КазАтомПром



Кіріспе
1.Атом өнеркәсібі
2.Қазақстандағы атомдық өнеркәсіп
2.1 Тарихы
2.2 Саланың дағдарысы
3.Қазатомөнеркәсіп
3.1 Компания туралы
3.2 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өнімдері және көрсететін қызметтері:
4.Қазатомөнеркәсіп пен Росатом өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюы туралы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі таңда дүниежүзіндегі көптеген дамыған елдерде жаңа баламалы энергия көздерін іздестіру және белсенді пайдалану, жаңа энергетикалық ресурстарды айналымға енгізу өмірдей қажетті және басым бағыттар ретінде қабылданып отыр.
Қазақстан өзінің үлкен аумағының және халықтың орналасуы сирек болуының арқасында офф-гридтық өңірлердің жоғарғы санымен сипатталады, алайда онда жаңартылған энергия көздерінің бай потенциалы бар. Осыған байланысты ҚР-да 2009 жылы Энергия үнемдеу және энергия тиімділіктің кешенді жоспары әзірленді және Үкімет қаулысымен бекітілді, сонымен қатар Жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заң қабылданды.
Қазақстан аумағы жеткілікті дәрежеде, әсіресе оңтүстік бөлігі күн энергиясымен қамтамасыз етілгендіктен және іс жүзінде барлық жерде жел энергиясымен қамтамасыз етілгендіктен (желдің орташа жылдық жылдамдығы секуднына 5 метрден асады), күн және жел энергетикасына маңызды рөл беріледі.
Жаңартылған энергия көздерінің негізгі ерекшелігін, яғни олардың әрекеттерінің мерзімділігін ескере отырып, тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ әртүрлі жаңартылған энергия көздерін, атап айтқанда жел және күн өндегіштерін кешенді қосу жобаларын іске асыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Қазіргі кезде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жаңартылған энергетика жөніндегі бір қатар жоғары технологиялық инновациялық жобаларды іске асырып жатыр:
KazPV қазақстан кремнийі негізінде француз компанияларымен бірге «Astana Solar» ЖШС зауытында (Астана, Өскемен) фотоэлектрлік модулдерді шығару,
«Экоэнергомаш» ЖШС базасында А. Болотовтың роторлық жел турбинасын шығару,
«Легмаш» ЖШС және «Машзауыт» ЖШС базасында жылу-сорғы қондырғыларын шығару.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1.Атом өнеркәсібі
2.Қазақстандағы атомдық өнеркәсіп
2.1 Тарихы
2.2 Саланың дағдарысы
3.Қазатомөнеркәсіп
3.1 Компания туралы
3.2 Қазатомөнеркәсіп ҰАК АҚ өнімдері және көрсететін қызметтері:
4.Қазатомөнеркәсіп пен Росатом өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюы туралы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазіргі таңда дүниежүзіндегі көптеген дамыған елдерде жаңа баламалы энергия көздерін іздестіру және белсенді пайдалану, жаңа энергетикалық ресурстарды айналымға енгізу өмірдей қажетті және басым бағыттар ретінде қабылданып отыр.
Қазақстан өзінің үлкен аумағының және халықтың орналасуы сирек болуының арқасында офф-гридтық өңірлердің жоғарғы санымен сипатталады, алайда онда жаңартылған энергия көздерінің бай потенциалы бар. Осыған байланысты ҚР-да 2009 жылы Энергия үнемдеу және энергия тиімділіктің кешенді жоспары әзірленді және Үкімет қаулысымен бекітілді, сонымен қатар Жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заң қабылданды.
Қазақстан аумағы жеткілікті дәрежеде, әсіресе оңтүстік бөлігі күн энергиясымен қамтамасыз етілгендіктен және іс жүзінде барлық жерде жел энергиясымен қамтамасыз етілгендіктен (желдің орташа жылдық жылдамдығы секуднына 5 метрден асады), күн және жел энергетикасына маңызды рөл беріледі.
Жаңартылған энергия көздерінің негізгі ерекшелігін, яғни олардың әрекеттерінің мерзімділігін ескере отырып, тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін, Қазатомөнеркәсіп ҰАК АҚ әртүрлі жаңартылған энергия көздерін, атап айтқанда жел және күн өндегіштерін кешенді қосу жобаларын іске асыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Қазіргі кезде Қазатомөнеркәсіп ҰАК АҚ жаңартылған энергетика жөніндегі бір қатар жоғары технологиялық инновациялық жобаларды іске асырып жатыр:
KazPV қазақстан кремнийі негізінде француз компанияларымен бірге Astana Solar ЖШС зауытында (Астана, Өскемен) фотоэлектрлік модулдерді шығару,
Экоэнергомаш ЖШС базасында А. Болотовтың роторлық жел турбинасын шығару,
Легмаш ЖШС және Машзауыт ЖШС базасында жылу-сорғы қондырғыларын шығару.

1. Атом өнеркәсібі
Атом өнеркәсібі - уран кенін өндіру, өңдеумен шұғылданатын, одан атом энергиясын (ядролық энергияны) өндіретін және сол энергияны пайдаланып жұмыс істейтін өнеркәсіп саласы. Ядролық энергия өнеркәсіпте, ғылымда, медицинада және басқа салаларда пайдаланылады. Дүн. жүз. тәжірибеде А. ө-нің әскери және азаматтық бағыттары қалыптасқан. А. ө. атом ядросының ыдырау процесінен туатын энергияны пайдалану принципімен жұмыс істейтін атом электр стансасын (АЭС) салу, ядролық энергияны пайдаланып кеме, поезд жүргізуге және самолет, ракета ұшыруға арналған қондырғы -- атом қозғалтқышын жасау негізінде дамыды. А. ө. 50-жылдардың орта шенінде, атап айтқанда, 1954 ж. бұрынғы КСРО-да (Обнинск қ.) тұңғыш АЭС (қуаты 5 Мвт) іске қосылғаннан кейін жеке өнеркәсіп саласы болып қалыптасты. Бұдан кейін Колдерохоллда (Англия, 1956), Шиппингпортта (АҚШ, 1957) АЭС-тары іске қосылды. 1997 ж. барлығы 437 АЭС жұмыс істеді. Олар дүн. жүзіндегі электр қуатының 17ы-ін өндірді. Қазақстан уран қорының молдығы жөнінен дүн. жүз-де 1-орынды иемденеді. 50-жылдардан бастап Қазақстандағы 20 кен орнында уран өндіру жұмыстары жүргізілді.Қазақстанның барлық аймақтарында уран өндірумен айналысатын өндіріс орындары бар. Олардың ең ірілері: Тың тау-кен химия комбинаты (Орт. Қазақстан), Ертіс химия-металлургия зауыты (Шығыс Қазақстан), Каспий жағалауы тау-кен металлургия комбинаты (Батыс Қазақстан), Оңтүстік Қазақстан кен басқармасы, т.б. Қазақстандағы тұңғыш АЭС Ақтау қаласында салынған (1973) шапшаң нейтронмен жұмыс істейтін БН-350 реакторы бар энергия комбинаты. Ол Маңғыстау облысын энергиямен жабдықтайды, сондай-ақ, әлемдегі су тазартатын бірден-бір атомдық қондырғы болып табылады (реакторды 2003ж. тоқтату көзделген). Бұдан басқа Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығында 4 зерттеу реакторы жұмыс істейді. Оның 3-еуі Курчатов қаласының маңында, 1-еуі Алматы қаласының жанындағы Алатау қалашығында орналасқан.[1]
2. Қазақстандағы атомдық өнеркәсіп
2.1 Тарихы
Өткен ғасырдың 40-ыншы жылдары Кеңестер Одағында елдің атом саласын құру мен дамыту бағдарламасы жасалды. Соған байланысты КСРОМемлекеттік Қорғаныс комитеті 1944 жылы Қазақстанда және Одақтың басқа да аймақтарында уран кен орындарын іздеп табуға барлық геологиялық ұйымдарды жұмылдыруды Геология жөніндегі комитетке арнайы тапсырды. Одақта жаппай уран іздеу ісі осы қаулыдан бастау алады.
Сөйтіп, Кеңестер кезінде республикада жеткілікті дәрежеде қуатты, дамыған инфрақұрылымы және білікті мамандары бар уран саласының мықты өнеркәсібі қалыптасқан-ды. Уран өндірумен төрт комбинат шұғылданып, олардың өндірістік қуаты КСРО-дағы өнім көлемінің 30% -дан астамын өндіруге мүмкіндік беретін.
Қазақстандағы бастапқы геологиялық барлау жұмыстары 1947 жылы құрылған Волков экспедициясы (қазіргі "Волковгеология") еншісінде. Ал еліміздегі алғашқы уран кен орны - 1951 жылы ашылған Қордай кеніші. Соғыстан кейін, яғни 1947-1965 жылдар аралығында уран іздеудің белсенді әрекеттері одан әрі жалғасты. 60-жылдардың басында "Волковгелогия", "Краснохолмгеология", "Степгеология", "Кольцовгеология" өндірістік-геологиялық бірлестіктері геолог-барлаушыларының күшімен Қазақстан аумағында уранның минералды-шикізат қорын жасаудың бірінші сатысы аяқталды. Бұл өз кезегінде Целинный (кейінірек - "ЦГХК"), Прикаспийск ("Каскор") және Қара-Балта ("КГРК") қайта өңдеу комбинаттарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Уран өндіру
60-жылдардың екінші жартысында жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен инфильтрациялық қабатты кен орындарындағы нашар рудалардан уран өндіру мүмкіндігі АҚШ-та дәлелденді. Бұл Қазақстанның шикізат базасындағы жағдайды түбегейлі өзгертіп жіберді. 70-жылдардың соңына таман Ыңғай, Мыңқұдық, Мойынқұм, Қанжуған, Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын сияқты тағы басқа бірегей кен орындары табылды.
1980-1982 жылдары Қазақстанда уран өнімдерін шығару ең жоғары деңгейге жетті. Дерлік 30 кен орнында уран өндірілді. Атом өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбек ететін жұмысшы-қызметкерлер саны 70 мыңнан асып жығылды.
1953 жыл мен 1999 жылдар аралығында республика аумағында уран өндіру көлемі 225 миллион фунт U308 жетті. 90-жылдардың басында өндірістің кәдуілгі әдіс-тәсілдері кең қолданылып, ол жалпы өнімнің 70% құрады. Алайда жоғарыдан басқарылатын экономикадан нарықтық қатынастарға ауысу бірыңғай жерасты шаймалау технологиясы қажеттігін көрсетті.
Алғаш рет уранға деген мемлекеттік тапсырыстың төмендеуі 1983 жылы тіркелді. Өндіріс 25-30%-ға құлдырап, одан кейінгі жылдарда да сол деңгейде қалып қойды.
80-жылдардың ортасына таман басталған қарусыздану саясаты салдарынан және атышулы Чернобыль оқиғасынан кейін (әсіресе 1988 жылдан бастап) атом энергетикасын дамыту бағдарламасы кейінге ысырылды да, Целинный мен Прикаспийск өндірістік кеніштерінде және қайта өңдеуші комбинаттарда уран өндіру көлемі одан әрі қысқартыла берді. Шахталық және карьерлік өндірудің тиімсіздігінен және әлемдік рыноктағы бағаның төмендігінен Қазақстанда 6 кен басқармасы жабылып, 2 басқармада өнім өндіру мүлде тоқтатылды.
Дағдылы әдіспен өнім өндіру
Целинный тау-кен өндірістік және қайта өңдеуші комбинаты (Степногорск қ.) 1995 жылы өндірістің нәтижесіздігінен өзінің Грачев және Шығыс кеніштерінде руда өндіруді аяқтады.
Уран концентраты біріккен өнім ретінде Ақтаудағы балық сүйектері қазбаларынан фосфор қышқылын шығаратын бұрынғы Прикаспийск тау-кен өндірістік және қайта өңдеуші комбинатында да (АО "КАСКОР") дайындалатын. Номинальды қуаты жылына 5,2 миллион фунт U308 болған бұл кәсіпорын бәсекеге қабілетсіздігінен 1993 жылы консервацияланды.
Жерасты шаймалау әдісімен өнім өндіру
Республикамыз жерасты шаймалау әдісімен алынатын бай уран қорына ие. МАГАТЭ-нің соңғы Қызыл Кытабына (1999 ж.) сәйкес, барланған және алдын ала бағаланған 433,940 МТ U (1,1 миллиард фунт U308) Қазақстан уранының қоры ең аз шығын талап ететін 1-інші категорияға жатқызылған және ол осы шығындар классификациясындағы әлемдік уран қорының 35% құрайды. Бұл ресурстардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстандағы Шу-Сарысу және Сырдария бассейнінде шоғырланған.
Жерасты шаймалау әдісімен өндірілген кезеңдегі өнімнің жалпы көлемі 1990 жылы 4,9 миллион фунт U308 жеткенімен, 1997 жылы 2,5 миллион фунтқа дейін төмендеп кетті. Алайда, 1999 жылы қолданыстағы инфрақұрылымдарды жаңғыртуға қаржы салудың ұлғаюына байланысты 3,6 миллион фунтқа U308 өсті.
Кен басқармалары бойынша бұл көрсеткіш мынадай көрініс табады: "СТЕПНОЕ"
Жерасты шаймалау әдісімен өнеркәсіптік өндіріс мұнда 70-жылдардың соңына қарай Уанас және Мыңқұдық кеніштерін игеруден басталды. 1990 жылы "Степное"-дағы өнім мөлшері 2,4 миллион фунтты U308 құрады, бұл номинальды жылдық өндірістік қуаттың (2,6 миллион U308) 90%-дан астамы еді. Әйтсе де, өнім өндіру көлемі 90-жылдардың ортасына дейін жыл сайын құлдырап, 1,0 миллион фунтқа U308 жетті.
ЦЕНТРАЛЬНОЕ
Жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен уран өндіру 1982 жылы уран қоры 50 миллион фунтты U308 (орташа кен құрамы 0,45%) құрайтын Қанжуған кенішінде басталды. Ал номинальды өндірістік қуаты - жылына 2,6 миллион фунт U308. 90-жылдардың ортасына дейін өнім өндіру көлемі орташа есеппен әлеуеттік деңгейдің 50%-да болып, 90-жылдардың соңына қарай жылына 1 миллион фунтқа U308 азайды.
КЕН БАСҚАРМАСЫ
Уран өндіру 1985 жылы Солтүстік Қарамұрын (50 миллион фунт U308 орташа құрамы 0,08 % U308) кен орнында басталды. Номинальды өндірістік қуаты жылына 1,6 миллион фунт U308, алайда 1995-1996 жылдары өндіріс көлемі 0,5 миллион фунтқа U308 түсіп кетті.
УРАНДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ
Уранды қайта өңдеу жұмыстары 1955 жылы құрылған Целинный таукен-химия комбинатында және 60-жылдардың басында ашылған Прикаспийск таукен-металлургия комбинатында жүргізілді. Бұл екі кәсіпорынның құрылуы Қазақстанды КСРО-дағы уран өнімдерін өндіретін көшбасшы республикалар қатарына қосқан-ды.
Үлбі металлургия зауыты (Өскемен қаласы) 1949 жылы пайдалануға берілген. Зауыт негізінен КСРО әскери-өнеркәсіптік кешеніне қызмет көрсетті, сондықтан да мұнда ең озық технология, жоғары сапалы қондырғылар мен құрал-жабдықтар, сондай-ақ металлургия және атом өнеркәсібі саласындағы білікті мамандар шоғырланды. ҮМЗ басты өнімі - атом стансаларына арналған (КСРО-дағы сұраныстың 85%) отын таблеткалары болды. Зауыт уран өнімдерінен басқа бериллий, тантал, ниобий және балқымалы қышқылдар шығарған.
Географиялық орналасуына орай "Степное" және "Централное" кеніштерінде алынған "сары кек"-тің бір бөлігі Қырғызстанның Қара-Балта қаласындағы тау-кен комбинаты басқаруындағы гидрометаллургия зауытына темір жол арқылы жіберіліп отырылды. Сол сияқты, №6 Кен басқармасынан шыққан "сары кек" ШығысСирекМеталл (Ходжент, Тәжікстан) өндірістік қауымдастығы басқаруындағы Чкалов гидрометаллургия зауытына да жіберілген.
ТӘЖІРИБЕЛІК РЕАКТОРЛАР
Атом индустриясын дамыту ісінде тәжірибелік реакторлар маңызды рөл атқарды. 1972 жылы Ақтау қаласында КСРО-да тұңғыш рет БН-350 жылдам нейтронды тәжірибелік-өнеркәсіптік реакторы іске қосылып, ол Маңғыстау энергокомбинатының (МАЭК) құрамдас бөлшегіне айналды.
Келесі бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атомдық энергетика – энергия көзі ретінде
Уран
АҚ КазАтомПром өндірістің жұмыс орындарын аттестатциялау
Қазақстанда және дүние жүзінде атом энергетикасы
Уран өндіру
Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері
Трансұлттық корпарация
Химиялық технология
Уран және оның құймаларының коррозиясы
Компьютерлік кабельдер
Пәндер