Аурухана ішілік жұқпа туралы түсінік



Зарарсыздандыру аурухана ішілік жұқпаны (ВБИ) алдын алудағы ең негізгі бағыттардың бірі. Медицина қызметкерлерінің осы қызметінің мақсаты қоршаған ортадағы патогенді микроорганизмдерді жою болып табылады.
Аурухана ішілік жұқпаның пайда болуын үшке бөлуге болады:
- пациенттер, емханалық көмек алу барысында жұқтырады;
- пациенттер, стационарлық көмек алу барысында жұқтырады;
- медицина қызметкерлері, медициналық көмек беру барысында жұқтырады.
Жұқпаны жұқтыру орнының үш түрін біріктіретін жер - емдеу мекемесі.
Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Европалық аймақтық бюросы аурухана ішілік жұқпаға мынадай анықтама берді: "Аурухана ішілік жұқпа — бұл кез келген клиникалық белгілері анықталған жұқпалы ауру, ауруханада пациент медициналық көмек алу барысында жұқтырып алады немесе осы емдеу сауықтыру мекемесіндегі медицина қызметкерлері медициналық көмек беру барысында жұқтырып алады".
Аурухана ішілік жұқпаның пайда болу себептерін объективті және субъективті деп екіге бөлуге болады.
Объективті себептер бұл ЕСМ-нің жетекшісіне байланысты емес себептер:
- қазіргі заман талабына жауап бермейтін ауруханалар қатарының болуы;
- көптеген микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігі;
- антибиотиктердің медицинада, ауыл шаруашылығывда, мал шаруашылығында кең қолданылуының сенімді ақтамауы.
Субъективті себептер — бұл жоюға болатын себептер:
- медицина қызметкерлерінің жеткіліксіз дайындалуы (сапасыздығы);

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Аурухана ішілік жұқпа туралы түсінік

Зарарсыздандыру аурухана ішілік жұқпаны (ВБИ) алдын алудағы ең негізгі
бағыттардың бірі. Медицина қызметкерлерінің осы қызметінің мақсаты қоршаған
ортадағы патогенді микроорганизмдерді жою болып табылады.
Аурухана ішілік жұқпаның пайда болуын үшке бөлуге болады:
- пациенттер, емханалық көмек алу барысында жұқтырады;
- пациенттер, стационарлық көмек алу барысында жұқтырады;
- медицина қызметкерлері, медициналық көмек беру барысында жұқтырады.
Жұқпаны жұқтыру орнының үш түрін біріктіретін жер - емдеу мекемесі.
Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Европалық аймақтық бюросы
аурухана ішілік жұқпаға мынадай анықтама берді: "Аурухана ішілік жұқпа —
бұл кез келген клиникалық белгілері анықталған жұқпалы ауру, ауруханада
пациент медициналық көмек алу барысында жұқтырып алады немесе осы емдеу
сауықтыру мекемесіндегі медицина қызметкерлері медициналық көмек беру
барысында жұқтырып алады".
Аурухана ішілік жұқпаның пайда болу себептерін объективті және
субъективті деп екіге бөлуге болады.
Объективті себептер бұл ЕСМ-нің жетекшісіне байланысты емес себептер:
- қазіргі заман талабына жауап бермейтін ауруханалар қатарының болуы;
- көптеген микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігі;
- антибиотиктердің медицинада, ауыл шаруашылығывда, мал шаруашылығында
кең қолданылуының сенімді ақтамауы.
Субъективті себептер — бұл жоюға болатын себептер:
- медицина қызметкерлерінің жеткіліксіз дайындалуы (сапасыздығы);
- санитарлық-эпидемиялық станция қызметкерлері тарапынан тиісті
бақылаудың болмауы;
- кейбір аппарат түрлеріндегі залалсыздандыру сенімділігінің болмауы;
- пациенттердің өзара қарым-қатынасы және пациенттің медициналық
қызметкерлерімен қарым-қатынасының өсуі;
- медицина қызметкерлерінің арасында анықталмаған
бактериотасымалдаушылардың кездесуі;
- медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру және зарарсыздандыру
сапасының төмен болуы.
Аурухана ішілік жұқпаның көзі болуы мүмкін:
- жұқпалы аурумен ауыратын медицина қызметкерлерінің өз қызметін
жалғастыруы;
- аурудың жасырын түрімен ауыратын пациенттер;
- ауруханаға келетін келушілер — пациенттің туысқандары. Аурухана
ішілік жұқпаның таралу жолдары:
- экзогенді (ағзаға жұқпаның қоршаған ортадан түсуі);
- эндогенді (жұқпаның ағза ішінде таралуы). Жұқпаның экзогенді түріне
жатады:
- ауалы-тамшылы (жұқпаның ағзаға зақымдалған ауа арқылы енуі);
- қарым-қатынасты (залалсыздандырылмаған медициналық құрал-
жабдықтармен емдік манипуляцияларды орындау кезінде);
- имплантациялық (залалсыздандырылмаған протездерді, тігіс
материалдарын қолданғанда);
- трансмиссивті (жәндіктердің тістеуі арқылы);
- алиментарлы (сапасыз тағамды қолданған кезде). Жұқпаның эндогенді
таралу жолы гематогенді және лимфагенді болып екіге бөлінеді.
Гематогенді — бұл қан ағысы арқылы, лимфагенді — лимфа ағысы арқылы
таралады.
Алдын алуды нәтижелі жүргізу үшін аурухана ішілік жұқпаның көзі мен
таралу жолдарын білу керек, сонда ғана емдеу сауықтыру мекемелерінде
жұқпаның таралуын болдырмауға болады.
ЕСМ-де жұқпаның енуін алдын алу мақсатында жүргізіледі:
- жұмысқа қайта келушілерді қарау және зертханалық тексеруден өткізу;
- емдеу бөліміне кірер алдында арнайы киім кию;
- медицина қазметкерлерін ЕСМ-нің санитарлық эпидемиялық тәртібі
туралы бұйрықтары және нұсқауларымен таныстырып отыру, жүйелі түрде
санитарлық минимум тапсыруды ұйымдастыру.
Барлық медицина қызметкерлері стационардың бағытына қарай жүйелі түрде
медициналық бақылау және зертханалық тексеруден өтеді. Міндетті түрде
жылына бір рет флюрографиялық тексеруден, ал тоқсан сайын тері-
венерологиялық диспансер мамандарының бақылауынан өтуі тиіс.

Медицина қызметкерлерінің қолын жууы мен
тазалауы (ДДҰ)
Терінің микрофлорасы
Тері микрофлорасының екі түрі бар:
1.Қалыпты микрофлора.
2.Өткінші микрофлора.
1.Қалыпты (тұрақты, төзімді, аутохронды) микрофлора.
- Төзімді (резидентная) микрофлоралар болып табылатын микроорганизмдер
теріде өмір сүреді жене көбейеді (микроорганизмнің 10-20%
терінің терең қабатында, сонымен қатар тер және май бездерінде, шаштың
түбірінде кездеседі);
- Төзімді микрофлора коагулозанегативті кокктармен (алдымен
Staphylcoccus epidermidis және стафилококктардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Медбикелік ісі негіздері» пәнінен тәжірибиелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу 2 бөлім Дәрілік терапия тәсілдері және әдістері
Аурухана ішілік жұқпа туралы
Заманауи АІИ-ң эпидемиға қарсы және профилактикалық шараларды ұйымдастыру қағидалары
Ота жасау бөлімшесінде инфекциялық қауіпсіздік және инфекциялық бақылау шараларын сақтаудағы мейіргердің рөлі
Медициналық әртүрлі құралдар
Бактериялардың патогендік қасиеттері
Екіншілік иммундық тапшылық жағдайлар
Балалардың бас ми инсульті кезіндегі гемостаздың бұзылысы және оның үстемелі емі
Індетті аурулар
Емдеу алдын – алу және балабақша мекемелерінде жасалынатын дезинфекция
Пәндер