Жоғары мектепте оқытудың ұстанымдары



Кіріспе

Жалпы оқыту үрдісі – оқушыға білім, тәрбие берудің және оны дамытудың мақсаттары шешілетін мақсатты бағытталған, бірізді өзгеріп отыратын оқытушы мен оқушылардың өзара әрекеттестігі.

Оқыту – қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, білім алушы тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту -қоғамдық құбылыс түріндегі ересектердің мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту туралы, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндеттерінің мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі – өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері.
ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ә. Исабаев. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – А.: Қазақ Университеті, 1993. –159 б.
Башарин В.Ф. Педагогическая технология: что это такое // Специалист. - 1993 - № 3. - С. 25 - 27.
3. Кочетов А.И. Культура педагогического исследования. - 2-е изд., испр. и доп. - Минск., 1996. - 312 с.
4 Библер B.C. Целостная концепция школы диалога культур. Теоретические основы программы // Психологическая наука и образование. 1996 - № 4. - С. 66 - 73.
5 Уман А. И. Формирование содержания образования и педагогическая реальность // Инновации в образовании. - 2007- № 11. - С. 4 - 13.
6 Сериков В.В. Образование и личность: Теория и практика проектирования пед. систем. - Москва: Логос, 1999. - 272 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
‭ ‬Жоғары мектепте оқытудың ұстанымдары‭

Кіріспе

‬ Жалпы оқыту үрдісі‭ –‬оқушыға білім,‭ ‬тәрбие берудің және оны дамытудың мақсаттары шешілетін мақсатты бағытталған,‭ ‬бірізді өзгеріп отыратын‭ ‬оқытушы мен оқушылардың өзара әрекеттестігі.‭

‬ Оқыту‭ –‬қазіргі заманның талаптарын ескере отырып,‭ ‬білім алушы тұлғасын,‭ ‬білім,‭ ‬іскерлік және дағдыларды меңгерте отырып,‭ ‬мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі.‭ ‬Оқыту‭ ‬-қоғамдық құбылыс түріндегі ересектердің мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжірибесі,‭ ‬қоғамдық сананың даму нәтижесі,‭ ‬еңбек өндірісінің мәдениеті,‭ ‬қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту туралы,‭ ‬білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп,‭ ‬оны олардың меңгеруі.‭ ‬Оқыту ұрпақ сабақтастығын,‭ ‬қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды.‭ ‬Оның қоғамдағы объективті міндеттерінің мәні осында.‭ ‬Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі‭ –‬өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті,‭ ‬олардың мазмұнды танымдық әңгімелері.
Оқытудың мақсаты‭ –‬дамытудың қоғамдық‭ –‬тарих тәжірибесінің жан‭ –‬жақтарын:‭ ‬білімдер мен іскерліктері,‭ ‬ғылым,‭ ‬мораль,‭ ‬еңбек,‭ ‬әдебиет,‭ ‬өнер,‭ ‬жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге бағытталған мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен‭ ‬студенттің оқу-танымдық өзара бірлескен әрекетінен ойша күтілетін түпкі нәтиже.‭ ‬Жалпы мақсатта қоғам ғылымның,‭ ‬техникалық,‭ ‬сондай-ақ өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына сәйкес кетеді.Адамның дамуы‭ –‬бұл оның денесінің физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын білдіреді.‭ ‬Сонымен қатар,‭ ‬оқытудың кәсіби бағдарлау қызметінің де мәні зор.
Жоғары оқу орындарында‭ ‬ оқытудың‭ ‬ өзіндік ерекшеліктерінен туындайтын ұстанымдарды анықтау өте маңызды.‭ ‬Ғалымдар мен әдіскерлер топтастыруларын саралайтын болсақ,‭ ‬олардың түрлілігін анықтауға болады.‭ ‬Дегенмен көпшілік топтастырылуда кездесетін ұстанымдардың бірі‭ –‬Өз бетімен іздене білу‭ ‬ұстанымы.
Оқыту үдерісін дұрыс ұйымдастыру үшін өзіндік талабы мен ережелерін негізге алу қажет.‭ ‬Ол ереже оқытудың ұстанымдары болып саналады.‭ ‬Ал ұстаным‭ –‬жетекші идея,‭ ‬негізгі талап деген мағынаны білдіреді.‭

‬ Оқытудың ұстанымдары мен оқыту талаптары‭ –‬оқыту үдерісінің тиімді және мазмұнды болуын қамтамасыз ететін негізгі заңдылық.‭ ‬Білім беру теориясының оқыту ұстанымдары тарихи нақты әрі белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді бейнелейді.‭ ‬Сондықтан тілді оқыту әдістемесінде ұстанымдардың жалпы дидактикалық,‭ ‬жекелеген әдістемелік және оқытудың арнайы мақсатына қызмет ететін ұстанымдарды ажырату қалыптасқан.‭

‬Студенттердің‭ ‬ өз бетімен ізденуі,‭ ‬өз бетімен іс-әрекет етуі оның саналылығына тікелей байланысты.‭ ‬Бұл ұстаным‭ ‬студенттің шығармашылық деңгейін көтеру,‭ ‬яғни шығармашылық әдіс-тәсілдерді меңгеруін міндеттейді.‭ ‬Шығармашылық машық-дағдылар‭ ‬студентте алгоритмдік деңгей мен эвристикалық деңгейде жүзеге асады.‭ ‬Мұнда‭ ‬студент оқытушының бұрын таныстыруы арқылы меңгерілген танымдық әдістермен тежелмейді,‭ ‬оларды қолдану арқылы және басқа түрлерін ойлап табуы арқылы әрекеттенеді.‭ ‬Бұл‭ –‬дамыған‭ ‬студент‭ ‬моделі.‭ ‬Оқытуда‭ ‬ бұл ұстаным бойынша‭ ‬студенттерге өздік тапсырмаларды орындатудың маңызы зор.
Студенттің‭ ‬ өздік жұмысы‭ –‬олардың оқу-танымдық әрекетінің ерекше түрі.‭ ‬Өздік жұмыстың өзіндік ерекшелігі бар.‭ ‬Ол‭ –‬оқытушы жағынан тікелей басшылықтың болмауы.‭ ‬Студент‭ ‬ өздік жұмысты орындау барысында өз бетімен еркін үйренеді және әрекет жасау дағдыларын қалыптастырып,‭ ‬дамытады‭; ‬сұрақ-жауап арқылы пікірлесуге үйренеді және әрбір іс-әрекетке белсенділік танытады.‭ ‬Ең бастысы өз бетімен іздене білу дағдыларын қалыптастырып,‭ ‬дамытады‭; ‬сұрақ-жауап арқылы пікірлесуге үйренеді және әрбір іс-әрекетке белсенділік танытады.‭ ‬Ең бастысы өз бетімен іздене білуге дағдыланып,‭ ‬оның жолдарын өз бетімен қалыптастырып және сол жолды табу үшін ізденеді,‭ ‬талаптанады.‭ ‬Бұл бағытта оның білімі мен деңгейі өседі,‭ ‬танымдық қабілеті айқындала бастайды.‭ ‬Оқытушы мен‭ ‬студенттің ынтымақтастығы мен қарым-қатынасы арқылы нәтижеге жетеді.‭

‬ Студенттердің‭ ‬өз бетімен жұмыс жасауын зерттеулердегі ғалымдар пікірінше,‭ ‬өз бетімен жұмыстанудың нақты бір жағдайларда белгілі мақсат пен міндеттерге бағытталуы қажет.‭ ‬Сонымен бірге,‭ ‬өз бетінше жұмыс жасаған баланың бойында білуге ұмтылыс,‭ ‬құштарлық үдерісі жүреді де,‭ ‬белсенді бола бастайды.‭ ‬Білім мазмұны мен деңгейі өсіп,‭ ‬өзін-өзі бақылауы мен тәрбиеленуінің арқасында ерекше танымдық қабілеттері таныла,‭ ‬айқындала бастайды.‭ ‬Бұл үдерістің жалғасуы арқылы‭ ‬студент‭ ‬шығармашылығы көрініс табады.Шығармашылық үрдіс оқытудың деңгейлік көрсеткіші бойынша эвристикалық және шығармашылық деңгейлерінде‭ ‬студенттің‭ ‬өзін-өзі бақылауы мен басқаруы және өз бетімен жұмыс жасауы көп орын алады.Студент‭ ‬ шығармашылық жұмысқа бірден келмейді.‭ ‬Сондықтан осы білімдік деңгейге сатылай отырып,‭ ‬қол жеткізетін нәтиженің жемісті болатынына сеніммен қарауымыз керек.
‭ ‬Қорыта келе,‭ ‬өз бетімен іздене білу ұстанымының білімді меңгертудегі міндеттерді жүзеге асыруға ықпал жасайтындығын айтқымыз келеді.‭ ‬Жеткіншектердің өз ниеттерімен білім алуына тәрбиелеуде,‭ ‬олардың дербестігін кеңінен өрістетуде жалпы адами қасиет сапаларын қалыптастыруда ғылыми негіз болып саналады.‭

Оқыту заңдылықтары және принциптері туралы жалпы түсінік‭

‬ Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады.‭
‬ Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі,‭ ‬маңызды,‭ ‬қажетті,‭ ‬жалпы,‭ ‬берік,‭ ‬белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады.‭ ‬өзара байланысы бар объектілер,‭ ‬байланыстың түрі,‭ ‬сипаты,‭ ‬қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз.‭
‬ Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді.‭ ‬Оқыту заңдылықтары сыртқы және ішкі,‭ ‬жалпы және жеке деп бөлінеді.‭ ‬Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан,‭ ‬саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды.‭ ‬Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты,‭ ‬әдістері,‭ ‬құралдары,‭ ‬түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды.‭ ‬Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса,‭ ‬жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты,‭ ‬жеке бөліктерін қамтиды.‭

‬ Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:‭
‬ 1.‭ ‬Оқытудың мақсаттары,‭ ‬мазмұны,‭ ‬сапасы мен әдіс-тәсілдері қоғам талабына,‭ ‬мүмкіндіктеріне,‭ ‬педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.‭
‬ Білім беру,‭ ‬тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.‭
‬ Студенттің таным белсенділігі артқан сайын,‭ ‬оқыту сапасы жоғарылайды.‭
‬ Оқытудың тиімділігі кері байланысқа,‭ ‬қайталауға,‭ ‬түзету іс-әрекеттеріне тәуелді.‭

‬ Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін ұйымдастыру.‭
‬ Оқытудың мақсаттары,‭ ‬мазмұны,‭ ‬сапасы мен әдіс-тәсілдерінің өзгеріп,‭ ‬жаңарып,‭ ‬толықтырылуы.‭
‬ Жеке заңдылықтарға дидактикалық,‭ ‬психологиялық,‭ ‬ұйымдастыру заңдылықтары жатады.‭ ‬Оқытудың негізгі заңдары:‭
‬ Қоғамдық қатынастар,‭ ‬әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен оқыту жүйесін қалып-тастыруға ықпал етуі туралы заң.‭
‬ Білім алу,‭ ‬іс-әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы‭
‬ заң.‭
‬ Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы заң.‭
‬ Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысы туралы заң.‭
‬ -‭ ‬Оқу іс-әрекетінің жеке және ұжымдық түрлерінің бірлігі және өзара байланысы туралы заң.‭ ‬Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып келеді.‭ ‬Кейбір‭ ‬ зерттеушілер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ,‭ ‬сондықтан ол ғылым емес деген пікірді білдіреді.‭ ‬Жоғарыда аталған педагогикалық заңдылықтар мен заңдар теріс пікірлерді жоққа шығарады.‭

 Оқыту принциптері туралы түсінік‭
‬ Принцип‭ (‬латын сөзі‭) ‬-‭ ‬басшылыққа алатын идея,‭ ‬негізгі талап,‭ ‬қағида.‭ ‬Дидактикалық принциптер‭ ‬-‭ ‬оқытудың мазмұнын,‭ ‬ұйымдастыру түрлерін,‭ ‬әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі.‭ ‬Оқыту принциптері дидактиканың‭ ‬ категорияларына жатады.‭ ‬Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін‭ ‬ сипаттайды.‭ ‬Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін,‭ ‬негізгі қағидаларды белгілеуге көп күш салды.‭
‬ Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты.‭ ‬Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп‭ ‬отырғандықтан, кейбір принциптер ескіріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері жаңадан пайда болады (кіріктіру, ізгілендіру). Кейбір авторлар оқыту принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуді ұсынып келеді. Заманауи принциптер оқу процесінің барлық құрамдас бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтижелерді жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын ұсынады.
 Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың принциптерін басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижелерге жеткізуі шарт. Мұғалім дидактикалық принциптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз.
 Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде студенттерде‭ ‬оқытудың мақсатына‭ ‬ сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі,‭ ‬саналылықпен белсенді түрде меңгеруге деген‭ ‬ қызығушылықтар пайда болады.‭ ‬Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде‭
‬ бірімен-бірі логикалық өзара байланыста болады.‭ ‬Сонымен,‭ ‬ең негізгі,‭ ‬ғасырлар‭ ‬ бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесі:‭
‬ ғылымилық,‭
‬ саналылық пен белсенділік,‭
‬ көрнекілік,‭
‬ жүйелілік пен бірізділік,‭
‬ беріктілік,‭
‬ тиімділік,‭
‬ теория мен тәжірибенің байланыстылығы.‭
‬ Осы принциптерді талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық.‭ ‬Педагогикалық ереже‭ ‬-‭ ‬жалпы принциптерге негізделген белгілі жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогтық қызметтің бейнеленуі.‭ ‬Ережелер оқыту принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын көрсетеді,‭ ‬теориядан тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды.‭ ‬Заңдылықтармен,‭ ‬принциптермен салыс-тырғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шараларды пайдалану қажеттілігін ұсынады.‭
‬ Осы жерде айта кететін жайт:‭ ‬ережелерді қатаң,‭ ‬мүлтіксіз орындау ұстаздың қолын байлап қояды‭; ‬ереже-лерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетеді.‭ ‬Сондықтан,‭ ‬әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді типтік,‭ ‬стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса,‭ ‬күрделі педагогтық жағдайларда дидактикалық принцип-терге сүйеніп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетері сөзсіз.‭
‬ Ережелер принциптерге сүйенеді,‭ ‬принциптер ереже-лер арқылы жүзеге асады.‭ ‬Ережелер педагогтық тәжірибе-нің қорытындысы ретінде дидактика принциптерін қолдану құралы болады.‭ ‬Сонымен,‭ ‬педагогтар оқытудың принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат-міндеттерін іске асырады.‭
‬ Біздің оқулықта арнайы қарастырылмаған принциптер көп,‭ ‬мысалы,‭ ‬мұғалімнің басшылық ролі‭; ‬ынталандыру‭; ‬проблемалық оқыту‭; ‬дамыту,‭ ‬оқыту және тәрбиелеу бірлігі‭; ‬ізгілендіру‭; ‬жас және дара ерекшеліктерін назарға алу‭; ‬кіріктіру принциптері.‭
‬ Енді принциптер мен ережелердің мәнін ашу жолдарын қарастырайық.‭ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы
Жалпы қазақ мектебінің бастауыш сыныптарында қазақ тілін оқыту
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
Қазіргі заманғы химия оқулықтарына қойылатын талаптар
Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі
Шет тілін оқытуда дағдысын қалыптастыру
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру салаларында қоғамның экономикалық – саяси және ғылыми-техникалық өркендеуі
Сөз мәдениетін жаңа технологияларды тоғыстыра оқыту жолдары
Пәндер