Проблемалық несиелер



1.Проблемалық несиелермен банкінің жұмыс
2.Несиелік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің рөлі
3. «Проблемалық кредиттеу қоры» акционерлік қоғамы
Кез келген банктің қызметтінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиені уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шаралары мен уақытылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі оған есептелген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Кез – келген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып, материалдық қорлардың құрылу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өнімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта өңделуін және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды.
Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әртүрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде: қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына; несиені қамтамасыз ететін тауарлы – материалды бағалар қорына және олардың өтімділік дәрежесіне; маржа деңгейіне; несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне; банкте бар ресурс көлеміне және т.б.
Егер біз қазіргі уақытта экономикамыздың дамуына әсер ететін күшті факторлардың бірі ретінде банк секторын атап өтетін болсақ қателеспеген болар едік. Жалпы олардың мемлекетіміздің өмірінде ойнайтын ролі және соған қатысты маңыздылығы айтпаса да түсінікті.
Ал банк үшін, оның ішінде коммерциялық банк үшін пайда табу барысында активті операциялар ішіндегі несиелермен жасалатын операциялар, оның пайдалығына байланысты, аса маңызды болып табылады. Бірақ та бұл операция түрінен пайда табу барысында банк өз тарапынан қиындықтарға кездеседі. Ол қиындық – банктің несие бойынша баратын тәуекелі болып табылады. Проблемалық несие дегеніміз несие келісім – шартында көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген қосымша келісім берілген несиелер, сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепілхатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмаған және несиелерге есептелетін пайыздық несиелік келісім – шартта көрсетілген күннен 30 күн өткенде дейін қайтарылмаған несиелер жатады.
Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:
-қарыз алушының қызметін қайта құру; - несиені қайтару кестесін өзгерту; -пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту. Отандық банктік тәжірибеде проблемалық несиелерге несиелердің жіктелу ережесіне сәйкес стандартты несиеден өзгелерә, соның ішінде күмәнді және үмітсіз несиелер жатады. Кез келген коммерциялық банкте проблемалық несиелер Басқармасы немесе жұмыс жасау бөлімі ұйымдастырылуы қажет. Проблемалық несиелермен әрі қарай жұмыс жасау бағытын таңдауда мынадай факторлар ескерілуі тиіс:
- қарыз алушының Банк алдындағы міндеттемені орындамау себебі;
-проблемалық несиенің пайда болу себептері: дефолтқа итермелеген форс-мажор немесе нарықтағы жағдаяттың теріс өзгерісі, бизнес жоспарындағы жіберілген қателіктер, кәсіпорындағы менеджмент сапасының төмендегі және т.с.с..;
- қарыз алушының іскерлік беделі, несиелік тарихының болуы;
- кепіл мүлкі есебінен несиелік қарызды қайтару мүмкіндігі;
- қаржылық сауықтандыруға байланысты шаралар жасалған жағдайда қарыз алушының несиелік қарызды толық төлейтіндігін куәландыратын қаржылық сауықтандыру жоспарының банке ұсынылуы;
- қарыз алушының ағымдағы қаржылық есебі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы толық ақпараттарды банкке беруге дайын болуы;
- қарыз алушының қосымша қамтамасыз ету мүлкін банкке ұсынуы.
Қысқаша айтқанда, банк үшін аталған нұсқаулардың қайсысы аз шығын жұмсай отырып, несиелік қарызды қайтаруға мүмкіндік жасайтындығын ескеру қажет.
Қолданылған әдебиеттер:
1. К.Б. Блеутаева Ақша және банктер 2007 ж. Алматы 96б.
2. С.Б. Мақыш Банк ісі 2009ж. Алматы 292б.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Проблемалық кредиттерді басқару

1.Проблемалық несиелермен банкінің жұмыс
2.Несиелік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің рөлі
3. Проблемалық кредиттеу қоры акционерлік қоғамы
Кез келген банктің қызметтінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиені уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шаралары мен уақытылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел - қарыз алушының банктен алған несиесі оған есептелген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Кез - келген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып, материалдық қорлардың құрылу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өнімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта өңделуін және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды.
Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әртүрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде: қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына; несиені қамтамасыз ететін тауарлы - материалды бағалар қорына және олардың өтімділік дәрежесіне; маржа деңгейіне; несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне; банкте бар ресурс көлеміне және т.б.
Егер біз қазіргі уақытта экономикамыздың дамуына әсер ететін күшті факторлардың бірі ретінде банк секторын атап өтетін болсақ қателеспеген болар едік. Жалпы олардың мемлекетіміздің өмірінде ойнайтын ролі және соған қатысты маңыздылығы айтпаса да түсінікті.
Ал банк үшін, оның ішінде коммерциялық банк үшін пайда табу барысында активті операциялар ішіндегі несиелермен жасалатын операциялар, оның пайдалығына байланысты, аса маңызды болып табылады. Бірақ та бұл операция түрінен пайда табу барысында банк өз тарапынан қиындықтарға кездеседі. Ол қиындық - банктің несие бойынша баратын тәуекелі болып табылады. Проблемалық несие дегеніміз несие келісім - шартында көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген қосымша келісім берілген несиелер, сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепілхатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмаған және несиелерге есептелетін пайыздық несиелік келісім - шартта көрсетілген күннен 30 күн өткенде дейін қайтарылмаған несиелер жатады.
Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:
-қарыз алушының қызметін қайта құру; - несиені қайтару кестесін өзгерту; -пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту. Отандық банктік тәжірибеде проблемалық несиелерге несиелердің жіктелу ережесіне сәйкес стандартты несиеден өзгелерә, соның ішінде күмәнді және үмітсіз несиелер жатады. Кез келген коммерциялық банкте проблемалық несиелер Басқармасы немесе жұмыс жасау бөлімі ұйымдастырылуы қажет. Проблемалық несиелермен әрі қарай жұмыс жасау бағытын таңдауда мынадай факторлар ескерілуі тиіс:
- қарыз алушының Банк алдындағы міндеттемені орындамау себебі;
-проблемалық несиенің пайда болу себептері: дефолтқа итермелеген форс-мажор немесе нарықтағы жағдаяттың теріс өзгерісі, бизнес жоспарындағы жіберілген қателіктер, кәсіпорындағы менеджмент сапасының төмендегі және т.с.с..;
- қарыз алушының іскерлік беделі, несиелік тарихының болуы;
- кепіл мүлкі есебінен несиелік қарызды қайтару мүмкіндігі;
- қаржылық сауықтандыруға байланысты шаралар жасалған жағдайда қарыз алушының несиелік қарызды толық төлейтіндігін куәландыратын қаржылық сауықтандыру жоспарының банке ұсынылуы;
- қарыз алушының ағымдағы қаржылық есебі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы толық ақпараттарды банкке беруге дайын болуы;
- қарыз алушының қосымша қамтамасыз ету мүлкін банкке ұсынуы.
Қысқаша айтқанда, банк үшін аталған нұсқаулардың қайсысы аз шығын жұмсай отырып, несиелік қарызды қайтаруға мүмкіндік жасайтындығын ескеру қажет.
Проблемалық несиені анықтағаннан кейінгі банктің жұмысы мыналарды қамтиды:
қарыз алушыны қаржылық жағынан сауықтандыру;
ссудалық қарызды төлеттіру.
Қарыз алушыны қаржылық жағынан сауықтандыру несиелік келісім шартты өзгерту арқылы несиені қайтаруға мүмкіндік беру, қарыз алушы-
ның қаржылық және шаруашылық жағдайын жақсартуы үшін оған қосымша несиелік ресурс беру немесе өзге шараларды қолдануды көздейді.
Қарыз алушыны қаржылық жағынан сауықтандыру шараларына мына-лар жатады:
несиенің төлем мерзімін ұзарту немесе несиелік келісімшарттың қызмет ету мерзімін созу;
қарызды қайта құрылымдау, яғни несиелік келісімшарттқа өзгерістер енгізе отырып, қосымша несиелік ресурсты бөлу жолын қарастыру;
қайта қаржыландыру, қарыз алушыға немесе үшінші бір тұлғаға жаңадан несие беру есебінен несиені төлеттіру;
заңға қайшы келмейтін өзге шаралар.
Несиенің мерзімін ұзарту немесе қайта құрылымдапу шарты ретінде мыналар ұсынылады:
қарыз алушыдан қосымша қамтамасыз ету мүлкін талап ету;
қарыз алушының алашақ қарызын банкке алуға құқық беруі туралы келісім жасау;
өндірістік және қаржылық қызметінде пайдаланбайтын қарыз алушының активтерінің бір бөлігін сату;
шығыстарды азайту бағдарламасын жасау;
кей жағдайларды қаржыны басқарушыны қайта тағайындауды талап ету.
Несиені қайта қаржыландыру шаралары проблемалық несиелермен жұмыс жасау тәсілі ретінде мынадай жағдайда қолданылмайды:
қарыз алушының қарызын өтеуді үшінші бір тұлға өз жауапкершілігіне алса;
қарыз туралы келісім шартты рәсімдеу барысында қателіктер жіберілсе.
Несие бойынша қарызды төлеттіру сот шешімі бойынша немесе сот шешімінсіз кепілге салынған мүлікті жолымен қарыз алушыдан өндіріп алуды сипаттайды.
Егер несиені төлеу мерзімінің кешіктірілуі қарыз алушының зұлымдығынан туындап және оның банк қызметкерімен кездесуді қаламайтындығы анықталса, несие менеджері мұндай ақпаратты Банктің қауіпсіздік басқармасында және проблемалық несиелер Басқармасына хабардар жеткізеді.
Кепіл мүлкін сату аукциондық немесе аукционсыз әдістермен жүзеге асуы мүмкін.
Аукционсыз әдіспен кепіл мүлкін сату мынадай тәсілдермен іске асады:
Банктің бақылауымен кепіл беруші кепіл мүлкін сатады;
Банктің сенімді тұлғасына кепіл берушінің кепіл хат беруі арқылы кепіл мүлкін сату;
Үшінші бір тұлғаға несие бойынша кепіл затын қайта рәсімдеу.
Кей жағдайларды кепіл заты жылжымайтын мүлік немесе тұрғын үй болса, онда оны банк жаңа қарыз алушыға ипотекалық несие беру арқылы сатып жіберуі мүмкін.
Кепіл мүлкін ипотекалық несиені беру арқылы сатудың отандық тәжірибеде мынадай екі нұсқасы белгілі:
Бірінші нұсқа, келісімшартта көрсетілген кепіл мүлкінің бағалау құны, оның нарықтық құнына сәйкес келсе, онда кепіл затын ипотекалық несиие бойынша рәсімдеу аукциондық тәсілмен іске асуы мүмкін.
Екінші нұсқа, нарықтық құны келісімшартта көрсетілген кепіл мүлкінің бағалау құнынан төмен болса, онда аукционға жеткізбей кепіл берушінің келісімі бойынша сатып жіберуге болады.
Банкінің өзінің несие саясатын жүргізу барысында проблемалық несиелерді болдырмауға бағытталған әрекеттері өте маңызды. Банк несиелік келісім бойынша клиентпен міндеттеменің орындалуын қатаң бақылап отырады. Оның басты мақсатты ссуда бойынша төленетін пайыз және кезекті төлемдерін уақытылы және тұрақты төленуін қамтамасыз ету. Әрине әрбір ссуда түрі бойынша ойламаған жағдайлардың өріс алу қауіпінен өзінің тәуекелі болады. Банк бұл тұрғыдан әртүрлі саясат жүргізуі мүмкін, мысалы банк тек қана абсолютті сенімді қарыз алушыларға ғана несие беру саясатын жүргізуі мүмкін, бірақ мұндай жағдайда ол көп пайдалы мүмкіндіктерді жіберіп алуы мүмкін. Сонымен бірге егер несиені қайтарумен қиындықтар туса, банк үшін бұл өте қымбатқа шығып кетеді. Сондықтан ең оптималды саясат ресурстарды табысты орналыстырудың барлық потенциалды мүмкіндіктерінің максималды пайдалануы арасындағы балансты сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Қарызды қайтаруға байланысты қиындықтар бірден пайда болмайды және кездейсоқ болатын жайт емес. Бұл процесс белгілі бір уақыт аралығында өрбейді. Тәжірибелі деген банк қызметкері клиент тартайын деп жатқан қарызды қайтаруға байланысты қиындықтарды ең бастапқы сатысында - ақ байқап, жағдайдың алдын алуға және сонысымен банк мүдделерін қорғауға сол кезден бастап тиісті шаралар қолдана бастайды. Бұл шараларды барынша ерте қолданған жөн. Мұнда ескеретін жайт, банк шығындары тек қана қарызды, пайызды төлемеуден ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар басқа да мынандай жағдайлармен байланысты болуы мүмкін:
Банк беделіне нұсқан келеді, өйткені мерзімі өткен және қайтарылмай жатқан несиелердің көптігі салымшылар, инвесторлар сенімінің төмендеуіне алып соғады;
Әкімшілік шаралар ұлғаяды,өйткені проблемалық ссудалар несие персоналының өте мұқият болуын және "алтын" уақытын алады;
Квалификациясы жоғары кадрлардың кету қауіпі оларды стимулдау мүмкіндіктерінің операциялардың пайдалылығының төмендеуінен азаюы әсерінен туындауы мүмкін;
Барлық қаражаттар өнімді емес активтерде " қайтарылып тасталынды";
Қарыз алушы тұлға тарапынан сотқа қарсы арыз түсу қауіпі тууы мүмкін, онда ол, банкінің ссуданы қайтарып алу туралы талабы оны банкроттыққа алып келгендігін дәлелдеп шығуы мүмкін
Барлық осы шығындар банк үшін өте қымбатқа түсуі мүмкін және қарызды қайтармаудан болған залалдан асып түсуі мүмкін.
Ссудаларды қайтарумен байланысты қиындықтар туындауының ең негізгі себептері келесідей:
Банк персоналымен жіберілген қателер кезінде, әсіресе несиеге өтінішті қарастыру уақытында, келісім шарттарын дайындау және кейінгі бақылау процесінде туындайды. Ең жиі кездесетін мынандай ереже бұзушылықтар бар:
қарыз алушыға деген жеткілікті деңгейде қаталдықтың болмауы (мысалы, өтінішті "достық" көңілмен мақұлдай салу);
қаржылық сараптаманың профессионалды жүргізілмеуі;
несие қызметкерінің кәсіпорын қажеттіліктерін, сала спецификасы т.б. маңызды факторларды жақсы зерттемеу, оның әсерінен ссуданы жақсы құрылымдамау(структурирование);
ссуда бойынша кепілдің жеткілікті болмауы(мысалы, кепілдің бағасын жоғары алу);
ссуданы құжаттаған кезде жіберілген қателер(келісімде банк мүдделерін көздейтін маңызды шарттарын көрсетпей кету);
ссуданы қайтару уақытында қарыз алушы үстінен бақылаудың нашарлығы(компанияның кепілін тексерудің, зерттеудің болмауы).
Ссуда алған кәсіпорының немесе компанияның тиімді жұмыс істемеуі әсерінен:
басшылықтың әлсіздігі;
өнім сапасының төмендеуі және оның рыноктан ығыстыру факторлары;
жарнамалық компанияның жоспарының болмауынан, болашақ рыноктарды бағалаудың қателігінен маркетингтің тиімді болмауы;
компания қаржыларының бақылануының нашарлығы (дебиторлық қарыздың өсуі, қосымша шығындар және т.б.)
Сонымен қатар, банк тарапына тәуелді емес факторлар да маңызды роль ойнауы мүмкін:
экономикалық конъюктураның нашарлауы;
саяси өзгерістер;
заңнаманың өзгерісі;
технологиялық ілгерушілктер және т.б.
Біз айтып өткендей несиені қайтаруға байланысты қиындықтардың кездейсоқ пайда болуы өте сирек кездеседі. Әдетте қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауының, оған сәйкес берілген несиенің уақытылы қайтарылмауы немесе мүлдем үмітсіз несиеге айналып кету туралы алғашқы дабылдардың көп түрі бар.
Бұлар былай анықталады:
қаржылық есеп беруін сараптау;
қарыз тұлғаның өзімен жеке контактілерге;
үшінші тұлғалардың хабарлары нәтижесінде;
банкінің басқа бөлімдерінің мәліметтері негізінде;
Несие, қызмет ету периодында, қарыз алушы банкке балансын, пайда мен шығындары туралы есебін нақты қаражаттардың түсуі туралы есебін және т.б. материалдарды беруге міндетті. Оларды өте мұқият сараптау айда бола бастаған қауіпті ашып бере алады. Банк мынаған көңіл бөлу керек:
дебиторлық қарыздың күрт өсуі;
запастардың айналымының тежелуі;
қысқа мерзімді активтер үлесінің төмендеуі;
қысқа мерзімді қарыздың пропорционалды өспеуі;
өтімділік коэффициентінің төмендеуі;
активтер сомасында негізі капиталдың үлесінің ұлғаюы;
сату көлемінің азаюы;
мерзімді өткен қарыздарының өсуі;
операциондық қызметтен шығындардың пайда болуы;
коммерциялық несиелеу шарттарының өзгеруі және т.б.
Банк үшін клиентпен әрдайым персоналды контактілерді сақтап тұру тиімді. Яғни компанияны, оның филиалдарына соғып, басқарушы кадрлармен кездесу жұмыстары, бұлар жұмысбасты емес персоналды, артық запастарды, көрсетілмеген құрал - жабдықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Банк қызметкерлерін келесідей фактілер аса мұқият болуға шақырады;
жоғарғы басқарушы құрамның мінезінің, әдеттегі істерінің өзгеруі;
басшылардың отбасы аясындағы проблемалары;
банкпен қарым - қатынасқа түсуге зауқы соқпауы және арадағы қарым - қатынастың күрт өзгеруі;
бастыы қызметкерлерін ауыстыру;
жаңа кәсіпорындарды құрумен қызығушылық, жылжымайтын мүлікті сатып алумен айналысу;
қаржылық есеп беруді жақсы құрмау;
негізделмеген тәуекелге бел буу;
өнімге ақылға сыймайтын бағаларды қою;
рынок жағдайларының нашарлауына реакцияның баяулығы;
әлсіз операциондық бақылау;
басшылықта сабастастықтың болмауы;
маңызды клиенттерді жоғалту;
спекулятивті запастарды құру;
тозған құрал - жабдықтарды ауыстырудағы уақытты созу;
Банк үшін клиенттің басқа серіктестермен қарым - қатынастың өзгеруі көп мәліметтерді бере алады:
қарыз алушының несиелік қабілеттілігі туралы оның тауарларды төлеуге байланысты жеңілдіктер ұсынуға өтінішіне орай банкпен шақырымдар алуы;
компания туралы оның жаңа несиелеушілерінен мәлімет алу;
сақтандыру компаниясының сақтаныдыру премияларын төлемеу туралы сақтандыруды жою туралы хабар беру;
банк шоттарында қаражаттары жоқтығы уақытында чектерді төлеуге ұсыну;
алдын - ала төлеу шартында компаниямен тауарларды сатып алу.
Басқа банк бөлімдерінен клиенттің шотында қалдықтарының күрт азаюы туралы маңызды мәліметтер алуға болады.
Егер сапалы емес(проблемалық) ссуданы анықтаған жағдайда, осы несиені қайтаруды қамтамассыз ету шараларын қолдану қажет. Ең жақсы амал - қарыз алушымен бірге отырып несиені қалпына келтіруге және қарама - қайшылықтарды жоюға бағытталған жұмыстар жоспарын құру. Егер бұл шаралар өз мақсатына жетпесе, онда банк өз мүдделерін қорғап, қарыз алушыға қарызды қайтаруды, кепілді сатуды, кепілдік берген тұлғаға өз талаптарын орындауды алап етуге міндетті. Ең соңғы амал - ол қарыз қайтармаушы тұлғаны банкрот деп жариялау, бірақ бұл әрбір тараптар үшін ең тиімсіз жол болып саналады.
Банк ешқандай уақыт оздырмай іс - әрекет жасау керек, өйткені егер қарыз алушы сауда кредиторларына, салық органдарына, сақтандыру компанияларына төлемдерді кешіктірсе, оның бүкіл мүлкіне шектеу салынады, ал бұл болса банкінің, қарызды қайтаруды талап етіп тұрған несиелеушілердің ұзын кезегіне тұруына мәжбүр етеді.
Проблемалық ссуданы анықтаған уақытта ең бірінші қолданылатын қадам - орын алып отырған жағдайды объективті тексеру. Қарыз алушы позициясын айқындап алу қажет( осы жағдайды түзетуге деген оның көзқарасы қандай, оған сенуге бола ма, компания басшылығы пайдалылықты орнықтыра алады ма). Сонымен қатар, банк позициясын да айқындау шарт, банкінің үмітсіз қарыздары көп па? Егер көп болса, онда өте қымбат сот арқылы қайтару операциясына араласудың қажеттігі шамалы, онда да бұл сұрақты бейбітшілікпен шешіп, оның қалған қарызының бөлігін шегеруге барған барлығынан да дұрыс шешім болады.
Сосын банкінің несие қызметкері компания өкілімен кездесу ұйымдастырып , орын алып отырған жағдайда талықылау керек. Сонымен бірге, банк өкілі клиентті, банк онымен ары қарай жұмыс істеуге шешім қабылдады ма, жоқ па, оған тәуелсіз әріптестікке шақыру шараларын қолдану керек.
Егер клиентті, бұл жағдайда түзетуге болатынына көз жеткіздіртесе, онда іс - әрекет жоспарын құрастыруға болады, ол мынандай іс - шараларды қосуы мүмкін:
активтерді сату;
қосымша шығындарды азайту;
маркетингтік стратегияны өзгерту;
басшыларын ауыстырып, оның орнына ең басты орындарға жаңа тұлғаларды тағайындау.
Басқа шешім банкпен кепілді сатумен сипатталуы мүмкін. Бұл үшін ең алдымен құжаттарды тексеріп, банк шынымен де кепіл бойынша нұсқау беру құқының бар екендігін көз жеткізу қажет. Срсын кепілді сату мүмкіндіктерінің қандай деңгейде екендігін анықтау керек: әдетте бұл қымбат тұратын және уақыт алатын процесс. Ең тиімді жол - кепілді сатуға қарыз алушымен бірге отырып жұмыс істеу.
Қарызды қайтару немесе реструктуризациялау несиенің нақты ерекшеліктеріне байланысты анықталады.
Егер бірнеше кәсіпорын және банкілер бір - бірімен қарыздық міндеттемелерімен байланысты болса, онда несиелік қарызды жоюдың ең оңай жолы - клиринг табылады.
Батыс Еуропа елдеріне клирингілік есепайырысулар арқылы циклдік есепке алулар өткізілді. Банкілер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиелік тәуекелді басқару туралы
Банктің проблемалық несиелерді басқаруы тұрғысында несиелік тәуекелін талдау
Коммерциялық банктердің несие саясаты туралы
Банктердің несиелік тәуекелін басқару
Проблемалық несиелермен банктердің жұмысы
Коммерциялық банктердің несие портфелінің сапасын басқару мен бағалау
Банк басқармасы
Банктік тұтыну несилері
Тұтыну несиесі және оның Қазақстанда дамуы
Коммерциялық банктердегі несие саясатына талдау жүргізу (АҚ «БТА» банк тәжірибесінде)
Пәндер