Венчурлік бизнестің даму мәселелері


ЖОСПАР
Кіріспе
1. ВЕНЧУРЛІК БИЗНЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Венчурлік бизнестің түсінігі, қалыптасу тарихы
- Венчурлік бизнестің қызмет атқару механизмдері
- Венчурлік бизнес шетел тәжірибесінде
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВЕНЧУРЛІК БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2. 1 Венчурлік бизнестің Қазақстан Республикасында қалыптасу кезеңдері
2. 2 Инновациялық жобалар
2. 3 Технопарктердің жағдайын талдау
3. ВЕНЧУРЛІК БИЗНЕСТІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасы әкімшіл-әмірішілдіктен нарықтық экономикаға өтуде қиын кезеңдерден өтті. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда-мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
XXI ғасыр жүз жылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр.
Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары жақсартуды қажет етіп отыр.
Дамыған елдерде инновациялық (ноу-хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ өсімінің 70-85% беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде ұйымдастырылмауы Қазақстанның 50 дамыған елдер қатарына қосылуға кедергі болуы мүмкін. Өйткені соңғы жылдары осы сферада Қазақстанның рейтингі 65 орыннан 75 орынға төмендеп кетті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан ары дамыту болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстанның инновациялық дамуы - біз үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оның үстіне бүгінде ел Президенті әлемнің барынша бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру мақсатын қойып отыр. Жаңғыртуларсыз, жаңа технологияларсыз және тұтастай инновацияға екпін бермейінше бұл мақсатқа жету мүмкін емес. Әрі мұны бәрі түсініп отыр. Егер әлемдік тәжірибеге көз салсақ, нақ осы инновация дамыған мемлекеттер экономикасын өсірудің негізгі құралы ретінде венчурлік бизнес саласын дамыту әсер еткенін көруге болады. Осыдан шығатын ендігі мәселе - шикізат тәуелділігіне ие Қазақстан экономикасын осы салаға бағыттап, айырықша көңіл бөле отырып, сол саланы барынша қарқынды дамыту. Өкіншке орай, венчурлік бизнес саласы елімізде кенжелеп келеді. Сол себепті қарастырылып отырған тақырыбымыз бүгінгі күнде өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - Венчурлық бизнес түсінігін талдап, оның еліміздегі даму мәселелерін қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыста келесі міндеттер анықталған:
• Оңтайлы венчурлық ортаны жасау;
• Венчурлық индустрияның қазақстандық оң тәжірибесін анықтау және тарату;
• Алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені тарту;
• Венчурлық нарықтың қатысушылары үшін ақпараттық қамтамасыз ету және коммуникативтік алаңды жасау;
• Қазақстанға болуы мүмкін инвесторлар мен технологияларды тарту;
• Венчурлық бизнес компаниялары үшін білікті мамандардың тобын қалып-тастыру
Жалпы, венчурлік бизнес дегеніміз - технологиялық жаңалықтарды енгізудің негізгі формасына айналған тәуекелге негізделген бизнес. Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциялауға негізделген иннновациялық салаларға салынатын тәуекелділік деңгейі жоғарылылығымен сипатталады.
Шетел тәжірибесіне келер болсақ, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония, бірқатар Еуропа елдерін қарастыруға болады. Бұл елдерде инновация саласына айтарлықтай қаржы бөлінеді. Бұл - ілім-білімге негізделген экономиканы дамытуға ұмтылатын елдердің барынша жоғары технологиялық деңгейіне шығуына мүмкіндік беретін қадамдардың бірі.
Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
Дағдарыстан кейінгі кезде нарықтық реформалардың нәтижелері инновациялық дамуға жаңа көзқарас қалыптастырумен анықталуда.
Инновациялық іс-әрекеттердің нақты секторға қызмет көрсету жүйесін кешенді ілімін зерттеп, тұжырымдамасын әзірлеуге дамыған елдердің шетелдік ғалым-экономистері: Н. Леончев, И. Перлаки, В. Д. Хартман, Э. Мэнсфилд, Р. Фостер, Б. Твисс, И Шумпетер, Э. Роджерем, Ф. Никсон, Б. Санто және басқалары елеулі үлес қосқан. Олардың инновация ұғымын өздерінің зерттеу объектілері мен құралына байланысты қолданған жұмыстарында жалпы ілімдік тұрғыда қарастырған ғылыми еңбектері қызығушылық туғызады.
Отандық ғалым-экономистер А. Қ. Қошанов, М. Б. Кенжегузин, А. Е. Есентугелов, О. Сабден, Б. Н. Исабеков, Д. Муканов, Т. Исахметов, Р. С. Каренов, С. Шілікбаев, А. Ж. Орманбаев, А. Акчурин, А. Н. Дауренбекова, Н. Урузбаева, О. Қалдыбаев, К. Қажымұрат еңбектерінде кәсіпкерліктің инновациялық даму мәселелері кеңінен талданып, қомақты зерттеу жұмыстары жүргізілген.
Инновация ұғымы зерттеушілердің Ресейлік ғалымдар Н. И. Лапин, Д. В. Соколов, А. Б. Титов, М. М. Шабанованың жұмыстарында принципиалды жаңа немесе венчурлік қызмет негізінде пайда болған модификацияланған жаңалықтарды жасау мен меңгерудің қорытынды нәтижелері негінде инновациялық іс-әрекеттерді қалыптастыру жөніндегі, еңбектерінде қарастырған.
Инновациялық іс-әрекеттердің нақты секторға қызмет көрсету жүйесі бойынша кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдерін реттеудің, соның ішінде венчурлік бизнестің тиімді әдістерін зерттеудің ілімдік және тәжірбиелік маңыздылығы, өзектілігі мен зерттелу дәрежесінің нақты экономика саласында индустрия жағдайында қолайлы жағдайды құру үшін жеткілікті болмауы курстық жұмыс тақырыбын, зерттеу мақсаты мен мәселелерін анықтады .
Курстық жұмыстың объектісі Қазақстан Республикасының венчурлық қорлары болып табылады.
1ВЕНЧУРЛІК БИЗНЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Венчурлік бизнестің түсінігі, қалыптасу тарихы
Венчурлік инвестициялау тәуекелді капитал салымын білдіру мақсатында қолданылатын термин. Мұндай инвестициялау технологиялық жаңа енгізілімді жүзеге асырудың негізгі үлгілерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерліктің аталған түрі көп жағдайда перспективасы кепілдікке алынбаған, үлкен тәуекелділікке ие жоғары ғылымдық және технологиялық салада ғылыми зерттеулер қорытындыларын коммерциялизациялауға тән.
Шағын бизнес жүйесінде инновациялық процеске өз қызметін арнайтын бөлігі маңызды роль атқарады. Оған жоғары дәрежеде елдің интенсивті экономикалық өсуі және халық шаруашылығының бәсеке қабілеттілігін жоғарылату тәуелді болып табылады. Шағын инновациялық бизнеске салааралық сипат тән. Мұндай бизнестің объектісі - оны ғалымдардың шығаруынан тәжірибеге енгізуге дейінгі барлық идеялардың ғылыми қозғалысы, яғни венчурлік бизнесті жүзеге асыру кезеңдері.
Теориялық талдау негізінде венчурлік қаржыландырудағы инновацияны түсіндіруде екі көзқарастың қалыптасқаны анықталды:
біріншісі, инновация жаңа идеялар мен үрдістер ретінде қарап, оны қолдану арқылы ең сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық-техникалық-экономикалық үрдіс ретінде қарастырған (Б. Твисс, Ф. Никсон, Б. Сантон, т. б. ) ;
екіншісі, инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және тасымал құралдарын, нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіреді (И. Шумпетер) . Инновация - бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл өндірістің жаңа қызметі, венчурлік бизнестің негізгі қозғаушы күші. Оның негізі - өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми-зерттеу және басқа салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады.
Шағын инновациялық бизнесті көбінесе тәуекелдік және венчурлік деп атайды. Бұл шағын бизнестің инновациялық қызметтің өзінің ерекшеліктерінен басқа, сыртқы орта өзгеруінен жоғары тәуелдігімен сипатталады. Шағын бизнестің тәуекелділік деңгейін туралы орташа есеппен алғанда әрбір он венчурлік фирмалардың тек бір-екеуі ғана жетістікке жететін фактісі көрсетеді. Тағы да бір инновациялық жобалардың көңіл толтырмайтындығы: орташа алғанда жүзден тек екеуі ғана қаржыландырылады.
Жоғары тәуекел сонымен қатар, оның жоғары компетенциясымен де жүргізіледі: инновациялық жобаларды енгізуден мүмкін пайда нормасы бұрынғыға қарағанда жоғары болуы мүмкін, инновациялық салаға және сәйкес шағын бизнестің өмір сүруіне мүмкіндік береді, басқа жағдайда болмас та болар еді. Сонымен қатар, инновациялық жобаның жүзеге аспау қаупі жоғары екенін есте сақтау қажет. Егер де осындай жобалар көп болып, олар салалық жоспарда жайғастырылса, заң бойынша тәуекел саны минизацияланады және инновациялық бизнестің жетістікке жету ықтималдылығы жоғарылайды. Сондай-ақ, сәтті инновациялық жобалардан түсетін пайданың жоғарлығы соншалықты, ол сәтсіз басталған барлық шығындардың орнын толтыра алады. Осыдан тәжірибе жүзінде дәлелденген инновациялық жобаларды орталықтандырумен және қаржылық тәуекелді диверсификациялау негізінде оларды енгізуді ұйымдастырумен айналысатын венчурлік қор деп аталатын тиімділікті қызмет ету дәлелдемесі шығады. Мұндай қорларда шетелде шағын инновациялық фирмаларды қаржыландыру үшін арналған капитал шоғырланады.
Әр түрлі сипаттамаларды қорыта келе, инновация - өтімділігі жоғары жаңа өнімді ойлап табу деген ұғым туады. Бұл тұрғыдан алғанда ашылған жаңалықтың барлығы инновацияға жатпайтынын айтқан жөн. Өйткені, іргелі міндеттерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді тарту етпейтіндіктен де, ол ғылыми ізденістердің жемісі ретінде ғана есептелінеді.
Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді таптырмас құралға айналуда деп зерттеулер негізінде тұжырымдауға болады.
Инновацияның дамуына қозғаушы тетік - бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолдары мен тауарын өткізетін жаңа нарықтарды іздестірумен болады. Сондықтан, инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестіктері алдында басымдылыққа иеленеді. Қазіргі кезеңде жаңа тауарлар түрлері өсіп, тұтынушы талғамы артып отырған уақытта, әсіресе шағын кәсіпорындардың икемділік қабілеттерін күшейту аса тиімді саналады. Әлемдік тәжірибе бойынша мұндай «шағын шабақтар» қайрандап қалып қоймаулары үшін түрлі салалардағы жаңа өнімдер мен жаңа технологияларды шығару басымдық негіздегі сұрақтардың деңгейінде жүреді.
Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Соған сәйкес 2003 жылы республикамыздың индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу. Мұнда ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау қарастырылған.
ҚР инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емес қаржыландырудың басқа да түрлері жатады. Қаржыландыру инфрақұрылымы ретінде даму инситуттары, венчурлік қорлар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және т. б. жатады.
Қазақстан тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көбінесе қарапайым қаржыландыру көздері, яғни банктер немесе басқа да қорлар инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландырудан бас тартады. Өйткені онда тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан бұл жағдайда арнайы осындай көп тәуекелі бар жобаларды қаржыландыру үшін әлемдік тәжірибеде венчурлік қорлар құрылады.
Венчурлік кәсіпкерлікте көптеген ұйымдастырушылық формалары бар. Олардың ішінде «тәуелсіз», көбінесе инвестициялық қор капиталын пайдаланатын ұсақ, инновациялық фирмалар; сыртқы венчурлік қор капиталы деп аталатын, өнеркәсіптік корпорациялардың үлестік негізде ұйымдастырылған енгізушілік фирмалар; ерікті венчурлі бөлімше ретіндегі кәсіпкерлік топтың негізі болып табылатын корпорацияның «ішкі венчурлі бөлімі» («спин офф») .
Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-та пайда болған. Венчурлік бизнес АҚШ-та пайда болып және сол жерде кең қанат жайды. Кез-келген кіші инновациалды бизнес материалдық және қаржылық ресурстарда шектеулі. АҚШ-та кіші инновациалды бизнесті дамыту үшін арнайы комплекстік бағдарлама әзірленген. Ол бағдарлама бойынша мемлекет кіші кәсіпкерлікті федералды бюджеттен тікелей қаржыландырады. АҚШ-тағы венчурлік бизнестің негізгі мәні: инновациялық фирмалар жаңалықтарын өткізу инвесторлардың көмегімен жүргізілуінде және кейіннен инвесторлардың осы қалыптасқан компанияның акцияларын сатып алғанда бағаға жеңілдіктер болуында. Қазіргі уақытта Ресейде венчурлік кәсіпкерліктің дамуына барлық алғышарттар қалыптасты. Біріншіден, ол- дамыған құнды қағаздар нарығының болуы. Екіншіден, ол- шетел фирмаларының Ресейдегі зиялы меншік нарығына өтуі, яғни шетел инвесторларының отандық инвестиция жобаларына инвестиция салуы. Алғышарттың бірі болып мемлекеттік зиялы меншіктің жасырын жекешелендіруі болып келеді. Ғылыми жаңалық ашқан шағын кәсіпорынды дамыту аса маңызды, оның тиімділігі экономикада, сонымен қатар әлеуметтік салада байқалады.
1. 2 Венчурлік бизнестің қызмет атқару механизмдері
Қазақстандағы ғылымның негізгі проблемаларының бірі ғылыми зерттеулердің аяқталмаушылығы, олардың өндірістен қол үзушілігі болып табылады. Ғылыми әзірлемелердің қажетсіздігі, ғылым жүйесіндегі қазіргі құрылымдық диспропорция және соның салдарынан өнеркәсіптегі инновациялық белсенділіктің төменгі деңгейі өндіріс факторларының өнімділігін арттыру ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс негізінде ғана мүмкін бола тұрса да, экономиканы реформалаудағы ғылымның рөлін жете бағаламаумен түсіндіріледі.
Венчурлік қорлар венчурлік инвестициялаудың негізгі механизмі болып табылады. Венчурлік инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметті инновация жасауға және коммерциялауға бағытталған компанияларға жеке, отандық және шетелдік капиталды тарту мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлік қорларды құрғанда мүмкін болады. Венчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттік қаржылар осы қорға кіретін жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендетеді. Венчурлік индустрияның қалыптасуының бастапқы кезеңінде мемлекеттің араласуының осындай үлгісі барлық елдерде өзінің тиімділігін көрсетті. Венчурлік қорларды құрғанда мемлекеттің қатысуы (Ұлттық инновациялық қор) ҰИҚ-ң инвестициялық саясатының басты бағыттарының бірі - отандық және шетелдік инвестициялармен бірлесе отырып құрылған венчурлік қорлардың капиталындағы үлестік қатысуы (49%) арқылы венчурлік қорларды құру. Қазіргі таңда Қазақстан венчурлік капиталы және тікелей инвестициялау ассоциациясы құрылып, оған 9 венчурлік қор кіреді, оның біреуі ҰИҚ. Қазіргі таңда 5 венчурлік қор 5, 6 млрд теңге құрайтын 13 жобаны қолдап отыр. Жобалар негізінен биотехнология, фармацевтика және ақпараттық технологиялар салалары бойынша. Бірақ инновациялық белсенділік өте төмен, венчурлік қорларға ұсыныс берушілердің тек 20% ғалымдар, қалғандары бұрын ғылымға қатысы болған бизнесмендер және ірі холдингтер. Венчурлік инвестордың көзқарасы бойынша компания объектісі бірнеше даму деңгейінен өтеді (Кесте-1) . Венчурлік қаржыландыру алдыңғы үш деңгейде қаржыландыра алады. Ал көп қолданылатын міндеттемелік қаржыландыру тек үшінші деңгейден ғана басталады.
Кесте 1. Инновациялық компанияның даму деңгейлері
Әлемдік экономикада концессияның рөлі ұлғаю үрдісінде. Егер де ХХ ғасырда концессияны тек жер қойнауын пайдалануда қолданса, 1990 жылдан бастап концессияға мемлекеттік меншіктің көптеген басқа да объектілері беріле бастады.
Кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолдарының бірі - концессиялық келісім.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, концессия мемлекеттің жекеменшік инвестицияға қызығушылығынан қолданылады. Қазақстанда концессияға қызығушылық артуда. Әсіресе ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда: көлік және телекоммуникация салаларында, жол салуда, т. б. Қазіргі таңда 212 млрд. теңге көлемінде 7 концессиялық жоба іске асуда.
Қазақстан Республикасында концессиялық қатынастарды заңды реттеу белгілі бір деңгейде қалыптасқан. Қазақстан Республикасы мен шетелдік инвесторлар арасындағы қатынастарды реттейтін 2006 жылы «Қазақстан Республикасындағы концессия туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды.
Осы Заң концессияға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, концессия шарттарын жасаудың, оны орындаудың және тоқтатудың талаптары мен тәртібін айқындайды, концессионерлерді мемлекеттік қолдау кепілдіктері мен шараларын айқындайды.
Алайда, концессиялық жобаларды іске асырудың негізгі проблемалары бұл жобалардың капитал сыйымдылығының өте жоғары болуы «ұзын» ақшаларды қажет етеді. Біздің ойымызша, зейнетақы мен сақтандыру қорларының қаражаттарын пайдалану қажет. Келесі проблема концессиялық жобаларды өтеу мерзімінің ұзақтығында. Өйткені бюджет 3 жылға жоспарланады, сондықтан бюджеттік жүйе 3 жыл өткен соң қаржыландыруға кепілдік бере алмайды және салық кодексіне енгізілетін өзгерістерде кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан заң потенциалды концессионерлердің құқықтарын толық қолдай алмай отыр.
Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамытуда лизингтің маңызы зор. Өйткені кез келген инновациялық кәсіпорын ашу үшін алдымен кәсіпорынға толық технологиялық циклді қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар қажет. Ал жаңа технологиялар қымбат тұрады және оны кез келген кәсіпкер сатып ала алмайды. Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы қажетті құрал-жабдықтарды лизингке алу болып табылады.
Лизинг қазіргі кезде Қазақстанда да қалыптасу және даму кезеңін өткеруде. Лизингті дамыту үшін заңдық-құқықтық актілердің қабылдануы банкілер мен саудалық құрылымдар құрған, мемлекет немесе ҚР заңдары бойынша заңды тұлға болып есептелетін және шетел компаниялары тарапынан қаржыландырылатын түрлі лизингтік компаниялардың пайда болуына септігін тигізді. Лизингтік компаниялардың басым көпшілігі лизингті қолданудың тиімділігін арттыру үшін банкілердің көмегімен дербес қаржы көздерін тарту және өзара бірлестіктер мен одақтарға бірлесу арқылы ірілену саясатын жүргізуде. Лизингтік қызметтерді көрсететін компаниялар мен банкілердің көбеюі бір жыл ішінде жасалатын лизингтік операциялар көлемінің артуына себепші болып, соңғы жылдары лизингтік мәмілелер мен операциялар саны қарқынды түрде арта түсті.
Кесте 2. 2006-2009 жылдары арасында Қазақстан Республикасында көрсетілген лизингтік қызметтер көлемі мен құрылымы (млн. теңге)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz