Аурухананың қабылдау бөлшшесі


АУРУХАНАНЫҢ ҚАБЫЛДАУ БӨЛШШЕСІ
- ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕНІҢ ЖАБДЫҚТАРЫ
- ҚАБЫЛДАУ БӨЛШШЕСІНДЕП МЕЙІРҚЕШТЩ ЖҮМЫСЫ
- СЫРҚАТТЫ САНИТАРЛЫҚ ЖУЫП-ШАЮ
- СЫРҚАТТЫ БӨЛІМШЕГЕ ТАСЫМАЛДАУ
ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕНІҢ ЖАБДЫҚТАРЫ
Қабылдау бөлімшесі (сырқат қабылдайтын жер) - стационардың бір белімі, ол сырқаттарды қабылдауға, тіркеуге, тексеруге және санитарлық-гигиеналық жуып-шаюға арналған. Қабылдау бөлімшесінде алғашқы диагноз қойылып, алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіледі. Қабылдау бөлімшесі аурухананың жоспары мен құрылысына қарай орналасады. Орталықтандырылған және децентрализацияланған қабылдау бөлімшелері болады. Орталықтандырылған қабылдау бөлімі дегеніміз аурухананың барлық бөлімшелерінің бір үйде орналасуы болып болады. Орталықтандырылмаған қабылдау бөлімі бөлек орналасады және әрбір бөлімнің дербес бөлімшелері болады. Қабылдау бөлімшесі аурухана территориясына кіруге жақын және сырқаттарды тасымалдауға ыңғайлы жерде болуы тиіс. Ол үшін ыңғайлы төселген немесе асфалтталған жолдар, зембілдер және оларды тасымалдау үшін кең баспалдақтар мен есіктер қажет.
Қабылдау бөлімшесі сырқатты тексеріп керу үшін дәрігерлік алдын ала тексеру кабинеті-нен, санитарлық өткізу бөлмесінен, тіркеу, жұқпалы ауруы бар-жоғын анықтайтын оқшаулағыш белмеден, сырқат диагнозы анық-талғанша болатын диагностикалық палата-л а р д а н тұрады. Бұл палаталар біршама бөлек орналастырылады және олардың санитарлық тораптары белек болады. Ірі ауруханалардьщ қабылдау бөлімшеле-рінде операциялық, травматологиялық, манипуляциялық және рентген кабинеттері бар.
Дәрігерлік алдын ала тексеру кабинеттері әр сырқат сайын ауыстырып түруға арналған ақ жаймалармен қамтамасыз етіледі. Жедел дәрігерлік жәрдем көрсетуге арналған қажетті аспаптар бар.
Қабылдау белімшесінің барлық кабинетінде тіке табиғи жарық болуы керек. Сырқат киініп-шешінгенде танып қалмауы үшін бөлменін, температурасы 25°С темен болмауы' керек. Алдын ала тексеру кабинетіндегі әрбір кешетканың жанында ағаш тор болуы керек. Сырқат киімдерін сақтайтын бөлме (торап) қабылдау бөлімшесіне жақын орналасуы қажет.
Сырқат күтімінің сапасы медициналық қызметкерлердің мінез-құлқына және еңбекті дұрыс ұйымдастыруына байланысты. Соңғы жылдары қабылдау бөлімшесіндегі медициналық қызметкерлердің қызметі бір қатар өзгеріпті. Күтім сапасына қойылатын талаптар артты, дәрілік жәрдем түрлері көбейді, жабдықтау аппаратуралары жақсарды. Осыған байланысты орта медицина қызметкерлеріне оның жалпы және арнайы даярлығына қойылатын талаптар күшейді. Дұрыс әрі дәл қойылған қабылдау бөлімшесінің жүмысы көбіне аурухананың жұмысын да анықтайды.
Қабылдау белімшелері сырқатты тасымалдау үшін ыңғайлы түзік зембілдермен және доңғалататын зембіл дермен (каталка), сондай-ақ жүретін сырқаттар үшін жылдың маусымына сай сырт киіммен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс. Зембілдер мен доңғалататын зембілдер жеткілікті мөлшерде жастық тыспен, ақ жайма мен сейсеппен қамтамасыз етілуі тиіс, олар әрбір сырқаттан кейін ауыстырылып отыруы керек.
Қабылдау бөлімшесінің жүмысы белгілі бірізділікпен жүргізіледі: сырқатты тіркеу, дәрігерлік алдын ала тексеру, санитарлық жуып-шаю. Қабылдау бәлімшесі де осы тәртіппен орналасуы тиіс.
Сырқатты тіркеген соң тез тарайтын жұқпалы ауруы жоқ, бар екенін тексеріп, содан кейін дәрігер болжам диагноз қояды да, санитарлық жуып-шаюдың түрін белгілейді, мейіркеш оны санитарлық өткізу бөлмесіне дейін шығарып салады.
ҚАБЫЛДАУ БӨЛШШЕСІНДЕП МЕЙІРҚЕШТЩ ЖҮМЫСЫ
Мейіркеш міндетіне мыналар кіреді: 1) бөлімшеге түскен сырқат құжаттарын реттеу; 2) сырқатты шешіндіріп бит және түрліше жұқпалы аурулардың жоқтығын анықтау үшін үстірт қарап шығу; 3) сырқатты дәрігер-дің кабинетіне шығарып салу; 4), санитарлық-гигивналық жуып-шаюдан өткізу; 5) сырқатты бөлімшеге дейін та-сымалдап, шығарып салу.
Қабылданған сырқаттар құжаттарьш реттеу дегеніміз ауру тарихының паспорттық бөлімін толтыру, оған фамилиясы, аты-жөні, жасы, мекені, мамандығы, ауруханаға түскен уақыты жазылады. Егер сырқат ауыр күйде немесе ессіз жағдайға түссе, бұл мағлұматтарды оны әкелген адамнан алады. Қабылдау бөлімшесіне ауыр күйде түскен сырқатты дереу арнайы бөлімшесіне жібереді, онда мамандырылған жәрдем көрсетіледі. Алайда сырқаттың көбі оған медициналық құжат толтыруға, алғашқы дәрігерлік алдын ала тексеру мен санитарлық жуып-шаюға жағдайы көтеретін күйде түседі. Түскен сырқаттар құжаттары мен құнды заттары өртенбейтін шкафта, қабылдау бөлімшесінің қамбашысының немесе аға мейіркештің жауапкершілігінде болады.
Ауру тарихының паспорттық бөлімін толтырғаннан кейін биттеуді және жұқпалы ауруларды болдырмау үшін мейіркеш сырқат денесінің түкті жерлерін тексеріп қарайды. Егер сырқат жағдайы көтерсе, мейіркеш оны өлшеуішке түрғызып, салмағын біледі, тек содан кейін ғана сырқатты алдын ала теқсеру кабинетіне дәрігерге көрсетуге апарады, ол болжау диагнозын қойып, санитарлық жуып-шаю мен тасымалдаудың қай түріне жата-тынын айтады.
Антропометрия - науқас денесін және жеке мүшеле-рін өлшеу арқылы адамның жетілуін анықтау. Мейіркеш сырқаттың бойы мен көкірек шеңберін өлшейді. Стационар белімшелеріндегі, емханалардағы санаторийлердегі, демалыс үйлеріндегі мейіркештер де қарапайым антро-пометриялық зерттеулер жүргізеді.
Б о й д ы арнайы өлшеуішпен байқайды. Аспаптың тік тіреуі сантиметрлік белулері бар алаңшаға бекітіл-ген. Тіреудің бойымен көлденең орналасқан тақтайша козғалады. Бойын елшегенде сырқат тіреуішке өкшесін, бөксесін, жауырынын, желкесін тигізіп арқа жағымен тұрады. Қүлақ қалқанының жоғарғы ұшы мен көз сызығының ұшы бір горизонталь сызықтың бойында болғандай етіп басын ұстау қажет: тақтайшаны басына түсіріп, оның төменгі бөлуінің көрсеткішін санайды. Кейбір жағдайда сырқат бойын отырғызып қойып өлшейді, мұнда алынған санға отырғыштан еденге дейінгі қашықтықты косады.
Ө л ш е н у дұрыс орнатылған және жақсы реттелген дәрігерлік ондық салмағң таразыда тексереді. Аш қарынға, іш киіммен, дәрет сындырғаннан кейін өлшену ұсынылады. Ауыр науқастарды алдын ала орындық салмағын анықтаған соң, отырғызып өлшейді. Ауру шаппасы ашық тұрғаң таразыға ешқандай итеріске түспей, жайлап көтерілгені абзал. Дұрыс өлшенген соң таразының шаппасын жабады. Дененің салмағы екі беліктің салмақ түскен төменгі және жоғарғы планкалардың қосындысымен анықталады.
Көкірек клеткасыныд шеңберін сантиметрлік лентаны алдынан IV қабырғаның бойымен, ал сырт жағынан жауырынның ұшына сала отырып өлшейді. Сырқат қолдарын түсіріп, бірқалыпты дем шығарып тұруы тиіс. Өлшеу дем шығару және өте терең дем алу кезінде жүргізіледі.
Антропометриялық өлшеуден соң мейіркеш сырқатты дәрігердің тексеруі кезінде қатысады, консультант шақырады, ЭҚГ және басқа да диагноз қоюға арналған жедел зерттеулерге көмектеседі, содан кейін сырқаттарды санитарлық жуып-шаюға арналған жерге дейін апа-рады.
СЫРҚАТТЫ САНИТАРЛЫҚ ЖУЫП-ШАЮ
Қабылдау бөлімшесіндегі сырқатты санитарлық-гигиеналық жуып-шаю оның күйінің ауырлығын ескере отырып бір немесе екі таскынды жүйемен жасалады. Кереует саны шағын ауруханаларды бір тасқынды жуып-шаю жүйесі, онда кезекпен әйелдерді, ал содан кейін ер адамдарды жуу қоса жүріп жатады да, аурулардың сырқаттар қабылдау бөлімшесінен тез өтуіне мүмкіндік
туады.
Қабылдау белімшесінің санитарлық әткізгішіндё дәрігерлік тексеру бөлмесі бар, онда сырқатты шешіндіріп гигиеналық ванна алуға даярлайды. Бөлмеде көшетке, таза киімге арналған шағын шкафтар мен кір киімге арналған шағын бактар, үстел, оның үстінде қырынуға, шашын қиюға арналған қажетті заттар, сабындар, жекелер бар. Үстел үстінде «таза жәкелер» және «лас жөкелер» деген жазулары бар екі кастрюль тұр. Әрбір сырқат жуынып-шайынған соң жөкелер кастрюльге салып, қайнатылады. Ванналарды санитарлық тазартуға арналған арнайы жөкелер мен шөткелер бар, олармен әрбір сырқаттан соң, ванна тазартылып жуылады. Қазіргі кезде ванна бөлмелеріне залалсызданған таза киім мен жеке салынған пакеттер қойылады. Қабырғаға ауа температурасын көрсететін термометр ілінеді.
Дәрігерлік тексеру бөлмесінде сырқатты шешіндіріп заттарының екі дана тізімін жасайды, оның біреуін ауру тарихына қыстырады, ал екіншісін сырқат ауруханадан шыққанға дейін жататын заттарға салады да оларды сақтау камерасына тапсырады.
Мейіркеш сырқат шашын тексереді. Егер бит немесе сірке табылса, ауруды шешіндірместен көшеткеге отырғызып, қолда бар ерітінділердің бірімен тазалайды, олар: 1) карбофост. ың 0, 15% сулы-эмульсиялы ерітіндісі; 2) метилацетофостың 5% майы; 3) 0, 5% метилацетофос ерітіндісі осыншалық мөлшерде сірке су қышқылы; 4) 5% метилацетофос шампуны; 5) дикилдің 0, 25% сулы-эмульсиялы еріткіші; 6) 10% сулы-сабынды-керосинді эмульсиясы (40 бөлігі керосин, 35 белігі К. немесе шаруашылық сабыны, 25 бөлігі ыстық су) .
Шашты осы ерітіндінің бірімен жуып 15-20 минуттай үшкіл байлап жүреді. Содан кейін қайта-қайта жуып, 6% асханалық сірке' суымен шаяды. Шашты алғанда клеенкаға немесе қағазға түсіріп, кейін оны отқа жағып жібереді. Егер шашты қалдыратын болса, оны жиі та-рақпен тарайды. Сіркені кетіру үшін шашты 27-30°С дейін қыздырылған асқаналық сірке суын мақта тампонымен шылайды да 15-20 минуттай үшкіл тартып, содан соң жиі тарақпен тарап, қайтадан шаяды.
Киімнен бит шықса, оны дезинфекциялайтын ерітіндіге малынған (4% ДДТ эмульциясы, гекеахлоран, 0, 05% карбофос ерітіндісі, ацетофостың немесе метафостың 1% сулы ерітіндісі) клиенкадан жасалған қапқа салады да аурухана тұрған жердегі территориялық дезинфекция-лайтын камерасынажібереді. Биті бар сырқат ауру тарихының титул бетіне «Р» әріпін жазады. Мұндай сырқат ерекше қадағалауда болады, себебі битті (педикулезді) толық жойғанша жуып-шаю қайталана береді. Әрбір осындай сырқат жайлы мәлімет тұрған жердің СЭС-іне қабарланады.
Дйрігерлік алдын ала тексеру бөлмесінен сырқатты мейіркеш ванна бөліміне апарады. Ол бөлме кең, жарық, таза және жылы (25°) болуы тиіс. Ванна бөлмесінде арнайы желдеткіш, болуы қажет. Гигиеналық ванна алу. кезінде форточканы ашып желорай жасауға болмайды. Еден су өтпейтін, кафельдермен теселген болуы қажет. Әр ваннада ағаш тесеме жатуы, онын, үстіне салфетка жабылуы тиіс. Салфетка әр сырқаттан соң ауыстырылып отыруы . керек. Ванна бөлмесіндегі сүртінуге арналған сүлгілерді немесе ақ жаймаларды кептіру үшін электр кұрылғылары болғаны жөн. Сырқатты жуып-шаятын ваннаны сабынға немесе кандайда бір дизенфекциялайтын ертіндіге малынған жөкемен немесе шөткелермен мұқият жуады. Шүмектің түбінде қошқыл дақ болса, 3% хлорлы сутек қышқылымен сүрту қажет. Содан соң ваннаны ыстық сумен шайып, тесігін тығынмен жабады. Суып кетпеуі үшін ваннаны жуындыру алдында ғана толтыра
ды. Су буы болмауы үшін алдымен суық су, содан кейін ыстық су құяды. Судын, температурасын ағаш сапты ар« найы термометрмен, оны судан шығармай тұрып, өлшей-ді. Сырқат арқасы мен желкесі ваннанын, жиегіне тіреліп тұруы қажет, сонда судьвд мөлшері адамнын кеудесіне дейін көтеріледі. Сырқат ванна ішінде тайып құламауы үшін аяқжағына ағаш отырғыш немес тіреуіш қойылады да, науқас оған аяғын тірейді. Сырқатты жө-кемен жуу керек: алдымен басын, содан сон, денесі мен төменгі жағын, әсіресе жиналып, базданатын жерлерін (шаштың, шаптың тұстары, әйелдерде - емшек безі мен қолтық асты) жуады.
Ваннада болу ұзақтығын судын, температурасы мен сырқаттың жалпы күйіне байланысты. Су температурасы 35°-36° болғанда гигиеналық ванна алудың орташа ұзақтығы 20-30 минөт. Ваннаны дайындап, оны таза ұстауға жауапты кіші мейіркеш. Мейіркеш сырқатты жуындыру кезінде жанында болып, оның терісі мен тамырынын, соғуын байқап егер науқас өңі бозарып, басының айналатынын, күйінін, нашарлағанын айтса, мейір-кеш дереу дәрігерді шақыруы тиіс. Сыркатты ваннадан шығарып, денесін сүртіп, көшеткеге жатқызады да, мүсәтір спиртіне малынған мақта иіскетеді немесе басын суық су мен дымқылданған сүлгімен орайды.
Егер сырқаттың күйіне қарай гигиеналық ванна жарамаса, душ беріледі. Ол үшін ваннаға орындық қойы-лып, оған сырқатты отырғызады. Онда да ваннадағы сияқты тәртіппен жуады. Әрбір сырқаттан соң ваннаны сабынды жөкемен жуып, дезинфекциялайтын ерітінді-лердің бірімен (0, 5% сұйық хлорлы әкпен немесе 2% хлорамин ерітіндісімен) шаю қажет.
Егер сырқат жай-күйі орташа дәрежеде болса, мейіркеш оньщ денесін, әсіресе шап тері қыртыстарын, қолтық асты мен әйелдердің емшек бездері астын дезинфекция-лайтын ерітінділердін, (камфора спирті, иіс су, арақ) бірімен дымқылданған. сүлгімен сүртеді.
Ванна және дәрігерлік алдын ала тексеру бөлмелерін өте таза ұстау керек. Қөшеткедегі клеенка мен жастықты әрбір сырқаттан кейін 2% хлорамин ерітіндісіне немесе 0, 5% хлорлы әк ерітіндісімен дымқылданған шүберекпен сүртіп, ал ауысым біткен соң сабынды ыстық сумен жуу қажет. Көшеткедегі ақ жайманы әрбір сырқаттан кейін ауыстырып отыру қажет. Ванна бөлмесін күніне бірнеше рет жуу керек. Бөлмелерді жинауға қолданатын құрал-жабдықтар (шелектер, легендер, ескі шүберектер т. б. ) таңбалануы қажет, Оларды арнайы бөлмеде сақтау керек. Жинауда қолданылған құрал-жабдықтар мұқият жуылып, кептіріледі. Унитаздарды жууға 0, 5% хлорлы әктің сұйық ертіндісі қолданылады.
Ауруханалардыд қабылдау бөлімшелерінде олардын профиліне қарамастан сырқатты жуып-шаюдан өтқізу үшін темендегідей құрал-жабдықтар мен дезинфекциялайтын құралдары болуы тиіс, олар осы мақсатқа арна-йы 'бөлінген шкафтарда немесе жәшіктерде сақталуы керек.
1. Дезинфекциялайтын құралдар: лизол, сабын, асха-налық сірке су, сабынды-керосинді эмульсия, 0, 5% гек-сахлоран ерітіндісі, -карбофос, хлорамин.
2. Шаш алатын машинка, шаш тастайтын, қақпағы мұқият жабылатын шелек, дезинфекциялайтын ёрітінді дайындауға арналған шелектер, таза және лас жекелер салу үшін таңбаланған екі кастрюль, гидропульт, киім салатын қаптар, шаш алғанда сырқат жамылатын жеңіл-клеенка пелерина, мензурка, спирт шамы, мақта, үш-кілдер, тарақтар, жекелер.
Сырқат қабылдау бөлімшесінде барынша өте аз уақыт болуы тиіс.
Жұқпалы ауруы бар деп сезіктенген сырқаттардың диагнозын тездетіп қойып, эпидемияға қарсы емдеу ша-раларын қабылдау үшін бактериологиялық сынақ алу қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz