Негізгі құралдар қозғалысының аудиті



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1.2

I Бөлім. Негізгі құралдар қозғалысының аудитін ұйымдастыру
1.1 Негізгі құралдардың келіп түсуінің аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3.5
1.2 Негізгі құралдардың шығысталуының аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.9
II Бөлім. Негізгі құралдар аудитінің теориялық аспектілері
2.1 Негізгі құралдар түсінігі, сыныпталуы және бағалануы ... ... ... ... .10.13
2.2 Негізгі құралдар аудиті түсінігі, мақсаттары, түрлері ... ... ... ... ... 14.15
III Бөлім. Қазақстан Республикасында негізгі құралдар аудитін
жүргізуді жетілдіру жолдары
3.1 Аудиторлық бағдарлама . қатесіз анық қадам ... ... ... ... ... ... ... ... 16.18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19.20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Кіріспе

Қазақстан Республикасының егемендік алып, нарықтық экономикаға көшуі қоғамдық өмірдің барлық жағынан өзгеруіне әкелді. Елде кәсіпкерлік қызметтегі әртүрлі субъектілердің ара қатынастарын реттейтін жаңа экономикалық институттар туындау қажеттігі пайда болды. Оның ішінде аудиторлық институтқа деген қажеттілік өзгеше болды. Оның басты мақсаты – бухгалтерлік және салықтық есептілікте көрсетілетін ақпараттардың шынайылығын бақылауды қамтамасыз ету. Ақша-қаражаттарын қолдану бойынша, заңды объектілерде сауда операциялары мен инвестицияларды жүзеге асыру бойынша мәліметтер тәуелсіз аудитор көмегімен объективті түрде расталады.
Аудитті бірнеше бөлімге бөліп қарастыруға болады. Соның ішінде бүгінгі қарастырылып отырылмақшысы «Негізгі құралдар аудиті».
Негізгі құралдар дегеніміз - өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Бұл кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіне материалдық –техникалық негіздер мен жағдайлар қалыптастыратын құралдар болып табылады. Оның ішінде, әсіресе: машина жасау, автомобиль жасау, электроэнергияны өңдеу және тарату, жүк тасымалдау сияқты қорсыйымды өндірістегі негізгі құралдар өте маңызды болып келеді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің ең басты сұрақтарының шешімі негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін жүргізудің дұрыс таңдалған әдістемесі және нормативтік-құқықтық құжаттардың сақталуы арқылы жүзеге асады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының 20.11.98 ж. «Аудиторлық қызмет туралы» заңы (өзгертулер және толықтырулармен.).
2. Абленов Д.О. Аудит негіздері. Алматы, 2005ж.
3. Ажибаева З. Н. Аудит. Алматы, 2004 ж.
4. Белолипецкий В. Г. Финансы фирмы. М.: ИНФРА-М, 1998 ж.
5. Бухгалтерско-аудиторский портфель. - М.: "СОМИНТЭК", 1999 ж.
6. Ержанов И. С. Аудит-1. Алматы: Бастау, 2005 ж.
7. Журнал «Библиотека бухгалтера и предпринимателя». № 12, 2005ж.
8. Журнал «Библиотека бухгалтера и предпринимателя». № 12, 2006ж.
9. Журнал «Библиотека бухгалтера и предпринимателя». № 5, 2006ж.
10. Кондраков Н. П. Бухгалтерский учет. 2-е издание, учебное пособие. – М., ИНФРА-М, 1999 ж.
11. Луговой В. А.. Учет затрат на производство и реализацию продук-ции (работ, услуг). М., 1994 ж.
12. Радостовец В. К., Радостовец В. В. Бухгалтерский учет на предпри-ятии. Изд. 2-е, перераб. и доп., Алматы, 2000 ж.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1-2

I Бөлім. Негізгі құралдар қозғалысының аудитін ұйымдастыру

1.1 Негізгі құралдардың келіп түсуінің
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... . 3-5
1.2 Негізгі құралдардың шығысталуының
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ...6-9
II Бөлім. Негізгі құралдар аудитінің теориялық аспектілері
2.1 Негізгі құралдар түсінігі, сыныпталуы және
бағалануы ... ... ... ... .10-13

2.2 Негізгі құралдар аудиті түсінігі, мақсаттары,
түрлері ... ... ... ... ... 14-15
III Бөлім. Қазақстан Республикасында негізгі құралдар аудитін
жүргізуді жетілдіру жолдары
3.1 Аудиторлық бағдарлама – қатесіз анық
қадам ... ... ... ... ... ... ... .. ..16-18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-20

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..21

Кіріспе

Қазақстан Республикасының егемендік алып, нарықтық экономикаға көшуі
қоғамдық өмірдің барлық жағынан өзгеруіне әкелді. Елде кәсіпкерлік
қызметтегі әртүрлі субъектілердің ара қатынастарын реттейтін жаңа
экономикалық институттар туындау қажеттігі пайда болды. Оның ішінде
аудиторлық институтқа деген қажеттілік өзгеше болды. Оның басты мақсаты –
бухгалтерлік және салықтық есептілікте көрсетілетін ақпараттардың
шынайылығын бақылауды қамтамасыз ету. Ақша-қаражаттарын қолдану бойынша,
заңды объектілерде сауда операциялары мен инвестицияларды жүзеге асыру
бойынша мәліметтер тәуелсіз аудитор көмегімен объективті түрде расталады.
Аудитті бірнеше бөлімге бөліп қарастыруға болады. Соның ішінде
бүгінгі қарастырылып отырылмақшысы Негізгі құралдар аудиті.
Негізгі құралдар дегеніміз - өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт бойы, яғни
бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін
сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген
қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп
ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
Бұл кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіне материалдық –техникалық
негіздер мен жағдайлар қалыптастыратын құралдар болып табылады. Оның
ішінде, әсіресе: машина жасау, автомобиль жасау, электроэнергияны өңдеу
және тарату, жүк тасымалдау сияқты қорсыйымды өндірістегі негізгі құралдар
өте маңызды болып келеді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің ең басты сұрақтарының
шешімі негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін жүргізудің дұрыс таңдалған
әдістемесі және нормативтік-құқықтық құжаттардың сақталуы арқылы жүзеге
асады.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастырудың
негізі болып негізгі құралдардың бекітілген типтік сыныпталуы және есепте
олардың бағалануының біртұтастық қағидасы табылады.
Бірде-бір Қазақстандық кәсіпорын өз шаруашылық қарекетін негізгі
құралдарды қолданбай игере алмайды. Негізгі құралдар ұйымның материалдық-
техникалық базасының негізгі құраушысы болып табылады және оның қарекетінің
басты бағыттарының жүзеге асуында үлкен орын алады. Осыдан курстық жұмыс
тақырыбының өзектілігін көруге болады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты – аудиттің маңызды әрі қызықты
бөлімдерінің бірі негізгі құралдар аудитінің қалай жүзеге асырылатындығымен
танысу, ерекшеліктерін ашып көрсету болып табылады. Негізгі құралдар -
қандай да болмасын экономикалық субъект қызметінің негізі болып табылады.
Курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
1) негізгі құралдардың мәні мен теориялық аспектілерін анықтау;
2) тақырыптың мазмұны бойынша әртүрлі әдебиет көздерінен алынған
ақпараттарға сүйене отырып тақырыпты зерттеу және жүйелеу;
3) неғұрлым анық, нақты, толық, шынайы ақпарат беру;
4) курстық жұмыстың мақсатына жету;
5) алынған нәтижелерге сүйене отырып қорытынды жасау.

I Бөлім. Негізгі құралдар қозғалысының аудитін ұйымдастыру
1.1 Негізгі құралдардың келіп түсуінің аудиті

Негізгі құралдар аудитін жүргізу барысында объектілердің түсуін
есепке алудың заңдылығы, тиімділігі және дұрыстылығы тұрғысынан тексерілуі
қажет. Бұл кезде жүргізіліп отырған процедуралар көлемін аудитор
операцияларының қайталануы, кәсіпорынды құру мақсаты және оның қызмет етуі,
салық салу қиындығынан шыға отырып, өзінің ұзақ мерзімді активтермен
операцияларын типтік және типтік емес деп субъективті жіктеу негізінде
дербес анықтайды.
Типтік операцияларды тексеру таңдау арқылы, ал типтік емес операцияларды
тексеру жалпы әдіспен жүргізіледі.
Негізгі құралдар қозғалысы бойынша аудит кезінде негізгі құралдар
объектілерінің түсуін есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттардың
толтырылуының, дұрыстығы, сонымен қатар машиналар мен құрал-жабдықтардың
техникалық паспортындағы жазбалар тексеріледі.Негізгі құралдарды есепке
алған кезде олардың қозғалысы келесідей стандартты құжаттар көмегімен
рәсімделеді:
1. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі.
Ең алдымен негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісін жасайтын комиссияның
біліктілігі анықталады. Оның құрамына инвентарлық объектілерді білетін
мамандар енуі керек.
Бұл форма негізгі құралдар құрамына олардың эксплуатацияға енуін
есепке алу үшін жеке объектілердің енгізілуі кезінде, негізгі құралдар
құрамынан басқа кәсіпорынға берілетін объектілерді алып тастау үшін,
сонымен қатар, негізгі құралдардың ішкі қозғалысын рәсімдеуде қолданылады.
Негізгі құралдар типтік нысандағы қабылдау-тапсыру актілері негізінде
кірістіріледі. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі (Ф. NOC-1)
толтырылғаннан кейін, осы объектіге қатысты техникалық құжаттармен бірге
бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қойып, компания басшысы
немесе өкілетті тұлға бекітеді.
2. Жөндеуден, қайта жөндеуден өткізілген және жаңартылып жетілдірілген
объектілердің қабылдау-тапсыру актісі.Негізгі құралдарды жөндеуден, күрделі
қайта жөндеуден, жаңартудан қабылдауды және сәйкесінше тапсыруды рәсімдеуге
қолданылады.Расталған актіні бухгалтерияға өткізгеннен кейін негізгі
құралдар есебінің инвентарлық карточкасында сәйкес белгі соғылады.
3. Негізгі құралдарды есептеудің инвентарлық карточкасы.Ол негізгі
құралдардың барлық түрлерінің есебін жүргізуге
арналған.Карточкаларды бухгалтерияда әр объект бойынша жүргізеді;
акт негізінде немесе техникалық құжаттар негізінде бір данада
толтырылады.
Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы деген бөлімде оның негізгі сапалық
және сандық көрсеткіштері жазылады.
4. Негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасының жазбасы. Бұл форма
негізгі құралдардың аналитикалық есебі кезінде ашылатын инвнтарлық
карточкаларды тіркеуге арналған.Жазбаларды негізгі құралдардың сыныпталған
топтары бойынша жүргізеді.
5. Негізгі құралдар қозғалысын есепке алу карточкасы. Инвентарлық
карточка мәліметтері негізінде жүзеге асады.
6. Негізгі құралдардың инвентарлық тізімі (олардың эксплуатацияға орналасуы
бойынша). Бұл формада материалды жауапты тұлғалар бойынша негізгі
құралдардың тұрған жерінде әр объектінің есебі жүргізіледі. Аудитор
міндетіне кіріс құжаттарына барлық деректемелердің, инвентарлық
объектілердің сипаттамасының (салынған жылы, заводтың нөмірі, күші), оның
толықтылығы мен дұрыс жұмыс істеп тұрғанының толтырылуын тексеру енеді.
Егер кәсіпорынға бұрын пайдаланылған инвентарлық объект түскен жағдайда
аудитор олардың техникалық паспортқа сай тозуын анықтаудың дұрыстығын,
қажет болған жағдайда нақты қарау арқылы тексереді.
Негізгі құралдардың есебінің жағдайын тексеру барысында аналитикалық
есептің дұрыс ұйымдастырылуына көз жеткізу керек; негізгі құралдардың
барлығы материалды жауапты тұлғаға жүктелген ба; соңғы түгендеу дұрыс
жүргізілген ба; нәтижелері қандай және олар есепте көрсетілген ба; есептік
мәліметтердің шынайылығына көз жеткізу керек.
Негізгі құралдардың аналитикалық есебі инвентарлық карточкаларда
жүргізіледі. Ол есептік жұмыстың еңбек сыйымдылығын төмендетеді, негізгі
құралдарды топтастыруға мүмкіндік береді, есептік процесті автоматтандыруға
мүмкіндік береді, және негізгі құралдардың жекелеген объектілері жөнінде
ақпараттар алуды жеңілдетеді.Аудитор негізгі құралдардың жекелеген және
топтастырылған есебінің карточкаларының дұрыс жүргізілуін тексеруі керек.
Карточкалардың барлық реквизиттерінің дұрыс және уақытылы жасалғанына үлкен
көңіл бөлу керек.
Инвентарлық карточкалардың санын тексеру керек. Жетіспеушілік
байқалған жағдайда себебін анықтап, инвентарлық карточкасы жоқ
объектілердің түгелдігіне көз жеткізіп, негізгі құралдардың әр объектісі
бойынша аналитикалық есебін қалпына келтіруді ұсыну керек. Аналитикалық
және синтетикалық есептер арасында сәйкес келмеушіліктер байқалған жағдайда
олардың себебін, кінәлі тұлғаларды анықтап, салдарын көрсетіп, бұл
кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізу керек. Инвентарлық карточкадағы
мәліметтердің шынайылығына көз жеткізу керек. Ол үшін құралдардың жекелеген
түрлері бойынша таңдамалы тексеріс жүргізу керек.
Негізгі құралдардың сақтығын қамтамасыз ететін маңызды жағдай болып
олардың сапалы түрде түгендеуден өтуі табылады. Сондықтан, бақылау кезінде
оның толықтылығы мен уақытылылығын, нәтижесінің бухгалтерлік есепте дұрыс
көрсетілгендігін тексеру керек. Бұл аудиторға аудиторлық тәуекелділікті
төмендетуге көмек береді.Негізгі құралдар саны онша көп болмаса аудитор
жаппай тексеріс жүргізуіне болады. Жыл соңына қарай түскен құралдарға
ерекше көңіл бөлу керек.

1.2 Негізгі құралдардың шығысталуының аудиті
Негізгі құралдардың шығуы негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі жөніндегі
ережеде, тозығы жеткен ғимараттар, машиналар, құрал-жабдықтар, транспорттық
құралдар және т.б. негізгі құралдарға жататындарды шығару бойынша типтік
нұсқаулықтарда анықталған.
Негізгі құралдар кәсіпорыннан әртүрлі себептерге байланысты шығарылуы
мүмкін:
1. Қайтарымсыз беру. Бұл жағдайда негізгі құралдарды беру екі данада
жасалатын актімен рәсімделуі керек.
Басқа кәсіпорынға қайтарымсыз тапсырылған негізгі құралдардың құны
жарғылық қор төмендеуіне есептен шығарылады: бастапқы құн – жарғылық қор
төмендеуіне, тозу сомасы – жоғарылауына.
2. Кәсіпорын өз негізгі құралдарын құрып жатқан еншілес ұйымының жарғылық
капиталына салған салымдары ретінде беруі мүмкін.
3. Қолданылмай тұрған негізгі құралдарды сату. Мұндай жағдайда оларды
сатудан түскен пайда өндірісті, ғылымды, техниканы дамытуға бағытталады.
4. Табиғи тозығы жеткен объектілерді өткізу. Бұған төмендегі себептер
байланысты болады:
а) олардың физикалық тозуы, апаттар, табиғи апаттар, эксплуатацияның
қалыпты жағдайларының бұзылуы салдарынан іске аспай қалуы;
б) табиғи ескіруі;
в) кәсіпорынның, цехтардың құрылысымен, жөнделуімен, техникалық
жабдықталуымен байланысты.
5. Жетіспеушіліктер. Негізгі құралдарды есептен шығару қажеттігі бұл
жағдайда да туындайды.
6. Табиғи апаттар. Негізгі құралдар шығысы өрт, табиғи апат, т.б. қауіпті
жағдайлар салдарынан болуы мүмкін.
7. Жал шарты бойынша басқаларға беру.
Аудит процесінде кәсіпорын балансынан сапалық ескірген, тозған және
ары қарай пайдалануға, қалпына келтіруге болмайтын немесе экономикалық
тиімсіз болатын құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, аспаптарды алып
тастауға аса мұқият бақылау жүргізеді.
Негізгі құралдар объектілерін баланстан шығару дұрыстығын тексеру
кезінде аудитор жарамсыз негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі туралы
нұсқаудың орындалуын анықтайды.
Негізгі құралдардың жарамсыздығын, оларды қалпына келтіру мүмкін
еместігін немесе тиімсіздігін анықтау, сонымен қатар кәсіпорын басшысы
бұйрығы бойынша есептен шығару жөніндегі қажетті құжаттарды толтыру үшін
тұрақты әрекет ететін комиссия құрылады. Құрамына техникалық қызмет
мамандары, бухгалтер, кәсіпорын бөлімшелері мен қоғамдық ұйымдар басшылары
енетін комиссияның біліктілігі анықталады. Сонымен бірге қажетті бақылау
инспекциялары қатысуы қажет автомобильдерді, көтергіштерді есептен шығару
кезіндегі комиссия біліктілігі де анықталады (мемлекеттік автомобиль
инспекциясы, техникалық қадағалау).
Комиссия объектіні қарап, есептен шығарудың нақты себептерін ашып,
қолданудан уақытынан бұрын шығуға кінәлі адамдарды анықтап, пайдалану
мүмкіндігін қарастырып, пайдаға жарайтын материалды құндылықтарды
бағалайды. Комиссия актіні құру кезінде паспорт, қабат жоспарларын, ақаулар
ведомостерін, машина апаттары туралы актілерді және басқа қолда бар
құжаттарды міндетті түрде пайдалануы керек. Есептен шығару негізгі
құралдарды есептен шығару актісі (Ф.NOC-3) және автокөлік құралдарын
есептен шығару актісімен екі данада жүргізіледі.
Актіні субъект басшысы бекітеді. Объектіні талдауға (жоюға)
бекітілгеннен кейін ғана кірісу керек. Жоюдан алынған қосалқы бөлшектер,
агрегаттар, металл қалдықтары мен басқа құнды заттар ықтимал пайдалану
немесе сату бағалары бойынша тиісті шоттарға кіріске алынады.
Негізгі құралдарды жою актілері негізінде инвентарлық (мүліктік)
карточкаларға, инвентарлық карточкалар тізбелерінде және орналасқан,
пайдаланылатын жерлері бойынша негізгі құралдардың инвентарлық тізімінде
есептен шығару туралы белгі қойылады.
Егер инвентарлық объект эксплуатацияның амортизациялық мерзімінен аз
пайдаланылса, онда әр уақытынан бұрын есептен шығару жағдайы тексеріледі.
Бұл жағдайда ысырапқа жауапты адамдар және әкелінген ысыраптың орнын
толтыру бойынша басшылық қабылдаған және ары қарайғы қызметте оны болдырмау
шаралары анықталады.
Негізгі құралдар объектілерін есептен шығаруды бақылай отырып аудитор
бұзу, сонымен қатар демонтаждау бойынша операциялардың, жоюдан кейінгі
материалдарды кірістірудің шоттарда көрініс табу тәртібі сақталуын
тексереді.Жарамсыз материалдар сатылуы мүмкін. Болжамды сатып өткізу бағасы
бойынша металл сынықтары, отын немесе қалдық шикізат ретінде кіріске
алынады. Объект түсу кезінде жою құнын анықтауда қиыншылықтар болады.
Себебі, негізгі құралдардың осы объектісінің қандай жағдайда
пайдаланылатынын болжау аса қиын. Осы проблеманың шешілуін әр кәсіпорын
өзінің есеп саясатында анықтауы қажет.
Әдетте жою құны объектінің эксплуатацияға енгізілген күніндегі
бағамен активтен болатын күтілген пайда ретінде анықталады. Объектінің жою
құнын жекелеген бөлшек, детальдарын пайдалану нормасынан шыға отырып, оның
техникалық жағдайын көзбен көру арқылы не қабылдау комиссиясы анықтайды, не
объектінің жою құны шыға отырып анықталады. Бұл жағдайда компания
бухгалтериясына алдыңғы кезеңдердегі негізгі құралдар объектілерін есептен
шығаруды талдап, алынған қосалқы бөлшектер, қалдықтар мен сынықтардың
есептен шығарылған объектілер құнының қанша пайызы екенін анықтау қажет.
Жалға берілген негізгі құралдар объектілері жалға беруші балансында
болады, ал жалгерде жалдау шартында көрсетілген бастапқы құн бойынша
баланстан тыс шотта ескеріледі. Жалға қабылданған объектілердің талдамалық
есебінің регистрі ретінде жалға алынған объектілерді қабылдау-тапсыру
актісі тіркелген инвентарлық карточка көшірмесі пайдаланылады. Аудитор осы
тәртіптің қалай орындалатынын, сонымен қатар негізгі құралдардың бүтіндігі
мен эксплуатациясы қалай қамтамасыз етілетінін тексереді.
Актив ретінде мойындалғаннан кейін негізгі құралдар жинақталған
амортизация алынып тасталған бастапқы құн бойынша көрсетіледі. Қазақстан
Республикасында Негізгі құралдар есебі БЕС-на сай (17 п.) және
бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаментінің 26.03.1998 №13-2-
2723 хатына сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құнын белгілі бір күнгі
әрекет ететін бағаға сәйкестендіру мақсатында объектілерге қайта бағалау
жүргізіледі. Осының негізінде негізгі құралдар қайта бағалаудан кейін
жинақталған амортизацияны алып тастап қайта бағалау күнгі олардың әділ құны
болып табылатын ағымдық баға бойынша есеп пен қорытынды есепте көрсетіледі.
Негізгі құралдардың әділ құны көп жағдайда тиісті объектілерді
шаруашылықтың пайдалану тәсілі ұзақ уақыт сақталған жағдайдағы рыноктық құн
болып табылады. Әділ құнды пайдалану үшін жағдай қажет: осы объектілердің
белсенді рыногы, тараптардың тәуелсіздігі мен ақпараттың хабардарлығы.
Рыноктық құнды кәсіби бағалаушылар анықтайды. Қандай да бір объектілердің
өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты рыноктық құны туралы ақпаратты алу
үшін мүмкін болмаған жағдайда нақты тозу ескеріле отырып, олар қалпына
келтіру құны бойынша қайта бағаланады.
Негізгі құралдарды қайта бағалауды жүргізу үшін түгендеу комиссиясына
ұқсас комиссия құрылады. Негізгі құралдар объектілерін қайта бағалауды
жүргізуді бастағанға дейін орнатылған тәртіп бойынша олар түгенденеді.
Негізгі құралдарды қайта бағалаудың алғашқы мәліметі ретінде олардың
(бастапқы) құны жүреді.

Негізгі құралдар аудитінің теориялық аспектілері
2.1 Негізгі құралдар түсінігі, сыныпталуы және бағалануы
Негізгі құралдар дегеніміз - өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт бойы, яғни
бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін
сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген
қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп
ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
Бұл кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіне материалдық –техникалық
негіздер мен жағдайлар қалыптастыратын құралдар болып табылады. Оның
ішінде, әсіресе: машина жасау, автомобиль жасау, электроэнергияны өңдеу
және тарату, жүк тасымалдау сияқты қорсыйымды өндірістегі негізгі құралдар
өте маңызды болып келеді. Оларға қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер
мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және
реттеуіш аппараттары мен құралдары, есептеуіш машиналары мен техникалары
және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар,
өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, өнім және жұмыс малдары, көп
жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады. Негізгі
құралдардың бухгалтерлік есебінің басты сұрақтары болып мыналар табылады:
1) олардың келіп түсуінен кетуі сәтіне дейін бар болуы мен
сақталуына бақылау жасау: тозудың дұрыс және уақытылы есептелуі;

2) бюджетке қайта есептелетін мүлікке салықтың дұрыс есептелуі
үшін мәліметтер алу;
3) негізгі құралдарды жөндеу, қайта жөндеу, жаңалау үшін кететін
құралдарды дұрыс, тиімді қолдануға бақылау жасау;
4) негізгі құралдардарды қуаты мен уақыты бойынша тиімді
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқа мерзімді дебиторлық борыштардың, қаржылық инвестициялардың аудиті
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
Тауар қозғалысының аудиті
Негізгі құралдар есебінің аудиті
Негізгі құралдардың есебі мен аудиті туралы
Негізгі құралдар аудиті
Негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығарудың аудиті
Негізгі құралдардың аудиті
Аудит
РПК Бектау ЖШС
Пәндер