете ойластыру
қажет. Осы аталған міндеттерді шешу әдетте мал дәрігері қызметкерлеріне
жүктеледі. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруда дәрі-дәрмектерді қолдану елеулі
орын алады. Соңғы жылдары малды өсіріп-өндірудің биотехнологиялық әдісі
айрықша маңызды болып отыр. Атап айтқан жөн, биотехнология химиялық
заттардың көптеген ассортиментіне, қоректік орта әзірлеуге, клонирлеуге
және тағы басқаларда қолданылады. Бұл заттарды әзірлеу, жоғары тиімділікте
пайдалану үшін олардың физикалық-химиялық, биологиялық және өзге де
қасиеттерін мамандар жете білуі тиіс.[4].
Маманданған торшалардың биологиялық белсенді заттарды торшааралық
кеңістікке, одан әрі қанға бөлінуін ішкі секреция дейді. Ішкі секреция
деген түсінікті ғылымға Клод Бернар енгізген. Ол дененің барлық мүшелері
ішкі секрециялық қызмет атқарады деп есептеген.
Бұл тұжырымды ғалым дененің барлық мүшелерінен зат алмасу өнімдерінің
қанға бөлінетінімен негізделген. Сондықтан ол ішкі секрециялық жүйеге
қалқанша безді, айырша безді, бүйрек үсті бездерін, көк бауырды (талақ),
лимфа түйіндерін жатқызған.
Көп жағдайда ішкі секрециялық қызметке тым кең мағына беріледі.
Кейбір зерттеушілер бұл түсінікке ішкі секрециялық бездерге жатпайтын
құрылымдарда биологиялық белсенді заттардың (көмір қышқыл газы, гистамин,
ацетилхолин, ренин, гепарин, т.б.) түзілу процесін де жатқызады. Аталған
заттар ағза функцияларына гуморальдық жолмен әсер етеді. Дегенмен, ішкі
секреция филогенез тұрғысында кешірек қалыптасқан және эндокриндік
бездердің дамуына байланысты пайда болған реттеу тетігі. Сол себепті ішкі
секреция деген түсінікті мүшелердің, ұлпалардың, торшалардың алмасу
өнімдерімен шатастыруға болмайды.[5].
Жиі қолданылатын биологиялық активті химиялық заттарға (дәрі-
дәрмектер және неғұрлым кең тараған биотехнологиялық схемаларға
қолданылатын кейбір қосылыстар) сипаттама беріледі.[6].
Гормон сөзі гректің gormao -қоздырамын деген сөзінің негізінде
1904 жылы (В.Бейлис пен Э.Старлинг) пайда болған. Аталған оқымыстылар он
екі тұтам ішектің секретін зерттеген.
Гормон деген атауды 1902 жылы ағылшын ғалымдары В.Бейлис пен
Э.Старлинг ұйқы безі сөлінің бөлінуін реттейтін секретин деген затқа
байланысты енгізген. Гормондар, немесе инкреттер –ішкі секреция бездерінде
түзілетін биологиялық белсенді заттар. Олар құрылымдық материал да, қуат
көзі де болмайды, олар ерекше биокатализаторлар –реттегіш заттар.[7].
Табиғатына қарай гормондарды төрт топқа бөледі: стероидтық гормондар,
полипептидтік гормондар, амин қышқылдарының туындылары, белок тектес
гормондар. Стероидтық гормондар холестериннің туындыларына жатады. Бұл
топты бүйрек үсті безінің қыртыс бөлігінің гормондары мен жыныс бездері
гормондары құрайды. Полипептидтік гормондарға окситоцин, вазопрессин, амин
қышқылдары туындыларына –тироксин, бүйрек үсті бездерінің боз затының
гормондары – катехоламиндер, ал белок тектес гормондарға – гипофиздің
алдыңғы және ортанғы бөліктері мен аралшық без (ұйқы безі) гормондары
жатады.
Соматотроптық гормон организмнің барлық торшаларында белоктың
синтезін күшейтіп, РНК-ны көбейтеді, көмірсулар мен липидтер алмасуын
жандандырады, майлардың өз қоймаларынан шайылуын күшейтіп, көмірсулар
синтезін жақсартады, малдың өсіп-дамуын реттеп, сүйектің жетілуін
шапшандатады, кальций мен фосфор алмасуын реттейді. Гипофизді сылап
тастаса, жас төлдің өсуі тоқтап қалады. Төлге соматотроптық гормон ексе,
оның өсуі шапшандайды, алыптық (гигантизм) байқалады. Гормон өсу процесі
тоқтаған жануарларда көп бөлінсе акромегалия (кейбір сүйектер мен
мүшелердің өсуіндегі теңсіздік), немесе спланхомегалия (ішкі ағзалардың
өсуіндегі теңсіздік) байқалады. Бұл гормон жетіспеген жағдайда организмнің
өсіп-дамуын тежеліп, нанизм (бой өспеу) байқалады. Гипофиз қызметінің
ауытқуларымен байланысты организм гипофиздік кахексия (сүлдер, көтерем)
және гипофиздік май басу сияқты дерттерге шалдығады. Бұл гормон таза
күйінде 1945 жылы Ли, Эванс, Симпсон зерттеулерінің нәтижесінде бөлінген.
Гормонға түліктік ерекшелік тән. Ірі қара гормонының құрамында 369, макака
маймылы гормонында 241, адам гормонында 240 амин қышқылдық қалдық болады.
Адам гормоны жалғыз, ал ірі қара гормоны – қос полипептидтік тізбектен
тұрады.
Мал мен жануарлардың жеке ерекшеліктеріне және көрсетілетін алғашқы
ветеринарлық жәрдемге байланысты олардың қозғалысын әр түрлі
фармакологиялық препараттар қолдану арқылы тежейді. Ветеринарияда мал мен
жануарлардың қозғалысын дәрі-дәрмек қолданып шектеу жалпы және жергілікті
жансыздандыру болып екіге бөлінеді.[8].
Жүйке торшаларының мембрандық потенциалы наркоздық дәрілердің
әсерінен біршама өзгеріп, жүйке торшалары тежеу жағдайына шалдығатынын
дәлелдеген. Бүгінгі физиологиялық жетістіктерге сүйенсек, наркоздық қасиеті
бар дәріні ұлпа мен ағзаларға енгізгенде олар жалпы физиологиялық
реакциямен жауап береді. Аталған реакцияға басты қатысы бар малдың бас
сүйегіндегі үлкен ми торшалары болып саналады. М.Е. Введенский наркоз
жағдайын үлкен ми қабының парабиотикалық жағдайға ұшырағаны деп дәлелдесе,
И.П. Павлов физиологиялық үйқы және наркоздық үйқы тұрғысынан түсіндіреді.
Бұл оқымыстының айтуынша физиологиялық және наркоздық үлкен мидың
қабығындағы жүйке торшаларының тежелу жағдайына байланысты болған.
Наркоздық қасиеті бар препараттар салдарынан ми торшалары өзіне тән
қызметін төмендетіп жібереді де, тежелу жағдайына ұшырайды.[9].
Дербес фармакологияны дамытуға елеулі үлес қосқандар: А.Флеминг,
З.Ермольева (пенициллинді шығарған), Г.Домагк (сульфаниламидтерді жасаушы),
Стерлинг (жүрек гликозидтерінің әсерін алғаш рет ғылыми сипаттап жазушы),
Соболев және Ходжкин (инсулиннің физиологиялық рөлі, инсулиннің үш өлшемді
құрылымын анықтау), Кенделл, Грос және Питт-Риверс (тиреоидты гормонды
кристалл түрінде бөлген және триодтиронинді ашқан), Харрис және Эверетт
(нейроэндокринологияға қосқан үлесі), Фон ден Вельден (гипофиздің артқы
бөлігіндегі сығындыны клиникалық практикаға енгізген) Ливермор және Дю
Виньо (окситоцинді таза түрінде алған және гипофиздің артқы бөлігінің
гормондарын синтездеген), Доу де (синтетикалық эстрогенді алған), Селье
және Хоффман (адренокортикотроптық гормонның физиологиялық рөлін және АКТГ-
ні синтездеуді сипаттаған), Алквист (альфа және бета-адренорецепторларды
ашқан), Браун И. Және Голдштейн И. (тығыздағы өте төмен липопротеидтер
рецепторларын ашқан және жаңа гиполипидэмикалық дәрілерді жасаған) т.б.
[10].
Мозговтың еңбегі екі бөлімнен тұрады: жалпы және тканьдер мен органдар
биохимиясы, бірінші бөлімде биологиялық әрекетшіл заттар туралы айтылған,
зат алмасуының статикасы мен динамикасы берілген. Екінші бөлім органдар мен
жүйелер биохимиясына арналған.
Кітап зооинженерлік және мал дәрігерлік, ауыл шаруашылығы,
педагогикалық жоғары оқу орындары мен техникумдар студенттеріне, ауыл
шаруашылық мамандарына арналған.[11].
Кейбір оқулықтарда сұрақ жауап түрінде физиология пәнінің жоғары
оқу орындарына арналған типтік бағдарламаға сәйкес құрастырылған. Оның 12
тарауға топтастырылған сұрақтарына берілген жауаптарда ғылымның қазіргі
кезде жеткізілген жетістіктері ескерілген.
Организмде байқалатын құбылыстарға, процестерге, физиологияда қалыптасқан
ұғымдарға нақтылы анықтама беріліп, жеке тараулар мен сұрақтар бір-біріне
реті мен мазмұны жағынан тәуелсіз баяндалған. Сондықтан жалпы материалды
кез келген тиімді тіркесте оқып, меңгеруге болады. [12].
ІІІ.Негізгі бөлім
3.1. Гормондардың жалпы сипаттамасы, зат алмасудағы қызметі, қасиеті
Ішкі секреция бездерінің өнімдерін (инсулин, тироксин, гидрокортизон
т.б.) гормондар деп атайды. Олар қан арқылы бүкіл денеге тарап, гормондық
реттеу тетігін қалыптастырады. Жеке торшаларда түзіліп, солардың өзіне ғана
әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды торшалық гормондар дейді.[13].
Гормон деген атауды 1904 жылы ағылшын ғалымдары В.Бейлис пен

гормондар. Стероидтік гормондар холестериннің туындыларына жатады. Бұл

гормондары –катехоламиндер, ал белок тектес гормондарға – гипофиздің
алдыңғы және ортаңғы бөліктері мен аралшық без (ұйқы безі) гормондары
жатады.[8].
Ағзаға ететін әсерлерінің сипатына, физиологиялық мәніне қарай
гормондар метаболизмдік, морфогенездік және үйлесімділік гормондар болып
бөлінеді.
Гормондардың ағзадағы негізгі көзі –ішкі секреция бездері:
гипоталамус, гипофиз, қалқанша безі, тимус, бүйрекбез, қарбалас қалқанша
без, ұйқы безі, аналық және аталық ұрық бездері.
Метаболизмдік гормондар ағзадағы зат алмасу процесінің қарқынын
реттейді. Зат алмасу процесіне гормондар қажетті ферменттердің түзілуін
жандандыру, бәсендету немесе тоқтату нәтижесінде әсер етеді. Мысалы,
инсулин, глюкагон, адреналин гормондары көмірсулардың алмасуын реттейді,
өсу гормоны – белоктардың түзілуін жандандырып, көмірсулар мен майлардың
алмасу қарқынын өзгертеді; тироксин –куаттың өндірілуін күшейтіп,
белоктардың, көмірсулардың, майлардың тотығуын жақсартады.
Морфогенездік гормондар торшалардың генетикалық аппараттарына әсер
ету арқылы торшалардың өсуін, көбеюін, жіктелуін бағыттап, реттеп отырады.
Олар организм мүшелерінің, бөліктерінің, белгілерінің дамуындағы реттілікті
қамтамасыз етеді.
Үйлесімдік гормондар жеке мүшелердің қызмет әрекетін өзгертіп, оларды
өзара сәйкестендіреді, үйлестіреді. Мысалы, адреналин жүрек жұмысын
күшейтіп, оның жиырылу күшін арттырады, шеткей қан тамырларын тарылтады,
қарын мен ішек қимылдарын баулатады.
Атқаратын қызметіне, әсер бағытына қарай гормондар үш топқа бөлінеді:
1)Эффекторлық гормондар –олар тікелей нысана мүшелерге әсер етеді.
2)Троптық гормондар –эффекторлық гормондардың түзілуі мен бөлінуін
жандандырады.
3)Релизинг гормондар –гипофиздің троптық гормондарының бөлінуін және
гипоталамустың нейросекрециялық қызметін реттейді.
Гормондарға оларды биологиялық белсенді заттардың басқа топтарынан
ерекшелендіретін бірнеше қасиет тән.
1.Алшақ (дистанциялық) әсер –гормондар өздері түзілген бездерден
алшақ орналасқан мүшелер қызметіне әсер етеді.
2.Өзіндік әсер – әрбір гормон организмде жүретін белгілі бір процеске
ғана әсер етеді. Дегенмен, жеке мүшелер қызметіне немесе белгілі бір
процесті реттеуге бірнеше гормон қатысуы мүмкін. Олардың әсері не бірыңғай
(синергиялық), не кереғар (антагонистік) болуы мүмкін.
3.Зор биологиялық белсенділік. Гормондардың аз мөлшерінің өзі үлкен
биологиялық жауап тудырады. Мысалы, 1 г адреналин 10 млн бақаның
оқшауланған жүрегінің жиырылу күшін арттырып, жұмысын жиілетеді. 1 г
инсулин 125 мың қоянда гипоклемия тудырады.
4.Гормондар молекулалары ықшам болады, сондықтан олар капиллярлар
қабырғасынан оңай өтеді.
5.Көптеген гормондарға түліктік-түрлік өзінділік сипат тән болмайды,
сондықтан олардың тәжірибеде қолданылу аясы кең болады.
6.Гормондар ұлпаларда ұзақ сақталмай, тез бұзылады, сондықтан ішкі
секреция бездері оларды толассыз бөліп отырады.
7.Гормондар тек тірі организмде ғана әрекет етеді, олардың әсері тірі
торшалар мен құрылымдарға ғана бағытталған.
Гормондардың химиялық құрылыстары бойынша жасалған жіктеулері кең
тараған:
-қарапайым белоктар және пептидтер;
-күрделі белоктар;
-катехоламиндер және пирокатехиндер;
-стероидтар;
-май қышқылдары.
Гормондардың белсенділігін химиялық немесе биологиялық әдістермен,
олардың әсерлерін стандартты препараттардың әсерлерімен салыстыру арқылы
анықтайды. Салмағы бойынша г, мг немесе биологиялық бірлік (БӘ) арқылы
белгілейді.
Гормондар физиологиялық процестерді белсендендіретін және тежеуші
заттар ретінде ішкі секреция бездерінің қызметтерінің бұзылуынан болатын
ауруларда зат алмасу процесін реттеу үшін қолданылады. Мұндай жағдайларда
гормон препараттары дем беруші (стимуль), орын толтырушы, тежеуші (блокада)
және реттеуші емдеу әдістері ретінде қолданылады.[5].
Ішкі секреция бездерінің функцуияларының бұзылуына байланыссыз пайда
болатын ауруларда көбінесе қабынуға қарсы әсер ететін препараттарды
тағайындайды. Оларға бүйрек үсті безі қабының гормондары-кортизон және
гидрокортизондар жатады. Сондай-ақ мал, құс шаруашылықтарында кейбір гормон
препараттарын олардың өсіп-өнулеріне дем беруші препараттар ретінде
қолданады.
Жіберілетін препараттарға организмнің сезімталдығы жоғары болғанда,
бас мидың органикалық жарақатында, ас қорыту жүйесінің созылмалы
ауруларында, бауыр және бүйректердің қабынуларында, сүйек кеуегіне бейімді
ауруларда қолдануға болмайды. Кортикотропин және кортикостероидтарды
түберкүлез ауруында қолданбайды.
Препараттардың дозасы дұрыс болмағанда асқыну жиі байқалады. Кейде
мал өліп кетуі де мүмкін. Препараттардың әсерінен. Болатын жанама
өзгерістер әрқашанда тіркеледі: малдың тәбітінің жақсаруы, салмағының өсуі,
наркоздық әсер, әлсіреу, құсу, тердің көп бөлінуі және тағы басқалар.
Гормон препараттарын көп қолданғанда қарсы денелердің түзілуі
салдарынан құрамында белок бар гормондардың емдік әсерлерінің төмендеуі де
мүмкін.
Гормондарды ағзаға жіберу жолдары олардың ергіштігіне, тұрақтылығына,
әсер ету уақытының ұзақтығына, организмнің реактивтілігіне байланысты
болады.
Дозасы мг немесе ӘБ ретінде малдың 1 кг салмағына есептеліп
жіберіледі.[14].
3.2.Гипофиз гормондарының препараттары
Гипофиздің алдыңғы, ортанғы және артқы бөліктерінің гормондары
шеткері орналасқан ішкі секрет бездерінің функцияларын реттеуге қатысады.
Гипофиз, немесе мидың төменгі қосындысы, ми сыңарларының астыңғы
жағында, ашамай сүйектің үстіңгі ойысында орналасқан. Ол аралық мимен
қызметі және құрылымы жағынан өте тығыз байланысты. Гипофиз сыртынан мидың
қатты қабығымен қапталады.
Гипофиз қанмен жақсы жабдықталады. Қан күре тамырдың ішкі тармағынан
бастау алатын алдыңғы бөлігіне келетін артериялар бауырдағы сияқты екі рет
капиллярлар жүйесін түзеді: бірінші рет гипоталамустың ортаңғы дөңес
аймағында, екінші рет – аденогипофизде. Бездің артқы бөлігі (нейрогипофиз)
қанды артқы гипофиз артериясынан алады. Қан гипоталамустан аденогипофиз
бағытында ағады да, гипоталамустың нейросекрециялық торшаларында түзілген
биологиялық белсенді заттар аденогипофизде тасымалданып, троптық
гормондардың түзілуін күшейтеді. Вена қаны гипофизден гипоталамус бағытында
ағады.
Гипофиз (ми қосалқысы) омыртқалы жануарлардағы ішкі секрецияның аса
маңызды безі. Мидың астында орналасқан. Гипофиз алдыңғы (аденогипофиз),
ортаңғы (нақ аралық) және артқы (нейрогипофиз) болып үш бөліктен құралады.
Олардың әр бөлігі ерекше гормондар өндіреді. Молекулалары пепидтік
құрылыспен сипатталады. Пептидтік гормондар белоктық қосылыстар болып
саналады: олардың молекулалары ашық та, тұйық та (циклды) бола алатын
пептид тізбекшелерінен құралады.
Гипофиз барлық омыртқалы жануарларда кездеседі. Құрылысы жағынан оны
төрт бөлікке бөледі. Олар: 1) туберальдық, 2) алдыңғы, 3) аралық (ортаңғы),
4) жүйкелі, немесе артқы бөліктер.
Туберальдық, алдыңғы және аралық бөліктерді біріктіріп аденогипофиз
деп атайды. Ал, жүйкелі бөлік, гипофиз шанағы және сұр төмпешіктің ортаңғы
дөңесін нейрогипофиз деген атпен біріктіреді. Құстарда, киттерде,
дельфиндерде, пілдерде аралық бөлік болмайды.
Эмбриональдық даму кезінде аденогипофиз ауыз қуысының эктодермасынан
дамиды, табиғаты жағынан ол эпителийлі құрылым болып табылады. Ал,
нейрогипофиз мидың 3-қарыншасының түбінен дамиды, ол жүйкелі құрылым.
Гипофиздің алдыңғы безді бөлігінде 3 түрлі торшалар кездеседі: 1)
хромофобтар немесе негізгі торшалар (нашар боялады), 2) базофильдер
(сілтілік бояулармен боялады), 3)ацидофильдер немесе оксифильдер (қышқыл
бояулармен боялады). Хромофобтар торшалар қоры болып табылады, гормондар
түзбейді, организм жағдайына қарай олар базофильдерге не ацидофильдерге
айналып отырады.
Ацидофильдік торшалар өсу гормоны (соматотроптық гормон) мен
пролактин түзетін екі түрлі торшаларға бөлінеді, ал базофильдік торшалар
–тиреотроптық, адренокортикотроптық, фолликуланы жандандырғыш, лютеиндеуші
гормондар түзетін торшалар болып төртке бөлінеді.
Анатомдардың тоғызыншы Халықаралық конгресінде гипофиздің алдыңғы
бөлігі торшаларының мына номенклатурасы қабылданды.
Торша аттары Олар түзетін гормон аттары
Тиреотропоциттер Тиреотроптық (ТТГ)
Кортикотропоциттер Адренокортикотроптық (АКТГ)
Соматотропоциттер Соматотроптық (өсу гормоны, СТГ)
Гонадотропоциттер
а) фолликулотропоциттер Фолликуланы жандандырғыш (ФЖГ)
б) лютеотропоциттер Лютеиндеуші (ЛГ)
Лактотропоциттер Лактогендік (пролактин) ПРЛ)
Меланнотропоциттер Меланоцитті жандандырғыш (МЖГ)
Гипофиздің аралық бөлігінде меланоцитті жандандырғыш гормонды (МЖГ)
түзетін меланотропоциттер орналасады.
Гипофиздің физиологиялық рөлін қарастырар болсақ, гипофиз гормондары
организмнің негізгі биологиялық процестерін, денедегі зат алмасуды –судың,
минералды заттардың, көмірсулардың, белоктардың, майлардың алмасуын
реттейді. Ішкі секрециялық бездер жүйесінде гипофиз ерекше орын алады. Ол
басқа эндокриндік бездер қызметін реттеуге қатысады, сондықтан оны орталық
без деп есептейді.
Ішкі секрециялық бездер жүйесінде гипофиз ерекше орын алады. Оған
әртүрлі функциялар тән. Гипофиз басқа эндокриндік бездердің қызметін
реттеуге қатысады, сондықтан оны орталық без деп есептейді. Гипофиз
гормондары организмнің негізгі биологиялық процестерін, денедегі зат
алмасуды – судың, минералды тұздардың, көмірсулардың, белоктың, майдың
алмасуын реттейді.
Гипофиздің алдыңғы бөлігі бірнеше гормон бөлінеді. Олар екі топқа
бөлінеді: глюкопротеиндер (фолликуланы жандандырғыш, лютеиндеуші және
тиреотпроптық гормондар) және қарапайым протеиндер – полипептидтер
(адренокортикотроптық, соматотроптық және лактотроптық гормондар).[15].
Соматотроптық немесе өсу гормоны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz