Java және Android бағдарламасында мобильді құрылғы құру


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
«ҚазҰТУ оқу порталының мобильдік сервистерін құру». Осы практикалық жұмысты орындау кезінде жасаушы құралдардың жаңашыл тәсілі Android платформасы, Java обьектіге бағытталған программалау тілі, Деректер қоры және мобильді құрылғылардың Android SDK құралы қолданылды.
Бүгінде мобильді құрылғылар нарығында үш компанияның басымдылығын байқауға болады. Оларды қолданушылар арасындағы танымалдылығы бойынша бөлетін болсақ, бірінші орында Apple, iOS платформасы (iTunesAppStore), екінші Google, Android платформасы (AndroidMarket), үшінші Microsoft, Windows Phone платформасы (Windows marketplace) . Олармен қатарSymbian, BlackBerry OS и HP webOS платформалары да бар.
Шет ел мамандары мобильді құрылғыларға арналған мобильді қосымшалардың қарқынды дамып кетуін алдынан болжаған болатын. 2009 жылдың өзінде IDC маркетингтік-аналитикалық агенттігі 2013 жылға қарай әлем бойынша 1, 19 миллиардтан астам маман (жалпы жұмыс күшінің 34, 9%-ы) мобильді технологияларды қолданатынын айтқан болатын.
Қазақстанда мобильді технологиялардың дамуы жоғарыда айтылған әлемдік даму қарқынынан төмен. Қазақстанда мобильді қосымшаларды жасау және ендірумен айналысатын компаниялар көп емес. Көптеген мобильді қосымша жасаушылар өздері жұмыс жасауда. Бұған себеп - сұраныстың болмауы. Мобильді қосымшалар бағасының жоғары болу себебінен аз сұанысқа ие болып отыр.
Қазірге Қазақстанда мобильді қосымшаларға тек бірнеше үлкен банктер, интернет алаңдар және БАҚ ие. Қазнет мониторингі нәтижесінде танымал мобильді қосымшалар тізімі жасалды. Мысалға, MobileCreators командасы iOS және Android үшін «People o'Clock», «DialerOne», «Кинозавр» және «GQ BarLab» қосымшаларын жасады. Және де Homebank. kz iPhone қосымшасының және Альянс-Банктың iOS қосымшасының дизайын құрды.
Kaznetmedia командасымен iOS және Android үшін «NewsBox» және Apple компаниясының құрылғылары үшін «Bnews. kz», «7 канал (Казахстан) », «Фокус», «Вести» және «PM. kz» қосымшалары жасалды. Android қосымшаларынның арасынан қазақ тілінде жазылған шығармаларды табуғаболады. Бірақ бұл қосымшалар бір немесе бірнеше автордың шығармалар жинағы болып табылады және басқа шығармаларды оқуға мүмкіндік бермейді.
1 Мобильді құрылғыларға қосымшалар құрудың негіздері
1. 1 Мобильді құрылғылар платформалары мен құру жабдықтарына анализ
Мобильді қосымша - мобильді телефон, коммуникатор, смартфон және т. б. мобильді құрылғыларға арналған бағдарламалық жабдық. Мобильді қосымшалар бастамада жалпы құрылғының тиімділігін арттыру және ақпарат беру мақсатында жасалған болатын. Мысалға: электронды хат жолдау, күнтізбе, контактілер, фондтық биржа және ауа райы қосымшалары. Дегенмен көпшілік сұраныс пен қосымша жасау құралдарының дамуы мобильді ойындар, GPS және оның негізіндегі сервистер, банкинг, ұсыныс қабылдау, билет сату секілді қосымшалардың пайда болуына әкелді. Android операциялық жүйелердің арасында жаңалық болып табылады. Бұл операциялық жүйе мобильді құрылғылардың кең шеңберіне арналған. Android операциялық жүйесi коммуникаторларға, планшеттi компьютерлерге, смартфондарға және нэтбуктерге орнатылады.
Бұл жүйенi жасап шығарған - "Android Inc. " компаниясы. Бұл компанияны кейін "Гугл" (Google) компаниясы сатып алған болатын. Қазiргi уақытта Android негізіндегі жүйелерді даму және өндіруді "OpenHandsetAlliance" компаниясы қолға алған. "OpenHandsetAlliance" Гугл ғана емес, сонымен қатар Моторола, HTC, Интэл, Самсунг және көптеген басқа да техникалық өндiрiс алыптарын біріктіреді.
Android операциялық жүйесi Linux операциялық жүйесi негiзінде жасалған. Бiрақ Linux-тің барлық ерекшеліктерін қамтымайды. Бұл "Дэлвик" виртуалды машинасын пайдаланумен байланысты. Барлық программалық жабдықтың жұмысы осы виртуалды машинада атқарылады. Өндірушілер бір орында тұрмайды. Android жүйесi үнемi жетiлдiріліп және техниканың жаңа түрлерiне ендiрілуде. Android операциялық жүйесi 2008 жылдың қыркүйегінде пайда болды. Бастапқыда ол Т-Мобайл Г1 (T MobileG1) коммуникаторы үшiн жасалды. Жарты жылдан кейiн жаңа, жетiлдiрiлген әрі өте ыңғайлы 1. 0 нұсқасы пайда болды.
2009 жылы операциялық жүйенің төрт жаңартуы таныстырылған болатын. Осылай, ақпанда әр түрлi қателердi түзетумен 1. 1 нұсқасы шықты. Сәуiрде және қыркүйекте тағы екi жаңарту жарыққа шықты - 1. 5 «Cupcake» және 1. 6 «Donut». «Cupcake» жаңартуы маңызды өзгерiстердi алып келдi: виртуалды пернетақта, видео жазу және ойнату, браузер және т. б. «Donut» жаңартуында алғаш рет әр түрлi экранның тығыздығы мен кеңейтілімдерін және CDMA желiлерiн қолдау пайда болды. Сол жылдың қазанында Google-дың бiрнеше аккаунттарын қолдануға мүмкіндік беретін, HTML5 тiлін және басқа да жаңалықтарды қолдайтын браузерi бар Android 2. 0 «Eclair» операциялық жүйесi жасап шығарылды.
2010 жылдың ортасында Google «Froyo» атауымен Android 2. 2 нұсқасын, ал 2010 жылдыдың соңында - Android 2. 3 «Gingerbread» нұсқасын таныстырды. «Froyo» жаңартуынан кейiн смартфонды қолжетімділік нүктесі ретiнде пайдаланып, смартфонда дәстүрлi цифрлық немесе әрiптiк - цифрлы кілттерді қолдануға мүмкіндік пайда болды, ал «Gingerbread» жаңартуы «көшiру және қою» функцияларына толық бақылау жүргізуге, қоректi басқару және қосымшаларды бақылауды жақсартға, бір құрылғыда бiрнеше камераларды пайдалануға және т. б. мүмкіндік берді.
2011 жылдың 22 ақпанында планшеттарға бағытталған Android 3. 0 «Honeycomb» нұсқасы ресми таныстырылған болатын. 2011 жылдың 19 қазанында шыққан Android 4. 0 «IceCreamSandwich» - планшеттерде және смартфондарда қолдануға арналаған алғаш әмбебап нұсқа. 2012 жыл операциялық жүйенiң «JellyBean» нұсқасына дейін жаңартуын әкелді. Ол маусым айында 4. 1-шi нұсқа ретінде таныстырылды, ал қазанныңсоңында шағын жаңартудан кейiн өз нөмiр 4. 2-ге ауыстырды. 2008 жылдың 22 қазанында GoogleAndroid операциялық жүйесі үшiн онлайн қосымшалардүкенi - AndroidMarket-тің ашылуы туралы жариялады. Келiсiмге бойынша өңдірушiлер - 70 %, мобильді байланыс операторлары 30 % пайдаға ие болады. 2009 жылдың ақпанда АҚШ және Ұлыбритания өңдірушiлері AndroidMarket-гі өз қосымшалары үшiн төлем алу мүмкiндiгiн алды. SonyEricsson - AndroidMarket қосымшалар дүкенiнде өз онлайн арнасын iске қосқан бірінші компания. Арнада компания қолдануға кеңес беретін ойындар және қосымшалар таныстырылған. 2011 жылдың желтоқсанына дейін AndroidMarket-тен 10 миллиард қосымша жүктеп алынған болатын.
Google компаниясы 2012 жылдың наурызында «Кiтап», «Android Market», «Музыка» және т. б. мультимедиа сервистерiн Google Play бiртұтас сервисіне топтастыды. Google Play интернет дүкені 190 елде жұмыс iстейдi, 700 мыңнан астам қосымшаны қамтиды, ал сервистiң жұмыс уақытында 25 миллиард шамасында жүктеу жасалған. Windows Phone - 2010 жылдың 11 қазанында жарық көрген Microsoft компаниясымен құрастырылған мобильді операциялық жүйе. 21 қазаннан бастап жаңа платформаға құралған алғашқы құрылғылар сатылуға түсе бастады. Windows Phone сәйкес болмаса да Windows Mobile операциялық жүйесінің толығымен жаңартылған интерфейсі бар және алғашқы рет Microsoft-тың Xbox Live және Zune медиаплеері қызметі интеграцияланған ізбасары саналады. Жүйенің тұсаукесері Барселонада өткен Mobile World Congress 2010 шарасына байланыстырылды.
- Eclipse IDE платформасы туралы
Eclipse IDE. Eclipse IDE - Java бағдарламалау тілінде қосымшаларды өңдеуге арналған біріктірілген өңдеу ортасы және есептеу техникасы платформасы фреймворкі. Өзге бағдарламалау тілдері JavaScript, PHP, Python (Eclipse IDE 7-нұсқасында қосылмаған), Groovy, C, C++, Scala, Clojure және өзгелері. Eclipse IDE IDE 7. 0 нұсқасында Ruby және Ruby on Rails бағдарламалау тілдері алынып тасталды, дегенімен қосымша plug-in ретінде орнатуға болады.
Eclipse IDE жобасының демеушiсі Oracle компаниясы болыптабылады, дегенмен Eclipse IDE ортасын жасауды бiрлестiгі (Eclipse IDE Community) және Eclipse IDE Org компаниясы жүргiзедi. Сапа және мүмкiндiктері бойыша Eclipse IDE соңғынұсқалары Java тілінде бағдарламалауға арналған IntelliJ IDEA секілдікоммерциялық біріктірілген өңдеу орталарынан кем түспейді. Eclipse IDE рефакторинг, ортаның жұмыс мiнездемелерiн жинақтау, түспен ерекшелеу, енгізіліп жатқан құрылымдардыавтоматты түрде толықтыру, алдын ала анықталған код үлгiлерi және т. б. мүмкіндіктерді қолдайды. Eclipse IDE ортасында бағдарлама жазу үшiн, ортаны орнатуы үшiн және оның жұмысына алдын ала орнатылған Sun JDK немесе J2EE SDK-тың қажетті нұсқасы болуы керек. Eclipse IDE ортасындаJ2SE және J2EE платформаларына арнап бағдарламалау қамтамасыз етілген. Eclipse IDE 6. 0 нұсқасынан бастап жүйеде қосымша құрамдас бөлiктердi орнатпай J2ME, C++ мобильді платформаларына және PHP платформасына арнап бағдарламалау мүмкіндігі бар.
Eclipse IDE Java тілінде жазылған, ол Windows, OS X, Linux, Solaris ОС және өзге JVM бар платформаларда істеледі. Eclipse IDE мүмкiндiктері. Eclipse IDE 6. 1 нұсқасы UML, SOA, мобильді телефондарға қосымшалар жасау үшiн арналғын J2ME құралдарын, Ruby бағдарламалау тілін (Ruby on Rails - ты қоса) қолдайды. 6. 5 нұсқасында PHP тiлін қолдау қосылған. Және де тестілеуді қолдау үшiн Python модулі қосылған.
Eclipse IDE бағдарламашыларға ортаның мүмкiндiктерін кеңейтуге мүмкіндік беретін плагиндерді қолдайды. Танымал плагиндердің бiрi - iReport (JasperReports кiтапханасына негiзделген) қуатты есептер дизайнерi. Eclipse IDE Microsoft Windows, Linux, FreeBSD, Mac OS X, OpenSolaris және Solaris (SPARC үшiн де, сол сияқты x86 - Intel және AMD үшiн де) платформалары үшiн дайын дистрибутивтер түрiнде таратылады. Барлық қалған платформал үшiн Eclipse IDE-ты түпнұсқалардан компиляция жасау арқылы алу мүмкiндiгi бар.
Eclipse IDE 6. 7 нұсқасында Project Kenai, Groovy тiлін және Grails веб-фреймворкін қолдау қосылған. 6. 8 нұсқасында Symfony PHP-фреймворкін қолдау, ал 6. 9 нұсқасында Zend Framework-ты қолдау мүмкіндігі бар. Eclipse IDE 7 нұсқасында өндiрушi Ruby және Ruby on Rails тiлдерін қолдаудан бас тарытты (Ruby and Rails құрамдас бөлiктерін дамытуды бiрлестiк өз қолынаалды) . Қорыта келгенде, соңғы Eclipse IDE нұсқалары «қораптан» Java (Java FX, Java ME, Java EE-ды қоса), C/C++, Groovy, PHP, HTML, JavaScript, CSS -ты ғана қолдайды және де Eclipse IDE 7 нұсқасында UML-моделдеу құралдары қарастырылмаған.
Eclipse IDE тарихы. Eclipse IDE ортасын жасау 1996 жылы Xelfi атауымен Прага Карлов университеттiң математика және физика факультінiң басшылығымен студенттердің Java IDE жасау жобасы ретiнде басталды. 1997 жылы Станек Роман жоба негізінде компания құрып, 1999 жылы Eclipse IDE IDE құқықтарын Sun Microsystems-ке беруге дейiн ортаның коммерциялық нұсқаларын шығарумен айналысты. Sun келесi жылдың маусымында Eclipse IDE IDE ортасының бастапқы кодтарын жариялады.
Соңғы нұсқалар. Алдыңғы 5. 5. 1 нұсқа негiзде жасалған Eclipse IDE 6. 0 нұсқасы IDE модульдарын және Eclipse IDE платформасына негізделген интернет қосымшаларды жасауды, интерфейстердiң жаңа дизайнерiн («Matisse жобасы» атауымен белгiлi), CVS нұсқаларды басқару жүйесін қолдаудың жаңа нұсқасын, Weblogic 9 және JBoss 4 серверлерін қолдау және жетілдірілген редакторын пайдалануға мүмкіндік береді. Eclipse IDE 6. 0 Ubuntu 8. 04 және Debian дистрибутивтерiнің құрамына қосылған. 2008 жылды қараша айында шығарылған Eclipse IDE 6. 5 (Java Persistence, EJB 3 және JAX-WS-ты қолдауды қоса алғанда) Java EE мүмкiндiктерін кеңейтеді. Бұған қосымша ретiнде, Eclipse IDE Enterprise Pack SOA визуалды құралдарын, XML схемамен жұмыс құралдарын, веб-сервиспен жұмыс құралдыран (BPEL үшiн), UML тiлiнде моделдеу мүмкіндіктерін қосады. Eclipse IDE IDE Bundle for C/C++ жиыны C/C++ тiлдеріндегi жобаларды қолдайды.
Eclipse IDE 7. 2. нұсқасында қолданылатын тiлдер тiзiмінен Ruby алып тасталынды.
1. 3 Java Eclipse IDE платформасында мобильді құрылғыларға қосымшалар құру мүмкіндіктері
Java ME, Java Card мобильді және кірістірілген қосымшаларын жасауды қолдау. Eclipse IDE платформасында келесі технологияларға толық қолдау қарастырылған:
- MIDP 1. 0, 2. 0 және 2. 1профилі;
- CLDC 1. 0 және 1. 1 конфигурациясы;
-CDC конфигурациясы;
-Java ME SDK 3. 0. 5 пакетімен бірге жеткізіледі;
-Java-карталары;
-Apache Ant 1. 8 сценарийі;
-мәліметтерді оқшаулауды және жалғастыруды қолдайтын GUI Visual Mobile Designer көзбен шолу жобалаушысы;
-мобильді қосымшаларға арналған экран жобалаушысы;
-API MIDP 2. 0 Game интерфейсіне арналған Mobile Game Builder;
- SVG (JSR 226) графикалық элементтерін қолдаушы пайдаланушы интерфейсінің SVG құрамдастары бар SVG Composer құралы, SVG сипат редакторы;
- құрамдастар палитрасы, пайдаланушылардың құрамдастарын жасаушы;
- JMUnit 1. 1. 0 тестілеу;
-мидлет сертификаттары мен қолтаңбаларын басқару;
-Over-the-Air (OTA) біріктірілген эмуляциясы;
-Push-registry эмуляциясы;
-SMS және CBS хабарламалары үшін WMA эмуляциясының функциялары;
-хабарламаларды сымсыз жіберуге арналған API интерфейсттері және API мультимедиялық интерфейсттері;
-ProGuard 4. 2 көмегімен кодты шатастыру;
-;
-;
-Java ME (JSR 172) мобильдівеб-қызметі;
- ОС Mac арналған SDK MpowerPlayer платформасын қолдау (орнату) .
Мобильді қосымшалардың көбісінде Java Micro Edition (Java ME) платформасы қолданылады. Бұл платформа мобильді телефон сияқты шағын құрылғыларға арналған, бірақ алуан түрлі құрылғыларда қолданылып келеді. Java ME платформасында Java SE құрамдастарының, виртуалды машиналардың және API интерфейстерінің қысқартылған ішкі көпмүшелері қолданылады. Оған қоса платформада мақсатты түрде мобильді және кіріктірме құрылғыларға арналған API интерфейстері анықталған. Eclipse IDE Java ME-мен бірге Java ME платформасының екі базалық күйін және екі қосымша мобильді мен кіріктірме платформаларын қолдайды:
-CLDC (Connected Limited Device Configuration) нұсқасы CDC негізіндегі құрылғыларға қарағанда жадының көлемі кіші және есептеу қуаты аз құрылғыларға арналған. CLDC нұсқасында MIDP (Mobile Information Device Profile) бейіні негізделген; қазіргі таңда әлемде MIDP құрылғыларының саны екі миллиардтан астамға жетеді;
-CDC (Connected Device Configuration) нұсқасы жадының көлемі үлкен, есептеу қуаты айтарлықтай көп және желі ішінде байланысты қолдайтын құрылғыларға арналған. Мұндай құрылғыларға смартфондарды, телевизиялық компьютерлі қосымшаларды, кіріктірме серверлер немесе құрылғыларды жатқызуға болады;
-Java Card платформасы Eclipse IDE ортасын қолдайды және смарт-карталар мен басқа шағын құрылғыларға арналған қосымшаларды жасап шығаруға мүмкіндік береді;
-Mobile Information Device Profile (MIDP) 1. 0, 2. 0, 2. 1 (MSA), Connected Limited Device Configuration (CLDC) 1. 0 және 1. 1, оған қоса Connected Device Configuration (CDC) арналған қосымшаларды жасаңыз, тестілеңіз және ретке келтіріңіз;
-IDE CLDC және CDC әзірленімдерді қолдайдын Java ME SDK жиынтығымен бірге әкелінеді. «Қызмет көрсету» мәзіріндегі басқа да мобильді және кіріктірмелі платформаларды тіркеугі болады. 1. 1-суретте Java ME жобасын құру көрсетілген.
1. 1-сурет - Java ME жобасын құру
Java Card. Java Card Platform - смарт-карталарда қосылатын Java виртуалды машинасы. Платформа таныс API Java интерфейстарын, мысалы, сервлеттерді қолдайды да, алып жүруге ыңғайлы ықшам веб-қосымшаларды жасауға мүмкіндік береді.
IDE Java Card жобаларын, Java Card апплеттерінің ашылуы мен Java Card құрылғылары 1. 2-суретте консольдарының күшеюін қолдайды.
1. 2-сурет - Java Card құрылғылары консолі
Visual Mobile Designer Visual Mobile Designer көмегімен қолданушылардың сызбалық интерфейстерін жылдам жасау. Күту экраны, жүйеге ену экраны, файлдарды шолушы, SMS-хабарламаларды құрастыру құралы және экран-сурет сияқты орын ауыстырылатын құрамдастар қолдау табады. Талдау құралы идентификация және қолданбайтын құрамдастарды жою есебінен файлдың өлшемін азайтуға мүмкіндік береді, оған қоса MIDP 1. 0 платформасының сәйкестігін тексеруге мүмкіндік береді. VMD қолданушылардың сызбалы интерфейстерін шоғырлауды жеңілдетеді. Анығырақ 1. 3- суртте қолжетімді плагиндер көрсетілген.
1. 3-сурет - Қолжетімді плагиндер
Android платформасы үшін мобильді қосымшаларды жасауды қолдау. Eclipse IDE IDE Android плагинін орнату үшін Eclipse IDE’те «Қосылатын модульдер» терезесін («Қызмет көрсету» -> «Қосылатын модульдер») ашып, «Күйге келтіру» қосымша бетіне өтеміз. «Қосу» тетігін басамыз. Жаңадан шыққан «Жаңару орталығын күйге келтіру» терезесінде «nbandroid» атын (плагин жобасы осылай аталады) және URL-мекен-жайын «http://kenai. com/projects/nbandroid/downloads/download/updatecenter/updates. xml» жазамыз. «ОК» тетігін басып, «Қол жетімді қосылатын модульдер» қосымша бетіне өтеміз, керек болған жағдайда «Каталогты қайта қосу» тетігін басамыз да, одан кейін іздеу жолында «Android» сөзін енгіземіз. Қол жетімді модульдер аумағында төмендегілер шығуы керек:
Android;
Android Test Runner for Eclipse IDE 6. 9. 1;
Android Test Runner for Eclipse IDE 6. 9;
Android Test Runner for Eclipse IDE 7. 0+.
Төменде 1. 4-суретте Android модульдері көрсетілген.
1. 4-сурет - Қолжетімді модульдер
Өзіңіздің Eclipse IDE нұсқасына сәйкес келетін «Android Test Runner» модулімен бірге «Android» модулін белгілеп «Орнату» тетігін басу керек, одан кейін Eclipse IDE’ті қайта қосу керек.
Осы амалдарды орындағаннан кейін «Android Project» және «Android Test Project» екі жобасы қол жетімді болады.
1. 4 Android платформасы туралы
Android жүйесі архитектурасының ерекшелiгi. Android қосымша жасаудың алдында, жүйенiң архитектурасымен және оның негiзгi ерекшелiктерiмен танысу қажет. Androidжүйесi - операциялық жүйеден, аралық қабаттың бағдарламалық қамтамасыз етуінен (middleware), сонымен бiрге негiзгi қолданбалы қосымшалардан құралған мобильді құрылғыларға арналған программалық стек.
Android архитектурасын төрт деңгейге бөлу қабылданған:
-ядро деңгейi;
-орындалу ортасының кiтапханасы деңгейі;
-қосымшалар каркасының деңгейі;
-қосымшалар деңгейi.
Суретте операциялық жүйенiң негiзгi құрамдас бөлiктерi және олардың өзара әрекеттесуі көрсетілген.
Android ядросы Linux операциялық жүйенiң 2. 6-шы нұсқасына негізделген, бірақ Android жүйесі таза күйіндегі Linuх-жүйе емес, ол бірқатар ерекшеліктер мен өз жады бөлу механизмдері, процестер арасындағы қатынас және т. б. Android жүйесіне тән ядроның қосымша кеңейтілмелеріне ие.
Ядро жабдық пен программалық стектің қалған бөлiгі аралысындағы абстракция қабаты болып табылады. Бұл деңгейде процестердi басқару, жадты үлестiру және файл жүйесiн басқару тәріздіқызметтер орналасады.
Ядро деңгейiнен «жоғары», аралық қабат бағдарламалық қамтамасыз етуіретінде қосымшалар үшiн ең маңызды негiзгi функционалды қамтамасыз етуi үшiн кітапханалар жиынтығы (Libraries) орналасқан. Яғни осы деңгей жоғары жатқан деңгейлерге жүзеге асырылған алгоритмдерді беру, файлдық форматтарды қолдау, ақпаратты кодтау және кері кодтауды жүзеге асыру (мысалы, мультимедиа кодектері), сурет салу және т. б. үшiн жауап бередi. Кiтапхана C/C++ тілінде жазылған және нақты аппараттық қамтамасыз етуге арналып компиляция жасаған, сондықтан алдын ала орнатылған күйде жеткізіледі.
Кейбiрiн қарастырып өтейік:
-Media Framework - PacketVideo OpenCORE негізінде жүзеге асырылған кiтапхана. Олардың көмегімен жүйе аудио және видео контентті жазу және ойнатуды, сонымен қатар статикалық бейнелердi көрсетуді жүзеге асыра алады; Көптеген кең таралған форматтарды қолдайды: MPEG4, H. 264, MP3, AAC, AMR, JPG және PNG;
-SQLite - Android жүйесiнде деректер қорымен жұмыс жасауға арналған жеңiл және өнімді реляциялық ДҚБЖ;
-FreeType - бит карталарымен жұмыс жасауға, сонымен бiрге шрифттардың растеризациясы және олармен операцияларды жүзеге асыруға арналған кiтапхана. Шрифттарды және мәтiнді бейнелеу үшiн арналған жоғары сапалы қозғағыш;
-LibWebCore - Google Chrome және Apple Safari браузерлері пайдаланылатын белгiлi WebKit браузер қозғағышының кiтапханалары;
-SSL - аттас криптографиялық хаттаманы қолдау үшiн арналған кiтапхана. Libc - C тiлінің стандартты кiтапханасы, атап айтқанда оның Linux негізіндегі құрылғыларда жұмыс жасауға бағыттылған BSD нұсқасы. Bionic атауына ие. Бұл деңгейде Android Runtime орындалу ортасы орналасқан. Оны маңызды құраушылары: ядро кітапханалар жиынтығы және Dalvik виртуалды машинасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz