Жатақхананы сумен қамту жүйесі



Кіріспе
І Тарау. №16 Жатақхананы сумен қамтамасыз ету жүйелері туралы жалпы мәлімет
1.1. Ішкі су желісінің жүйесі
1.2. Жатақхананы сумен қамту схемасы
ІІ Тарау. №16 Жатақханада жүргізілген зерттеу жұмыстары
1.1. Су шығынын және судың тұтыну режимін есептеу
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиттер.
Кіріспе
Сумен жабдықтау жүйелері деген суды табиғи көздерінен қабылдап, оның сапасын жақсартып пайдаланатын жерлерге жеткізуге арналған инженерлік ғимараттар мен шаралардың комплексі.
Елді мекенді немесе өнеркәсіп кәсіпорынды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі жер бетіндегі немесе жерасты көздерінен суды алып, оны тазалап және өңдеп тұтынушыларға уақытысында қажетті мөлшерімен жеткізуді қамтамасыз ету керек. Осы мақсатпен сумен жабдықтау жүйесіне су қабылдайтын ғимараттар, суды арынмен тазарту ғимараттарға, жинағыш резервуарлар мен тұтынушыларға жеткізетін сорғыш станциялар, тазарту ғимараттар, сақтау мен реттеуге арналған резервуарлар мен арынды су мұнаралар, суды үлестіру мен тұтыну жеріне жеткізуге арналған су өткізуші құбырлар мен үлестіруші тораптар кіреді.
Өндірістік кәсіпорындарындағы өнеркәсіптік процесстер де үлкен су шығынын талап етеді. Жекелеген өнеркәсіп және энергошаруашылық салалары тіпті ірі қалалар жұмсайтын коммуналды су қолданысынан да асып түсетін су мөлшерін пайдаланады. Кейбір өнеркәсіп кәсіпорындары қолданылатын су сапасына арнайы талаптар қояды. Қолданылатын су мөлшері мен сапасына және өнеркәсіптік кәсіпорынды сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарына шығарылатын өнімнің сапасы мен өзіндік құны тәуелді болып келеді. Осылайша, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың үлкен экономикалық мәні бар.
Сумен қамтамасыз ету, суды табиғи қорлардан шығару, оны тазарту, тұтынушыларға жеткізу мен тасымалдау міндеттерін атқаратын ғимарат кешендері сумен қамтамасыз ету жүйесі немесе су құбыры деп аталады.
Тұтынатын су мөлшерінің өсуі және бірсыпыра аудандардағы жергілікті табиғи су көздерінің жеткіліксіздігі ауданның барлық су тұтунушыларын рационалды және экономикалық жағынан сумен қамтамасыз ету үшін сушаруашылық проблемаларды кешенді шешу қажеттілігін туғызып отыр.
Сонымен бірге, сумен қамтамасыз ету және жер суару мәселелері гидроэнергетика және су транспорты мәселелерін де қамтиды, өйткені онсыз ірі табиғи су көздері орынды пайдаланыла алмайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Калицун В.И., Кедров В.С. и др. Основы гидравлики, водоснабжения и канализации. М: Строиздат,1980
2. Халықтың су ттұнынуды пайдалану нормаларын анықтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар. М.: ТКШМ РКФРО, 1981.
3. Прозоров И.В., Николадзе Г.И., Минаев А.В. Гидравлика, водоснабжение и канализация. М: Высшая школа,1990
4. 3.И.Г.Староверова и Ю.И.Шиллера-.Внутренние санитарно-технические устройства. ч.2. Водовоснабжение и канализация. М.:1990-247с

Мазмұны
Кіріспе
І Тарау. №16 Жатақхананы сумен қамтамасыз ету жүйелері туралы жалпы мәлімет
1.1. Ішкі су желісінің жүйесі
1.2. Жатақхананы сумен қамту схемасы
ІІ Тарау. №16 Жатақханада жүргізілген зерттеу жұмыстары
1.1. Су шығынын және судың тұтыну режимін есептеу
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиттер.

Кіріспе
Сумен жабдықтау жүйелері деген суды табиғи көздерінен қабылдап, оның сапасын жақсартып пайдаланатын жерлерге жеткізуге арналған инженерлік ғимараттар мен шаралардың комплексі.
Елді мекенді немесе өнеркәсіп кәсіпорынды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі жер бетіндегі немесе жерасты көздерінен суды алып, оны тазалап және өңдеп тұтынушыларға уақытысында қажетті мөлшерімен жеткізуді қамтамасыз ету керек. Осы мақсатпен сумен жабдықтау жүйесіне су қабылдайтын ғимараттар, суды арынмен тазарту ғимараттарға, жинағыш резервуарлар мен тұтынушыларға жеткізетін сорғыш станциялар, тазарту ғимараттар, сақтау мен реттеуге арналған резервуарлар мен арынды су мұнаралар, суды үлестіру мен тұтыну жеріне жеткізуге арналған су өткізуші құбырлар мен үлестіруші тораптар кіреді.
Өндірістік кәсіпорындарындағы өнеркәсіптік процесстер де үлкен су шығынын талап етеді. Жекелеген өнеркәсіп және энергошаруашылық салалары тіпті ірі қалалар жұмсайтын коммуналды су қолданысынан да асып түсетін су мөлшерін пайдаланады. Кейбір өнеркәсіп кәсіпорындары қолданылатын су сапасына арнайы талаптар қояды. Қолданылатын су мөлшері мен сапасына және өнеркәсіптік кәсіпорынды сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарына шығарылатын өнімнің сапасы мен өзіндік құны тәуелді болып келеді. Осылайша, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың үлкен экономикалық мәні бар.
Сумен қамтамасыз ету, суды табиғи қорлардан шығару, оны тазарту, тұтынушыларға жеткізу мен тасымалдау міндеттерін атқаратын ғимарат кешендері сумен қамтамасыз ету жүйесі немесе су құбыры деп аталады.
Тұтынатын су мөлшерінің өсуі және бірсыпыра аудандардағы жергілікті табиғи су көздерінің жеткіліксіздігі ауданның барлық су тұтунушыларын рационалды және экономикалық жағынан сумен қамтамасыз ету үшін сушаруашылық проблемаларды кешенді шешу қажеттілігін туғызып отыр.
Сонымен бірге, сумен қамтамасыз ету және жер суару мәселелері гидроэнергетика және су транспорты мәселелерін де қамтиды, өйткені онсыз ірі табиғи су көздері орынды пайдаланыла алмайды.
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи қорларды қайта жаңғырту және оларды ұтымды пайдалану бойынша шараларды әзірлеп, жүзеге асыру қажет. Жаңа ғылыми-техникалық құралдар арқылы табиғи қорларды зерттеу, қоршаған орта жағдайына және оны ластайтын көздерге бақылау жүргізу қажет. Пайдалы қазбаларды жер астынан шығару деңгейін көтеру, минералды шикізатты толық әрі кешенді өңдеу, сонымен қоса қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды ықпалын азайту мақсатында пайдалы қазбалардың кен орындарын өңдейтін жаңа жүйелер мен онтайлы әдістерді, пайдалы қазбаларды шығару процесстерін, кен байыту және қайта өңдеудің алдыңғы қатарлы технологияларын қолдануды ендіру қажет.
Заңда кәсіпорындар мен ғимараттарды орналастыру, жобалау, салу және пайдалану кезінде болатын су қорларының ластану мен түгесілу мәселелері толық қамтылған, табиғи су көздерін ұтымды әрі үнемді пайдалану, оларды қорғау шаралары, суға қатысты заңнама талаптары бұзылған жағдайда жүктелетін жауапкершілік туралы негізгі ережелер мен нұсқаулар берілген.
Нысананың орналасқан орны: ҚазҰУ қалашығы, Алматы қаласы , Әл-Фараби даңғылы, 71
Нысанадағы адам саны: 375 адам
Нысанадағы бөлме саны: 76 бөлме
Жұмыстың мақсаты - алынған нысанадағы су шығынын анықтап, су шығынын үнемдеу жолдарын табу.
Жұмыстың міндеті - нысанадағы адамдардың күнделікті қолданатын су шығыны мен тұтыну режимін есептеу.

І Тарау. Жатақхананы сумен қамтамасыз ету жүйелері туралы жалпы мәлімет
0.1. Ішкі су желісінің жүйесі
Су 1,11% сутек пен 88,89% оттектің химиялық қосылысы. Жер гидросферасының жалпы көлемі шамамен 1800 млн. км3, судың денгейі -- 1370 млн.км3 дүниежүзілік мұхиттың үлесінде, шамамен 13 мың. км3 су буы күйінде атмосферада және 90 млн км3-ден көбірегі құрлықтың тұщы суы болып табылады. Су биосферада орасан зор роль атқарады, ол тірі заттектің маңызды құрамды бөлігі, онсыз тіршілік болмайды. Адам су болмаса 5-6 күн ғана тіршілік ете алады, өйткені оның денесі орта есеппен 65% судан тұрады. Адам эмбрионының 97 пайызы су, жаңа туған баланың дене массасының 77 пайызы судан тұрады. 50 жасқа қарай су дене массасының 60%-ын құрайды. Адам экологиясы жөніндегі зерттеулерде халықтың сапалы сумен жабдықталуы проблемалары әр түрлі тұрғыдан қарастырылады. Бұл орайда, ең алдымен сумен жабдықтау көздеріне, судың сапасына ерекше маңыз беріледі. Мысалы, кермек суларды тұтынудан адамның несеп және өт жолдарына тас байланады, ультратұщы сулы өңірлерде жүрек-қантамыр аурулары жиі кездеседі. Судың химиялық құрамы адамдарды биогеохимиялық эндемиялар деп аталатын ауруларға душар етуге себепші болуы мүмкін. Мысалы, ауыз суда фтор жетіспесе тіс жегісі, ал бұл микроэлемент шамадан артық болса, флюороз ауруы пайда болады. Суды хлорлау кезінде тузілетін органикалық заттектері мол хлорорганикалық қосылыстар, мамандардың пікірінше, күшті канцерогендер болып табылады. Кейбір тілсіз апаттар да сумен байланысты. Бүгін Алматы қаласының сумен жабдықтау және су бөліп беру жүйесі Қазақстан Республикасындағы ең ірі кәсіпорын болып табылады, ол қала мен оған тиіп жатқан аудандардағы 1,5 миллионнан астам тұрғынға қызмет көрсетіп келеді. Холдинг Алматы Су МҚК қызметін мөлдір болу, қолданыстағы заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау, барлық тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бөліп беру қызметтеріне теңдей мүмкіндік беру қағидаларында құрады. Алматы қаласы сумен жабдықтау және су бөліп беру кәсіпорны 1931 жылы құрылды. Алматы қаласы әкімдігінің Холдинг Алматы Су мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Алматы қаласының әкімдігінің 07.08.2008 жылғы №4638 қаулысына сәйкес 2008 жылдан бері қызмет атқарып келеді.
Холдинг Алматы Су МҚК құрамына үш еншілес кәсіпорын кіреді:
1. Бастау ЕМҚК - ауыз су өндіру, тазарту және тарату.
2. Тоспа Су ЕМҚК - қаланың ағынды суларын қабылдау, бөлу және тазарту.
3. Су желici ЕМҚК - су құбырының желілері бойынша су беру, тасымалдау және үлестіру.
Бастау ЕМҚК - ауыз су өндіру, тазарту және тарату. 2008 жылы қарашада құрылды
Кәсiпорынның қызметi
- суларды тазартады және суларды өндіруді жүзеге асырады
- тұтынушылар ауыз суды беруді қамтамасыз етеді.
Кәсiпорынның принциптері:
- ұсынылатын қызметтің сапасын көтеру;
- Су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселесіне жалпы назар аудару;
- Қазiргi заман техникасын пайдалану;
Кәсiпорын пайдаланады:
- тереңдігі 500 м-ге дейiн 355 артезиандық ұңғыманы;
- Медеу сстанциясы тәулігіне қуаттылығы 24 мың текшем;
- 257 сорғымен, 43 сорғы станция;
- 133,3 шақырым сутартқышты;
- судың сыйымдылығы 234 мың текшем 79 су сақтайтын қойларды;
- 108 транформаторлық қосалқы станцияларды;
- 101 шақырым кабелдік электр беріліс жолы (ЭБЖ) пайдаланады.
Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық қызмет басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы Тоспа Су мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны №94852-1910-ДГП от 29.10.2008ж. бойынша Алматы қаласының Әділет министрлігінде тіркелген.
Кәсіпорын негізі 1973 жылы қаланған, бұрын (20.04.1973жылғы жарлыққа сәйкес)канализациялық желілерді пайдалану және ағынды суларды тазалау кәсіпорны болып аталатын. 2008 жылдың 07 тамыз Алматы қаласының Су арнасы МКК Алматы қаласы әкімінің қаулысына сәйкес, Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Алматы Су Холдингі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қайта құрылды, осыған сәйкес бас директордың бұйрығымен 2008 жылдың 15 қазан күні Тоспа Су
Еншілес коммуналдық кәсіпорны құрылды. 2012 жылдың 4 қазан күні Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Алматы Су Холдингі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Тоспа Су еншілес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Тоспа Су мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып қайта құрылды.
Кәсіпорынның алдына қойған мақсаты - канализациялық желілер мен құрылыстарды пайланану жұмыстар атқарып, қабылдау, бұру, тазалау, ағынды суларды және қалдықтарды жояды.Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Президентінің қаулысың 19.07.95г. №2335. Мемлекеттік мекеме туралы заңдық күші бар жарғыға сүйене отырып жұмыс атқарады.
Алматы қаласы бойынша кәсіпорын үздіксіз суды бұру мен ағынды суларды тазалау жұмыстарын жүзеге асырады және келесі міндеттерді атқарады:
- кәріз желілерін қарап,күтіп, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар қызмет көрсетіп және пайдаланады, тазалау ғимараттары, сорғы станциялар, бағыттаушы каналдар, ағынды суды жинайтын су қоймасы, суды тастайтын және суды өткізетін құрылыстар;
-(шектеулі ағындылар) ША-ға сәйкес суды бұру учаскелеріне ағынды суды тастау;
- жұмыста технологияны жетілдіріп, экономикалық қолайлылықты жоғарылату үшін шаларады өңдеп, еңгізу;
- басқа да қызмет түрлері (заңға қарсы келмейтін)
Су желici ЕМҚК кәсіпорны Алматы қаласының 13 бөлігін ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Бұл объектіге су үлкен Алматы өзенінен ағыс бойынша су торабы бойынша келеді. Келген су тұндыру имараттарына келіп құйылады. Су тұндыру имараттарының үш түрі қарастырылған,олар:
1)Спиральды
2)Тігінен
3)Көлденең
Осы имараттардың ішінде ең тиімді және көлемдісі тігінен тұндыру имараты, бірақта қалған имараттардыңда алатын орны ерекше.Үлкен Алматы өзенінен келіп түскен су осы тұндыру имараттарына тең бөлініп құйылады. Тұндыру процесі 3,5-4 сағатқа созылады. Сонымен қатар тұндыру имараттарында каогуляция процесі қатар жүреді. Коагулянттар ретінде хлорлы темір және алюмини сульфаты қолданылады. Коагулянттар бөлек трубалы желі бойынша келіп қосылады, олардың мөлшері судың қаншалықты ластанғанына тікелей байланысты. Себебі судың лайлылығы жыл мезгілдеріне байланысты ауытқып тұрады. Мысалы қыс мезгілдерінде судың лайлылығы 2мгл асып кетуі байқалады. Тұндыру имараттарындағы тұнған тұнба жылына біррет тазаланып тұрады. Тұндырылған су фильтрлеу имараттарына өтеді. Бұл объектіде екі фильтрлеу орталығы орналасқан. Ескі фильтрлеу орталығы 1939 жылдан бері, фильтрлі имаратымен жұмыс істейді. Ал жаңа орталығы 12 фильтрлеу имаратымен 1982 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Бұл орталықта фильтр ретінде Талдықорғандық керамзит тасы қолданылады. Керамзиттің көлемі 1-1,5 мм, қалыңдығы 1,5 метр және де 5 метр тереңдікте орналасқан. Фильтрлеу орталығынан шыққан су бактериологиялық залалсыздандыру орталығына жіберіледі, залалсыздандырғыш ретінде Арал ас тұзы (NaCL) қолданылады. Тұзды электролиездеу арқылы хлор бөлініп шығарылып суды керекті мөлшерде залалсыздандырады. Толық залалсыздандырудан өткен су қоймаларына жіберіледі. Су қоймалары СанЕжН талаптарына сәйкес және де 6000 сыйымдылықты қамтыйды. Осы суды тазалау орталығы Алматы қаласына жылына шамамен 54000 су жіберіп тұрады. Жалпы объекті СанЕжН талаптарына толықтай сәйкес келеді және де толықтай көкалдандыру жұмыстары жүргізіліп,санитарлық қорғау аймағы қарасытырылыған. Бұл мекеме Алматы қаласын ауыз сумен қамтамасыз етумен қатар, болашақ мамандарға практикалық тұрғыда білім беретін орталық ретінде де өз қызыметін атқарып келеді.
Сонымен, жоғарыда айтылған барлық жағдайлар, халық тұтынатын су нақты айтқанда "Холдинг Алматы Су" МҚК қызметі қанағаттанарлық деп есептеуге болады.

Жоғарғы су көзін тазарту схемасының қысқаша сипаттамасы
Кіші Алматы тау өзені, сондай-ақ Кім-Асар өзені тазарту құрылыстарының сумен жабдықтау көздері болып табылады.
Тазарту имараттарының мақсаты судың сапасын ауыз су нормасына (СанЕжН 3.02.002-04) жеткізіп, оларды су желісіне беру болып табылады.
Шығу орнының арқасында пайдаланылатын су жақсы дәмдік сапаға ие болады. Пайдаланылатын судың минералдануы 80-100 мгдм3 шектеулі рұқсат етілетін шоғырлануда - ШРШ 1000 мгдм3 шегінде толқиды. Судың жалпы қаттылығы 1,1-1,4 мольдм3 (7 мольдм3 ШРШ) құрайды. Кейбір көрсеткiштер ШРШ-дан 100 есе аз: хлоридтар - 2 мгдм3 (350 мгдм3 ШРШ); сульфаттар 8 мгдм3 (500 мгдм3 ШРШ).
Су тазартудағы негізгі мәселе - пайдаланылатын судың тасқын кезеңінде қатты лайлануы. Тасқын кезеңіндегі лайлану 5-тен 80-ге дейін толқиды, ал басқа күндері 170 мгдм3 (2 мгдм3 ШРШ) дейiн. Жыл бойы тазартудың мақматы - суды зарарсыздандыру болып табылады, яғни оның микробиологиялық сипатын қолданыстағы нормативтiк құжаттармен қаралған деңгейге жеткізу.

Тазартудың технологиялық процессіне келесi негiзгi кезеңдер кіреді:
:: алғашқы тұндыру және хлорлау
:: коагуляция (тасқын кезеңінде)
:: тұндыру (тұндырғыштарда тазарту)
:: сүзу
:: залалсыздандыру
Коагулянт ретінде хлор темiр мен күкiрт қышқылды алюминий, флокулянт ретiнде - полиакриламид қолданылады. Сүзу ұсақталған керамзит және кварц құмы арқылы жедел сүзгілерде жүргізіледі.
Суды зарарсыздандыру кәдімгі ас тұзының ертіндісін электролиздеу арқылы алынатын натрий гипохлоритiмен жүзеге асырылады. Бұл технологияға 2009 жылы өттiк.
Судың сапасын бақылауды химия - бактериологиялық зертхана бақылайды. Бақылау технологиялық үдерiстің барлық кезеңдерiнде жүзеге асыралады.
Су желіге өзі ағатын су тасу құрылыстары арқылы да, сорғы станциялары арқылы да беріледі.

Жер асты су көзiнің зарарсыздандыру схемасының қысқаша сипаттамасы
Жер асты сулары сорғыштардан жер бетіне көтерiледi. Одан кейін су тасу жүйесімен жиналып, суды сақтауға ғана емес, хлормен араластыруға да арналған су сақтайтын қоймаларға бағытталады. Зарарсыздандырылған су сақтайтын қоймалардан сорғыштармен су тасу құрылыстары арқылы қалаға тұтынушыларға жіберіледі.
Ішкі су желісінің жүйесі техника-экономикалық тиімділігіне, санитарлық-гигиеналық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай таңдалады. Ішкі су желісінің жүйесіне ғимаратқа енгізу, суды есептеу торабы, ажырату торабы, тіреушік, санитарлық құралдарға жеткізу желісі, су тарату торабы, қоспалауыш, тиек пен реттеуші арматуралар кіреді. Ауыз суды жеткізу диаметрі 150 мм дейінгі желіде мырышталған алмас тұрбалар қолданылады. Тұрбаларды пісіру арқылы, бұранда немесе желімдеу арқылы байланыстырады. 400 пәтерге дейінгі тұрғын үйлерде бір жерден ғана енгізілетін тұйық су желісін қолдануға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда апат кезінде судың берілуін уақытша тоқтатып қоюға болады. Жер астында техникалық бөлмелер болған жағдайда аса биік емес ғимараттар үшін төменгі магистральді су желісін таңдауға болады.
Енгізуді ғимарат қабырғасына тік бұрышты етіп, су желісінің ұзындығын азату үшін барынша ғимарат ортасына жақын қашықтыққа жобалайды. Енгізу диаметрі жүйені гидравликалық есептеу арқылы анықталады. Енгізу нүктесінен сыртқы су желісіне қосылатын жерде диаметрі 700 мм-ден аз емес құдық қарастырылады, онда су желісін жөндеу кезінде суды тоқтатып қоятын тиек арматурасы орналастырылады. Енгізу тереңдігін қала су желісінің орналасқан тереңдігі мен жердің қату тереңдігі бойынша таңдайды. Енгіуді ішкі су желісінің қысымы үшін сыртқы қабырғаларға 0,002 м еңіс жасайды. Енгізу нүктесі желі мен құрылыс конструкцияларының арасында құрғақ топырақта 0,2 м ашық жер болатындай етіп жертөле қабырғаларымен қиылысады. Су желісі канализация тұрбаларынан жоғары тартылады, олардың бір - бірінен арақашықтығы кем дегенде 1,5 м болуы керек.
Су өлшеу торабы ғимарат ішіне енген жерде сыртқы қабырғаларға 1 м алыс емес жерде орналасады. Суды бір ғана жерден енгізетін жүйені жобалау кезінде пломбаланған тиек жасалады, бұл өрт сөндіру кезінде суды пайдалануға немесе су өлшегіш құралды жөндеуге тапсыру, ауыстыру кезінде қажет болады. Су өлшеу торабына су өлшегіш мәнін алуға немесе жөндеу жұмысары үшін адам еркін бара алатындай болуы керек. Су өлшеу құралына дейін және одан кейін тиек арматурасы, өлшеу құралы мен қозғалыс бойынша екінші тиек арасына бақылау - жіберу краны қойылады.
Су құбырының тіреуішін канализацияның және ыстық су тіреуіштері мен бірге көбінесе унитаз жанындағы бұрышқа орналастырады. Ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстарына байланысты тіреуіштер ашық немесе жасырын түрінде қойылады. Магистральды су құбырлары ішкі негізгі қабырға бойымен немесе жертөле төбесінен 40-50 см төмен колонна бойымен тартылады. Құбырларды кронштейн арқылы бекітеді.
Сумен қамту жүйесі - сумен қамту көзінен суды жинау, оны тазарту, сақтау және тұтынушыға беруге арналған инженерлік жабдықтардың кешені.
Сумен қамту жүйесінің ең алғаш дамыған жері ежелгі Греция мен Римнің дамуы кезінде үлкен орталықтанған сумен қамтамасыз ету жүйесі пайда болды. Орталықтан сумен қамтамасыз ету құрылғылары туралы алғашқы мәліметтер Еуропада ХІІ ғ. кезінде пайда болды. Ол Париждегі су құбыры болып табылады. Одан кейінгі алғашқы мәліметтер Германияда ХV ғасырдың басында пайда болды. ХV ғасырдан бастап көптеген жерлерде сумен қамту жүйесі қолданыла бастады.
ІІ Тарау. №16 Жатақханада жүргізілген зерттеу жұмыстары
0.1. Су шығынын және судың тұтыну режимін есептеу
Су құбыры жабдықтары оның қызметінің барлық есептік мерзімі үшін жеткілікті су өткізу қабілеті болуы тиіс. Есептік шығынға ең жоғарғы су тұтыну мен тәуліктегі ең көп су температурасының сағаттық шығынын айтады. Тұрғын аудандардағы шаруашылық ауыз суға кететін судың есептік тәліктік шығынын анықтау:
Q орт.тәул = qж N1000, м3тәу
qж - су тұтыну нормасы
N - адам саны
Ғимараттар үшін, ішкі су құбырыммен сәйкес судың тұтынуын 1адденум шамасымен сәйкес деп алдым. Бір тұрғын 230 - 350 лкүн дейін тұрғынса. Тұрғындарға орташа 300 лкүн деп қабылдаймыз. Сонда 4 аддендумнің ескертуіне 40% суға дейін болса, онда суық судың шамасы 60% 300 лкүн деп келеді.
Тұрғындар саны 375 адам.
Жатақханадағы судың орташа шығыны:
Q орт.тәул = qж N1000 = 300*3751000 = 112,5 м3тәу
Асханадағы судың орташа шығыны: qж = 60 лкун N = 70 адам
Q орт тәу = qж x N 1000 = 60*501000 = 3 м3тәу
Душтағы судың орташа шығыны: барлық адам 375, ал оның 60% душка туседі деп есептесек, онда кунделікті душқа түсетін адам саны 224 адам.
nдуш = Nмакс Nn = 2248 = 28
Nмакс - душқа күнделікті тусетін адамдардың максимал мәні, яғни 224
Nn - душта бір мезгілде жұмыс жасайтын кабиналар саны, ол 8
Qорт.тәул = 0,75*qж* nдуш* nсм1000 = 0,75*230*28*11000 = 4,8 м3тәу
Мұндағы: 0,75 - коэффициент, qж- душтағы су тұтыну нормасы,
nсм- ауысым саны
Тәуліктегі ең көп су тұтынудың есептік шығыны
Жалпы Qмакс.тәул = Кмакс.тәул * Qорт.тәул = 1,1*112,5 = 123,8 м3тәу
Кмакс.тәул0 - 1,1-1,3 аралығында алынады. Біздегі жатақхана үшін 1,1 деп аламыз.
Асхана Qмакс.тәул = Кмакс.тәул * Qорт.тәул = 1,1*3 = 3,3 м3тәу
Душтағы Qмакс.тәул = Кмакс.тәул * Qорт.тәул = 1,1*4,8 = 5,28 м3 тәу

Тұрғындардың бір тәулік ішінде жұмсайтын су шығыны

Тәул.
Сағ
Тұрғын бөлігі
Асханадағы су шығыны
Душтағы су шығыны
Сағ
%
м3сағ
м3сағ
м3сағ
0-1
2,44
3,020
-
-
1-2
1,36
1,683
-
-
2-3
1,26
1,559
-
-
3-4
1,36
1,683
-
-
4-5
1,61
1,992
-
-
5-6
2,75
3,403
-
-
6-7
4,13
5,111
-
-
7-8
5,33
6,596
-
-
8-9
6,42
7,945
0,254
-
9-10
6,24
7,722
0,254
-
10-11
5,52
6,831
0,254
-
11-12
3,82
4,727
0,254
-
12-13
4,92
6,089
0,254
-
13-14
3,58
4,430
0,254
-
14-15
3,32
4,109
0,254
0,6
15-16
4,06
5,024
0,254
0,6
16-17
4,51
5,581
0,254
0,6
17-18
4,29
5,309
0,254
0,6
18-19
5,72
7,079
0,254
0,6
19-20
5,70
7,054
0,254
0,6
20-21
6,07
7,512
0,254
0,6
21-22
6,67
8,254
0,254
0,6
22-23
5,88
7,277
-
-
23-24
3,04
3,762
-
-
Қорытынды
100
123,75
3,3
4,8

Есептеу: Әр сағаттағы тұрғын бөліктегі су шығынын есептеу үшін
Q сағ = Q макс.тәул * р100 формуласын пайдаландым. Мұндағы р - әр сағаттағы суды пайдаланудың проценттік көрсеткіші.
Асханадағы су шығынын есептеу үшін:
Асхана Q сағ = Q макс.тәул (ncm*t) = 3,3(1*13) = 0,254 м3тәу
Душтағы су шығынын есептеу үшін:
Душ Q сағ = Q макс.тәул (ncm*t) = 4,8(1*8) = 0,6 м3тәу

Тұрғындардың апталық су шығыны
Апта куні
Тұрғын бөлігі
Асханадағы су шығыны
Душтағы су шығыны
Дүйсенбі
125,6
3,3
4,8
Сейсенбі
120,65
3,3
-
Сәрсенбі
124,7
3,3
4,8
Бейсенбі
123,75
3,3
4,8
Жұма
119,6
3,3
-
Сенбі
124,95
3,3
4,8
Жексенбі
127,5
3,3
4,8
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыстық сумен қамту жүйесі
Қала құрылыс шешімі
Жатақхананы электрмен жабдықтау
Жамбыл облысының әкімі Б. Б. Жексембиннің облыс тұрғындары алдындағы «2007 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» есебі
Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайлары (Арқалық қ. мысалында)
Қазақстанның еңбек нарығының дамуына талдау жасау
Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесін шешу жолдары
Желтоқсан батырлары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Түркістан медицина колледжі оқушыларының ішкі тәртіп
Пәндер