Балқаш көлі



Балқаш көлі – Қазақстандағы Каспий мен Аралдан кейінгі үшінші ағынсыз үлкен ірі айдың болып табылады. Балқаш-Алакөл ойпатының терең шараларының бірінде. Теңіз деңгейінен 342 метр биіктікте жатыр. Ұзындығы 614 километр, ең енді жері 74 километр, жағасының ұзындығы 2383 километр, орташа тереңдігі 6 метр. Ең терең жері 26 метр. Айна көлдің беті 18 мың шаршы километрді алып жатыр. Жиналған су көлемі 413 мың куб шаршы километр. Оңтүстік-батысында судың түсі сұрғылт-сарғыштау, шығысында - көгілдір. Балқаш көліне Іле, Қаратал, Лепсі, Ақсу, Аягөз, Бақанас, Тоқырау, Мойынты өзендері құяды. Барлық осында құятың өзендердің су көлемінің 70 пайызын Іле береді. Балқашта көптеген ірі шығанақтар, мүйістер, түбектер бар. Ірі шығанақтары: Алакөл, Қарақамыс, Қашқантеңіз, Сарышаған, Бертіс, Балықтыкөл, Қарашаған; түбектері: Қоржынтүбек, Қараағаш, Байғабыл, Кеңтүбек; ірі аралдары: Басарал және Тасарал.
Балқашта балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі көлдің өзінде өскен балықтар (Іле,Балқаш көкбасы, балқаш алабұғасы). Кәсіптік маңызы бар балықтар: сазан, көксерке, балқаш алабұғасы, шармай, аққайран. Жағалауда қабан, қасқыр, түлкі, қоян; құстардан қаз, үйрек, қырғауыл, шағала, аққу, т.б. мекендейді. Кеме қатынастары үзілмейді. Басты пристаньдары - Бурылбайтал, Бөрілтөбе. Көлдің суы Балқаш кен-металлургия комбинатының өндірістік қажетіне кеңінен пайдаланылады.
Атырабының климаты континенттік. Шілде айының орташа температурасы 240С-қа жуық, қаңтарда -80С-қа жуық. Жауын-шашынның орташа мөлшері 120 мм. Ауаның ылғалдылығы 55-60%. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 4,5-4,8 м/с. Жел солтүстік және солтүстік-батыс бағытында басым соғады. Балқаш қарашаның аяқ кезінде қатады, сәуір айында мұзы түседі. Іле өзенінде Қапшағай СЭС-нің салынуына байланысты көлдің гидрологиялық режимі өзгерді: деңгейі төмендеді, тұздылығы артты, су қабаттарының өзара араласуы баяулады, т.б.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Балқаш көлі – Қазақстандағы Каспий мен Аралдан кейінгі үшінші ағынсыз
үлкен ірі айдың болып табылады. Балқаш-Алакөл ойпатының терең шараларының
бірінде. Теңіз деңгейінен 342 метр биіктікте жатыр. Ұзындығы 614 километр,
ең енді жері 74 километр, жағасының ұзындығы 2383 километр, орташа
тереңдігі 6 метр. Ең терең жері 26 метр. Айна көлдің беті 18 мың шаршы
километрді алып жатыр. Жиналған су көлемі 413 мың куб шаршы километр.
Оңтүстік-батысында судың түсі сұрғылт-сарғыштау, шығысында - көгілдір.
Балқаш көліне Іле, Қаратал, Лепсі, Ақсу, Аягөз, Бақанас, Тоқырау, Мойынты
өзендері құяды. Барлық осында құятың өзендердің су көлемінің 70 пайызын Іле
береді. Балқашта көптеген ірі шығанақтар, мүйістер, түбектер бар. Ірі
шығанақтары: Алакөл, Қарақамыс, Қашқантеңіз, Сарышаған, Бертіс, Балықтыкөл,
Қарашаған; түбектері: Қоржынтүбек, Қараағаш, Байғабыл, Кеңтүбек; ірі
аралдары: Басарал және Тасарал.
Балқашта балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі көлдің өзінде
өскен балықтар (Іле,Балқаш көкбасы, балқаш алабұғасы). Кәсіптік маңызы бар
балықтар: сазан, көксерке, балқаш алабұғасы, шармай, аққайран. Жағалауда
қабан, қасқыр, түлкі, қоян; құстардан қаз, үйрек, қырғауыл, шағала, аққу,
т.б. мекендейді. Кеме қатынастары үзілмейді. Басты пристаньдары -
Бурылбайтал, Бөрілтөбе. Көлдің суы Балқаш кен-металлургия комбинатының
өндірістік қажетіне кеңінен пайдаланылады.
Атырабының климаты континенттік. Шілде айының орташа температурасы 240С-
қа жуық, қаңтарда -80С-қа жуық. Жауын-шашынның орташа мөлшері 120 мм.
Ауаның ылғалдылығы 55-60%. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 4,5-4,8 мс. Жел
солтүстік және солтүстік-батыс бағытында басым соғады. Балқаш қарашаның
аяқ кезінде қатады, сәуір айында мұзы түседі. Іле өзенінде Қапшағай СЭС-нің
салынуына байланысты көлдің гидрологиялық режимі өзгерді: деңгейі
төмендеді, тұздылығы артты, су қабаттарының өзара араласуы баяулады, т.б.
Балқаш туралы алғашқы деректерді саяхатшылар В.Рубрук пен И.Карпина
еңбектерінде жазылды. Одан кейінгі кезеңде саяхатшы-географ А.Гумбольдтың,
зерттеуші геолог И.В.Мушкетовтың, зоолог-ихтиолог Г.В.Никольскийдің,
географ-биолог Л.СБергтің, геолог Н.М.Страховтың, ботаник В.В.Сапожниковтың
еңбектерін атауға болады. 1850-60 жылдары Балқаш ойысы мен Іле алабын
қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов зерттеді. Ол Балқаш алабына тығыз
байланысты Іле және Жоңғар Алатаулары табиғатына ғылыми сипаттама жасады,
бұларды биік таулық белдеулерге бөлді, Балқаш пен Алакөл шараларының пайда
болуы мен қалыптасу тарихының өте ұқсастығын алғаш дәлелдеді, сөйтіп Балқаш
табиғатының заңдылықтарын жан-жақты зерттеудің ғылыми бастамасын жасады.
Осындай байлығы бар, Балқаштың қазіргі жағдайы ауыр. Ол Арал кейпін
киюде. Ағынсыз көне көл таязданып барады (2003 жыл).
Балқаштың ең бірінші қатері – көлдің суы аумағының кішірейіп бара
жатқандығы. Іле өзенінің сағасына бірнеше су соратын қуыс резеңкелер
қойылған, оған қоса судың көпшілігі құм арасында жоғалады. Егер су бетінің
көлемі қысқарып, су мен батпақта өсетін өсімдіктер азайып кетсе, онда балық
қорыда сирейді. Сонымен қатар Қапшағай ГРЭС-ң салынуы және Іле, Лепа,
Қаратал және басқа өзендердің суын бұрып, су қоймаларын салу себеп болған.
“Қазақстан бойынша аса сирек және құрып бара жатқан құстардың 87 түрі
“Қызыл кітапқа” жазылған болса, оның ішінде 47 түрі Балқаш жағалауында”2.
сол сияқты құрғақтағы жан-жануарларға да елеулі нұсқан келтірілген. Бір
кезде көлдің бетін жауып жататын құс базары сиреген. Аққу, қызғылт
бірқазандар, қаздар мүлде көрінбейді. Осының бәрі адамды жаәй қалдырмайды.
Жағалаудың өзі көзге қораш, қараған кезде көңіл толтырмайды.
Бірақ Балқаш көлінің қысқаруы оның жалғыз проблемасы емес. Оның тағы
бір проблемасы алабы. Балқаштың жағасындағы мыс алабы көп жылдан бері
қаланы қамтамасыз етіп, оның дамуына жағдай жасап келеді. Ол түсінікті,
бірақ осы уақыт ішінде комбинаттың айналадағы ортаны ластандырып келе
жатқандығы жанға батады. БКМК-ң зияны кейінгі кезде қатты сезіле бастады.
Қаладағы экологиялық жағдайдың қиындауына байланысты жас нәрестелердің өлі
тууы жиілеп кетті. Қала тұрғындары анкологиялық және дауна ауруларына жиі
шалдығуда. Балалардың кеміс тууы және сиам егіздерінің тууы көптеп
кездеседі. “Тек 2001 жылдың ішінде ғана 865 анкологиялық науқас тіркелген
болса, оның ішінде 8 адам лейкемия”1. бұл көрсеткіштер күннен - күнге
өсуде.
Біздің мемлекетіміздің ең басты мақсаты адам өмірін, оның деңсаулығын
қорғау, жақсарту болса, жоғарыда айтылған мәселелерге назар аударылып,
тиісті шаралар қолданылуы қажет.
Комбинат экологияға ерекше назар аударуы қажет. Әзірше ауаға тарайтын
зиянды қоспалар аса ауқымды – жылына 5000 тонна. Сондықтан да табиғат
қорғау шараларына арналған объектілерді бірінші кезекте іске қосуды қолға
алатын уақыт жетті.
2001 жылы наурыздың аяғына қарай Балқашта өлген құстар көбейіп кетті.
Әуелі олар қалалық паркте кездескен еді, кейіннен аулалардан, қоқыс
салынған жәшіктердің жанынан табылды. Осыған байланысты дереу
қауырсындылардың неден қырыла бастағанын анықтау мақсатында Балқашта
қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия құрылды.
Олар құстардың неден қырылғаның зерттей келе, құстар белгісіз бір
этнологиялық жағдайларға байланысты қырылғаны туралы қорытынды шығарылды.
Облыстық СЭС-ң құстар аштықтан қырылған деген уәжі көңілге қонымсыз. Ал
қырылған құстар Балқаш кен-металургия комбинатының қалдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАЛҚАШ КӨЛІ АУМАҒЫНДА ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Балқаш көлінің экологиялық мәселелері
БАЛҚАШ КӨЛІНЕ ТИГІЗЕТІН АНТРОПОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ
Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы
Балқаш аңызы және атауы
Балқаш көлі алабының құрылымы
Балқаш көлінің географиялық жағдайының туризмге әсері
Қазақстанның басты қалдық көлдері - Каспий мен Арал теңіздері
Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы
Балқаш көлінің физика-географиялық сипаттамасы
Пәндер