Соттық ветеринариялық-санитариялық сараптау пәні


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе

Соттық ветеринариялық-санитариялық сараптау пәні

  1. Негізгі бөлім
  1. Соттық ветеринариялық˗санитариялық сараптаушының экологиялық жағдайда мал шығынына байланысты іс˗әрекеті.
  2. Мал ауруларының туындауының себептері
  3. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Соттық ветеринариялық-санитариялық сараптау пәні - соттық, арбитраждық және сақтандыру тәжірибесінде пайда болатын ветеринариялық санитарияның арнайы сұрақтарын ашатын зерттеулерді анықтайтын тәсілдер мен әдістер, тәжірибелер мен теориялар жиынтығы.

Соттық ветеринариялық сараптауда сұрақтар әр түрлі жағдайларда туындайды, мысалы жануарларды лажсыз сою кезінде және ауру малдардан, жабайы аңдардан, құстардан алынатын тағамдық өнімдер арқылы адамдар арасында аурудың таралуы кезінде. Сонымен қатар соттық ветеринариялық-санитариялық сараптау сату және сатып алу жағдайларында, тасымалдау кезінде және басқа да жағдайларда туындайды.

Ресейде ХVI-XVII ортасында соттық ветеринария дами бастады. Басқа да елдер сияқты адамдар мен малдардың ауруларымен күресу үшін және ірі қара малдара мен жылқылардың өлуін алдын алу үшін тиісті бұйрықтар шыға бастады. Және осыған сәйкес жауап берушілер анықтала бастады. Жануарлар арасындағы аурудың шығуына және адамдар арасында таралуын болдырмайтын санитариялық ережелер Алексей патшаның кезінде басталды. Осы кезең соттық ветеринарияның дамуының алғашқы кезеңі болып табылады. Бірақта соттық ветеринариялық сараптаудың реформа түрінде дамуы Петр I кезінде жүрді (1864), бұл соттық ветеринарияның дамуының екінші кезеңі болды. 1715 жылы Петр I соттың жұмысын толық түсінетін кадрларды дайындайтын мектептер салынсын деп бұйрық берді.

Дұрыс ұйымдастырылған және жүргізілген соттық ветеринариялық - санитариялық бақылау санитариялық - гигиеналық сапасы жоғары экологиялық таза өнімдерді шығарумен ғана шектелмейді, халықты адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғауға мүмкіндік береді.

Бұл маңызды әлеуметтік шараға шаруашылықтардың ветеринариялық мамандары мен базарлардың ветеринариялық - санитариялық сараптау зертханалары белсенді қатысады. І-Петрдің 1713 ж. указы бойынша "жаман етті сатуға", сондай-ақ қасапшыларға ауру малды союға жөне оның етін сатуға тыйым салынған. І-Петрдің 1718 ж. указы бойынша, сойылатын малға, оның денсаулығы туралы ветеринарлық куәлік берілетін болған, ал 1719 ж. указында малды ет сататын жерде союды тоқтатып, оның арнайы орындарда сойылуы керектігі айтылған. Осыған орай 1719 жылдан бастап Ресей қасапхана салына бастаған. 1722 ж. инспекция жасаушылар шығып "иістенген, сасыған" етті сатуға тыйым салған

XX ғасырдың басында мал дәрігерлік-санитарлық сараптаудың көрнекті өкілдері Н. Н. Мари, Г. И. Гурян, А. В. Дедюлин, М. И. Романович, Н, П. Савваитов, П. Н. Андреев көп мәселелерді шешуге ат салысты. 1904 ж. бүкіл империяға арналған "Ет өнімдерін браққа шығару ережесі" жарық көрді. Осы ережеге орай малды сояр аддында тексеріп, сойғаннан кейін ұшасы мен ағзаларын тексеретін болды. Н. Н. Мари және басқалар етке санитарлық бағаны дұрыс беру үшін бактериологиялық тексерістің қажет екенін дәлелдеді.

Сүт туралы ғылымның дамуына орыс оқымыстылары Н. В. Верещагин, А. А. Калантар, К. К. Ганних, Г. С. Инахов, В. Г. Хлопин, С. А. Королев т. б. үлкен үлес қосты. Дегенмен де ет пен сүтті мал дәрігерлік-санитарлық сараптаудың көп мәселелері патша үкіметінің тұсында өз шешімдерін таба алмады.

Ресейде ХVI-XVII ортасында соттық ветеринария дами бастады. Басқа да елдер сияқты адамдар мен малдардың ауруларымен күресу үшін және ірі қара малдара мен жылқылардың өлуін алдын алу үшін тиісті бұйрықтар шыға бастады. Және осыған сәйкес жауап берушілер анықтала бастады. Жануарлар арасындағы аурудың шығуына және адамдар арасында таралуын болдырмайтын санитариялық ережелер Алексей патшаның кезінде басталды. Осы кезең соттық ветеринарияның дамуының алғашқы кезеңі болып табылады. Бірақта соттық ветеринариялық сараптаудың реформа түрінде дамуы Петр I кезінде жүрді (1864), бұл соттық ветеринарияның дамуының екінші кезеңі болды. 1715 жылы Петр I соттың жұмысын толық түсінетін кадрларды дайындайтын мектептер салынсын деп бұйрық берді.

Әділет органдарының тәжірибелік жұмыстарында көптеген сұрақтар туындайды, ол сұрақтарға тек білікті мамандар ғана жауап бере алады. Ветеринариялық-санитариялық сараптау және мал шаруашылығы саласындағы ғылыми тәжірибелік зерттеулердің арнайы сұрақтарын соттық ветеринариялық-санитариялық сараптау, ал орындаушы маман˗сарапшы деп аталады. Тергеуші, прокурор немесе соттың жазбаша қаулысы бойынша соттық ветеринариялық-санитариялық сараптау және сарапшыны тағайындау жұмыстарының қажеттілігі анықталады. Қаулыда арнайы сұрақтар көрсетіледі, нәтижесінде сараптау сол бойынша жүргізіледі. Ол салада білімі бар адамның кез˗келгені сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін. Мал өнімдері мен шикізаттарын ветеринариялық-санитариялық сараптауда сарапщы ретінде ветеринариялық-санитариялық дәрігер де болуы ықтимал.

Мал ауруларының туындауының себептері;

Емдік және алдын˗алу шаралардың бұзылуы;

Мал және өсімдік өнімдерінің бұзылуы мен жалғандылығы;

Малдардың өлекселерін өтелдеу ережелерінің дұрыс сақталмауы;

Мал өнімдерінің адам организміне тигізетін қауіптілігінің мүмкіншілігі;

Ветеринариялық заңнаманың талаптарына әкелінген мал өнімдерінің ветеринариялық құжаттарының сәйкестігі;

Зерттеу нысаны ретінде ауру немесе лажсыз өлтірілген мал, оның ағзалары, өнімдері алынады. Бұл зерттеуді сарапшы дәл мәлімет беретін әдістерді қолдануы қажет.

Біріншіден, сарапшы ветеринариялық заңнамаға сүйемелденіп жұмыс жасауы қажет. Ветеринариялық санитарияда соттық ветеринария бойынша арнайы мамандарды дайындамайтын болғандықтан, сарапшы ретінде кез˗келген жоғарғы оқу орнын бітірген ветеринариялық дәрігер болуы мүмкін. Зерттеу жүргізу барысында сарапшы міндетті түрде жоспар құру қажет. Ол жоспарда зерттеу жүргізіп отырған нысан бойынша сұрақтармен қамтылуы тиіс, мысалы:

Әкелінген мал еті сойылған малдың еті ме, әлде өлексенің еті ме?

Базарға сатылуға жіберілген ет қаншалықты балауса?

Сотқа шақырылған жағдайда сарапшы міндетті түде қатысуы тиіс. Егер заңға бағынбаған жағдайда қылмыстық кодекс бойынша жазасын тартады.

Заң бойынша жүргізіліп отырған зерттеулер келесі адамға берілуге тиым салынады. Соттық отырыс кезінде сарапшы сот әкімшілігі қойған барлық сұрақтарына жауап беруі тиіс.

Сарапшы зерттеу нәтижелері жайлы мәлімет таратпауы қажет, сонымен қатар базардан зерттеуге әкелінген барлық өнімдерді сақтауы міндетті.

Сот әкімшілігінің, тергеушінің қаулысы бойынша ветеринариялық дәрігер зерттеу жұмыстарын жүргізуден бас тартуына құқығы жоқ, егер белгілі бір себептер болған жағдайда, мысалы,

Денсаулығына байланысты;

Сол шаруашылықта істеген немесе кінә тартылып отырған адамның туысқаны болған жағдайда ғана бас тартуына болады.

Барлық жағдайларда сарапшы зерттеу жұмыстарын жүргізуге өз еркімен бас тартуына болады, ол үшін сотқа жазбаша хат жазу арқылы жүргізіледі.

Соттық ветеринариялық тәжірибеде көбінесе сарапшы ретінде басқа шаруашылықтың ветеринариялық дәрігерін тағайындайды.

Соттық ветеринариялық˗санитариялық сараптаушының экологиялық жағдайда мал шығынына байланысты іс˗әрекеті.

1 Жауапкершіліктің түрлері

Мал дәрігері, фельдшер, сондай ҚР қандайша азаматы болмасын мемлекет немесе жеке адамдың мүдделеріне қарсы әрекет жасағандары анықталса, айыпты саналып сот алдында жауап береді.

Кәсіби қызметің бұзыды мал дәрігерлерін төрт топқа бөлуге болады:

  1. Кәсіби қылмыс.
  2. Аңғырттық әрекет.
  3. Дәрігерлік қате.
  4. Жазатайым оқиға.

Кәсіби қылмыс

Кәсіби қылмыс тобына мыналар кіреді: 1) эпизоотиямен күресу ережесін бұзу; 2) малдарға кешірілмейтің жаппай жасаған эксперименттің кесірінен аурудың тараулы; 3) Күшті улы әсер ететін улы заттары сақтағанда және босату (жіберу) ережелерін бұзылуына байланысты адам немесе мал уланғанда; 4) малға жалған анықтама және куәлік беру.

Аңғарттық әрекет

Аңғарттық әрекетке сельқостық (немғұрайлық), ұқынсыздық, әрекетсіздік, алаңғасарлық жатады.

Бұл қылмыстың категорияға арнаулы мәселелер жөнін мал дәрігері және фельдшердің білімсіздігі де жатады.

Бұл топқа жататын қылмыстың көпшігінгін аңғырттық ден санайды. Ал нағыз айыпты болса айып тағылады.

Аңғырттықтың екі түрі болу мүмкін.

  1. Адам өз әрекетінің салдарын күн бұрын байқамады, ал ол байқау керек еді.
  2. Өз әрекетінің салдарын күні бұрын сезседағы оны болдырмауға болады ден үміттенді, бұл қылмыстын "менменсіндік".

Мысалы, бір құс фабрикасында тауық обадан жаппай қырыла бастады. Тексерген кезде аурудың жұмыртқамен келгені анықталады, ал жұмыртқа оба ауруының ошағы бар шаруашылықтан сатып алынған екен. Жұмыртқа құс-тресі зоотехнигінің ұиғарымы бойынша, басқарманың мал дәрігерінің рұқсатынсыз әкелінген. Құс фабрикасының малдәрігері, жұмыртқаның ауруы бар шаруашылықтан сатып алынғанын біле тұрып, жұмыртқа әкелуді тоқтатқан жоқ, тіпті инкубацияға рұқсат етті.

Құс фабрикасының зоотехнигі, нұсқауға қайшы, ұрықтанбаған жұмыртқаларды шикілей балапандарға беруге рұқсат еткен. Оба энзоотиясының қортындысында миллион сом шамасында зияы келген. Оба энзоотиясының таралауына себепкер қылмыскерлер қылмыстың менменсіңдігі үшін жауапқа тартылған.

Мал дәрігерінің немғұрайлығынан, менменсіндігінен немесе өзінің міндетің орындамауынан мал өліп қалса, ол жауапқа тартылады.

2 Дәрігерлік қате.

Дәрігерлік қатені, дәрігердің жаңылысуы деп түсінеді қылмыстық кодекісте дәрігер қатесі туралы статья жоқ, бірақта бұл түсінік сотты медицинада берік қалыптасқан және ол ветеринарияға да жарамды.

Дәрігерлік қате біріншіден, мал дәрігерінің білімінің жетіспеуінең, екіншіден диагностикасы қиын аурулар, үшіншіден, еңбектенудің нашар жағдайы.

Дәрігерлік қатеге бірінші кезекте диагностикалық қатені жатқызуға болады. Бұны аурудың сипатын анықтау мал дәрігерлік мамандарының жаңылысуы деп түсінеді. Дәрігерлік қателердің жазалайтыны және жазаламайтыны болады. Жазалайтынына диагноз қоярда ұқыпсыздығы, селқостығы, ықылассыздығы немесе қолында бар диагностикалық аппараттарды әдей қолданбау жатады. Дұрыс диагноз қойылмағандық жүргізілген шаралар немесе ем-домдар дұрыс шықпай мал өлген және бұдан үлкен материалдық зиян келген.

Мысалы, «Н» құс шаруашылығында кремнефторлы натримен тауықты аскаридозға қарсы дегельминтизация жасаған құстың 1 кило массасына препарат дозасы 0, 06г есептелген. Тауықтың жалпы саны 5500. препарат бөлшек дозамен азықпен бірге берілуі керек болатын. Препаратты бергеннен кейін бір-неше сағаттаң соң құстың басым көпшілігі ауырды, 800 тауық өлді, 350 лажсыздан сойылды. Тексергенде құстың тірі салмағы 800г, 400г дейін болып шықты. Құстың жалпы саны 5500 болмай, 5336 болды. Препаратты бөлшектен бермей бірден тұтастай берген. Сүйтіп мал дәрігерінің ойламай істеген әрекетінен шаруашылық үлкен зиян шеккен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал ауруларының туындауының себептері
Дәрістерді өткізу әдістемесі
Малды естен тандыру
Химиялық - токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы туралы ақпарат
Еттің жалпы жағдайын тексеру
Ветеринариялық санитариялық сараптау
Ұшаны тексеру
Жабайы жануар терісін залалсыздандыру
Асфиксияның себептері
Токсикологиялық мэні жэне мөлшері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz