Көкірек қуысын зерттеудің клиникалық маңызы



Мазмұны

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II.Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.1Тыныстану жүйесін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2Жоғарғы тыныстану жолдарын зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3Танаудан шыққан ауаны зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.4.Жоғарғы жақ және маңдай қуыстарын зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.5Ауалы қапшықтарды зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
3. Көмекейді және кеңірдекті зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
3.1Көкірек қуысын перкуссиялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
3.2Көкірек қуысын тыңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
3.3 Плегафония, көкірек қуысын сынама тесу, графикалық және функционалдық тексеру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
4.1Тыныс алу жүйесін графикалық әдіспен зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
4.2 Тыныс алу жолдарының аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
4.3Тыныс алу жүйесінің ауруларынан сақтандыру шаралары ... ... ... ... ... ... ... .42
III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43
IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
Кіріспе

Тыныс алу дегеніміз организмнің қоршаған ортадан оттегін сіңіріп, өзінен көмір қышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы. Демек тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы энергияны биологиялық құнды тұрге айналдырып, денеде пайда болған көмір қышқыл газды бөліп шығаруда.
Жан- жануарлар өз өмірін сақтау үшін сыртқы ортадан оттегі организм ағзаларына, ұлпалары мен торшаларынаүздіксіз жеткізіліп отырылуы қажет.
Мәселең, жылқы малы тыныш тұрған жағдайда минутына 4-6 л, қой малы 350-400мл оттегіні қажет етеді.
Малдарда кездесетін барлық аурулардың 95% -дан аса мөлшері жұқпайтын аурулар болып келетін болса,оның 25-30% –ы тыныс алу жүйесінің ауруларына жатады. Олардың 25-75% - ы өлім-жетімге ұшырайды, сойылады.
Жоғарғы сатыдағы көп клеткалы жануарлардың газ алмасу процесіне міндетті ағзалардың көбі сыртқы ортамен тиіспейді. Сондықтан олардың организміндегі газ алмасу процесі қан арқылы жүреді де, ол ішкі дем алу процесі деп аталады. Ал қанға сыртқы ортадан оттегінің келуі, организмнен көмірқышқыл газының шығуы тыныс алу жүйесінің ағзалары арқылы іске асаы. Ол сыртқы дем алу процесі деп аталады.
Сүтқоректілерде тыныс алу жүйесі екіге бөлінеді:
- Жоғарғы тыныс алу жолдары (танау, көмей, кеңірдек, ірі бронхылар);
- Өкпелер.
Газдың алмасуы өкпе альвеоллаларында жүреді. Малдарда дем алу процесін үш кезеңге бөлуге болады:
1. Газдың организм мен сыртқы ортада алмасуы (сыртқы дем алу процесі)
2. Отегінің қан арқылы тыныс алу ағзаларының ұлпаларға жеткізіліп, олардан көмірқышқыл газының тыныс алу ағзаларына әкелінуі;
3. Ұлпалардың оттегіні сіңіріп, көмірқышқыл газын түзу прлцесі (ішкі, ұлпалардағы дем алу процесі).
Ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері 0,03 . Ал мал қораларында оның мөлшері 0,25 -дан аспауы керек. Деммен кіретін ауаның 70 -ы ғана өкпелерге жетеді. Ал 30 -ы тыныс алу жолдарында қалады.
Организмде газдардың алмасулары дұрыс жүру үшін дем алатын ауа мен дем алу жүйесінің әрбір бөлігіндегі газдардың парциалдық қысымының (Р) маңызы өте зор.
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Молдағұлов «Жануарлардың ішкі аурулары »
2.Б.В.Уша, И.М Беляков,Р.П.Пушкарев.«Клиничекая диагностика внутренных незаразных болезней животных » М:Колос,2004г
3.Данилевский В:М «Справочник по ветеринарной терапий»М:Колос,1983 г
4.Днекешев А.К.,Жубантаев И.Н «Терапевтическая техника в ветеринарии» г.Уральск,РИО ЗКАТУ им.Жангир хана
5.И.Н Жубантаев, Ф.Б Закирова метод.указ.к выполн.кур.работ. по дисц.«Внутренние незаразные болезни с клинической диагностикой и рентгенологией, обучающихся по кредетитной системе обучения »
6.Кармилев Р.С,Беглецов В.Е «Диагностическая и терапевтическая техника в ветеринарии, учебное пособие.»г.Уральск ,РИО ЗКАТУ им Жангир хана ,2009г
7.Смирнов А.М, Конопелько П.Я ,Постникоа В.С «Кленическая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных »М:Колос,1981 г
8.Беляков И.М,Дугин Г.Л,«Практикум по клинической диагностике с рентгенологией »М.Колос,1992г
9.М.Ф Васильев,Е.С.Воронин,Г.Л Дугин,Под.ред.Акад.Е.С Воронина «Практикум по клинической диагностике болезной животных »М.Колос 2003г
10. Ветеринарные препараты.Справочник Агропрамиздат,1988г
11. Под.ред П.С Ионова «Диагностическая и терапевтическая техника в ветеринарии»учебное пособие .М:Колос ,1979
12. И.П.Кондрахин ,Н.В Курилов.А.Г Малахов .«Клиническая лабораторная диагностика в ветеринарии,справочное издание »М:Агропролиздат,1985
13. В.М Данилевского,И.П Кондрахина «Практикум по внутренним незаразным болезням животных»М:Колос,1992
14. Воронича Е.С. « Практикум по клинической диагностике болезней животных» М.: «Колос»,2003г .
15. Несіпбаев «Жануарлар физиологиясы» Алматы,1993 ж.
16. Смирнов А.М., Конопелько П.Я., Постников В.С., и др. «Клиническая диагностика внутренных незаразных болезней сельскохозяственных». Ленинград «Долос», 1981 г.- стр.78-130.
17. Субботин В.М., Субботина С.Г., Александров И.Д., Современные лекарственные средства в ветенарии. «Серия ветенария и животноводство». Минск, 2000 г.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық
Университеті

"Жұқпалы емес
аурулар және морфология"кафедрасы

Курстық жұмыс

Көкірек қуысын зерттеудің клиникалық маңызы

Орындаған:ВМ-31топ студенті
Максотова А.М.
Тексерген: а.ш.ғ.к., доцент
Закирова Ф.Б

Орал -2013ж
Мазмұны

I.Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II.Әдебиетке шолу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..5
2.1Тыныстану жүйесін
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...16
2.2Жоғарғы тыныстану жолдарын
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3Танаудан шыққан ауаны
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...19
2.4.Жоғарғы жақ және маңдай қуыстарын
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.5Ауалы қапшықтарды
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .22
3. Көмекейді және кеңірдекті
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
24
3.1Көкірек қуысын
перкуссиялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 29
3.2Көкірек қуысын
тыңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .32
3.3 Плегафония, көкірек қуысын сынама тесу, графикалық және функционалдық
тексеру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .36
4.1Тыныс алу жүйесін графикалық әдіспен
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 37
4.2 Тыныс алу жолдарының
аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
38
4.3Тыныс алу жүйесінің ауруларынан сақтандыру
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ..42
III.Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..43
IV.Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .44

І.Кіріспе.

Кіріспе

Тыныс алу дегеніміз организмнің қоршаған ортадан оттегін сіңіріп,
өзінен көмір қышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы.
Демек тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы
қоректік заттар құрамындағы энергияны биологиялық құнды тұрге айналдырып,
денеде пайда болған көмір қышқыл газды бөліп шығаруда.
Жан- жануарлар өз өмірін сақтау үшін сыртқы ортадан оттегі организм
ағзаларына, ұлпалары мен торшаларынаүздіксіз жеткізіліп отырылуы қажет.
Мәселең, жылқы малы тыныш тұрған жағдайда минутына 4-6 л, қой малы 350-
400мл оттегіні қажет етеді.
Малдарда кездесетін барлық аурулардың 95% -дан аса мөлшері жұқпайтын
аурулар болып келетін болса,оның 25-30% –ы тыныс алу жүйесінің ауруларына
жатады. Олардың 25-75% - ы өлім-жетімге ұшырайды, сойылады.
Жоғарғы сатыдағы көп клеткалы жануарлардың газ алмасу процесіне
міндетті ағзалардың көбі сыртқы ортамен тиіспейді. Сондықтан олардың
организміндегі газ алмасу процесі қан арқылы жүреді де, ол ішкі дем алу
процесі деп аталады. Ал қанға сыртқы ортадан оттегінің келуі, организмнен
көмірқышқыл газының шығуы тыныс алу жүйесінің ағзалары арқылы іске асаы. Ол
сыртқы дем алу процесі деп аталады.
Сүтқоректілерде тыныс алу жүйесі екіге бөлінеді:
- Жоғарғы тыныс алу жолдары (танау, көмей, кеңірдек, ірі бронхылар);
- Өкпелер.
Газдың алмасуы өкпе альвеоллаларында жүреді. Малдарда дем алу процесін
үш кезеңге бөлуге болады:
1. Газдың организм мен сыртқы ортада алмасуы (сыртқы дем алу процесі)
2. Отегінің қан арқылы тыныс алу ағзаларының ұлпаларға жеткізіліп,
олардан көмірқышқыл газының тыныс алу ағзаларына әкелінуі;
3. Ұлпалардың оттегіні сіңіріп, көмірқышқыл газын түзу прлцесі (ішкі,
ұлпалардағы дем алу процесі).
Ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері 0,03 . Ал мал қораларында оның
мөлшері 0,25 -дан аспауы керек. Деммен кіретін ауаның 70 -ы ғана
өкпелерге жетеді. Ал 30 -ы тыныс алу жолдарында қалады.
Организмде газдардың алмасулары дұрыс жүру үшін дем алатын ауа мен дем
алу жүйесінің әрбір бөлігіндегі газдардың парциалдық қысымының (Р) маңызы
өте зор.
Негізі тыныс алу жүйесі ауруларын үш топқа бөлуге болады:
- Тыныс алу жолдарының ауруылары;
- Өкпелердің аурулары;
- Өкпе қабының ауруы.
Тыныс алу жолдарының ауруларына жататындар:
- танау қуысының қабынуы- риниттер;
- көмекейдің қабынуы – ларингиттер;
- Қосалқы қуыстардың қабынулары (гайморит, фронгит және жылқылардың
ауа қапшықтарының қабынуы);
- Кеңірдектің қабынуы – трахеит;
- Бронхылардың қабынуы – бронхиттер.
Өкпелердің ауруларына жататындар:
- өкпелердің қан кернеп ісінуі;
- өкпе қабынулары (крупозды, ателектазды, гипостазды, метастазды,
аспирациялық),
- өкпе гангренасы;
- бронхылар мен өкпелердің қабаттаса қабынуы – бронхпневмония;
- өкпелердің эмфиземасы – аьвеоллалық және интерстициалық.

ІІ. Әдебиетке шолу

Молдағұловтың [1]еңбегінде клиникалық диагностика бұл диагнозды дұрыс
қойып емдеу және алдын алу шараларды дәлелдейтін ветеринарлық ғылылымның
бір бөлігі. Бұл пәннің үш зерттеу такырыптары бар:
1. Дәрігер техникасы;
2. Симптомалогия;
3. Клиникалық логика.
Дәрігер техникасы - жануарлар ауруларын зерттеу әдістерін баяндайтын
ұғым. Бұнда әрбір әдісті қолдану ережелері, олардың физикалық-химиялык
негіздері, клиникалық маңызы көрсетілген.
Симптомалогия - ауру белгілері (симптомдар) туралы ілім. Бұл бөлімді
үйрену кезінде, студенттер әрбір ұлпа, ағза, мүше, торшалардың өзгерістерін
талдап, олардың пайда болу механизмін, бір-бірімен қарым- қатынасын және
байланыстарын түсінеді.
Клиникалык логика - мал дәрігердің аурутану жұмысының ең маңызды,
аяқталу кезеңі. Бұл кезде (анализ) талдау мен синтезге сүйене отырып,
дедукция мен индукцияны пайдаланып, логикалық қорытынды жасалады. Логикалық
қорытынды жасау үшін терең теоретикалық білім, үлкен тәжірибе қажет.
И. М. Беляковтың [2] дерегіне сүйенсек барлык ветеринарлық пәндердің
жүйесінде клиникалық диагностика пәні аралық орын алып тұр. Бір жағынан ол
жалпы теоретикалық пәндерге сүйеніп (анатомия, физика, химия және т.б.),
негізделеді. Ал басқа жағынан, бұл пән барлық кейінгі (кезектегі)
клиникалық пәндердің (жеке патология мен терапия, акушерлік, хирургия,
эпизоотология, паразитология) негізі болып есептеледі. Себебі, әр аурудың
емі мен алдын алуы алдымен ауру танудан басталады, ал ауруларды тану үшін
дәл осындай жалпы тәсіл әдістер мен шарттар колданылады. Сондықтан,
клиникалық диагностиканы бүкіл клиникалык тәжірибенің негізі деп атайды.
Клиникалық диагностика курсы бойынша студенттерді жақсы дайындау үшін
оқу құралында жүйелі түрде зерттеу мен аурудың клиникалык белгілерін дұрыс
тұжырымдата алатындай клиникалық зерттеу жоба-нұсқасы, ауру тарихы, курстық
жұмыс және өзге ветеринарлық-клиникалық құжаттамаларды қатесіз тіркеп-
баяндау жобасы келтірілген. Оқу құралы мал дәрігерлерге де қажет болады деп
сенеміз. Себебі, әрбір жүйенің зерттеу үлгісі мен кейбір аурулардың
клиникалық белгілері көрсетілген. Осы жағдай басқа да клиникалық пәндерден
жазылатын курстық жұмыстарына жеңілдік көрсетуі мүмкін.
Оқу жоспарына сай ветеринарлык медицина факультетінің студенттеріне
арналған бұл оку құралы ауру малды клиникалык тұрғыдан зерттеп, дұрыс толық
диагноз қойып, соңында сау және жоғары өнімді малдарды өсірудін жолдарын
үйретеді деген сенімдеміз.
Даилевскийдің айтуынша [3] клиникалык диагностика, гректің
diagnosticon - ауруды анықтап тануға икемді - деген сезінен шыққан.
Клиникалық диагностика - ауруларды айырып тану туралы ғылым. Сонымен,
клиникалық диагностика, клиникалық ветеринарияның ең маңызды бөлімі болып,
қазіргі әдіс-тәсілдермен жөне жүйелі түрде мал ауруларын анықтап,
аурулардын мәнін, дұрыс диагноз қоюды зерттейтін ғылым.
Симптомдар дегеніміз (гректің symptoma - оқиға) негізінде ағзалар мен
жүйелердің функционалдық және анатомиялык өзгерістері жататын, клиникалық
зерттеумен анықталатын аурудың барлық белгілері.
Клиникалық тексерудің ең маңызды мақсаты - симптомдарды табу және
оларды ұқыпты түрде зерттеу. Симптомдарды бағалау кезінде кейбір
функционалды өзгерістер сау малда да болып, оның жасына немесе
физиологиялық жағдайына байланысты (қозу, буаздылық, күйлеу, т.б.)
болатынын еске алу қажет. Бұндай өзгерістер симптомдарға жатпайды.
Тыныс алу жүйесін зерттеуді жоғарғы тыныс алу жолдарынан бастап өкпені
тыңдаумен аяқтайды. Қажет болса қосымша зерттеулер жасайды (плегафония,
рентгенография, торакоцентез).
Днекешовтың оқулығында [4] шығарылған ауаны зерттеген кезде, ауа
ағысының күшін, температурасын, иісін, бөгде шуларын және дауысынын
өзгеруін аныктайды. Анықтаған кезде екі алақанды жайып малдың мұрыннан
шыккан деміне тосып жүргізеді. Зерттеуді мына үлгі арқылы сипаттайды:
шығарылған ауаның симметриялығын (екі жағынан бірдей немесе бір
кеңсіріктен), қалыптылығын (бір қалыпты немесе ауық-ауық), шығарылған
ауаның температурасын (жылы, ыстық, суық), шығарылған ауаның иісін (тән,
тән емес, шірік иіс, ихорозды, ацетон иісі, қышқыл иіс, аммиак иісі):
шығарылған ауаның шуылдарын (қалыпты жағдайда естілмейді, немесе бөтен зат
кірген кезде фыр-р деген және пырылдау дыбыстар байқалады) анықтайды.
Патологиялық шуылдарға пырылдау, пысылдау және стридор дыбыстары
жатады (стридор - кеңсірік, өңеш, кеңірдек, бронхылар тарылғанда пайда
болатын ыскырық, ысыл тәрізді, стенозды дыбыстар).
І.Н. Жұбантаевтың [5] еңбегінде ең бірінші танауды зерттеп, онын
ұлғаюына немесе тарылғанына назар аударады. Мұрын куысынан бөлінген сораны
(сұйықтык) карау, иіскеу және қажет болса микроскопия аркылы зерттейді. Сау
малдарда мұрын куысынан сұйык бөлінбейді немесе өте аз серозды және серозды-
кілегейлі сұйық ақса, малдың өзі жалап алады немесе пыскырып кетіреді.
Мұрын қуысынан бөлінген сұйықты зерттеу кезінде сораның бар-жоғын,
мөлшерін, симметриялығын, жиілігін және касиеттерін тексереді (түсі,
консистенциясы, иісі, бөгде кұрамы).
Мұрын куысынан бөлінген сұйықтың мөлшері көп емес (созылмалы ринит,
бронхит, пневмония) немесе өте көп (жіті ринит, диффузды бронхит, өкпенің
ісінуі, фарингит, көмейдің параличі) болады. Мұрынның сұйығы үнемі (мұрын
куысының қабынуында) немесе анда-санда бөлінетін болады (қосалкы
куыстыраның кабынуында).
Экссудат, ісінуі сұйыктар, қан өкпеден немесе көмейден шықса, көбінесе
мұрыннан жөтел кезінде бөлінеді. Ал қосалқы қуыстарының экссудаты мал
басын төмен түсіргенде пайда болады. Қабыну процесіне байланысты мұрынның
сұйықтарын ұйыма (серозды), ұйыма-кілегейлі, кілегейлі, кілегейлі-іріңді,
іріңді, қанды және шірікті (ихорозды) деп ажыратады. Консистенцияға
байланысты мұрыннын ағыны сұйық, сулы, қою, созылмалы, жабысқақ, кілегейлі
болады.
Мұрын қуысы сұйыктарының қоспаларының ішінде ауа көбікшелері (өкпенің
ісінуінде), сілекей (фарингитте, еңештің бітеліп қалуында), азықтың
бөлшектері (фарингитте), фибрин қабыршактары (фибринозды ларингит пен
трахеитте) жиі болып тұрады.
Беглецов [6] мұрын қуысының жағдайын зерттеген кезде мына
көрсеткіштерге назар аударады: пішіні (малдың езіне тән, тән емес),
кеңсірік (қалыпты жағдайда, кең ашылған), мұрын канаты (қалыпты жылжымалы,
ширауы жоғары, түсіп кеткен), мұрын қуысының жолдары (еркін ауа етеді,
тарылған, ауа өтпейді), мұрын қуысының кілегейлі қабығы: түсі (боз
қызғылтым, кызғылтым, қызарған, көгерген, сарғайған), ылғалдыш (ылғалды,
өте ылғалды, құрғақ), бүтінділігі (бүтін, жаралы, ойық жара, сыдырылған,
бөріткен, түйіндак үлбіреу), көлемі (ұлғайған, ұлғаймаған), сезімталдығы
(ауырсынады, ауырсынбайды).
Сау жылкыда мұрын қуысының кілегейлі кабығы ылғалды бозғылтым, тегіс
емес, мұрын қалқасы - қызғылт көкшіл реңді, ірі қара малда - бозғылтым
түсті, жиі пигментация кездеседі.
Ауру кезінде кілегейлі қабықтың түсі қызару түрде (гиперемия,
геморрагия), көгеру түрде (цианоз), бозарған (анемиялы), сарғайған түрде
(иктериялы) өзгереді. Жіті ринит кезінде кілегейлі қабықтың ісінуі
байқалады, сол кезде сырты тегіс, жылтыраған болады. Дене қызуы
көтерілгенде (лихорадка) кілегейлі кабықтар құрғақ, ал жіті катар
қабынуында өте ылғалды болып өзгереді.
Жоғарғы жақ және маңдай қуыстарды, пальпация, перкуссия арқылы
зерттейді. Қосалқы қуыстарды зерттеудің үлгісі: пішіні, сезімталдығы,
сүйегінің жұмсақ-қаттылығы, жергілікті температурасы, симметриялык
бөліктерінің перкуссиялық дыбыстарының сипаттамасы.
Ауру кезінде қосалқы қуыстарының маңайында ісінуі, көлемінің ұлғаюы,
сүйектердің деформациясы пайда болады (эмпиема, тері қабынуында, мешелде,
остеомаляция, кілегейлі кабықтардың қабынуында). Жергілікті
температурасының жоғарылауы мен ауырсыздануы қосалқы қуыстарының кабынуы
процесінде байқалады. Сонымен катар сүйектердің майысуы, жұмсактығы да
кездеседі.
Қосалқы куыстардың перкуссиясын перкуссиялық балғашыктың желкесімен
немесе сұқ саусақпен сүйек үстінен соққылап, жасайды. Сау малда өзіне тән
бәсен тимпаникалык дыбыс шығады. Егер экссудат жиналып тұрса, немесе
қатерлі ісік, сүйектің қалыңдауы пайда болса бәсең дыбыс естіледі,
Жылкы және басқа тақ тұяктыларда ауа қапшықтарды карау,
пальпация, перкуссия, эндоскопия, рентген және сынау тесу арқылы зерттейді.
Ауа қапшықтардың аймағы құлақ қалқанынан төмен, атлант омыртқаның канаты
мен төмен жақтың арткы шетінің аралығында орналасады. Зерттеу кезінде
мынадай қасиеттеріне назар аударады: басы мен мойынның ұсталуы, ұлпалардың
пішіні, консистенциясы, жергілікті температурасы, сезімталдығы,
перкуссиялық дыбыстарының сипаттамасы. Метеоризм немесе катар қабынуында
ауа қапшықтардың тұсында томпаю байқалады. Экссудаттын жиналуы пайда болса,
массаж жасаған кезде немесе мал басын төмен түсіргенде мұрын қуысынан сұйық
ағып, ауа қапшықтардың көлемі азаяды.
В.С.Постникованың [7] перкуссияны балғашық пен плессиметрді тақай
басып жасаған кезде сау малдарда ашық (тимпаникалык) дыбыс естіледі. Егер
экссудат жиналса бәсең дыбыс, ал метеоризм кезінде (ауа, газ жиналса) -
атимпаникалық дыбыс шығады.
Бұл мүшелерді зерттеген кезде сырткы және ішкі тәсілдерді пайдаланады.
Сырткы зерттеуді жүргізгенде қарау, пальпация және аускультация
колданылады. Ішкі зерттеуді тек қана қыска тұмсыкты иттерге, мысықтарға
және кұстарға жасауға болады. Ол үшін ауыз қуысын ашып (кергіш арқылы),
тілді бір жаққа тартып, көмекейді көтеріп қарайды. Көмекей мен кеңірдекті
зерттеу кезде мынадай үлгі аркылы тексеруде: бас пен мойынның ұсталуы,
ұлпалардың пішіні, көмекей мен кеңірдек шеміршектерінің бүтінділігі,
температурасы, сезімталдығы, сезілетін шулары, аускультация жасаған кездегі
шуылдарына назар аударылады.

Дугиннің[8] айтуынша жөтелді зерттеген кезде: оның бар-жоғын, күшін,
ылғалдығын, жиілігін, ұзақтылығын, пайда болатын уақытын аныктайды. Егер
зерттеген кезде жөтел жоқ болса, жасанды жөтел жасап анықтайды. Жылкыда
жасанды жетелді алдыңғы кеңірдек сақиналарын саусақпен басып шығарады. Ірі
қара малда жөтелді мұрынды сүлгімен жауып, иттерде кеуде қуысын басып,
немесе қатты соккылап шығарады.
Ларингит, трахеит, макробронхит ауруларында жөтел өте күшті, қатты
болады. Плевра, өкпе ауруларда (пневмония, созылмалы эмфизема) жөтел әлсіз,
әлсін-әлсін жөтелу түрінде кездеседі.
Жөтелдің жиілігі тыныс алу жолдарының жағдайына және ауру процесіне
байланысты болып өзгереді. Кілегейлі кабықтарынын тітіркенуіне сәйкес жөтел
жиі немесе сирек болып, кейбір жағдайда жөтел ұстау (приступ) түрде
кездеседі.
Жоғары және сыңғырлаған жөтел бронхит пен трахеитте кездеседі, төмен
және катаң - пневмонияда, плевритте, ылғалды жөтел - сұйық экссудат тыныс
алу жолдарында жиналса, құрғақ жөтел - экссудат жоқ, немесе жабысқак түрде,
қырылдаған жөтел - көмекей кілегейлі кабықтын және дауыс желбезегінің
ісінуінде пайда болады.
Жөтелдің ауырсынуын малдың жүріс-тұрысына байқап біледі. Егер мал
жөтелген кезде мойнын тартып, басын шайқап, алдыңғы аяқтарын тыпырлатып
ыңқылдаса ауыртатын жөтел. Бұндай жөтел плевритте, көмекейдің ісінуінде,
жіті ларингитте, трахеит, бронхитте жиі кездеседі. Созылмалы бронхит,
ларингит ауруларында жөтелдің ауырсынуы кездеспейді немесе аз болады.
Воронин[9] қалқан-бұғақ бездерді қарау арқылы зерттегенде базедизм
және микседема ауруларының белгілеріне көңіл аудару қажет (бадырақ көздің,
тіл көлемінің ұлғаюы, бас, мойын, шап маңайындағы ұлпалардың домбығуы).
Пальпация арқылы анықтаған кезде көлеміне, консистенциясына, үстіңгі
бетіне, жылжымалылығына және ауырсынуына назар аударады.
Ионова [10] қарау арқылы көкірек қуысының пішініне, көлеміне,
ширактығына, тыныс алу қозғалысының түріне, жиілігіне, тереңдігіне, күшіне,
симметриялығына және ырғақтығына назар аударады.
Пальпациялау (сипалау) аркылы көкірек кабырғалардын сезімталдығын,
сезілетін шуылдарды және ісіктердің бар-жоғын аныктайды. Зерттеген кезде
малдын алдынан, сол жағынан, және оң жағынан, ал ұсак малдарда жоғарғы
жағынан да қарап тексереді.
Кең және терең көкірек куысы өкпенің жаксы сыйымдылығын көрсетеді.
Қысаң, басылған көкірек куысы өкпе ауруларына бейімделген. Кейбір ауруларда
(мешел, остеодистрофия, өкпенің эмфиземасы) көкірек қуысының пішіні
өзгереді. Альвеолярлық эмфиземада көкірек қуысының пішіні бөшке тәрізді
болып калады. Көкіректің бір жағының ұлғаюы бір жақты плевритте, кішіреюі -
ателектазде, туберкулезде, мешелде кездеседі.
Көкірек қуысының сезімталдығын үлкен саусақпен қабырға аралығына басып
тексереді. Плевриттің бастапқы кезінде, немесе кабырғалардьщ сынуында
аурсынуы байкалады.
Жергілікті температурасының жоғарлауы ісік және ағзалардың қабынуында
пайда болады. Мешел ауруында қабырғалардын үстіңгі жағы жуандайды (четки).
Сезілетін шуылдар құрғақ плеврит пен бронхитте аныкталады (алақанмен
көкірек қуысын ұстаған кезде вибрация шуылдары сезіледі).
Малахов[11] тыныс алу козғалыстарын зерттеген кезде олардың түріне,
ырғактығына, күшіне, симметриялығына және 1 минөттегі жиілігіне назар
аудару қажет. Диспноэ (демігу, демікпе) пайда болса оның түрін аныктау
(инспирациялық, экспирациялык) көзделеді.
Құрсакты түрі (абдоминалды) демалу қозғалыстары плевритте, өкпенің
созылмалы альвеолярлы эмфиземада, қабырғалардың сынуында кездеседі. Бұл
тыныс алу түрі сонымен бірге шошқа обасы, геморрагиялык септицемия және
энзоотикалык бронхопневмонияда табылады. Сау малдардың тыныс алу
қозғалыстарының жиілігі (1 мин) төмендегі кестеде көрсетілген (3-кесте).
Тыныс алудың жиілігіне малдың жынысы, жасы, тұқымы және қоңдылығы әсер
етеді. Сонымен катар, сырткы температура мен ауаның ылғалдығы, малдың
жүктілігі, жұмыс істеуі, т.б. Патология кезінде тыныс алу қозғалыстары
бәсендейді немесе жиіленеді (көбейеді).
Қозғалыстарының жиіленуі - полипноэ, бәсеңдеуі - олигопноэ деп
аталады. Полипноэ өкпе (пневмония, бронхит, ісуі, қатерлі ісіктер), плевра
(плеврит) ауруларында және кұрсақ қуысының ішкі кысымы көбейген кезде
болады. Олигопноэ ірі бронх, кеңірдектің тарылуында, бас сүйегінің ішкі
қысымы жоғарлаған кезде, гастрит, ацетонемия, т.б. ауруларында пайда
болады.
Дем алудың тереңдігін калыпты жағдайда дем шығару мен дем кіргізу
көлеміне сүйеніп анықтайды. Үстіртін демалу полипноэ мен қатарда кездеседі.
Бұл кезде демді ішке тарту мен шығару қысқа болады. Терең демалуда
патологиялык бәсеңдеу демалысы байқалады..
Несіпбаевтың [12] дерегіне сүйенсек өкпенің перкуссиясын өкпе
шекараларын және перкуторлы дыбыстардың қасиетін анықтау үшін жасайды.
Ірі малдарда инструменталды перкуссияны (плессиметр, балғашық арқылы),
ұсак малдарда дигиталды (саусақ арқылы) перкуссияны қолданады.
Топографиялық перкуссиянын мақсаты - өкпенің шекараларын анықтау. Бүл
перкуссияны легато тәсілмен, әлсіз сокқылап жасайды. Салыстырмалы
перкуссияньщ мақсаты - өкпенін және плевраның физикалык өзгерістерін айыру,
Бұл перкуссияны қысқаша стокатто әдісімен іске асырады. Перкуссияны жасаған
кезде кабырға аралығымен үстінен төмен қарай өткізеді. Сау малда өкпенің
перкуторлық дыбысы - анык, ұзаққа созылған, төмен, атимпаникалық. Бұл
дыбысты айқын өкпе дыбысы деп атайды.
Өкпе алаңы - үшбұрышты, үш шекарамен шектелген орын (алдыңғы, жоғарғы,
артқы). Алдыңғы өкпе шекарасы арткы жауырын бұрышынан басталып төмен
анконеус сызығы бойынша көкірек қуысына карай келеді. Жоғарғы өкпе шекара -
артқы жауырын бұрышынан басталып артка қарай, омыртқалардан алакан
көлдеңінен төмен өтеді. Артқы шекарасынын клиникалық манызы өте зор. Бұл
шекараны үш көлденең сызык бойынша анықтайды:
1. Сербек (мыкын) сызығы,
2. Шонданай сызығы,
3. Иық буын сызығы.
Ірі қара мен ұсақ малдарда 2 сызық бойынша:
1. Сербек сызығы,
2. Иык буын сызығы (шонданай мен сербек сызықтар бір деңгейінде
орналасады).
Бұл сызықтармен перкуссияны алдынан артқа қарай қабырға аралығымен
(к.а.) малдың екі жағынан жүргізеді, яғни өкпе дыбысы басқа, қатар жаткан
ағзалардың дыбыстарына айналғанға дейін.
Зерттеудегі нәтижелерді қалыпты жағдайдағы өкпе шекарасымен салыстырып
өкпе көлемі туралы қорытынды жасайды (әдеттегідей, үлкейген, кішіреген).
Ірі қара мал, қой, ешкілерде өкпенің, мыкын сызығы бойымен алғандағы
шекарасы сол жақта 12-ші қабырғаға, оң жакта 11-ші қабырғаға дейінгі, иык
буынымен оң және сол жағынан 9-шы кабырғаға дейінгі аралықта.,
Жылқыларда мықын сызығымен - 17 кабырға, шонданай темпешегімен - 15-ші
және иық буыны сызығымен 11-кабырғаға (ауыр жүк таситын және семіздерінде
16-14-10 кабырға) келеді.
Түйелерде - 12-10-8 қабырғалар, солтүстік бүғысында - 14-13-7
қабырғалар. Шошқаларда - 12-10-8, иттерде 12-11-9 қабырғалар.
Өкпенің артқы шекарасынын үлкеюі, артқа қарай жылжуы эмфиземада, өкпе
кабынуында, ала өкпеде, эхинококкозда болады, ал кішіреюі, алға қарай
жылжыуы іш кепкенде, ішек кепкекде, бауыр циррозында кездеседі.
Өкпе шекараларын тексеріп болғаннан кейін малдың өкпе алаңында
салыстырмалы перкуссияны іске асырады.
Дені сау малдардың көкірегіне перкуссия жасаған кезде айкын екпе
дыбысын естиміз. Сырқат малдарда нүку (перкуссия) дыбыстары өзгеріліп
естіледі, оларға мына дыбыстар жатады:
• шыңқылдаған (шел, өкпе қабығы, өкпе қабынғанда);
• сызданған сыбырлы (экссудатты плевритте, өкпенің фибринозды
қабынуында, жылқының жұкпалы плевропневмонияда, ала өкпеде);
• даңғырлаған (өкпедегі тесік каверна, бронх түтігінің кеңеюінде);
• шіңкілдеген (өкпенің ішіндегі доп тәрізді қуыс пайда болғанда, ішкі
қабаты тегіс, қатты болганда);
• түбі тесік кұмыра (қауак) тыңқылындай (өкпеде қуыс пайда болып ол
бронх арқылы жіңішке түтікшемен сыртқы ортамен байланысканда шығады. Мұрын
ағындылары: байқалмайды, бар, бір не екі жақты.
Мөлшері - көп, аздаған, ұдайы, кезеңді.
Түсі - түссіз, сұрғылт, сүрғылтсары, сарғышжасыл, қызғылтьш,
қызыл, шиедей қызғылт, қоңыркара болады.
Жылтырлығы - жылтыр, жылтыр емес.
Конституциясы - сулы, әлсіз кілегейлі, кілігейлі, қаймақ тәрізді.
Сипаты - серозды, серозды-кілегейлі, кілегейлі, кілегейлі-
іріңді, іріңді, ихорозды, қан аралас.
Қоспалар - ауа (ұсақ кепіршікті, ірі көпіршікті), қан, сілекей, азык
бөлшектері, қүсықтар, паразиттер.
Шығаратын ауа - температурасы - орташа жылы, ыстық.
Иісі - иіссіз, шіріген иісті, уремиялық, ацетон иісті.
Жанама (қосалқы) куыстар - үстіңгі жақ, маңдай, ауа қапшықтары (жүп
түяқтыларда).
Конфигурациясы - шығынкы, сүйектер енуі, симметриялы, симметриялы
емес.
Температурасы - жоғарылаған, жоғарыламаған, темендеген.
Ауырсынуы - ауырсынбайтын , ауырсынатын.
Сүйек негізі - мықты, қалыңдаған, жүмсарған, жүкарған, борпылдау
сезіледі.
Перкуссиялық дыбыс - бәсең, бәсеңдеу, тимпаниялык, қораптық. Ауа
капшықтарын зерттеу кезінде тығыздығы мен консистенциясын да анықтайды.
Ауа қапшығын тесу нәтижелері (көрсеткіштері болған кездері)
-жалкаяк (кандай), транссудат, қан.
Смирнов [13] қарау арқылы бас ұстамы өзгерісін (төмен түсірілген, алға
созыңкы), ісіктердің болуын анықтайды. Пальпация арқылы - көмекей домбығуы,
ісінуі, шеміршектер пішінінің өзгерулері (ожау тәрізді шеміршек түсуі)
анықталады.
Ауырсынуы - ауырсынатын, ауырсынбайтын.
Жергілікті температура - жоғарылаған, жоғарыламаған.
Көмекейді ішкі жағынан қарау. Ірі малдарда жарық көзі орнатылған
шпатель, ларингоскоптар қолданылады. Кілегейлі қабат түсі, ісіну бар-
жоқтығы, шеміршек конфигурациялары анықталады. Аускультациялау арқылы
стенотикалық шуылдар, ларингиалды тыныс алулар, кырылдар анықталынады.
Трахея (кеңірдек). Ісіктер бар-жоғы, сақиналар жағдайы - пішіндері
өзгерген, сыныктар, өзгеріссіз. Ауырсынады не ауырсынбайды, жергілікті
температурасы жоғарылаған, жоғарыламаған.
Аускультация - трахеалдық тыныс алуы - күшейген, орташа, әлсізденген,
стенотикалық шуыл, қырылдар - күрғак, ылғалды.
Жәтелу рефлексі. Жөтел болмаған жағдайда жасанды түрде тудырады -
сақталған, жоғарылаған, төмендеген, мүлдем жоқ. Жиілігі - жиі, сирек.
Ұзақтығы - ұзақ, ұстамалары бар, кысқа. Күші-күшті (катты), орташа, әлсіз
(үнсіз). Сипаты - ашық, бәсең, күрғақ, ылғалды, тырысып өтеді, ауырсынатын,
ауырсынбайтын. Тұрғанда, не жүргенде байқалады.
В.М.Субботиннің [14] жұмысында көлемі - үлғайған, ұлғаймаған. Беткейі
- жылтыр, бұдырлы. Жылжымалығы - жылжымалы, жылжымайтын.
Консистенциясы - тығыз, қатты, жұмсақ. Ауырсынуы - ауырсынатын,
ауырсынбайтьш.
Кеуде қуысы.
Кеуде қуысынын пішіні - жіңішке (жалпақ), орта деңгейде, бөшке
тәрізді, дөңгеленген, үзын, қысқа.
Симметриялығы - симметриялы, симметриялы емес (шығыңқы, сол не он жағы
жалпайған, жергілікті шығыңқылар не керісінше енулер).
Тыныс алу түрі - кеудедік (косталды), құрсактык (абдоминалды), кеуде
күрсакты (аралас}.
Тыныс алу қозғалыстары.
Тыныс алу жиілігі. Жиі, сирек, калыпты (мөлшері келтіріледі).
Қүші - терең (күшейген), орта деңгейде, беткейлік (әлсіріген).
Демігуі (демікпе) - инспираторлы, экспираторлы, аралас. Түрақты, күш
түскенде не тұрған күйінде. Демігу науашасы болуы.
Симметриялығы - симметриялы, симметриялы емес (шығыңкы,
жалпайған, оң не сол жақ кеуде түсының шығып немесе еніп тұруы).
Ырғактылық - ырғақты, ырғақтысыз - сатылар ара қашықшғы созылыңкы,
саккадирленген (ауық-ауық), Биотовтік, Чейн-Стокстік, Куссмаульдің үлкен
тыныс алуы, Грокктың диссоцирленген тыныс алуы.
Қарау арқылы қабырғалар мен кабырға аралық бүлшық еттер
біртүтастығының бүзылуы анықталынады. Пальпация арқылы бұлшық етгер мен
қабырғалардьщ жасырын бұзылулары мен ауырсынулары аныкталынады. Өкпенің
артқы перкуторлык шекараларын аньщтайды -өзгермеген, ауытқыған (алға,
артқа, қай қабырғаға дейін).
Перкуторлық дыбыс сипаты - ашық өкпелік, тимпаниялық, қорашық,
қаталдау, катқыл, жарылған күмыра дыбысы, металл дыбысы.(жоғарғы, ортаңғы,
төменгі),қабырға аралығы, бөлік аумағы, патологиялық ошақ шекараларының
сипаты (көлбеу, түзу емес, майысқан).
Плегафония - қатаң дыбыстар, тимпаниялык дыбыс, күрт үзілмелі
дыбыстар, дыбыстар күрт әлсізденген, естілмейді.
Аускультация. Кезекті тәртіпте өткізіледі: ортаңғы-алғы бөлік және
ортаңғы-артқы бөлік, жоғарғы-алғы және жоғарғы-артқы, кеуде маңының теменгі
бөлігі мен жауырын алды маңы.
Негізгі тыныс алу шуылдары - везикулярлы және бронхиалды тыныс алулар.
Везикулярлы тыныс алу - күшейген (қатал), орташа, әлсіреген, тыныс алу
байқалмайды (аңғарылу орны).
Қосымша шуылдар (патологиялық) - бронхиалды тыныс алу (сау малда
болмауы керек орындарда), амфоралык, аралас (айқын емес); қырылдар: кұрғақ,
ылғалды; ірі, орта, ұсак түйіршікті, кіршілдейтін (крепитация) ; кіршілдеу,
жерге түскен тамшы шуылы; плевралды: үйкеліс, шалпылдау, өкпе фистүласы
шуылдары. Аңғарылу орны белгіленеді.
Тыныс алу жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау
(көрсеткіштері болғанда) - (3-5 минөт, бойы жүгірту үлгісі, апноэ үлгісі
- 1-2минут).
Жеңіл дәрежелі кемістіктер - тұрған күйінде тыныс алуы қалышы, күш
түскенде күшеюі және жиілеуі. Айкын және ауыр дәрежелі кемістіктер -тұрған
күйінде күшейген және жиілеген тыныс алу, функционалдық сынамаларды
қолданған кездері күрт күшеюі мен жиілеуі.
Плевроцентез (көрсеткіштері бойынша) - экссудат (жалқаақ), транссудат,
қан. Түсі бойынша - қызыл, сары, сарғышжасыл, консистенциясы бойынша -
сулы, кілегейлі, иісі бойынша - иіссіз, шіріген иісті, ихорозды, деп
сипаттайды.

2.1 Тыныс алу жүйелерін зерттеу

Тыныстану жолдарын белгілі бір желіспен тексереміз, яғни танаудан
бөлінген ақпаны және шыққан ауаны танау қуысы мен оның кілкгейлі қабығын,
қосалқы қуыстарды, көмей мен кеңірдекті және жөтелді зерттеу.
Дені сау малдың танауынан білінер-білінбес аз мөлшерде, тамшылап
кілегйлі қабықтың эксудаты бөлініп тұрады. Танау қуысынан ақпа бөлінсе ол
тыныстану ағзалары сырқатының белгісін білдіреді, сұйық танаудың бір
жағынан немесе екі жағынан да бірдей білінуі мүмкін. Тек танаудың бір
жағынан сұйық бөліну танау мен қосалқы қуыстардың кілегейлі қабықтарының
бір жақты қабынуында байқалады, ал екі жақты бөліну танау мен қосалқы
қуыстардың кілегей қабықтарының екі жағы, яғни оң және сол жағы бірдей
қабынғанда, сондай-ақ өкпе, бронхылар, көмей, жұтқыншақ, кеңірдек
ауруларында байқалады.
Танудан бөлінген сұйықты анықтап тексергенде оның мөлшеріне, түсіне,
иісіне, құрылымына және бөгде заттардың араласуына назар аударып көңіл
бөлеміз. Танаудан аққан сұйқтың мөлшері патологиялық құбылысқа тікелей
байланысты. Мөлшерден тыс қан ағу малдың сақау, кілегейлі қабықтың жіті
қабынуында, ірі қара малдың қатерлі катаральді қызуында, ит обасында,
жұқпалы ринит ауруларында байқалады.
Болар-болмас мөлшерде сұйық бөліну ірі қара малының өкпе
туберкулезінде, өкпе, бронхы, танау қуыстарының кілегей қабығының созылмалы
ауруында байқалады. Танаудан бөлінген сұйықтың қрылымы қабынудың түріне
қарай сұйық, кілегейлі, кілегейлі-іріңді, іріңді, қанды болады. Сұйық,
түссіз, мөлдір, кейде сарғыш тарып тұрады. Ол қабынудың жіті түрінде
бөлініп 1-2 күннен кейін кілегейлі немесе іріңді сұйыққа ауысады.
Сұйық кілегейлі, сәл жабысқақ, ол жіті аурудың екінші кезінде
байқалады. Кілегейлі-қою, жақысқақ, түссіз, молдір, сұйықтың құрамында,
қанның құрамды бөлігі болса ол сұрғылт тартады. Бұл танау қуысының көмей
және бронх қабынуының жіті түрінің соңғы кезеңінде байқалады.Кілегейлі-
іріңді тыныстану жолдарының жолының алдыңғы бөлігінің жіті қабынуы түрінде
байқалады. Іріңді- сұйық, ақшыл- сары немесе жасыл -сары түсті болады, ол
өкпе абцессінде, іріңді жарада өкпе қуысының кеңейіп, онда іріңнің жиналып
қалуында байқалады. Танаудан бөлінген сұйықтық түсі әр түрлі болады, яғни
сұйық, кілегейлі сұйық-мөлдір түссіз. Ал оған қабыршақ торшалар мен
лейкоциттер араласа ол сұрғылт, ал қан араласа қызыл немесе қызғылт
тартады. Егер ағзалар іріп-шіри бастаса онда ол қара қоңыр немесе бурыл
болады. Жылқының жұқпалы плевро- пневмония ауруында бурыл сары немесе қоңыр-
бурыл болады.
Танаудан бөлінген сұйықтық сұйық және кілегейлі сұйық түрінде иіс
болмайды, ал
іріңнің өзінше тәтті дәмді иісі болады. Танау қуысының кілегейлі
қабығы, өкпе жәнебронхы қабығы іріп-шіри бастағанда, ірің көп жиналып
қалғанда жағымсыз иіс байқалады. Танаудан бөлінген сұйықта бөгде нәрселер
кездеседі олар:
-көпіршіктер- өкпе ішіне, өкпеден қан асқанда, созылмалы бронхите
байқалады;
-гельминттер;
-өкпе үлпасының бөлшектері;
-жын қалдығы;
-Фибрин қабыршығы және басқалар.
Танау қуысы мен оның кілегейлі қабығын көру, танау қуысын тексергенде
ең алдымен оның тесігі мен кілегейлі қабықтарында назар аударамыз.
Кілегейлі қабығын тексеріп зерттегенде оның түсіне, біртұтастығына, бөртпе
мен ісіктің бар жоғына назар аударамыз.
Түсі:
- Гиперимия (кызару)-сақау, тышқақ, маңқа және ринитте байқалады;
- цианоз (көгеру)-кілегейлі қабықтың көкшіл тартуы;
- бозару-жүрек және тыныстану жүйесі ағзаларының қызметі бұзылғанда
байқалады;
- сарғаю-тұтастығының бұзылуы: жарақаттану жарылу, тырналу, жара, ойық
жара, күлдіреу, іріп- шіру;
- ісік-залалды және залалсыз ісік болып бөлінеді;
- риноскопия- кілегейлі қабықты риноскоп аспабымен көру, риноскопия
және рентгенография.
Тыныс алу жүйесін зерттеу мына төмендегі жүйе бойынша жүргізіледі:
- тыныстану жолдарының алдыңғы бөлігін зерттеу, яғни танаудан бөлінген
сұйықты, шыққан ауаны, танау қуысының кілегейлі қабығын, қосалқы қуыстарды,
көмей және кеңірдекті, қалқанша безді, жөтел және қақырықты
түпкілікті тексеріп отыру:
- көкіректі зерттеу- қарау үшін жалпы зерттеу әдістерінен басқа
(қарау, сипау, перкуссиялау, тыңдау) арнайы әдістер қолданылады:
риноскопия, лфрингоскопия, рентгенография, рентгеноскопия, флюорография.
Танаудан бөлінген сұйықты, қақырықты және көкірек қуысын алынған пунктты
лабораториялық тәсілмен зерттеу.

2.2 Жоғарғы тыныстану жолдарын зерттеу

Танаудан бөлінген сұйықты зерттеуді алдымен танау тесігін зерттеуден
баствйды, сонан соң танаудан бөлінген сұйықты қарау, иіскеу және қажет
болса микроскоптың көмегімен зерттеуге кіріседі, сау малдарда танаудан
сұйық ағу байқалмайды немесе аз мөлшерде бөлінеді, бейнебір сулы немесе
сулы кілегейлі болып келеді, ол малдың танауын тілімен жалауы және
түшкіруімен жойылып отырады.
Танаудан сұйық ағу байқалса, онда оның мөлшерін, бір жақты немесе екі
жақты екенін және оның қасиеттерін анықтайды.
Сұйық ағудың аз мөлшерде болуы (бронхы, өкпе, танау кілегейлі қабығы
қабынғанда) немесе мүлдем көп болуы мүмкін.(жұтқыншақ қабынғанда,
салданғанда, танау жіті қабынғанда, брохылардыңдиффузиялық қабынуында. өкпе
ісінгенде). Танаудан бөлінген сұйықтың толастамауы (танау қуыстары қабынған
кезде, бөлініп- іркіліп ағуы қосалқы қуыстар мен ауалы қапшық қабынғанда)
кездесуі мүмкін.
Ауру малдарда кейде өкпеден, кеңірдектен, көмейден жөтелген кезде қан,
қанды қақырық, сұйық бөлінеді, ал қосалқы қуыстардан мал басын енкейткенде
байқалады.
Қабыну сипатына қарай танаудан бөлінген сұйық- сулы, сулы- кілегейлі,
іріңді-кілегейлі, іріңді- қан аралас, сасық иісті болады.
Консистенциясына қарай сулы, сұйық, қою, қаймақ тәріздес, созылғыш,
жабысқақ болады.
Танаудан бөлінген сұйық түссіз немесе ақшыл- сұр, сұрлы- сары, жасыл,
сары- қызғыштау (қан араласқанда), лайлы болып крупозды пневмонияда, жылқы
плевропневмониясында байқалады.
Танаудан бөлінген сұйықтық иісі қабыну түріне байланысты. Демек сулы
және кілегейлі танау сұйығында иіс болмайдв, ал іріңді танау сұйығының иісі
тәтті тартып тұрады. Өкпе гангренасында (шірігенде) сасық шіріген иісті,
құсқан кезде қышқылдау болады.
Танау сұйығында көпіршіктің болуы өкпе ісіегенде, өкпеден қан аққанда,
кілегейлі және түкірік жұтқыншақ қабынғанда, өңеш бітеліп немесе жабысып
қалғанда (тамақ қалдықтары), жұтқыншақ қабынғанда, құрттар, оқалақ
личинкалары, фибринді пленкалар, көмей және кеңірдек фибринозды қабынуында
кездеседі.
Микроскоппен көру арқылы танау сұйығында эпителиальды торшалар,
лейкоциттер (қанның ақ түйіршіктері), эритроциттер (қанның қызыл
түйіршіктері) және фибрин пленкасын өкпе, бронх, кеңірдек, көмей қабынғанда
эластикалық жіпшелер (өкпе гангренасында туберкулездың ашық түрінде),
құрттардың жұмыртқаларын, әр түрлі микроорганизмдер мен басқа заттарды
көріп анықтауға болады.
Тыныс алу жүйесін зерттеуді жоғарғы тыныс алу жолдарынан бастап өкпені
тыңдаумен аяқтайды. Қажет болса қосымша зерттеулер жасайды (плегафония,
рентгенография, торакоцентез).
Шығарылған ауаны зерттеу. Шығарылған ауаны зерттеген кезде, ауа
ағысының күшін, температурасын, иісін, бөгде шуларын және дауысынын
өзгеруін аныктайды. Анықтаған кезде екі алақанды жайып малдың мұрыннан
шыккан деміне тосып жүргізеді. Зерттеуді мына үлгі арқылы сипаттайды:
шығарылған ауаның симметриялығын (екі жағынан бірдей немесе бір
кеңсіріктен), қалыптылығын (бір қалыпты немесе ауық-ауық), шығарылған
ауаның температурасын (жылы, ыстық, суық), шығарылған ауаның иісін (тән,
тән емес, шірік иіс, ихорозды, ацетон иісі, қышқыл иіс, аммиак иісі):
шығарылған ауаның шуылдарын (қалыпты жағдайда естілмейді, немесе бөтен зат
кірген кезде фыр-р деген және пырылдау дыбыстар байқалады) анықтайды.

2.3 Танаудан шыққан ауаны зерттеу

Танаудан шыққан ауаны зерттеу кезінде ауаның еркін күшін және қызуын
малдың танау тесігіне алақанның сырт жақ бетін жақындату арқылы анықтайды.
Шыққан демнің шірік иісі органикалық заттар ыдырағанда, өкпе гангренасы
(сасық жағымсыз иіс) кезінде пайда болады.Кетозда ацетонның иісі сезіледі.
Уремияда аммиактың иісі байқалады.
Тыныш тұрған мал тыныс алған кезде, түрлі шуылдар естілуі мүмкін, ол
біраз жүргеннен кейін, бір танауын қолиен жапқаннан кейін байқалады. Мал
бөгде заттарды көрген кезде пырылдауы немесе пысқыруы мүмкін.
Патологиялық шуылдарға мыналар жатады:Пырыл, стридор, стенотикалық
шуыл және ысқырғанға, шытырлағанға ұқсас дыбыстар: танау жолдары, көмей,
кеңірдек және бронх тарылғанда пайда болады. Дыбысы өзгерген малдарда
қырылдаған (мал құтырғанда, көмей қабынғанда), үзіліссіз ыңырсыну тәрізді
дыбыстар (сиырлардың нимфоманиясында), дыбыстың жоғалуы мен афониясы (көмей
салданғанда және ісінгенде, мал құтырғанда білінеді).
Танау қуысының кілегейлі қабығын зерттеу.Алдымен танау тесігіне және
онда байқалған өзгерістерге назар аудару керек. Өйткені терінің ісінуінен,
танау сүйектерінің сынуынан олардың өзгеруі мүмкін. Танау қуысының
кілегейлі қабығыны зерттеу, жай қарау тәсілімен немесе танау айналасымен
(Кумсиевтың немесе Дугининннің) көз айналасымен және рефлектордың,
риноскоптың, лариноскоптың көмегімен жүргізіледі.
Танаудың кілегейлі қабығын қарау үшін саусақтрдың көмегімен танау
тесігін керіп, малдың тұмсығын жарық түсіп тұрған жаққа бұрады (Жарық
неғұрлым тереңге түсетін болсын). Танау қуысына жарықты жақсы түсіру үшін
электр шамдары немесе арнаулы жарықтандырғыштар қлданылады. Жылқының танау
қуысының кілегейлі қабығы ірі қара малмен салыстырғанда тереңірек көрінеді,
өйткені ірі қара малдың танау қуыстары қысыңқы келеді, сондықтан
жарықтандырғыш қолданбаса тек қана танау қуысының жақын бір бөлігі ғана
көрінеді. Танау қуысының кілегейлі қабығын қарау арқылы тесерген кезде оның
түсіне, ылғалдылығына, жарақаттарға және басқа өзгерістерге назар аударады.
Дені сау жылқының танауының клегейлі қабығы ылғалды, ашық қызғылт түсті,
тегіс емес (бұршақ дәні сияқты) көкшіл тартқан дақтар болады. Ал ірі қара
малда ашық- қызғылт. Патологиялық өзгерістерде кілегейлі қабығының түсінің
қызаруы (гиперемия немесе гемморрагия), көгеруі (цианоз), бозаруы (анемия),
сарғаюы мүмкін. кілегейлі қабығының ісінуі, яғни беткі жағы айна тәріздес
жарқырап тұруы қабынғанда байқалады. Ылғалдылығы бұзылғанда кілегейлі
қабығының кеуіп (безгекте) немесе ылғалдылығы жоғарылап кеуі мүмкін.
Кілегейлі қабықтың жарақатына мыналар жатады: жарылу, жара, ойықжара,
бөртпе, күлдіреу, жылқыаяқ.
Көмекей мен кеңірдекті зерттеу. Бұл мүшелерді зерттеген кезде сырткы
және ішкі тәсілдерді пайдаланады. Сырткы зерттеуді жүргізгенде қарау,
пальпация және аускультация колданылады. Ішкі зерттеуді тек қана қыска
тұмсыкты иттерге, мысықтарға және кұстарға жасауға болады. Ол үшін ауыз
қуысын ашып (кергіш арқылы), тілді бір жаққа тартып, көмекейді көтеріп
қарайды. Көмекей мен кеңірдекті зерттеу кезде мынадай үлгі аркылы
тексеруде: бас пен мойынның ұсталуы, ұлпалардың пішіні, көмекей мен
кеңірдек шеміршектерінің бүтінділігі, температурасы, сезімталдығы,
сезілетін шулары, аускультация жасаған кездегі шуылдарына назар аударылады.

2.4 Жоғарғы жақ және маңдай қуыстарын зерттеу

Жоғары айтылған қуыстарды зерттеу, қарау, нұқу және сипау тәсілдерін
қолдану арқылы жүргізіледі. Керек болған жағдайда арнайы тәсілдер
қолданылады, оларға эндоскопия, рентгеноскопия, рентгенография, қуысты
нысанлы тесу, бұрғылау. Қарау кезінде назарды бірінші жоғарғы жақ және
маңдай қуыстары шеңберіне аударады. Кейде қуыс аймақтарында ісіктер
көлемінің үлкейгендігі ұстап көргенде сүйегінің жұмсарғандығы байқалады.
Мұндай құбылыстар кілегейлі қабықтар, аумақ терілері қабынғанда, рахитте
және остеомаляцияда кездеседі. Сипау кезінде қуыс аймағындағы ұлпалардың
сезгіштігін және қызуын анықтайды. Тері қимылының төмендеуі ұлпалардың қызу
сезгіштерінің жоғарлауы, ісінуі, қуыстардың қабыну салдарынан болады.
Сонымен бірге қуыстардың сүйек қабырғасының бүтіндігін, консистенциясын
және басқа да өзгерістерін анықтайды. Қуыстардың сүйек қабырғасының саусақ
астында майысу эмфиземада, ісікте, рахитте болады. Қуыстарды перкуссиялау
бүгілген сұқ саусақпен немесе перкуссия балғашықпен жүргізіледі. Асау малды
тексеру кезінде зерттеу жүргізіліп жатқан жақтағы көзін жауып тұрады,
жақындатпаған жағдайда ерніне бұрау салады. Денісау малдан сыбырлы
тықылдаған ерекше бәсеңдеу тимпаниялық дыбыс естіледі.
Жоғарғы жақ (эксудаттың деңгейі шықшыт доғасынан жоғары болса) және
маңдай қуыстары эмфиземасында, қуыстардың қабырға сүйектері қалыңдап
кеткенде сыбырлы дыбысестіледі. Жоғарғы жақ қуысында эндоскопияны қараңғы
бөлмеде риноскоп немесе лариноскоп аспабының көмегімен жүргізіледі.
Дені сау жылқыларда бұл кезде қуыстардың сыртқы қабырғасының тым
қызарғаны байқалады. Эмпиемада қара көлеңке болып тұрады,ал ісіктерде қара
көлеңке оның пішініне сәкес болып тұрады.
Қарау арқылы көкірек қуысының пішініне, көлеміне, ширактығына, тыныс
алу қозғалысының түріне, жиілігіне, тереңдігіне, күшіне, симметриялығына
және ырғақтығына назар аударады.
Пальпациялау (сипалау) аркылы көкірек кабырғалардын сезімталдығын,
сезілетін шуылдарды және ісіктердің бар-жоғын аныктайды. Зерттеген кезде
малдын алдынан, сол жағынан, және оң жағынан, ал ұсак малдарда жоғарғы
жағынан да қарап тексереді.
Кең және терең көкірек куысы өкпенің жаксы сыйымдылығын көрсетеді.
Қысаң, басылған көкірек куысы өкпе ауруларына бейімделген. Кейбір ауруларда
(мешел, остеодистрофия, өкпенің эмфиземасы) көкірек қуысының пішіні
өзгереді. Альвеолярлық эмфиземада көкірек қуысының пішіні бөшке тәрізді
болып калады. Көкіректің бір жағының ұлғаюы бір жақты плевритте, кішіреюі -
ателектазде, туберкулезде, мешелде кездеседі.
Көкірек қуысының сезімталдығын үлкен саусақпен қабырға аралығына басып
тексереді. Плевриттің бастапқы кезінде, немесе кабырғалардьщ сынуында
аурсынуы байкалады.
Жергілікті температурасының жоғарлауы ісік және ағзалардың қабынуында
пайда болады. Мешел ауруында қабырғалардын үстіңгі жағы жуандайды (четки).
Сезілетін шуылдар құрғақ плеврит пен бронхитте аныкталады (алақанмен
көкірек қуысын ұстаған кезде вибрация шуылдары сезіледі).

2.5 Ауалы қапшықтарды зерттеу

Жылқыда және басқа тақ тұяқты малда ауалы қапшықты зерттеу үшін қарау,
сипау, перкуссиялау және арнайы эндоскопия, рентгеноскопия, рентгенография,
сыналы тесу тәсілдерін қолданады.
Ауалы қапшықты қарағанда оның аумағына назар аударамыз, ол құлақтың
түбіне орналасқан, ал оның сыртқы пішіні үшбұрышты болып келеді, яғни
жоғарғы жағы төменгі жақ доғасымен, ал артқы жағы (атлант) ауыз
омыртқасының қанатымен шектелген.
Ауалы қапшық көлемінің үлкеюі, ауалы қапшық қабынғанда (аэроцистит)
немесе ауа мен сұйық шектен тыс толғанда байқалад. Ауалы қапшықтың ішінде
эксудат жиналған жағдайда, малдың басын еңкейткенде немесе ауалы қапшықты
уқалап басқанда танаудан су аққаны және ауалы қапшықтың көлемі кішірейгені
байқалады. Сипау арқылы көлемінің өзгеруін, қалыпты жұмсақтығын, ішіндегі
судың деңгейін, ауырсынуын, қызуын анықтайды. Перкуссия тәсілін жүргізу
үшін, перкуссия балғашығы көмегімен ауалы қап сыртынан тығыз орналастырған
темір төсенішті (плессиметр) соғу арқылы анықтайды, дені сау малдарда
перкуссиялау кезінде сыбдырлы, тыңқылдаған дыбыс естіледі. Ал егердн
қашыққа эксудат су жиналған жағдайда- сыбырлы дыбыс, ауа толғанда
шыңқылдаған ащы дыбыс естіледі.
Жылкы және басқа тақ тұяктыларда ауа қапшықтарды карау, пальпация,
перкуссия, эндоскопия, рентген және сынау тесу арқылы зерттейді. Ауа
қапшықтардың аймағы құлақ қалқанынан төмен, атлант омыртқаның канаты мен
төмен жақтың арткы шетінің аралығында орналасады. Зерттеу кезінде мынадай
қасиеттеріне назар аударады: басы мен мойынның ұсталуы, ұлпалардың пішіні,
консистенциясы, жергілікті температурасы, сезімталдығы, перкуссиялық
дыбыстарының сипаттамасы. Метеоризм немесе катар қабынуында ауа
қапшықтардың тұсында томпаю байқалады. Экссудаттын жиналуы пайда болса,
массаж жасаған кезде немесе мал басын төмен түсіргенде мұрын қуысынан сұйық
ағып, ауа қапшықтардың көлемі азаяды.
Перкуссияны балғашық пен плессиметрді тақай басып жасаған кезде сау
малдарда ашық (тимпаникалык) дыбыс естіледі. Егер экссудат жиналса бәсең
дыбыс, ал метеоризм кезінде (ауа, газ жиналса) - атимпаникалық дыбыс
шығады.

3. Көмекейді және кеңірдекті зерттеу

Көмекейді және кеңірдекті сырттай және іштей зерттеу тәсілдерімен
тексереді. Олар сырттай қарау, сипау, тыңдау тәсілдерін қолдану арқылы
жүргізіледі. Қарау кезінде мынадай жағдайды кездестіруге болады, малдың
басын төмен еңкейтіп, мойнын жоғары созып тұрғанын, қиналып дем алғанын,
кейде көмекей мен кеңірдек аумағы маңындағы ұлпалардың қабынуы салдарынан
томпайып тұрған ісікті байқауға болады. Кеңірдекті қарап зерттегенде оның
сырт пішінінің өзгерісіне, қисайып, майысқанына, жұмсақтығына, кеңірдек
сақиналарының сынықтарына және жыртылғанына назар аударады. Сипау кезінде
көмей мен кеңірдек аумағының қызулығын, сезгіштігін және кеңірдек
қуысындағы түрлі шуылды анықтайды.
Қызудың жоғарлауы және ауырсынуы көмей мен кеңірдектің қабыну
салдарына болады. Егер кеңірдектің алдыңғы сақинасын, ожау тәріздес
шеміршекті саусақпен қысқан кезде, көмей қабынуынан жөтел пайда болады.
Көмей мен кеңірдектің қуысы тарылған жағдайда ысқырған, тұншығу, көмей мен
кеңірдектің ісігінде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өкпе қабының ауруы
ІШКІ ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС АУРУЛАР КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА РЕНГИНОЛОГИЯСЫМЕН пәніне арналған оқу-әдістемелік құралы
Қойлардың гранозаннан улану ауруының клиникалық белгілері мен диагностикасы
Диплококтық септицемия ауруының патолого - анатомиялық өзгерістері
Қысқартулар мен белгілер
Өкпенің перкуссиясы
Күйістілердің кебенек ауруы
Кеуде клеткасының аускультациясы. везикулярлық тыныс алу, бронхиальды, физиологиялық, бронхиальды патологиялық, амфорикалық бронховизикулярлық, құрғақ сырылдар, ылғалды сырылдар
Ісіктердің жіктелуі жөнінде
Менингоэнцефалит
Пәндер