ҚР және АҚШ мемлекетінің жеке кәсіпкерлігі


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

I. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және түрлері.

1. 1. Жеке кәсіпкерлік туралы экономист ғалымдардының айтуы

1. 2. Жалпы кәсіпкерлік туралы: мәні, мазмұны және түрлері

1. 3. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары

II. ҚР және АҚШ мемлекетінің жеке кәсіпкерлігі

2. 1. ҚР жеке кәсіпкерлік мәселелері мен жетілдіру жолдары

2. 2. ҚР жеке кәсіпкерлікте әйел адамдардың алатын ролі

2. 3. ҚР-ның үкіметінің жеке кәсіпкерлікті қолдау құрылымы

  1. АҚШ мемлекетінің жеке кәсіпкерлігі

III. ҚР жеке кәсіпкерліктегі мәселелерді қарастыру.

3. 1. Қ. Р. - дағы кәсіпкерлікті басқару

3. 2. Қазақстандағы жеке кәсіпкерліктертің мәселелер оны шешу мемлекеттік инститтың зерттеуі бойынша

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Менің семестірлік жұмысымның тақырыбы «Жеке кәсіпкерлік». Бұл тақырыпты мен үш тарауға бөліп жаздым: «Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және түрлері», «ҚР және АҚШ мемлекетінің жеке кәсіпкерлік», «ҚР жеке кәсіпкерліктегі мәселелерді қарастыру». Бұл жұмысымда мен кәсіпкерлік дегені не екен, оның атқаратын қызметтері, мазмұны мен түрлерін, ҚР жеке кәсіпкерліктің алатын орыны, мәселелерімен оның шешу жолдарын қарастырып жаздым.

Жеке кәсіпкер дегеніміз заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға. Жеке кәсіпкерліктің түрлеріне дербес кәсіпкерлік және біріккен кәсіпкерлік жатады.

Дербес кәсіпкерлік иелігіндегі мүлікке хұқы бар бір азаматпен жасалады, сонымен қатар мүлікті пайдалану мен билеудің басқа хұқықтары бар.

Біріккен Кәсіпкерлік жалпылық иелігіндегі мүлік хұқықтарына ие бірнеше азаматтың бірлесуісен құрылады, сонымен қатар мүлікті бірігіп пайдалану мен бірігіп билеу хұқына ие азаматтар. Жеке кәсіпкерлік мүліктік жауапкершілік негізінде құрылады.

Жеке кәсіпкер заңды тұлғаға қарағанда салықты аз мөлшерде төлейді. Ол өзі үшін және қатысушылар үшін жинақтық зейнетақы қорына төлем төлеп тұруы тиіс.

Салық мөлшері кәсіпкер жұмыс істейтін салық режимімен анықталады. Патент негізінде құрылған қызметте кәсіпкер кірісі 3 проценттік табысқа негізделеді. Жеңілдік декларациясы негізіндегі кәсіпкер кірісі 3-7 проценке дейін оның сомасына байланысты бөлінеді.

Жеке кәсіпкердің бухгалтерлік есебі патент пен жеңілдік декларациясын қолданатын болса, заңды тұлғаның бухгалтерлік есебінен жеңіл болып келеді. Патентепн жұмыс кезінде ол мүлде болмайды. Бұл артықшылық жеке кәсіпкердің бухгалтерлік есепті бухгалтер жалдамай-ақ өзі жүргізуіне мүмкіндік береді. Жеңілдік декларациясын қолдану заңды тұлғаға да болады, бірақ көп жағдайда бухгалтер жалдауды қажет етеді. Жеке кәсіпкер заңды тұлғамен қайта құрыла алмайды, мысалы ЖШС бола алмайды.

Біздің Республикада кәсіпкерлікгі дамытуға үлкен ден қойылып, бірқатар заңдар мен жарлық қаулылар қабылданған. Алғашқы құжаттардың бірі болып, «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың мәні мен мазмұны, басты мақсаттары мен бағыттары айқындалады. Кәсіпкерлік мемлекеттік қоргау және қолдау дегеніміз - аталған қызметті орындаудағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық, жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады.

Республикада Президенті Н. Ә. Назарбаев кәсіпкерлікке барынша қолдау көрсету мәселелеріне айрықша көңіл бөлуде. Оның "Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығы осы мәселеге арналған. Мемлекет басшысы құқықтық және қаржы-материалдық базаны одан әрі жетілдіріп, жер-жерде азаматтарды шағын бизнеске тарту үшін қолайлы жағдай жасалуына жоғары талап қойып, бұл мәселені ұлттық экономиканың стратегиялық аса маңызды секторы ретінде қарастырып отыр. Алайда, қабылданған шаралардың іс жүзінде нақты жүзеге асуы жеткіліксіз болып отыр. Жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге бөлінетін қаржы мардымсыз болып тұр.

Мақсаты: Кәсіпкерліктің: мәні, мазмұны және түрлерің қарастыру, ҚР және АҚШ мемлекетінің жеке кәсіпкерлігін салыстырып айырмашылықтарымен ұқсастығын қарастыру, ҚР жеке кәсіпкерлігіндегі мәселелерді қарастыру және оның шешу жолдарын табу.

Міндеттері: жеке кәсіпкерліктің басты міндеттерің қарастырғанда, алдымен біз: мемлекет тарапынан барлық шаруашылық салаларына олардың меншігінің талан-таражға түспей, сақталуына кепілдік және нарықтық қарым-қатынастардың барлық өкілдеріне занда ескертілген жәйттерден тыс жағдайларда тең құқық пен экономикалық еркіндік беру; шаруашылықты жүргізудің нарықтық бәсеке тәртібіне көшу; нарықтың қажетті инфрақұрылымның қалыптасуы; қолда бар пайда көзі, несие, ақпарат құралының еркін де ашық болуы; бұрынғы заңдардың кәсіпкерлікке қарсы баптарын алып тастау, сондай-ақ, қажетті баптар мен жаңа заңдарды қабылдау тәрізді шарттардан тұруын қарастыру.

Өзектілігі: Жеке кәсіпкерліктің өзектілігі, ол егер де мемлекетте жеке кәсіпкерлік немесе кәсіпкерліктің басқада түрі қарқынды дамитын болса, онда ол мемлекетке экономика жағынан өте жағымды болады. Сонымен қатар халықтың әлауқатымен жұмыспен қамтылуына жақсы әсер етеді. Сондықтан қазіргі кезде жеке кәсіпкерлік өзекті сұрақ болып табылады.

І ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ.

1. 1 . Жеке кәсіпкерлік туралы экономист ғалымдарының айтуы

Саяси экономиядағы "экономикалық адам" түрі алғашқыда кәсіпкер мағынасында қолданылады және оған "орташа" адам жатқызылады.

"Кәсіпкер" түсінігін XVII ғ. Р. Кантильон енгізді. Бірінші түсіндірмеге сай кәсіпкерді капиталдың иесі ретінде құрады. Бұл көзқарасты ұстағандар Ф. Кэне, А. Смит. Басқалары (Ж. Сай, С. Миль) оны өндірістің ұйымдастырушысы деп түсіндірді, ол үшін меншік құқықтық болуы міндетті емес. А. Маршалл, Л. Вальрас, К. Менгер мен Ф. Вебер кәсіпкерге менеджер, яғни басқарушы ретінде анықтама берді. Тағы бір топ ғалымдар кәсіпкерлікті тәуекелге бел байлаудың ауыртпалығымен белгісіз экономикалық дамуды көтерушілер деп тапты.

Австрияның жаңа мектебінің өкілдері (Л. Мизес, Ф. Хайек, Й. Шумпетер, П. Дракер) кәсіпкерліктің белсенді және жаңашылдықтың ендіру-шілдік сипатына көңіл аударды. Мысалы, Й. Шумпетер жан-жақты тәптіштеп көрсеткендей, инновацияны жаңа технологияны, жаңа өнімдерді жаңа қорлармен жабдықтау және өндірісті ұйымдастырудың жаңа тұрпаттарын енгізу деп анықтады. Сонымен, жаңашылдықты жасаушыны кәсіпкермен теңестірді. Капиталистік жүйені кәсіпкерлікке жағдай тудырушы тұтастық ретінде алып қарап, кәсіпкер экономикада болатын барлық өзгерулердің қай-нар көзі әрі қозғаушы күші екенін пайымдайды.

Шумпетер жаңашылдықты өндіріске ендірудін бес бағытын сілтейді: 1) тұтынушыға белгісіз жаңа игіліктерді жасау немесе қайсыбір игіліктің жаңа сапасын істеп шығару; 2) өнеркәсіптің бір саласында өндірістің жаңа тәсілін енгізу; 3) тауарларды өткізетін жаңа базарлар меңгеру; 4) ішкі заттардың жаңа көздерін ашу; 5) өз жағдайын нығайтатын қайта құруды өткізу.

Ғалымдардың жасаған кәсіпкерлердің жинақы бейнесін мынандай қасиеттер суреттейді: "әрекет етуге жеке қуаты мен жігері" (Й. Шумпетер) ; "ақыл мен қиялдың үйлесімі" (В. Зомбарт) ; "жорамалдаушылығы мен тапқырлығы" (Дж. Шэкль) ; "парасат пен жаңа білімге жан-тәнімен берілуі" (И. Киртцнер) .

Менеджерге кәсіпкер әрекет істеуге толық еркіндігі болуға тиісті. Пайданы табуға ұмтылыс қажет, бірақ ол қара бастың қамын ғана көздемеуі керек және жеке тұтынудың қайнар көзі ретінде қаралмағаны жөн. Кәсіпкер әр түрлі амалмен тұрмыстан ләззат алуға өзінің жек көрушілігін қалыптастырады. Пайда табу кәсіпкер үшін дайындаған жобаның табысты болуының көрсеткіші ретінде ғана маңызды. Кәсіпкер еркіндік пен өзінің мүмкіндіктерін еркін жүзеге асыруды көздейді.

Д. Макленандтың тұжырымдамасында кәсіпкердің құдіретін жетістіктерге артқан ұмтылысы мен қажеттігінің болуымен байланыстырады. Бұл оның қанына сіңгендіктен, ол табиғи жалқаулығынан күшті және жай арам пайдаға ұмтылу мен қоғамдық беделге ие болудан маңыздылау.

Неміс социологы Веблен Торстейн Бунд (1857- 1929 жж. ) адамзат тарихын әр түрлі үстемдік еткен әлеуметтік институттардың белгілі кезеңдерге алмасуы деп анықтайды. Алғашқы қауым кезеңін "тонаушы қоғам" ауыстырады (тікелей әскери зорлық) және ақшалы қоғам дәуірі (тауарлы ақшалы қатынастар арқылы жасалатын зорлық) . Соңғы кезеңде қолөнер мен өнеркәсіп дамиды. XX ғасырдың негізгі сипаты ретінде өнеркәсіп пен бизнестің мүдделерінің қарама-қарсылығын атайды. Мамандар мен өндіріс жетекшілері кәсіпкерлердің жеке-меншіктік пайдакүнемдік мүдделеріне қарсы тұрады, олар өндіріс, ғылым мен техника дамуының, қоғам және жекеліктер игіліктерінің өсуі мүдделерін қорғайды.

Өмір сүру үшін күресті Веблен табыс үшін және қоғамның қосымша өнімінің үлесі үшін күресі деп қараған. Қоғамда қанаудың болуы қоғам өндіретін игіліктердің артығын тартып алуға ұмтылудан туындайтынын көрсетеді. Өнеркәсіп капитализмі немесе "Ақшалы қоғам" ғылым, техника дамуы, сыншылдық рух пен еркін әлеуметтік институттар сияқты мәнді жәйттердің кездейсоқ ұштасуымен пайда болған. Мұндағы капитализмнің табыстарын өнеркәсіп өндірісіне қатыспайтын алпауыттар иемденеді.

Бірте-бірте кәсіпкерлікті байыптаудың психологиялық түсіндірмелеріне әлеуметтік көрсеткіштер енгізіле бастайды. Мысалы, кәсіпкерлердің көп-шілігі үлкен отбасыларынан шыққан. Оның себебі әкенің өктемділік танытып, жариялық бастамаларын жаншумен ұғындырылды. Сырттан жасалынған қатал бақылау кезкелген ұйым мен билікті қабыл алмайтындай күй кешуге әкеліп соғады. Осыдан әлеуметтік бейімделу қиындай түседі. Кәсіпкердің екпінді ұмтылысы - ырықсыз жаншылған сезімдердің жарлығы.

Жаңа кәсіпкерлік тұрпаты қайдан пайда болды деген сұраққа жауабын тарихи және әлеуметтік тұрғыдан қарастырған М. Вебер мен В, Зомбарг. Олар кәсіпкерлік рухтың қалыптасуын капиталистік рухтың құрамдас бөлігі ретінде көрсетті. Рух - осы қоғамның белгілі даму сатысында шаруашылықты жүргізуші субъектіге тән психологиялық орнықты ерекшеліктердің, белгілердің, қасиеттердің жиынтығы.

"Кәсіпкерлікке ынталану", "арам пайдаға ұмтылыс", оңай ақшаға талаптану, - деп жазады Вебер, - капитализммен үш қайнаса сорпасы қосылмайды, оған ешқандай қатысы жоқ". Вебердің пайымдауынша, капитализм осындай иррационалды талаптануды ауыздықтауға, оны парасат-тылықпен реттеуіне пара-пар болып келеді. Басқаша айтқанда, Вебер өмірді оңтайландырудың ақ түсті жағын ғана көрген.

Жаңа кәсіпкерлік рух жаңа дәуір капитализмінің жоғары көтерілуіне қозғаушы күш болды, ал өзі діни негізде дамудың мүмкіндігін алды. Про-тестанттық өнеге-ғибраттан сусындап өріс алып, өрбіді. Протестантизмнің кальвинистік нұсқасында нағыз құдайшылдық пен экономикалық пайдақор-лық өзінің жарасымды үйлесімін тапты. Мұнда асқан жекешілдікті тәрбиелейді.

Вебер Батыс үлгідегі капитализмді протестанттық өнеге-ғибраттың, оның рационалды-парасатты рухының жемісі деп түйіндейді. Капитализмді қалыптастырған қайнар көздердің негізгісі протестанттық дүниетаным еді. Протестанттық тәрбиесіз капитализм өзгеше бағытта дамып, басқа нәтиже беретінін Вебер дәлелдейді. Бұл діни көзқарас бойынша, адам өз мамандығының бейімділігіне бой ұруға тәрбиеленеді. Ол экономикалық қызметті қасиет тұтады, сондықтан оны рухани маңыздылықка толтырады. Осыған орай адам өз өмірін, өз қабілеттерін өз бейімділігіне ғана арнау керектігін уағыздайды. Вебердің "Протестанттық өнеге-ғибараты" мен "Капиталистік рухына" сай қазақ мақалын келтіруге болады: "Сүйген істін түбі - кеніш, сүймеген істің түбі - реніш".

Әркім өз сүйген ісіне берілгенде ғана өмірден рухани қанағат табады, бақыт сезіміне беріледі. Бойға дарыған қабілетіне сай кәсіп таңдау, сол ма-мандықты сүйіп қызмет атқару түбінде рақатқа келтіреді. Ал сүймеген, қолдан келмейтін іске ұрынудың соңы реніш, кейіске душар ететінін қазақ халқы ежелден айтып - тәлім-тәрбиесінде қолданған. Осыған тағы "Мырзалық - ысырапшылдық пен сараңдықтың аралығы" деген әл-Фарабидің сөзі де келіседі - ол орынсыз мырзалық етіп, ағыл-тегіл ысырап етушілерге айтылған сөз.

«Жинақылық сараңдық емес». Өз ісіне ұқыпты, -жинақы адамды сараң деуге болмайды. Әрбір жинақылықтың түбі молшылыққа жеткізеді деген; ой жатыр. Бұл нарық жағдайында қазақ халқының жаңа қасиеттерін қалыптастырады.

Қазір әлемде еш ойланбастан басшылыққа алатындай қайта құрудың ешқандай да жақсы үлгісі жоқ. Әрбір ел өз экономикасының, құқығының, саясатының, моралінің және халық психологиясы ерекшелігін, әлемдік шаруашылықтағы өзінің жағдайын ескере отырып, өзінің жеке стратегиясын әзірлеп шығарады.

Реформалар тәжірибесі адам капиталының жай-күйі жаңа құрылымды, жалпы алғанда, нарықтық қайта құруларды жасау жолындағы елеулі фактор болып табылатынын көрсетеді. Республика халқының едәуір бөлігі жаңа жағдайда іс-қимыл жасауға дайын емес болып шықты, олардың тиісті білімдері, біліктіліктері, кәсіпкерлік дағдылары жеткіліксіз екендігі анық. Бірінші кезекте бұл басшы буынға қатысты. Ескі директорлық корпустың өкілдері жаңа әдеттенбеген жағдайға қиындықпен үйренуде; олардың экономикалық бет алысы көбіне өзгере алмай отыр; бұрынғы жүздеген мемлекеттік кәсіпорындардың негізгі назарында рынок және өнімді өткізу проблемалары емес, өндірістік қуаттылық, шығарылым көлемі туралы әдеттегі уайым ғана тұр.

Қазақстандық экономикада нарықтық ортаға дерлік беріле отырып, алдына қойғаны толық нарықтың мақсат емес өндірушінің мүлдем ерекше түрі қалыптасып, бірнеше жылдан бері әрекет етуде.

Коммерциялық банктерге келіп түсетін инвестициялық жобалардың жартысынан көбі экономикалық негізділіктің талаптарына сай келе бермейтіні белгілі. Қатардағы жұмыс күшінің әдәуір бөлігі жаңа жағдайларға бейімделуі қажет. Мәселен, шетелдік фирмаларда жұмыс істейтін біздің мамандар ұсынылған еңбек ырғағын, тәртіпке қойылатын талаптарды әрқашан ұстана бермейді. Шағын бизнес Қазақстан үшін көкейкесті болып табылатын жұмыссыздық пен қоғамның әлеуметтік қорғалуы проблемаларын шешуге қомақты үлес қосуға қабілетті. Экономикадағы нарықтық қағидаттарды бекітуде оның рөлі едәуір.

Шағын өндірістің дамуымен қоғам үшін өте қажет нарықтық ой-пікір мен білімнің таралуы, нарықтық бағыттың орнығып бекуі, халықтың нек артатын дәстүрлі өмірлік ұстанымы және оның мемлекет тарабынан көмек пен қолдауға деген бағдары жойылуы тиіс. Жаңа негізде шаруашылықты дамыту үшін бәсекелестікті дамыту дәрежесіне тікелей байланысты. Көптеген рыноктарда монополиялар үстемдік құрып отырған біздің жағдайда бәсекелестік катализаторы шағын және орта кәсіпорындар болуы мүмкін және болуы тиіс.

1. 2. Жалпы кәсіпкерлік туралы: мәні, мазмұны және түрлері.

Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны. Буржуазиялық экономикалық теорияда «кәсіпкер» ұғымы XVIII ғасырда қолданыла бастады. А. Смиттің ойы бойынша, кәсіпкер - сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру және пайда түсіру үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі болып табылады. Ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйым-дастырады және соның нәтижесіне оған өзі иелік жасайды.

Бүгінгі таңда кәсіпкер немесе өсімқор деп, иелігіндегі қажетті қүралдары бар пайдалы жүмысты ұйымдастырушы адамды айтады. Бұлардың қатарына жататындар - шағын кәсіпорындардың иесі, акционерлік қоғамның басқарушы, кооперативтің жетекшісі және шаруашылық бірлестіктерінің менеджерлері.

Бүгінгі таңдағы капиталистік елдердегі кәсіпкерлік ҒТП-тің нәтижесіне; капиталистік экономикалық жүйенің өсіңкілеу дамуына икемділігін қамтамасыз ететін құралдарға, жұмыскерлерінің қалың топтарының творчестволық және ұйымдастыру қабілетін жүзеге асыратын формаларға тығыз байланысты.

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш шарты айтылып жүр. Кәсіпкерлікпен айналысу дегеніміз - аталған субъектінің (кәсіпкердің) шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау; өнімді өткізуде және т. б. таңдауда олардың жиынтық бостандығы мен құқығы болуы керек деген сөз. Кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың өндіріс құрал-жаб-дықтарына, өнімге және табысқа иелік құқығы болуы маңызды шарт. Өзін-өзін басқару мен шаруашылықты таңдауда бостандықты, инвестициялауды нақты қамтамасыз ететін белгілі бір экономикалық орта және қолайлы жағдай кдзжет. Толығырақ айтқанда, белгілі бір кәсіпкерлікпен айналысу үшін - нарықтық бәсекелестік тәртіп бойынша, шаруашылық жүргізуге қолайлы жағ-дай туғызу.

Кәсіпкер дегеніміз кім? - бұл сұраққа жауап іздестіру барысында тікелей жеке адамдардың еңбекке бейімділігі мен кабілеттілігін және олардың өздерінің ой-пікірлерін жүзеге асырудағы әрекеттерін сипаттауға тура келді. Осы орайда, кәсіпкерлер - қашанда өз бетінше шешім қабылдамайды; белсенді, жаңалыққа, оны тез жүзеге асыруға бейімдік танытады; нысаналы нәтижеге жұмыс істейді; сындарлы сынға және орынды мадақта дайын; ашық, іскер адамдар арасында өзін еркін сезінеді; өзіне және серік-тесеріне катаң талаппен қарайды; адамдарды басқаруға, оларды әр-дайым рухтандырып, іс-қимылдарын үйлестіріп отыруға бейім, икемді адамдар болып келеді.

Кәсіпкердің нарықтық экономиканың басқа агенттерінен айырмашылығы - өзінің экономикалық, әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі . Пайда - кәсіпкердің сұранысты қамтамасыз ету мақсатымен шығындалған қаржы мен баға арасыңдағы айырмашылық.

Кәсіпкердің пайдасын меншік иелерінің табастарының ажырата білу қажет. Акция бойынша, дивиденд, депозиттерге процент, жер үшін алатын рента, бұлар - меншік иесіне түсетін табыстар. Әлбетте, бұл табыстың көзі - акционерлік компанияны басқару органдары, банк, арендаторлар өз қолына басқа біреудің меншігін алып, жаңа өнімдер өндіріп, кредит беріп немесе жалға алған жерде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп, оны өткізуді ұйымдастыру барысында нарықта белсенді қызмет атқара отырып, түсірген пайда болып саналмайды.

Төмендегі ұғымдардың: кәсіпкерлікті - менеджменттен, және оны басқарушыдан ара-жігін ажырата білу қажет. Кәсіпкер - бұл меншік иесі әрі ол шаруашылықпен тікелей айналысады. Ол нарыққа өзінің дербес жауапкершілігі арқылы тәуекелге баратын адам. Ал менеджмент - жалпы өндіріс пен тауар айналымын тиімді жүргізу мен пайда табу мақсатындағы басқару жүйесі мен формаларының, әдістері мен құралдарының жиынтығы болып табылады.

Менеджер - шаруашылықты ұйымдастыру мен шаруашылық басқару жағынан арнайы кәсіптік білімі бар жалдамалы басқарушы. Ол өз әрекетінде мүліктік жауапкершілікті мойына алмайды. Яғни оның сөзсіз тәуекелге баруы өзінің басқару орнынан айрылу деген сөз.

Кәсіпкерліктің ұйымдық - құқықтық формалары. Кәсіпкер іс-қимылы мен тұрмыс-жағдайы, мінез-құлқына қарай екі түрге бөлінеді: Біріншісі - бұрынғы классикалық кәсіпкерлік - шаруашылықтың (кәсіпорын, фирма) қолда бар ішкі ресурстарын тиімді пайдалана отырып, нәтижелі әрекет жасайтын кәсіпкер. Екіншісі - қазіргі өтпелі кезеңде әрекет жасайтын кәсіпкерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер қолда бар пайда көзін емес, әртүрлі (ішкі және сыртқы) мүмкіндікті пайдалану арқылы әрекет жасайды. Олар пайда көзінің жеткіліксіздігіне қарамастан, талмай іздеудің мүмкіндікті пайдалану арқылы сол кеңістікте бар барлық мүмкіндіктерді орынды және ұтымды пайдаланудың баламалы жолдарын қарастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік экономикадағы шағын кәсіпкерліктің орны
Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы
Кәсіпкерлікті ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жағдайы
Қазақстанда кәсіпкерліктің даму жағдайы
Кәсіпкерлік қызмет мәні және негізгі ерекшеліктері
«ҚР – да кәсіпкерлікті дамыту мәселелері»
ҚР-да кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына талдау
XХІ ғасырдың қарсаңыңдағы ҚР-ның әлеуметтік-экономиқалық саясаты
Кәсіпкерлік қызметтің жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz