Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағатының құрылуы мен қызметі (1938-2008 ж.ж.)



Бір орталыққа бағынған тоталитарлық мемлекетте тарихымыздың көп мәселелері коммунистік идеологияның қағидаларына сәйкес біржақты бағаланып келді. Құжаттарға деген тиісті талдау мен шығармашылық көзқарас болмай, көптеген қорлар негізді-негізсіз жабық тәртіпке көшті. Олардың құжаттарын пайдалануға тиым салу тарихи зерттеулердің ауқымын тарылтпай қойған жоқ. Тарихтағы «ақтаңдақтардың» жиналып қалуы да сондықтан болатын.
Қазақ елінің егемендігін жариялап, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы тарихымызды ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеуге кеңінен жол ашты. Қазіргі таңда тарихымыздың ақтаңдақтарын ашуда мұрағаттың алатын орны ерекше. Сондықтан да мұрағаттардың даму барысын саралап зерттеу, құжаттарының құрамы мен мазмұнын баяндау, тарих ғылымының негізгі бағыттары қатарына жатады. «Құжатсыз тарих жоқ, өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз болашақ жоқ» деген танымал нақыл сөз өте көлемді тарихи құжаттарды сақтайтын мұрағаттардың мақсат - міндеттері мен маңызын айтарлықтай дәл білдіреді.
Мұрағат құжаттарын пайдаланудың түбірлі өзгерістерге ұшырауы, мемлекеттік-салалық және жеке адамдар мұрағаттарын қалыптастыру қызметі ауқымының кеңейе түсуі, тарихи мұралардың мемлекеттік істерді жүргізуде, идеологияда, әлеуметтік басқару мүддесіне қолданылуы, ғылыми және шығармашылық жұмыста алатын орнының барған сайын артуы мұрағаттардың аясын кеңейте түсумен қатар оның маңызын да өсірді.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Мәдени мұра мен оның негізгі құрамдас бөлігі болып келетін Ұлттық мұрағат қорының сақталуы мен ұлғайтылуына жоғары қызығушылық танытып және тұрақты түрде қамқорлығын көрсетіп келеді. Көп ұлтты Қазақстан халқының рухани байлығын пайдалану мен сақтау жөніндегі жұмыс біздің еліміздің мемлекеттік және мәдени құрылысының маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарында мемлекет пен қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени қызметінің жан-жақты қырлары көрініс табады. Елімізде мұрағат ісі Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңымен, мұрағат және іс жүргізу туралы нормативтік - құқықтық актілермен, Үкіметтің «Мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасында» негізделген. Қазақстан Республикасының мұрағаттар туралы Заңында Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағат қоры - Қазақстан халқының тарихи - мәдени мұрасының ажырамас бөлігі» деп көрсетілген. [1]
Қазіргі таңда технократиялық ойлау жүйесі қалыптасып, үлкен қарқын алуда. Осы тұста мемлекеттің және қоғамның саналы өкілдері өткен тарихи кезеңдердегі деректерді болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында сақтап қалдыру жауапкершілігіне ерекше мән беріп, біршама іс-шаралар жасауда. Қоғамдық қатынастардың дамуы ақпараттық ресурстарға деген сұраныстарды арттырып отыр. Ақпараттық ресурстардың қоғам өміріндегі шынайы мәні, зор ақпараты бар құжаттардың үлкен жиынтығын сақтайтын мұрағат мекемелері екені рас.
Республикамыздың мұрағат құжаттары - баға жетпес байлық, халықтың асыл қазынасы. Бүгін де, ертең де, келер ғасырларда да толыға беретін,
Пайдаланылған деректер тізімі:
1. Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы. //Егемен Қазақстан.-1998.-29 желтоқсан.
2. В.В.Максаков «Архивное дело в первые годы Советской власти».- М,1959-176с, «История и организация архивного дела в СССР (1917-1945г.г)».-Москва, 1969-196 с.
3. В.В.Крайская.В.Челлини.Архивоведение. –Москва,1986-240 с, Е.М.Бурова. История и современные тенденции развития экспертизы ценности документов: Учебное пособие. –Москва,1985-143с, Е.В.Алексеева. Л.П.Афанасьева. Е.М.Бурова. Архивоведение. –Москва, 2002-272 с.
4. Основные положения развития системы научно-справочного аппарата к документам государственных архивов.-Москва,1981-135с; Основные правила работы государственных архивов СССР. –Москва, 1984-165 с; Основные декреты и постанавления Советского правительства по архивному делу. 1918-1919 г.г.- Москва,1985-220с.
5. Перечень типовых документов, образующихся в деятельности госкомитетов, министерств, ведомств и других учреждений, организаций, предприятий с указанием сроков хранения.-Москва,1989-230 с, Подготовка межархивных справочников: Метод. Рекомендации.-Москва,1991-144 с, Создание и ведение системы каталогов государственных архивов СССР.-Москва, 1989-146 с, Издание документов в научно-популярных целях. –Москва, 1976-245 с, Теория и практика архивного дела в СССР.-Москва, 1980-205 с, Методические рекомендации по работе с особо ценными документами в государственных архивах.-Москва, 1983-203 с, Организация использования документов ГАФ СССР: Пособие для архивистов.-Москва, 1991-173 с.
6. Архивное стройтельство в Казахской ССР (1918-1980 г.г.)./Сборник законодательных и руководящих документов.- Алматы, 1980-353 с.
7. Абилова Т.Е. Личные фонды в государственных архивах КазССР конец 50-х-начало 80-х г.г./проблемы комплектования и научной организации. // Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата исторических наук.- Москва, 1986-30 с.
8. С.Байжанов. Архив-айғақ.- Алматы, 1980-240 б.
9. Т.Медеуов. Мұрағаттардағы жеке қор. //Қазақ тарихы, 2002-№2-25 б.
10. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова, М.Ж.Хасанаев. Архивоведение. –Алматы, 2003-144 с.
11. Р.Сариева. Мұрағат және тарих.- Алматы, 2004-292 б.
12. Ж.Нұрқұлов. Т.Мәмиев. Архив-халық қазынасы.// Ленин жолы-1981-17 апрель, Б.Бөлегенова. Сыр елінің архив шежіресін жасайық. //Коммунизм шамшырағы, 1981-19 февраль, Т.Мәмиев. Архив шежіресіне қамқорлық керек. //Ленин жолы, 1982- 20 октябрь, Д.Исахаев.Халық қазынасына жаңашылдық керек. //Өскен өңір, 1987-4 июль, Ы.Ысқақов Қамқорлық. Облыстық мемлекеттік архив туралы. //Ленин жолы, 1990-2 сәуір,
13. Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты (ҚОММ) 148-қор,1л-тізбе, 1-іс.
14.Е.В.Алексеева.Л.П.Афанасьева.Е.М.Бурова.Архивоведение.Москва,2002-272
15. ҚОММ. 148-қор, 1-тізбе, 60- іс.
16. ҚОММ. 148-қор, 1-тізбе, 498- іс.
17. Ғасырлармен тілдескен мұрағат.-Астана, 2009-136 б.
18. Б.Бөлегенова. Архивке-айрықша қамқорлық.// Сыр бойы, 1999-12 қаңтар.
19. ҚОММ. 148-қор, 1-тізбе, 37-іс.
20. ҚОММ. 148-қор, 2-тізбе, 835- іс.
21. Б.Бөлегенова. Архив-өткеніміздің шежіресі, болашағымыздың болжамы.
// Ақмешіт апталығы, 1998-15 мамыр.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағатының құрылуы мен қызметі (1938-
2008 ж.ж.)

Қызылорда, 2010 ж
Бір орталыққа бағынған тоталитарлық мемлекетте тарихымыздың көп
мәселелері коммунистік идеологияның қағидаларына сәйкес біржақты бағаланып
келді. Құжаттарға деген тиісті талдау мен шығармашылық көзқарас болмай,
көптеген қорлар негізді-негізсіз жабық тәртіпке көшті. Олардың құжаттарын
пайдалануға тиым салу тарихи зерттеулердің ауқымын тарылтпай қойған жоқ.
Тарихтағы ақтаңдақтардың жиналып қалуы да сондықтан болатын.
Қазақ елінің егемендігін жариялап, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы
тарихымызды ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеуге кеңінен жол ашты. Қазіргі
таңда тарихымыздың ақтаңдақтарын ашуда мұрағаттың алатын орны ерекше.
Сондықтан да мұрағаттардың даму барысын саралап зерттеу, құжаттарының
құрамы мен мазмұнын баяндау, тарих ғылымының негізгі бағыттары қатарына
жатады. Құжатсыз тарих жоқ, өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз болашақ жоқ
деген танымал нақыл сөз өте көлемді тарихи құжаттарды сақтайтын
мұрағаттардың мақсат - міндеттері мен маңызын айтарлықтай дәл білдіреді.
Мұрағат құжаттарын пайдаланудың түбірлі өзгерістерге ұшырауы,
мемлекеттік-салалық және жеке адамдар мұрағаттарын қалыптастыру қызметі
ауқымының кеңейе түсуі, тарихи мұралардың мемлекеттік істерді жүргізуде,
идеологияда, әлеуметтік басқару мүддесіне қолданылуы, ғылыми және
шығармашылық жұмыста алатын орнының барған сайын артуы мұрағаттардың аясын
кеңейте түсумен қатар оның маңызын да өсірді.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Мәдени мұра мен оның негізгі құрамдас
бөлігі болып келетін Ұлттық мұрағат қорының сақталуы мен ұлғайтылуына
жоғары қызығушылық танытып және тұрақты түрде қамқорлығын көрсетіп келеді.
Көп ұлтты Қазақстан халқының рухани байлығын пайдалану мен сақтау
жөніндегі жұмыс біздің еліміздің мемлекеттік және мәдени құрылысының
маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарында
мемлекет пен қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени
қызметінің жан-жақты қырлары көрініс табады. Елімізде мұрағат ісі Қазақстан
Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Заңымен,
мұрағат және іс жүргізу туралы нормативтік - құқықтық актілермен, Үкіметтің
Мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған
бағдарламасында негізделген. Қазақстан Республикасының мұрағаттар туралы
Заңында Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағат қоры - Қазақстан халқының
тарихи - мәдени мұрасының ажырамас бөлігі деп көрсетілген. [1]
Қазіргі таңда технократиялық ойлау жүйесі қалыптасып, үлкен қарқын
алуда. Осы тұста мемлекеттің және қоғамның саналы өкілдері өткен тарихи
кезеңдердегі деректерді болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында сақтап қалдыру
жауапкершілігіне ерекше мән беріп, біршама іс-шаралар жасауда. Қоғамдық
қатынастардың дамуы ақпараттық ресурстарға деген сұраныстарды арттырып
отыр. Ақпараттық ресурстардың қоғам өміріндегі шынайы мәні, зор ақпараты
бар құжаттардың үлкен жиынтығын сақтайтын мұрағат мекемелері екені рас.
Республикамыздың мұрағат құжаттары - баға жетпес байлық, халықтың асыл
қазынасы. Бүгін де, ертең де, келер ғасырларда да толыға беретін, жазыла
беретін тарихтың қайнар көзі. Мұрағат құжатынсыз тарихтың жазылуы мүмкін
емес. Мұрағат - өмірі таусылмас, қоймасы ортаймас, тарих көшімен баяғы
заманнан бүгінге дейінгі өмірдің қатпар-қатпар кезеңдеріндегі еліміздің
шаруашылығын, экономикасын, тыныс - тіршілігін кең түрде айқындайтын,
тарихи, мәдени ескерткіштерін, жеке тұлғалардың өмірін мәңгі жасататын
ұлттық тарихи мұраның көзі. Ұлттық мұрағат қорын толықтыруда облыстық
мемлекеттік мұрағаттар үлкен рөл атқарады.
Облыстық мемлекеттік мұрағат 80 жылдан аса тарихында дамудың қиын
да күрделі кезеңін бастан өткерді. Қазақстанда мұрағатты қалыптастыру
мен дамытудың социалистік практикасында сорақылықтар, бұрмалаулар аз
болған жоқ. Оған көптеген құнды құжаттарымыздың жойылуы дәлел. Қандай да
болсын мұрағаттар бір күнде құрылған жоқ. Оның құрылуы мен қалыптасу тарихы
еліміздің өткен тарихымен тығыз үндесіп

Республиканың даму тарихымен бірге Қазақстан мұрағаты да елеулі
кезеңдерді бастан кешті. 1928 жылдың қараша айында Қызылорда аймақтық
мұрағат бюросы құрылып, қазіргі Қызылорда облысының мемлекеттік
мұрағатының негізі қаланды. Осы уақыттан Қызылорда облыстық мұрағат
жүйесі құрылымының қалыптасу кезеңі басталды. Меңгерушілік қызмет
аймақтық атқару комитетінің іс басқарушысына берілді. Аймақтық мұрағат
бюросының меңгерушілігіне Тәжбенов Хожамқұл Исаұлы тағайындалды [13-
12,19п.п.]. Қызылорда аймақтық мұрағат бюросы алғаш рет орталық мұрағаттан
Сыр елінің тарихына қатысты 17 қор 3813 құжат қабылдады.
Елде жинақталған мұрағат қорларын сақтау үшін бөлінген мұрағат
үйлерінің талапқа сай болмауы барлық облыстарға тән болды. Мұрағат
ережесіне сай келетін орын берілмегендіктен құжаттардың бірсыпырасы сапасын
жойды. Оны мұрағат құжаттары да айғақтайды. Мәселен, мұрағат құжаттарына
зер салатын болсақ, Қызылорда қаласында құрылған мұрағаттың бірнеше рет
көшірілгенінің куәсі боламыз.
1928-1930 жылдары жергілікті мұрағат органдарында шала сауатты,
тәжірибесіз адамдардың жұмыс жасауының нәтижесінде мұрағат құжаттарын
құнттап сақтап қалу қиынға соқты. Тарихшы-мұрағатшы мамандарды даярлау,
кәсіби біліктілігін жетілдіруге зор көңіл бөлініп, мұрағат мамандарын
дайындаудың негізгі базасы Москвадағы мемлекеттік мұрағат тарих институты
болды. Облыстық мұрағатта тек 1976 жылдан бастап аталған оқу орнын
бітірген мамандық иелері қызмет ете бастады және бірнеше мұрағат
қызметкерлері жыл сайын осы институт жанындағы бір жылдық курстарға жолдама
алып, өз білімдерін шыңдады.
Кеңестік кезеңде мұрағат құрылымында бірнеше рет өзгеріс болды. 1928 -
1930 жылдары Қызылорда аймақтық мұрағаты, 1931 - 35 жылдары - Оңтүстік
Қазақстан облысына қарасты Қызылорда қалалық мұрағаты, 1935 - 38 жылдары
Қызылорда аудандық мұрағаты, 1938 - 60 жылдары Ішкі Істер Халық
Комиссариаты облыстық басқармасы жанындағы Қызылорда облыстық
мемлекеттік мұрағаты, 1960 - 92 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі
жанындағы Бас мұрағат Басқармасының Қызылорда облыстық мемлекеттік
мұрағаты болып өзгерген.
1938 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы қаулысымен КСРО орталық
мұрағат басқармасы КСРО Ішкі Істер Халық Комиссариаты қарауына берілді.
Мұнан былай мұрағат басқармасы КСРО Ішкі Істер Халық Комиссариаты Бас
мұрағат басқармасы деп аталатын болды [14-29б]. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі
Президиумының 1938 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығымен Орталық мұрағат
басқармасы және оның жергілікті мекемелері Қазақ КСР Ішкі Істер Халық
Комиссариатының қарауына берілді. 1960 жылдың 17 маусымына дейін осы
мекеменің басшылығында болды. Облыстық мұрағат мекемелері тиісінше Ішкі
Істер Халық Комиссариаты Басқармасының бөлімшелері болып табылды.
Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты 1938 жылдың 20 мамырында
құрылды. [15-4п] 1938 жылы облыстық мемлекеттік мұрағатта 23 қор болды,
оның ішінде 10 қор, 2725 сақтау бірлігі есепке алынған [16-4п]. 1938 жылға
дейін аудандық мұрағаттар Арал, Қазалы, Қармақшы және Сырдария
аудандарында болатын [17-115б].
Министрлер Кеңесінің №409 Қазақ КСР өлкелік, облыстық мемлекеттік
мұрағаттардың филиалдарын құру және қалалық, аудандық мұрағаттарды тарату
туралы қаулысына сәйкес 1963 жылдың 1 шілдесінде Қызылорда облыстық
мемлекеттік мұрағатының Арал филиалы және Қызылорда мемлекеттік мұрағаты
құрылды. Облыстық мемлекеттік мұрағаттың Арал филиалына Арал, Қазалы,
Қармақшы аудандарының мұрағаттары кірді. Ал Қызылорда облыстық
мемлекеттік мұрағатының құрамына Қызылорда қаласы, Сырдария, Жалағаш,
Тереңөзек, Шиелі, Жаңақорған аудандарының мұрағаттары кірді [18-2б].
КСРО дәуірінде мұрағат социализмді дәріптеудің идеологиялық құралы
болды. Республикадағы барлық құжаттар айналымының 10 пайызға жуығы
коммунистік құндылықтар тұрғысынан мұқият сұрыпталып, мемлекеттік сақтауға
мұрағатқа жинақталды. Құжаттардың біржақты іріктелуі салдарынан
Қазақстанның шынайы тарихын бейнелейтін аса бағалы деректер мұрағатқа
түспей, біржола жойылып отырды. Мұрағат қорындағы құжаттардың басым бөлігі
түрлі жасанды шектеулер қою арқылы зерттеушілерге берілмеді. Мұрағат
ісінің 1938-1960 жылдары Ішкі Істер Халық комиссариатының қарамағында
болуының өзі олардың өздерінің істеген қылмыстарын жасырын ұстауына
мүмкіндік берді. Мұндай құжаттар Ішкі Істер Халық комиссариатының
мұрағатына өтті.
1939 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Ішкі Істер Халық Комиссариаты
(кейін Ішкі Істер Министрлігі) өз билігіндегі мұрағаттарды саяси бағытқа
көшірді. Барлық құпия материалдарды жинастырды. 27 категория бойынша
азаматтарға карточка-анықтама толтырды. Көптеген құжаттарға шектеулер
қойылды. Партияның идеологиясына сай келетін мұрағат құжаттарын ғана
жариялау және пайдалануға рұқсат берілді. Зерттеушілердің қолына шынайы
оқиғаларды бейнелейтін құжаттар түспеді. 1941 жылы мұрағат ұйымдары мен
мемлекеттік мұрағаттардың барлық іс шаралары мұрағатта сақталған
құжаттық материалдарды ретке келтіру жұмысын аяқтауға және оларды
социалистік құрылыс, кеңес ғылымы мүдделеріне сәйкес және Ішкі Істер Халық
Комиссариаты ұйымдарының жеделдетілген мақсаттары үшін пайдалануға
бағытталуы тиіс болды. Мемлекеттік мұрағаттар жұмысындағы басты назар
КСРО Ішкі Істер Халық
Комиссариатының Мұрағат материалдарын жеделдетілген чекистік
жұмыстарда пайдалану туралы 23 қазан 1940 жылғы №001345 бұйрығына сәйкес
құпия материалдарды жетілдіруге аударылды [19-60,61п.п].
Көптеген құнды құжаттар мұрағаттардың жасырын қоймаларында
(спецхран деп аталған) аса құпия деген белгілермен сақталды. Оларды
ғылыми айналымға енгізуге қатаң тиым салынды. Тек соңғы жылдары ғана,
кеңестік империя құлап, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана
құпия және аса құпия деген белгілер алынып тасталып, олар ғылыми
айналымға енгізіле бастады.
Кеңестік кезеңде идеологиялық ықпал ету үрдісі қарқынмен жүрді.
Социалистік идеялар мен тұжырымдар әрбір кеңес азаматының тікелей наным-
сеніміне және бүкіл іс әрекетінің өзегіне айналды. Бұқаралық сананы,
қоғамдық психологияны қалыптастыратын идеологиялық қызметтің түрі-насихат
болды. Тарихты идеологияның құралына айналдыру үшін бұрмалау ауыр қателікке
апарып соқтырды.
Мұрағат науқаншылдық істерге кеңінен тартылып отырды. Мәселен, КСРО-ның
құрылуының 40, 50 т.б. жылдығы, қазан революциясының айтулы күндері т.б
Осы күндерге сәйкес мұрағат құжаттарынан көрме, радиодан лекция т.б.
ұйымдастырылды. Сонымен, мұрағат құжаттарын мәдени-ағарту және насихаттық
мақсатта пайдаланудың барысында көрмелер ұйымдастырылып, теле және
радиохабарлар даярланып, лекция мен экскурсия өткізілді және мерзімді
басылымдарда мақалалар жарияланды. Қызылорда облыстық мұрағатында құжаттық
материалдарды пайдалану жұмыстары 1957 жылдан бастау алды. Сонымен,
кеңестік кезеңде Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағатының құрылымы,
басқару жүйесі, жұмыс әдіс- тәсілі әлденеше сатылардан өткендігін көреміз.
Еліміздің кең байтақ атырабында мемлекеттік мұрағат жүйесінің пайда болуы
және өркендеп дамып кеңеюі біртұтас тарих шежіресі болып қалады.
1992-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті
жанындағы мұрағаттар мен құжаттама Бас Басқармасының Қызылорда облыстық
мемлекеттік мұрағаты, 1997-2000 жылдары - ҚР Орталық мемлекеттік
мұрағатының Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты, 2000 жылдан - ҚР
мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігі мұрағаттар мен
құжаттаманы басқару жөніндегі комитетінің Қызылорда облыстық мемлекеттік
мұрағаты деп аталып, бірнеше рет өзгергендігін көреміз. Қазіргі уақытта
мұрағат жүйесін облыстық мұрағаттар мен құжаттама басқармасы, облыс
мемлекеттік мұрағаты, облыс мемлекеттік мұрағатының филиалы (бұрынғы партия
мұрағаты), қалалық және 7 аудандық мұрағаттар құрайды.
Тәуелсіздік жолындағы біздің жаңсақтарымыз бен жетістіктеріміз де
мұрағаттар жүйесі мен дамуына әрқилы әсер еткен еді. КСРО тарағаннан кейін
бұрын бір орталықтан Мәскеуден басқарылып келген мұрағат жүйесі тығырыққа
тірелді. Сондай-ақ елдегі экономикалық жағдай да мұрағат қызметіне әсерін
тигізбей қоймады. Бұл кезде Қазақстандағы мұрағатшылар саны сиреп,
мұрағаттарды жинау, қабылдау және сақтауды жетілдіру жөніндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстанда 1920-30-шы жылдары жүргізілген саяси қуғын-сүргін
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Қазақстан Республикасында мұрағат ісін ұйымдастыру
Авторлардың еңбектерінде жоғарғы оқу орындарымен даярланған ауыл шаруашылық мамандары
Қазақстандағы мұрағат ісі
Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағаты
1921 жылдың ақпан айында
Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің даму тарихын талдау
Қазақстан музейлерінің қалыптасу және даму тарихы
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
Пәндер