Астық массасының оздигинен қызуы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 7
1. Астық массасында болатын физиологиялық процесстер . . . 9
1. 1. Астық массасындағы өздігінен қызу процесінің
пайда болу ерекшеліктері . . . 9
1. 2. Жылу түзетін астық массасының
компоненттері . . . 11
1. 3. Астық массасындағы өздігінен қызу процесіндегі
микроорганизмдердің ролі . . . 12
2. Технологиялық бөлім . . . 14
2. 1. Элеватордың құрылысын өткiзу жөніндегі
технико-экономикалық негіз . . . 14
2. 2. Кәсiпорынның бас жоспары . . . 15
2. 3. Астық қозғалысының технологиялық сұлбасы . . . 15
2. 4. Астық массасының қасиеттерiнiң ортақ мiнездемесi . . . 16
3. Дәнді сақтау шарттары мен оларды күту әдістемелері . . . 18
3. 1. Өздігінен қызу процестерінің түрлері . . . 21
3. 2. Астық массасындағы жылу алмасу процестері . . . 24
3. 3. Жаңа жиналған және ылғалдылығы төмендәндердің
өздігінен қызу процестері . . . 25
3. 4. Өздігінен қызу кезінде дәннің сапасы мен санының өзгеруі . . . 26
3. 5. Дәнді сақтау кезіндегі бақылау және өздігінен қызу процесін болдырмау шаралары . . . 294. Элеватордағы технологиялық операцияларды басқару . . . 30
4. 1. Астықты тазарту . . . 31
4. 2. Астықты кептіру . . . 32
4. 3. Тұқымды астықты кептіру . . . 32
5. Астық қабылдайтын кәсіпорындардағы
қоршаған ортаны қорғау
6. Қорытынды . . . 35
7. Қолданылған әдебиет тізімі . . . 36
КІРІСПЕ
Еліміздің аграрлық секторы азық-түлік өнімдері ретінде, халық тұтынатын тауарларды қамтамасыз ететін астық өнімдерін өңдеу және басқа да жеңіл өнеркәсіп өндірісінде шикізат ретінде қолданылатын өсімдік өнімдерін өндіреді. Өнімдердің саны мен сапасы, әртүрлілігі көп жағдайда адамның денсаулығына, жұмысқа деген қабілеті мен көңіл-күйіне тікелей әсер етеді. Сондықтан да жоғары сапалы өсімдік өнімдерін өңдеу өндірісін қалыптастыру әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті жаңа мемлекет құрудың шарттарының бірі. Бұл принцип еліміздің Президенті жасаған стратегияда анық айтылған: «Мемлекеттің өзі еркін экономиканың кепіл болуы тиіс. Оның міндеті - сауда тәртіптерін орнатып, әділ түрде оның орындалуын қамтамасыз ету».
Әр түрлi шаруашылық жұмысы заттық құндардың нақтылы қорларымен сөзсiз байланысты. Жыл бойы тұтыну үшiн жеткiлiктi артық астық дақыл өндiрiсiнiң маусымдығы және қажеттiлiгi астықтың үлкен сандарын сақтау ұйымдары талап етедi. Астықтың қорлары резерв ретiнде сақталады, сонымен бiрге ауыл шаруашылығының егiс науқанының материалын қамтамасыз ету үшiн керек.
Қабылдап, сақтауға дайындап және астықтың толық сақталуын шығынсыз қамтамасыз ету - елдiң өнеркәсiбiндегі элеватор-қоймасының негiзгi функциялары.
Элеватор өнеркәсiбi - мемлекеттік материалдық-техникалық база. Ол келесi функциялар орындауға арналады:
- уақытында және кедергiсiз диірмендер дәндi қабылдау, сақтау процесінде оның сапасын толық сақтап, жақсарту;
- астықпен және өнеркәсiп орындарын өңдеу өнiмдерiмен жабдықтау
- жедел қорларды сақтау.
Соның iшiнде кез келген өнiм, қоймалық өңдеусiз және тасымалдаусыз қолдануға жіберілмейді. Осыған байланысты қамбалар үлкен өндiрiстiк мән алады. Элеватор өнеркәсiбiнiң өндiрiстiк функцияларының мәнi әлеумкттiк шаруашылық шарттарында әрдайым үлкейедi, өйткенi сақтауға, кептіруге және тазартуға деген жұмыс көлемi үлкеедi.
Астықты сақтауға арналған орындар қамбалар деп аталынады. Сақталатын астық, тағайындау, қамбаның техникамен жарақтандырылуының массаларына байланысты болады: қарапайым жәндiк - қалқалар және қоймалар; механикаланған қоймалар; элеваторлар - арнайы тік резервуарларда сақтауға, машиналар мен тазарту, кептіруге және орын ауыстыруға арналған аппараттармен жабдықталған.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау технологиясы - бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін алғашқы рет өңдеу, қайта өңдеу және оны сақтау жөніндегі ғылым.
Мемлекеттік астық қорын жинақтау, орналастыру, өңдеу және сақтау, Қазақстан халық шаруашылығының барлық салаларын астықпен қамтамасыз ету, астық қабылдау және астықты өңдеу кәсіпорындарында жүктелген. Аталған кәсіпорындар сонымен қатар дәнді, дәнді бұршақ, майлы дақылдар мен мал азықтық шөптердің сорттық тұқымдарын қабылдайды, сатады және өңдейді.
Астық пен олардан алынатын өнімдердің шығымы көптеген факторларға байланысты. Мысалға, шикі астықты кептіруге дейінгі жоғағы нормативті (уақыт бойынша) сақтау кезінде (ашық алаңдарда), зиянкестермен залалданған астықты сақтау кезінде, сақтау және жинаудан кейінгі астықты өңдеу кезіндегі режимдердің бұзылуы, сақтау кезіндегі астықтың өздігінен қызуы, арнайы емес көліктермен тасымалдау кезінде, ұнды қаптарға орналастыру кезіндегі процесстер және т. б.
Курстық жұмыстың мақсаты астық массасында болатын физиологиялық қасиеттердің, оның ішіндегі өздігінен қызу процесінің себептері мен ерекшеліктерін оқып-зерттеу болып табылады.
1. Астық массасында болатын физиологиялық процесстерАстық дәні де тірі ағза болып саналады және барлық организм секілді тыныштық күйге көшкенде дән клеткасында өте баяу болса да зат алмасу процестері жүріп жатады. Бұл физиологиялық процестердің мінездемесі, ерекшеліктері мен белсенділігі астық массасының ферментативті кешеніне ғана емес сонымен қатар оны қоршаған орта шарттарына да байланысты. Астық массасында жүретін негізгі физиологиялық процестердің бірі тыныс алу болып табылады. Тыныс алу жиілігі бастапқыда максимум мәнге жетеді, содан соң тез қалыпта төмендей бастайды. Дән құрамындағы клейковина мөлшері кенет төмендеп, астық сапасы нашарлайды. Бұл дән құрамындағы көмірсу, ақуыз және липидтердің ферменттер мен температураның өздігінен көтерілу әсерінен бұзылғанын білдіреді. Егер өздігінен қызу жоғары жерден 0, 7 м көтерілген жағдайда астық массасының көгере бастауын байқауға болады.
Осы реакция нәтижесінде жылу бөлінеді
Астықты сақтау барысында бірнеше рет тексеру жүргізіліп отырады. Сақталынған астық массасының температурасын күнделікті өлшеп отыру қажет. Температура аздап көтерілген жағдайда (1-3 С) суық ауа массасымен белсенді түрде желдету процесі жүргізіледі. Егер бұл жағдайдан соң да өздігінен қызуы тоқтамаса онда астық массасын дәнкептіргіш және тазалайтын машиналардан өткізу арқылы қосымша силостарға орналастырады.
Астық массасы - күрделі биологиялық жүйе, биоценоз, басқаша айтқанда, белгілі бір тіршілік жағдайлары бар тірі ағзалар жиынтығы. Астық массасында, оған енетін тірі компонентгердің (астық, түқым, арамшөптер түқымдары, микроорганизмдер, жәндіктер т. б) тіршілік әрекетінің нэтижесінде жүретін процестерді физиологиялык деп атайды. Сақтаудағы астық массасының тіршілік эрекеті тыныс алу, егін жинағаннан кейінгі пісіп жетілу, өну түрінде байқалады. Бұл процестердің практикалык маңызы зор, өйткені олардың өтуін реттей білу астықты сақтап, сақгау кезіндегі күрғақ затгардың шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
Астық массасындағы өздігінен қызу процесінің пайда болу ерекшеліктері.Өздігінен қызу - астық массасындағы физиологиялық процестер мен нашар жылу өткізгіштік әсерінен температураның көтерілу процесі.
Астық массасының бастапқы қалпы мен оның сақталу шарттары кезінде кез келген уақытта температура 55 . . . 65 0 С, кей жағдайда 70 . . . 75 0 С -қа дейін көтеріледі. Температура осы аумақтан барлық астық массасына тарала бастайды. Егер дер кезінде өздігінен қызу процесін тоқтатуды қолға алмаса, онда барлық дерлік астық массасы күйіп кетіп, жарамсыз болып қалады.
Өздігінен қызу -әлем бойынша өте көп таралған процесс. Және де ол көптеген мөлшерде астық құрамындағы құрғақ зат мөлшерін азайтып, оның азықтық, жем-шөптік және тұқымдық қасиеттерін төмендетеді.
Өздігінен қызудың физиологиялық негізі астық массасындағы тірі организмдердің тыныс алуы болып табылады. Тыныс алу нәтижесінде көп мөлшерде жылу бөлінеді. Осының әсерінен өздігінен қызу процесі пайда болады.
Бірақ кез-келген температура өзгерісі өздігінен қызудың бастапқы сатысы деп қарастыруға болмайды, өйткені астық температурасы көктемгі және жазғы маусымдарда ауа температурасының жылуына және астық сақтау қоймаларын жылыту кезінде көтерілуі мүмкін. Тек сыртқы әсерлерге байланысты (астық сақтау қоймаларының ауа температурасы, сыртқы ауа температурасы, күн радияциясы және т. б. ) сақтаудың барлық талаптарын орындай отырып, күнделікті мұқият бақылау жүргізу арқылы ғана астық массасының температурасының өзгерісін анықтауға болады.
Астықтың жылуөткізгіштік және өздігінен реттелу сияқты физикалық қасиеттері де өздігінен қызу процесінің алғы шарттары болып саналады.
Өздігінен қызу негізгі астық дақылының, арамшөптер тұкымдарының, микроорганизмдердің, жәндіктер мен кенелердің белсенді тіршілік әрекегінің нәтижесінде болады. Тыныс алу қарқыпы негізгі астыкқа қарағанда жоғары болатындықтан арамшөптердің тұқымдары жылудың молырақ жинақталуына мүмкіндік жасайды. ЬІлғалдылығы жоғары және арамшөптердің тұқымдары мен жасыл өсімдіктердің бөліктері бар тазаланбаған астықтан жылу ерекше мол бөлінеді. Жэндіктер мен кенелердің тіршілік әрекеті де жылу бөле жүреді. Астықтың залалдануы жоғары болғанда және үйіндінің азғантай учаскесінде зиянкестердің мол шоғырлануынан да өте көп мөлшерде жьлу бөлініп, өздігінен қызу байқалады.
Өздігінен қызу - кешенді құбылыс - астық массасының дәндері мен микроорганизмдерінің тыныс алуының күшеюінің нәтижесі. Астық массасының басқа тірі комионенттері жылу бөлінуді күшейтеді. Астық массасының жылу өткізгіштігі төмендігінен онда жинақгалатын жылу сыртқа шығатын жылудан артық болады да астыктағы температураны арттырады.
Өздігінен қызудың қарқындылығы мына себептерге байланысты болады: астық массасының күйі, астық қоймаларының жағдайы мен конструкциясы, астықтың қоймада сақтау ерекшеліктері мен оған жасалатын күтім тәсілдері.
Астык массасының алғашқы ылғалдылығы мен температурасы, физиологиялық белсенділігі мен микрофлораның қүрамы өздігінен қызу проңесіне барынша жоғары шамада әсер етеді.
Астық массасына тамшылы -сүйық ылғалдың пайда болуынан оның беткі қабаты ылгалданады, ал мүның өзі микроорганизмдердің тіршілік әрекетін күшейте түседі. Астық пен оның қоспаларьшда бос су көп болған сайын, термогенезге' қолайлы жағдай жасалады да, өздігінен қызу проңесінің қарқындылығы артады.
Ылғалдылығы жоғары астықтың өзігінен қызуы оның температурасына да байлапысты. Мәселен, 10-15°С температура өздігінен қызудың алғашқы сатысы баяу дамиды, ал 8-10°С ол мүлде болмайды. Егер өздігінен қызу алғашқы 2. 1-25°(температурада басталған болса, онда ондағы қызуы бірнеше есе артады да үйіндінің қызған учаскесіндегі температура, өздігінен қызу бұрынғы басталған проңестің жалғасы ма, немесе жаңа басталады ма, оған қарамастан шапшаң түрде 50-55°С дсйін көтеріледі.
Қызған астықтың температурасы одан әрі 60-65°С дейін, кейде 70-74 °С дейіп көтерілуі, 25-55°С аралығындағы температурадағыға қарағанда баяу жүреді және аталған максимумға жеткеннен кейін, жоғары температурада барлық тірі компоненттер опат болуынан астық массасының табиғи салқындауы бірте-бірте басталады. Алайда өздігінен кызу процесінің табиғи тоқтауының практикалық мәні жоқ, себебі астық пен тұқым бұл кезде азық түліктік, жемшөптік және егістік сапасынан мүлде айрылады. Бірде-бір астық массасындағы өздігінен қызу максимальды температураға жетпей тоқтамайды. Ол жеткіліксіз салқындатылғанда да токтамайды. Өздігінен қызудың 23-25 °С температурада кенет көтерілуі, жылу бөлуге микроорганизмдердің қатысуына байланысты. Процестің бас кезінде өңез саңыраукұлақтарының саны артады және олардың түр қүрамы өзгереді. Өздігінен қызу процесінің дамуына қарай Ахрегсш және Репісип саңырауқұлақтарының саны орасан зор мөлшерде артады. Өздігінен қызғанда оңез санырауқұлақгарының өсуі мен дамуы дәннің жамылғы тканьдерінің ыдырауына әксліп соғады, сондықтан бұрын өздігінен қызуға ұшыраған астық сақтауға төзімсіз болады.
Астық қоймаларының судан қорғалуы жоғары және оның қабырғалары, төбесі, едені жылуды соншалықты нашар өткізетін болса, астық массасына келетін ауаны неғұрлым реттеу жеңіл болса, соғұрлым өздігінен кызу процесінің туу қаупі азырақ.
Жоғары белсеңділіктегі астық топтарын анабиоз күйіндегілерге қарағанда жұқа қабатпен орналастырған дұрыс. Өздігінен қызуды болдырмау үшін оларға жүйелі түрде бақылау мен күтім ұйымдастыру қажет.
Егін жинағаннан кейінгі астықты өңдеу тәсілдері оның физиологиялық белсенділігінің сенімді түрде төмендеуін, астықтың саны мен сапасының сақталуын, қамтамасыз ету керек және өздігінен қызуға жол бермеуге тиіс.
1. 2. Жылу түзетін астық массасының компоненттері.Жәндіктермен және зиянкестермен залалданған, ешқандай жасыл өсімдік қалдығы жоқ, арам шөп, басқа дақыл дәндері мен шаң- тозаңнан тазаланған әр түрлі дәнді-дақыл массасындағы өздігінен қызудың пайда болуы астықтың өзіне және астық массасындағы микроорганизмдерге байланысты екені анықталды.
Белгілі бір ылғалдылық пен температураның қалыпты жағдайы астық массасындағы өздігінен қызу процесінің пайда болуы үшін жеткілікті.
Өздігінен қызу процесіне әсер ететін факторға, астық массасыньың физиологиялық белсенділігін жатқызады. Егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетшу кезеңінен әлі өтпегеп жаңа жиналған астық тобы, аяз ұрған, шала піскен, өнген дэндер, арамшөптердің тұқымдары жоғары физиологиялық белсенділікпен ерекшеленеді, олар сақтауға төзімсіз, оларда өздігіпен қызу ерте басталады.
Өздігінен қызу процеінің дамуы қысқа мерзімде (3-7 тэулік), температураның 34-38°С дейін көтерілуімен сипатталынады. Мұндай жағдайда көптеген сапа көрсеткіштері айтарлықтай нашарлайды. Астықтың сусымалылығы төмендейді, тершуі анық түрде байқалады, ашыткы және піскен нан иісі пайда болады. Жоғары ылғалдылықтағы қара бидай мен бидай дәндері біршама күңгірітенеді, сұлы мен арпада гүл қауыздары қоңырланады, шала піскен дәндер жұмсарады, оларда зең колониялары пайда болады. Өздігінен қызудың бұл кезеңі көгеру саңырауқұлактарының екпінді дамуымен сипатталады өйткені, 40°С температура көптеген микробтар үшін оңтайлы болып табылады. Мұндай астықта өнгіштік анағүрлым төмендейді және массасы айтарлықтай мөлшерде кемиді.
Кеңірек дамыған қызу процесінде астықтың температурасы 50 °С дейін және одан да жоғары көтеріледі. Сонымен қатар сусымалылығы күрт нашарлайды, дәннің күңгірітенуі қарқынданады. Жекелеген дәндер өңезденеді немесе шіріп кетеді, ыдыраудың мүңкіген иісі сезіледі. Өздігінен қызу процесі дәннің шала күюімен аякталады жэне сусымалылығы толық жоғалады.
Сонымен, астық массасының өздігінен қызуына жол беруге болмайтын процесс. Бүкіл сақтау кезінде астық температурасына жүйелі және дұрыс ұйымдастырылған бақылау өздігінен қызудың ерге сатысын дер кезінде аныктауға және оны жоюға мүмкіндік береді.
Астық массасындағы өздігінен қызу процесіндегі микроорганизмдердің ролі.Өздігінен қызу процесін анықтау барысында жылу түзілудегі астық пен микроорганизмдердің ролі туралы бір-біріне қарама-қарсы пікірлер айтылды. Осыған байланысты өздігінен қызу процесінің екі теориясы пайда болды: ферментативті (энзиматикалық) және микробиологиялық.
Микробиологиялық теорияны жақтайтындар астықтың өздігінен қызу процесі кезіндегі басты роль микроорганизмдерге тиесілі деген пікір айтады.
Бұл екі теорияның біршама уақыт бойы айтылуы астық массасындағы өздігінен қызу процесіндегі жылу түзетін компоненттерді анықтаудың өте қиындығын білдіреді. Астықтың тыныс алу жиілігін дәл анықтау үшін ондағы барлық микроағзалардың көзін жою керек. Және бұл процестер дәннің өмір сүру қабілетін жоймайтындай етіп жасалуы тиіс.
Көптеген ғалымдар дәннің өмір сүру қабілетін жоймай стерильденген астық алуды көздеді. Бірақ нәтиже ойдағыдай шықпады: не болмаса дәннің өмір сүру қабілеті төмендеп кетті, не болмаса стерильдеу дәрежесі өте төмен болды.
Осыған байланысты көптеген ғалымдар өлі стерильденген дәннің микробтармен залалдануы кезіндегі өздігінен қызу процесіндегі микроағзалардың ролін зерттеді. Егер алдымен астық массасын жоғарғы температурада стерильдеп, содан соң жылытып және массаны микрағзалармен залалдандырса, онда астық массасында өздігінен қызу процесі пайда болатыны әжірибе жүзінде дәлелденді.
Микроағзалардың астық массасындағы жылудың түзілуіне қатысатынын толық зерттеген ғалым Миэ болды. Дюар ыдыстарына стерильденген және стерильденбеген күнбағыс дәндерін салып зерттегенде стерильденбеген дәнде айтарлықтай температураның өскендігін байқаған. Осыдан қарап осіп келе жатқан дәндегі өздігінен қызу құрамындағы микроағзалардың дамуына тікелей байланысты екенін көруге болады.
Осындай көптеген лабораторияда жасалған тәжірибелер нәтижесінде өздігінен қызу процесі мен дәннің сапасын анықтауда жылу түзілуге себепші факторлардың бірі ретінде микроағзалардың ролін айтуға болады.
Ал астық дәнінің өмір сүру қабілеті әсерінен жылудың пайда болуы әзірге дәлелденген жоқ, бірақ та астықтан бөлінетін жылу мөлшері жеткілікті түрде көп болуы мүмкін және сақтау тәжірибесінде өздігінен қызу әр түрлі термогенез - микроағза мен дәннің тыныс алуы нәтижесінде түзіледі.
(1- сурет) Зең саңырауқұлақтары
Кейбір микрофлора өкілдерін зерттеу барысында өздігінен қызу процесінде ең көп орын алатын өсінді зең саңырауқұлақтары екені анықталды.
Басқа өсінділерге қарағанда зең саңырауқұлақтарының тыныс алу жиілігі өте жоғары екені анықталды. С. П. Костычевтың зерттеуі бойынша зең саңырауқұлақтарының екі күндік түрі 24 сағатта 1г құрғақ затта 1750 . . . 1870мгСО2 бөледі, ал тыныс алу жиілігі 0, 1 . . . 0, 02мг құрайды.
Зең саңырауқұлақтарының тез өсіп дамуы кезіндегі 17 . . . 20күн ішінде дамып өсуін Мильнер, Кристинсен және Геддестің еңбектерінен көруге болады. Арам шөп немесе басқа дақыл дәндері, шаң мен басқа қоспалары бар астық массаларында өздігінен қызу процесі тез байқалатыны белгілі болды. Шөп-шалаң қалдықтарының жиі тыныс алуы нәтижесінде басқа дәндерге қарағанда біршама көп жылу бөлінеді.
Астық қорын залалдаушылар мен жәндіктердің өздігінен қызу процесіндегі ролі
Өте көп мөлшерде залалданған: жәндіктердің бір жерге шектен тыс жиналуы және оларға тиімді әсерлердің орын алуы нәтижесінде астықта өте көп мөлшерде жылу жиналады.
Д. Линдгрен зерттеулері бойынша амбарлы және күріш қоңыздары үшін қолайлы жағдай жасаған жағдайда дән түйіріне қатысты өте көп мөлшерде жылу мөлшерін бөледі.
Жылу молшерін бөлумен қатар жәндіктер өздігінен қызуды тездететін зең саңырауқұлақтарының дамуына дәннің қабығын алып тастау арқылы қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді
2. Технологиялық бөлім
2. 1. Элеватордың құрылысын өткiзу жөніндегі технико- экономикалық негіз.
Элеватор құрылысының техникалық-экономикалық дәйектемесі осы облыста астық өндiрiсiнiң дамуының перспективтік жоспары болып табылады. Бұл жоспар дәндi дақылдардың астындағы егiн себетiн жерлердiң өлшемдерiн айқындайды және оның өсуiн есепке алу арқылы айқындайды.
Экономикалық iздеулер уақытында астықтың жобаланатын элеватордың ауданында және даярланатын астықтың сапасы, көлемі туралы соңғы 5 жылдар ішіндегі мәлiметтер жиналады.
Бұл мәлеметтерге сүйене отырып астықтың жыл бойына арналған көлеміне үміт артады және оның көлемі мен ары қарай қолдануын есепке ала отырып жаңа қажет қөлемді табады. Сонымен бiрге ДҚП-да тиiстi көлем қажет ететін астық қалдықтарын есепке алуы керек. Бұл астықтың үлкен бiркелкi партияларын қалыптастыруға және оларды дәнді қайта өңдейтін кәсiпорындарға өткізуге мүмкiндiк бередi.
Элеватордың көлемін есептеуден алған нәтижесiнде жобалық элеватордың үлгi жобалары бойынша және жобаның тапсырма берушiсiмен мақұлданады.
Элеватордың тұрған орындарын оның темiр жол станциясы немесе өзеннiң және кемежайдағы астықты жабдықтаушыларына қолайлы етіп шартқа сүйене отырып таңдайды. Алған мәлiметтер бойынша қабылдап-жiберiлетiн құрылымдардың қуаттылығын және астық кептiргiштердiң өнiмдiлiгiн осы жерде анықтайды.
Өндiрiстiк элеваторлардың құрылысының дәйектемесi диермен немесе жарма зауытыныың құрылыстық дәйектемесiнiң техникалық-экономикалығының өңдеуiмен бiр уақытта құрайды. Тиiстi көлемді резервтердi есепке алуы бойынша анықтайды.
2. 2. Кәсiпорынның бас жоспары.
Кәсiпорынның бас жоспары барлық негiзгi, қосалқы және көмекшi ғимарат және ғимараттарды, әр түрлi кiрiс жолдарды, сонымен қатар энергия жабдықтау торлары және сумен жабдықтауды байланыстырады.
Өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары- ғимарат және ғимараттардың арасындағы байланысынығ болуы, кәсіпорынның барлық объектілеріне өрт автокөлiктерiн ыңғайлы және тез кіргізу болып табылады.
Өрт қауірсіздігін нормалы және минималды қашықтықтарда мұнай қоймалары мен газды және басқа да өртке қауіпті объекттерден алыс орналастыру керек.
Негiзгi өндiрiстiк объекттерге: элеваторлардың қабылдау - тұсіру органы, автомобилдiк және вагон салмақтарын өлшеу үшiн таразылар, астық кептiргiш, диірмен, жем зауыттар және дайын өнiм қоймалары бар құрама жем заводы, негiзгi және қосалқы лабораториялы ғимарат, қоймалар жатады.
Көмекшi - өндiрiстiк ғимараттарға : өрт депосы, өту пункті, улы химикаттар қоймасы, вольерлер үшiн тепловоз, гараждар үшiн отын және жанармайдың қоймалары, трансформаторлық подстанциялар, сорап станциясы, жер астындағы суға арналған резервуарлар, механикалық слесарь, жестяницкийлер, электр жөндеу - монтажы, ағаш шебер ұста және ұстахана, жиналатын орындар жатады.
Кәсiпорын қызметкерлерлер үшiн жұмыс формасын және киiм ауыстыруға арналған бөлмелер жеке шкафтармен және ыстық сумен қамтылған жуынатын орындар бар. Бөлмелерде киiм шаң болмас арнайы желдеткіштер орналастырады. Жұмыс аумағында бірінші жәрдем көмегін көрсетуге арнлаған пункт, буфет немесе асхана мiндеттi түрде ескередi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz