Компьютерде мәліметтер қоры бойынша тест сұрақтарының қорын құрып, тестілеу программасын жасау
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.ТАРАУ. ТЕСТІЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1. Педагогикалық тесттердің негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.2. Тест тапсырмаларының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
1.3. Тест құрастыру тәсілдері мен тесттік бақылау нормалары ... ... ... ... ..23
2.ТАРАУ. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ТЕСТІЛЕУ ПРОГРАММАСЫН ЖАСАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.1. Жалпы білім беретін орта мектепте мәліметтер қорын оқытудың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.2. Мәліметтер қоры бойынша тест тапсырмаларын жасау ... ... ... ... ... ..36
2.3. Тестілеу программасының құрылымы және сипаттамасы ... ... ... ... ...65
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69
ҚОСЫМША 1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..71

Соңғы он жылда Республикамыздағы білім беру жүйесінде демократияландыру мен ізгілендірудің стратегиялық бағыттары қалыптаса бастады. Осының нәтижесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін бағалаудың жаңа критерийлері пайда бола бастады. Бұл үрдіс оқу жоспарлары мен бағдарламаларының әр алуандылығын көздейтін жаңа білім беру жағдайында жүзеге асырылуда.
Cтуденттер мен оқушылардың білімін бақылауды ғылыми ұйымдастырудың жалпы мәселелеріне, педагогика теориясы мен әдістемесі, оқу үрдісін басқару мәселелеріне қызығу арта түсті. Бұл мәселелермен жемісті шұғылданған авторлар қатарында - В.С.Аванесова, Ш.Ш.Артыгалин, Т.О.Балыкбаев, С.А.Ирсалиев, А.Н.Майорова, Г.М.Мутанова, М.Б.Челышковой, Ю.М.Нейман, В.А.Хлебникова, Г.Сакса, Т.Д.Тасбулатов, М.М.Левин, И.Я.Лернер, В.П.Мизинцев, Н.Д.Никандров, В.М.Полонский, Л.И.Рувинский, М.Н.Скаткин, В.А.Сластенин, В.А.Якунин, т.б. көптеген ғалымдар болды.
Оқыту мен білімді бағалаудың жаңа технологияларын ендіру педагог қауымның тесттерге деген қызығушылығын арттыруда. Көптеген педагогикалық жаңалықтардың бірі болып табылатын тесттік жүйе оқушылардың білім, білік, дағды дейгейін объективті бағалауға, оқушыларды даярлау талаптарының берілген стандарттарға сәйкестігін тексеруге, оқушылар даярлығындағы қиын мәселелерді анықтауға жол ашады.
Тесттерді оқушылар білімін бақылау мақсатында ғана емес, оқыту мен дамыту мақсатында да пайдалану бағыттары қарқынды іздестірілуде. Сондай зерттеулердің қатарына И.Б.Бекбоев, В.Г. Болтянский, Н.Я.Виленкин, Д.Г.Глейзер, Б.В.Гнеденко, В.А.Далингер, Ә.К.Қағазбаева, А.Н.Колмогоров, А.Д.Кудрявцев, А.И.Маркушевич, А.М.Мүбәраков, А.А.Столяр, Д.Р.Рахымбек, Л.Т.Искакова, және т.б. еңбектерін қосуға болады. Бұл ғалымдар өз еңбектерінде білімді тексеру мен бағалаудың нақты тәсілдерін қарастырып қана қоймай, оқушылардың педагогикалық ой-өрісін кеңейту, оқу қызметін ұйымдастыру түрлері мен әдістерінің жалпы қағидаларын да айқындап көрсетті.
Мемлекеттік білім стандарты оқу барысында оқушылардың игерілген білімінің барынша берік болуын талап етеді. Осыдан орай тестік бақылау процедураларын объективтендіру ғана емес, оқыту мазмұнының берік меңгерілуін қамтамасыз ету мәселесі де өткір қойылуда.
Қазіргі уақытта компьютерлік технологияның дамуы өте қарқынды жүруде. Компьютерлік технологияның дамуы ақпарат алмасуының жеделдеуіне мүмкіндік бере отырып, ақпаратты сақтау және білім беру жүйелерінде ақпараттық жүйелердің, автоматтандырылған басқару орындарының пайда болуына және жұмысының жетілдірілуіне алып келді.

1. Информатика пәнінен 7-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы. Алматы 2010ж. Авторлар: Бидайбеков Есен Ықласұлы, Нұрбекова Жанат Құнапияқызы, Мұхамбетжанова Сәуле Талапеденқызы, Сағымбаева Айнұр Есенғазықызы.
2. ҚР-ның Білім заңы. Алматы, 2007 ж.
3. Кривошев А О “Програмное обеспечение учебного назначения и компьютерная технология обучения.
4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 7 желтоқсан, 2010 жыл.
5. Орта мектеп материалдары бойынша тестік мәселелерін шешу // «10 жылдағы Тәуелсіз Қазақстанның білім мен ғылымы» І.Жансүгіров оқулары материалдары. – Талдықорған, 2001 – Б. 5-6.
6. Тестілік бақылау тәсілдерін пайдаланудың психологиялық педагогикалық аспектілері //«Ұлт тағлымы». – Алматы, 2005. – №2.–Б.115- 117.
7. Тесттік бақылау тәсілдері мен оқушылардың жеке ерекшеліктерін анықтау //«Жаңа әлемдегі жастар және ғылым» атты жас ғалымдардың және студенттердің республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдары. – Талдықорған, 2009. – Б. 3-4.
8. Жүйелік-құрылымдық тәсіл -тест тапсырмаларын құрастырудың негізі //«Қазақстан мектебі». - Алматы, 2010. - №8. – Б.32- 35.
9. Аванесов В.С. Современные методы обучения и контроля знаний. Владивосток: Дальрыбвтуз, 1999. - 125 с.
10. Кречетников К.Г., Черненко Н.Н. Системный дизайн при построении интерфейса компьютерных обучающих программ // Интернет-журнал "Эйдос". - 1999. - 2 марта.
11. Панкратова Л.П., Челак Е.Н. Контроль знаний по информатике: тесты, контрольные задания, экзаменационные вопросы, компьютерные проекты. – Спб.: БХВ-Петербург, 2004. – 448.
12. Шаталов В.Ф. Эксперимент продолжается. - Донецк: Сталкер, 1998. - 396 с.
13. [Голицына И.Н., 2000] И.Н. Голицына.. Вопросы эффективности внедрения компьютерных технологий в профессиональное образование.
14. [Галеев И.Х., 1998] Автоматизация тестирования знаний обучаемых: способ. Указания./ Каз. Гос. Технол. Ун-т; Сост.: И.Х. Галеев, Г.У. Матушанский, В.И. Чепегин, Казань, 1998, 24 с.
15. Бондарев В. М., Рубленицкий В. И., Качко Е. Г. Основы программирования / Феникс, 1998г.
16. 2005-2010 жылдары Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 11 қазан 2004.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1-ТАРАУ. ТЕСТІЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..6
1.1. Педагогикалық тесттердің негізгі
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.2. Тест тапсырмаларының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 0
1.3. Тест құрастыру тәсілдері мен тесттік бақылау
нормалары ... ... ... ... ..23
2-ТАРАУ. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ТЕСТІЛЕУ
ПРОГРАММАСЫН ЖАСАУ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 26
2.1. Жалпы білім беретін орта мектепте мәліметтер қорын оқытудың
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.2. Мәліметтер қоры бойынша тест тапсырмаларын
жасау ... ... ... ... ... ..36
2.3. Тестілеу программасының құрылымы және
сипаттамасы ... ... ... ... ...65
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...69
ҚОСЫМША
1 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...71
КІРІСПЕ
Соңғы он жылда Республикамыздағы білім беру жүйесінде
демократияландыру мен ізгілендірудің стратегиялық бағыттары қалыптаса
бастады. Осының нәтижесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін бағалаудың жаңа
критерийлері пайда бола бастады. Бұл үрдіс оқу жоспарлары мен
бағдарламаларының әр алуандылығын көздейтін жаңа білім беру жағдайында
жүзеге асырылуда.
Cтуденттер мен оқушылардың білімін бақылауды ғылыми ұйымдастырудың
жалпы мәселелеріне, педагогика теориясы мен әдістемесі, оқу үрдісін басқару
мәселелеріне қызығу арта түсті. Бұл мәселелермен жемісті шұғылданған
авторлар қатарында - В.С.Аванесова, Ш.Ш.Артыгалин, Т.О.Балыкбаев,
С.А.Ирсалиев, А.Н.Майорова, Г.М.Мутанова, М.Б.Челышковой, Ю.М.Нейман,
В.А.Хлебникова, Г.Сакса, Т.Д.Тасбулатов, М.М.Левин, И.Я.Лернер,
В.П.Мизинцев, Н.Д.Никандров, В.М.Полонский, Л.И.Рувинский, М.Н.Скаткин,
В.А.Сластенин, В.А.Якунин, т.б. көптеген ғалымдар болды.
Оқыту мен білімді бағалаудың жаңа технологияларын ендіру педагог
қауымның тесттерге деген қызығушылығын арттыруда. Көптеген педагогикалық
жаңалықтардың бірі болып табылатын тесттік жүйе оқушылардың білім, білік,
дағды дейгейін объективті бағалауға, оқушыларды даярлау талаптарының
берілген стандарттарға сәйкестігін тексеруге, оқушылар даярлығындағы қиын
мәселелерді анықтауға жол ашады.
Тесттерді оқушылар білімін бақылау мақсатында ғана емес, оқыту мен
дамыту мақсатында да пайдалану бағыттары қарқынды іздестірілуде. Сондай
зерттеулердің қатарына И.Б.Бекбоев, В.Г. Болтянский, Н.Я.Виленкин,
Д.Г.Глейзер, Б.В.Гнеденко, В.А.Далингер, Ә.К.Қағазбаева, А.Н.Колмогоров,
А.Д.Кудрявцев, А.И.Маркушевич, А.М.Мүбәраков, А.А.Столяр, Д.Р.Рахымбек,
Л.Т.Искакова, және т.б. еңбектерін қосуға болады. Бұл ғалымдар өз
еңбектерінде білімді тексеру мен бағалаудың нақты тәсілдерін қарастырып
қана қоймай, оқушылардың педагогикалық ой-өрісін кеңейту, оқу қызметін
ұйымдастыру түрлері мен әдістерінің жалпы қағидаларын да айқындап көрсетті.
Мемлекеттік білім стандарты оқу барысында оқушылардың игерілген
білімінің барынша берік болуын талап етеді. Осыдан орай тестік бақылау
процедураларын объективтендіру ғана емес, оқыту мазмұнының берік
меңгерілуін қамтамасыз ету мәселесі де өткір қойылуда.
Қазіргі уақытта компьютерлік технологияның дамуы өте қарқынды жүруде.
Компьютерлік технологияның дамуы ақпарат алмасуының жеделдеуіне мүмкіндік
бере отырып, ақпаратты сақтау және білім беру жүйелерінде ақпараттық
жүйелердің, автоматтандырылған басқару орындарының пайда болуына және
жұмысының жетілдірілуіне алып келді.
Информатика физикада, механикада, химияда, медицинада, әкімшілік және
өндірістік басқаруда, сонымен қатар жобалауда, автоматтандыруда, болжауда,
математикалық модельдеуде, бейнелерді тануда және т.б. салаларда кеңінен
қолданылады. Осы салалардың барлығында орасан зор ақпарат ағымдарын
басқару қажет екені белгілі. Бұл жерде ақпарат индустриясының құрал-
жабдықтары, әдістері анықталуы керек. Міне, осы жағдайлар үлкен мәліметтер
қорын және оны басқару жүйелерін жасау қазіргі кездің өзекті мәселелерінің
бірі екендігін айқындай түседі.
Қазіргі жоғары технологиялар ғасырында ақпарат және оларды өңдеу,
ақпараттық модельдеуге ерекше көңіл бөлінуде. Компьютерлік техниканың
кеңінен қолданылуына байланысты әр түрлі тақырыптағы мәліметтер қорын
жүргізу мүмкіндіктері пайда болды. Адам кызметінің барлық салаларына
кіретін ақпараттық процестердің компьютерлік жасауының негізін мәліметтер
қоры құрайды.
Шындығында да ақпараттарды өндеу процестерінің табиғаты жалпы және
мәліметтердің өзара байланысқан жиынтығы түрінде көрсетілген шын дүниенің
үзінділерінің сипаттамаларына сүйенеді.
Тәжірибеде оқытудың ақпараттық технологиялары деп арнайы техникалық
ақпараттық құралдарды қолданатын барлық технологияларды айтады (ЭЕМ аудио,
кино, бейне). Кез келген педагогикалық технология, оқыту процесінің
технологиялық негізін ақпарат пен қозғалыс (түрлену) құрайтындықтан,
ақпараттық технология болып табылады. Компьютерді қолданатын оқыту
технологиясының ең дұрысырақ термині ол - компьютерлік технология.
Компьютерлік технологиялар бағдарламаланған оқыту идеясының қазіргі
заманғы компьютерлер мен телекоммуникацияның тамаша мүмкіндіктерімен
байланысты, оқытудың жаңа, әлі зерттелмеген технологиялық нұсқаларын дамыта
түседі. Оқытудың компьютерлік (жаңа ақпараттық) технологиялары дегеніміз –
жүзеге асыру құралы компьютер болатын дайындық процесі және білім
алушыларға ақпараттың берілуі.
Қазіргі кезде білімді бағалауда компьютерлік тестілеу қолданылуда.
Компьютерде тест сұрақтарының қоры алдын ала құрылып, білім алушылардың
білімі сол компьютерлік тестілеу арқылы бағаланады. Мұнда тест сұрақтарының
нұсқалары компьютерде құрылып, тестілеу аяқталғанда компьютер тесттің
нәтижесін автоматтты түрде есептеп шығарып береді. Бұл жүйенің тиімділігі
оның жүйелі, әділ және нәтижені бірден көрсетіп беруінде.
Зерттеудің мақсаты – орта мектепте мәліметтер қоры бойынша тест
сұрақтарының қорын құрып, тестілеу программасын жасау.
Зерттеу нысаны – орта мектеп оқушыларын оқу процесінде информатика
пәнінен білімдерін бақылау және бағалау.
Зерттеудің пәні – Информатиканы оқыту әдістемесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы – Білімді бақылау және бағалау өте күрделі
процесс. Сол себептен білімді бақылаудың тиімді құралы тестілеу
программасын жасау керек. Оқушылар тест тапсырып жатқанда мұғалімнің оларды
тереңірек зерттеп, бақылауға мүмкіндігі болады. Осылайша сабақ үстінде
мұғалім оқушыларды әрі бақылай, әрі бағалай алады.
Қойылған мақсат пен жасалған ғылыми болжамға сәйкес зерттеудің
мынандай міндеттері анықталды:
– тестілеу теориясы ұғымына түсінік беру;
– тесттің формаларын, түрлерін анықтау;
– оқу үрдісін басқару жүйесінде электронды мәліметтер қоры
қолданылуы, алатын орны мен маңызын анықтау;
– мектеп курсына арнап мәліметтер қоры бойынша тест
сұрақтарының қорын құру;
– тестілеу программасын құру;
Зерттеудің теориялық негіздері: Қазақстан Республикасының Білім
туралы заңы; Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасының
ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты; білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы;
ақпараттандыруға байланысты нормативті құжаттар; озық педагогикалық
тәжірибелер; белгілі ғалымдардың осы салаға сай ғылыми-әдістемелік
еңбектері.
Зерттеудің әдістері: Теориялық және практикаға бағдарлы зерттеулерді,
зерттеу мәселесі бойынша оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді
талдау; тәжірибелік-эксперименттік жұмыс.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі: Орта мектепте
информатика пәні бойынша мәліметтер қоры тақырыбына арналған тестілеу
программасын құру.
І-ТАРАУ. ТЕСТІЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу,
бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген
жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім
оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап
отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік,
дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың
көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының
қалыптасу дәрежесі анықталады.
Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне
теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері
П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.К.Исақов, Е.И.Перовский,
С.Ф.Сухорский, Н.В.Чертинский, В.О. Онищуктің - Ғылыми педагогикалық
еңбектерінде талданған.
Бақылауды ұйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында
М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пышкало, Т.Л.Коган және т.б. теориялық
талдау жасаған.
Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық
аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады,
себебі "есепке алу", "бақылау", "бағалауды" ұйымдастырудың мәні, олардың
оқу-тәрбие процесіндегі қызметі, форма-лары мен тәсілдері анықталған.
Бақылау - кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді.
Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін
атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бағалау - оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау,
бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным
әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай
дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік
пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау
кызметіне тоқталамыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім
беру, тәрбиелеу және дамыту.
Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді
қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір
жүйеге келтіреді.
Тәрбиелік қызметі оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді.
Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады,
жауапкершілік сезімдері артады.
Дамыту қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын
орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар
әзірлейді, хабарламалар жасайды.
Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық
(информирующие), басқарушылық (управляющие), тәрбиелеушілік
(воспитывающие).
Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық (фиксирующая), бағдарлаушы
(ориентирующая), бақылаушы (контролующая) болып келеді. Бұл топтың қызметі
білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері мен
өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.
Екінші топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік
(регулирующая), дәлдеп түзетушілік (корректирующая) болып келеді. Осы топты
жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол
жеткізілген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін
көрсеткіш.
Үшінші топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық
(развивающая), ынталандырушылық (стимулирующая) болып келеді. Бұл топтың
қызметінің нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей
білуде.
Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары.
Педагогика ғылымы саласыңда білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген
түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю.К.Бабанский, Н.А.Сорокин
бақылауды күнделікті, оқтын-оқтын, қорытынды деген пікірлер айтады. Ал
Г.И.Щукина – күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан
деген көзқарастарын білдіреді. Е.А.Дмитриев - күнделікгі, тақырыптық және
қорытынды, нәтижесі деген тұжырымға келген.
Профессорлар Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаевтың "Педагогика" оқулығында ол
тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын-оқтын және қорытынды бақылау деп
бөлінген.
Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ
барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және
сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның
негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.
Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына
жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі
оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген
ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және
жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.
Тақырыптық бақылау - оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар
бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде
оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге,
мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу
материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми
ережелерді оқушылардың есіне салады.
Қорытынды бақылау - барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі.
Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке
алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері
анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың
жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан
педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау
әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері
байланыс қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және
графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап
бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы
бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді.
Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда, тапсырмалар түрі деп
ұғынылады (жазбаша бақылау жұмысы, тесттік жұмыс, зертханалық-тәжірибелік
жұмыс, шығарма, диктант т.б.) немесе оқушылар әрекетінің негізі болып
(баяндама, хабарлама, оқушы әңгімесі, мұғалім сұрағына жауап беру т.б.)
табылады.
Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде
қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік, жан-жақтылық,
жүйелік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік.
Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі
нормасына қатысты) — бұл субъективтік факторларды болдырмауды көздейді.
Жүйелік, бірізділік - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу
әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық
кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту
нәтижесін қорытындылау (тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою
т.с.с.).
Жеке-дара қатынас - әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның қабілеті,
бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті т.б.) қарастырады.
Жан-жақтылықта - бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды,
оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық білік
пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.
Диффериенциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген
бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған
сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп
сақтауын талап етеді.
Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың
сенімділігін және оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міңдеттердің
орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әр түрлі қателіктер мен
сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика
ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді колдану негізінде жүзеге
асады. Олар мыналар: ауызша баяндау (әңгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық
сұрақ).
- жазбаша бақылау (диктант, шығарма, кесте, сызба, суреттер
кұрастыру);
- практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек
операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу);
- машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау
карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану);
- өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу,
оқудағы
өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою).
Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары
қалыптасқан. Оның тиімділігі мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына
байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар
немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында
оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, бір-біріне
сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара
тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды
мотивтер қалыптасады.
Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен
тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге
байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.) қосымша көмекті қажет
етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.
Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және
дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау
бағдарламалап және дифференциялды оқыту барысында жақсы нәтиже береді.
Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз
пікірлерін қалай пайымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса
көңіл аудару керек.
Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі
бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және
дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру
арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп
шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.
Баға - білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал. Сондықтан,
оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды.
Баға "балл" есебінде көрсетіледі. Қазіргі кезде білім беру саласының
барлық құрылымында оқутаным әрекетінің сапасын анықтайтын дәстүрлі "5"
балдық жүйелер қолданылады.
"5" бағасы - оқу материалын толық, дәл логикалық, бірізділікпен
айтылған жауапқа қойылады;
"4" бағасы — оқу материалын толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі
бар жауапқа қойылады;
"3" бағасы — жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде
кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;
"2" бағасы — оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар
жауапқа қойылады;
"1" бағасы — тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып
жатқан өрескел қателер үшін қойылады.
Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және
бағалаудың жаңа технологиясы. Оқыту - динамикалық процесс. Оның сапасын
үнемі жетілдіріп отыру - өмір талабы. Білім беру саласында оқутаным
әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім,
білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның
технологиясын әр кезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту
міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.
Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және
дағдыны тексеру мен бағалаудың "5" балдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін
анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді.
Тест - оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған
тапсырмалар жиынтығы. Олар уақытты көп жолғалтпас үшін көлемінің шағын
болуы, тесттік тапсырманы өз бетінше қалай болса солай түсінік беруге
жібермеуді, жауапта дәлсіздік немесе көп сипаттылықты болдырмауды, оның әрі
қысқа әрі жинақы болуын, тесттік тапсырманы орындау мен сандық бағалау
арақатынасының мүмкіндігінің жариялылығын, тапсырма мен жауаптағы дәлдік
пен айқындықты камтамасыз етуді т.б. талап етеді.
Тест жұмыстарын қолдану артықшылығы басым болады. Себебі,
- тест бағалау нәтижесін нақты көрсетеді;
- уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік туғызады;
- бақылау бір мезгілде барлық оқушыларды қамтуға қол жеткізеді;
- тест жұмысын атқару барысында барлық оқушылар бірдей тең жағдайда
болады.
Бақылаудың ең маңызды мақсаты - оқушыларды өз білімдеріндегі
кемшіліктерді дер кезінде анықтап, оны уақытылы жойып отыруға ынталандыру
болып табылады. Біздің байқауымызша, оқушылар жұмысының қарқындылығы
бақылау өткізудің жиілігімен және тұрақтылығымен реттеледі. Оның үстіне,
бақылау жиі болған сайын, оқушылар да бақылау процедурасына жақсы
бейімделіп, жүрексіну деңгейі төмендейді.
Мұғалім жұмысының маңызды аспектісі оқушылардың білім, білік,
дағдыны меңгеруін бақылау, оқушылардың өзін-өзі тексеру және өз жұмысын
бағалау мақсатында пайдалануы болып табылады.
Бақылау процедурасы мен нәтижелері оқытушылардың өздерінің және білім
мекемесіндегі әдістемелік және жетекші қызметкерлердің күмәнін тудырмасы
үшін төмендегідей талаптарға сәйкес жүзеге асуы қажет:
1. Бақылау нәтижелерінің жедел алынуы.
2. Бақылау операциялары оқушылар тобының бәрін немесе басым бөлігін
қамтуы.
3. Бақылау операциялары өтілген материалдардың бәрін (немесе басым
бөлігін) қамтуы.
4. Жұмыс уақытын тиімді пайдалану, яғни, аз уақыт ішінде көп оқушының
білім мен білікті меңгеруін бақылау мүмкіндігінің болуы.
5. Бақылау нәтижелерін анықтауға (тексеруге) уақыттың аз жұмсалуы.
6. Бақылау нәтижелерін анықтау кезінде білікті мұғалімді ауыстыру
мүмкіндігі. Айта кеткен жөн, бұл талапты ауызша жауап алу да, бақылау
жұмысы да қанағаттандырмайды.
7. Бақылаудың объективтілігі - оның процедурасының, жұмысты бақылау
мен нәтижені анықтаудың объективтілігі, бұлар оқушылардың тұрақты, әрі шын
көңілден жұмыс істеуіне ынталандырудың маңызды шарты болып табылады.
8. Бақылаудың сенімділігі, яғни, тақырып ақпаратының салыстармалы
түрдегі аз ғана бөлігін бақылай отырып, бүкіл тақырып көлемі меңгерілгенін
білу мүмкіндігі.
9. Оқушыларға мұғалімнің даярлыққа қояр талабын түсінуге мүмкіндік
жасау.
10. Өтілген ақпаратты қайталау (бекіту) және оқушылардың тілін, өз
ойларын қисынды әрі рет-ретімен жеткізу қабілеттерін дамыту мүмкіндігі.
11. Барлық оқушылардың білімін белсендіру және бекіту.
12. Оқушылар жұмысының дербестігін қамтамасыз ету, көмектесуді,
жетекші сұрақтар беруді болдырмау және т.б.
Соңғы жылдары тестік әдіс оқу білімге қатысты барлық ұйымдарда
кеңінен қолданылып жүр. Тест дегеніміз не? Тест арқылы сынауда қандай
жаңалық бар? Оның сұрақтары қалай дайындалады, оны қалай өткізеді, тест
арқылы сұраққа қалай дайындалу керек?
Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас
бөлігіне айналған жастардың дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын
болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады [6].
Оқушылардың білімнің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін
бақылауды ұйымдастырудың бір түрі – тесттік бақылау жүйесі. Ол оқушылардың
өз бетінше жұмыс әрекетін арттырып, оқытудың тиімділігіне қол жеткізіп,
ойлау қабілетін шығармашылық әрекетін белсендіреді. Осыларға қоса
оқушылардың білімдеріндегі оқулықтар анықталып, уақытты тиімді пайдалануға
мүмкіндік береді. Тест тапсырмаларын мұғалім өз қалауынша тақырып, тарау
бойынша құрайды. Бірақ тесттердің көмегімен оқушылардың шығармашылық
дәрежесін бақылау мүмкін емес. Толық педагогикалық мақсатқа жету үшін оқу
үрдісінде тесттерді тексерудің барлық басқа түрлері мен тәжірибелік,
семинар сабақтар, реферат, баяндама әзірлеу арқылы оқушылардың нақты
даярлық дәрежесін көре аламыз.
Тест - ағылшын сөзі, сынақ, байқау деген мағынаны білдіреді.
Тестілеуді әдіс ретінде ең алғаш ұсынған американдық психолог Джон Кеттель
болған. Ол тест терминін енгізді, бірақ тестілеудің теориялық негізін
1883 жылы ағылшын психологы Гальтон жасаған. Гальтон оны 3 негізде
тұжырымдады:
1. Бірдей сынауды сыналушылардың көп тобына қолдану;
2. Нәтижесін статистикалық түрде өңдеу;
3. Баға эталонын белгілеп алу.
Ең алғаш рет оқудың білімін бақылауда тест әдісін 1864 жылы
Ұлыбританияда Джон Фишер қолданды. 1917 жылы Совет үкіметінде тестке аса
үлкен қызығушылық болған жоқ. Тест 1925 жылы арнайы тесттік комиссия
құрылғаннан кейін білім деңгейін бақылау мен бағалау құрылдарының арасында
белгілі маңыздылыққа ие болды. Психологиялық тесттер адамның
интеллектуалдық деңгейін анықтау үшін қолданылды. Ал, педагогикалық
тесттерге белгілі бір уақыт ішінде қандай да бір пәннен оқушылардың білім
деңгейін анықтайтын тесттер жатады.
Тест – қысқа жауап беру немесе берілгендерден дұрыс жауапты таңдауды
талап ететін көп тапсырмалар беруге негізделген, білімді әділ және бірыңғай
тексеруді қамтамасыз ететін оқушы білімі мен біліктілігін бақылаудың бір
түрі [7].
В.П.Беспалько білімге қойылатын талаптарға сәйкес тест тапсырмаларын
деңгейлерге бөліп, тесттің классификациясын жасаған.
І-деңгейдегі тесттер. Оқушылардың танысу деңгейі, оқушы объектіні
басқа ұқсас объектілерден ажырата алуы, түсініктеме көмегімен білімділігін
бақылауға арналған тапсырмалар.
ІІ-деңгейдегі тесттер.Оқушылардың оқу объектілерінің қасиеттері мен
ерекшеліктері туралы ақпаратты зердеде сақтау немесе түсіну дәрежесінде
қабылдау әрекетімен сипатталады.
ІІІ-деңгейдегі тесттер. Оқушылардың еңбекке дайындығын бақылауға
арналған, яғни, оқушылар алған білімін іс-жүзінде қолданып, жаңа ақпарат
алуына бағытталған тапсырмалар.
IV-деңгейдегі тесттер. Оқушылардың шығармашылық біліктілігін анықтауға
арналған тапсырмалар.
Тест қасиеттері
1. Бақылау тапсырмаларының сенімділік қасиеті – тесттің дидактикалық
немесе психологиялық элементтерінде, сол сияқты тұтас тапсырмада және
оның бөліктерінде біркелкі көрсеткішті сипаттау қабілеті.
2. Бақылау тапсырмаларының нақтылық қасиеті – тапсырмадағы бақылау
сұрағының өз мақсатына сай (тән) болуын айтамыз. Нақтылық критерийі:
Тапсырма пән бағдарламасына сәйкес келе ме? Тапсырма бүкіл пәнді
немесе оның тарауларын қамти ма? Деген сұрақтарға жауап береді.
3. Бақылау тапсырмаларының ұзындық қасиеті. Бұл тестті құрайтын
тапсырмалар саны.
Бүгінде тест қолдану оқытушылармен қатар оқушылар үшін де көп тиімді
екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Нәтижесі тікелей белгілі болады. Тестік
әдіс оқушылардың білім дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды.
Тест – оқушылардың білімін және дағдыларын тексеретін құрал болып
табылады.
Педагогикалық тест оқу пәні бойынша ББД және түсініктерді тиімді
өлшеуге, саналы түрде бағалауға мүмкіндік беретін, белгілі бір мазмұны бар,
қиындықтары үнемі артып отыратын ұтымды тест тапсырмалары. Басқа сынақ
жұмыстарымен салыстырғанда, тестің артықшылығы оның объективті,
сенімді, көп варианттылығы болып табылады. Тестің міндетті түрде
бірнеше варианты болуы керек. Бұл тексеру кезіндегі тиімділікті
арттырады, өйткені мұнша тапсырманың барлығын жаттап алу, есте
ұстау немесе көшіріп алу мүмкін емес. Тест тапсырмалары тек
бақылау ретінде емес, оқушыларды үйрету, машықтандыру үшін де
тиімді. Педагогикалық тест арқылы әрбір оқушының білім деңгейін
нақты және тез анықтауға болады.
Педагогикалық тест нәтижелі болу үшін оның қорытындысын
міндетті түрде статистикалық өңдеуден өткізу керек.
Педагогикалық тестіні құрастыру күрделі іс болып табылады,
бірақ мектеп мұғалімі тест тапсырмаларының комплектісін жасай алады.
Ал, тест тапсырмалары сабақ барысында оқушылардың білімін
тексерудің қатаң формасын машықтандырады.
Зерттеу барысында алынған нәтижелерге сүйеніп, тесттердің мынадай
артықшылықтарын айтуға болады.
Біріншіден, тесттер - бағалаудың неғұрлым сапалы тәсілі. Тесттердің
объективтілігіне оны өткізу процедурасын, тесттік тапсырмалардың сапа
көрсеткіштерін тұтасымен стандарттау және тексеру жолымен қол жеткізіледі.
Екіншіден, тесттер - неғұрлым сыйымды құрал. Тест көрсеткіштері
оқушыларды белгілі бір меңгерілген білім жиынтығы бар екенін білуге емес,
оқу бағдарламасының тақырыптары мен бөлімдерінің негізгі ұғымдарын, білік,
дағдыларды т.б. меңгеру деңгейін анықтауға бағдарланған.
Үшіншіден, тесттер - неғұрлым ауқымды құрал. Тест жұмысын орындай
отырып, әрбір оқушы бағдарламада көзделген барлық тақырыптар бойынша
тапсырма орындайды.
Төртінші, тесттердің бақылау жұмыстарынан маңызды айырмашылығы –
оның жабдықталғандығы яғни, тест өткізушілер мен оқушылардың өзара
қатынасын, оқушылардың тестілеу кезіндегі іс-әрекетін, нәтижелерді өңдеу
және мәліметтерді түсіндіру процедурасын реттейтін қатаң ереженің болуы.
Бесінші, тесттердің айырмашылығы, олар баға критерийлерінің
бірліктерін пайдаланып және өткізудің стандарттық шарттарын көздеп,
барлық оқушыларды тең жағдайға қояды.
Осылайша, тесттер дәстүрлі бағалау құралдарына қарағанда оқушылардың
қандай да бір саладағы жетістіктерін неғұрлым объективті және ауқымды
түрде анықтауға жол ашады деуге болады.
Тесттердің осы айтылған басымдықтарға ие болуының негізгі себебі,
оларды әзірлеу, қолдану және нәтижелерді түсіндіруден тұратын
стандартталған процедурасының болуында.
Тестілеу нәтижелері бойынша білім мен дағдының өсуі ғана емес,
тұрмыстық деңгейде алынған білім, әрекет тәсілдері, материалдың белгілі бір
бөлігін оқушының қабылдау ерекшеліктері де анықталуы мүмкін. Осының
нәтижесінде оқушының жеке даму бағдарламасының жобасын жасауға болады.
Тесттерді нормаға келтіру өте маңызды, өйткені нормалардың болуы
шкалаларға тән ерекшеліктерді анықтауға, берілген тест үшін әрбір оқушының
басқаларға қатысты алғандағы орнын белгілеуге, бір немесе әр түрлі
тесттер бойынша сыналушылардың немесе сыналушылар топтарының
арасындағы статистикалық маңызды ұқсастықтар мен айырмашылықтарды
белгілеуге жол ашады. [8]
Оқушылардың ең басты жетістігі – олардың оқу әрекетінің нәтижесі.
Оқушылардың жетістігін бағалау үшін оларды педагогикалық мақсаттармен қатар
қою керек, ал қатар қою үшін мақсаттардың өзі соған сәйкес технологиялық
формамен берілуі тиіс. Егер осындай алға қойылған мақсатты технологиялық
аяқталған алгоритм түрінде қалыптастыру мүмкіндігі пайдаланылса, білім беру
әрекеті нәтижелерінің моделін іс жүзінде көп аспектілі сипатталатын және әр
түрлі бөліктерден тұратын тест құрастыруға жарамды формада жасауға айқын
мүмкіндік туады.
Кез келген тесттің психологиялық немесе педагогикалық маңызды
белгілеріне мыналар жатады:
Тесттің біртұтастығы:
– Метрологиялық негізделген болуы керек;
– Сапа көрсеткіштеріне – валидтілік пен сенімділікке сәйкес келетін
болуы қажет;
– Салыстыруға арналған өзге негіздер ретіндегі нормалары бар болуы
тиіс.
Тесттік тапсырмалар мынадай болуы тиіс:
– Белгілі бір ережелер бойынша құрастырылған;
– Тестілеу мақсаттарына және оны әзірлеушілердің ресурстық әлеуметіне
сәйкес келетін;
– Практикада тексерілген;
– Есептеулі сапа көрсеткіштері - күрделілігі және дискриминативтілігі
бар;
– Тест жұмысын өткізуде белгілі бір уақыттың болуы;
– Тапсырмаларды орындау үшін берілген нұсқаулардың түсінікті,
айқын болуы.
Жабдықтау мынадай болуы тиіс:
– барлық сыналушылар үшін бірдей жағдайды қамтамасыз ететін;
– өткізу уақытын шектейтін;
– нұсқауларының бәрі бірдей, әрі сыналушыларға не істеу керектігін
айқын түсіндіретін;
– нәтижелерді статистикалық талдауды және оларды түсіндіруді алдын-ала
қарастыратын.
Тестілер төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
1. Қажетті жабдықтау және өткізу рәсімінің қарапайымдылығы;
2. Нәтиженің тікелей анықталуы;
3. Жеке және топтық жағдайда қолданылуы;
4. Математикалық өңдеуге қолайлылығы;
5. Қысқа мерзілімділігі;
6. Белгіленген стандарттың (норманың) болуы;
7. Ақиқаттылығы.
Дегенмен дәстүрлі әдіспен салыстырғанда оқушылардың білім, білік,
дағды деңгейін тест арқылы тексерудің өзіндік кемшіліктері де бар:
1. Нысапсыз іріктеу арқылы жауапты кездейсоқ табудың басым
мүмкіндігі;
2. Әрекет нәтижесінің тек соңын тексеру;
3. Мұғалімнің қиын жағдайда тап болуы, көбінесе оқушының
логикалық ойлау деңгейін анықтауға мүмкіндіктің болмауы.
Яғни, тесттік бақылау жұмыстары оқушылардың білім сапасын
тексеруде негізгі нысаны болып қала алмайды, керісінше ол
оқушылардың білім, білік, дағдысын анықтауда басқа да бақылау
әдістерімен және нысандарымен үйлесіп қолданылуы керек. Сөйтсе де
тестік тапсырманы орындату арқылы оқушылардың өткен тақырыптар
бойынша жинақтаған білім сапасын анықтауға нақты мүмкіндік туады.
Бір пән бойынша берілген тест тапсырмаларын орындауға бір сағат
(45 минут) бөлінеді. Тест тапсырмаларын сыныптың барлық оқушылары бір
мезгілде әр оқушы дербес орындайды. Тест тапсырмаларын жазбаша түрде
(компьютерлік нұсқада) теріліп әр оқушыға беріледі.
Тест түрлерін оқу үрдісінде қолдану арқылы мұғалім өзінің
педагогикалық - әдістемелік шеберлігін үздіксіз бақылауды жүзеге асыра
алады. Оқушы білімі мен білігіндегі жетістіктерді, кемшіліктерді,
олардың себептерін анықтап, өз жұмысына талдау жасайды, оны
жетілдірудің жолдарын белгілейді. Сонымен қатар, бұл тестілермен
жұмыс істеу барысында оқушыларда өзінің оқу жұмысындағы жетістіктері
мен жіберген кемшіліктері туралы мәліметтер алып, нәтижесін үлгімен
салыстырып, өз еңбегіне талдау жасап, практикалық қызмет атқарып, өз
табысынан ләззат алуға, сөйтіп білім мен ғылымға деген құштарлығын
арттыруға дағдыланады.
Оқушының білік дағдысын және білімін тексеру жүйесінің бірден-бір
бағыты - тестілеу болып табылады. Тест - стандартты тапсырма ретінде
қарастырылады. Нәтижесінде оқушының білімін тексереді.
1. Педагогикалық тесттердің негізгі түрлері
Тесттердің негізгі екі түрі бар: дәстүрлі және дәстүрлі емес. Тест
құрамымен, біртұтастығымен, құрылымымен сипатталады. Ол тапсырмадан, оны
қолдану ережесінен, әр тапсырманың орындалуының бағасы мен тест нәтижесін
түсіндіруден тұрады. Тесттің біртұтастығы тапсырмалардың өзара байланысын
және жалпы өлшенетін факторға қатысын білдіреді. Тесттің әрбір тапсырмасы
өзіне берілген рөлді атқарады, сондықтан олардың ешқайсысы тесттен өлшеу
сапасы жоғалмай алынып тасталынбайды. Тесттің құрылымын тапсырмалардың
өзара байланысу әдісі құрайды. Яғни, әр тапсырма басқаларымен ортақ
мазмұны бойынша және тест нәтижелерінің вариациясымен байланысты факторлық
құрылым.
Дәстүрлі педагогикалық тестті екі маңызды мәні тұрғысынан қарастыру
керек: педагогикалық өлшеу әдісі және тестті қолдану нәтижесі ретінде. Орыс
тілінде тест әдіс мағынасында, ал батыс авторларының жұмысында тест нәтиже
мағынасында қолданылады. Бұл екі мағына да тестті әртүрлі қырынан
сипаттайды, себебі тестті әрі әдіс, әрі педагогикалық өлшеудің нәтижесі деп
қабылдау керек. Екеуі бір-бірін толықтырып тұрады. Тест әдіс секілді, оны
сыналушылардың әртүрлі деңгейдегі дайындығын өлшеу бағасы және өзінің
сапасын көрсететін нәтижесінсіз елестету мүмкін емес.
Дәстүрлі тесттерге гомогенді және гетерогенді тесттер жатады.
Гомогенді тест объективті мақсатпен құрылатын ортақ оқу тәртібімен
оқытылатын оқушылардың дайындық деңгейінің өлшемі мен құрылымын бағалаудың
сапалы және нәтижелі әдісі. Гомогенді тесті анықтау негізі дәстүрлі тестті
анықтаумен сайкес келетіні бірден байқалады.
Гомогенді тесттер басқаларына қарағанда кеңінен таралған.
Педагогикада олар бір оқу тәртібі бойынша немесе бір бөлім бойынша,
мысалы, инфоорматикадан көлемді оқу тәртібі бойынша білімді бақылау үшін
құрылады.
Гетерогенді тест объективті, сапалы және құрылым мен бірнеше оқу
тәртібі бойынша оқушылардың дайындық деңгейін тексерудің нәтижелі әдісі
мақсатында құрылады. Көп жағдайда мұндай тесттерге ой-өрістің даму деңгейін
тексеру мақсатында психологиялық тапсырмалар қосылып отырады.
Әдетте гетерогенді тесттер мектеп бітірушілерді кешенді бағалау,
жұмысқа қабылдау немесе жоғары оқу орнына абитиурент қабылдауда
қолданылады. Әрбір гетерогенді тест гомогенді тесттерден құралғандықтан,
тестілеу нәтижесін түсіндіру әрбір тест тапсырмасының жауабы бойынша жүзеге
асырылады. Сонымен қатар, сыналушының дайындығына ортақ балл беріледі.
Дәстүрлі тест сыналушыларды зерттеу әдісімен түсіндіріледі. Бұл
жерде сыналушылар бірдей уақытта, бірдей шарттар мен бірдей баға жағдайында
бір тапсырмаға жауап береді. Мұндай тапсырмалардан қабылданған оқу
материалының құрылымы мен нақты көлемі қажеттілікке қарай артқа шегінеді.
Тестке салыстырмалы түрде кімнің не білетінін емес, ал кімнің көп
білетіні нақты анықталатын тапсырмалардың ең аз, жеткілікті мөлшері
іріктеліп алынады. Тестілеу нәтижесін түсіндіру орта арифметикалық есеппен
сыналушылардың қанша процентінің талдауға алынған кез келген сыналушының
тесттік балынан тест нәтижесі төмен екендігін көрсететін проценттік
нормада, тестілеу түрінде жүргізіледі. Мұндай түсіндіру нормативті-
бағдарланған деп аталады. Бұл жерде қорытынды рейтингпен шығарылады:
сыналушының рангісі немесе орны туралы қорытындысы ретінде түсіндірілетін
сыналушының тапсырма жауабының қорытынды білімінің рейтингі.
Интегративті тесттер. Интрегративті тесттер деп – тапсырмалар
жүйесінен тұратын, интегративті мазмұн талаптарына сай келетін, тесттік
формадағы, тапсырманың күрделілігі өсіп отыратын, білім ордасының
бітірушісінің дайындығын қорытынды тексеруге арналған тестті айтады.
Тексеру мынадай тапсырмаларды: екі және одан да көп оқу тәртібінің санын
қажет ететін интеративтелген (қорытылған, өзара байланысты) білімнің дұрыс
жауаптарын ұсыну нәтижесінде жүргізіледі. Мұндай тесттерді құрастыру тек
бірнеше оқу тәртіптерінің білімін игерген, білім берудегі пәнаралық
байланыстың маңызды рөл екендігін түсінетін, тапсырмаларды, сыналушылардан
әртүрлі тәртіптегі білімді талап ететін жауаптарды құрастыра алатын және
осындай білімдерді қолдана алатын мұғалімдердің ғана қолынан келеді.
Интегративтелген тесттерді құру әдістемесі тапсырманың мазмұнын
анықтау жұмысын қоспағанда дәстүрлі тесттерді құру әдістемесімен ұқсас
келеді. Интегративтелген тесттердің мазмұнын іріктеу үшін эксперттік
әдістерді қолдану міндетті болып саналады. Бұл тек мамандар ғана тапсырма
мазмұнының тест мақсатына сай келетінін анықтай алатынымен байланысты.
Бейімделген тестілеу әрбір оқушының білімі мен біліктігін ескере
отырып құрылады. Бұл тестілеу түрін білім бақылауда пайдалану өте тиімді
және қолайлы. Себебі, бұл жерде тест жалпыға ортақ берілмейді, әр бір
оқушының білім деңгейін ескере отырып, оның әрбір жауабын ескере отырып
құрылады.
Дайындық деңгейіне сай тесттерді қолдану - тексерудің нақтылығын
жоғарылатады және жеке тестілеудің уақытын үнемдейді, мысалы, 5-10 минут.
Бейімделген тестілеу әрбір оқушыға компьютердің тапсырманы үйлесімді,
шамамен дұрыс жауаптың 50%-дық деңгейінде беруге мүмкіндік туғызады.
Батыс әдебиеттерінде бейімделген тесттердің үш нұсқасы ерекшеленеді.
Біріншісі пирамида тәрізді тестілеу деп аталады. Барлық сыналушыға бағасыз
алдын ала орташа қиындық деңгейіндегі тапсырма беріледі. Жауапқа сәйкес
әрбір сыналушыға тапсырма оңай немесе қиын болып беріледі. Әрбір қадамда
қиындықты теңдей бөлу шкаласын қолдану тиімді. Екінші нұсқада, бақылау
қалауы бойынша кез келген сыналушыдан басталады. Қиындық деңгейі біртіндеп
білімнің нақты деңгейіне жақындайды. Үшінші нұсқа, тестілеу қиындық
деңгейлері бойынша бөлінген тапсырма қорымен жүргізіледі.
Осылайша, бейімделген тест қиындық параметрлері мен әрбір тапсырманың
дифференциалдық қабілеті түрінде мәлім автоматтандырылған тестілеу
жүйесінің нұсқасын ұсынады. Бұл жүйе тапсырмалар сипаттамасына қарай
реттелген компьютерлік тапсырмалардың банкі түрінде құрылған. Бейімделген
тест тапсырмасының ең басты сипаттамасы – олардың тәжірибелі жолмен алынған
қиындық деңгейі.
Критерилі-бағытталған тесттер. Критерилі-бағытталған жағдайда әрбір
оқушының жоспар бойынша қабылдаған білімінің, білігінің, дағдысының
жетістіктерін құрастыруға арналған тесттер құрылады. Бұл жағдайда есептің
интерпретацияланған жүйесі ретінде көлемді мазмұн қолданылады. Мұның мәні
оқушының нені білетіні және не жасай алатынында.
Критерилі-бағытталған тесттердің өз қиыншылықтары бар. Ереже бойынша
ол тест мазмұнын іріктеумен байланысты. Критерилі-бағытталған тестілеу
жағдайында тестте бақылау курсының толық мазмұнын немесе тым болмағанда осы
курстың толық көлемінде не қабылдауға болатынын көрсетуге тырысады.
Тапсырманы дұрыс орындау пайызы дайындық деңгейі немесе курстың толық
көлемін игеру деңгейі ретінде қарастырылады. Әрине, критерилі-бағытталған
тестілеуде ақырғы интерпретациялауға барлық негіз бар. Өйткені, тестте 100%
көлемінде қабылдауға болатынның бәрі қамтылған.
Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру үшін құрылған тест
пен білім алушыларды қорытынды аттестациялау үшін құрылған тесттер әр түрлі
болуы керек.
1.2. Тест тапсырмаларының түрлері
Заманауи тестілеуде (Аванесов В.С., Челышкова М.Б., Майоров А.Н. және
т.б.) тапсырманың тест формасындағы 4 түрін атап көрсетеді: бір немесе
бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған тесттер, ашық немесе толықтыруға
арналған тесттер, дұрыс тізбек құруға және сәйкестікті орнатуға арналған
тесттер. Ең көп таралғаны бірінші форма [8].
В.С.Аванесовтың классификациясы бойынша тапсырманың әрбір түрін
толығырақ қарастырайық.
Білімді компьютерлік бақылауға арналған бір немесе бірнеше дұрыс
жауапты таңдау тесттерін қолдану тиімді болып табылады. Мұндай
тапсырмаларды келесідей түрлерге бөлген ыңғайлы: бір, екі, үш, төрт, бес
және одан да көп дұрыс жауапты тапсырмалар. Бұл тапсырманың нұсқаулығы
Дұрыс жауапты көрсетіңіз түрінде болады.
Тапсырманы бір оқығанда бірден түсінетіндей болуы шарт. Оның мазмұны
мүмкіндігінше анық және қысқа болып құрастырылады.
Тесттің ықшамдығы тапсырма мағынасы барынша түсінікті болуы үшін
сөздерді, символдарды, графиктерді таңдаумен қамтамасыз етіледі. Сөздердің
қайталануына, түсініксіз сөздерді, оқушыларға түсініксіз символдарды,
мағынасын түсінуді қиындататын шетел сөздерін қолдануға мүлдем болмайды.
Тапсырманың ықшамдығына қол жеткізу үшін бір нәрсе жайлы сұраған
ыңғайлы. Тапсырманың бір нәрсені тауып, шешіп және оны түсіндіру арқылы
қиындатылуы тапсырманың сапасына кері әсерін тигізеді. Тапсырма мен
жауаптың қысқа болғаны дұрыс. Қате немесе шындыққа жақын жауап америкалық
тестілеу әдебиеттерінде дистрактор деп аталады. Жалпы жағдайда,
дистракторлар неғұрлым жақсырақ таңдалған сайын, тапсырмалар да жақсырақ
болады. Тест құрушының қабілеті ең алдымен нәтижелі дистракторларды
құрғанда байқалады. Әдетте, неғұрлым дұрыс емес жауаптар саны көп болған
сайын тест жақсы құрылған деп саналады.
Жабық тест. Бірнеше берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты
таңдайтын тесттік тапсырмалар. Тест тапсырмаларының нұсқаларының жауап саны
– 4-5-тен аспауы керек.
Бұрыннан келе жатқан тәсілдерді жақтаушылардың айтуынша, білімді тек
оқушыға нақты сұрақтар қойып, онымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана
бақылауға болады. Мұндай тұжырымдармен келісу керек. Бірақ, одан басқа
оқушылар мен оқытушылардың күштерін үнемдеу мәселесі де бар: уақытша
шығындар мен білім беру процесінің нәтижесінің жоғарылау мәселелері.
Дұрыс жауапты құрастырғаннан гөрі оны тапқан жеңіл болып саналады.
Бірақ сапалы жасалған тапсырмаларда білмейтін оқушыға көп жағдайда дұрыс
жауапқа қарағанда қате жауап дұрыс сияқты болып көрінеді. Тест
құрастырушының қабілеттілігі қате, бірақ дұрыс жауапқа өте ұқсас жауаптарды
құрастыруда көрінеді. Алайда, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тесттерді
құрастыру білімді бағалаудың төменгі деңгейіне жатады.
Ұсынылған жауаптардың ішінен бір ғана дұрыс жауапты таңдау тапсырмалар
нұсқасы басқаларына қарағанда ерекшеленеді. Мұндай тапсырмалардың
түсініктемесі де болады: дұрыс жауаптың нөмірін көрсет. Бұл жерде
берілген барлық қалған жауаптар да дұрыс, бірақ олар басқа мағынада
қолданылады.
Мұндай тапсырмаларды тәжірибеге енгізудің үш негізі бар. Біріншісі –
нашар оқитындар есінде сақтап қалуы мүмкін дұрыс емес жауаптарды
тапсырмадан сызып тастау. Екіншісі – мұндай тапсырмаларды тәжірибе енгізу
ұтымдырақ. Ол оқушылардың дұрыс жауапты қате жауаптан айыра алуын ғана
емес, жауаптың дұрыстығын саралай алуының қалыптасуына әсерін тигізеді. Бұл
тек жалпы орта ғана емес, кәсіптік білім беру процесінде де маңызды.
Үшіншісі – білімді толықтыруға арналған, дұрыс жауапты таңдау тапсырмасын
қолдану. Мұндай тапсырмаларды тәжірибеге енгізудің негізі айқын болғанымен
кеңінен қолданылмайды.
Ашық тест. Ашық тестке жауап бергенде оқушы тапсырмадағы қойылған
сызықтың орнын сөзбен, санмен немесе формуламен толықтырады. Ашық түрдегі
тапсырмаларда дұрыс жауап берілмейді: оны тесттен өтуші өзі құрастыруы
немес табуы керек. Кей жағдайда ашық түрдегі тапсырма терминінің орнына
толықтыру тапсырмасы немесе жауап құрастырылатын тапсырма терминдері
қолданылады. Ашық түрдегі тапсырма үшін толықтырыңыз түсіндірмелі сөзін
қолдану міндетті болып саналады.
Сәйкестікті орнатуға арналған тест. Бір жиынның элементтерін екінші
жиынның элементтерімен салыстыру. Жиынның бір элементіне екінші жиынның тек
бір элементі ғана сәйкес келуі керек.
Дұрыс тізбек құруға арналған тапсырмалар. Оқушылардан амалдар немесе
процестердің орындау тәртібін дұрыс көрсету талап етіледі.
Жалпы білімді бақылауға арналған тесттерді былайша топтастыруға
болады:
1.2.1-сызба. Тест түрлері
1. Толықтыру тесті: оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де
сөйлемдегі кей сөз орнына (цифр, формула, сөз т.б) үш нүкте
беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа тұжырымды бір мәнді
болуы шарт.
2. Таңдамалы тест: оқушыларға берілген тапсырмамен қоса оның дұрыс
және дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка арқылы
беріліп, оның жауабының саны төртеуден кем болмағаны жөн. Оқушы
жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарта кілті
болады.
3. Еске түсіру тесті: сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді
болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ
нақты, анық қойылады, ал жауабын сөз, сан, формула т.б түрде
берілуі мүмкін.
4. Сәйкестендіру тесті: мағынасы бір–бірімен байланысты
тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналастырылуы.
5. Реттік тест: бақылау объектісі (құбылыс, шамалар, формула т.б)
ретімен жазылуы (айтылуы) керек. Тест тапсырмасын дайындағанда
оның саны 10 шақты болғаны жөн.
6. Аралас тест: оқушыға берілетін тапсырма әртүрлі тест түрінде
(мысалы: толықтыру, таңдамалы т.б) беріледі.
7. Кәсіптік бағдар тесті: мазмұнына қандай да бір кәсіптің пәндік
оқыту кезеңінде айқындалуына немесе одан бір мағлұмат алатынына
негізделеді.
8. Баламалы тест: тесттің бұл түрін жасауда жауабын білуге ықпал
ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа тұжырымды, мазмұнды
бір мәнді болғаны дұрыс. Тесттің мұндай түрінің жауабы сөзбен
(дұрыс, дұрыс емес) ия немесе жоқ немесе белгілер арқылы +, - т.б
беріледі. Мұндай типтен тесттік тапсырманы графикалық диктант
үлгісінде пайдалануға болады.
1.3. Тест құрастыру тәсілдері мен тесттік бақылау нормалары
Информатикадан білім алушылардың білімін бақылау үшін тестілеуді
қолдану, олардың мұғалімнен тәуелсіз белгілі бір тақырып бойынша білім
деңгейі мен сапасын бағалауға мүмкіндік береді.
Жалпы түрде тесттік тапсырмалар төмендегідей болуы қажет:
– Оқу материалының мазмұнына сай болуы керек;
– Сәйкес ережелерді ескере отырып құрылуы керек;
– Тәжірибе жүзінде мақұлданған болуы керек;
– Сыналушыға түсінікті болуы керек.
Тест тапсырмаларының көмегімен білім алушылардың білім деңгейі мен
сапасын бақылауға болады. Ол үшін тест тапсырмалары мына талаптарға сай
болуы қажет:
– Сенімділік – ұқсас жағдайда бірдей жауаптардың ретін өзгертіп
қолдану;
– Анықтылық – тестті құрастырушы бақылағысы келетін білімнің қабылдау
деңгейін анықтап, тексеру;
– Объективтілігі.
Құрастырушы тарапынан тесттік тапсырманың құрамына қойылатын
талаптардың ең аз бөліктері мыналардан тұрады:
1. Нұсқаулықтан (сыналушы тапсырманы қалай орындап, қай жерге не жазуы
керек екені туралы түсіндірме болуы қажет. Нұсқаулық кез келген
сыналушыға тапсырманың қолжетімділігі мен түсініктілігін қамтамасыз
етуі керек);
2. Тапсырма мен сұрақ мәтінінен (тапсырма мазмұнының толық болуы сұрақтың
құрылымы мен құрамы өтілген материалға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz