Қазақстан Халқы Ассамблиясына 20 жыл
І.Кіріспе
1.Қазақстан Халқы Ассамблиясының құрылуы,қызметі
ІІ.Негізгі бөлім
1.Қазақстан Халқы Ассамблиясы туралы Заң
2.Қазақстан Халқы Ассамблиясының негізгі міндеттері
3.Қазақстан Халқы Ассамблиясының құрылымы
ІІІ.Қорытынды
1. Қазақстан Халқы Ассамблиясы.татулық темірқазығы

І. Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.Ел Президенті Н.Ә. НазарбаевҚазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.
Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.http://kk.wikipedia.org/wiki
2.http://rukhanialem.psu.kz/index.php/kz/etnokultura

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Қазақстан Халқы Ассамблиясына 20 жыл
Орындаған:
Жоспар
І.Кіріспе
1.Қазақстан Халқы Ассамблиясының құрылуы,қызметі
ІІ.Негізгі бөлім
1.Қазақстан Халқы Ассамблиясы туралы Заң
2.Қазақстан Халқы Ассамблиясының негізгі міндеттері
3.Қазақстан Халқы Ассамблиясының құрылымы
ІІІ.Қорытынды
1. Қазақстан Халқы Ассамблиясы-татулық темірқазығы
І. Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.Ел Президенті Н.Ә. НазарбаевҚазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.
Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық - өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы - халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл - бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл - болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.
Ел Президенті еліміздегі тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Этносаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттік тіл ел бірлігін қалыптастырудың маңызды факторы болып танылған. Сондықтан да Ассамблея қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту маңызды орынға ие.
Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде. Бүгінде Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр.
Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келеді деп атап өтті.
Қазақстандық үлгі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар ісі жөніндегі Жоғары комиссары арасындағы өзара іс қимылдың негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстандағы қоғамдық келісім үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келеді.
ІІ.1. 2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды.
Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол - заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк ұлттық саясатты iске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттiк және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара iс-қимылының тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесiн, оны қалыптастыру мен жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық мәртебесi
1. Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрi -- Ассамблея) -- заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президентi құратын, мемлекеттiк ұлттық саясатты әзiрлеуге және iске асыруға ықпал ететiн мекеме.
2. Ассамблея өз қызметiн Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жүзеге асырады.
3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары -- облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдерi жанындағы заңды тұлға құрылмай, қызметiн Ассамблея үйлестiретiн мекемелер.
2-бап. Қазақстан Республикасының Ассамблея туралы
заңнамасы
1. Ассамблея туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Ассамблеяның мақсаты
Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлiн арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қазақстандық азаматтық бiрдейлiктi және бәсекеге қабiлеттi ұлтты қалыптастыру процесiнде Қазақстан Республикасында этносаралық келiсiмдi қамтамасыз ету болып табылады.
4-бап. Ассамблеяның негiзгi мiндеттерi
Ассамблеяның негiзгi мiндеттерi:
1) этносаралық қатынастар саласында мемлекеттiк органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиiмдi өзара iс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келiсiмдi және толеранттықты одан әрi нығайту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
2) халық бiрлiгiн нығайту, қазақстандық қоғамның негiз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келiсiмдi қолдау және дамыту;
3) қоғамдағы экстремизмнiң және радикализмнiң көрiнiстерi мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттiк органдарға жәрдемдесу;
4) азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетiн саяси-құқықтық мәдениетiн қалыптастыру;
5) Ассамблеяның мақсаты мен мiндеттерiне қол жеткiзу үшiн этномәдени және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң күш-жiгерiн бiрiктiрудi қамтамасыз ету;
6) Қазақстан халқының ұлттық мәдениетiн, тiлдерi мен дәстүрлерiн өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.
5-бап. Ассамблея қызметiнiң принциптерi
Ассамблея қызметiнiң принциптерi:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы;
2) халық пен мемлекет мүдделерiнiң басымдылығы;
3) нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге деген қатынасына, нанымдарына немесе кез келген өзге де жағдайларына қарамастан, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдiгi;
4) Ассамблея мүшелерiнiң тең құқылығы және оның құрамындағы қызметi үшiн дербес жауапкершiлiгi;
5) жариялылық болып табылады.
6-бап. Ассамблея қызметiнiң негiзгi бағыттары
Ассамблея қызметiнiң негiзгi бағыттары:
1) мемлекеттiк ұлттық саясатты әзiрлеуге және iске асыруға жәрдемдесу;
2) қазақстандық патриотизмдi қалыптастыруға жәрдемдесу;
3) мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту;
4) этносаралық саладағы өңiрлiк саясатты жетiлдiру;
5) демография және көшi-қон саласындағы жоспарлар мен iс-шараларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
6) елде және шет елдерде этносаралық және конфессияаралық келiсiмнiң қазақстандық моделiн насихаттау;
7) этносаралық келiсiмге қол жеткiзуге бағытталған ағартушылық және баспа қызметiн жүзеге асыру;
8) этносаралық қатынастар жай-күйiнiң, оның iшiнде мемлекеттiк тiл мен Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн қолдану саласында мониторингтi жүзеге асыру;
9) мемлекеттiк ұлттық саясат мәселелерi жөнiндегi заң жобаларына қоғамдық-саяси сараптама жасауға қатысу;
10) шет елдердегi қазақ диаспорасына ана тiлiн, мәдениетi мен ұлттық дәстүрлерiн сақтау және дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарын нығайту мәселелерiнде қолдау көрсету;
11) этносаралық қатынастар саласындағы келiспеушiлiктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу және практикалық шараларды iске асыру және оларды
шешуге қатысу;
12) этномәдени қоғамдық бiрлестiктерге әдiстемелiк, ұйымдастырушылық жене құқықтық көмек көрсету;
13) этносаралық қатынастар мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң диалогын қамтамасыз ететiн семинарлар, конференциялар өткiзу, өзге де iс-шараларды жүзеге асыру;
14) этносаралық және конфессияаралық келiсiмдi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау;
15) Қазақстанның басқа да этностарына өздерiнiң тарихи отанымен байланысын дамытуға жәрдемдесу;
16) этносаралық келiсiмге жәрдемдесетiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де қызмет болып табылады.
7-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Ассамблеяға
қатысты құзыретi
1. Қазақстан Республикасының Президентi:
1) Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады;
2) Ассамблея қызметiнiң бағыттарын айқындайды;
3) Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Ассамблея Сессиясын шақырады;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне -- Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.06.14 № 290-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
2-тарау. АССАМБЛЕЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ
8-бап. Ассамблеяның құрылымы
Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесi, Ассамблея Аппараты (Хатшылығы), облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды.
9-бап. Ассамблея Сессиясы
1. Ассамблея Сессиясы -- Ассамблея мүшелерiнiң жиналысы (бұдан әрi -- Сессия) Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады.
2. Сессияны Қазақстан Республикасының Президентi қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кемiнде бiр рет шақырады. Кезектi Сессияны шақыру туралы өкiм кезектi Сессияның еткiзiлетiн күнi, орны жене күн тәртiбi көрсетiлiп, ол басталғанға дейiн отыз күннен кешiктiрiлмей қабылданады, бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
3. Кезектен тыс Сессия Ассамблея Төрағасының, Ассамблея Кеңесiнiң бастамасы бойынша немесе Ассамблея мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң өтiнiшi бойынша шақырылады жене оны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай мерзiмде өткiзiледi.
4. Сессияның ерекше құқығы:
1) Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң тоғыз депутатын сайлау;
2) Ассамблеяның орта мерзiмдiк перспективаға арналған стратегиясын айқындауға тұжырымдамалық ұстанымдарды әзiрлеу және оларды Ассамблея Төрағасының қарауына енгiзу;
3) Ассамблеяның жұмыс жоспарын және Ассамблеяның орта мерзiмдiк перспективаға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi бiрiншi кезектегi iс-шараларды бекiту;
4) Ассамблея мүшелерiнiң есептерiн тыңдау;
5) жалпы мемлекеттiк маңызы бар этносаралық және конфессияаралық келiсiм мәселелерi бойынша азаматтардың және қоғамдық бiрлестiктердiң өтiнiштерiн қарау болып табылады.
5. Егер Ассамблея жұмысына оның мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, Сессия заңды болып есептеледi.
6. Сессияның шешiмi, егер оған қатысып отырған Ассамблея мүшелерiнiң жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi.
Дауыс беру тәртiбi мен нысанын Сессия айқындайды.
7. Сессияның шешiмiн Ассамблеяның Төрағасы бекiтедi. Ассамблея Сессиясының шешiмдерiндегi мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға жiберiлген мемлекеттiк ұлттық саясат жөнiндегi ұсынымдар мен ұсыныстар мiндеттi түрде қарауға жатады.
Сессияның жұмысы Сессия шешiмiмен бекiтiлетiн регламентпен реттеледi.
8. Ассамблеяның Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң тоғыз депутатын сайлауы " Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы " Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен реттеледi.
10-бап. Ассамблея Кеңесi
1. Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен құрылатын Ассамблея Кеңесi (бұдан әрi -- Кеңес) жүзеге асырады. Кеңестiң құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
2. Кеңес Ассамблеяның құрамына кiретiн этномәдени бiрлестiктердiң өкiлдерi, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеялары, мемлекеттiк органдар басшылары арасынан қалыптастырылатын алқалы орган болып табылады. Кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша Ассамблеяның басқа да мүшелерi енгiзiлуi мүмкiн.
3. Кеңестiң отырыстарын Кеңестiң Төрағасы немесе Ассамблея Төрағасымен келiсiм бойынша Ассамблея Төрағасының орынбасарлары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жарты жылдықта кемiнде бiр рет шақырады.
4. Кеңестiң өкiлеттiктерiне:
1) Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына Ассамблея сайлайтын кандидаттарды ұсыну;
2) Ассамблея мүшелiгiне кандидатураларды қарау;
3) Қазақстан Республикасының Президентiне кезектi Сессияны шақыру және оның күн тәртiбi туралы ұсыныстар енгiзу;
4) Ассамблея Аппаратының (Хатшылығының) жұмыс жоспарына ұсыныстар енгiзу;
5) Сессияның ерекше құзыретiне жатпайтын өзге де шешiмдер қабылдау жатады.
5. Егер Кеңестiң жұмысына оның мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, ол заңды болып есептеледi.
6. Кеңестiң шешiмi, егер отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi оны жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi.
11-бап. Ассамблея Аппараты (Хатшылығы)
1. Ассамблея Аппараты (Хатшылығы) Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң құрамына кiретiн, қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелетiн Ассамблеяның жұмыс органы болып табылады.
2. Аппаратты (Хатшылықты) сонымен бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Аппарат (Хатшылық) меңгерушiсi басқарады.
3. Сессияның, Кеңестiң шешiмдерi және Ассамблея Төрағасының тапсырмалары Аппараттың (Хатшылықтың) орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
4. Аппараттың (Хатшылықтың) негiзгi функциялары:
1) Ассамблеяның қызметiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету, оның iшiнде Ассамблеяның қызметiн сараптамалық-талдамалық және ақпараттық тұрғыдан қолдау;
2) елдегi этносаралық келiсiмге ықпал ететiн халықаралық, республикалық және облыстық ғылыми-практикалық конференциялар, басқа да iс-шаралар мен акциялар өткiзу;
3) мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен, қоғамдық бiрлестiктермен және шет елдердiң осыған ұқсас құрылымдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етуге және Ассамблеяға жүктелген мiндеттердi iске асыруға бағытталған өзара iс-қимыл жасау болып табылады.
12-бап. Ассамблея Төрағасы
1. Ассамблея Төрағасы Ассамблеяны, Ассамблея Кеңесiн басқарады және Ассамблеяның қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
2. Ассамблея Төрағасы:
1) Ассамблеяның бағдарламалық құжаттарын бекiтедi және оларды iске асыру жөнiнде тапсырмалар бередi;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында және халықаралық ұйымдарда Ассамблея атынан үндеулер және мәлiмдемелер жасайды.
3. Ассамблея Төрағасы өз өкiлеттiктерiнiң бiр бөлiгiн Ассамблея Төрағасының орынбасарларына беруге құқылы.
13-бап. Ассамблея Төрағасының орынбасарлары
1. Ассамблея Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.
2. Ассамблея Төрағасының орынбасарлары:
1) Ассамблея Төрағасының ерекше құзыретiне кiрмейтiн өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
2) Ассамблея Төрағасының тапсырмасы бойынша Ассамблея атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында және халықаралық ұйымдарда өкiлдiк етедi;
3) Ассамблеядағы iстiң жай-күйi және бағдарламалық құжаттарының iске асырылу барысы туралы Ассамблея Төрағасына қажеттiлiгiне қарай ақпарат бередi.
14-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) ассамблеялары
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде Ассамблеяның алдында есеп бередi және жауапты болады.
2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдерi лауазымы бойынша облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеяларының төрағалары болып табылады.
3. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының ұйымдық құрылымын онда өңiрлердiң ұлттық, әлеуметтiк-мәдени және қоғамдық мүдделерiн бiлдiру қажеттiгiн ескере отырып, Ассамблея Аппаратымен (Хатшылығымен) келiсiм бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының төрағасы айқындайды.
4. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының жоғары басшы органы сессия болып табылады.
5. Ассамблея төрағасы құратын және басшылық ететiн облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының кеңесi сессиялар аралығындағы басқаруды жүзеге асыратын алқалы орган болып табылады.
6. Әкiм аппаратының құрылымына кiретiн аппарат (хатшылық) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының жұмыс органы болып табылады.
Аппарат (хатшылық) меңгерушiсi өз мәртебесi бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы төрағасының орынбасары болып табылады, оны тиiстi әкiм қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
7. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары:
1) Ассамблеяның және оның Кеңесiнiң шешiмдерiн, Ассамблея Төрағасының өз шешiмдерi мен тапсырмаларын орындайды;
2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне депутаттыққа Ассамблея сайлайтын кандидаттарды ұсыну жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, олар Ассамблея Кеңесiне жiберiледi;
3) өңiрдегi этносаралық қатынастардың жай-күйi және оларды нығайту перспективалары туралы ақпарат жинауды және Ассамблеяға ұсынуды тұрақты негiзде жүзеге асырады;
4) жергiлiктi мемлекеттiк органдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен, этномәдени және этносаралық қатынастар саласында өз қызметiн жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасайды.
15-бап. Ассамблеяға мүшелiк
1. Ассамблеяның және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарының -- этномәдени және өзге де қоғамдық бiрлестiк өкiлдерiнiң, мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң және олардың қоғамдағы беделi ескерiле отырып, өзге де адамдардың қатарынан қалыптастырылады.
2. Ассамблеяға мүшелiкке кандидатуралар:
1) облыстардың этномәдени және өзге де қоғамдық бiрлестiктерiнiң ұсыныстары негiзiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары сессияларының шешiмi;
2) республикалық, өңiрлiк этномәдени және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң жоғары органдарының шешiмi бойынша ұсынылады.
3. Ассамблеяға мүшелiкке ұсынылатын барлық кандидатуралар Ассамблея Кеңесiнiң отырысында қаралады және оларды Ассамблея Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады.
Қазақстан Республикасының Президентi ұсынылған кандидатураларды қабылдамауға және Ассамблеяның құрамына өз қалауы бойынша өзге де адамдарды кiргiзуге құқылы.
4. Этномәдени қоғамдық бiрлестiктерден облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясына мүшелiкке кандидаттар олардың жоғары басшы органдарының шешiмiмен ұсынылады және тиiстi аппаратқа (хатшылыққа) енгiзiледi.
5. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясына мүшелiкке барлық кандидаттар кеңестiң отырысында, ал кейiннен тиiстi ассамблея сессиясында қаралады және оның төрағасының бекiтуiне ұсынылады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы төрағасының шешiмi бойынша тиiстi ассамблея мүшесiнiң өкiлеттiгi осы Заңға сәйкес тоқтатылуы мүмкiн.
16-бап. Ассамблея мүшелерiнiң өкiлеттiгi
1. Ассамблея мүшелерi қызметiн осы Заңмен айқындалған өкiлеттiгi шеңберiнде жүзеге асырады.
2. Ассамблея мүшелерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
1) мемлекеттiк ұлттық саясатты әзiрлеуге және iске асыруға жәрдемдесуге;
2) этносаралық қатынастарға, азаматтардың ана тiлi мен мәдениетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауға берiлген конституциялық құқықтарын iске асыруына, нәсiлдiк, ұлттық немесе тiлдiк белгiсi бойынша кемсiтушiлiктi болғызбауға қатысты нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысуға;
3) этносаралық қатынастар мәселелерi бойынша конференциялардың, семинарлардың, "дөңгелек үстелдердiң" және өзге де iс-шаралардың жұмысына қатысуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ассамблеяның мақсаты мен мiндеттерiне қол жеткiзуге бағытталған өзге де қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
3. Ассамблея мүшелерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
1) этносаралық келiсiмдi, мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz