Мұнай кенорындарындағы экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық аспектісі


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикалық жағынан даму кезеңінде үлкен жетістіктерге жетіп жатқанымен, елде көптеген кәсіпорындар салынғанымен, әлеуметтік және материалдық жағдай алға баса бергенімен экологиялық мәселелер әлі күнге дейін шешілмеген. Үдемелі индустриалды инновациялық даму елде көптеген зауыттар мен кәсіпорындардың пайда болуына әкеліп отыр, бірақ табиғи ресурстарды тез өңдеу салдарынан экологиялық тәуекел мөлшері төмендемейді. Елдің ластаушы салалары - мұнай-газ, қара және түрлі-түсті металлургия, тау-кен саласы, өнім шығарушы, жылу энергетикасы -экологиялық мәселені одан әрі ушықтырып отыр. Сонымен қатар, радиациялық жағдай, радиациялық қалдықтар, ауаның және судың ластануы, орман қорының жойылуы, Семей ядролық полигонының зардаптары, жалпы халықтың денсаулық жағдайының төмендеуі экологиялық мәселелердің кең етек алуына жағдайлар туғызып отыр.
Экологиялық қауіпсіздік елдің, қоғам мен нақты адам қауіпсіздігінің бөлігі болып келеді. Оның шегінде адам қызметінің әртүрлі жақтарына экологиялық қауіпсіздік саласында шектеулер мен тыйым салулалар жасалады. Осының барлығы өмір сүруге қолайлы қоршаған ортаны сақтауға жағдай жасайды. Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың шаруашылық қызметі, мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және лауазымды тұлғалардың қызметі кезінде экологиялық қауіпсіздіктің басты мақсаты - қоршаған табиғи ортаға әсер ету нәтижесінде туындайтын қауіптерден адам өмірін, денсаулығын және өмір сүру жағдайларын қорғау, қоғамды оның материалдық және рухани құндылықтарын, қоршаған табиғи ортаны, атмосфералық ауаны, ғарыштық кеңістігін, су объектілерін, жер қойнауын, жер және орман ресурстарын, өсімдік және жануарлар әлемін қорғау болып табылады.
Зерттеу мақсаты
Курстық жұмыстың мақсаты - мұнай кен орындарындарының өзіндік жұмыстарын жүргізу барысында тиісті экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық аспектілерін ашып, жеткілікті деңгейде түсіндіру.
Зерттеу міндеттері
- Мұнай кенорындарының теріс әсері;
- Экологиялық қауіпсіздік;
- Мұнай кенорындарындағы экологиялық қауіпсіздік талаптары;
- Мұнай кенорындарының қоршаған ортаны қорғау туралы талаптары
Курстық жұмыстың құрылымы
“Мұнай кен орындарындарындағы экологиядық қауіпсіздіктің құқықтық аспектілері”-атты курстық жұмыс 4 тараудан тұрады, онда 8 кесте, 2 сурет, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі тіркелген.
1 ТАРАУ МҰНАЙ КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ ТЕРІС ӘСЕРІ
1. 2 МК қоршаған орта жағдайына теріс әсері
Мұнайды бұрғылауда, құбырлардың жалғасқан жерлерінен шикізаттың төгілуі топырақ, атмосфера, судың ластануына әкеліп соғады және биосфераны ластап қана қоймай адамзат денсаулығына зиянды әсерін тигізеді.
Мұнай өнімдерінің топыраққа әсері
Топырақ мұнай қалдықтарымен аз мөлшерде ластанған жағдайда, оны қайта қалпына келтіруге болады. Ал егер көп мөлшерде ластанса, оған қарсы күрес жүргізуге тура келеді. Қоршаған ортаның мұнай және мұнай өнімдерімен ластауы - ең күрделі мәселелердің бірі. Топыраққа түскен мұнай гравитациялық күштердің әсерінен төмен қарай сіңеді де, сыртқы және капиллярлық күштердің әсерінен кеңінен таралады. Топрақтың мұнай қалдықтарымен және әр түрлі химиялық реагенттермен, өндіріс қалдықтарымен, радиоуклидтермен ластануы, лоардың техногенезді бұзылуы, эрозия, дефляция, топрақтың тұздануы- техногенез өршуінің тікелей жолдары болып табылады. Қатты ластанған аймақтарда топырақтың тығыз карбонатты-иллювиалды горизрнты жалаңаштанады, нәтижесінде тақыр баттар түзіліп, топырақтың қуаңдануы мен тұздануына әкеліп соғады. Қазақстанда мұнай қалдықтарының ластанған топырақ биогиоценоздарын қайта қалпына келтіру мақсатында топырақты тазарту және рекультивациялау технологиясын жасау үшін топырақтың қаншалықты мұнай қалдықтарымен ластануын, құрамын білу қажет. Мұнай қалдықтарының топырақ құрамына әсерін білу мақсатында мұнай қалдықтарымен ластанған топырақты зерттеуге химиялық және физика-химиялық талдаулар пайдаланылды. Мұнай қалдықтарымен ластанған топырақ үлгілерінде, әсіресе жоғарғы қабаттарында алифаттық және парафинді көмірсутектердің сіңіру жолақтары анық байқалады, сонымен қатар карбонилдік топ, жай эфирлі байланыстардың жолақтары кездеседі. Топырақ құрамындағы мұнай көмірсутектері химиялық және фотототығу үрдісіне қатысады, яғни әртүрлі факторлардың әсерінен (ультракүлгін сәулелердің, температураның өзгеруінен және т. б. ) өзінің химиялық құрамы мен қасиетін өзгертеді, нәтижесінде ұшқыш, зиянды және химиялық белсенді заттар түзеді. Мұнай кен орындарында мұнаймен ластанған топырақтың беткі қабатын бульдозермен полигон аймағын ысырып тастау топырақ жамылғысының, ондағы биоценоз функциялану негізінің толық жойылуына мүмкіндік туғызады.
Мұнай өнімдерінің атмосфераға әсері
Мұнай газ комплекстерін жобалау оның қоршаған ортаға әсерін бағалау, болжау және осы жердің кері ықпалын төмендететін шараларды қамтиды.
Атмосфера ластануын қорғау негізі шығарынды көздерін есепке алу болып табылады, яғни өнернкәсіп шығарындыларының құрамы мен мқлшері кәсіпорын территориясында шығарынды көздердің таралуы және зиянды заттарды табу мен зиянсыздандыру шаралары туралы мәліметтерді алу мен жүйелеу.
Мұнай өнеркәсіптерінің барлық технологиялық процесстері табиғи экололгиялық ортаны бұзады.
Қотыртас кенорнын жайландыру жобасы материалдарының мәліметі бойынша, 231, 9 мың т/жыл мұнай өндіруді қамтамасыз ету үшін 65 ұңғыманы, 4 топты өлшеуіш қондырғыларды жайландыру жобаланған. Бұл қондырғылар ұңғымадан топты өлшеуіш қондырғыларына дейінгі жүйесімен байланыстырылған.
Кесте 1- Қотыртас кенорнын жайландыру қондырғыларының жобасындағы шығарынды көздері
Мұнай қыздару пештерінің:
- мұржаларының;
- факельдерінің
- спутник өлшеу блогының;
- желдеткіштер мен қазандықтар шығарындылары. мен қазандықтар шығарындылары.
Кесте 2- Атмосфераның негізгі ластаушылары
Кен орынды жайландыру үшін шығарынды көздерін есепке алу мәліметтерін талдау негізінде әрбір зиянды заттардың ШРМ және қауіптілік класы көрсетілген ластаушы заттар тізілімі жасалады.
Мұнай өндіруші Қотыртас кенорнының атмосфераға шығарылатын зиянды шығарындылар көздерін есепке алу мәліметтерінің талдауы, ортақ жалпы шығарындыларының негізі бқлігін көмірсутектер және көмір оксиді құрайды. Шығарындылардың көбі резервуарлар мен факельдерден келетініне төмендегі диаграмма айғақ бола алады.
Сурет 1-Кен орын шығарындыларының сандық көрсеткіштері
Мұнай өнімдерінің су көздеріне әсері
Табиғат байлықтарының қымбат түрлерінің бірі-су. Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен суды алмастыратың зат табылған жоқ[1] . Теңіз суларын мұнай қалдықтарымен ластауда негізгі рөлді танкерлер атқарады. Қалдықтар суға кеме резервуарларын жуғанда немесе олар апатқа ұшырағанда қүйылады, әсіресе, ірі танкерлердан күйреуі аса қауіпті. Бұл уақытта суға 200-300 мың тоннадай мұнай өнімдері теңіз суларына ақтарылып, орасан зор алқапқа жайылады. Оның әсері барлық тірі организмдерге бірден қауіпті. Мұнай қалдықтарынан әсіресе құстар ауыр зардап шегеді. Мұнаймен ластанған суға қонғанда, олардың қауырсындары майланып, жылу ұстайтын және су жұқтырмайтын қасиетін
жоғалтады. Осының нәтижесінде тері астына қан үийды да өліп қалады, Судың мұнай мен ластануынан жылына қаншама құстар қырьшатынын есептеп шығу мүмкін емес. Себебі, олардын көбі ашық теңіздердің үстінде қырылып қалады. Мұның қаншалықты қауіпті екенін мынадан көруге болады. Мысалы, 1996 жылы Ньюфаулендте әрбір миль жағалауда 464 каир өліктері табылған. Егер бұл санға осы себептен өлген тағы басқа он бір түрлі құстардың өліктерін қоса есептесе, бұл шама тағы да бірнеше есе өскен болар еді. Осындай жағдай Атлантика мұхтының екі жағалауында жиі кездеседі, себебі оны көптеген құстар қыста қоныс етеді. Су бетін үлпек жұқа көбікшемен жабатын мұнай қалдықтары микроорганизмдер мен кішірек жәндіктердің де тіршілік негізін, күрт өзгертіп жібереді. Олар түгелдей қырылып қалады.
Теңіз суының мұнай қалдықтары мен былғануы адамға да тікелей қауіпті. Мысалы, осы уақытта асқа пайдаланатын устрица және моллюскалар денелерінде рак ауруын туғызатын бензпирин сияқты улы заттар жиналатыны белгілі болып отыр. Бұл заттың моллюскалар денесіне қалай жиналатыны туралы биология ғылымдарына белгілі ғылыми деректер осы күнге дейін жоқ. Бірақ, жорамал ретінде-оның моллюскалардың денесіне бензпириннің жиналу себебі қоректік заттар арқылы келуі мүмкін. Мысалы, су түбіндегі тұнбада мұнай қалдықтарынан пайда болған көптеген қосылыстар бар екені анықталып отыр. Олармен моллюскалар қоректенуі мүмкін[2] .
Судың ластану мәселесі. Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әр түрлі дәрежеде ұшырайды.
Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуы себепті шамамен 5 млн. адам (негізінен балалар) қайтыс болады да, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн. -нан 1 млрд. -қа дейін жетеді.
Теңіз суының мұнай қалдықтарымен ластануы суда өмір сүретін сүтқоректілерге де үлкен әсср еді. әсіресе, бұл теңіз қамшатының өміріне тікелей қатынасты. Бұл аңның терісі дүние жүзінде жоғары бағаланады. Біздің қазақ жеріңде бұл аң көп мөлшерде кездеседі. Бірақ оны қалай болса, солай аулауға тиым салынған. Су бетін үлпек жұқа көбікшемен жабатын мұнай қалдықтары микроорганизмдер мен кішірек жәндіктердің де тіршілік негізін, күрт өзгертіп жібереді. Олар түгелдей қырылып қалады. Теңіз суының мұнай қалдықтары мен былғануы адамға да тікелей қауіпті. Мысалы, осы уақытта асқа пайдаланылатын устрица және моллюскалар денелеріндс рак ауруын туғызатын бензприн сияқты улы заттар жиналатыны белгілі болып отыр. Бұл заттың моллюскалар денесіне қалай жиналатыны туралы биология ғылымдарында белгілі ғылыми деректер осы күнге дейін жоқ. Бірақ, жорамал ретінде оның моллюскалардың денесіне бензприннің жиналу себебі қоректік заттар арқылы келуі мүмкін. Мысалы, су түбіндегі тұнбада мұнай қалдықтарынан пайда болған көптеген қосылыстар бар екені анықталып отыр. Олармен моллюскалар қоректенуі мүмкін [3] .
Мұнай қалдықтарының зиянды әрекеттерін болдырмайтын қандай шаралар бар? 1954 жылы Лондонда кемелерді жуған суды шектелген жерден тыс төгуге тиым салған халықаралық келісім шарт жасалынады.
Теңіздегі тіршілік иелерінің байырғы қатынасын сақтаудың басты шарты теңізге ешқандай мұнай жуындыларын төкпеу ғана болуы мүмкін.
1. 2 МК халық денсаулығына теріс әсері
Адамның бірінші байлығы - денсаулық. Демек, қоршаған ортаның экологиялық дағдарысқа ұшырауы адам денсаулығына орасан зиян келтіретіні анық. Қазақстан аумағында жүргізілген зерттеулер көрсеткеніндей, біздің азаматтардың денсаулығына кері әсер ететін ең зиянды факторлардың арасынан ерекше алаңдататыны экологиялық фактор (42, 1%) болып отыр. Адамзаттың, әсіресе, планетаның биосфера региондарындағы экологиялық жағдайы қиын мемлекет халықтарының (оның ішінде Қазақстан да бар) экологиялық қауіпсіздігіне төнген жалпы қауіп-қатерін ғаламдандыру, сондай-ақ соғыс қауіпсіздігі қатерін бәсеңдетуді ескере отырып, реформалардың экономикалық мүдде пирамидасын және иерархиялық әлеуметтік басымдыктарын пайдалы қазбалар игерудің ақылға қонымды, табиғи-тарихи және экологиялық негіздерді сактай отырып, тиімді бағыттарын талдап жасау керек. Еліміздің мемлекеттік институттары мен субъектілері және объектілерінің қандай экологиялық жағдайда екендігін есепке алу қажет.
Қолда бар мәліметтер шикі мұнайды өндірумен, мұнай өнімдерін өндірумен пайдалануға байланысты аграрлық жағдайларды есепке алмағанда халық денсаулығына келетін қауіп өте көп.
Негізгі қауіп мұнай өндіру және мұнай өңдеу өнеркәсібінде жұмыс жасайтындар денсаулығы үшін болады. Мұнай өндіру өнеркәсібінде ауалық ортаның әртүрлі уытты заттармен ластануы гигиеналық тұрғыдан тұрақты қолайсыз фактор болып табылады. Уақытша еңбекке жарамсыздықтың себебі болып жиі жоғарғы тыныс алу жолдарының қатары, тыныс алу органдарының аурулары, ангина, грипп, тері аурулары, өндірісьік асқынған флегмондар, асқазан жара аурулары, нерв аурулары және жүрек қан тамыр аурулары жатады.
Жұмыс барысындағы шудың, вибрация факторларының ұлесі едіуәр өсті, метеожағдайлар, температуралық өзгерістер адам организміне қолайсыз әсер етеді.
Кесте 3 - Туындайтын аурулардың атаулары мен сандық көрсеткіші
2 ТАРАУ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
Соңғы жылдарда елімізде болып жатқан түбегейлі әлеуметтік-саяси өзгерістер ұлттық қауіпсіздік мәселесін, оның ішінде экологиялық қауіпсіздік аспектілерін жаңа ғылыми көзқарастар тұрғысынан қарастыруды уақыт талабынан туындайтын өмірлік маңызды мәселе қатарына шығарып отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы заңында ұлттық қауіпсіздік, адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің серпінді дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінiң нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйi ретінде анықталады [4] . Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгi ретiнде экологиялық қауiпсiздiк тұрақты дамудың мiндеттi шарты болып табылады және табиғи жүйелердi сақтаудың және қоршаған ортаның тиiстi сапасын қолдаудың негiзi болады деп берілген [5] . Қазақстан Республикасының экологиялық Кодексі бойынша экологиялық қауiпсiздiк - жеке адамның, қоғамның және мемлекеттiң өмiрлiк маңызды мүдделерi мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсер ету нәтижесiнде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай- күйi [6] . Экологиялық қауіпсіздік мәселесі - бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды мәселелерінің бірі болып отыр. Аталмыш мәселенің пайда болуының басты алғышарты - қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. Ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөліктерінің ішінде, экологиялық қауіпсіздік мәселесі ерекше орын алады. Ол бірқатар объективті себептерге байланысты:
Кесте 4- Экологиялық қауіпсіздік мәселесінің объективті себептері
Экологиялық қауіпсіздікті ғылыми тұрғыдан нақтылау қажеттілігіне байланысты көптеген ғалымдардың назары осы мәселеге аударылып отыр. Дегенмен, ғылыми әдебиеттерде әлі күнге дейін осы ұғым төңірегінде әр алуан тұжырымдамалар қалыптасқан. Біріншілері экологиялық қауіпсіздікті адамзат, қоғам және қоршаған ортаның антропогенді факторлардың және табиғи апаттардың зиянды ықпалынан қорғану жағдайы деп түсіндірсе, екіншілері экологиялық қауіпсіздікті қоршаған ортаны қорғаудың құрамдас бөлігі ретінде қарастырады, үшінші топтағы ғалымдар бұл мәселені табиғи қорларды тиімді пайдалану қатарына да жатқызады.
Кесте 5- Ғалымдардың ЭҚ туралы түсініктері
•ҚО, адамзатты қауіптен қорғайтын іс-әрекеттер жиынтығы;
•жер шарындағы экотеңдікті қ. е. жағдайлар кешені[11] .
Экологиялық қауiпсiздiк - халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi. Экологиялық қауіпсіздік ішкі және сыртқы болып бөліне отыра, үш негізгі түсініктерге сүйенеді.
Сурет 2-Экологиялық қауіпсіздік сүйенетін түсініктер
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен мақұлданған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасына енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендiрудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттiк бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi қарастырылған болатын.
2. 1 ЭҚ мәні, мақсаты мен міндеттері және қажеттілігі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz