Өндірісті механикаландыру және автоматтандыру кезіндегі жаңаүлгілерге қойылатын еңбек қауіпсіздігі



Кіріспе
Негізгі бөлім
Жаңа үлгілерді сынау және оның түрлері
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Өндірісті механикаландыру және автоматтандыру кезіндегі жаңаүлгілерге қойылатын еңбек қауіпсіздігі
Өндірістік объектінің қауіптілігін бағалау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бүгінгі таңда баспа-полиграфиялық кәсіпорындарды жаңа техника және технологиялармен жабдықтау, өндірістік жұмыстарды ұтымды ұйымдастыру арқылы жарыққа шығарылатын баспа өнімдерінің жоғары сапалы, қанық түсті, көлемді және әртүрлі таралымда шығарылуын қамтамасыз етуге болады.
Жаңа техникалар мен технологияларды баспа-полиграфиялық кәсіпорындарға енгізу үлкен дайындықты талап етеді. Бұл дайындық жұмыстарының нысандары, мақсаты мен кезеңдерінің маңызы өте зор. Қойылған талаптарды қамтамасыз етіп, іске асыру мәселелері кешенді жұмыстарды талап етеді.
Полиграфиялық кәсіпорындардың жұмысын алға жүргізіп, шығаратын өнімдерінің нарық бәсекелестікке қабілеттігін арттыра түсу өндіріс мамандарының міндеті. Ол үшін осы саланың заманауи ғылыми жетістіктері мен әлемдік озық жұмыс тәжірибелерінің негізінде шығып жатқан жаңа техникалар мен технологияларды оқып зерттеу керек. Таңдап алынған техника мен технологияларды баспа - полиграфиялық кәсіпорындардың өндірісіне енгізу мүмкіндігін анықтау керек. Егер барлық қойылған талаптар орындалып, жаңа техника мен технологиялар өндіріске енгізілетін болса, еңбек және қауіпсіздік техникасын ұйымдастыру, жұмысты басқарудың жаңа тәсілдерін қалыптастыру жаңа сапалы өнімдерді басып шығару үдерісі басталады. Өндірістік техникалық сипаттағы инновацияларға - жаңа немесе жаңартылған техникалар мен технологиялар, нарық сұранысымен пайда болған жаңа өнімдер жатады.
Жаңа техникалар мен технологиялар жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның техникалық ұйымдастыру жұмыстарына көптеген өзгерістер әкеледі. Жоғарыда келтірілген объектілердің кез келгенін жұмыс ағынына енгізу барысында, полиграфиялық кәсіпорындағы басқа технологиялық үдерістерде де өзгеріс пайда болады. Бұл полиграфиялық кәсіпорындардың бірден бір ерекшелігіне жатады. Полиграфиялық кәсіпорынның иелері нарық сұраныстарын ескеріп, кәсіпорынның полиграфиялық қызмет көрсету саласын кеңейте түсу мақсатында, флексографиялық, трафареттік т.с.с. арнайы басу әдістерін игеруді қажет деп тапса, онда да арнайы жабдықтарды сатып алулары қажет. Ал, егер кәсіпорында өнімділігі жоғары, автоматтандырылған жабдықтары іске қосылса, баспа-полиграфиялық өнімдерді дайындайтын барлық технологиялық үдерістерге түзету енгізіліп, шығарылатын өнімдердің сапасы мен түрлері арта түседі.
1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б
2. МЕСТ 12.3.002.75 ЕҚСЖ Өндірістік процестерге қойылатын қауіпсіздік талаптары.
3. Б.И.Зотов и другие.Безопасность жизнедеятельности на производстве. Москва.Высшая школа, 2000г.жизнедеятельности . М.2000г.
4. Русак О.Н. Справочная книга по охране труда в машиностроении.-
Ленинград: Машиностроение

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
Жаңа үлгілерді сынау және оның түрлері
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Өндірісті механикаландыру және автоматтандыру кезіндегі жаңаүлгілерге қойылатын еңбек қауіпсіздігі
Өндірістік объектінің қауіптілігін бағалау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Бүгінгі таңда баспа-полиграфиялық кәсіпорындарды жаңа техника және технологиялармен жабдықтау, өндірістік жұмыстарды ұтымды ұйымдастыру арқылы жарыққа шығарылатын баспа өнімдерінің жоғары сапалы, қанық түсті, көлемді және әртүрлі таралымда шығарылуын қамтамасыз етуге болады.
Жаңа техникалар мен технологияларды баспа-полиграфиялық кәсіпорындарға енгізу үлкен дайындықты талап етеді. Бұл дайындық жұмыстарының нысандары, мақсаты мен кезеңдерінің маңызы өте зор. Қойылған талаптарды қамтамасыз етіп, іске асыру мәселелері кешенді жұмыстарды талап етеді.
Полиграфиялық кәсіпорындардың жұмысын алға жүргізіп, шығаратын өнімдерінің нарық бәсекелестікке қабілеттігін арттыра түсу өндіріс мамандарының міндеті. Ол үшін осы саланың заманауи ғылыми жетістіктері мен әлемдік озық жұмыс тәжірибелерінің негізінде шығып жатқан жаңа техникалар мен технологияларды оқып зерттеу керек. Таңдап алынған техника мен технологияларды баспа - полиграфиялық кәсіпорындардың өндірісіне енгізу мүмкіндігін анықтау керек. Егер барлық қойылған талаптар орындалып, жаңа техника мен технологиялар өндіріске енгізілетін болса, еңбек және қауіпсіздік техникасын ұйымдастыру, жұмысты басқарудың жаңа тәсілдерін қалыптастыру жаңа сапалы өнімдерді басып шығару үдерісі басталады. Өндірістік техникалық сипаттағы инновацияларға - жаңа немесе жаңартылған техникалар мен технологиялар, нарық сұранысымен пайда болған жаңа өнімдер жатады.
Жаңа техникалар мен технологиялар жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның техникалық ұйымдастыру жұмыстарына көптеген өзгерістер әкеледі. Жоғарыда келтірілген объектілердің кез келгенін жұмыс ағынына енгізу барысында, полиграфиялық кәсіпорындағы басқа технологиялық үдерістерде де өзгеріс пайда болады. Бұл полиграфиялық кәсіпорындардың бірден бір ерекшелігіне жатады. Полиграфиялық кәсіпорынның иелері нарық сұраныстарын ескеріп, кәсіпорынның полиграфиялық қызмет көрсету саласын кеңейте түсу мақсатында, флексографиялық, трафареттік т.с.с. арнайы басу әдістерін игеруді қажет деп тапса, онда да арнайы жабдықтарды сатып алулары қажет. Ал, егер кәсіпорында өнімділігі жоғары, автоматтандырылған жабдықтары іске қосылса, баспа-полиграфиялық өнімдерді дайындайтын барлық технологиялық үдерістерге түзету енгізіліп, шығарылатын өнімдердің сапасы мен түрлері арта түседі.
Орындалатын кешенді дайындық жұмыстары мен өндірістік және ұйымдастырудағы жаңа енгізілімдерді жылдам игеріп, технологиялық үдерістердің ұтымды параметрлерін дұрыс таңдай білу, жоспарланған өндірістің экономикалық тиімділігін қамтамасыз етеді. Бұл баспа полиграфиялық өнімдердің саны мен сапасын және нарыққа бәсекелестік қабілетін арттыра түседі.
Нарықтық экономика бәсекелестік өнімдерді шығаруды талап етеді. Полиграфиялық кәсіпорындарда техника мен технологияларды қайта жабдықтандырып, жаңартылған техника мен технологияларды енгізуде басталатын зерттеу кезеңінде жаңа енгізілім жабдықтарына қойылатын талаптар қалыптасады. Жаңа технология бойынша дайындалатын өнімдердің қажеттілігі мен өнімдерінің нарықтағы сұранысы зерттеледі, яғни маркетингілік зерттеулер жүргізіледі. Өндірісті жобалау кезінде оның технико-экономикалық тиімділігін негіздеу керек. Әрі қарай жаңартуларды іске асыруға қажетті ақпараттық ізденістер мен зерттеулер жүргізіледі. Алдымен полиграфиялық жабдықтар нарығында да маркетингілік зерттеулер жүргізіледі. Жабдықтың құрылымдық, технологиялық, пайдалану ерекшеліктері ескеріледі.
Полиграфиялық жаңа техниканы таңдау барысында мына техникалық көрсеткіштерді міндетті түрде қадағалау керек: басып шығарылтын өнімнің бәсекелестікке сай келуі; техникалардың сенімділігі; құжаттарының толық кешенділігі; құрылымының қолданылатын жағдайға сәйкестілігі; автоматтандырылу деңгейі мен жылдамдық режимдері; беріктігі, қолдану мерзімі және еңбек қауіпсіздігі; метрологиялық жабдықтау шарттары; материалдар мен құрылымының эргономикалық және экологиялық көрсеткіштері; жұмысшылардың жаңа техникада жұмыс істеуге дайындығы; жабдыққа қызмет көрсетудің қарапайымдығы, жөндеуге икемділіктері мен сервистік қызмет көрсету жүйелерімен жұмыс істеу мүмкіндіктері; қолданылатын материалдар және оларды айырбастау мүмкіндіктері.

Сынау- әртүрлі әсер ету жағдайында жұмыс істейтін объектінің сандық немесе сапалық сипаттамаларын тәжірибе (эксперимент) жүзінде анықтау.
Жаңа үлгілерді сынаудың сан алуан түрі ар.
Жетілдіре сынау
берілген деңгейге дейін сапалық көрсеткішті көтеру процесінде енгізілетін өзгерістердің әсер етуін тексеру үшін өткізілетін сынаулар.
Жолдық сынауы
жолды жерде, кейде жолсыз жерде көлік құралының жүру кезінде өткізілетін сынау.
Иммитациялық, еліктете сынау
көлік құралының кез келген бөлшегін немесе қандай да болмасын әсер етуді жасанды Құрастыру арқылы өткізілетін қондырғыда сынау.
Зерттей сынау
құрастырылып жатқан өнімнің параметрлерін, сызбаларын, жинақталуын таңдап алу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірісті механикаландыру кезіндегі еңбек қауіпсіздігі
Құрылыс өндірісінің технологиялық мүмкіндіктері
Ақтөбе май дайындау зауытындағы сұйықтықты қыздыру процестерінің автоматтандырылуын жобалау
Автомобиль құрастыру технологиясы
Қозғалтқыштар цехындағы технологиялық жабдықтар
Экономикалық ынталандыру қорларының құрылуы және қолдануы
«Ақтөбе мұнай өңдеу» зауытындағы сораптардың автоматтандырылуын жобалау
«ПЛП Жанафарм» ЖШС базасында дәрілік Қырмызыгүл гүлдерінің және батпақты Иір тамырсабақтарының көмірқышқылды экстрактар негізінде алынатын таблеткалар өндірісін ұйымдастыру
Өндірістік - шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерін анықтау
Автомобиль ісі сабақтарын оқыту
Пәндер