Еңбекақы теориясы



Жоспар
Кіріспе 3
1 Еңбекақы түсінігі, түрлері 4
2 Еңбекақы түріндегі табысы, түйіні, декларациясы 10
3 Шығындардың түрлері 16
4 Шығындарды реттеуші баптар 19
Қорытынды 29
Пайдаланылған әдебиеттер 30
Кіріспе
Менің жазып отырған жұмысымның тақырыбы: «Еңбек ақы теориясы». Осы жұмысым арқылы менің көздеген ең негізгі мақсатым – қазіргі қоғамдағы кезден алынған өзекті мәселенің бірі – еңбек ақы.
Курстық жұмыстың мақсаты - Еңбек ақы теориясының мәнін, түрлерін, баптарын, түйінін, шығынын толық қамту.
Мен ең алдымен талқылауға жиналып отырған тәжірибелік жобаны жасауға себепкер болған кейбір басты мәселелерге көңіл аударғым келеді. Қазір елімізде Президенттің тапсырмасы бойынша жұмыссыздықпен күрес және еңбек ақы жөнінде бағдарлама жасалып жатыр. Ол сәуір айында аяқталып жалпы ұлттық сипат және Президенттің бекіткен құжаттың мәртебесін алмақ. Бұл – мемлекеттік бағдарлама. Ол президенттің Жарлығымен іске қосылды. Мұнда күрделі мәселелер өте көп. Қазіргі кезде оның алғашқы нұсқасы ғылыми қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, кәсіподақ ұйымдарының, үкімет орындарының көмегімен жазылып, дайындалған десекте, оның әлі де пісіп жетілмеген жерлері баршалық.
Біріншіден, тәжірибелік жобамен мұқият танысқан соң жобаның кейбір тұстарын жалпы ұлттық бағдарламаға кіргізу қажет деген қорытындыға келдім. Мен бұған үлкен мән беріп айтып отырмын. әңгіме тек жұмыссыздықтың ана түрін, мына түрін айқындаудың және еңбек ақына қалай ықпал жасаудың сипаты жайында ғана болып отырған жоқ, мұнда әкімшіліктің қызмет жайлы нақтылы ұсыныстар бар. Сонымен қатар біздің ескеріп, бағдарламаға кіргізетін ұсыныстар да бар. Сондықтан жобаны жасаушыларға мен алғысымды айтамын.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әкімбеков С, Баймұхаметова А.С, Жанайдаров У.А. «Экономикалық теория» Астана – 2002 жыл.
2. Әубәкіров Я.Ә, Байжұмаев Б.Б, Жақыпова Ф.Н, Табаев Т.П. «Экономикалық теория». «Қазақ университеті» Алматы – 1999 жыл.
3. Жүнісов Б.А, Мәмбетов Ү. «Нарық экономикалық негіздері». Алматы – 1999 жыл.
4. Шеденов Ө.К, Байжомартов Ұ.С, Жүнісов Б.А. «Жалпы экономикалық тоерия» Алматы – Ақтөбе, 2002 жыл.
5. Чепурин М.Н. «Курс экономической теории»
6. «Динамака рынка в Казахстане» // Труд в Казахстане, 2000, № 7, стр 81-83.
7. «Еңбек нарықтық категория». // Егемен Қазақстан, 2000, 4 қаңтар.
8. «Рынок в Республике Казахстан». // Труд в Казахстане. 2001, Декабрь, стр 31
9. «Рынок труда в Казахстане». // Аль Пари, 1999, №, стр 69-73.
10. «Ситуация на рынке труда». // Приуралье, 2001, 28 апрель.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
h1Экономикаh1
h1Курстық жұмысh1
h130h1
h2 Еңбекақы теориясыh2
h3Жоспар
Кіріспе 3
1 Еңбекақы түсінігі, түрлері 4
2 Еңбекақы түріндегі табысы, түйіні, декларациясы 10
3 Шығындардың түрлері 16
4 Шығындарды реттеуші баптар 19
Қорытынды 29
Пайдаланылған әдебиеттер 30
h3 h4Кіріспе
Менің жазып отырған жұмысымның тақырыбы: Еңбек ақы теориясы. Осы жұмысым арқылы менің көздеген ең негізгі мақсатым – қазіргі қоғамдағы кезден алынған өзекті мәселенің бірі – еңбек ақы.
Курстық жұмыстың мақсаты - Еңбек ақы теориясының мәнін, түрлерін, баптарын, түйінін, шығынын толық қамту.
Мен ең алдымен талқылауға жиналып отырған тәжірибелік жобаны жасауға себепкер болған кейбір басты мәселелерге көңіл аударғым келеді. Қазір елімізде Президенттің тапсырмасы бойынша жұмыссыздықпен күрес және еңбек ақы жөнінде бағдарлама жасалып жатыр. Ол сәуір айында аяқталып жалпы ұлттық сипат және Президенттің бекіткен құжаттың мәртебесін алмақ. Бұл – мемлекеттік бағдарлама. Ол президенттің Жарлығымен іске қосылды. Мұнда күрделі мәселелер өте көп. Қазіргі кезде оның алғашқы нұсқасы ғылыми қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, кәсіподақ ұйымдарының, үкімет орындарының көмегімен жазылып, дайындалған десекте, оның әлі де пісіп жетілмеген жерлері баршалық.
Біріншіден, тәжірибелік жобамен мұқият танысқан соң жобаның кейбір тұстарын жалпы ұлттық бағдарламаға кіргізу қажет деген қорытындыға келдім. Мен бұған үлкен мән беріп айтып отырмын. әңгіме тек жұмыссыздықтың ана түрін, мына түрін айқындаудың және еңбек ақына қалай ықпал жасаудың сипаты жайында ғана болып отырған жоқ, мұнда әкімшіліктің қызмет жайлы нақтылы ұсыныстар бар. Сонымен қатар біздің ескеріп, бағдарламаға кіргізетін ұсыныстар да бар. Сондықтан жобаны жасаушыларға мен алғысымды айтамын.h4
h41 Еңбекақы түсінігі, түрлері
Еңбек – ақыны фирма өндіріс төмендегенде төмендетпейді, ал өрлеу кезінде квалификациясы жоғары жұмыскерлердің еңбекақысын күрт көтермейді. Ақшалай жалақының динамикасы тегістеледі. Өндіріс құлдырағанда жалақы төмендемейді, ал өрлеу кезінде күрт емес, бірте – бірте өседі. Жалақы дәрежесінің өсуі белгілі болжамдалған шеңберде өзгеріп отырады.
Нақты жалақы - бұл тауарлардың болып тұрған баға дәрежесінде төленген жалақының ақшалай сомасына жұмыскерлердің сатып алатын тауарлардың саны.h4
Еңбегіне қарай бөлу заңы социализмнің басқа да экономикалық заңдарымен тығыз қарым-қатынаста болады. Өйткені, еңбекақы жұмысшы күші ұдайы өндірісінің материалдық негізі — қоғамдық қажетті өнімнің бір ғана бөлігі. Бұл ұдайы өндірістің басқа да материалдық негізі бар, сол себепті еңбек ресурстарының ұдайы өндірісі оптимальды қалыпта өркендейді.
Қорыта айтқанда, жалақы еңбектің түпкі нәтижесіне сай келетіндей деңгейде болуы шарт.
Социализм тұсында игіліктерді бөлудің іріленген екі формасы бар. Олар еңбегіне қарай бөлу және қажеттіліктерді ескере отырып бөлу. Біріншісінің мақсаты, көрінісі — еңбекақы (жалақы), екіншісінің көрінісі — қоғамдық тұтыну қоры. Енді осыларды қысқаша баяндаймыз.
Еңбекке қарай бөлудің нақтылы формалары еңбекақы және жалақы арқылы жүзеге асады. Социализмде жалақы сипаты мүлдем өзгеше. Ол капитализм тұсындағы жұмысшы күші құнының және бағасының өңі өзгерген формасы бола алмайды. Жалақы қажетті еңбекпен жасалған қажетті өнімнің негізгі белігі. Күрделі экономикалық қарым-қатынастарды білдіреді. Оның негізгілері: қоғам мен жеке еңбекшілер, еңбек коллективтері, еңбек коллективі мен қызметкерлер арасындағы және т. б. экономикалық қатынастар. Демек, еңбекақы экономикалық қатынастар жүйесінің жиынтығы.
Социализмдегі жалақы дегеніміз не? Жалақы енбекке қарай бөлудің нақтылы формасы, халық табысының құрылуының және қалыптасуының қайнар бұлағы.
Жалпы халықтық кәсіпорындарында өндірілетін, қызметкерлердің қоғамдық өндірісте шығындалған еңбегінің саны мен сапасының нәтижесіне сай жұмысшы күшінің ұдайы өндірісіне әртектес тұтыну игіліктерінің келіп түсетін қажетті өнімнің негізгі бөлігін еңбекақы дейміз.
Еңбекақыны дұрыс ұйымдастыру жеңіл-желпі іс емес. Көптеген жағдайларды ескеруге тура келеді. Атап айтқанда: өнім шығаруға қажетті еңбек мөлшері, сапасы, нормасы; қызметкерлердің мамандық дәрежесі, жалпы және кәсіби білімі; халық шаруашылық саласының маңызы, территориялық ерекшелігі, жұмыс жағдайы т. б.
Еңбек сапасы орындалатын жұмыстың күрделілік, маңызын көрсетеді.
Еңбек мөлшері дегеніміз нақтылы өнім өндіруге кететін қызмет процесінде шығындалған бұлшық ет және жүйке энергиясының жиынтығы.
Белгілі бір өнім өндіргенде еңбек шығынының нақтылы қоғамдық қажетті көлемін (шамасын) еңбек нормасы деп атаймыз. Еңбек нормасы өндірістің нақтылы жағдайына байланысты оқтын-оқтын өзгеріп отырады. Еңбек нормасының көптеген түрлері бар. Олар: уақыт, өнім шығару, қызмет көрсету, еңбек істейтін адам саны және т. б. нормалар.
Еңбекті нормалаудын негізгі екі әдісі бар. Олар: тәжірибелі-статистикалық және ғылыми-техникалық негізделген әдістер. Кейінгісін аналитикалық әдіс деп те атайды.
Еңбекті дұрыс нормалау ақы төлеуді жетілдірудің негізгі жолдарының бірі.
Социализмде жалақынын, көптеген формалары мен жүйелері болады. Атап айтқанда қандай формалары бар? Ол екеу: мерзімді және кесімді жалақы. Жалақының мөлшері нақты істелінген жұмыс уақытының шамасына және қызметкерлердің мамандығына байланысты төленсе оны мерзімді жалақы деп атайды. Егерде жалақы мөлшері кажетті сапада шығарылған өнімнің мөлшеріне қарап төленсе, оны кесімді жалақы деуге болады. Екіншісі біріншісінің өңі өзгерген формасы. Ол еңбекті нормалауға тікелей байланысты. Ал еңбекті нормалау елімізде, сондай-ақ республикамызда өз дәрежесінде емес.
Нақтылы жұмыс жағдайын ескере отырып еңбекақы формаларының түрленуі жалақы жүйесі деген ұғымды береді. Бұл өндірістік қатынасты білдіретін экономикалық категория. Жалақы жүйесі алуан түрлі.
Мерзімді ақы төлеу негізінен екі жүйені қамтиды. Олар: жай мерзімді және мерзімді-сыйлықты жүйелер.
Кесімді жалақы жүйелері: тікелей кесімді, кесімді-сыйлық, кесімді прогрессивті болып белінеді. Кесімді жалақының түрленуін жеке, коллективті және аренда арқылы еңбекақы төлегенде қолданатындығынан анық көруге болады. Елімізде өнеркәсіпте 95 процент, құрылыста — 40 процентіне кесіміді сыйлық жүйесі бойынша еңбекақы төленеді.
Жеке және коллективтік кесімді, аккордты еңбекақы жүйесінде іс жүзінде қолданылады. Кейінгі кезде коллективтік еңбекақы төлеу кең етек жайды. Бұл формада ақы көлемі бригаданың, цехтың және басқа бөлімшелердегі жұмыс істейтіндердің ақтық еңбек нәтижесіне тәуелді. Еңбек өнімділігін арттыруға себепкер.
Халық шаруашылық саласының көпшілігінде жалақы екі бөліктен тұрады: Негізгі және қосымша жалақы.
Жұмысшыларға тарифтік ставка, ал басқа кызметкерлер мен қызметшілерге олардың лауазымдық окладтарына сәйкес төленген еңбекақы жалақының негізгі бөлігі ұғымын береді. Ал, берілген нормамен салыстырғанда қосымша нәтижелерге қолы жеткені үшін ынталандыру (сыйлық беру) және сан алуан басқа да нәтижелері мен игілікті істерді жүзеге асырғаны үшін үстеме ақы төленеді. Бұны жалақының қосымша бөлігі деп атаймыз.
Еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі буыны — тарифтік жүйе. Ол не үшін қажет және қандай құрамдас бөліктерден тұрады?
Еңбекақы төлеуді ұйымдастырудағы күрделі мәселелердің бірі - еңбектің сапасын есепке алып, іс жүзіне пайдалану. Бұл мәселені дұрыс шешу тарифтік жүйені қолдануды қажет етеді. Сондықтан тарифтік жүйені дұрыс жасаудың маңызы зор.
Тарифтік жүйе дегеніміз — жұмысшылар мен қызметкерлердін халық шаруашылығы саласы және аймақ бойынша оның қойнауына кіретін өндіріс түрлері, әртүрлі категориядағы қызметкерлердін мамандығы мен жұмыс жағдайына байланысты олардың еңбекақысы дәрежесін белгілеп және реттеп отыратын нормативтердің жиынтығы.
Елімізде тарифтік жүйе мыналарды қамтиды: тарифтік-шеберлік анықтама, тарифтік сетка, бірінші разрядты тарифтік ставка, инженер-техникалық қызметкерлер мен қызметшілердің лауазымдық окладтар схемасы, еңбекақыға қосылатын аудандық коэффициенттер.
Тарифтік-шеберлік анықтама әрбір кәсіп және ондағы нақтылы еңбек түрлері, жұмыс істейтін адамдардың жалпы, кәсіби білім, өндірістік тәжірибесіне қандай дәрежеде талап қойылатынын анықтап, бекітеді. Осының негізінде кәсіби разряд беріледі.
Тарифтік сетка бойынша қызметкерлердің мамандық дәрежесіне сай еңбекақы көлемі анықталады. Тарифтік сетканың құрамдас бөлігі — тарифтік коэффициент. Бұл әрбір шеберлік разрядына берілген. Тарифтік коэффициент жоғары разрядтағы адамдарға бірінші разрядқа қарағанда қанша есе артық мөлшерде ақы төлеу керек екендігін көрсетеді.
Тарифтік ставка сол разрядтағы жұмысшыларға енбекақы төлеудің көлемін анықтайды. Ауыр және денсаулыққа зиянды еңбек түрлеріне тарифтік ставкаға қосымша төлем теленеді.
Лауазымды оклад схемасы инженер-техникалық қызметкерлерге және қызметшілерге белгіленеді. Ол орындалатын жұмыстың сипаты мен орындаушылардың мамандық дәрежесіне сай айлық жалақыны жіктеп отырады. Схемада өндіріс орындарында айлықтың төменгі және жоғары деңгейі керсетілген. Кәсіпорын әрбір еңбек етуші адамға еңбекақының осы көлемін пайдаланады. Берілген еңбекақы мөлшері жұмыс белсенділігін арттыруы шартты мәселе.
Қазір еңбекақыны ұйымдастыруды жақсарту мақсатында реформа жүріп жатыр. Ол еңбектің түпкі нәтижесін жақсартуға бағытталған. Еңбекақыны ұйымдастыруды жетілдірудің алуан түрлі жолдары бар. Басты дегендері мыналар: өндірісті дамыту, өнім сапасын, еңбек өнімділігін, өндірістік қорлар мен материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, басқаруды жақсарту, тәртіп пен ұйымшылдықты күшейту, теңгермені жою т. б.
Колхоз өндірісінде еңбекке қарай бөлудің өз ерекшеліктері бар. Колхоздарда еңбекақы төлеу қорының қайнар бұлағы — осы шаруашылықтың жалпы табысы. Колхоздың заттай және ақшалай кірісінің бір бөлігі еңбекақы төлеу қорын құрайды. Ол екі бөліктен тұрады. Біріншісі — негізгі бөлігі. Оған тұрақты баға бойынша ақы төлеуді жатқызамыз. Екіншісі — сапалық көрсеткіштері үшін үстеме қосымша материалдық сыйлықтар беру. Қазір еңбекақы қорының 90 проценті негізгі, ал 10 проценті қосымша еңбекақы төлеуге жұмсалады.
Қазіргі жағдайда колхоз өндірісінде еңбекақы төлеу негізінен ақша формасында жүзеге асады. Осы секторда еңбекке ақы төлеудің екі түрі қолданылады. Олар: мерзімді және кесімді еңбек-ақылар.
Колхозда еңбекақы төлеудің ерекшеліктері де бар. Осы ерекшеліктерді шартты түрде іріленген топқа бөлуге болады. Олар мыналар.
Ауыл шаруашылығында өндірістің экономикалық процесі табиғи-биологиялық процеспен біртұтас араласып жатады. Кейінгісі табиғи-климат жағдайына бағынышты. Осыған байланысты жалпы табыстың мөлшері барлық жылда бірдей болмайды. Сондықтан ауыл шаруашылық орындары банк несиесін пайдалана отырып енбекақының резерв қорын жасайды. Бұның маңызы ерекше. Өйткені жалпы табыс деңгейі төмендеп кеткенде еңбекақы төлеуге осы резервтер пайдаланылады.
Нақтылы өнім өндіруге бірдей мөлшерде жұмсалған еңбек
колхоздарда әртүрлі төленеді. Өйткені еңбекақы төлеу қоры әрбір
шаруашылықтың алған пайдасының мөлшеріне тәуелді.
Өндірістік құрал-жабдықтар жекеленген колхоз-кооперативтік меншік иелігінде.
Өндірісті қоғамдастыру және еңбек бөлісі, кооперациясы,
мамандану деңгейлері әлі де болса төмен.
Ауыл шаруашылығында еңбек шығыны және нәтижесін көру
бірден жүзеге аспайды, араларына уақыт қажет. Демек, ақтық өнім
жылына бір-ақ рет өндіріледі, ал еңбекке ақы төлеу ай сайын жүзеге асады.
Еңбекке ақы төлеу қорының мөлшерін және әртүрлі мамандық шеберлігі бар адамдарға төленетін еңбекақының шамасын сол
колхоздың еңбек коллективі шешіп белгілейді.
Колхоздағы еңбекақы өндіріс коллективі мен оның мүшелері
арасындағы тұтыну заттарының бөліну қатынасын көрсетеді.
Елімізде кейінгі кезде (1965—1985) колхозшылардың еңбекақысы шапшаң қарқынмен өсті. Бұл көрсеткіш жұмысшылар мен қызметкерлерде — 2, совхозда— 1,5, колхозда 3 есе көбейді.
Елімізде колхоз секторында, еңбекақы төлеудің формасын жетілдіру назардан тыс қалған жоқ. Өзінің бастауын еңбекқұні өлшемінен алған осы бір күрделі процесс ақшалай ақы төлеу формасына иемендік жасап отыр. Қазір мемлекеттік ауылшаруашылық орындарындағы (совхоз) еңбекке ақы төлеу формасына және жүйесіне біржолата көшу баспалдағында тұр. Колхозда еңбекке ақы төлеу сапалық жаңа белеске көтерілді. Алдағы міндеттер де жеңіл-желпі емес және бағыттары да сан алуан. Түпкі нәтижесі совхоздағы еңбекке ақы төлеу формасына көшу.
h42 Еңбекақы түріндегі табысы, түйіні, декларациясы
Өндірістік қажеттіліктерге байланысты жұмыс беруші қыз-меткерге жұмсаған шығыстар қызметкерлердің әлеуметтік және материалдық игіліктеріне кірмейді және оларда салық салынбайды, өйткені олар қызметкерлердің табысы болып саналмайды.
Дәл мұндай түсініктеме Қазақстан Республикасы Мемле-кеттік кіріс министрлігінің Салық салу сүрақтарына 100 жауап атты материалында (ББ №45, 1999 ж.) берілген.h4
Жұмыс беруші 2000 жылы қызметкерлерге төмендегідей шығындар жұмсаған кезде декларацияның 5-қосымшасы қалай көрінетіндігін мысалмен қарастырайық..
Жұмыс істеген уақыты үшін қызметкерлерге жалақы есептелді - 2 255 мың теңге, оның ішінде 255 мың теңге негізгі құралдарды жөндейтін қызметкерлерге жұмсалған:
Пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төленген – 200 мың теңге.
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі курстарға ақы төлеу шығыстары төленді - 160 мың теңге.
Жұмыстан шыққан кезде берілетін жәрдемақы төленді - 300 мың теңге.
Материалдық көмек берілді - 280 мың теңге.
Балаларды мектепке дейінгі мекемелерде ұстау шығыстары төленді - 180 мың теңге.
6. Мейрам және мерейтой күндеріне сыйақы берілді (бөлінбеген таза табыс есебінен) - 500 мың теңге.
7. Қызметкерге шетелде жасалған операция үшін ақы төленді (бөлінбеген таза табыс есебінен) - 146 мың теңге.
Келтірілген цифрларды ескере отырып декларацияның 5-қосымшасын толтырамыз:
Қосымшаны толтырған кезде қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі курстарға жұмсалған шығындар ескерілмейді.
7-жолда анықтама түрінде таза табыс есебінен қызметкерлерге жұмсалған шығыстар сомасын көрсетеміз – 646 мың теңге (мейрам және мерейтой күндеріне сыйақы – 500 мың теңге және төленген операция - 146 мың теңге).
Естеріңізге салайын, жұмыс беруші шығыстардың бұл сомасынан бюджетке 15 %-тік салық төлеуге тиіс - 69,9 мың теңге
БІРІНШІ ТҮЙІН:
Декларацияның 5-қосымшасының 2-жолында өндірістік қажеттіліктерге байланысты жұмыс беруші қызметкерлерге жұмсаған шығыстар ескеріле алмайды, өйткені бұл қызметкердің табысы емес. Сол себепті оған жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы салынбайды және ол жалақы болып табылмайды.
Жұмыс беруші қызметкерлерге жұмсайтын шығыстардың келесі тобын - шаруашылық жүргізуші субъектінің таза табысы есебінен жүргізілетін шығыстарды қарастырайық. Мұндай шығыстарға төлем көзінде 15 % ставка бойынша салық салынатындығы (Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР Заңының 32-1-бабы) және жұмыс берушіде шегерімге жатпайтындығы (Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР Заңының 48-бабы) заңдарда көзделген.
5-қосымшада жүмыс берушінің осындай шығыстары тек анықтама түрінде 7-жолда көрсетілген және еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстардың жалпы сомасында ескерілмейді.
ЕКІНШІ ТҮЙІН:
Қызметкерлердің табыс салығы салынған, 2-жолдағы материалдық және әлеуметтік игіліктеріне 15 % ставка бойынша табыс салығы салынатын, жұмыс беруші таза - табыс есебінен төлейтін шығыстар өнбейді (№ 40 Нұсқаулықтың 68а-тармағы), олар жалақы болып табылмайды.
Енді тікелей жалақыдан басқа, жұмыс берушінің қандай шығыстары еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстарға жататындығын қарастырайық.
Салық заңдарының қағидаларына жүгінейік.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем-дер туралы ҚР Заңының 10-бабында қызметкерлердің қан-дай табыстары еңбекақы төлеу түріндегі табыстарға (тиісінше жұмыс берушінің шығыстарына) жататындығы белгіленген. Бұл бап жеке тұлғалардың жалдау жөніндегі жұмыстан алған табыстары, сондай-ақ қызметкерге жұмыс беруші жұмсаған белгілі бір шығыстар түріндегі басқа да табыстары еңбекақы түрінде табыстарға жататындығын білдіреді.
Қызметкерлерінің еңбекақы түріндегі табысы болып саналатын жұмыс берушілердің шығындарына мыналар жатады:
- жұмыс берушінің қызметімен байланысы жоқ қызметкер шығынын етеу шығыстары;
- қызметкердің жұмыс беруші алдындағы қарызының немесе міндеттемесінің сомасын есептен шығару;
- қызметкердің өмірі мен денсаулығын ерікті сақтандыру шарты бойынша ол үшін сақтандыру жарнасын төлеу;
- жұмыс беруші қызметкер үшін төлеген, жеке түлғалардан табыс салығының сомасы;
- қызметкерлерге сатылатын тауарлардың (қызметтердің) сатып алу бағасы мен босату бағасы арасындағы немесе тауарлардың (қызметтердің) сату бағасы мен өзіндік құны арасындағы теріс айырма;
- қызметкерінің табысы болып табылатын жұмыс берушінің басқа да шығыстары.
Жұмыс берушінің Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР Заңының 10-бабының 2-тармағындағы тізбеге енген шығыстарын қарастыра отырып, біз олардың жұмыс берушінің қаражаттары есебінен берілген материалдық және әлеуметтік игіліктерге жататындығын көреміз.
Заң бұл игіліктерді қызметкердің еңбекақы түріндегі табыстарына жатқызатындықтан, есептелген жалақымен бірге Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР Заңының 29-бабындағы ставкалар бойынша жалпылама белгіленген тәртіп бойынша салық салынуға тиіс.
Бұл жағдайда жұмыс беруші жоғарыда аталған мақсаттарға жұмсалған өз шығыстарын қызметкерлерге еңбекақы телеу жөніндегі шығындар құрамында ескере алады.
Сонымен, егер сіз Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР Заңының 10-бабындағы қағидаларды қолдансаңыз және қызметкерге жұмсаған өз шығындарыңызға жалақымен бірге табыс салығын салсаңыз, сіз оларды Қызметкерлердің табыс салығы салынған материалдық және әлеуметтік игіліктері деген 2-жолға енгізе аласыз.
Осы қосымшаның 3-жолына 1 және 2-жолдарға кірмеген бірақ заңдарға сәйкес төленген басқа да еңбекақы шығыстары қосылады.
Негізгі құралдарды жөндеумен айналысып жатқан қызметкерлерге еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар 5-қосымшада жеке 5-жолмен көрсетілген.
Шегерімде олар декларацияның Жөндеу шығыстары деген 25-жолы бойынша ескерілетіндіктен, бұл шығыстар декларацияның Сатылған өнімдер (жұмыстар, қызметтер) бойынша шығындар атты 6-қосымшаның 4-жолындағы шегерімдерге қосылатын еңбекақы төлеу шығыстарының жалпы сомасынан алынып тасталады.
2-жолда 460 мың теңге сомасын көрсетеміз (материалдық көмек - 280 мың теңге, балаларды мектепке дейінгі мекемелерде устау ақысы - 180 мың теңге).
Бұл Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР Заңының 29-бабындағы ставкалар бойынша жалақысымен бірге жеке тұлғалардан алынған табыс салынған және Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР Заңының 10-бабындағы 2-тармақтың негізінде еңбекақы төлеу шығыстарына жатқызылған, қызметкерлердің материалдық және әлеуметтік игіліктері түріндегі жұмыс берушінің шығындары.
3-жолға 500 мың теңге сомасын енгіземіз (пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы - 200 мың теңге және жұмыстан шыққан кезде берілетін жәрдемақы - 300 мың теңге).
4-жолға 3 215 мың теңге сомасын жазамыз (қосымшаның 1, 2 және 3-жолдарының сомасы: 2 255 + 460 + 500 = 3 215).
5-жолда 255 мың теңге сомасын - негізгі құралдарды жөндеумен айналысатын қызметкерлердің еңбекақысын көрсетеміз.
Жинақтаушы 6-жолда қосымшаның 4 және 5-жолдары арасындағы айырма түрінде алынған 2 960 мың теңге сомасын көрсетеміз, өйткені негізгі құралдарға жөндеу жүргізген қызметкерлерге еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекақы төлеу шығыстарының құрамында ескерілмеуге тиіс. Олар декларацияның 25-жолында жөндеу шығыстарының құрамында көрсетіледі.
Жүргізілген есептеудің негізінде 5-қосымшаның 6-жолының деректерін Еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар деген 6-қосымшаның 4-жолына көшіру қажет - 2 960 мың теңге.
Бұл сома декларацияның Сатылған өнімдер (жұмыстар, қызметтер) жөніндегі шығындар атты 6-қосымшасының жиынтық сомасының құрамында 19-жол бойынша шегерімдерде ескерілетін болады.
ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖӨНІНДЕП ШЫҒЫСТАР
1.
Қызметкерлердің жалақысы, барлығы
оның ішінде:
- өндіріс жүмысшыларының
1
2 255 2 055

- жалпы және әкімшілік персоналының, өнімді (жұмысты, қызметті) сатумен айналысатын
қызметкерлердің және өндіріске қатыспайтын қызметкерлердің

200
2.
Қызметкерлердің табыс салығы салынған материалдық және әлеуметтік игіліктері, барлығы
оның ішінде:
- өндіріс жүмысшыларының
2
460 460
3.
- жалпы және әкімшілік персоналының, өнімді (жұмысты, қызметті) сатумен айналысатын
қызметкерлердің және өндіріске қатыспайтын қызметкерлердің
Еңбекақы төлеу жөніндегі басқа да шығыстар, барлығы (ашып көрсетіңіз)
3
500

оның ішінде:
- өндіріс жұмысшыларының
- жалпы және әкімшілік персоналының, өнімді (жүмысты, қызметті)
сатумен айналысатын қызметкерлердің және өндіріске қатыспайтын қызметкерлердің

400 100
4.
5.
Еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар жиынтығы, барлығы (1-жол + 2-жол + 3-жол)
оның ішінде:
- өндіріс жұмысшыларының
4
3 215 2 915

- жалпы және әкімшілік персоналының, өнімді (жұмысты, қызметті) сатумен айналысатын
қызметкерлердің және өндіріске қатыспайтын қызметкерлердің
Негізгі қүралдарды жөндеумен айналысатын қызметкерлердің
еңбекақысын төлеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мотивацияның мазмұндылық теориясы
Басқару кадрларын мотивациялау
Еңбекақы төлеу
Күту теориясы
Нарықтық экономика жағдайында мотивация жүйесінің теориялық негіздері
Кәсіпорынның еңбек өнімділігін арттыру жолдары
Кәсіпорында еңбекті ынталандырудың теориялық негіздерін зерттеу және нақты кәсіпорын мысалында талдау
Қонақ үй ұжымы еңбегін ынталандыруды көтерудің инновациялық әдістері
Еңбек өнімділігі мен тауар өндіру тиімділігінің мәні мен мағынасы
Еңбек нарығын экономикалық - құқықтық реттеу
Пәндер