Сызу сабақтан очтет



1. Оқу орнының шығу тарихы
2. Оқу тобына психологиялық.педагогикалық мінездеме
3. Оқушыға психологиялық.педагогикалық мінездеме
4. Сабақ жоспары(өндірістік сабақ)
5.Өтілген сабақты саралау
6.Тәрбиелік іс.шараның жоспарын дайындау
7. Дипломдық жұмыстағы бір жобаға инструкциялық.технологиялық карта жасау
Қорытынды
1999 жылы №12 орта мектебі болып ашылады, 2000 жылы №12 жалпы білім беретін орта мектеп. 2006 жылдың желтоқсан айынан бастап Жекебаев 125а көшесінде орналасқан жаңа мектеп ғимаратына көшті. Жаңа мектеп ғимараты 3 қабаттысыйымдылығы 464 оқушыға арналған, ескі мектеп ғимараты 3 қабатты, 270 оқушыға арналған.2014-2015 оқу жылындағы мектептің жұмыс істейтін тақырыбы: «Білім сапасы, мұғалімнің кәсіби дамуы - шығармашылыққа бейім тұлға тәрбиелеудің негізі»
Оқу орнының мақсаты:
«Бәсекеге қабілетті, өздігінен білімді игеретін, қазіргі қоғам талабына сәйкес шығармашылыққа бейім, өзіндік таңдау жасай алатын шыныққан жеке тұлғаны сапалы оқыту арқылы тәрбиелеу».
Оқу орнының міндеттері:
1. Жаңа базистік жоспарды іске асыру, жаңа бағдарламалармен жұмысты жалғастыру.
2. Педагогтардың кәсіби, мәдени, шығармашылық өсуіне жағдай туғызу.
3. Жаңа оқу әдістерін, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруге оны іс тәжірибелерінде іске асыруға жағдай жасау.
4. Мектеп оқушыларына мемлекеттік білім стандартарына сай білім беру, білім берудің негізгі оқу жоспарына сай, көп нұсқалық бөліктерін басшылыққа ала отырып, жан-жақты, қазіргі стандарт талаптарына сай, ғылым негіздерін оқыту үшін базалық білім беруді ұсыну.
5. Білім сапасын көтеру мақсатында:
ҰБТ нәтижесі бойынша төмен көрсеткіш математика, дүниежүзі тарихы пәндерінен білім сапасын көтеру.
Білім сапасын арттыруда ата-аналармен тығыз байланысты қамтамасыз ету.
6. Оқушылардың адаптациялық мүмкіндіктерін арттыру мақсатында жалпы білім берудің, адамгершілік, имандылық, мәдени тәртіптілікті қалыптастыра отырып, оқушылардың білімінің сапасын арттыру.
7. Ата-ана, жұртшылықпен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде – мұғалімнің беделін көтеру.
8. Озық іс-тәжірибелерді, жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру, дарынын ашу, ұлттық қол өнерді дамыту.
9. 12-жылдық, білім беру бағдарламасына сәйкес оқу жылы ішінде мектеп мұғалімдерін «Білім жетілдіру курсынан» өткізу. Мұғалімдер арасында пікір алмасу өткізу арқылы, олардың 12 жылдық білім беруге дайындығын анықтау.
10. Пән әдістеме бірлестіктерінің жұмысының жүйесін қалыптастыру, оны іске асыру арқылы әр пән мұғалімінің іскерлік қабілеттерін арттыру үшін жан-жақты ізденіспен әдістемелік жұмыстар жүргізу.
11. Педагогтардың шығармашылық жұмыстарында ғылыми-зерттеушілік,экспериментальды-тәжірибелілік іс-әрекетін келешек пен жүйелі жүргізуіне жағдай жасау.
12. Заман талабына сай педагогикалық іс-тәжірибелер банк ісін құрып, оны іске асыруды, және қалалық деңгейде таратуды қалыптастыруды жалғастыру.
13. Қабілеті жоғары балалармен жұмыстың әдіс-тәсілдерін жетілдіру.
14. Қалалық білім бөлімі жанындағы білім дамыту орталығымен, Білім жетілдіру институтымен, қалалық жас өспірімдер сарайымен, мәдени орталықтармен үнемі байланыс жасау.
15. Ұлттық бірыңғай тестке мектеп бітіруші оқушыларды сапалы дайындау және жоғарғы оқу орындары : ҚарМУ, ҚарМТУ, ҚарЭУ «достық» байланыс жасау.
16. ІХ,ХІ сыныпты бітірушілерге мамандық таңдау, бағыт бағдар жұмысын күшейту.
17. Оқу жылы ішінде Қазақстан Республикасының президентінің “Қазақстан –2030 даму стратегиялық” бағдарламасының және елбасы Жолдауындағы басым бағыттарды оқу тәрбие үрдісінде қолдану .
18. Қоғамдық орындармен және ата-аналар, жұртшылықпен тығыз байланыс орнату арқылы “Мектеп,қоғам,ата-ана” ынтымақтастық педагогикасын қалыптастыру.
19. Мектеп мұғалімдерінің ғылыми зерттеу, шығармашылық ізденіс жұмыстарын баспа беттеріне шығару, педагогикалық оқуларға, конференцияларға қатыстыру арқылы іс-тәжірибелерін тарату.
20. Мектеп оқушыларын кіші ғылыми зерттеу академиясының конференцияларына қатыстыру.
21. Мектепішілік бақылаумен басшылықтың рөлін күшейту және оны іске асыру арқылы оқушылардың сапалы білім мен тәрбие алуына ықпал жасау.
22. Салауатты өмір салтын денсаулықты нығайту, орындау барысында:
Спорттық секциялар жұмысын күшейту;
Қалалық, облыстық деңгейіндегі сайыстар мен жарыстарға қатысуды жандандыру.
23. Оқу тәрбие жұмысының мақсат міндеттерін нәтижеге жеткізу үшін мұғалімдер ұжымы педагогика-психологиялық тұрғыда жан-жақты еңбек ету.
24. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға байланысты сайыстарға белсенділігін арттыру.
25. Әр пәннің оқытылуының құзыреттілігін арттыруға байланысты тапсырмалар жиынтығын қалыптастыру.
Қорытынды

Біз диплом алдындағы практикаға мектептерге бардық. Мен №12 орта мектебіне бардым. Мен алғашқы күні мектеппен танысуға бардым, 3 қабатты 464 оқушыға арналған мектебі екен. Келесі күні мен өз жетекшімен кездестім ол кісінің аты Тусупова Ардақ сосын біз 9а сыныбымен кездесіп балалармен таныстым. Мен өзімді балаларға таныстырып өзім жайлы мағылмат беріп, өзім қай жерден келгенімді және оқу орынымды таныстырдым. Мен алғашқы күні баларды анкета толтыруды сұрадым олармен жақын танысуға және жақын араласуға деген оймен. Менің алғаш берген сабағымның тақырыбым аксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу осы тақырыпты мен екі апта сабақ бердім. Келесі тақырып геометриялық денелерді жазықтықпен қию. Мен сабақ беріп жүріп балалардың мінез-құлықтарын зертеп олардың сабаққа қатысуға деген құлшыныстарын көрдім. Әр баланың мінезі, арманы, ой , қызуғышықтары бар. Бәсекеге қабілетті, өздігінен білімді игеретін, қазіргі қоғам талабына сәйкес шығармашылыққа бейім, өзіндік таңдау жасай алатын шыныққан жеке тұлғаны сапалы оқыту арқылы тәрбиелеу.
Мен сабақ беріп жүріп балардың білімімен қабілеттерін көрдіп, оларға дұрыс бағалап ар қайсысымен жұмыс істедім. Балардың сабаққа деген құлшыныстары артып сабақты зейінмен тындап өз ойларын ашық айтып іске асырды. Әр баланың деңгейіне сай тапсырма беріп оларға сызудың жақсы жақтарың көрсетім. Мен соңғы аптада балалардан бақылау жұмысын алдым, себебі мен сабақ берген уақыт аралығында балалардың алған білімін тексеруге сонда оқушылар алған білімін көрсете алды. Сыныптың старстосы Кәпкеш Ақмарал 22 наурызға қатысты іс шараға қатысты мен көруге бардым.
Тусупова Ардақ деген мұғалім балалармен жақсы қарым-қатынас қалай дұрыс жасауға және сабақты қалай беруге түсіндіруге көмектесті.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
1 Оқу орнының шығу тарихы

1999 жылы №12 орта мектебі болып ашылады, 2000 жылы №12 жалпы білім беретін орта мектеп. 2006 жылдың желтоқсан айынан бастап Жекебаев 125а көшесінде орналасқан жаңа мектеп ғимаратына көшті. Жаңа мектеп ғимараты 3 қабаттысыйымдылығы 464 оқушыға арналған, ескі мектеп ғимараты 3 қабатты, 270 оқушыға арналған.2014-2015 оқу жылындағы мектептің жұмыс істейтін тақырыбы: Білім сапасы, мұғалімнің кәсіби дамуы - шығармашылыққа бейім тұлға тәрбиелеудің негізі
Оқу орнының мақсаты:
Бәсекеге қабілетті, өздігінен білімді игеретін, қазіргі қоғам талабына сәйкес шығармашылыққа бейім, өзіндік таңдау жасай алатын шыныққан жеке тұлғаны сапалы оқыту арқылы тәрбиелеу.
Оқу орнының міндеттері:
1. Жаңа базистік жоспарды іске асыру, жаңа бағдарламалармен жұмысты жалғастыру.
2. Педагогтардың кәсіби, мәдени, шығармашылық өсуіне жағдай туғызу.
3. Жаңа оқу әдістерін, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруге оны іс тәжірибелерінде іске асыруға жағдай жасау.
4. Мектеп оқушыларына мемлекеттік білім стандартарына сай білім беру, білім берудің негізгі оқу жоспарына сай, көп нұсқалық бөліктерін басшылыққа ала отырып, жан-жақты, қазіргі стандарт талаптарына сай, ғылым негіздерін оқыту үшін базалық білім беруді ұсыну.
5. Білім сапасын көтеру мақсатында:
ҰБТ нәтижесі бойынша төмен көрсеткіш математика, дүниежүзі тарихы пәндерінен білім сапасын көтеру.
Білім сапасын арттыруда ата-аналармен тығыз байланысты қамтамасыз ету.
6. Оқушылардың адаптациялық мүмкіндіктерін арттыру мақсатында жалпы білім берудің, адамгершілік, имандылық, мәдени тәртіптілікті қалыптастыра отырып, оқушылардың білімінің сапасын арттыру.
7. Ата-ана, жұртшылықпен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде - мұғалімнің беделін көтеру.
8. Озық іс-тәжірибелерді, жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру, дарынын ашу, ұлттық қол өнерді дамыту.
9. 12-жылдық, білім беру бағдарламасына сәйкес оқу жылы ішінде мектеп мұғалімдерін Білім жетілдіру курсынан өткізу. Мұғалімдер арасында пікір алмасу өткізу арқылы, олардың 12 жылдық білім беруге дайындығын анықтау.
10. Пән әдістеме бірлестіктерінің жұмысының жүйесін қалыптастыру, оны іске асыру арқылы әр пән мұғалімінің іскерлік қабілеттерін арттыру үшін жан-жақты ізденіспен әдістемелік жұмыстар жүргізу.
11. Педагогтардың шығармашылық жұмыстарында ғылыми-зерттеушілік,экспериментальд ы-тәжірибелілік іс-әрекетін келешек пен жүйелі жүргізуіне жағдай жасау.
12. Заман талабына сай педагогикалық іс-тәжірибелер банк ісін құрып, оны іске асыруды, және қалалық деңгейде таратуды қалыптастыруды жалғастыру.
13. Қабілеті жоғары балалармен жұмыстың әдіс-тәсілдерін жетілдіру.
14. Қалалық білім бөлімі жанындағы білім дамыту орталығымен, Білім жетілдіру институтымен, қалалық жас өспірімдер сарайымен, мәдени орталықтармен үнемі байланыс жасау.
15. Ұлттық бірыңғай тестке мектеп бітіруші оқушыларды сапалы дайындау және жоғарғы оқу орындары : ҚарМУ, ҚарМТУ, ҚарЭУ достық байланыс жасау.
16. ІХ,ХІ сыныпты бітірушілерге мамандық таңдау, бағыт бағдар жұмысын күшейту.
17. Оқу жылы ішінде Қазақстан Республикасының президентінің "Қазақстан - 2030 даму стратегиялық" бағдарламасының және елбасы Жолдауындағы басым бағыттарды оқу тәрбие үрдісінде қолдану .
18. Қоғамдық орындармен және ата-аналар, жұртшылықпен тығыз байланыс орнату арқылы "Мектеп,қоғам,ата-ана" ынтымақтастық педагогикасын қалыптастыру.
19. Мектеп мұғалімдерінің ғылыми зерттеу, шығармашылық ізденіс жұмыстарын баспа беттеріне шығару, педагогикалық оқуларға, конференцияларға қатыстыру арқылы іс-тәжірибелерін тарату.
20. Мектеп оқушыларын кіші ғылыми зерттеу академиясының конференцияларына қатыстыру.
21. Мектепішілік бақылаумен басшылықтың рөлін күшейту және оны іске асыру арқылы оқушылардың сапалы білім мен тәрбие алуына ықпал жасау.
22. Салауатты өмір салтын денсаулықты нығайту, орындау барысында:
Спорттық секциялар жұмысын күшейту;
Қалалық, облыстық деңгейіндегі сайыстар мен жарыстарға қатысуды жандандыру.
23. Оқу тәрбие жұмысының мақсат міндеттерін нәтижеге жеткізу үшін мұғалімдер ұжымы педагогика-психологиялық тұрғыда жан-жақты еңбек ету.
24. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға байланысты сайыстарға белсенділігін арттыру.
25. Әр пәннің оқытылуының құзыреттілігін арттыруға байланысты тапсырмалар жиынтығын қалыптастыру.

2 Оқу тобына психологиялық-педагогикалық мінездеме

Қарағанды қаласы №12 орта мектептің 9 А сыныбына 2014 - 2015 оқу жылының басында 16 оқушы қабылданды. Оның 9 - қыз, 7 - ұл.
Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбіп оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепшілік, сынып аралық іс - шаралар мен ертеңгіліктерде ұжым толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласа біледі. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптасқан.Бұндай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған.
Сыныптық дәстүрлі мерекелері: күнтізбелік мерекелер, әрбір оқушының туған күндері болып саналады. Бұл күндері барлық ұжым мүшелері ұйымшылдықпен мерекелік ертенгілік түрінде өткізеді.Мерекелік жалпы қалалық дәстүрлі жиындарға, айлық, жарыстық конкурстарға қатысып отырады.
Мектептен тыс үйірме, секция, түрлі клубтарға қатысып,танымдық қабілеттерін ұштап отырады. Сонымен қатар сынып оқушыларының қоғамдық мүлікті ұстауы, бөлме өсімдіктерін күту, сынып тазалығына, мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту кезеңдеріндегі жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, ұқыптылықпен атқарады. Балалардың көптеген іс шараларға қатысып жүлделі орын алған. Сыныпта он алты оқушы бар. Оның ішінде тоғыз ұл, жеті қыз бала. Оқушылардың білім деңгейі ортадан биік, 5-ке оқитын балар: Кәпкеш Ақмарал,Нұрлан Саттар, Аханова Инкар, Мусин Мирас, Ахмедина Азия; 4-ке оқитын оқушылар: Жабаева Аружан,Меденбай Бекзат, Халел Ақтоты, Зейнолла Ақерке, Ақылбекова Ділдә, Абдикенов Мақсат, Ақжанов Жанат, Канаев Асхат;3-ке оқитын оқушылар - Тубеков Жандос,Шаяхметов Темірлан, Сансызбай Нұрлан. Өз істеріне жауап бере алатын ойларын анық айта алатын кез келген шаруаға биім балалар.

3 Оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме

№12 қазақ орта мектебінің 9 а сынып оқушысы Кәпкеш Ақмарал Бейбітқызы. Туған күні: 17.09.2000. Мекен жайы: Пабеды 111 үй. Денсаулығы жағдайы жақсы. Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп формасы өзінің денесіне сай келеді, жарасымды көз тартарлық.Ақмаралдың анасы Кәпкеш Раушан №3 ауруханасында жұмыс істейді. Әкесі Кәпкеш Манар жұмыссыз. Отбасында екі бала. Ақмаралдан кіші екінші сыныпта оқитын қарындасы Анель бар.
Ақмарал көбінесе ән айту және би билеу жағына бейімді. Сонымен қатар патриоттық өлеңдерді оқығанды жақсы көреді. Би де билеп, өнер десе ішкен асын жерге қоятын оқушы. Ақмарал сынып әкімі болғандықтан оның сынып ішіндегі орны ерекше. Өзіне берген тапсырманы бұлжытпай өз уақытында орындап, өткізіп отырады. Сыныпты қоғамдық жұмысқа қатысу жағынан үнемі алдыға тартып, барлығын ұйымдастырып отырады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Жеңіс күніне арналған шеруде ардагерлерге арнап ән айтты, взвод командирі болып оқушыларды бастап жүрді.
Оқу жұмысына деген белсенділігі де жоғары. Барлық сабақты ұнатады. Биология сабағын қатты сүйіп оқиды. Үй жұмысын жүйелі түрде орындап келіп отырады. Сабақ үстінде бар назары мұғалімде болып, сұрақтарына жауап беріп, үнемі тақтаға шығып сабақ айтып, сызу сызып отырады. Сабақты себепсіз босатпайды. Оқу үлгерімі бойынша - екпінді. Ақмарал барлық сабақты жақсы оқиды.Тек математика сабағынан қиналады. Соның өзінде сабаққа белсене қатысып, түсінбегенін мұғалімнен сұрап, тақтаға шықпай ақ өз орнында есептерді шығарып, өз бетімен де жұмыс жасайды. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Қиялы -- ырықты. Ақмарал тез қозғалады, қимылдары шапшаң, барлық әсерге эмоцияналды баяу жауап береді, оның сезімдері оның сыртқы қылықтарынан көрінеді, ашулануы сирек.
Мінезі салмақты, сабырлы, бірақ кейде сабырсыз болып кететін кездері болады, адамдармен тез тіл табыса алады, үлкенді құрметтеп, кішіні силай алады. Осы принцптерді ұстанып әрбір жарысқа, олимпиадаға қатысады. Сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да өзін байсалды, жинақы, салмақты ұстайды. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қалықтарды көрсетпейді. Ақмарал мұғалімдермен, оқушылармен, басқа сынып оқушыларымен, достарының барлығымен жақсы қарым-қатынаста. Әрқайсысының сырын таба біледі, тез тіл табысып кетеді.
Ақмарал кез-келген жерде, кез-келген уақытта өзінің тек жақсы жағынан ғана көрінеді. Өзінің алдыға қойға мақсаттарына жете алады. Арманы мектепті алты белгіге бітіріп аты әйгілі жұлдыз болу немесе лауазымды қызмет атқару.

4 Теориялық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Аксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу
Сабақтың мақсаты: Аксонометриялық проекциялардың айырмашылығын табу
Сабақтың түрі: Теориялық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, мил.қағаз, сызғыш, қарындаш, циркуль
I.Ұйымдастыру кезеңі: Саламатсыз ба, балалар. Бүгінгі сабақта кім жоқ?
II.Үй тапсырмасын тексеру: Центрлік және параллель проекциялау. Тік бұрыштап проекциялау
III.Жаңа сабақ
Аксонометрия - грек сөзі, осьтер бойынша өлшеу деген мағынаны білдіреді. Осы нәрселерді салғанда өлшемдерді x, y және z осьтері бойына өлшеп саламыз.

Сурет 1. Аксонометриялық проекциялардың стандартты түрлері

Аксонометриялық проекцияларды салуға жаттығу - сызбаларды оқи білуді үйренуге және нәрсенің пішіні мен машиналардың тетіктері туралы кеңістіктік түсініктерді дамыта түсуге көмектеседі.
Стандартпен сызбаларда пайдаланылатын аксонометриялық проекциялардың әр түрлі көріністерін тағайындайды.
Проекциялаушы сәулелердің бағытына және нәрсенің сызықтық өлшемдерінің осьтер бойына өзгеріп түсуіне байланысты аксонометриялық проекцияларды тік бұрышты және қиғаш бұрышты проекциялар деп екіге бөлінеді.
Диметрия - грек сөзі, екі өлшем деген мағынаны білдіреді. Егер текшенің жақтарын Р жазықтығына тең бұрыштармен көлбей орналастырсақ және текшені координата осьтерімен бірге жазықтыққа перпендикуляр сәулелермен проекцияласақ, онда тағы бір проекцияны аламыз. Ол тік бұрышты изометриялық проекция деп аталады. Изометрия - грек сөзі, тең өлшемдер деген мағынаны білдіреді.
Фронталь диметриялық проекция мен изометриялық проекцияны жалпылама аксонометриялық проекция деген ортақ атаумен атайды.
Изометриялық проекцияны салу кезінде x, y, z осьтері бойына және оларға параллель етіп, тетіктің нақты өлшемдерін саламыз. Тор көзді қағазға y осінің 45 градус көлбеулігін сызу үшін осьті тор көздердің диагональдары бойымен жүргіземіз. x, y осьтерін 30 градус бұрыш жасай жүргізу үшін 3 және 5 тор көз ұзындықтағы кесінділердің қатынасын орындау керек.
Бекіту сұрақтары:
1.Аксонометриялық проекцияның қандай айырмашылықтары бар?
2.Аксонометрияны салу кезінде осьтерді қандай бұрыштар жасап орналастырады?
3.Фронталь диметриялық проекцияда сызбаны орындау кезінде аксонометриялық осьтер бойымен қандай өлшемдерді салады?
Сабақ қортындылау: Өзіндік жұмыс. Балаларға баға қою. Сау болыңыз!
Үй тапсырмасы: 41 беттегі 2,3,4 жаттығуларды орындау

4.1 Теориялық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық денелерді жазықтықпен қию.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Геометриялық денелерді жазықтықпен қию тәсілдерін
және олардың сызбаларын түсіруге үйрету, логикалық
ойлауға қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,
ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Дұрыс үшбұрышты призманы фронталь проекциялаушы жазықтықпен қиық. Тұтас призманың проекциялары кескінделген. Онда қиюшы жазықтықтың түзуге кескінделетін проекциясы а1 көрсетілген. Осы а жазықтығымен қиғанда призма екіге бөлінеді. Призманың бөліктері қиғашбұрышты фронталь диметриялық проекцияда көрсетілген. Призманың жоғарғы бөлігін алып тастайық, ал оның қалған бөлігіне көңіл аударайық. Бұрын призманың бүйір қырлары өзара тең еді, енді олар тең болмай қалды. Алғашқыда призманың табандары параллель еді, енді олар параллель емес. Қимада пайда болған АВС үшбұрышы фронталь проекцияланушы фигура болады. Сондықтан оның төбелерінің фронталь проекциялары -- А1, В1 және С1, нүктелері бір түзудің бойында жатады. АВС үшбұрышының горизонталь проекциясы призманың горизонталь проекциясымен беттеседі, ал оның профиль проекциясын тұрғызу керек. Ол үшін А1, В1 және С1нүктелері арқылы горизонталь байланыс сызықтары призманың сәйкес қырларының профиль проекцияларымен қиылысқанша жүргізіледі. Табылған А3, В3 және С3 нүктелерін кесінділермен қосамыз.
Пирамиданы табанына параллель жазықтықпен қиғанда пайда болатын геометриялық дененіқиық пирамида дейді. Төртбұрышты қиық пирамиданың пайда болуы 2-суретте көрсетілген. Дұрыс төртбұрышты пирамида SАВСD , 2а-суретте фронталь және горизонталь проекцияларымен берілген. Оны табанына параллель а жазықтығымен қиғанда кішкене пирамида және қиық пирамида шығады (2, ә-сурет).

Сурет 2. Дұрыс үшбұрыш

Кішкентай пирамиданы алып тастағаннан кейін қалатын бастапқы пирамиданың бөлігін кескіндейік. Оның фронталь проекциясын салу қиын емес. Қимада пайда болған төртбұрыш ЕҒМN пирамида табанына ұқсас; оның қабырғалары пирамида табанының қабырғаларына параллель. Е және N нүктелерінің фронталь проекциялары Е1 және N1 нүкте арқылы байланыс сызықтарын жүргізіп, олардың горизонталь проекцияларын А2 мен С2 нүктелерін қосатын кесінді бойынан табамыз. Табылған Е2 және N2нүктелері арқылы пирамиданың табан қырларының горизонталь проекцияларына параллель түзулер жүргізсек, олар В2 мен В2 нүктелері арқылы өтетін вертикаль түзуде қиылысады. Табылған қиылысу нүктелері Ғ2 мен М2 қима төбелерінің горизонталь проекцияларын береді.

Сурет 3. Дұрыс төртбұрышты пирамида және қиық пирамида.

Конусты табанына параллель жазықтықпен қиюдың нәтижесінде қиық конус алынады (4-сурет). 4, а-суретте конустың фронталь, горизонталь проекциялары және қиюшы жазықтық көрсетілген. Жазықтық конусты кішкене конусқа және қиық конусқа бөледі (4, ә-сурет). Қиық конустың проекциялары келтірілген. Оның фронталь проекциясы - теңбүйірлі трапеция, ал горизонталь проекциясы бір центрден жүргізілген екі шеңберден тұрады. Бұл шеңберлердіңдиаметрлері трапецияның табандарына тең.

Сурет 4. Конус

Техникада конус тәрізді тетікбөлшектерді жасауда және олардың сызбаларын салуда конустылық деген ұғым пайдаланылады. Конустылық деп қиық конус табандарындағы шеңберлердің диаметрлерінің айырымын оның биіктігіне бөлгенде шығатын бөлшекті айтады. Конустылықты К,қиық конустың үлкен диаметрін D, кіші диаметрін d және биіктігін L әріптерімен белгілесек, мына өрнекті аламыз.
Сызбада конустылық сияқты жазумен белгіленеді. Бұл жазу не конустың осьтік сызығының үстіне оған параллель, не оның осіне параллель болатын шығарма сөреге жазылады. Таңбаның сүйір бұрышын конус төбесіне
қарай бағыттайды. Мысалы, қиық конустың үлкен диаметрі D=40, биіктігі L=30
және конустылық К=1 : 3 берілсін. Қиық конустың кіші диаметрін шығарып алуғаболады. Шынында да = өлшем бірлігі. Шарды жазықтықпен қиғанда қимадөңгелек болады. берілген шарды горизонталь а жазықтығымен
қияйық. Шардың а жазықтығынан жоғарғы бөлігін алып тастағаннан кейін қалғанбөлігінің проекциялары салынған.
Жаттығулар орындайық.
1. Фронталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр жазықтықпен қиылған төртбұрышты призманың профиль проекциясын сал (90, а-сурет).
2. Фронталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр жазықтықпен қиылған үшбұрышты пирамиданың горизонталь проекциясын салуды аяқтап, оның профиль проекциясын тұрғыз (90, а-сурет).
3. 90, б-суреттегі қиық пирамиданың горизонталь проекциясын салуды аяқтап, оның профиль проекциясын тұрғыз.
4. 91, а-суретте берілген қиық цилиндрдің горизонталь проекциясын салуды аяқтап, оның профиль проекциясын сал.
5. Табаны фронталь жазықтықта орналасқан киық конустың фронталь проекциясын салуды аяқтап,оның профиль проекциясын тұрғыз (91, а-сурет).
Үйге тапсырма беру: 5, б-суретте берілген шар горизонталь және профиль проекциялар жазықтықтарына параллель жазықтықтармен қиылған. Горизонталь проекцияны салуды аяқтап, профиль проекцияны тұрғыз.

5 Өтілген сабақты саралау

Сабақ 9а сыныбында өтті. Сыныпта 16 оқушы бар. Оның ішінде 9 ұл, 7 қыз бала. Оқушылардың білім деңгейі ортадан биік, 5-ке оқитын балар: Кәпкеш Ақмарал,Нұрлан Саттар, Аханова Инкар, Мусин Мирас, Ахмедина Азия; 4-ке оқитын оқушылар: Жабаева Аружан,Меденбай Бекзат, Халел Ақтоты, Зейнолла Ақерке, Ақылбекова Ділдә, Абдикенов Мақсат, Ақжанов Жанат, Канаев Асхат;3-ке оқитын оқушылар - Тубеков Жандос,Шаяхметов Темірлан, Сансызбай Нұрлан.
Оқушылардың сабақта белсенділігі жақсы, білім біліктері қалыптасқан. Күнтізбелік бағдарлама бойынша, тақырыбымызаксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу (фронталь диметриялық және изометриялық проекциялар бітірдік. Бұл тақырып 4 сағат берілген. Бүгінгі өтілген тақырып, осы 4 сабағы, аксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу (фронталь диметриялық және изометриялық проекциялар бітірдік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімін қалыптастырып қана қоймай, оларға тың мәліметтер беру.
Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру
Сызуды оқыту әдістерінің түрлері
Мектеп көшбасшылары тәлімгерлік пен коучинг арқылы өз мектепте еңгізілген өзгерістердің тиімді болғандығын қалай түсінуге болады
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН. Бизнесті бағалау
Көркем еңбек сабақтарында үйірме және шығармашылық жұмыстардың жасалу жолдары
Бейнелеу өнерінің теориялық негіздері
Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастырудың сабақтан басқа формалары
Физикалық оқу эксперименттің түрлері
Творчество сабақтарын жоспарлау
Пәндер