PHP және MySql


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Алғашқы қазіргі заманғы есептеу машиналары болмаған кезде адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады. Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар. Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады. Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді. Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады.
Қазіргі таңда дүниежүзілік компьютерлік интернет желісі - ғасырдың 90-жылдары компьютердің дамуына Internet және World Wide Web жүйелері үлкен әсерін тигізгені барлығымызға мәлім. Қазіргі кезде осы бағытта да компьютер өте үлкен қарқынмен дамуда. Өзіміз білетіндей Internet желісі түрлі сайттардан тұрады. Сайттарды пайдалана білумен қатар оны құра білуде қажет. Ол әрине көптеген жұмыстарды қажет етеді, ең бастысы ол не мақсатта құрылып жатыр? Әрбiр Web-сайт тексттен, суреттерден, видео үнтаспаларынан тұруы мүмкiн. Мұндай сайттар ғаламшардың кез-келген нүктесiндегi компьютерде болуы мүмкiн. WEB-тiң негiзгi қызметi- қажеттi ақпаратты шапшаң түрде кірiп көру, жинастыру және де оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Гипермәтiндi сiлтеме-келесi беттермен байланысты қамтамассыз етедi. Сiлтеменi тышқанмен шертiп сiз келесi WEB-сайтқа өте аласыз. WEB-сайтты бiз келесi бағдарламалар арқылы көру мүмкiншiлiгiне ие бола аламыз: Microsort Internet Explorer [Майкрософт Интернет эксплорер], Netscape Navigator [Нетскейп навигатор], Mozilla[Мозилла], Opera[Опера] . Бұл бағдарламалардың артықшылығы сайтты сiлтемелер немесе адрестер арқылы бейнелеп көрсетiп бередi және де дискiге сақтай алатын мүмкiншiлiгi бар. Сайт даяр болғаннан кейін оны алдын-анықтап алу қажет.
Соңғы жылдары компьютерлік техниканың жедел дамуына байланысты сайт құруға арналған бірнеше программалар шықты. Атап айтар болсақ:
- HTML тілі (Hyper Text Markup Language) ;
- PHP1-PHP5;
- Python;
- Java.
HTML-тілі құжаттардың құрылымын суреттеу үшін берілетін командалық қарапайым тегтерден тұрады. Жұмысы - құжат тақырыптарын белгілеу, гипермәтінге белгілер орнату. Ал PHP тілі сол HTML-тілі жасай алмайтын мүмкіндіктерді жасай алады, яғни сайт бетіне процедуралық бағдарламалау жолын ұсына алады. Алғашында PHP тілі онша таныс болмаған мен қазір оның құдыреті кез келген сайт құру тілдерінен асып түседі. PHP тілі жылда дамып отыр оның алғашқы нұсқалары 1994 жылдары PHP болса қазір оның PHP5 нұсқасы шығып үлгерді.
1 PHP бағдарламалау тілі
1. 1 Интернет жайлы жалпы түсінік
Интернет - үлкен және кіші компютерлік желілердің бірігуі ғана емес, сонымен қатар олардың бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістіктегі қызметі болып табылады. Бұл қызметтер ақпарат алмасудың әр түрлі хаттамаларына негізделген және сәйкесінше олармен жұмыс істеу үшін әр түрлі бағдарламалық жабдықтаулар пайдаланылады. Интернет сөзінің мағынасында оның ең танымал қызметтерінің біреуі World Wide Web пен түсіндіріледі. Интернет желісіндегі ақпарат осы қызметтің форматында орындалса, онда ол Web парақтар түрінде болады. Web парақтар кез келген түрдегі мәліметтер: мәтіндер, сілтемелер, графика, дыбыс, видео, анимациялар т. с. с тобынан тұратын комплекстік құжаттар болып табылады. Интернеттің өмірге келуі адамзат тарихында коммуникациялық технологияның дамуына негіз бола алады деп толық сеніммен айта аламыз. Өйткені қазір жаста кәрі де өзіне керекті затты сатып алу үшін немесе білім алу үшін, адамдармен араласу үшін, керекті құжат немесе затты іздеу үшін т. с. с көптеген қызметтерді пайдалану үшін интернетке барады. Осыдан бірнеше жыл алдын Тим Бренерс-Ли дің ой туындысының нәтижесінде интернет сөзі қолданысқа енді және әлемді қарапайым гиперсілтемелер арқылы біріктіре алды. Соның нәтижесінде бірнеше дамушы елдердің экономикасы қарқынды түрде дамыды. Сондықтан Тим Бренерс-Ли ді интернеттің атасы деп атауға да болады.
Сайттар және олардың адрестері. Қаладағы серверлерге шығу үшін домендерді қолдануға болады. Ал ондағы аудан, үйге қатынас жасау үшін сайттар қолданылады. Қандай да бір мекемегенемесе жеке тұлғаның және қандай да бір тақырыпқа арналған желінің логикалық түрде аяқталған элементі. Әрбір сайттың өз адресі болады, ол әріптен турады.
Желіні жасаушылар арнайы, домендік аттарды, (DNS) серверін құрады. Олар автоматты түрде әріптік адрестерді (URL) цифрлыққа (ІР) ауыстырады. DNS өзінде сол адрестердің сәйкесіне таблицасы сақтайды.
Сайт адрестері бірнеше маңызды элементтерден тұрады. http:// - гипертестік құжаттарды теру протоколын білдіретін префикс.
WWW - ресурстың WWW жүйесіне жататындығын білдіретін“сигналдық жалауша”. Бұдан кейін адрес атының ең төмендегі элементі - сайттың өз аты орналасады.
Беттер - біртұтас «ағзаны», яғни, сайтты құрайтын жеке гипертекстік құжаттар.
Домендік зоналар. Интернеттің компьютерлерінің барлығының өз адрестері (ІР -адресі) болады. Сервер ыңғайлы болғандықтан домендіқ зоналар деп аталатын логикалық топтарға біріктірілген. Бұл зоналар географиялық, тематикалық болуы мүмкін.
Географиялық домендік зона (бірінші деңгейдегі зона) желіге өз компьютерлері арқылы қосылған әрбір мемлекетке беріледі. Ол ереже бойынша екі әріппен белгіленеді:
- Ch - Қытай;
- Fr - Франция;
- Ge - Германия;
- Jp - Жапония;
- Ru - Россия;
- Tw - Тайвань;
- Uc - Украина;
- Ur - Ұлыбритания.
Тематикалық домендік зонаның географиялықтан қарағанда белгілі бір аймаққа қатысы жоқ. Ол әр елдегі ғана емес, әр контингенттегі компьютерлерді біріктіреді. Мұнда компьютерлер оларды басқаратын мекемелердің түрі бойынша топтастырылған. Ал домендік индекс үш және одан көп әріптермен белгіленеді:
- Gov - өкіметтік мекемелер;
- Com - кез келген коммерциялық үйымдар;
- Net - желілік қызметке қатысты ұйымдар;
- Nur - әскери мекемелер;
- Int - халықаралық мекемелер;
- Edu - білім беру мекемелері;
- Shop - желілік магазин;
- Museum - мұражай;
- Biz - кез-келген бизнес-жоба;
- Name - жеке беттер.
1. 2 РНР дегеніміз не?
РНР - бұл Web - с ерверге жіберілетін скриптердің көмегімен Web-беттерінің динамикалық генерациясына қажетті бағдарламалау тілі. Сіз бетті РНР және HTML-дің көмегімен ашасыз. Сайтты пайдаланушы бетті ашқанда, сервер html-код қосылған РНР операторларын орындайды және нәтижені пайдаланушының браузеріне жібереді. Бұл әрекет дәл осылай ASP және Cold Fusion-ның көмегімен жасалады. Дегенмен ASP және Cold Fusionға қарағанда, РНР ашық бастапқы кодты өнім болып табылады және платформалы тәуелсіз. РНРWindows NT және Unix-тің көптеген версияларында жұмыс жасайды. Ол Аpache -дегі модуль ретінде жіберіле береді. Егер жіберілу Apache модулі түрінде болса РНР оңай және жылдам жұмыс жасайды. Бұл кезде процессті жасауға байланысты туындайтын қосымша шығындар болмайды. Сондықтан нәтижесі тез шығады және сервердегі сақтаудағы шығынды азайтатын mod _perl-ді орнатудың қажеттілігі болмайды.
Сіздің құжат бетіңіздегі әртүрлі операциялардан басқасіз РНР көмегімен НТТР-тақырыптарды қалыптастырып HTTP орната аласыз. Сонымен қатар аутенфификацияны басқарып пайдаланушыны басқа бетке бағыттай аласыз. РНР берілгендер қорына енуге үлкен мүмкіндіктер ашады. Бұл сізге PDF құжаттарды инерациялаудан, ХМL-дегі грамматикалық талдауды жасауға мүмкіндік береді.
РНР операторлары сіздің бетіңізге Web-беттерді қойып береді, сондықтан арнайы ортада жүзеге асырудың қажеттілігі туындамайды. Сіз РНР-кодының блогын<?php тегінен бастап, оны ?> тегімен аяқтайсыз. Бұл тегтердің арасындағылардың барлығы РНР код ретінде интерпритацияланады.
РНР тілінің синтаксисі Си және Рerl синтаксисіне ұқсас келеді сіз ауспалыларды оларды пайдаланудан бұрын жарияламауыңыз керек. Массивтермен Хэмтер оңай жүзеге асырылады.
Дегенмен РНР Apache құрылған жағдайда бәрінен жылдам жұмыс жасайды. РНР Web - сайтында оныMicrosoft ІІS және NetscapeEnterprise Server орналастырудың реті бар. Егер сізде РНР ді орнатуға бағдарламалық қамтамасыз етудің көшірмесі жоқ болса, оны сізге ресми Web -сайттан ала аласыз. Ол жерден сіз РНР дің барлық ерекшелігі мен қызмет бейнеленген түсіндірілген жетекшілікті таба аласыз. [1]
1. 3 РНР-дің пайда болуы және даму тарихы
РНР дің тарихы 1995 жылы Расмус Лердорф (Rasmys Lerdorf) Perl тіліндегі қарапайым қосымшаны ойлап табуымен басталады. Ол қосымша вебсайтта пайдаланушылардың оның резюмесін сараптайды. Содан бұл қосымшамен бірнеше адам пайдаланғанда оны алғысы келетіндердің саны өсе түсті. Ледорф өзінің жаңалығын Personal Home Page Tools версия 1 деп аталады және оны еркін таратуға жібереді. Осы кезеңнен бастап РНР-дің танымалдылығы арта түсті.
Ылғи кездесетін жәйт сияқты оны өңдеу мен толықтыру қажет болды. Оны жүзеге асыру үшін Расмус Си-ға жазылған пакеттің жаңа версиясын жасап шығаруға осылайша құрал жұмыстың атауға ие болады РНР /Fl /Personal Home Рage /Forms Interpreter/ ары қарай ол РНР 2 деген атаумен де белгілі болады. Бұл версия қазіргі уақытта осы күнгі РНР-ге ұқсас. Оның синтаксисі және Perl тілі стилінде ауыспалы атау алуы, болатын формаларды автоматты интерпетациялауға берілгендермен интеграциясына, және РНР операторларын html код беттерге орналастыруға мүмкіндігі болатын. Сонымен қоса бұның барлығы қате жылдам жұмыс жасайтын болды. ӨйткеніРНР Apаche серверіне компилирленген еді. 1997 жылы РНР 50, 000 - дай доменде қолданылады.
Дәл осы жылы 1997 де РНР жобасына Зив Сураски мен Энди Гутманс (Andi Gytmans) қосылды. Олар Израил университеттерінің бірінде студент болып жүріп, РНР ді коммерциялық университеттік жобаға пайдалануға тырысты. Осы жерде олар көптеген қиындықтармен, бұл технологияның шектеулі екеніне кездесуге тура келді. Яғни Энди мен Зив РНР 2-нің алғашқы кодын үйрене отырып оған өңдеудің, әсіресе тілдің синтаксисіне қайта өңдеу қажет деген тұжырымға келді. Бірнеше ай көлемінде олар бұл тапсырманы кереметтей орындай білді. Оның үстіне бұл жұмыс оларға университеттің оқу жүктемесі ретінде сыналды.
Жұмысты бітірген Зив пен Энди Расмуспен байланысты. Ол РНР дегі барлық өзгерістерді қуана қабылдады. Осы кезеңнен бастап РНР технологиясын дамытумен айналысатын РНР Group топтары пайда болады. Бірлескен әрекет нәтижесінде алынған өнім 1998 жылы РНР 3 деген атаумен жарық көрді.
Бұл жердегі РНР 3-тің басты ерекшелігі ядролық кеңеюіне мүмкіндік туды. Бұл арнайыландырылған модульді тудыратын РНР - дің әржақты өңдеуіне әкелді. Олардың үлесі РНР үлкен көлемдегі берілгендер қоры мен хаттамалармен жұмыс жасауға мүмкіндік тудырды. 1998 жылы РНР ді қолданушылардың саны 1 жетті. Ал РНР интернет серверінің 10 пайыздай шамасына орнатылды. Баспаларда 20-дан астам мақала мен 2 кітап РНР жайында жарияланды.
РНР 3-тің жарық көргеннен соң Энди Тутаманожәне Зив Сурски РНР -тің ядросын өңдеуге кірісті. Ең бірінші кезектегі мәселе өндірісті жоғарылатуды шешу керек еді. Zend Engine деп аталатын жақ қозғалыс бұл тапсырманы нәтижелі орындады және 1999 жылы пайда болды.
РНР 4 бұл қозғалыста жұмыс жасаушы ретінде 2000 жылы жарыққа шықты. Өндірісті жоғарылатуда қосымша ретінде РНР 4 тің мүмкіндіктері зор еді. РНР 4-тің шығуымен ол интернет доменінің 20 пайыздан көбінде қолданыла бастады.
2000-2004 жылдар арасында 4 версияны жұмсарту үшін белсенді жұмыстар жалғасты. Шамамен сол кезден бастап ақ РНР Group жаңаверсияның мүмкіндігін ойластыруға кірісті. Бірінші кезекте тілдің объектілік мүмкіндіктерін күшейту шешілді. Бұл оның жүзеге асыру үшін ірі жобаларды пайдалануға мүмкіндік берді. 5-ші версияны жарыққа шығару үшін қосымша уақыт бөлінді. Оған көптеген мамандар қатысты олардың ішінен Стерлинг Хьюза және Маркус Бергерді атап өткен жөн болар.
Ақыры 2004 жылдың шілдесінде РНР 5 ресми түрде жарыққа шығады. Бірінші кезекте жоспарланғандай өңдеуде объектілермен жұмысты барлық механизм жұмылдырылды. Егер алдыңғы версияларда РНР -дегі объектілік-жобалаушылық бағдарламалау минимальды деңгейде мүмкін болатын болса, ал РНР 5 объектілік бағдарламалаудыжүзеге асыруда көптеген потенциалдарға ие. Онымен қоса РНР ХМL мен жұмыс жасауда бағалы кеңейтулермен, берілгендердің әртүрлі қайнар көзіне байыды.
РНР 4-дегі ХМL мен жұмыс жасауға арналған барлық негізгі кітапқаналар күрделі өңдеуге ұшырады. Мынадай танымал кеңйтілер SAX, DOM, және XSLTқазір libxml2-нің құрал-сайманын пайдаланады. Сонымен қатар тағы да жаңа екі кеңейтулер қосылды-SimpleXML жәнеSOAP.
Somple XML XML- берілгендермен жұмысты айтарлықтай оңайлатады. Бұдан алдын РНР-даХМL мен жұмыс бұншалықты қарапайым болмаған еді.
SOAP-тың кеңеюі РНР да ХМL-хабарламаның көмегімен басқа қосымшалармен ақпарат ауысатын сценарий құрға мүмкіндік береді. Мысалы НТТР. РНР қосымшалы қазіргі таңдағы танымал веб-сервистермен интеграциялауға мүмкіндік туындайды.
РНР 5 My SQL (My SQL Improved) жаңа кеңeйтулер Му SQL - сервер версиясымен 4. 1. 2 және жоғарылармен жұмыс жасауға арналған. Му SQL - ға тек қана процедуралық емес сонымен қатар объекті жобалаушылық интерфейс жүзеге асады. Бұл модульдің қосымша мүмкіндіктері SSL-ді, транзакцияны бақылауды қосады.
SQLite-тің кеңеюі мәліметтерді кәдімгі файлдарда сатайтын қоcымшаны құрастыруға мүмкіндік береді. ОлSQL интерфейсін пайдалануғамүмкінік тудырады. SQLite - нің маңызды ыңғайлылығы - пайдаланылу қарапайымдылығы. SQLite процедуралықпен қатар мәлiметтермен жұмыс жаcау үшін мықты объектілік - жобалаушылық мүмкіндіктері бар. SQLite-нің басқа ерекшеліктері -жоғары жылдамдық, басқарудағы күрделі механизмдердің жоқ болуы және оңай тізгіштік. Көптеген эксперттер РНР -нің бұл кеңейюінің үлкен танымалдылыққа ие болатындығын жоспарлап отыр.
РНР 5-тің басқа кеңейтілуі өзіне төмендегілерді қосады:
- Tidy -HTML-құжаттарды сараптау және түзету үшін;
- Perl - Perl сценарийлерді пайдалану;
- SPL - кластармен интерфейстердің стандарты жиынтығын анықтайтын ZE2 -нің кеңеюі;
- РDО - PHP-нің мәліметтеріне әмбебап интерфейс ұсынады;
- PІMP - GD модульінің орнына келген, графикамен жұмыс жасауға арналған жаңа кітапхана;
- Бұдан басқа РНР 5-те есте сақтаудың әлдеқайда жылдам диспетчері пайдаланылады;
- РНР 5 REAR құрылымын нақты жүзеге асыруға керекті қасиеттермен толықтырылған.
1. 4 PHP, MySQL, Apache серверімен танысып, оларды компьютерге орнату
Apache кроссплатформалық ПҚ болып табылады. Ол Linux, BSD, Mac OS, Microsoft Windows, Novell NetWare, BeOS операциялық жүйелерін қолдайды. Сервер 1995 жылдың басында жазылған. Сол кездері әлемдік тордың әйгілі NCSA HTTPd 1. 3 серверінің қателерін жойып отырған. Кейіннен 2. х нұсқасынан өңделіп, NCSA коды алынып тасталынған. Ең алғашқы нұсқасы 1. 3. 42, соңғы нұсқасы 2. 4-2. 4. 3.
Apache серверді локальды орнату. Web өңдеуіші Apache, PHP5 модульдерінен, MySQL5, phpMyAdmin жиынтығынан тұрады. Бұл программалар жиынтығы web-өңдеушіге интернетке қосылмай-ақ сайттарды локальды компьютерге жасауға мүмкіндік береді. Төменде Apache серверін орнату реті 1, 2-суреттерде көрсетілген.
1-сурет - Лицензияны қабылдап, сервер атын беру
2-сурет - Орнату түрін таңдап, сервер сақталатын папканы көрсетіп, серверді орнату
PHP - веб-серверде HTML беттерін құру және дерекқормен жұмыс істеуге арналған скрипті бағдарламалау тілі. Қазіргі күндерде хостинг көпшілігімен қолданады. LAMP веб-торап жасауға арналған стандартты жинақталымына енеді. Тілдің оңайлығы, орындалу жылдамдығы, функциялық байлығы және PHP негізіндеге әуелгі кодтардың кеңге таралуының арқасында PHP тілі Торда программалау саласында ең белгілі тілдердің бірі боп есептелінеді (JSP мен ASP-де қолданылатын тілдермен қатар) . Бұл тілдің айрықшылығы ядро мен соған қосылатын модульдарында. Соңғылары дерекқор, сокет, динамикалық графика, криптографиялық кітапханалар, PDF форматты құжаттармен және т. б. жұмыс істеуге арналған. Мұндай модульды қалаған адам дамытып қоса алады. Модульдардың саны бір неше жүз болғанымен, стандарттық жабдықтауға тек жақсы нәтиже көрсеткен бірнеше оны ғана кіреді. PHP интерпретаторы веб-серверге не арнайы сол сервер үшін жасалған модуль арқылы (мысалы, Apache әлде IIS), не CGI-қосымшасы ретінде қосылады.
Бұған қоса, UNIX, Linux, Windows және Max OS X амалдық жүйелерінде әкімшілік тапсырыстарын атқаруға пайдаланылуы мүмкін. Бірақ PHP тілі бұл салада кең өріс алмаған, бұған қарағанда Perl, Python және VBScript тілдері айтарлықтай нәтиже көрсетіп отыр.
Тілдің синтаксисі Си тәріздес. Ассоциаттивтік массивтар мен foreach циклі секілді кейбір элементтері Perl тілінен алынған.
Қазіргі заманда PHP жүздеген мың дамытушылармен пайдалануда. Интернет желісі сайттарының 5-тен бірі осы тілде жазылған.
PHP дамытушылар тобы тілдің ядросы, қосымшаларымен жұмыс істейтін, соған қатар PEAR не тілдің құжаттамасы сияқты байланысты жобалармен айналысатын көптеген адамдардан тұрады. Төменде PHPбағдарламалау тілін орнату реті 3, 4-суреттерде көрсетілген.
3-сурет - Лицензия қабылдап, PHPорнатылатын папканы таңдау
4-сурет - Орнатылған веб-серверді таңдап, PHP-ді орнату
MySQL - дүние жүзінде ең көп қолданылатын, қайнары тегін және ашық, реляцияланған мәліметтер қоры жүйесі (RDBMS) . Серверлік бағдарлама ретінде, бірнеше қолданушыларға бірнеше мәліметтер қорын қолдануды қамтамасыз етеді. MySQL сөзіндегі "My" сөзі, бағдарлама жасаушысы Майкл Видньюстың (Michael Widenius) қызының аты - "My" сөзінен алынған. Ал SQL фразасы - Құрылымдасқан Тапсырыс Тілі (Structured Query Language) дегенді білдіреді.
MySQL, проект қайнарын GNU General Public License (GPL) және әр түрлі жеке меншік лицензияларында шығарды. MySQL-ды кезінде MySQL AP атты Шведттық фирма демеу еткен, ал қазір оны толығымен Oracle корпорациясы сатып алды.
Толық функционалды мәліметтер қорын қажет ететін, қайнары тегін проекттер жиі MySQL-ды қолданады. Серверді коммерциялық проекттерде қолдану үшін, қосымша функциялармен ұсынылатын бірнеше нұсқалары бар. MySQL-ді қолданатын бағдарламаларға TYPO3, Joomla, WordPress, phpBB, MyBB, Drupal және де басқа LAMP бағдарламаларын жатқызуға болады. MySQL сонымен қатар Google, Wikipedia, Facebook және Twitter сияқты дүниежүзілік және кең ауқымды web-бағдарламаларында қолданылады. MySQL-C және C++ тілдерінде, ал SQL парсері және sql_lex. cc деп аталатын лекксикалық анализаторы yacc тілінде жасалған. [2]
MySQL көптеген жүйелер платформаларында жұмыс істейді. Оларғакіретіндер: AIX, BSDi, FreeBSD, HP-UX, eComStation, i5/OS, IRIX, Linux, Mac OS X, Microsoft Windows, NetBSD, Novell NetWare, OpenBSD, OpenSolaris, OS/2 Warp, QNX, Solaris, Symbian, SunOS, SCO OpenServer, SCO UnixWare, Sanos және Tru64. Соныменқатар OpenVMS жүйесіне портталған түрі бар.
Мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін, көптеген бағдарламалау тілдеріне кітапханалар жасалынған. Мысалы, C# және VB. NET үшін MySQL Connector/Net, ал Java үшін JDBC драйвері. Бұныменқатар ODBC интерфейсінқолдайтын ASP және ColdFusion сияқтытілдерүшін MyODBC кітапханаларыбар. Ал URL арқылы кез-келген web-клиенттің MySQL HTSQL технологиясы, MySQL-серверіменбіргекеледі. Төменде MySQLмәліметтер қоры жүйесін орнату реті 5, 6-суреттерде көрсетілген.
5-сурет - Лицензия қабылдап, MySQL орнатылатын папканы таңдау
6-сурет - MySQLмәліметтер қоры жүйесін орнату
Орнату аяқталған соң, MySQLмәліметтер қоры жүйесінің конфигурациясы үшін бағдарлама терезесі шығу керек. MySQLсерверін локалкада жұмыс істеу үшін баптау қажет. Орындау реті төменде 7-суретте көрсетілген.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz