Желдің ауыл шаруашылығына тигізетін әсері және күрес шаралары



Ι. Кіріспе
ΙΙ. Негізгі бөлім
1. Жел және оның түрлері
2. Қазақстандағы желдер
3. Желдің ауыл шаруашылығына тигізетін әсері
4. Жел ағысы және оның энергетикасы
5. Желдің жылдамдығын, бағытын анықтау
ΙΙΙ. Қорытынды
ΙY. Пайдаланылған әдебиеттер
Жел — ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизонталь бағытта қозғалуы; метеорологияның негізгі ұғымдарының бірі.
Жел атмосфера қабаттарында қысымның біркелкі таралмауынан пайда болады әрі жоғары қысымнан төменгі қысымға қарай бағытталады. Ауа қысымы уақыт пен кеңістікте тұрақты болмайтындықтан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Желдің бағытын көкжиектің қай тұсынан соғуына байланысты анықтайды және оны градуспен немесе румбымен (16 румбылық жүйемен), ал жылдамдығын – м/с, км/сағ, узелмен немесе балмен (Бофорт шкаласы бойынша) өрнектейді. Биіктікке көтерілген сайын үйкеліс күшінің азаюына байланысты жел қуаты өзгереді, сонымен қатар ол градиенттердің өзгеруіне де тәуелді болады. Жел үлкен аумақты қамти отырып, көлемді ауа ағындарын (муссондар, пассаттар, т.б.) туғызады, осыдан жергілікті және жалпы атмосфералық айналым пайда болады. Қазақстанның барлық өңірінде (әсіресе, жазық жерлерде) күшті желдер жиі болып тұрады, оның максимумы қыс айларына (40 – 45 м/с) және көктем мен күзге (20 – 35 м/с) келеді. Өте күшті желдер Каспий жағалауы және биік тау асулары мен аңғарларында байқалады. Дүниежүзілік желдер жіктеліміне Қазақстан аумағында тұрақты соғатын 23 жел тіркелген. Оларды Қазақстан бойынша мынадай аймақтарға бөледі: ашық далада (Жосалы, Сілеті, т.б.); шөл және шөлейт, үлкен ашық су қоймалары төңірегінде (Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл көлдері, т.б.); тау аңғарларында және тау аралық өңірлерде («Жетісу қақпасы», «Шілік аңғары», «Жаңғызтөбе», «Қордай», т.б.); орташа биіктіктегі таулар мен қырқаларда («Ерейментау», «Ұлытау», «Қарқаралы», «Мұғалжар», т.б.) соғатын желдер. Жел арзан электр энергиясын өндіру, құдықтан су тарту, диірмен айналдыру, егін суару, т.б. үшін пайдаланылады.Жел Жел-ауаның горизонталь бағытта қозғалуы. Желдің пайда болуы-қысым айырмашылығына байланысты. Желдің бағытын өлшейтін құрал-флюгер жел бағар Желдің жылдамдығын өлшейтін құрал-анемометр Желдің күшін 12балмен есептейді. Жылдамдығы-1м\с Бриз-французша-жеңіл жел, тәулік ішінде соғатын жел, күндіз құрлықтан теңізге, түнде теңізден құрлыққа қарай соғады. Муссон-арабша-маусым, қыста құрлықтан теңізге қарай, жазда теңізден құрлыққа қарай соғады. Тұрақты желдер-Пассат, Батыс желдер. Пассат дегеніміз-тропиктік ендіктен экваторға қарай соғатын жел. Батыс желдері-оңтүстік тропиктен қоңыржай ендіктерге қарай соғады. Көгілдір отын-желдің энергиясы. Ауа райы дегеніміз-белгілі бір жердегі белгілі бір уақыттағы тропосфераның күйі. Ауа райын зерттейтін ғылым-метеорология Климат-ауа райының белгілі бір жерге тән көпжылдық режимі. Климаттың элементтеріне температура, жауын-шашын, қысым, жел т.б Алисов күн сәулесінің түсуіне байланысты жер бетін 13 климаттық белдеуге бөлді. 1. Негізгі климаттық белдеулер-7 2. Өтпелі климаттық белдеулер-6 Суб-таяу, маңы дегенді білдіреді. Экваторлық климаттық белдеу-температура мен жауын-шашын жыл бойы біркелкі таралатын жыл мезгілінің ауытқуы байқалмайтын климаттық белдеу. Температура-25 градус, жауын-шашын-2000-3000мм. Қоңыржай климаттық белдеу-жылдың 4 мезгілі айқын байқалады. Жылу белдеулерінің саны-5 Атмосфералық фронт-әр түрлі ауа массасының арасындағы өтпелі аймақ:2-ге бөлінеді:жылы және суық фронт. Атмосфералық радиация-күннің жылу мен жарығы.3-ке бөлінеді: 1.Тура 2.Шашыранды 3.Жиынтық Ауадағы су буы 2-ге бөлінеді: 1.Абсолюттік ылғалдылық-1м куб ауадағы су буының нақты граммен алынған мөлшері. 2.Салыстырмалы ылғалдылық-1м куб ауадағы су буының сол температураға қатынасы. Ылғалдылықты өлшейтін құрал-гигрометр. Изогиета-жауын-шашынның бірдей нүктелерін қосатын сызық. Ылғалдану коэфициенті-жауын-шашынның булануға қатынасы. Ы=Ж\Б 1-ге тең болса жеткілікті, 1-ге жетпесе жеткіліксіз Бұлт дегеніміз-ауадағы су тамшыларының шоғырлануы. Будақ бұлт-аппақ мақтаға ұқсас нөсер жауын жауады. Шарбы бұлт-майда тұз кристалдарынан тұрады, жауын-шашын әкеледі. Қатпарлы бұлт-ақ жауын жауады. Шық-атмосфераның жоғарғы қабатынан жер бетіне түсетін ылғал.
1.Атақұлов Т.А , Ержанова К.М Агрометерология. Жел және оның ауылшаруашылығына әсері. Алматы 2011ж Агроуниверситет баспасы . 117-123 беттер
2.Атақұлов Т.А. , Ержанова К.М.Агрометеорология практикумы. Алматы. 2007ж.
3.Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу-әдістемелік құрал. Алматы. 1998.-34 б.
4.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жанабаев К.Ш. Егіншілік, ЖЖС «Сөздік-словарь», Алматы, 2005.-344 б.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Ι. Кіріспе
ΙΙ. Негізгі бөлім
1. Жел және оның түрлері
2. Қазақстандағы желдер
3. Желдің ауыл шаруашылығына тигізетін әсері
4. Жел ағысы және оның энергетикасы
5. Желдің жылдамдығын, бағытын анықтау
ΙΙΙ. Қорытынды
ΙY. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жел -- ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизонталь бағытта қозғалуы; метеорологияның негізгі ұғымдарының бірі.
Жел атмосфера қабаттарында қысымның біркелкі таралмауынан пайда болады әрі жоғары қысымнан төменгі қысымға қарай бағытталады. Ауа қысымы уақыт пен кеңістікте тұрақты болмайтындықтан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Желдің бағытын көкжиектің қай тұсынан соғуына байланысты анықтайды және оны градуспен немесе румбымен (16 румбылық жүйемен), ал жылдамдығын - мс, кмсағ, узелмен немесе балмен (Бофорт шкаласы бойынша) өрнектейді. Биіктікке көтерілген сайын үйкеліс күшінің азаюына байланысты жел қуаты өзгереді, сонымен қатар ол градиенттердің өзгеруіне де тәуелді болады. Жел үлкен аумақты қамти отырып, көлемді ауа ағындарын (муссондар, пассаттар, т.б.) туғызады, осыдан жергілікті және жалпы атмосфералық айналым пайда болады. Қазақстанның барлық өңірінде (әсіресе, жазық жерлерде) күшті желдер жиі болып тұрады, оның максимумы қыс айларына (40 - 45 мс) және көктем мен күзге (20 - 35 мс) келеді. Өте күшті желдер Каспий жағалауы және биік тау асулары мен аңғарларында байқалады. Дүниежүзілік желдер жіктеліміне Қазақстан аумағында тұрақты соғатын 23 жел тіркелген. Оларды Қазақстан бойынша мынадай аймақтарға бөледі: ашық далада (Жосалы, Сілеті, т.б.); шөл және шөлейт, үлкен ашық су қоймалары төңірегінде (Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл көлдері, т.б.); тау аңғарларында және тау аралық өңірлерде (Жетісу қақпасы, Шілік аңғары, Жаңғызтөбе, Қордай, т.б.); орташа биіктіктегі таулар мен қырқаларда (Ерейментау, Ұлытау, Қарқаралы, Мұғалжар, т.б.) соғатын желдер. Жел арзан электр энергиясын өндіру, құдықтан су тарту, диірмен айналдыру, егін суару, т.б. үшін пайдаланылады.Жел Жел-ауаның горизонталь бағытта қозғалуы. Желдің пайда болуы-қысым айырмашылығына байланысты. Желдің бағытын өлшейтін құрал-флюгер жел бағар Желдің жылдамдығын өлшейтін құрал-анемометр Желдің күшін 12балмен есептейді. Жылдамдығы-1м\с Бриз-французша-жеңіл жел, тәулік ішінде соғатын жел, күндіз құрлықтан теңізге, түнде теңізден құрлыққа қарай соғады. Муссон-арабша-маусым, қыста құрлықтан теңізге қарай, жазда теңізден құрлыққа қарай соғады. Тұрақты желдер-Пассат, Батыс желдер. Пассат дегеніміз-тропиктік ендіктен экваторға қарай соғатын жел. Батыс желдері-оңтүстік тропиктен қоңыржай ендіктерге қарай соғады. Көгілдір отын-желдің энергиясы. Ауа райы дегеніміз-белгілі бір жердегі белгілі бір уақыттағы тропосфераның күйі. Ауа райын зерттейтін ғылым-метеорология Климат-ауа райының белгілі бір жерге тән көпжылдық режимі. Климаттың элементтеріне температура, жауын-шашын, қысым, жел т.б Алисов күн сәулесінің түсуіне байланысты жер бетін 13 климаттық белдеуге бөлді. 1. Негізгі климаттық белдеулер-7 2. Өтпелі климаттық белдеулер-6 Суб-таяу, маңы дегенді білдіреді. Экваторлық климаттық белдеу-температура мен жауын-шашын жыл бойы біркелкі таралатын жыл мезгілінің ауытқуы байқалмайтын климаттық белдеу. Температура-25 градус, жауын-шашын-2000-3000мм. Қоңыржай климаттық белдеу-жылдың 4 мезгілі айқын байқалады. Жылу белдеулерінің саны-5 Атмосфералық фронт-әр түрлі ауа массасының арасындағы өтпелі аймақ:2-ге бөлінеді:жылы және суық фронт. Атмосфералық радиация-күннің жылу мен жарығы.3-ке бөлінеді: 1.Тура 2.Шашыранды 3.Жиынтық Ауадағы су буы 2-ге бөлінеді: 1.Абсолюттік ылғалдылық-1м куб ауадағы су буының нақты граммен алынған мөлшері. 2.Салыстырмалы ылғалдылық-1м куб ауадағы су буының сол температураға қатынасы. Ылғалдылықты өлшейтін құрал-гигрометр. Изогиета-жауын-шашынның бірдей нүктелерін қосатын сызық. Ылғалдану коэфициенті-жауын-шашынның булануға қатынасы. Ы=Ж\Б 1-ге тең болса жеткілікті, 1-ге жетпесе жеткіліксіз Бұлт дегеніміз-ауадағы су тамшыларының шоғырлануы. Будақ бұлт-аппақ мақтаға ұқсас нөсер жауын жауады. Шарбы бұлт-майда тұз кристалдарынан тұрады, жауын-шашын әкеледі. Қатпарлы бұлт-ақ жауын жауады. Шық-атмосфераның жоғарғы қабатынан жер бетіне түсетін ылғал.
Атмосфералық қысымның біркелкі таралмауынан және жоғары кысымның төменгі қысымға карай ағылуынан туындайды. Қысымның уақыт және кеңістік бойынша үздіксіз өзгеруінің салдарынан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Желдің бағыты оның соққан жағы бойынша анықталады да, градуспен не румбпен (16 румбтық жүйе бойынша) анықталады; ал жылдамдығы мс, кмс, түйін ігемесе (шамамен) Бофорт шкаласы бойынша балмен өлшенеді. Жел үлкен аумақтың үстінде өте кең ауа ағыстарын (муссондар мен пассаттарды) түзеді, олардан атмосфераның жалпы циркуляциясы мен жергілікті циркуляңиясы түзіледі. Жел жоғары карай үйкеліс күшінің азаюының салдарынан, сондай-ақ бар градиенттерінің өзгеруіне байланысты озгеріп отырады.
Жел және оның түрлері.Жел деп - ауаның көлденең бағыттағы қозғалысын айтамыз.Бір мөлшер жер бетіне түскен күн сәулелерінен жер беті әр түрлі мөлшерде қызады, соның әсерінен температура өзгеріп отырады.Жер бетіндегі ауа темперетурасының әртүрлі болуы ауа қысымының өзгеруіне де әкеліп соғады.
Температура жоғары болған жерде ауа қысымы төмен, алл температура төмен болған жерде ауа қысымы жоғары болады.Осындай өзгерістердің нәтижесінде ауа қысымы жоғары ауданнан, ауа қысымы төмен ауданға ауа массасы жылжи бастайды. Осы үрдістердің әсерінен жел пайда болады. Неғұрлым ауа қысымдарының айырмасы көп болған сайын желдің жылдамдығы артады. Жел үш түрлі мөлшерде сипатталады: бағыты
(румбы,градустар), жылдамдығы ( мс, кмсағ), күші (баллдар).
Желдің жылдамдығы, күші мына факторларға байланысты:
1.Ауа қысымының айырмашылығына
2.Жер беті бедеріне - жер беті тегіс болмаса, өсімдіктер көп болса, желдің жылдамдығы төмендейді, өйткені ауаның жер бетімен байланысы күшейеді.
3.Жыл уақыттарына (айларына) және тәулікке байланысты. Қыс айларында желдің күші, жылдамдығы артады, өйткені қар жамылғысы арқасында жер беті тегістеледі. Күндіз, түске жақын желдің жылдамдығы, түнге қарағанда артады, қйткені температура және ауа қысымы айырмашылықтары артады.
4.Жердің орналасқан биіктігіне - теңіз деңгейінен биіктеген сайын желдің жылдамдығы артады.

Желдің түрлері. Желдің тұрақты және ауыспалы бағыттарда соғатын негізгі екі түрлері болады. Тұрақты бағытта соғатын желдерге-циклондар, антициклондар және пасаттар, антипасаттар жатады.
Циклон - ауа қысым төмен жерлердегі желдер жиынтығы. Бізге белгілі, атмосфералық қысым барлық жерлерде бірдей емес, бір жерлерде төмен, ал бір жерлерде жоғары. Осы атмосфералық құбылыстар картада изобар сызықтарымен белгіленеді. Изобар-атмосфералық қысымдары бірдей жерлерді көрсететін сызықтар.Изобар сызықтары жоғарыдан қарағанда дөңгелек сияқты болып корінеді. Олардың радиусы 1000 км айналасында болады.
Бұл жағдайда ең төменгі ауа қысымы циклонның ортасында, ал сыртқа қарай қысым көбейе бастайды. Нашар циклондарда, антициклондарда ортасындағы ауа қысымы сырттағыларға қарағанда аз мөлшерде өзгереді, ал кейбір циклондарда ортадағы қысым өте төмендеп кетеді(950 мб дейін)
Антициклон - ауа қысымы жоғары жерлердегі желдер жиынтығы.Карталарда антициклондар изобар сызықтарымен белгіленеді, циклондардан айырмашылығы- ең жоғары ауа қысымы орталықта, ал сыртқа қарай қысым төмендей бастайды.
Мұндай жағдайда ауа массасы орталықтан жан-жаққа қарай беттеледі, соның әсерінен ауа жоғарыдан төмен түседі.Сондықтан антициклонда жаңбыр жаумайды, күн ашық және құрғақ болады.
Циклондар және антициклондар тұрақты емес, олар пайда болады және жоқта болып кетеді.Циклондар және антициклондар бір аймақтан екінші аймаққа жылжып отырады. Олар батыстан шығысқа қарай 30-40 кмсағ жылдамдықпен жылжып отырады, осы мәліметтерге сүйене отырып, ауа райын болжауға болады.
Пассат- күн сәулелері экваторға тік түседі де топырақты, ауаны өте қатты қыздырады, сондықтан солтүстіктен экваторға қарай ауа массасы жылжи бастайды. Экваторда ол ауа массалары жоғары көтеріледі. Жердің айналуына байланысты бұл ауа массасы солтүстік-шығыстан, оңтүстік-батысқа қарай беттеледі. Мұндай ауа ағымы пасаттар деп аталады.Күн радиациясының экваторға әсері әрдайым тұрақты болып келеді, сондықтан пасаттар тұрақты желдерге жатады. Дәл осындай желдер оңтүстіктен де соғады. Экваторда кездескен ауа массалары жоғары көтеріліп салқындайды да, қайтадан солтүстік және оңтүстікке түрақты бағытталады. Бұл ауа ағымы оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа қарай бағытталады.Осындай бағытталған тұрақты желдерді антипасаттар деп атаймыз.
Ауыспалы бағытта соғатын желдер- белгілі бір аймақтарда, аудандарда жергілікті физикалық-географиялық жағдайларда пайда болатын желдер бағыттарын өзгертіп соғады. Ондай желдерге мыналар жатады:
1. Cамал жел (бризы)- тәулігіне екі рет бағытын ауыстыратын теңіздер мен мұхиттардың, көлднрдің жағасында болатын жел.
2. Муссондар- өз бағытын жылына 2 рет ауыстыратын жел.
3. Тау-далалы желдер- қызған ауа тау беткейімен жоғары көтерледі, оның орнына даладан жаңа ауа массасы келе бастауы далалық жел, ал түнде жер бетінде сәулелену көп болған соң тез салқындайды ол жердегі ауа салқындап, тау беткейінен төмен жылжи бастауы тау желі деп аталады.
4. Фен- таудан соғатын өте жылы, құрғақ жел.
Қазақстандағы желдер. Желдің таралуы, атмосфера қысымының таралуы мен жер бедеріне тікелей байланысты. Желдің климатқа әсері зор. Ол ауа массаларын қозғалысқа келтіреді, сонымен бірге жылу мен суық, ылғал әкеледі. Қазақстан жерін шығыстан батысқа карай шамамен 50° с.е. бойымен жоғары кысым (Воейков белдеуі) кесіп өтеді. Қыста да, жазда да қалыптасатын бұл жоғарғы қысымды белдеу республиканың жазық бөлігіндегі негізгі жел айырық болып есептеледі. Қыста осы жоғарғы қысымды белдеуден солтүстікке карай оңтүстік және оңтүстік-батыс желі, ал оңтүстікке қарай солтүстік және солтүстік-шығыс желі басым соғады. Жоғарғы қысымды белдеуден алыстаған сайын желдің жылдамдығы баяулайды. Қаңтар айында Орталық Қазақстанда желдіңорташа айлық жылдамдығы 4-6 мсек, ал оңтүстігінде ол 2-4 мсек-қа дейін баяулайды. Жазда желдің жылдамдығы баяулайды. Олардың орташа айлық жылдамдығы шілдеде солтүстік аймақта 2-3 мсек., оңтүстікте 1-2 мсек.
Қазақстанда ең күшті желдер Жетісу кақпасымен соғатын және Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы желдер. Олардың орташа жылдамдығы 6-8 мсек.
Қазақстанның биік таулы аймақтарында қыста да, жазда да желдің екпіні біршама жоғары болады. Сендер өткен курстан Жердегі ауаның тұрақты ағымы қалай пайда болатынын және Қазақстан орналасқан ендікте батыс желі тұрақты және басым екенін білесіңдер. Тауларда желдің негізгі бір түрі -- жазда соғатын және тәулік ішінде бағытын өзгертіп отыратын (таңертең жазықтан, кеш бата таудан) жел түрлері басым. Бұларды may аңгарлық жел деп атайды.
Тау аралық аңғарларда және қазаншұңқырларда, мысалы, Жетісу қақпасы мен Іле аңғары сияқты жерлерде соғатын жергілікті жел де бар. Жетісу қақпасы арқылы жергілікті сайқан және Ебі желі, Іле аңғарымен шілік желі соғады. Жылдамдығы 15-20 мсек-тан немесе сағатына 72 кмсағ-тан асатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ эрозиясы және оның түрлері
Шөлдену және оған қарсы күрес шаралары
Жатаған укекіренің тамыр жүйесі
Орман ағаштарының ауруларын анықтау және зерттеу тәсілдері
Ауыл шаруашылығында кездесетін арамшөптерді жіктеу
Жаздық бидай дақылын өсіру технологиясы
Қазақстанда жерге орналастыру және жер кадастрының әдістемелік ерекшеліктері
Шығыс Қазақстан орман шаруашылығының жағдайы және дамуы
Пестицидтер және химиялық құрамы
МҰТП Бурабай -да орман сақтау және өсіру шаралардың тиімділігін жоғарлату жолдары
Пәндер