«Қазақ халқының идеалындағы «жетілген адам», «толық адам» ұғымдары»



1)Жеке адам“, “адам“ ,“индивид“,“тұлға“, «кемел адам», «кемел иман» анықтамаларының жүйесін құрып талдау.
2) Қазақ халқының идеалындағы «жетілген адам», «толық адам» ұғымдары.

3) Қорытынды
Жеке адам ұғымын индивид пен адамның ерекшілігі (индивидуальность) жөніндегі ұғымдарда ажырата білу қажет. Индивид ұғымы кімінің адам баласына жататынын ғана білдіреді. Ал жеке адамның ерекшелігі жайындағы ұғым бір адамның екінші адаммен салыстырағндығы физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, тек өзіне тән қасиеттерін білдіреді.Жеке адам ұғымы адамның өзіне тән қасиеттері мен атқаратын әлеуметтік қызметін түгел қамтиды. Идеализм жеке адамды әлеуметтік өмірден тыс, тарихты өз бітімен жасайтын рухани жан деп есептейді.
1)Қ.Сейталиев «Жалпы психология»Алматы «Білім» 2012
2)Ж.И.Намазбаева «Психология»Алматы 2005
3)Ж.Молдабеков «Этнопедагогика»Астана 2007
4)Дайырова Ә., Құрманбаева Г. Абайдың тәлімгерлік тағылымы. А., Рауан, 1996.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Реферат
Пәні: Педагогика
Тақырыбы: Қазақ халқының идеалындағы жетілген адам, толық адам ұғымдары

Орындаған:

Тексерген:

Ақтау 2014 жыл

Жоспар: 1)Жеке адам", "адам" ,"индивид","тұлға", кемел адам, кемел иман анықтамаларының жүйесін құрып талдау.
2) Қазақ халқының идеалындағы жетілген адам, толық адам ұғымдары.

3) Қорытынды

Жеке адам
Жеке адам - қоғамдық дамудың нәтижесі, нақтылы тарихи жағдайлармен байланысты еңбек, қарым-қатынас және таным субъектісі.
Түсініктеме
Жеке адам ұғымын индивид пен адамның ерекшілігі (индивидуальность) жөніндегі ұғымдарда ажырата білу қажет. Индивид ұғымы кімінің адам баласына жататынын ғана білдіреді. Ал жеке адамның ерекшелігі жайындағы ұғым бір адамның екінші адаммен салыстырағндығы физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, тек өзіне тән қасиеттерін білдіреді.Жеке адам ұғымы адамның өзіне тән қасиеттері мен атқаратын әлеуметтік қызметін түгел қамтиды. Идеализм жеке адамды әлеуметтік өмірден тыс, тарихты өз бітімен жасайтын рухани жан деп есептейді. Тарихи материализм жеке адам қоғам дамуының нәтижесі, қоғамдық қатынастардың субъектісі, әлеуметтік коллективтің бір бөлігі, мүшесі деп ұйғырады. К.Маркс тұнғыш жеке адам мәселесін нақтылы тарихи жағдаймен байланысты зерттеп, антагонистік қоғам мен жеке адамның арасындағы қарама-қарсылық сол қоғамның әлеуметтік қайшылықтарының көрінісі екенін дәлелдеп берді. Қоғамнан тыс жеке адамның өмір сүруі мүмкін емес, сондықтан оның еркіндігі мен көркеюі халықты бостандыққа жеткізу ісімен тікелей байланысты деп көрсетті.

Адам ұғымы. Адам - ғарыштың тудырған ғажап пендесі. Өйткені оның денесі болса да, ол ең алдымен - рух. Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамның басқа тіршілік әлемінен айырмашылығы - шексіздікке кетеді. Сондықтан ғасырлар бойы қайсыбір дін адамды Құдай жаратты деген қағиданы осы уақытқа дейін ұстап отыр.
Философияның көп мәселелері ішіндегі ең өзектілерінің бірі -адам мәселесі. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғалымдар ғана емес, сонымен қатар жаратылыс танушылар да антроптық принципті қолдап отыр. Осыдан 13 млрд. жыл бұрын Ұлы Жарылыстың негізінде пайда болған Дүние - Ғарыш Әлемі қажетті түрде сан алуан кездейсоқтықтар тоғысының барысында тіршілікті, содан кейін саналы пендені, адамды, тудырады екен.
Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан алуан анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны - Ноmо Sapiens - саналы адам, яғни ол - рухани пенде. Адам өз алдына неше түрлі мақсат-мұраттар қойып, соларды іске асыруға ұмтылады. Оларды іске асыру жолында ол басқа адамдармен сан алуан саналы қарым-қатынасқа түседі. Адамның неше түрлі алаңдау мен күту, қайғы мен қасірет, шаттық пен шығармашылыққа толы ішкі рухани өмірі бар.
Американ саяси қайраткері, сол елдің Конституциясын жасауға атсалысқан Д.Франклин адамға Ноmо Ғаbеr - құралданған адам деген анықтама берді. Шынында да, тек қана адам еңбек құралдарын жасап, оларды үнемі пайдаланады. Мысалы, маймыл жерде жатқан бұтақты, я болмаса тасты алып пайдалануы мүмкін. Бірақ содан кейін ол оны лақтырып тастайды да, оған екінші рет қайтып оралмайды. Бірде-бір маймыл жасанды өз ойына сәйкес келетін құрал жасап көрген жоқ. Оны істей алатын - тек қана адам. Осыдан, адам дегеніміз,еңбек әрекетімен шұғылдана алатын,әлеуметтік қатынастарға түсетін,өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады
Индивид Индивид адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивид - жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет - ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың кез келгенінен әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқолық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар еді

Тұлға. Тұлға -- жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық
қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі. Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз "менің" өзге "меннен" ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын "Он үште отау иесі" деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.
Кемел адам Кемел адам(араб. "инсан-и камил" - толық адам) - ақыл-ойы толысқан кісі. Діни ілімде кемел адам - кісілікке жат қылықтардан әбден арылып тазарған, ішкі жан-дүниесі ағарып, рухани қасиеті артқан, мүлтіксіздіктің қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл адам. Кемел адамның әрбір іс-әрекеті Алла тағалаға арналады. Ол - адасқандар үшін темірқазықтай жол көрсетуші, жолда қалғандар үшін - көпір, үміті үзілгендер үшін - ашылар есік. Кемел адам ұғымы қазақ әдебиетінде кітаби ақындар мен Абайдан бастап cөз болып келеді. Бұл ұғымның арғы төркіні Жүсіп Баласағұнидің "Құтты білік" дастаны мен сопылық сарындағы туындылардан тамыр тартады. Сопылық сарындағы поэзияда Кемел адам ұғымы екі таным тұрғысынан бір-біріне тығыз байланыста жырланады. Бұл құбылыс, әсіресе, "Құдатғу білік" дастанында өзінің айқын белгісін аңғартып, ондағы Күнтуды (Әділет), Айтолды (Дәулет), Огдүлміш (Ақыл) үшеуі, яғни Әділет, Дәулет, Ақыл осы өмірге қызмет етуге ұмтылған кемел адамбейнесінде жырланады. Кемел адам туралы ой Абай шығармаларында толық адам, жарым адам, камили инсани, толық сөздер арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Этнопедагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (оқытушылар үшін)
ХАКІМ АБАЙДЫҢ ҒИБРАТЫ (БЕЛГІБАЙ ШАЛАБАЕВ ХАКІМНІҢ ҒАҚЛИЯСЫ МЕН ПУШКИН ЖӘНЕ АБАЙДЫҢ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ РОМАНЫ ХАҚЫНДА)
Қазіргі заман өнеріндегі адам болмысы мәселесі
Адамның сенім жүйесі оның дүниетаным көрінісі
Қ.А ЯССАУИ ТАСАУУФТЫҚ ІЛІМІНІҢ ТҮРКІ ДҮНИЕТАНЫМЫНА ӘСЕРІ
Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу біліг» дастанындағы халықтық педагогика негіздері
Шығыс философиясы
Халықтық педагогикасындағы балаларды еңбекке баулудың ұлттық идеялары
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов жайлы
Этнопедагогика ғылым және оқу пәні ретінде
Пәндер