Пилоттық аймақтағы табиғат ортасының ластануының экологиялық мониторингінің ақпараттық жүйесі


Мазмұны

Кіріспе . 3

  1. Экологиялық мониторингке жалпы сипаттама. …6
  2. Экологиялық мониторингтің жіктелуі . . . . …9
  3. Табиғат ортасының глобальды мониторинг жүйесі:Ауа қабатының мониторингі……… . . . 13Су қабатының мониторингі19Топырақ қабатының мониторингі. 22Өсімдік және жануарлар әлемінің мониторингі. . 26Адам ағзасына ластанғыш заттардың әсері. . … . . . 28
  4. Интегралды көрсеткіштерді өлшеу және талдау . . . . …. . …. 31
  5. Мөлшерлі мүмкін концентрация . Мөлшерлі мүмкін қалдықтар . . . . . 34

6. Қосымша

А Қосымшасы. Пилоттық аймақтағы створ бойынша судың ластану деңгейінің сипаттамасының берілгендер базасы (кіші және үлкен Алматы, Есентай өзендері……… . . . 39

Б Қосымшасы. Пилоттық аймақтағы атмосфералық ауасының құрамындағы металдардың берілгендер базасы . . . 58

В Қосымшасы. Пилоттық аймақтағы топырақтың құрамындағы ластанғыш заттардың берілгендер базасы61

С Қосымшасы. Мәліметтерді өңдеу анализін визуализациялау және интерпретациялау. . 63

Қорытынды . . 73

Қолданылатын әдебиеттер тізімі . 75

Кіріспе

Адамның табиғатқа интенсивті әсері негативті, көп жағдайда осы әсердің қайталанбайтын салдары қоғамның және табиғаттың өзара әрекетінің мәселесін жан жақты және терең талдау қажеттігін көрсетеді. Осындай талдау қазіргі кезде табиғатты пайдалану шеңберінде жүзеге асады. Табиғатты пайдаланудың ғылыми бағыты ретінде негізгі есебі - қоғамның қоршаған табиғат ортасымен өзара әрекетінің тиімді жолдарын іздеу және жасау.

Рационалды табиғат пайдалану табиғат процесстерін басқару болып табылады, яғни анықталған шаруашылық эффект алу мақсатында табиғат объектілеріне бағдарламаланған әсері. Басқару жеткілікті тиімді болу үшін осы объектілердің динамикалық қасиеттері туралы мәліметтерді білу қажет, олардың антропогендік әсері нәтижесінде өзгеруін, табиғи процесстерге адамның араласу салдарын болжау қажет. Табиғи процесстерді басқару табиғи және табиғи-антропогенді жүйенің жағдайының бұрынғы, қазіргі және болашағы туралы сенімді және нақты ақпаратына сүйенуі керек. Соңғы он жылда табиғат өзгеруі бойынша үлкен материал жинақталған. Бірақ ол процесстердің динамикалық дамуы туралы мәліметтерді қамтымайды. Осыған байланысты қоршаған табиғат ортасының жағдайын арнайы байқауды ұйымдастыру туралы және оны бағалау, болжау және мүмкін болатын қолайсыз салдарлар туралы өз уақытында ескерту мақсатында оның антропогендік өзгерістері туралы сұрақ туындайды, яғни мониторингті байқаудың тұрақты жұмыс жасайтын қызметін енгізу туралы.

Қазіргі кезде қоршаған табиғат ортасының сапасын қалыптастыруда жетекші мағынада автомобильді көлік алады. Автокөлік биосфераның барлық құрамдастарына: атмосфераға, су объектілеріне, жер қорларына, литосфераға және адамға кері әсерін тигізуде. Осыған байланысты қоршаған табиғат ортасының мониторингін жүзеге асыру қажет болып табылады.

Мониторинг - бұл қоршаған орта, оның ластануын, болып жатқан табиғи көріністерді, сонымен қатар кейінгі өзгерістерді болжау және бағалау жағдайында үзіліссіз, кешенді, ұзақмерзімді байқаулардың берілген бағдарламасы бойынша орындалатын жүйе. Мониторингтің негізгі қағидаларының бірі - аңдудың үзіліссіздігі. Экомониторинг экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бастапқы кезеңі болып табылады.

Қазіргі кездегі мониторингтің территориялық қамтуының үш деңгейін ажыратады:

  • жергілікті (биоэкологиялық, санитарлы-гигиеналық) ;
  • аймақтық (геожүйелік, табиғи-шаруашылық) ;
  • ауқымды (биосфералы, фондық), ғарыштық мониторинг -ғарыштан қоршаған ортаның жағдайын бақылауды өзіне қосады.

Бақылау жүйесі келесі ішкі жүйелерді қамтиды: 1) қалада және өндіріс аудандарында ауаның ластануын аңду; 2) тұзды және көл суларын ластануын аңду; 3) топырақ ластануын аңду; 4) ауаны ластайтын трансшекаралы заттардың көшуін аңду; 5) қар қабатының ластануы және атмосфералық жауындардың қышқылдығы және радионуклидті және химиялық құрамын аңду; 7) өсімдік және жануар әлемінің жағдайын және табиғат ортасының ластануын кешенді байқау.

Қоршаған ортаның мониторингі - өз бетінше пассивті (ешқандай мақсат қоймайтын) мемлекеттік басқару функциясы.

Мемлекеттік экологиялық мониторинг біздің еліміздегі қоршаған ортаның ақиқат жағдайы туралы заңды және физикалық тұлғаның, мемлекеттің қажеттілігін қамтамасыз ету жағдайында сенімді ақпарат жүргізіледі, ол үшін :

  • әлеуметтік-экономикалық дамуын болжау және сәйкес шешімдерді қабылдауды; қоршаған ортаны қорғау облысында мақсатты бағдарламаны және сәйкес іс шараларды жасау;
  • қоршаған орта жағдайының өзгеруінің қолайсыз салдарларының азаюы және (немесе) жоқ болуы.

Табиғат ортасының экомониторинг нәтижесі табиғат қорларының салалық кадастр құрамын қамтиды және оларды экологиялық мағыналы шаруашылық және басқа шешімдерді қабылдау үшін пайдаланады.

Берілген жұмыстың мақсаты урбандалған территорияның ластанған табиғат ортасында экологиялық мониторингі үшін ақпараттық технология жасау болып табылады. Зерттеу пәні экологиялық мәселелер болып табылады. Зерттеу объектісі адамның және биологиялық объектілердің (өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер) өмір сүру жері. Зерттеу өзектілігі қазіргі кездегі табиғат ортасының ластануын шектейтін және бақылайтын бағдарламаларды жасау, оның сапасын реттеу бағдарламаларын жасау болып табылады.

1. Экологиялық мониторингке жалпы сипаттама

«Мониторинг» термині алғашқы рет 1971 жылы ЮНЕСКО кезінде СКОПЕ (қоршаған орта мәселесі бойынша ғылыми комитет) арнайы комиссия ұсыныстарында пайда болды. Ал 1972 жылы қоршаған ортаның аумақты мониторинг жүйесі бойынша (ҰБҰ қоршаған орта бойынша Стокгольм конференциясы) алғашқы ұсыныстары пайда болды. Бірақ бұл жүйе бар байқау жүйелері арасындағы міндеттерді бөлу, мониторинг объектісі және формасы, көлеміндегі келіспеушіліктерге байланысты қазірге дейін құрылмаған. Осындай мәселелер біздің елде де бар, сондықтан қоршаған ортаны байқаудың қажеттілігі туындаған кезде әрбір сала өзінің жергілікті мониторинг жүйесін құру керек.

Канондық анықтамаға сәйкес экологиялық мониторинг - табиғат процесстері бетіндегі осы өзгерістердің антропогенді құрамдастарды шығару мақсатында құрылған қоршаған ортаның жағдайындағы өзгерістерді болжау және бағалау, байқаудың ақпараттық жүйесі.

1 сурет. Мониторинг жүйесінің блок-схемасы

Экологиялық мониторинг жүйесі:

  • қоршаған орта жағдайы туралы;
  • жағдайдың ықтималды өзгеруі және байқалатын себептері туралы (яғни әсердің көзі және факторы туралы) ;
  • бүтіндей қоршаған ортаға түсетін күшпен өзгерістер туралы;
  • биосфераның қорының табылуы туралы информацияны жинақтау, жүйелеу және талдау қажет.

Сонымен қатар экологиялық мониторинг жүйесіне биосфераның элементтер жағдайын байқау және антропогендік фактор әсері, көздерін бақылау кіреді.

Функция жүйесіне жүктелген және келтірілген анықтамаларға сәйкес мониторинг үш негізгі қызмет бағытын анықтайды:

  • қоршаған ортаның жағдайын және факторға әсер ететін байқауларды;
  • қоршаған ортаның фактілік жағдайын бағалауды;
  • қоршаған табиғат ортасының жағдайын болжау және болжанатын жағдайды бағалау.

Мониторинг жүйесі өзі қоршаған ортаның сапасын басқару бойынша қызмет атқармайды, бірақ экологиялық маңызды шешім ақпаратын қабылдау үшін қажетті көз болып табылады. Бақылау термині әртүрлі параметрлерді аналитикалық анықтамасын жазу үшін көп қолданылмайды (мысалы, атмосфералық ауаның құрамын бақылау, су қоймаларындағы су сапасын бақылау) . Ол сөзді белсенді реттейтін шара қабылдауды қажет ететін қызмет жағдайында ғана қолданады.

"Табиғатты қорғау бойынша сөздік" экологиялық бақылауды келесі түрде анықтайды:

Экологиялық бақылау - экологиялық норма және ережені сақтау бойынша азаматтардың және кәсіпорындың, мемлекеттік орындардың қызметтері. Мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық экологиялық бақылау болып ажыратылады.

Сонымен қатар, табиғатты қорғау заңдылығында мониторингтің мемлекеттік қызметі экологиялық бақылаудың жалпы жүйесінің бөлігі ретінде анықталады.

Экологиялық мониторингтің 4 мақсатын айқындайық:

  1. Адам қызметінің салдарын әшкерелеу және қоршаған ортадағы қадағаланатын өзгерістерді бағалау;
  2. қоршаған ортадағы жағдайдың шамаланған өзгерістерін болжау;
  3. адам қызметінің кері әсерін алдын алу үшін шешімді қабылдау;
  4. қоршаған орта және қоғамның тиімді қатынастарының стратегиясын жасау.

2. Экологиялық мониторингтің жіктелуі

Мониторинг классификациясына әртүрлі әдістер табылады (байқауға алынған шешілетін есептер характері бойынша, ұйым деңгейі бойынша, табиғат ортасы бойынша) . 2 суретте бейнеленген классификация экологиялық мониторингтің барлық блогін қамтиды, осы өзгерістерге экожүйенің жауапты реакциясын және биосфераның өзгеріске ұшырайтын абиотикалық құрамдастарын байқау. Сонымен қатар, экологиялық мониторинг оны іске асыру кезінде қолданылатын зерттеулердің тәсілдерін және кең спектрлі әдістерін анықтайтын биологиялық, геофизикалық жақтарын құрайды.

Әсер ететін көздердің мониторингі
Әсер ететін көздер
Әсер ететін көздердің мониторингі: Әсер ететін фактордың мониторинг
Әсер ететін көздер: Әсер ететін фактор
Әсер ететін көздердің мониторингі: Физикалық
Әсер ететін көздер: Биологиялық
Химиялық
Әсер ететін көздердің мониторингі: Биосфера жағдайының мониторингі
Әсер ететін көздер: Табиғат ортасы
Әсер ететін көздердің мониторингі: Атмосфера
Әсер ететін көздер: Мұхит
Өзендер және көлдері бар жер қабаты, жерасты сулары
Биота
Әсер ететін көздердің мониторингі: Геофизикалық мониторинг
Әсер ететін көздер: Биологиялық мониторинг

2 сурет. Экологиялық мониторингтің классификациясы

Қоршаған ортаның аумақты мониторинг жүйесі

Қазіргі таңда әсер ететін көздерге бақылау желісі және биосфераның жағдайы барлық жер бетін қамтыды. Қоршаған ортаның аумақты мониторинг жүйесі (ГСМОС) әлемдік қауымдастықтың бірлескен күшімен құрылды. 1974 жылы мониторинг бойынша бірінші үкіметаралық жиналыста бағдарламаның мақсаттары және негізгі ережелері қалыптасты. Бірінші кезектегі мәселе қоршаған табиғат ортасын ластайтын және оған әсер ететін факторды тудыратын мониторингті ұйымдастыру болып табылады.

Мониторинг жүйесі бірнеше деңгейде орындалады, оған арнайы дайындалған бағдарламалар сәйкес келеді:

  • импакты (жергілікті масштабта күшті әсерлерді зерттеу - И) ;
  • жергілікті (миграция мәселесінің туындауы және жергілікті экономика үшін тән әртүрлі факторларға бірігіп әсер ететін ластанғыш заттарды трансформациялау - Р) ;
  • фондық (биосфералық қорықтар базасында, мұнда кез келген шаруашылық қызметіде алынып тасталған - Ф) .

1 Кесте. ГСМОС жүйесінде қабылданған приоритет кластары бойынша ластанғыш заттардың классификациясы

Kласс: Kласс
Ластанғыш заттар: Ластанғыш заттар
Орта: Орта
Бағдарлама типтері(мониторинг деңгейі): Бағдарлама типтері
(мониторинг деңгейі)
Kласс: 1
Ластанғыш заттар: Сера диоксиді, өлшенген бөліктер
Орта: Ауа
Бағдарлама типтері(мониторинг деңгейі): И, Р, Ф
Kласс: Радионуклиді
Ластанғыш заттар: Тағам
Орта: И, Р
Kласс: 2
Ластанғыш заттар: Озон1
Орта: Ауа
Бағдарлама типтері(мониторинг деңгейі): И (тропосфера),
Ф (стратосфера)
Kласс: Хлороорганикалық қосылыстар және диоксиндер
Ластанғыш заттар: Биота, адам
Орта: И, Р
Kласс: Кадмий
Ластанғыш заттар: Тамақ, су, адам
Орта: И
Kласс: 3
Ластанғыш заттар: Нитраттар, нитриттер
Орта: Су, тамақ
Бағдарлама типтері(мониторинг деңгейі): И
Kласс: Азот оксиді
Ластанғыш заттар: Ауа
Орта: И
Kласс: 4
Ластанғыш заттар: Сынап
Орта: Тамақ, су
Бағдарлама типтері(мониторинг деңгейі): И, Р
Kласс: Свинец
Ластанғыш заттар: Ауа, тамақ
Орта: И
Kласс: Көміртегі диоксиді
Ластанғыш заттар: Ауа
Орта: Ф
Kласс: 5
Ластанғыш заттар: Көміртегі оксиді
Орта: Ауа
Бағдарлама типтері(мониторинг деңгейі): И
Kласс: Мұнайдың көміртегі
Ластанғыш заттар: Теңіз суы
Орта: Р, Ф
Kласс: 6
Ластанғыш заттар: Фторидтер
Орта: Тұзды су
Бағдарлама типтері(мониторинг деңгейі): И
Kласс: 7
Ластанғыш заттар: Асбест
Орта: Ауа
Бағдарлама типтері(мониторинг деңгейі): И
Kласс: Мышьяк
Ластанғыш заттар: Тамақ содасы
Орта: И
Kласс: 8
Ластанғыш заттар: Микробиологиялық ластанғыштар
Орта: Тамақ
Бағдарлама типтері(мониторинг деңгейі): И, Р
Kласс: Реакицяға қабілетті ластанғыштар
Ластанғыш заттар: Ауа
Орта: И

Импакты мониторинг бағдарламасы мысалы, нақты өнеркәсіптің қалдықтарын зерттеуге бағытталады. Аймақты мониторинг пәні өзінің атына сай, бір аймақтың қоршаған орта жағдайы болып табылады. Ең соңғы, фондық мониторинг «Адам және биосфера» халықаралық бағдарламасы шеңберінде жүргізілетін, антропогендік әсердің деңгейін бағалау үшін қажет қоршаған ортаның фондық жағдайын тұрақтандыруды мақсат етеді.

Байқау бағдарламалары интегралды (заттардың немесе процесстің, көрініс группасын көрсететін) сипаттамасы және ластанғыш заттардың (бірінші кезекті анықталған) приоритетті таңдау принципі бойынша қалыптасады. ГСМОС жүйесінде қабылданған және эксперттік жолында қойылған ластанғыш заттардың приоритет кластары 1 кестеде келтірілген.

Мониторинг жүйесін ұйымдастыру кезінде приоритеттерді анықтау нақты бағдарлама есебі және мақсаттарға тәуелді, яғни территориялық масштабта мемлекеттік мониторинг жүйесінің приоритеті қалаларға, ауыз су көздеріне, балық мекендеріне берілген, бірінші кезекте байқау ортасына қарағанда атмосфералық ауа және тұзды су қоймаларының суы тұрады. Ингредиент приоритеті критерийлерді ескере отырып, ластанғыш заттардың токсикалық қасиеттерін айқындауымен, қоршаған ортаға олардың түсу көлемімен, олардың трансформация ерекшеліктермін, адамға және биотаға әсерінің шамасы және жиілігімен, өлшеуді ұйымдастыру мүмкіндігі және басқа факторлармен анықталады.

Мониторинг бағдарламасын жасау кезінде қоғамдық ұйымдастыру таңдаған приоритеттер ГСМОС жүйесі қабылдағандай, ранжирлеуді қайталамайтындай басқа түрде қалыптасады. Бұл шешім өзін толықтай ақтаған, яғни аймақты және жергілікті приоритеттер аймақтың экономикасымен, жергілікті әсер ететін көздермен тығыз байланысты. Аяғында, қоғамдық мониторинг бағдарламасы нақты мәселемен байланысты болуы мүмкін және ол осы жағдайда приоритетті анықтауы керек.

3. Табиғат ортасының глобальді мониторинг жүйесі

3. a. Ауа қабатының мониторингі .

Атмосфералық ауа - бұл газ араласы, ол азоттан (78%), кислородтан (20, 95%), аргоннан (0, 93%), көмірқышқыл газынан (0, 02 - 0, 032%) және басқа газдардан (0, 01%) тұрады.

Ауа табиғат қоры ретінде адамға ортақ байлықты көрсетеді. Оның құрамының (тазалығының) тұрақтылығы - адам өмір сүруінің маңызды шарты. Сондықтан құрамының кез келген өзгерісі атмосфераның ластануы ретінде қарастырылады.

Атмосфера ластануының негізгі ингредиенттері көміртегі оксидтері, азот және күкірт, көміртегі және өлшенген бөлшектер (тозаң) болып табылады.

Газ және аэрозоль түріндегі ауа бассейніне түскен ластанғыш заттар:

  • ауырлық күші әсерінде қалып қоюы (ауырдисперсті аэрозольдер) ;
  • қалып қойған бөлшектер физикалық түрде болып лито- және гидросфераға түседі;
  • сәйкес заттардың (көмірқышқыл газы, су буы, сера оксиді және азот, т. б. ) биосфералық айналымға қосылуы;
  • өзінің агрегаттық жағдайын өзгертуі (конденсациялану, булану, кристалдану) немесе басқа ауа компоненттерімен химиялық өзара әрекеттесу, содан кейін жоғарыда көрсетілген жолдармен жүру;
  • атмосферада салыстырмалы түрде ұзақ мерзімде болуы, олардың физикалық және химиялық трансформациясы (мысалы, фреондар) үшін шарты орындалмайынша тропо- және стратосфераның әртүрлі қабаттарында және планетаның әртүрлі географиялық облыстарында циркуляциялық ағымдарға өтуі.

Атмосфераға антропогенді әсердің нәтижесінде туындайды:

  • жер қабатының жергілікті немесе аймақты газдануы;
  • кіші арақашықтағы ластанудың трансшекаралы ауысуы;
  • әртүрлі аумақты (жалпы планеталы) эффектер, яғни «парникті эффект» және озон қабатының бұзылуы;
  • атмосфераның өзін өзі табиғи тазалау процесі нәтижесі ретінде лито- және гидросфераның ластануы.

Атмосфера сапасы адамға, өсімдік және жануарлар әлеміне физикалық, химиялық және биологиялық әсерінің дәрежесін анықтайтын, оның қасиеттерінің жиынтығын, сонымен қатар материалдарды, конструкцияларды және бүтіндей қоршаған орта деп түсініледі. Атмосфера сапасы оның ластануына тәуелді, сондай-ақ сол ластанулар табиғаттық және антропогендік көздерден түсуі мүмкін. Өркениет дамуымен атмосфера ластануына антропогендік көздердің артып келуі себеп болады.

Атмосфераның ластануы оған қосымшалардың енуі, олар табиғат ауасында жоқ немесе ауаның табиғат құрамындағы ингредиенттер арасындағы қатынасты өзгертеді деп түсініледі.

Ерекше үрейді атмосфераның ластануына әсер ететін енді ғана жасалған заттар және қосылыстар туғызады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы айтқандай Менделеев кестесіндегі белгілі 105 элементтің 90 ғана өндірістік практикада қолданылады, олардың базасында 500 ден артық жаңа химиялық қосылыстар алынған, олардың 10% жуығы қауіпті немесе аса қауіпті.

Антропогендік ластану әртүрлі қоспа түрлерімен және оларды шығарудың көптеген көздерімен ерекшеленеді. Ластанудың жоғары концентрациясының ең тұрақты аймағы адамның белсенді өмір қызметі орнында туындайды. Әрбір 10-12 жылда әлемдік өнеркәсіптік өндіріс екі еселенеді, ал бұл қоршаған ортаға шығарындыларының ластану көлемінің өсуіне алып келеді. Ластану қатары бойынша олардың шығарынды өсуінің темпі ортадан жоғары. Осыларға ауыр және сирек кездесетін металдардың аэрозолі, синтетикалық қосылыстар, радиобелсенді, бактериологиялық және басқа ластану жатады.

Қоспалар атмосфераға газ, бу, сұйық және қатты бөлшек түрінде түседі. Газдар және булар ауамен араластырғыштарды, ал сұйық және қатты бөлшектер - аэрозолдарды (ол өзі шаң, тозаң, тұманға бөлінеді) құрады. Аэрозолдар жиі жағдайда полидисперсті болады, яғни әртүрлі өлшемді бөлшектерді құрайды.

Атмосфераны ластайтын негізгі химиялық қоспаларға төмендегілер жатады.

Көмірқышқыл тотығы - иісі жоқ түссіз газ, «иісті газ» деген атпен белгілі. Нәтижесінде төменгі температура кезінде және кислород жетіспеушілік жағдайында қазба отынның (көмір, газ, мұнай) толық емес жануы түзіледі. Осы кезде барлық шығарындылардың 65 % көлікке, 21% - кіші тұтынушы және тұрмыстық сектор, ал 14% - өндіріске келеді.

Көміртегінің екіокисі немесе көмірқышқыл газ - қышқыл иісі және дәмі бар түссіз газ, көміртегінің толық қышқылдану өнімі.

Күкірттің екітотығы - ащы иісі бар түссіз газ. Отынның қазба түрлерінің, негізінде көмір серадан тұратын жану процесінен, сонымен қатар күкірт кенін өңдеу кезінде түзіледі. Ол бірінші кезекте қышқыл жаңбырдың қалыптасуына қатысады. Жалпы әлемдік күкірттің шығарындысы жылда 190 млнға бағаланады.

Азот тотығы (оксид және азот диоксиды) - газбейнелі зат, жалпы формуламен NOx бірігеді. Барлық жану процесінің кезінде азот тотығы, көп бөлігі оксид түрінде түзіледі. Азот тотығы диоксидқа дейін тез қышқылданады. Жану температурасы жоғары болғанда азоттың тотығының түзілуі интенсивті жүреді.

Жазғы кезеңде интенсивті күннің шағылысу кезінде 12-14 сағат ұзақтығында судың (бұлт, жаңбыр) жоғары еру салдарынан және ылғалды қабатта сорбция азотты қышқыл жер бетіне тез түседі. Қалаларда азоттың тотығының ең жоғары концентрациясы фотхимиялық процесс басталмай тұрып, таңертең байқалады. Жарық күн сәулесінде азот тотығы жанбаған бензин буларымен және басқа көмірқышқылымен жанасады, кіші атмосфералы озон немесе смог түзіледі, яғни қызыл тұман.

Озон - характерлі иісі бар газ, кислородқа қарағанда ең күшті қышқыл. Оны ауаны ластайтын ең күшті улағыш қоспаларға жатқызады. Өндіріс аудандарда озонның ең жоғары концентрациясы байқалады. Озон 1-ші класс қауіпіне жатады, сонымен қатар максималды бірлік ШЖК 0, 16 мг/м3 құрайды, ал ортатәуліктік-0, 03 мг/м3.

Көмірсулар - көміртегі және сутегінің химиялық қосылыстары. Оларға мың әртүрлі атмосфераны ластайтын заттарды жатқызамыз және олар жанбайтын бензинде, химтазалауда қолданылатын сұйықтықта, өндірістік ерігіштерде және т. б. болады. Көптеген көмірсулар өзінен өзі қауіпті. Мысалы, бензол бензиннің құрамдасының біреуі лейкемия тудырады, ал гексан адамның жүйке жүйесін ауыр жаралайды. Бутадиен күшті канцероген болып табылады.

Қорғасын - күміс-сұр металл, кез келген белгілі түрде уытты. Бояу, қаружарақ, типографиялық ерітінді және т. б. өндіру үшін кеңінен қолданылады. Қорғасын қосылысымен атмосфера ластануының негізгі көзі (80% жуығы) көлік құралдарынның жарамсыз шығаратын газдары болып табылады. Қорғасын және оның қосылыстары үшін ортатәуліктік ШЖК 0, 0003 мг/м 3 құрайды.

Фреондар - адамдармен синтезделетін галогенқұрайтын заттар тобы. Басқа заттар алдында оның артықшылығы ол жанбайды, токсинді емес және нейтралды. Фреондар хлорланған және фторланған көміртегін көрсетеді, Қымбат емес және токсинді емес газдар хладагент түрінде мұздатқыштарда және кондиционерлерде, газдық өрт өшіру үшін құрылған көбік түзетін агенттерде кеңінен қолданылады.

Аэрозолдарда (шаңдар, тозаңдар, тұмандар) атмосфера ластағыштары болып табылады. Аэрозольді бөлшектер атмосфераға вулкан, өрт, теңіз тұзы, шаңдар немесе отынды жағу кезіндегі қызметтің нәтижесінің дайын түрінде түседі.

Аэрозоль барлығы атмосфераның жылу балансын бұзады. Көк тұманның смогі кезінде пайда болған көрінудің нашарлауымен сәйкес келетін қатты аэрозольді бөлшектер түзілу салдары болады. Атмосфераның шаңдануы жалпы планеталы жылу процесінде ерекше роль атқарады: оның өсуі жердің альбедосының артуына және соның салдарынан күн радиациясының жұтылуының кішіреюіне әкеледі.

Қатты бөлшектермен аэрозолдардың түзілуі қала ауасында сера қышқылына айналатын сера диоксиді жиі шақырылады, ол өз кезегінде аммиакпен реакцияға түсіп, аммоний сульфатының бөлшегін түзеді.

Жергілікті территорияда көліктік қалдықтардан атмосфералық ауаның ластану дәрежесі ластанғыш заттардың ауысу мүмкіндігіне, олардың химиялық белсенділігінің деңгейіне, берілген жердегі тараған метеорологиялық шарттарға тәуелді. Шектелген кеңістікте әртүрлі реакция жылдамдықтарымен, қатысатын субстанция уақытымен, анықталған гидрометеорологиялық процестермен көптеген химиялық реакция пайда болуы мүмкін. Бұдан атмосферада көлік қалдықтардың таралуының жеткілікті модельдеу процесс қиындығы туады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер ресурстарын басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету
Қоршаған ортаны ластау деңгейiн азайту және оны тұрақтандыру
Экологиялық мониторинг жасаудың техникалық құралдары
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік құқықтық басқару тетігі
Statistic analytic system (SAS) бағдарламалық өнімін қолдана отырып әр бақылау бекетіндегі уақыттың әр түрлі кезеңіндегі (тәулік, ай, жыл), қала кескініндегі (ауданында) атмосфералық ауаны ластайтын заттардың орта шоғырын есептеу бойынша бағдарламалық қамтама өңдеу
Қазгидромет
Мониторинг түсінігі
Қоршаған ортаның мониторингі. Қоршаған ортаның жағдайын бақылау үшін экологиялық мониторингті ұйымдастырудың негізгі жолдары
Жер кадастрының халық-шаруашылык, есепке алудың кейбір түрлерімен жене жерді үйлестірумен байланысы
Мемлекеттік экологиялық сараптама нысаналары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz