Қазақстанның саяси партиялары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«»
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР» КАФЕДРАСЫ
Реферат
Пәні: «Саясаттану»
Тақырыбы: «Қазақстанның саяси партиялары»
Орындаған:
Тексерген:
Ақтау 2015 жыл
Мазмұны
1. Кіріспе . . . 3
1. 1. ХХ ғасырдағы саяси қозғалыстар . . . 3
2. Негізгі бөлім . . . 4
2. 1. Қазақстандағы партиялардың пайда болуы . . . 4-5
2. 2. Көппартиялық жүйенің қалыптасуы . . . 6-10
2. 3. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың жеке адамның саяси еркіндігіне ықпалы . . . 11-15
3. Қорытынды бөлім . . . 16
3. 1. Партиялардың топтасушылығы . . . 16
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 17
1. Кіріспе
1. 1. ХХ ғасырдағы саяси қозғалыстар
XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалык, саяси және әлеуметгік жағдайы ауырлап кетгі. Ресейдің отаршылдык езгісі күшейе берді, одан коныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халыктың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоксанында Орал қаласында Ә. Бөкейхановтынң бастауымен Қазакстанның 5 облысының «делегаттар съезі» шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірақ кадетгер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық, аграрлық және т. б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардың өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы «Казақ» газетінің 1917 жылғы 256-санында арнайы мақала шықгы. Бірінші бүкілқазақтық съезд Орынборда 1917 ж. шілденің 21-26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірак делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау және қазақтың саяси партиясын құру мәселелеріне аударды.
1917 жылы 21 қазанда «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясы бағдарламасынын, жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек; Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына карамай бәрі де тең; онда тендік, жеке адамның дербес кұкылығы, сөз, баспасөз, одақтар еркіндігі қолданылады; дін мемлекеттен бөлінеді, барлық діндер тең, қазақтардың өзіндік муфтияты бо-луы керек; билік пен сот әр халықтың ерекшелігіне сай кұрылуы, би мен қазы жергілікті халықтың тілін білуі тиіс, барлық оку орындарында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы керек және басқалар.
1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпықазақтық съезі шақырылды, Онда Алашорда үкіметі кұрылды. Басшысы болып Ә. Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі кысқа болды да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен талқандалды, «Алаш» партиясының басшылары мен мүшелері репрессияға ұшырады.
2. Негізгі бөлім
2. 1. Қазақстандағы партиялардың пайда болуы
«Алаш» партиясы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері (В. Григорьев, П. Пахмурный, А. Сармурзин) бұрынғы коммунистік идеологияның тұрғысынан оны «буржуазиялық-ұлтшыл» партия ретінде қарайды. Екіншілері (М. Қозыбаев, М. Қойгелдиев) оны ұлттық-демократиялық партия деп санайды. Шынында да, алаштықтар капитализмді құру немесе тек таза ұлттық мемлекетгі орнатуды өздеріне бағдарламалык мұрат етіп койған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркени-етті адамгершілікті қоғам құрғылары келді. Бұл буржуазиялық-ұлтшылдық емес, жалпы демократиялық мақсатқа жатады.
«Алаш» теориясы сияқты 1917 жылдың күзінде Қазакстанда «Үш жүз» деген партия құрылды. Оның басшысы Қ. Тоғысов деген болатын. Ол большевиктерге бағдар ұстап, «Алаш» партиясының басты оппоненті болды.
1918 жылы 1 қаңтарда Семейде большевиктердің партия ұйымы құрылды. Ал Кеңес өкіметі кезінде, көпшілікке белгілі, жалғыз басқарушы партия СОКП болды. Қазақстан тарихында шұғыл бетбұрыс болып, өшпес із калдырған Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Ол жалғыз біздің елді ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағына кірген елдердін. барлығын дүр сілкіндірді. Қазақ жастары бірінші болып «орталықтың» отаршыл саясатымен әкімшіл-әміршіл жүйесіне ашык, қарсылық білдіріп, тайсалмастан, батыл шеруге шыкты. Бұл көтеріліс азаттық жолындағы күреске, жаңа саяси ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуына түрткі болды. 1987 жылы шілдеде СОКП Орталық Комитетінін казак халқын ұлтшыл деп кінәлаған каулысы жағдайды одан әрі асқындырып жіберді. Қазақтың үлтгық санасын дамыту, өзінін шыккан тегіне бет бұру, тілін, дінін, ұлтгық мәдениетін дамыту керектігін дәлелдеп, алға тартып бастамашы топтар пайда бола бастады. Осы мәселелерді бірінші болып көтерген «Желтоқсан» қозғалысы дүниеге келді, кейін (1990 ж. мамырда) соның негізінде осы атгас партия кұрылды.
Республиканың саяси өмірінде «Қазак, ССР-індегі коғамдык бірлестіктер туралы» заңы айтарлықтай рөл атқарды. Ол азаматтарға қоғамдык ұйымдар құру еркіндігіне кепілдік берді. Бейресми саяси партиялар мен бірлестіктер занды жұмыс істеуіне мәртебе алды. Олар тіркеуден өткеннен кейін халық депутаттығына талапкерлерді ұсынуға құқылы.
Республикадағы алғашқы коғамдық-саяси құрылымдар Коммунистік партияға оппозиция ретінде пайда болды. Кейінірек, тәуелсіздікті алып, жаңа конституцияға дайындыққа байланысты саяси күрестің басты мәселелері болып азаматтық, мемлекеттік тіл, жердің жеке меншікке сатылуы және т. б. койылды. Қазіргі кездегі негізгі мәселе - республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құкықтык мемлекет күру. Оған еліміздегі ешқандай партияның дауы, қарсылығы жоқ, бәрі де мойындайды. Әңгіме тек оны калай жүзеге асыру керек, ол жолда қаңдай тәсілдер мен кұралдарды пайдаланған жөн: батыл, түбегейлі түрде ме әлде акырын, бірте-бірте ме немесе тағы басқа ма? Сонымен қатар республикадағы барлық партиялар өздерінің бағдарламаларында демократиялық, кұндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қазақстанда азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайды.
Республикадағы партиялардың саны үнемі өсуде. Бірак көппартиялықтың қалыптасу процесі ақырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол - көптеген партиялардын. мүше саны аз, олар саяси процеске шын мәнінде араласпайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар әлі орнамаған. Олар халықка онша таныс емес, көбіне формальды түрде есептеледі. Сондыктан Қазақстанда калыптасқан көппартиялы іс туралы айту әлі ерте сиякты.
Онын себептері қандай? Ең алдымен, республикада пікір алуандығының тарихи дәстүрінің болмауы, саяси мәдениеттін төмендігі, кұқықтық негіздің әлсіздігі. Оның үстіне, кейбір партиялар пікірлестердің бірлестігі ретінде қалыптаспады, «жоғарғы» жақтың ұйғарымымен жасалады. Оларды болашак сайлауда өз кандидатурасын ұсыну үшін бұрынғы партия, кеңес, кәсіподак қызметкерлері кұрды. Сондықтан жергілікті жерде халықтың біразы ондай партиялардың барын да білмейді. Көптеген партиялардың өз мақсат, бағдарламаларын насихаттап, үгіт жүргізерлік мүмкіндіктері аз. Олардың баспалары, радио, теледидарларда каналдары не мерзімді уакыттары жоқ. Қазақстанда көппартиялықтың бұдан әрі даму бағыты қандай болмақ деген сұрақ тууы мүмкін. Топтық мүдделердің жікте-луіне карай бағыт-бағдары жақын партиялар бір-біріне жақындай түсуі, жинақталуы, жаңа партаялардың дүниеге келуі, кейбіреуінің саяси сахнадан кетуі мүмкін. Болашақ партиялар көбіне универсалдық сипат алатындай сыңайы бар. Сонымен қазіргі коғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатардағы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті корғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін кұрылады. Партиялар бұкара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының манызды көрсеткіші болып саналады.
2. 2. Көппартиялық жүйенің қалыптасуы
Қазіргі кезде елімізде 12 саяси партия әрекет етеді. Олар - “Отан”, “Асар”, Азаматтық, Аграрлық, “Ауыл”, Патриоттар, “Әділет”, “Руханият”, “Ақ жол”, “Нағыз Ақ жол”, Коммунистік, Коммунистік халықтық партиялары. “Алға” партиясы тіркелу үдерісінен өтуде. Бірқатар қоғамдық қозғалыстар (“Ақорда”, “Табиғат” және басқалары) оқтын-оқтын партия болып құрыламыз деп мәлімдеумен келеді. Бұл партиялардағы мүшелерінің жалпы саны шамамен 1, 3 млн. адамға жетеді, яғни елдегі сайлаушылар санының 15, 1%-ын құрайды.
Қазақстанда ең ірі партия “Отан” болып табылады, оның 519 мыңдай мүшесі бар. Мүшелерінің саны жағынан бұдан кейінгі орындарда “Асар” (220 мың адам), Азаматтық және Аграрлық партиялардың “АИСТ” блогы (116 мың), Қазақстанның “Ауыл” социал-демократиялық партиясы (61 мың), “Ақ жол” (57 мың адам) келеді. 2002 жылы қабылданған “Саяси партиялар туралы” Заңға сәйкес партия мүшелерінің ең аз саны кем дегенде 50 мың адам болуы керек.
2004 жылғы парламенттік сайлаудың қорытындылары бойынша 7%-дық белесті төрт партия: “Отан”, “АИСТ” блогы, “Асар”, “Ақ жол” тексерді. Қазіргі кезде Парламентте “Отан” басым жағдайға ие болып отыр. Оның Сенат пен Мәжілістегі орта есеппен өкілдігі 61, 3%-ды құрайды. “Асарда” бұл көрсеткіш 5, 2%-ға, “АИСТ” блогында - 14, 3%-ға тең. “Ақ жол” партиясы осы уақытқа дейін өзінің жалғыз депутаттық мандатын пайдаланбай келеді. Мәслихаттардағы депутаттардың 71%-ы дерлігі “Отанның” мүшелері. Бұл ретте мәслихаттар хатшыларының 94%-дайы “Отанның” атынан сайланғанын айта кеткен жөн. “АИСТ” блогы мәслихаттардағы депутаттар орнының 10%-ына ие болса, “Асар” - 2, 4%, “Ақ жол” - 1, 3%, “Ауыл” - 0, 8% көрсеткішке қол жеткізді.
Партиялардың саяси сан алуандықтағы ұстанымдары жөнінде олардың бағдарламалық құжаттарын негізге ала отырып, пікір түюге болады. Саяси спектрдің центризмін билік ыңғайындағы партиялар алып отыр. Мұнда басты рөлді “Отан” партиясы атқаратыны белгілі. Ол өзінің идеологиялық ұстанымдарында қоғамның социал-демократиялық және либералдық сұраныстарының арасында тепе-теңдік сақтай отырып, партиялық-саяси спектрдің центристік бөлігінде басымдық танытып келеді. Онымен солшыл центристік уклондағы “Асар” және көп ретте оңшыл центристік сипаттағы “АИСТ” блогы мен “Әділет” партиясы ыңғайлас болып отыр.
Оң қанатта “Ақ жол” партиясы орналасқан. Оңшыл электорат үшін “Ақ жолмен” одан бөлініп шығып, үстіміздегі жылдың наурызында Әділет министрлігінде ресми тіркеуден өткен “Нағыз Ақ жол” партиясы таласатын болып жүр.
Сол қанатта С. Әбділдиннің Коммунистік партиясы, оған балама болып жүрген Е. Әбілқасымовтың Коммунистік халықтық партиясы, сондай-ақ “Ауыл” және “Руханият” партиялары әрекет етуде. Бұқаралық социологиялық сұрау салулардың нәтижелеріне сәйкес халық тарапынан қолдау рейтінгінде билік партиялары айтарлықтай басымдыққа ие болып отыр. Қазақстандық “Ксилон” компаниясының зерттеу мәліметтері бойынша Президентті жақтайтын партиялардың жиынтық рейтингі оппозицияның осындай көрсеткішінен 7, 5 есе дерлік артық екен. Мәселен, сәуір айында “Отан”, “Асар”, Азаматтық, Аграрлық, “Әділет”, “Руханият” партиялары үшін сайлаушылардың төрттен үш бөлігі, немесе 74 пайызы дауыс беруге әзір екендіктерін білдірген. Ал енді оппозициялық және жартылай оппозициялық партиялардың жиынтық рейтингі 10 пайыз шамасында қалған.
Қазір еліміздегі көптеген партиялар өздерінің көпшілік арасындағы ресурсын күшейту мақсатында саяси жүйені жаңарту жөніндегі реформаларды ілгерілету негізгі мақсаты болып табылатын Мемлекеттік комиссияның қызметіне белсене қатысуда. Осындай тұрғыдан келіп партиялық-саяси күштердің топтасу мақсатындағы кейбір жақындасуы жүріп жатыр. Мысалы, өкілетті органдардың өкілеттіктерін кеңейту жөніндегі жұмыс тобында бірге жүрген “Ауыл” партиясының лидері Ғ. Қалиевтің және Патриоттар партиясының жетекшісі Ғ. Қасымовтың ұстанымдары елеулі түрде жақындаса түсті. “Ақ жол” және “Алға” партияларының да топтасу мүмкіндігі байқалады. Мемкомиссияның жұмысы басталғаннан кейін А. Байменов пен А. Қожахметовтің байланыстары жиілей түсіп, ол партияаралық өзара ықпалдасу ыңғайына көшірілген тәрізді. Әлбетте билік ыңғайындағы партиялар қатарында да центризмге ұмтылушылық байқалғаны анық. 19 маусымда “Асар” партиясының төрайымы Д. Назарбаева Президентті жақтайтын партиялардың бірігу тұғырнамасын ұсынды. Бұл ұсынысты ең алдымен “Отан” партиясы қолдап шықты.
“Отан” партиясы 1999 жылы президенттіктен үміткер Н. Ә. Назарбаевты қолдаудың қоғамдық штабы негізінде құрылып, партияның құрылтай съезі Алматыда 1999 жылғы ақпанда өтті. Оның құрамына Демократиялық партия, Халық бірлігі партиясы, Либералдық қозғалыс және “Қазақстан-2030 үшін” қозғалысы кірді. “Отан” партиясының Төрағасы Президент Н. Ә. Назарбаев болып табылады. Ағымдағы басшылықты партия төрағасының міндетін атқарушы Б. Жұмағұлов жүзеге асырады. Екі партия біріккенге дейін А. Павлов пен А. Ермегияев орынбасарлары болған.
Қазіргі кезде партия іс-әрекетінің негізі “Қазақстандық жол-2009” бағдарламасы болып табылады, бұл бағдарлама оның 2004 жылғы парламенттік сайлаудағы сайлау тұғырнамасы болып табылады. Партиялық-саяси спектрде “Отан” центристік ұстанымда тұрып, Мемлекет басшысының жаңарту бағытына қуатты қолдау білдіріп келеді. Өзінің саяси ұстанымдары мен практикалық іс-әрекетінде этносаралық келісімді қамтамасыз етуге барынша айқын бағдарланған бірден-бір партия осы.
“Отан” партиясынан 21 депутат Парламент Сенатының, 53 депутат Мәжілістің құрамында болса, оның мәслихаттардағы депутаттар саны 2350 адамға жетеді. Партия Солтүстік Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Ақтөбе облыстарында айтарлықтай қолдауға ие болып отыр. Оның әлеуметтік базасын негізінен мемлекеттік басқару, құқық қорғау құрылымдарының, мәдениет, білім беру және ғылым, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың жетекшілері, орта деңгейдегі басқару қызметкерлері, кәсіпкерлер, фермерлер, студенттер құрайды. “Отан” өз қатарына көптеген этностардың өкілдерін біріктірген.
“Отанның” 19 филиалдан, барлық дерлік аудандар мен ірі елді мекендердегі 220 өкілдіктен, 9809 бастауыш партия ұйымдарынан тұратын тармақталған өңірлік желісі бар. Партия сайлау аралығындағы кезеңдерде де белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, 2006 жылдың басынан бері жалпы жиынтығында 2, 3 миллионнан астам адам қатысқан 22, 5 мың шара өткізілді. Солардың ішінен Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемкомиссия жұмысына қатысуын, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының қағидаларын насихаттау мен түсіндіруді, халықаралық ұйымдар мен шетел өкілдерімен кездесулерін, Мәжілістегі “Отан” партиясы фракциясының Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен кеңестерін, ішкі партиялық жұмыстарын, сарапшылар алаңдарын ұйымдастыруды атап өтуге болады.
“Асар” партиясы 2003 жылғы қазанда өткен құрылтай съезінде құрылды. Екі партия біріккенге дейін “Асардың” төрайымы Мәжіліс депутаты Д. Назарбаева болды. Партия өзінің идеологиялық негізі ретінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын таңдап алған. Негізгі мақсат ретінде Қазақстанда әділ демократиялық қоғам құруды қойып отыр. “Асардың” халықтық бағдарламасы оның беделін айрықша көтеріп, қатарының қауырт өсуіне мүмкіндік берді.
Парламент Мәжілісінде “Асар” партиясынан 4 депутат, Сенатта 3 депутат бар. Облыстық мәслихаттардағы оның өкілдігін 52 депутат құрайды.
Партия 2003 жылғы желтоқсанда тіркелгеннен бастап оның мүшелерінің саны 77, 3 мың адамнан 220 мыңға дейін өсті. Жақтастарының арасында сауда қызметкерлері, кәсіпкерлер, студенттер, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым саласының қызметкерлері жиі кездеседі. Барлық облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Жезқазған, Семей, Түркістан қалаларында филиалдары бар.
“Асардың” қазіргі кездегі маңызды шараларының қатарында Қазақстан қоғамын жаңартудың жалпыұлттық бағдарламасын, Мемкомиссия жұмысына тікелей қатысуын, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына арналып өткізілген дөңгелек үстелді атауға болады.
Еліміздегі саяси жүйені жетілдіру қажеттігіне, ұстанымдарының ұқсастығына қарамастан, екі партияның бірігуіне оның мүшелерінің ел мүддесін ойлайтындығы үлкен ықпал жасағанын атап көрсеткен жөн. “Отан” партиясының кезектен тыс съезінде екі партияның бірігуі жөніндегі шешім қабылданғаннан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл оқиғаға өз ризашылығын білдіріп, “Осындай ауызбіршіліктің, ел бірлігін бәрінен де жоғары қоюдың үлгісін “Отан” мен “Асар” партияларының көрсетіп отырғаны аса ғанибет”, деп атап көрсеткені белгілі.
Біріккен жаңа “Отанның” құрылуы арқылы билік Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясын іске асыру мақсатында ұлтты жұмылдыра алатын осындай партияға мүдделілігін көрсетті. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тәжірибесі көрсеткеніндей, олардың экономикалық секірісі көп ретте саяси аренаға бір доминанттық партияның шығуымен байланысты болған. Өзі құрылған 1955 жылдан бастап іс жүзінде үздіксіз билікте келе жатқан Жапония либерал-демократиялық партиясы, билік тізгінін 1959 жылдан бері ұстап тұрған Сингапур халықтық іс-әрекет партиясы, 1955 жылдан билік жүргізіп келе жатқан Малайзияның “Барисан насионал” коалициясы осындай қатардан.
Мұндай мысалдарды Азиядан ғана емес, сонымен бірге санғасырлық демократиялық құрылым тарихы бар еуропалық елдерден де табуға болады. Швеция социал-демократиялық жұмысшы партиясы 1932 жылдан 1976 жылға дейін жеке өзі немесе коалиция жетекшісі ретінде билікте болды. Соңғы отыз жылда да бұл партия сайлауларда барынша көп табысқа жетіп, үкіметті қалыптастыру құқығын иеленіп келеді.
Қазақстандағы Президентті жақтайтын негізгі партиялардың бірігуі “Біртұтас Ресей” партиясын құру жөніндегі көрші елдің тәжірибесіне ұқсас болғанымен, оның көшірмесі емес. Ресей Федерациясында мұндай үдеріс жоғарыдан төмен қарай президенттік билікті нығайту қажеттігімен байланысты болды. Ал Қазақстанда билік ыңғайындағы партиялардың бірігуі басқа себептен, нақтылап айтсақ, күшті де өзекті билік партиясына арқа сүйей отырып, жаңару серпілісін қамтамасыз етуден туындады.
Екі партияның бірігуі елде элита ішіндегі мүдделер тепе-теңдігіне қол жеткізілгенін көрсетеді. Бұрын болған келіспеушіліктер немесе қарама-қайшылықтар еңсерілді. Бұл ретте элита топтасуының басты факторы Мемлекет басшысы болып табылады. Президенттік тұғырнама негізінде біріккен екі ірі партия ғана емес, ойымызда олардың артындағы жетекші саяси және мемлекеттік күштер де тұруы керек.
“Отан” мен “Асардың” бірігуі негізінде өмірге келген саяси ұйымның шын мәнінде бұқаралық және жалпыұлттық сипаты болады. Партиялық дамуда элиталық немесе қаржы-өнеркәсіптік топтардың саяси текетіресі ретіндегі жәйттерден бас тартушылық байқалып отыр. Президентті жақтайтын партиялардың бірігуі биліктің партиялық алаңында бастамашылдықты сақтап отырғанын білдіреді. Мұның өзі саяси реформаларды жүргізудегі биліктің белсенділігімен де қуатталады. Мемкомиссияның дөңгелек үстеліне барлық ірі партияларды жинап, саяси жаңаруға байланысты мәмілелерге қол жеткізген билік Қазақстандағы демократиялық үдерісті белсенді түрде ынталандырып отыр. Екі партияның бірігуі Президентті жақтайтын күштердің 2005 жылғы сайлауға дейінгі топтасушылық үдерісінің қисынды нәтижесі болып көрінеді. Қазақстан Халықтық коалициясы блогының аясындағы бірлескен жұмыс тәжірибесі текке кетпепті. Бұл жолғы топтасушылық бұрынғыдан әлдеқайда елеулі болып отыр. “Отан” мен “Асар” бір-бірін үйлесімді толықтыра алады. Бір жағынан, “Отанның” негізділігі мен бұқаралығы, екінші жағынан, “Асардың” креативтілігі мен энергетикасы бұл партияны қуатты күшке айналдырады.
Қазіргі билік саяси технологиялар аппаратын шебер қолдана отырып, жоғары кәсіби деңгейін көрсетті. Біртұтас та ірі билік партиясын құрған ол өзінің әлеуетті бәсекелестерінің бәрін ұтылыста қалдырып отыр.
2. 3. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың жеке адамның саяси еркіндігіне ықпалы
Саяси партиялар азаматтардың саяси өмірге қатысуының негізгі себепші әлеуметтендіру құралы болып есептеледі. Қоғамда ұйымдар, соның ішінде саяси ұйымдардың мүшелерінің саны мен сапасының көрсеткіші жоғары болған сайын, олардың саясатқа қатысу деңгейі де жоғары болып есептеледі. Бірақ, барлық уақытта солай болады деуге болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz