АЖО еңбектің электрондық биржасы


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:
АЖО Еңбектің электрондық биржасы
Мазмұны
КІРІСПЕ . . .
1 Теориялық бөлім . . .
1. 1 Еңбектің электронды биржасы . . .
1. 2 DELPHI ортасында жұмыс . . .
2 Программаның баяндалуы . . .
2. 1 Жалпы мағлұматтар . . .
2. 2 Функционалдық тағайындалуы . . .
2. 3 Логикалық құрылымның баяндалуы . . .
2. 4 Шақыру және жүктеу . . .
2. 5 Қажетті техникалық жабдықтар . . .
2. 6 Кіріс мәліметтер . . .
2. 7 Шығыс мәліметтер . . .
3 Бақылау мысалдарын баяндау . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . . Қолданылған әдебиеттер . . .
Қосымша А . . .
Қосымша Ә . . .
КІРІСПЕ
Әр түрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы - ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат:
- қайшылықсыз
- артықсыз
- тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді .
Көпқолданбалы МББЖ ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді. Көпқолданбалы МББЖ-леріне: Oracle, Informix, SyBase, Microsoft SQL Server,
InterBase және т. б жатады.
DELPHI-ді кәдімгі МББЖ деп айтуға, оның өзінің кестелік форматының болмауы ( деректерді сипаттау тілі ) бөгет жасайды. Сондықтан ол басқа МББЖ кестелік форматын қолданады. Мысалы: dBase, Paradox, InterBase. Бұны бірақ та жетіспеушілігі деп те айтуға болмайды, себебі аталған форматтар өздерін жақсы қолданушылық қабілетін көрсетті. Сонда да DELPHI мүмкіншіліктері арнайы МББЖ мүмкіншіліктерінен қалыспайды, кей-кезде олардан асып та тұрады.
Біздің практикалық жұмыс “Еңбектің электрондық биржасы” интернет көмегімен жұмыс іздеушілерге, сондай-ақ жұмыскер таңдап алғысы келетін жұмыс беруші тұлғаларға арналған. Бұл жұмыста ваканция мен резюме бойынша мәліметтер базасы бар.
1 Теориялық бөлім
1. 1 Еңбектің электронды биржасы
Сіздің ваканциялардың соңсыз тізімін қарастырып, компьютер алдында бірнеше сағаттап отырған кездеріңіз де болар. Әр күні желіде жүздеген ұсыныстар пайда болады. Осындай ақпараттар арасынан келесідей типті хабарландыруларды көруге болады: <Шетел жұмыс берушілеріне программистер, журналистер, аудрмашылар, жазушылар, дизайнерлер және т. б. керек. Төлем ақы әлемдік стандарт бойынша. > Интернет арқылы әркім өз саласында жанына жайлы жұмыс таба алады. Сондай-ақ, жұмыс берушілерге де бірнеше адамдар арасынан ең білгірін таңдап алуына мүмкіндік туғызады.
Кез-келген еңбек биржасы сайтына кіру үшін және ваканция тізіміне қол жеткізіп, толық құқылы жұмыс іздеуші болуы үшін алдымен тіркелу керек. Тіркелу процесі бүтіндей стандартты формаларды толтырудан тұрады, мұнда аты-жөні, туылған жылы, мекен жайы, байланыс ақпараты сияқты қарапайым мәліметтер талап етіледі. Келесі қадам - резюме жасау. Бұл да бүгінгі күнде кең таралған түрде жасалады. Мұнда көңіл бөлінетін нәрсе - адам қабілеттілігін көресететін бөлігі. Мысалы, компьютер саласында жұмыс іздеушінің программа тілдерін көбірек білгені жақсы.
Кей сайттарда тест тапсыру қажет болады. Нәтижесін де осы сайттан қарайды. Ал, кейбір сайттарда тіркелу ғана жеткілікті. Одан соң жайбарақат жұмысқа кірісе беруіңізге болады. Мұнда барлық ұсыныс жүйеленген. Әдетте жұмыс құрамы, оның орындалу уақыты және бағасы көрсетіледі. Бұл интернет форум тематикалық болып көрінеді. Сіз мұнда ережелермен танысып, тапсырманы орындауға өтініш қалдырасыз. Өтініш белгілі жағдай үшін арнайы резюмемен бірге немесе жүйеге тіркелу кезінде енгізілген ақпаратпен бірге жіберіледі. Өтініште сіздің гонорар варианты мен тапсырманы орындау уақыты көрсетіледі. Тапсырыс беруші бағасына, сапасына тәуелді оптималды шешімді табады. Көптеген жұмыс іздеушілер орындаған жұмыс нәтижесін бірден көруге болатын сайттарға сілтеме береді. Бәсекелестік өте мықты, бірақ сынап көруге болады.
Интернет көмегімен жұмыс іздеушілер үшін сайттар жалпы түрде келесідей болады:
- Серверді құру. Бұл бөлімде сервер жұмысының келесі параметрлерін өзгерте аласыз:қандай хабарландыру іздеу керек немесе белгілі бір уақыт бойынша жаңа хабарландырулар; NEW индикаторын қай хабарландырулар мен категорияларға қою керек; хабарландыруларды шығаратын бет көлемі.
- Категория бойынша жұмыс іздеу. Сервермен жұмыс істеу қолайлы болу үшін барлық хабарландырулар саласына қарай категорияларға бөлінеді. Сервердің негізгі бетінен категория таңдап, осы категория бойынша барлық хабарландыруларды ала аласыз.
- Жазылу. Жаңа хабарландыруларды қайта-қайта серверге кіріп іздемес үшін серверге бір рет жазылу жеткілікті. Бұл өте қолайлы вариант.
- Хабарландыру беру мен тіркелу. Мұнда сіз өзіңіздің жаңа хабарландыруларыңызды бере аласыз. Бұл ақпарат жеке адам туралы немесе үлкен бір фирмаға арналған болуы мүмкін. Ол базада белгілі уақытқа дейін сақталады (3 ай, 1 жыл, т. с. с. ) . Кез-келген уақытта өз хабарландыруыңызды өзгертуге, уақытын ұзартуға немесе өшіріп тастауға мүмкіндігіңіз болады.
Сайттар бұдан да басқа көптеген бөлімдерді, ерекшеліктерді, қасиеттерді, ұсыныстарды қамтуы мүмкін. Заман талабына сай бұл процесс те күннен күнге даму үстінде.
1. 2 DELPHI ортасында жұмыс
Мәліметтер базасын ұйымдастыру
Мәліметтер базасы кейбір қолданбалы ақпараттық жүйеде қолданылатын деректерді қамтиды. Мысалы: ’Сирена’ немесе ’Экспресс’ авиа және теміржол билеттерін сату системасы. Мәліметтердің ұйымдастыру түріне байланысты мәліметтер базасындағы деректердің негізгі модульдері келесі түрде болады:
- иерархиялық
- желілік
- реляциялық
- объекті-бағытталған
Иерархиялық модельде деректер ағаштәріздес (иерархиялық) құрылым түрінде беріледі. Деректердің осындай ұйымы иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс жасағанда ыңғайлы, бірақ қиын логикалық байланыстармен жұмыс жасағанда иерархиялық модель әлсіз .
Желілік модельде деректер ерікті граф түрінде ұйымдастырылады. Желілік модельдің кемшілігі болып, құрылымының қаттылығы және оны ұйымдастырудың қиындылығы болып табылады. Сонымен қатар, иерархиялық және желілік модельдерінің кемшіліктерінің бірі болып, деректер құрылымының деректер базасын жобалау кезінде берілуі және деректерге қатынау барысында өзгертуге келмейді.
Объекті-бағытталған модельде мәліметтер базасының жазбасы объект түрінде беріледі. Объекті-бағытталған модель желілік және реляциялық модель ерекшеліктерін қамтып, күрделі мәліметтер базасын құруда пайдаланылады.
BDE Administrator
DELPHI қолданбасы деректер базасына қатынауды BDE ( Borland DataBase Engine- Borland фирмасының деректер базасының поцессоры ) арқылы жүзеге асырады. BDE өзінен деректерге қатынайтын динамикалық кітапханалар және драйвер жиынтығын құрайды. BDE деректер базасымен жұмыс істейтін барлық компьютерлерге орнатылуы тиіс. Деректер базасына BDE арқылы жіберілген сұраныс, қолданушы сұратқан деректерді алады.
Жергілікті деректер базасы және онымен жұмыс істейтін қолданба бір компьютерде орналасады. Бұл жағдайда ақпараттық жүйе жергілікті сәулетке ие. (1. 2- сурет)
1. 2- сурет. Дербес сәулет
Деректер базасымен жұмыс, ережеге сай, бірқолданушылық режимде жұмыс істейді. STANDART драйверлер үшін, әдетте Paradox деректер базасы, мінездемелер псевдонимі жиынтығы минималды болады: Type - драйвер аты және PATH - деректер базасына жол. PATH параметрін басқанда, сіз көп нүктелі батырманы көресіз. Оны басқанда Windows - тің жаңа каталогты таңдау стандартты диалогы ашылады, ол арқылы біз керекті каталогты таңдап аламыз.
STANDART типті драйверлерді тек Paradox, dBASE, FoxPro кестелері үшін қолдануға болады.
Жергілікті деректер базасына қатынау үшін BDE деректер базасының процессоры стандартты драйверлерді қолданады. Олар dBase, Paradox, FoxPro және текстік файлдарымен жұмыс жасайды. Жергілікті деректер базасын қолданғанда, желіде деректер базасына көпқолданушылық қатынауды ұйымдастыруға болады. Бұл жағдайда деректер базасының файлдары және осымен жұмыс істейтін қолданбалар желінің серверінде орналасады. Сонда әрбір қолданушы өз компьютерінен серверде орналасқан қолданбаны қосқанда, өз компьютерінде қолданбаның көшірмесі іске қосылады.
Мәліметтер базасының кестесін құру
Деректер базасын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта тұрады. Кестелер файлдарда сақталып, бөлек құжаттарға немесе электрондық кестелерге ұқсас. Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Бірақ, құжаттарға қарағанда, деректер базасының кестелері көпқолданбалы қатынау режимін қолдайды, яғни бірнеше қолданбалармен бірмезгілде қолданылуына болады. Бір кесте үшін ( деректер, кілттер, индекстер т. б құрайтын ) бірнеше файлдар жасалады. Осылардың ішінде негізгісі болып кестенің атымен аталатын деректер файлы болып есептеледі. Кестені таңдағанда, әсіресе оның негізгі файлы таңдалады. Мыс: dBase кестесі үшін кеңейтіндісі DBF болатын файл, ал Paradox кестесі үшін DB кеңейтіндісі болып табылады. Деректер базасының әрбір кестесі жолдан және бағаннан тұрады, бір типті объектілердің ақпараттық жүйелер деректерін сақтауға негізделген.
Өріс мүмкін болатын типтің деректерін қамтиды. Кестенің негізін оның өрісінің сипаты құрайды. Әрбір кестенің кем дегенде бір өрісі болуы тиіс. Кестенің құрылымдық түсінігі өте кең және оның құрамына:
- өріс сипаты
- кілт
- индекс
- өрістің мәтініне шек қою
- кестелер арсындағы біртұтастықты сақтау
- парлольдер
кіреді. Кестені құрғанда кестенің аты және құрылымы беріледі. Кестенің атын өзгерткенде кесте және оның файлдары жаңа атқа ие болады. Бұл үшін деректер базасының кестелерімен жұмыс істейтін арнайы программалар қолданылады. Мыс: Database немесе Data Pump. Дискіден кестені жойғанда, оның барлық файлдары да жойылады.
Ал енді мәліметтер базасымен жұмыс жасамас бұрын, біз оның каталогын құрып алайық. Ол каталог бізде D:\BOLATKHAN. Деректер базасын құру DatabaseDesktop (DBD) утилит көмегімен іске асырылады. DBD утилит көмегімен кестені құруға және оның құрылымын өзгертуге, оның біріншілік кілттерін және индекстерін, жазбалар құру және өзгертулер жасауға болады.
Жаңа кестені құру келесі команда бойынша іске асады: Пуск\Программы\Borland Delphi7\Database Desktop. DBD кірген мезетте жұмыс істейтін каталогты таңдап алу керек. Ол үшін DBD менюінде File\Working Directory және көрсетілген терезеден D:\Zhanar каталогына сілтеме жасаймыз. Менің жағдайымда физическое лицо кестесін құру үшін File\New\Table. DBD Create Table терезесін шығарады, оның форматын таңдап алу керек.
ОК-ді басып, біз осы форматты аламыз. Экранда келесідей сурет шығады:
1-сурет. Кестенің құрылымын құру суреті
Құрылып жатқан кестенің әрбір өрісіне бір жазба сәйкес келеді. Field Name бағанына өріс атын, Type - символ, өрісте сақталынатын мәліметтердің типін анықтайды. Size бағанына - сан қойылады, өрістің ұзындығын анықтайды, Key-«*» символы, егер бұл өріс бойынша біріншілік кілт қою керек болса.
Кестенің қасиетін беру
Validity Checks - бұл қасиет кестенің мәндерінің дұрыстығын тексереді. Бұл бөлімнің оң жақ терезесі 2 - кестеде көрсетілген және өрістік типіне қарай өзгеріп отыруы мүмкін:
2 - кесте Validity Checks қасиеттері.
Table Lookup - бұл бөлім берлген кестенің өрісін басқа көрсетіліп отырған кестенің өрісімен байланысын көрсетеді. Table Lookup - ті таңдағаннан кейін Define - анықтау батырмасы шығады. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Бұл терезеде драйверлер мен псевдонимдерді қолдана аламыз.
Secondary Index - бұл бөлім ары қарай жұмыс барысына керекті екінші индекс құруға мүмкіндік береді.
Жаңа индекс құру үшін Define - анықтау батырмасын басу керек. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Оның cол жақ терезесінде Fields қатынау өрістерінің тізімі көрсетілген, ал оң жақ терезесінде Indexed fields екінші индекс болатын өрістер көрсетіледі.
Index Options радиобатырма панелі келесідей қасиеттерді құруға мүмкіндік береді:
Индексі таңдалғаннан кейін, оның индексін беретін терезе ашылады.
Referential Integrity - бұл бөлім әртүрлі кестелердің арасында бүтін сілтеме байланыстарды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Егер екі кестенің арасында сілтеме байланыс көрсетілсе, оның біреуі - бас, ал басқасы - қосымша кестелер, онда қосымша кестеде бас кестеден алатын мәннің өрісі көрсетіледі. Сонымен қатар, бас кестедегі кілттік өрістің өзгерістеріне қосымша кестенің өзгеруін қамтамасыз ететін операция көрсетуге болады. Бұндай бүтін сілтеме деңгейі барлық кестелерге тән емес, бірақ Paradox 7 - де барлығы қарастырылған.
Update rule - радиобатырмалар тобы егер бас кестеде кілттік өрісті өшіргенде қосымша кестеде болатын өзгерістерді анықтайды. Егер Prohibit - ті таңдасақ, онда Database Desktop бұндай операцияны болдыртпайды. Егерде Cascade опциясы тұрса, онда кілттік өрісі бар бас кестеде өзгеріс болса, онда қосымша кестеде де өзгеріс блады. Ал егер сіз бас кестеден кілт өрісі бар жазбаны өшірсеңіз, онда қосымша кестеде сол кілттік өрісі бар жазба автоматты түрде өшеді.
Strict Referential индекаторын орнатқанда Paradox - тың алғашқы версияларына (соның ішінде Paradox for DOS) кестелердің ашылуын және бұзылуына жолбермейді.
Барлық операциялар біткеннен кейін құрылған сілтеме атын беру керек.
Password Security бөлімі Paradox - та құрылған кестелерге және оның әр өріс жазбасына пароль қоюға мүмкіндік береді. Бұл үшін Define батырмасын басу керек, сонда диалогтық терезе шығады. Диалогтық терезеде басты парольді (Master password терезесі) қоюға және сол парольді мақұлдауға (Verify master password) мүмкіндік аламыз. Егер Auxiliary Password (қосымша парольдар) батырмасын бассақ қосымша парольдарды тағайындауға және өрістерге қатынаудың ережесін көрсетуге болады.
Current Password (ағымдағы пароль) терезесінде сіз парольді көрсетесіз (ол сіз кірген парольге ұқсас болуға тиісті емес), бұл пароль арқылы сіз қатынау ережесін құрасыз. Table Rights (кестеге қатынау құқығы) радиобатырмалар тобында кестеге жалпы қатынау құқығын анықтауға болады.
Table Language - бұл бөлім BDE Administrator арқылы кестенің тілін көрсетуге (егер көрсетілмесе) немесе анықтауға (Modify батырмасы) мүмкіндік береді.
Dependent Tables - бұл бөлім Referential Integrity сілтемелі деңгейіндегі кестелерді көруге мүмкіндік береді.
Барлық керекті құрылымдық мәліметтер кестеге енгізілгеннен кейін Save As батырмасын басу керек, сол кезде Windows - тағы стандартты сақтау терезе шығады. Кәдімгі терезеден айырмашылығы Alias тізмнің болуында. Бұл тізімде әр түрлі мәліметтер базасының псевдонимдері бар. Сіз тізімнен керекті псевдонимді таңдап, кестені сақтайсыз.
Paradox форматының кестелері
Delphi - дің өзіндік кестелік форматы жоқ, бірақ ол Paradox кестелерімен жұмыс істей береді. Осы кестелердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Paradox кестесі деректер базасын құруға және онымен жұмыс істегенде ыңғайлы болып табылады .
Оның негізгі артықшылықтарын атап өтейік :
- деректердің тұтастығын
- әртүрлі типті деректерді ұсынуға арналған өрістік типті
- енгізілген деректерді тексеруді
- кестенің парольдық қорғанысын
қамтамасыз етеді .
Кесте 1. 5 - Paradox7 кестесінің өрістік типі тізімі
Тип Белгіленуі Мәннің мазмұны
Alpha A Символдар қатары. Ұзындығы 255 символ .
Number N Жүзбелі нүкте саны .
Money $ Ақшалық қосынды .
Short S Бүтін сан . Диапазон -32768 . . . 32767
Longinteger I Бүтін сан . Диапазон -2 147 483 648 . . . 2 147 483 647
BCD # Екілік - ондық жүйедегі сан .
Date D Күн .
Time T Уақыт
Timestampt @ Күн мен уақыт
Memo M Символдар қатары. Ұзындығы шенелмеген .
Formatted F Символдық қатар. Memo-дан айырмашылығы,
қатар құрамында форматталған текст болады.
Graphic G Графиктік көрініс. Форматтары BMP, PCX, TIF, GIF.
OLE O OLE технологиясын қамтитын деректер форматы.
Logical L Логикалық мән.
Autoincrement + Автоинкрементті өріс.
Binary B Байттар тізбегі. Ұзындығы шенелмеген .
Bytes Y Байттық тізбек. Ұзындығы 255 символдан аспайды
Ескерту:
Database Desktop программалық ортасында жұмыс істегенде Graphic, Binary, Memo және OLE өрістік типінің мәні көрсетілмейді.
Paradox кестесінде өріс аты әріптен басталып, әріптер мен сандар құрылуы тиіс. Өріс атының максимал ұзындығы 25 символдан аспау керек. Өрістің атын бергенде пробел, " # ", " $ " символдарын қолдануға болады. Бірақ, ". ", " ! ", " " символдарын қолдануға болмайды. Себебі, бұл символдар DELPHI - де басқа мақсаттарда қолданылады .
Paradox кестесінің кемшілігі болып, кестелік деректерді сақтайтын типтік файлдардың көптігі болып саналады. Бір каталогтан келесі каталогқа қандай да бір кестенің орнын ауыстырғанда немесе көшіргенде, осы кестені қамтитын барлық файлдарды көшіру немесе орнын ауыстыру керек.
Paradox кестесінің файлдарының келесі кеңейтінділері бар :
- DB - деректі кесте
- MB - BLOB-деректер
- PX - негізгі индекс
- XG* және YG* - екінші индекстер
- VAL - деректердің және сілтемелік тұтастықты тексеретін параметрлер
- TV және FAM - Database Desktop программасында кестені шығару форматы
Delphi-дің өзіндік деректер базасының кестелік форматы болмаса да, әртүрлі МББЖ қамтамасыз етеді. Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған Delphi құралын екіге бөлуге болады :
- аспаптық құрал
- компоненттер
Аспаптық құралдарға арнайы программалар мен пакеттер жатады. Олар деректер базасына қызмет етуді қамтамасыз етеді.
Компоненттер, деректер базасымен операция жасайтын қолданбаларды құруға арналған. Біз солардың компоненттерін қарастырайық.
Компоненттер парағы
Деректер базасының қолданбасын құруда қолданылатын компоненттерді қарастырайық.
Деректер базасымен жұмыс істегенде қолданылатын компоненттер Data Access, Data Control, Midas, Decision Cube, Rave және InterBase парақтарында орналасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz