Еңбек ақы төлеу


КІРІСПЕ
Еңбек ақы - тұрғындардың игілігі мен өмір сүру деңгейін сипаттайтын негізгі экономикалық көрсеткіш болып табылады. Еңбек ақы мәселесі тек экономикалық емес, ол сонымен қатар әлеуметтік сипат алады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» жолдауында: «Зейнетақымен, жәрдем ақымен және жалақымен толық және мерзімді қамтамасыз ету - ең басты мақсаттардың бірі»[1], - деп көрсетілген.
Жалақы - жұмыскерлердің негізгі табыс көзі болғандықтан, көп экономистер оны жоғары өнімді еңбек етуге үздіксіз қызығушылық тудыратын негізгі ынталандырушы күші ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, әміршілік-әкімшілік басқару жүйесіндегі «еңбек ақы еңбектің саны мен сапасына сай болуы қажет» - деген принципті өмірге толық енгізу әлі де жүзеге аспауда. Өйткені, еңбек мөлшерін өлшеу шешілмеген мәселе ретінде қарастырылады. Еңбек саны (мөлшері, шамасы) - жұмыскерлердің жұмсаған физикалық энергиясы мен ойлау қызметінің шамасы. Адамның энергия шығындарын анықтау биологтардың өздеріне де қиын соғуда.
Бұл қурстық жұмыс Қазақстан Республикасындағы еңбек ақы төлеу мәселесіне арналған.
Өмір сүру сапасы оның қасиеттерінің барлық мөлшерін қамтиды және сипаттайды, адамдарға көрсетілген барлық материалдық және жан дүниелік игіліктерге қанағаттануын көрсетеді, қамтамасыз етілуді, өмір жағдайының қолайлығымен, олардың қазіргі талапқа сай келуімен, ауырмау және өмір ұзақтығымен бағаланады.
Жұмыстың мақсаты - «еңбек ақы» экономикалық категориясын зерттеу, номиналды орташа айлық жалақы көрсеткіштерін Қазақстан Республикасы бойынша талдау, сонымен қатар еңбек ақы жүйесін жетілдіру бағыттарын қарастыру.
1. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЖҰМЫСКЕРЛЕРГІ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Жалақыға түсінік, оның мазмұны мен рөлі.
Жалақы дегеніміз - атқарылған еңбек үшін материалдық марапаттау формасы, ол орындалған қызметтің саны мен сапасына сәйкес жұмыскерлердің өз қолына түседі және ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Орындалған қызмет көлемі өндірілген өнім мен қызмет көрсету көлемі арқылы, ал сапасы - дайын өнім сапасына қойылатын талап пен кәсіп деңгейімен анықталады.
«Еңбек ақы» түсінігінің мазмұны экономикалық категория ретінде уақытқа байланысты өзгеріп отырады. Қоғам дамуының кезеңдеріне сәйкес жалақының бірнеше анықтамасы бар. ХVІІІ ғасырда белгілі ағылшын экономисті А. Смит: «Жалақы - жұмыскердің жалданушыға еңбек үшін төлейтін ақысы» [2], - деп қарастырған. Оның ойынша нарықтағы тауар ретінде өнім (қызмет көрсету) өндіру бойынша процесс ұзақтығы жатса, ал жалақы - ол еңбектің бағасы.
Экономикалық ғылымдардың классигі Д. Рикардоның айтуы бойынша еңбек кез-келген тауар ретінде табиғи және нарықтық құнға ие. Табиғи құнға ол жұмыскер мен оның жанұясының өмір сүру құнын, ал нарықтық құныға сұраныс пен ұсыныс әсерінен ауытқитын жалақыны санаған.
К. Маркс басқа көзқарасты ұсынған. Оның концепциясы бойынша жалақы - «жұмыс күші» тауар құнының ақшалай көрінісі. Ол еңбектің тауар ретінде бола алмайтынын және оның құны болмайтын ережені көздеді. К. Маркс теориясы бойынша жұмысшы барлық еңбек үшін ақы алмайды, тек қажетті еңбек үшін алады. Жалақының экономикалық табиғатының мазмұны - сол табыс есебінен жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ететін материалдық және рухани қажеттіліктер қанағаттандырылады. [2]
Жоспарлы экономика жағдайындағы мемлекттік меншік және әкімшілік басқару жүйесіне негізделген жалақы (Қазақстандағы 1918 жылдан 1991 жылға дейін) - еңбекке ақшалай төленетін түрдегі материалдық сыйлық.
Нарықтық экономика жағдайында жалақы мәні біршама өзгерді, өйткені өндіріс құрал - жабдықтары тек экономиканың мемлекеттер секторына емес, сонымен қатар жеке және коллективті кәсіпкерлікке де тиісті. Сонда жеке тұлға капиталының қатысуы арқылы ұлттық табыс пен кәсіпкерлік табысы бөлінеді.
Егеменді еліміздің Конституциясында «Еңбекке ақы төлеу» бабында көрсетілгендей «жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегі оның сапасы мен санына байланысты төленеді. Жасына, жынысына, ұлтына байланысты еңбек ақы мөлшерін қандай да төмендетуге жол берілмейді». [3]
«Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңында (№ 493 - І, 10. 12. 1999ж) жалақы «еңбектің күрделілігі, саны және сапасына байланысты төленетін төлем (табыс) » ретінде анықталады және еңбек келісім-шартына (контракт) сәйкес жұмыскерлерге төленеді. [4]
Сонымен, қазіргі замандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға сәйкес жалақы атқарылған жұмыс үшін төленетін ақшалай сыйақыға жатады. Тар мағынада алғанда жалақы - белгілі уақыт мерзіміндегі (сағат, күн т. б. ) еңбек бірлігін пайдалану үшін төленетін баға.
Жұмыскер үшін жалақы - жеке табыстың басты және негізгі бөлігі. Жалақы әлеуметтік және экономикалық категория ретінде әр жұмыскердің және оның жанұясының тұрмысының игілік деңгейін арттыруда зор рөль атқарады. Бұл жағдай еңбек нәтижелерін жақсартуға ынталандырады, еңбек өнімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Жұмыс беруші үшін оның жұмыскерінің еңбегіне ақы төлеу - жұмыс күшін жалдағаны үшін жұмсалатын шығындар, ол тауар өндіру немесе қызмет көрсетудің өзіндік құнындағы шығындардың бір тармағын құрайды. Сондықтан, ол еңбектің бір данасына жұмыс күші шығындарының үлестік салмағының төмендеу мүмкіндігін қызығушылық тудырады. Бірақ, жұмыскердің еңбек өнімділігін арттыруға әсер ету құралы ретінде жалақы еңбек өнімділігі өсу қарқынына сәйкес өсуі мүмкін, ол пайданың артуына әсер етеді.
Еңбек ақы - нарықты экономика жағдайында келесі қызметтерді атқарады:
ұдайы өндірістік - оның көмегімен жұмыс күшінің ұлғаймалы ұдайы өндірісі жүзеге асады (яғни жұмыскерлердің творчествалық және интеллектуалды еңбекке қабілеттілігі), басқа жағынан капиталдың айналым процесінің ұдайы өндірісі жүзеге асады;
ынталандырушы - жұмыс берушіде өндірістік нәтиже қалыптастырады, жұмыскерде - нәтижелі еңбекке қызығушылық оянады, еңбек ақы еңбек өнімділігі мен жұмыскердің жағдайын жоғарылатуға ынталандырады;
реттеуші - еңбек нарығында еңбек ақы сұраныс пен ұсынысты реттеуші рөлін атқарады, сонымен қатар жұмыскер, жұмыс беруші және мемлекет арасындағы қатынасты реттейді.
1. 2. Жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу принциптері.
Қазіргі заманда экономикалық әдебиеттерде еңбек ақы принциптерінің құралуына нақты мәлімет аз. Кенжалин Ж. Ш «Өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбекке ақы төлеу» оқу құралында еңбек ақы төлеудің келесі принциптерін көрсеткен:
жалақының түрлері мен жүйесінің тізбектігі мен қолайлығы жұмыскерлерге өздерінің еңбектеріне төленетін ақы жағдайымен хабардар болу қажет;
нақты жалақының артуы;
бірдей еңбекке бірдей ақы;
еңбек ақыны мемлекеттік реттеу;
жұмыс күші нарығына әсер етуді тіркеу;
еңбектің күрделігі, жағдайы мен аймақтық тәуелдігіне байланысты дифференциация, әлеуметтік (жасына, жынысына, ұлтына) шектеу біздің елде болуы мүмкін емес.
Жоғарыда аталғандардың бәрін ескере отырып, еңбек ақы төлеудің негізгі принциптерін көрсетуге болады:
еңбекке ақы төлеуді мемлекеттік реттеу жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуына кепілдік ретінде;
жұмсалған еңбектің саны мен сапасына сәйкес еңбек ақы төлеу;
еңбек өнімділігі өсуінің жалақы өсімімен салыстырғандағы алда болуы;
еңбек үшін әділ төлем (бірдей еңбекке бірдей төлем) . [5]
Еңбек ақы төлеудің негізгі принциптерінің бірі - оны мемлекеттік реттеу болып табылады. Көптеген мәселелер ұйымдар мен кәсіпорындарда шешілетіндіктен мемлекет негізгі әлеуметтік нормативтерді бекітуде қызмет атқарады: жалақының төменгі деңгейі, еңбек ақы төлеу жүйесін реформалаудың заңдық базасы және т. б.
Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу екі жолмен жүзеге асады: тікелей және жанама.
Тікелей реттеу - шаруашылық субъектілері үшін міндетті сандық параметрлері бекіту (төменгі жалақы мөлшері, тарифтік белдеулер, коэффициенттер, салық салу мөлшерлері) .
Жанама реттеу еңбек ақы ұсыныстары, жеке салалардағы жалақы деңгейі туралы ақпарат, халық шаруашылығы бойынша мәліметтер негізінде жүзеге асады.
Мемлекеттік реттеудің қажеттігі келесі жағдайлармен сипатталады:
Қазақстандағы жұмыс күшінің төменгі бағасы (басқа дамыған елдер деңгейімен салыстырғанда) ;
ең төменгі жалақының төменгі деңгейі;
экономиканың салалары бойынша жалақы мөлшерін дифференциациясы негізделмеуі;
жалақыны келісімді реттеудің тиімді механизмінің жоқтығы;
жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың мәдениетті нарығының жоқтығы;
еңбек ақыны реформалаудың дамыған заңдық базасының жетіспеуі.
Қазақстандағы мемлекеттік реттеудің ажырамас бөлігі халықаралық еңбек мөлшерін сақтау болуы қажет. Ең алдымен бұл Халықаралық Еңбекті Ұйымдастыру Конвенцияларының талаптарына тиісті. № 95 конвенцияда «Жалақыны қорғау бойынша», «жалақы сол елде заңды күші бар валютада ғана төленуі қажет» деп қарастырылған. [6]
Қазақстандағы мемлекеттік реттеу бағыттарына қамтылады:
жалақы мәселесіне құқықтық және әлеуметтік қорғауды құру;
зейнетақы, жәрдем ақы, шәкірт ақы есептеу үшін айлық есепті көрсеткішті бекіту;
түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек ақыны реформалаудың заңдық және әдістемелік негізін құру;
жұмыскерлердің жалақысына салық салудың тиімді жүйесін құру;
жұмыскерлер үшін тиімсіз құнсыздану процесін жұмыс артуға бағытталған шараларды өңдеу;
шетелдік жұмыс күшін әкелуді реттеу бойынша шараларды өңдеу;
жалақыны өз мерзімінде төлемегені үшін жұмыс беруші жауапкершілігін бекіту.
Мемлекеттік реттеу принциптері :
заңдық және нормативті актілерді құру негізінде жалақының тұтыну қабілетінің төмендеуін мемлекет тарапынан тоқтату;
жалақының ынталандырушы қызметін мемлекеттік әсер етуді күшейту;
макроэкономикалық процестерге әсер ету;
еңбек ақының төменгі мөлшерін бекіту.
1. 3. Жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу жүйесі мен түрлері
Жалақыны ұйымдастыру дегеніміз оны құрау, оны төлеу мөлшері мен еңбек арасындағы байланысты қамтамасыз ету, сонымен қатар құраушы элементтердің жиынтығы.
Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру негізгі үш өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен анықталады:
тарифті немесе тарифсіз жүйелермен;
еңбекті техникалық мөлшерлеумен;
еңбек ақы төлеу түрлері және жүйесімен.
Негізгі емес элементке сыйақы төлеу жүйесі жатады.
Тарифті жүйе - түрлі нормативті мәліметтер жиынтығы, оның көмегімен кәсіпке байланысты, еңбек жағдайына, географиялық орналасуына байланысты жұмыскерлерге жалақы деңгейі бекітіледі.
Тарифті жүйе еңбекті сапалы бағалауға және жұмысшылар жалақысын ұйымдастырудың негізі болып табылады. Ол келесі нормативтерді қамтиды:
тарифті мөлшерлер, сағатына немесе күнге төленетін еңбек ақы мөлшерін және қызметін жалақылар схемасын анықтайды;
тарифті торлама, түрлі жұмыс және жұмысшылар (кәсіп) разрядтары арасындағы ақы төлеу қатынасын көрсетеді;
тарифті - кәсіптік анықтама, оның көмегімен тарифтік торламаға сәйкес жұмыс пен жұмысшылардың разрядтарын анықтауға болады;
аудандық коэффициенттер және түрлі қосымша ақылар мен төлемдер.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру» қаулысына (№ 170, 06. 12. 1997 ж) сәйкес тарифті мөлшерлер мен қызметтік жалақылар біртекті тарифті торлама және разряд аралық коэффициенттер базасында есептеледі. Біртекті тарифті торлама (ЕТС) 21 разрядты шкаладан және ондағы кәсіп пен қызметтер разрядынан тұрады (кесте 1) . [7]
Кесте 1.
Біртекті тарифті торлама және разрядаралық коэффициенттер.
Тарифті коэффициент
(1 разрядқа)
Тарифті коэффициент
(1 разрядқа)
Біртекті тарифті торлама өңдеуде оған негіз ретінде келесі принциптер алынады:
ең кіші жалақы деңгейінен төмен емес деңгейде бастапқы базаны анықтауды, разряд бойынша төлем мөлшерінің өсуін, жоғары кәсіп жұмыскерлеріне материалдық қызығушылықты қамтамасыз етуді;
тарифті мөлшер түрлі топтар мен категориялар арасындағы еңбек қызметтерін, нақты қызметтік міндеттемелер мен олардың білім деңгейін салыструға негізделеді;
еңбек жағдайы, ауырлығы және күрделілігі, оның орындалу саласы, аймақтық ерекшеліктер, еңбек нәтижесінің сандық және сапалық параметрлері жалақының басқа элементтері көмегімен ескерілуі қажет;
жұмысшылар мен қызметкерлер кәсіптерінің орындалатын жұмыс жалпы белгісіне сай топталуы;
өндірістік және өндірістік емес салалар қызметкерлері категорияларында қызмет блогы бөлінген, ол сала аралық бірлік принципімен топталған: техникалық орындаушылар, мамандар, басшылар;
жұмысшылар мен қызметкерлер кәсіптерінің тарифтері, яғни оларды кәсіптік қызмет топқа жіктеу.
Еңбек күрделілігі - орындалатын жұмыс мазмұнын сипаттайтын және жұмыскерлердің кәсіптік деңгейіне талап қоятын нақты қасиеттер жиынтығы. Жұмыскердің кәсібі-сапалық түсінік және нақты сандық көрсеткішке ие емес.
Тарифтік торлама келесі сипаттарға ие: тарифті торлама диапазоны, разрядтар саны, тарифтік коэффициенттердің абсолютті және салыстырмалы өсуі. Жұмысты тарифтеу және тарифті-кәсіптік разрядтарды белгілеу үшін тарифті-кәсіптік анықтамалар бар, онда тарифті-кәсіптік сипаттамалар қамтылған. Онда жұмыскердің кәсібіне сәйкес разрядқа қойылатын талаптар, оның іс-тәжірибелік және теориялық біліміне, білім деңгейіне, жұмыс сипаттамасына қойылатын талаптар қамтылған.
Жұмысшылардың кәсіп-мамандықтары 1-ден 8 разрядқа дейін, ал қызметкерлердің кәсіп деңгейлері 2-ден 21 разрядқа дейін тарифтелінеді. Тарифтік мөлшерлеу жұмыс уақтының бірлігіне сәйкес жұмысшалардың еңбек ақы мөлшері дисперсиялық түрде беріледі. Олар жұмыскердің разрядының жоғарылауына байланысты өсіп отырады ( «разряд» түсінігі кәсіпті анықтауға, яғни жұмыскердің еңбек сапасын, күрделілігін анықтау үшін қолданылады) . Тарифтік ставканы анықтау үшін 1-разрядқа сай тарифтік ставканы сәйкес разрядтық тарифтік коэффициентіне көбейту арқылы анықтайды. Жұмысшыларға разряд арнайы кәсіптік комиссия шешімімен беріледі және сол жұмыскердің жалақысын есептеуге негіз болады.
Тарифтік торламаны құру, оны таңдау, оның разрядтарының санын анықтау кәсіпорынның жеке мақсатымен анықталады және ол негізінен кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен мүмкіндігіне байланысты.
Басшыларды, мамандарды және қызметкерлердің еңбек ақысы қызметтік жалақы негізінде есептеледі. Қызметтік жалақылар кәсіпорын әкімшілігімен жұмыскердің қызметі және кәсібіне сәйкес белгіленеді.
Еңбекті мөлшерлеу - еңбектің шығындары мен нәтижесі ғылыми негізделген құрылым. Еңбек мөлшері - бұл өнім өндіру, уақыт, қызмет көрсету, жұмыскерлер саны мөлшерлерінің кешені. Оны кәсіпорынның өндірісті ұйымдастыру, технология және техникалық жарақтану деңгейіне сәйкес кәсіпорын әкімшілігі бекітеді.
Еңбек мөлшері құрамына келесі көрсеткіштер қамтылады:
а) өнім өндіру мөлшері - берілген ұйымдық-техникалық жағдайындағы белгілі кәсіпті жұмыскерлердің немесе жұмыскерлер тобының уақыт бірлігіне атқаруы қажет натуралды шамадағы белгіленген көлем;
б) уақыт мөлшері - берілген ұйымдық-техникалық жағдайдағы белгілі кәсіпті жұмыскерлердің немесе жұмыскерлер тобының жұмыс бірлігін белгіленген уақыт шығынының мөлшері;
в) қызмет көрсету мөлшері - жұмыс уақыты бірлігінде белгілі объекттегі жұмыскердің немесе жұмыскерлер тобының қызмет көрсету санына белгіленген жұмыс көлемі;
г) жұмыскерлердің қызмет көрсету мөлшері олардың белгілі жұмыс көлемін немесе басқару қызметтерін атқару үшін маманды-кәсіпті құрамының саны.
Біртекті тарифтік торлама кемшілігіне мемлекет және халық-шаруашылығы басшыларының еңбегін бағалау, сонымен қатар еңбек ақыға ынталандыратын механизм қажеттігін есепке алу қарастырылмаған. Коммерциялық ұйымдар үшін біртекті тарифті торлама нұсқаушы сипатта болуы мүмкін, яғни еңбек ақы анықтауда тарифті коэффициенттер және разрядтарды пайдалануға болады.
Соңғы мерзімде еңбек ақының тарифсіз жүйесі кең белең алуда. Еңбек ақы төлеудің тарифсіз жүйесі жұмыскердің жалақысын коллектив жұмысының соңғы нәтижесіне толық байланыстырады. Бұл жүйеде нақты жалақы немесе тарифті ставка, жұмыскердің жалақысы толық бекітілмейді, тек еңбек ақы қорындағы үлесін білдіреді. Бұл жағдайда әр жұмыскердің жалақысы мөлшері бірнеше факторларға байланысты: жұмыскердің кәсіптік деңгейі, еңбекке қатысу коэффициенті және нақты орындалған уақыт мөлшері.
Еңбек ақы екі түрге бөлінеді : негізгі және қосымша.
Негізгі еңбек ақыға жалақы қамтылады, ол белгілі уақыт аралығында орындалған жұмыс көлеміне байланысты (кесімді бағалау мен жалақы бойынша төлем, бригадирлік үшін төлем, қалыпты еңбек жағдайынан ауытқу үшін төлем және т. б) .
Қосымша жалақыға еңбек заңымен қарастырылған атқарылмаған уақыт бірлігіндегі төлем қамтылады: Кезекті және декретті демалысқа төлем, мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындау үшін төлем және т. б) .
Еңбек ақы төлеу түрлері еңбек саны мен мерзіміне байланысты екі негізгі топқа бөлінеді ( «ҚР Еңбек туралы Заңы», 70-бап) [3] :
кесімді: оның негізінде өнім бірлігі немесе өндірілген өнім сапасына төленетін жалақы қамтылады;
мерзімді : уақыт бірлігіндегі жұмысқа төленетін тарифті ставка негізге алынады, яғни орындалған жұмыс санына байланысты емес атқарылған уақыт көлеміне төленетін төлем.
Кесімді ақы төлеу өнім өндіру мөлшерін есептеуге болатын кәсіпорындарда кең қолданылады. Бұл ақы төлеу түрі өндірілген тауар көлемін ұлғайтуға байланысты бекітіледі. Бірақ, күрделі өндірістік технологиялық жүйеде қызмет етуде ол мөлшерден тыс қордың жиналуына әкеп соғуы мүмкін және өндірістің төмендеуі мүмкін.
Қазіргі замандағы өндірісте еңбек ақы төлеудің мерзімді жүйесі кең қолданылады. Бірақ, бұл түрдің де өз кемшіліктері бар, оның негізгісіне өндірілген өнім саны мен сапасына байланыстылығына ынталандыру механизмінің бекітілуі.
Кесімді және мерзімді еңбек ақы төлеудің де бірнеше түрлері бар (сурет 1) .
Сурет 1. Еңбек ақы түрлері мен формалары.
Кесімді еңбек ақы төлеу жүйесінің келесі түрлері бар:
тікелей кесімді: өндірілген өнім бірлігінің саны өнім бірлігі құнына (бағасына) көбейтіледі;
кесімді - прогрессивті : артық өндірілген өнімге артық төлем;
кесімді - сыйақы: тікелей кесімді ақыдан бөлек сандық және сапалық көрсеткіш жетістіктеріне сыйақы төлеу (сапаның жоғарылауы, мөлшерді асыра орындау және т. б) ;
аккордты: еңбек ақы барлық атқарылған жұмысқа толық бірден төленеді;
жанама - кесімді: көмекші жұмысшылардың еңбек ақысында қолданылады (жөндеушілер және т. б) және негізгі өндіріс жұмысшыларына төленетін бағалаумен анықталады.
Мерзімді еңбек ақы төлеуде қарапайым мерзімді және мерзімді - сый-ақы түрлері қолданылады.
Қарапайым мерзімді еңбек ақы сағаттық (күндік) тарифтік ставканы атқарылған жұмыс көлеміне көбейту арқылы анықталады. Мерзімді - сый-ақы төлеу түрінде тікелей мерзімді түрдегі ақыға белгілі сандық және сапалық көрсеткішті қамтамасыз еткені үшін пайыз түрінде сый-ақы төленеді.
Кәсіпорында ақы төлеу ақшалай және натуралды түрде жүзеге асады, ол кәсіпорындағы еңбек ақы төлеу жүйесіне байланысты.
Ақшалай түрдегі төленетін жалақыға келесі төлемдер қамтылады:
кесімді бағалаумен, тарифті ставкамен және қызметтік жалақымен төленетін атқарылған жұмыс жалақысы;
тарифті ставка мен жалақыға қосымша төлем (кәсіптік шеберлікке, кәсіп деңгейі үшін және т. б) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz