Қағаз шығаратын зауыттардағы желдету жүйесі


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
І Тарау. «Қазақстан қағазы» АҚ-на жалпы сипаттама
- Қағазды дайындау технологиясы
- Өнеркәсіптегі желдету жүйесінің схемасы
ІІ Тарау. «Қазақстан қағазы» өндірістегі жүргізілген зерттеу жұмыстары
- Жылудың бөлінуін есептеу
- Өндіріс орнындағы жылу жүйесінің қызметкерлер денсаулығына зиянды әсерін анықтау және бәсендету жолдарын қарастыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Біздің эрамыздың 93-98 жылдарында мәтін-бейне материалдарын жазу үшін ойлап табылған қағаз жазба-кітап өнімдерді дайындап шығару жұмыстарын жеңілдете түсті. Алайда, қолайлы да арзан материалдардың жаңа түрі өте баяу тарады. 650 жылы қағаз Самарканда пайдаланыла бастады, 880 жылы Бағдатта, 1100 жылы Каирда қолданылды. Қағазды XII-XIII ғасырларда Францияда, Испанияда, Италияда және басқа Еуропа елдерінде жасап шығара бастады.
1840 жылы саксон тоқымашысы Келлер ағаштан қағаз жасаудың тәсілін ашты. Ендігі жерде ағаш өсетін барлык елді мекенді жерлерде қағаз жасап шығару мүмкіндіктері туды.
XVIІI ғасырдың аяғында Еуропада қағаз массасын қазандарда бекітілген сымдардан жасалған қол елегі арқылы алатын еді. Бұл көп еңбекті қажет ететін, өнімділігі төмен жұмыс болатын. XIX ғасырдың басында қол елегінен массаны шарпып алып, козғалып тұрған елекке - конвейерлік түрде құюға ауыстырды. Бұл қағазды тез әрі үлкен мөлшерде шығаруға мүмкіндік берді.
Осылай қағаз шығаратын машинаны бірінші болып, 1799 жылы француз Луи Роберт ойлап тапқан. Англияда қағаз шығаратын машинаны механик Донкин 1803 жылы ғана жасады. 1817 жылы қағаз шығаратын машина Ресейде пайда болды. Германияда қағаз шығаратын машинаны 1819 жылы, ал Америкада 1827 жылы жасап шығарды.
Қағаздың құрамы - ағаш целлюлозасынан (ұнтақталған ағаш массасынан), сабан, зығыр, мақта талшықтарынан, сора, өсімдік талшықтарынан, капиллярлы-кеуекті қоспалардан, ағартылған каолин, желім, ақ фарфор батпағы немесе тальк ұнтағы және т. б. жиынтықтардан тұрады. Бастапқы шикізаттарының, өңдеу технологиясының әртүрлілігі, сонымен қатар дайындау кезінде қосылатын қоспалардың мөлшерлері мен ерекшеліктері әртүрлі болатындықтан сапалары әртүрлі қағаздар, әртүрлі жұмыстарға арналып дайындалды. Баспа өнімдерінің сапасына үлкен әсерін тигізетін қағаздардың сапалық деңгейі, оларды дайындау барысында әртүрлі шикізаттардан қалыптасатындықтан, қағаз дайындау технологиясымен қысқаша таныса кетейік.
Қазіргі таңда өндіріс орнында жұмыс атқаратын адамдар саны 650, оның ішінде 500 адам техникалық қондырғылармен жұмыс жасауда. Онда көптеген құрылғылар орналастырылған. Өндірістің жалпы ауданы 100 000 м 2 . Зертханада қолданылатын құрылғылар мыналар: 3 көрсеткішті нипті каландр, RP фильтрі, балансты бал машинасы, вакуумды насостар, вал машиналары, доктор, инфрақызыл кептіргіш, каландр, кран, крахмал беру машинасы, кептіргіш бөлігі 1, каландрмен басқару, тазалау балигі, цилиндр, центриклинер.
Жұмыстың мақсаты: алынған нысанадағы желдету жүйесін бақылап, адам денсаулығына зиянды әсерін бәсендету.
Жұмыстың міндеті: нысанадағы қондырғылар санын анықтап, олардан шығатын жылу мөлшерін есептеп, өндірістегі температураны ретке келтірудің жолдарын табу.
Зерттеу пәні: «Өнеркәсіптік желдету»
Зерттеу объектісі: «Қазақстан қағазы» АҚ
І Тарау. «Қазақстан қағазы» АҚ-на жалпы сипаттама
- Қағазды дайындау технологиясы
«Қазақстан қағазы» АҚ - Орталық Азиядағы және Қазақстандағы басты индустриялы компаниялардың бірі. Қазақстан қағазы ол танымал компания және ол Лондон биржасының қоры негізінде орналасқан. Компанияның негізгі қызметтері - логистика, қағаздың және Гофраттардың өндірісі, индустриялық жерлердің таралуы болып табылады.
"Қазақстан Қағазы" АҚ 2001 жылы құрылды.
Компанияның гофрокартон өндіру және гофроқаптама дайындау бойынша жаңа буын машиналарымен жабдықталған заманауи қағаз зауыты бар. Өндірістің негізгі шикізат көзі - макулатура. Оны республика бойынша жан -жақтан жинап, өңдеу зауытына жеткізеді. Қалыпқа келтірілген қағаздан жоғары сапалы гофрокартон және гофро қаптама өндіреді. Осылайша іс жүзіндегі қағазды өңдеудің үздіксіз циклын жасап, оны қалдықсыз материалға айналдырады.
Қағазды дайындау технологиясы . Қазіргі кездегі қағаз жасап шығаратын машиналар автоматтандырылған және үлкен аудандарды қажет ететін, өлшемдері өте үлкен агрегаттар болып келеді. Жабдықтың ұзындығы - 114 метр, ені - 8, 7 метр, салмағы - 4 тоннаға тең. Қағаз жасайтын машинаның бір жағынан шикізат массасы үздіксіз ағындап келіп жатады, екінші шетінен минутына 800 метр жылдамдықпен ені 7-8 метрлік қағаз лентасы ағылып шығып жатады.
Қағаз жасайтын машиналар негізгі үш : тор бекітілген стол, престеу және кептіру құрылғыларынан тұрады.
Тор бекітілген стол дегеніміз - екі білікке керілген және үздіксіз жүріп тұратын (сағатына 45 километр) тордан тұратын құрылғы. Ұнтақталған массалар ағылып осы торға түседі. Массадағы ылғал-сулар тордағы тесіктерден ағып кетеді де, шөгіп калған талшықтар қағаздың ішкі шикі, әрі жұқа қабатын құрайды. Әрі қарай біліктерден сығылып шыққан қағаз лентасы машинадағы престеу білігіне келіп түседі. Мұндағы 3-4 қатарлы, қос білікті престер қағаз ленталарын қысып-престеп кептіре бастайды.
Машинадағы кептіру құрылғысы бумен қыздырылатын 20-36 айналмалы металл цилиндрлерден тұрады. Арнайы тасығыштардың көмегімен жылжыған қағаз лентасы қыздырылған цилиндрлер арқылы қыздырылады да, әрі қарай қысым беріледі. Осы операция барысында қағаздағы соңғы ылғал қалдықтары буланып кетеді де, қағаз құрғайды.
Қағаз дайындаудың қорытынды кезеңінде, құрғатылған қағаз лентасы - бірінің үстіне бірі орналасқан бірнеше шойын біліктерден тұратын глезер механизмі арқылы өтеді. Бұл ауыр салмақты механизмде қағаз барынша тығыздалады, әрі жылтырлық қасиетке ие болады. Егерде талап бойынша, қағаз өте жоғары жылтырлықты қажет етсе, онда осы операциядан кейін қағазды арнайы каландрлардан тұратын машиналардан өткізеді. Глезерден шыққан қағаз лентасы қажетті өлшемде кесіліп түседі.
Ұзын ленталарға тілінген және картон гильзаларға тығыздап оралған қағаз - рулонды қағаз деп аталады.
Қағаз өнімдері деп - бір (1) шаршы метрдегі салмағы 250 грамнан аспайтын қағаз фабрикасының өнімін айтады. Ал бір (1) шаршы метрдегі салмағы 250 грамнан асатын өнім картон өнімдеріне жатады. Қағаздар мен картондар әртүрлі топтарға бөлінеді.
Қағаздың қасиеттерін, басу өнімінің нақты түріне сәйкестілігін дұрыс таңдай білу керек, өйткені осы бастапқы кезеңде жіберілген қателік, басылым сапасының төмен болып шығуына әкеліп соғады.
- Өнеркәсіптегі желдету жүйесінің схемасы
Желдету ─ бұл ұйымдастырылған ауа ауыстыруға арналған, яғни, өндірістік орындардағы ластанған немесе өте ысытылған (салқындатылған) ауаны жойып және оның орнына жұмыс орнында таза және салқындатылған ауа ортасын қамтамасыз ететін өзара байланысқан процедуралар кешені. Өндірістік желдету жүйесі механикалық және табиғи болып бөлінеді. Бұл екі желдету түрлерінің үйлесімі әр түрлі нұсқада болуы мүмкін. Бірінші жағдайда ауа ауыстыру арнайы желдеткіштерді іске қосатын қоздырғыштар көмегімен, ал екінші жағдайда сыртқы және ішкі өндірістік орындарда ауа алмастырудың әртүрлілігі, сонымен қатар желдік жүктеме қысымы көмектерімен жүзеге асырылады. Өндірістік орындардағы барлық масштабтағы ауа алмастыруды және тек белгілі жұмыс аумағындағы масштабтағы ауа алмастыруды жүзегеасыратын желдетуді, жалпы алмастыру жүйесі іс әрекет жүріп жатқан жерлерде алмастырылады.
Жалпы алмастыру жүйесі құйылатындармен, тартатындармен және құйылатын─тартатындармен болуы мүмкін. Құйылатын-тартатын табиғи желдету аэрация деп аталады. Жергілікті жүйелер тартатын және құйылатын болуы мүмкін.
Желдету ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету, жалпылай алмастыра желдету және жергілікті желдету болып бөлінеді. Ағындата желдету ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады. Сора желдету желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді.
Жалпылай алмастыра желдету бөлмеде бөлінетін шектен тыс зиянды заттардың, жылу мен будың таза ауамен залалсыз шекке дейін араласуына негізделген. Ал жергілікті желдетуде зиянды заттар (газ, бу, т. б. ) олардың пайда болатын жерлерінен сору құралдары арқылы тысқа шығарылады. Бұл әдіс шектеулі кеңістікте ғана қолайлы ауа ортасын тудыра алады. Желдету үйдің және сыртқы температураларының айырмашылығы мен желдің әсерінен (мысалы, үймерет аэрациясы) болатын табиғи желдету және механикалық әсер ету арқылы (ауа желдеткіштер арқылы қозғалысқа түсіріледі) атқарылатын механикалық желдету болып ажыратылады.
Ауа алмастыруды қамтамасыз ететін техникалық құрал-жабдықтар жиынтығы да желдету деп аталады. Сырттан сорылып алынатын ауаны шаң-тозаңнан тазарту үшін желдету жүйелеріне ауа сүзгілер орнатылады, ал тысқа шығарылатын ауа шаң тұтқыштар - абсорбер және адсорберлер арқылы тазартылады.
Қағаз өндіретін өндіріс орындарындағы желдету жүйесі:
Температураның жоғарылауының ерекше режимін талап ететін, көптеген картондарды, мысалы жуан және айрықша майлы, өндіру кезінде жылдамдығы 4-5 м/мин дейін жеткенше төмендету керек болады. Мұндай жылдамдықта, әсіресе бірінші топтағы кептіргіш цилиндрлерде конденсатты жою ылғалдылықты белгілі талапта сақтай алмайды сондықтан оған сифонды қосады.
Ауаны жылыту және қаныққан ауны жою кезінде желдету жүйесі бір уақытта екі функцияны атқарады: 1) ылғалды матадан булануын жеңілдетіп, картонды кептіру үшін жағдай жасайды; 2) қалыпты температураны және ауанын ылғал конденсациясын сақтап, картон машиналарының залында қалыпты гигиеналық жағдайды тудырады.
Машиналар залы үстейтін және тартатын желдету жүйесімен жабдықталған. Жаздыгүні ылғал мөлшері қысқа қарағанда төмен болғандықтан, ауаның көп мөлшерін беріп және сорып алу керек. Пайдаланылған ауада жылу үнемдеу үшін жылу регенерациясы пайдаланылады және оны таза ауаны жылыту үшін қолданады.
Соңғы уақытта кептіруді қарқындату үшін кептіру зонасына жергілікті жылу ауасын береді және жергілікті қаныққан ауаны жояды. Бір уақытта бұл машина залында ауа алмасуын төмендетеді.
Қағаз өндеу цехтарында және қоймаларда қағазды сақтау үшін климаттық жағдайлардан бөлек бірінші кезекте ылғалдылық тұрады. Қағаз өнімдері ылғалды жеңіл сіңіретіндіктен және жоғалтатындықтан, дайын өнімдерді сақтау үшін қажетті ауа ылғалдылығының мөлшерін үнемі бақылап қалыпты жағдайда сақтау керек. Қағаз өндіретін өндіріс орындарында ауа ылғалдылығының мөлшері 40 - 50% деңгейінде болу керек. Ол үшін өндіріс орнында тұмандату жүйесін орнату тиімді болып табылады.
Тұмандату жүйесі өндіріс орнындағы қағаздарды сақтаумен қатар ондағы шаң мөлшерін жоюға, ауаны тазарту үшін және жұмыскерлер өздерін жақсы сезініп, олардың денсаулықтарына зиян келмес үшін қолданылады.
ІІ Тарау. «Қазақстан қағазы» өндірістегі жүргізілген зерттеу жұмыстары
- Жылудың бөлінуін есептеу
Ауаны тазарту
Ауаны тазарту арқылы жабық орындарда және сыртқы орындарда қажетті температураны, ылғалдылықты, газдық және иондық құраманы, ауа орталарындағы иістерді, сонымен қатар ауа жылдамдығын ұстауға болады. Әдетте қоғамдық және өндірістік орындарда ауа ортасының тек көрсетілген параметрлерін ұстауға болады. Ауаны тазарту жүйесі, ауаны өңдеуді (фильтрлеу, желдету, салқындату) жүзеге асыратын, техникалық құрылғылар кешенін құрайды. Ауаның жылу ылғалдылығын өңдеуге және оны тазалауға қажетті құрылғы, ауаны тазарту құрылғысы немесе желдеткіш деп аталынады. Ауаны тазарту өндіріс, жұмыс орындарында, қалыпты технологиялық процестің жүруіне қажетті микроклиматты қамтамасыз етеді
Ғимараттағы ауа алмасуы
650 адамға арналған қағаз завотындағы ауа алмасуын есептеу қажет. Егер қалыпты жағдайда адам 23л/сағ CO 2 бөліп шығаратын болса.
G/(K 2 -K 1 )
Мұнда, G- 1 сағ ішінде ғимаратқа бөлінетін зиянды заттардың (газадар, булар, шаңдар) саны; К2- ғимиратта зиянды заттрадың рұқсат етілетін концентрациясы; К1- ағынды ауадағы зиянды заттардың концентрациясы
G=23*650=14 950 адам/сағ
м 3 /сағ
Завотта адамның аз болғандағы CO 2 -нің шекті концентрациясы К 2 =2 aдам/м 3 , К1-CO2-нің сыртқы ауадағы концентрациясын 0-ге тең деп аламыз.
Оттегінің кемуін анықтау
Өндіріс орнындағы газ сақтау резервуарында оттегінің неліктен кемігенін анықтау қажет. Резервуар көлемі 10м 3 , қысымы 6 кГ/см 3 , t 02 =20 0 C.
адам/сағ
O 2 үшін М=32, T=273+20
Егер, P=6кГ/см 3 , С =0, 182 десек К=1, 5
=1, 5*0, 182*10 9
Келесі жұмыс орнынан сорып шығарылатын ауа температурасын анықтаймыз
Зертхана температурасы 20 0 С, . H=10
t ш =t ж. о + =2 0 + 1, 2(10 - 2) = 29, 6 0 C
мұнда t ж. о - жұмыс аймағындағы еденнен 2 м жоғары биіктіктегі ауа температурасы,
- ғимарат биіктігіне қарай өзгеретін температураның ескерілетін температурасынан айырмасы.
- еденнен бастап сорып шығаратын ортасына дейінгі аралық.
Ғимараттағы артық жылуды жою кезіндегі ауа алмасуы:
G a = осы формуламен, ал көлем бойынша
L a = м 3 /сағ
анықтаймыз, мұндағы - ғимараттағы артық жылу желдеткіштен ғимаратқа шығуы, С=0, 237 Вт/кгК - ауаның жылу сыйымдылығының меншікті салмағы, - сорып шығаратын желдеткіштің қабылдағыш тетігінен шыққан ауаның температурасы, 25, 3C - ғимаратқа келип түсетін ауаның температурасы, - ағындық ауаның көлемдік салмағы, жұмыс орнындағы жабдықтардың жалпы қуаты Н=120 кВт, жұмыс істеушілер саны - 500 адам, өндірістің көлемі 2000 м 3 , ылғалдылық j=84%, кун радиациясының жылуы 9кВт.
Қажетті ауа алмастыру, G a = = сонда, адамдардан жиналған жылу саны, = 0, 116*500 = 58 кВт
Жабдықтардан жиналған жылу саны, = 120*0, 2 = 24 кВт
G a = = = 157, 5 кг/сағ
L a = = G a / = 157, 5/84 = 1, 875 м 3 /сағ
Сонда ғимараттағы артық жылуды жою кезіндегі ауа алмасуы G a = 157, 5 кг/сағ
Жарықтан бөлетін жылу
Q осв = EFq осв η осв , мұндағы Е- ауданның реттелген жарық бөлігі, Лк
q осв - шамдардан бөлінетін жылу, Вт/(м 2 лк), F-өндіріс еденінің ауданы, м 2 ; η осв - өндіріске түсетін басқа жылу көздерінің бөлігі.
Q осв = EFq осв η осв = 100*5430*0, 16*1 = 86880Вт
Ауадағы шаң концентрациясы
P= q*x*10/W
W - фильтрдің сорған ауа шығыны;
P - атмосфералық қысым;
q - ауаның жіберу ұзақтығы;
x - зерттеу жұмыстары кезіндегі ауа температурасы.
P= q*x*10/W = 120*10*18/7475 = 2, 89
Артық жылуға қажетті ауа алмасуды табу
Q
изб
- артық жылу, ккал/сағ; С
b
- құрғақ ауаның жылу сыйымдылығы, (0. 24 ккал/кг˚С) ; Δt =t
вых
-t
вх
- бөлмеге кіретін және бөлмеден шығатын ауаның айырмашылығы, С˚; γ
b
= 1. 206 кг/м
3
- удельная масса приточного воздуха.
Есептеу кезінде Δt өлшемі ауаның жылу тығыздығына байланысты алынады.
Q н =Q изб /V п .
Егер жылу ауаның тығыздығы Q н < 20 ккал/м 3 болса, онда Δt =6 ˚С мәнін аламыз, ал егер Q н > 20 болса, онда Δt = 8˚С мәнін аламыз. Қажеттен тыс жылу мөлшері
Q об - өндірістік құрылғы бөлетін жылуы, ккал/сағ;
Q осв - бөлмедегі жасанды жарықтандыру жүйесінің бөлетін жылу мөлшері, ккал/сағ; Q л - адамдар бөлетін жылу, ккал/сағ;
Q р - бөлмеге күн арқылы кіретін жылу мөлшері, ккал/сағ;
Q отд - табиғи жылудың бөліну мөлшері, ккал/сағ.
Өндірістік құрылғылар бөлетін жылу мөлшерін келесі қатынас арқылы білуге болады:
860 - 1кВт/сағ сәйкес жылу; Р об - құрылғы тұтынатын қуат мөлшері, кВт/сағ\ (Р об =40 кВт/сағ) ; n - бөлмеге көшетін жылу мөлшері, n=0. 95 деп алынады;
,
Жарықтандыру құралдары бөлетін жылу мөлшері
Р
осв
- жарықтандыру құрылдарының қуаты (Р
осв
=0. 018 кВт) ;
α - электрлік энергияны жылуға айналдыру ПӘК-і; (белсенді лампалары үшін 0. 92-0. 97) ;
β - құрылғылардың бөлмеде бір уақытта істеу ПӘК-і; (егер құрылғылардың барлығы істеп тұрса β=1) ;
cos φ = 0. 75 - коэффициент.
Өндіріс орнындағы 500 адамнан бөлінетін жылу мөлшері
Жай уақытта қошаған орта температурасы 20 0 С болса Бір адамның жылу бөлуі 70кКал/сағ. Барлық адамның жылу бөлуін анықтаймыз:
Q = q*n = 70*500 = 35 000 кКал/сағ.
Демек, өндіріс орнында адамдардан 35 000 кКал/сағ жылу бөлінеді.
Бөлмеге күн арқылы кіретін жылу мөлшері
Q = F шын * g шын * K шын
Бірінші g және К мәнін тауып аламыз. Шығысқа қараған 65 0 кеңістікте 2 қабатты терезелерді орнату үшін g шын = 145 ккал/м 2 сағ
Оңтүстікке қараған терезелер үшін g шын = 145 ккал/м 2 сағ. 2 қабат терезелерді орнатқанда және терезенің ластануында
K шын = 0, 15*0, 8 = 0, 82
Сонда шығысқа қараған терезелер үшін Q 1 = 100*145*0, 82 = 11890 ккал/сағ
Оңтүстікке қараған терезелері үшін
Q = 70*145*0, 82 = 8323 ккал/сағ
Жабудан кіретін жылу мөлшері
Q = F n * g n * K огр ккал/сағ
65 0 кеңістікте g n = 12 ккал/м 2 сағ. Сонда, Q 3 = 1000*12*0, 7 = 8400 ккал/сағ
Бөлмеге күн радиациясы арқылы енетін жылуды есептейміз
Q = (Q 1 + Q 2 ) *0, 7 + Q 3 = (11890+8329) *0, 7+840 = 22544 ккал/сағ
Жылдың жылы кезі үшін табиғи жылуды Q
отд
=0 деп аламыз. Сондықтан да шамадан тыс жылу жарықтандыру құрылғылары арқылы өндіріледі:
Q
изб
= Q
об
+ Q
осв
+ Q
л
+ Q
р
+ Q
отд
= 32680 + 10, 91 + 35000 + 22544 + 0 = 90 234, 91ккал/сағ
L b = = = 38 969, 6
Зауыттағы жылу шығынын анықтау
Сыртқы температурасы tсырт. ауа= 26 0 С есепке алынатын фильтр зауытының жылу шығынын анықтау керек. Зауыт ішіндегі температура tі ауа= 16 0 С, ғимарат көлемі V- 1кв. м
Ғимараттың жылу шығынын меншікті жылуды ескере отырып мына формуламен анықтаймыз:
Q =q 0 V(t iа - t са ) , ккал/сағ
Берілген ғимараттың меншікті жылу сипаттамасының көлемі: g = 0. 4 - 0. 3
q 0 = 0, 35 деп алсақ,
Q = 0. 35x1 (16+26) = 147000 ккал/сағ
Зауыттан шығатын лас ауаны анықтау
Жұмыс аймағындағы температура t=20 0 С, Δt=0, 5, еденнен сорып шығаруға дейінгі жарты аралық Н =3м .
tш = t + t ( H- 2)
tш = 20+0. 5(3-2) = 20. 5
Адамнан бөлінетін СО 2 - нің мөлшерін анықтау
Бір адамнан бөлінетін СО 2 - нің мөлшері негізінен жұмыстың жағдайына байланысты болып келеді.
М СО2 = n адам m CO2
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz