Шешек кезіндегі індетке қарсы шаралар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Кафедра:Биологиялық қауіпсіздік

Тақырыбы: Шешек кезіндегі індетке қарсы шаралар

Орындаған:

Тексерген:

Алматы - 2013 ж.

Жоспар:

  1. Кіріспе

Шешек ауруы.

  1. Негізгі бөлім:
  1. Шешек ауруы - оспа.
  2. Шешек ауруының қоздырушысы және тарихи деректері.
  3. Індеттік ерекшеліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары.
  4. Әр түлік малындағы шешек ауруының өтуі.
  5. Шешек ауруы кезіндегі індетке қарсы жүргізілетін шаралар.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Шешек (Variola, оспа) - дененің ыстығы көтеріліп, тері мен кілегейлі қабықтарда күлдіреген бөріткендер пайда болуымен ерекшеленетін жұғымтал ауру.

Тарихи деректер. Шешек туралы алғашқы деректер б. д. д. 3700 жыл бұрын Мысыр, Үндістан, Қытайда белгілі болды. Европа елдеріне бұл ауру Таяу Шығыстан б. д. д. 5-7 ғасырда әкелінді. Оны жұқпалы ауру ретінде Ә. Ибн Сина тұңғыш рет толық сипаттап, қызылшадан (корь) ажыратты. Адамда шешекті қолдан егу ерте заманнан белгілі болса да, бұл әдіс Э. Дженнердің 1976 ж. Сиырдан адамға егу жөніндегі тәжірибесінен кейін ғана кеңінен тарап, жалпы жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммундеуге түрткі болды. Қазақстанда қойдың шешек індетін (күл) тез арада тоқтату үшін ауырған малдан сау малға жұқтыру әдісі сол ерте заманнан-ақ қолданылып келген.

Жануарлардың (жылқының, түйенің, ешкінің, құстың) шешегі ғылыми тұрғыдан 19 ғ соңында сипатталды. Аурудың қоздырушысының вирус екендігін 1920 ж Маркс пен Штикер дәлелдеді.

Қазіргі уақытта, ресми түрде 1979 жылдан бері адамның шешегі дүние жүзінде жойылды деп есептелінеді. Көптеген елдерде қой мен ешкінің ауруы осы кезге дейін кеңінен тараған. Ал сиыр, шошқа, тауықта оқтын-оқтын байқалып тұрады.

Қоздырушысы. Шешек вирустары Poxviridae (ағылшынша pox - шешек) тұқымдастығының Chordopoxvirinae тұқыс тармағына жатады. Бұл вирустар 6 туыстыққа бөлінеді. Олар: ортопоксвирустар, парапоксвирустар, авипоксвирустар, каприпоксвирустар, лепорипоксвирустар және суипоксвирустар. Бұлардың әрқайсысының негізгі және басқа да түрлері бар.

Ортопоксовирустардың негізгі түрі - вакцина вирусы, басқа түрлері - тышқанның, үй қоянының, сиырдың, кемірушілердің, буйволдың, түйенің, маймылдың шешегінің және адамның табиғи шешегінің вирустары. Ескеретін жай - бұл вирустардың аталуы адамның өзіне тән, яғни вакцина (vacca - сиыр) шешегіне синонимы вакциния байланысты.

Авипоксвирустардың негізгі түрі - тауық шешегінің вирусы. Басқа түрлері: торғайдың, көгершіннің, бөдененің, күркетауықтың, сауысқанның шешек вирустары.

Каприпоксвирустардың негізгі түрі - қойдың шешегінің вирусы, басқа түрлері: ешкінің шешегінің вирусы және сиырдың нодулярлы дерматит сүйел вирусы.

Лепорипоксвирустардың негізгі өкілі - үй қоянының фибромасының вирусы, қоян фибромасының вирусы, тиін фибромасының вирусы.

Парапоксвирустардың негізгі түрі - қой мен ешкінің жұғымтал сүйелінің (жұғымтал эктима) вирусы ( Орм вирусы), басқа түрлері: сауыншылардың сүйелінің вирусы, сиырдың пустулезі стоматитінің вирусы.

Суипоксвирустардың негізгі өкілі - шошқа шешегінің вирусы. Шешек вирустары морфологиялық тұрғыдан біркелкі. ДНҚ геномды, көлемі үлкен (260-390 нм), Морозов әдісімен бояғанда жай микроскоппен көрінеді. Эпителийге әуес, торшада қарапайым денешіктер түзеді (Пашен, Гварниели, Болингер денешіктері) .

Қойдың, ешкінің, шошқаның және тауықтың шешек вирустары өз иелері үшін ғана зардапты. Сиырдың табиғи шешегі мен шешек вакцина вирустарының зардаптылық спектрі кең ауқымды болып, сиыр, буйвол, жылқы, қашыр, түйе, қоян, маймыл және адамды қамтиды. Өте тығыз антигендік және иммундік байланыс тек қана екі вируста, вакциния мен сиыр шешегінің қоздырушыларында ғана, сақталған. Әр түрлі құстардың шешек вирустарының бір-бірімен антигендік қатынасы жақын болады.

Шешек вирустарының сыртқы ортадағы төзімділігі оншама жоғары емес, әйтсе де, құрғақ қабыршақтарда 1, 5жылға дейін сақталады. Мұздату вирусты консервілейді. Шіріген затта тез өледі, жоғары температураға, күн сәулесіне, қышқылдарға өте сезімтал. Қойдың шешегінің қоздырушысы мал қорада 6 айға дейін, жүнде2 айдан астам сақталады. Қайнатқан кезде бірден, 70градусға қыздырғанда 5 минутта, рН 3-3, 6 аралығындағы қышқыл ортада 1 сағатта өледі. Биотермиялық процесс көңді 28 күн ішіінде зарарсыздандырады.

Індетік ерекшеліктері. Шешекпен сүтқоректілер мен құстардың барлық түрлері дерлік ауырады. Індеттанудыталдаған кезде вирустың қай түрінің қандай жануарларды ауруға шалдықтыратынын ескеру қажет. Жануарлардың кейбір түрлері сол түлікке ғана тән шешек вирусына бейім, ал кейбір жануарларда бұл вирустың бірнеше түрлері ауру қоздырады.

Шешекпен барлық сүт қоректі жануарлар және құстар ауырады. Қыста және көктемнің басында жиі байқалып, ауыр өтеді. Әсіресе, жас төл, асыл тұқымды малдар және көрікті құстар тез шалдығады. Шешек вирусының бастауы - ауруы жасырын кезеңдегі және ауырып жазылған вирус алып жүруші жануарлар. Жұғу факторына малдың азығы мен күту жабдықтары жатады. Сыртқы ортаға вирус дертке шалдығып, сыдырылып түскен эпителиймен, танаудан, көзден, ауыздан аққан сорамен бөлінеді. Ауру қоздырушысы қан сорушы жәндіктермен де берілуі мүмкін. Өйткені олардың денесінде100 күнге дейін сақталады. Сонымен қатар, төлге сүт пен плацентаарқылы, ал балапанға жұмыртқа арқылы беріледі.

Дерттенуі. Вирус денеге тері арқылы және ауыз бен тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары арқылы енеді. Теріден оның жарақаттанған немесе сызат түскен жерлерінен өтеді, ал А гиповитаминозы кезінде зақымданбаған теріден де өтуіне мүмкіндігі бар. Қанда вирустың көбеюіне байланысты аурудың бастапқы кезеңі дененің ыстығы көтеріліп, көрінетін кілегейлі қабықтардың қызарып, танаудан сұйықтың бөлінуі арқылы байқалады. Аурудың одан әрі өрбуі қоздырушысының эпителийге әуестігінен туындайтын теріде экзентема (қызамық) пайда болуына байланысты. Шешек бөртпесі деп аталатын бұл құбылыстар бірнеше сатыдан тұрады:

Розеола - ауру жұққаннан кейінгі 1-2 тәулік ішінде байқалатын қызарған дақтар;

Папула - келесі 1-3 күндепайда болатын бөріткендер;

Везикула - бөріткендердің 5-6 күнде қолдырап, сарғыш түсті сұйыққа толуы.

Пустула - везикуланың ішіндегі сұйықтың 2-3 күнде түсі күңгірттеніп, іріңге айналуы.

Круста - папуланың жарылып, сұйықтың сыртқа шығып, қарақошқылданған қабыршақ пайда болып, астыңғы сау эпителийдің жетіліп, 5-6 күн ішінде қабыршақтың түсіп, орнына тыртық пайда болуы.

Шешектің осылайша өрбуі адамда, сиыр мен жылқыда байқалады. Қой мен ешкіде және шошқада везикула пустулаға айналмай, бірден қабыршық пайда болады да, шешекке диагноз қою біршама қиындыққа соғады.

Құстарда дертке шалдыққан эпителий тез жетіледі де, өсе келе теріде сүйел тәрізді шоғырланады, ал кілегейлі қабықтарда сыдырылып түсетін қабыршақтар түзеді. Мұндай қабыршақтанып сыдырылу дифтерияға тән құбылыс болғандықтан шешек дифтериті деп те аталады. Жалпы алғанда құста шешек папула түрінде емес пролиферациялық құбылыс ретінде өрбиді.

Жануарларда вирус денеге тері арқылы өткенде әдетте жеңіл ғана орыны шектелген шешек процесі байқалады. Егер ауру қоздырушысы респираторлық немесе алиментарлық жолмен енсе, септицемия өрбіп, тері мен кілегейлі қабықтарда түгелдей шешек шығады.

Өтуі мен симптомдары. Әр түрлі жануарларда сол түліктің ерекшеліктеріне, жасына, вирустың уыттылығына, денеге енген жолына байланысты шешектің клиникалық байқалуы әр алуан болып келеді. Сондықтан да шешек сүт қоректі жануарларда үзікті, тұтасқан және қанталаған түрде кездеседі.

Үзікті түрде шыға бастаған шешек көбеймей, барлық өрбу сатысынан өтпестен тез жоғалып кетеді. Жалпы күйі оншама өзгермейді, дененің ыстығы да аса көтерілмей ауырған мал тез сауығады.

Тұтасқан түрі кезінде терінің мол аумағын қамтыған везикулалар бір-бірімен қосылып қолдырап тұрады. Кейіннен қабыршақтанып, оның астына ірің жиналады. Тұтасқан шешек кезінде дененің ыстығы жоғарылап, жануадың жалпы күйі нашарлайды.

Қанталаған, немесе қара шешек кезінде пустулалардың іші мен тері қанталап, жануардың танауынан қан кетіп, қан құсып, ішінен қан өтеді. Мал тез арып, өліп кетеді.

Сиырда шешектің екі түрлі вирусы ауру қоздырады: бірі - Cow orthopoxvirus сиырдың нағыз шешегін, ал екіншісі Vaccina orthopoxvirus вакцина шешегін, яғни вакцинияны қоздырады. Вакциния сиырдың нағыз шешегінен гөрі жеңілірек өтеді. Сиырда шешектің жасырын кезеңі орта есеппен 5 күндей. Клиника алдындағы кезеңде дененің ыстығы көтеріліп, сауын малдың сүті қайтады. Бұл белгілер ұзаққа созылмаған кезде байқалмауы мүмкін. Әдетте сиырдың желіні мен емшектерінде, ал бұқаның енінде, кейде дененің басқа жерлерінде розеолалар пайда болып, біртіндеп везикула, крусталарға айналады. Шешектің шығуы мен жетілуі біркелкі болмайды да, ауру 2-3 аптаға созылады. Шешек шығып дерттенген жерлерге іріңдетуші бактериялар түсіп, эпидермис пен терінің негізгі қабаты зақымданып, жазылғанда қотырланып бітеді. Егер вирус денеге тамшы тозаңмен тыныс жолдары арқылы енсе дерт процесі ауыр өтіп, ішкі ағзаларды, оның ішінде желіннің сүт жолдарын, зақымдайды. Бұның нәтижесінде қоздырушы сүтпен бөлінеді.

Қойда (қоздырушысы - Sheep capriopoxvirus) жасырын кезеңі 7-8 күн. Бастапқы клиника алды кезеңінде аз уақытқа дененің ыстығы көтеріліп, селсоқтанып, жемшөпке зауқы болмайды. Көбінесе катарлы коньюнктивит, ринит, тері астындағы шелде жалқақ байқалады. Одан кейін көздің қабақтары домбығып, көзі мен танауынан сора ағып, денесінің тақыр жерлерінде (шап, қолтық, желін, құйрықтың асты, қошқардың ені), басында шешек шыға бастайды. Алдымен бпайда болған розеола қара қошқылданып, өліеттеніп шеті қызарған, ортасы сұрғылт, тығыз келген папулаға айналды. Оның бетіндегі эпидермис сыдырылып, астындағы суланып қабынған қызылшаққа тері көрінеді.

Кейде папулалар бір-бірімен қосылып, тобарсыған кезде сыдырылып түскен қабыршақтардың орнында ақтаңдақтар пайда болады. Егер терінің астыңғы қабаттары да өліеттенсе, қалың қабыршақтар түзіледі де, 5-6 күн немесе одан да ұзақ уақыт өткен соң ғана барып түседі. Ауру 3-4 аптаға созылады да, зілсіз өткенде негізінен мал жазылып кетеді. Өлім көрсеткіші әдетте 2-3% шамасында. Тұтасқан, әсіресе, қанталаған, шешек кезінде ауырған малдың өлімі 100% дейін жетуі мүмкін.

Ешкіде (қоздырушысы - Goat capripoxvirus) шешек негізінен індет ретінде жіті өтіп, ауырған мал, әсіресе, лақтар 25%-ға дейін өлімге ұшырайды. Ауру асқынғанда өлім көрсеткіші 80%-ға дейін барады. Әсіресе, Ангор және Дон ешкілерінде ауыр өтеді. Буаз мал лақ тастап, лақтарындағы желінсау байқалады. Кейде экзентемасыз әдеттегіден өзгеше өтедіде, дерт өкпеге шауып, өлімге әкеп соқтырады. Өлексені сойғанда өкпеде бауыр түстес сұрғылт бронхопнемония ошақтары кездеседі. Енесін еміп жүрген лақтар, егер туғаннан кейін жұқса, ауру әдеттегіденбасқаша өтіп, шешек ауыздың, ұлтабардың кілегейлі қабығына шығады. Ауырған лақ жөтеліп, тынысы жиілеп, танауынан ірің аралас сора ағады, біраз уақыт өткен соң ауызы мен танауының айналасында қабыршақтар пайда болады.

Шошқада (қоздырушысы - Shwine suipoxvirus) бірінші белгісі ретінде денесінің жүні аз жерлерінде (тұмсығы, құлағы, бауыры, санының ішкі жағы) қаптаған розеолалар пайда болады да, 2-3 күн өткен соң қызғылт жиекті папулаларға айналады. Одан ары везикулаларға айналуы шошқада сирек ұшырайды. Әдетте шыққан шешек суланып қолдырамай бірден індеттенген пустулаға ұласады. Пустулалардың түрі сұрғылт, сары ұлпасы өлі еттеніп, бір-бірімен қосылып ені 2, 5 см дейін жетеді. Толарсып кебеді де, қоңыр-қара қабыршаққа айналып, 5-8 күн ішінде сыдырылып түсе бастайды. Орынында ақтаңдақ пайда болады да, біраздан кейін жоғалып кетеді. Кейбір жануарлардың денесі қышынып, жүргенде тәлтіректеніп, іші өтеді. Шешек шыққан кезде дененің ыстығы қайтып, іріңдеген пустулалар пайда болған сәтте, сонымен бірге, екінші қабат өршігенде температурасы қайтадан көтеріледі.

Ауру 19-30 күнге, кейде, әдетте шешек қайтадан шыққанда, 45-60 күнге дейін созылады. Тері мен кілегейлі қабықтарға шешек тұтастай шыққан кезде ауру асқынып, сәтсіз аяқталады. Әсіресе, қанталаған түрі қара шешек зілді өтіп, өліммен бітеді. Асқынған кезде бронхопневмония, сальмонеллез, стафилакоктардан болатын сепсис қабаттасуы мүмкін. Ал асқынбаған шешек зілсіз жеңіл өтеді.

Шешек кезінде өлім көрсеткіші, әсіресе, еметін тоғайларда жоғары болып, 40-80%-ға жетеді. Сиыр шешегінің және шешек вакцинасының вирустары қоздырған ауру шошқада өте жеңіл өтеді.

Құстарда шешекпен тауық, бөдене, қырғауыл ауырады. Тауықта (қоздырушысы - Fowl aviroxvirus) шешек және дифтерия түрінде өтеді. Екі түрі аралас кезігуі де мүмкін. Жасырын кезеңі 15-20 күн. Ауырған тауықтың жалпы нашарлап, жемге қарамайды. Мекендердің жұмыртқалауы күрт төмендейді. Айдары мен сырғасында, езуінде, қабағында, кейде бастың кейбір жерлерінде, мойынында, сирақтарында, кеудесінде, клоакасының төңірегінде бозғылт түсті дақтар пайда болады. Біраз уақытта шыққан шешектің беті сұрғылт, қызғылт қабыршақтанып қатаядыда, бір-бірімен қосылып сүйелге айналады. Құрғақ тобарсуы 2-3 аптаға созылады. Ауырған тауықтар бір-бірінің шешек шыққан жерлерін шоқып, инфекцияның қауырт таралуына әсер етеді.

Дифтериялық түрі кезінде ауыздың, танаудың, көз асты шұңқырларының кілегейлі қабықтарында шешек дақтары пайда болып, бір-бірімен қосылады да, қабыршаққа айналады. Бұл қабыршақтар көгершінде суланып тез сыдырылады. Көбінесе құрғап, жабысып қалады. Әсіресе, тілдің астында және шеттерінде, мұртында, көмейде болады, тіпті кеңірдекке дейін жайылады. Көбінде көмекей зақымданып, құстың демі тарылып, мойынын созып, аузызын ашып дем алады. Жем жеуі қиындайды. Тұмсығынан сұрғылт қоймалжың сора ағып, тобарсып кеуіп, танауы бітеліп қалады.

Дифтериялық зардап көбінесе көзде болады, құстың көзі қызарып, жас ағады, жарықтан жасқанып, қарай алмайды. Әдетте екі көз бірдей зақымданып, үкі бастанып тұрады. Дерт көздің мүйізгек қабығы мен қарашықты да жайлайды.

Ауру көбінесе созылмалы өтеді. Шешек асқынбаса 5-6 аптада жазылады. Терідегі түрі зілсіз өтеді. Кейде белгілері аса айқын байқалмауы да мүмкін. Аурудан жазылған құс арып, көбінесе соқыр болып қалады. Өлім көрсеткіші ересек тауықта 10-20%, балапандарда50-70%-ға дейін жетеді.

Түйеде (қоздырушысы - Camel orthopoxvirus) терісі мен кілегейлі қабықтары қолдырап, бөріткен шығып, пустулулалар пайда болады. Шешек кілегейлі қабықтарға шыққанда жануардың ауызы мен танауынан бастапқыда мөлдір, кейінен күңгірт-сары сұйық ағады. Көздің қабақтары, еріндері, танауы ісініп, кейде бұл процесс жағының асты мен мойынан да қамтиды. Кейбір малдың көзінің қарашығы күңгірттеніп, уақытша соқыр болып қалады. Теріге түскен шешек көбінесе ерінде, езуде, мұрын мен көздің айналасында, еркек түйенің ұмасында, ал інгеннің желінінде, күнтимесінде, шабы мен қолтығында, басқа да сондай тақыр жерлерінде байқалады. Буаз інгендерде кейде шешекке тән белгілер болмай, денесінің ыстығы көтеріліп, іш тастайды немесе ботасын мезгілінен бұрын шала туады. Туған ботаның терісі мен кілегейлі қабықтарында шешек болады. Ауырған түйенің, әсіресе ботаның іші өтеді. Ботаның екі көзі бірдей көрмей қалуы мүмкін. Жалпы бота сезімтал келеді де, 3-7 күн ішінде өліп қалады. Ересек боталар әдетте 40-45 күн ауырып барып, жазылып кетеді. Жазылған шешектің орынында дақ қалады, қабыршағы түскенде орыны ортаып тұрады. Шешек зілсіз өткенде түйе 20 шақты күнде жазылып кетеді.

Балау. Диагноз қою үшін індеттанулық деректер, клиникалық зерттеулердің, биоснаманың, шешек алғаш шыққан дерттенген немесе биоснама қойғанда вирусты енгізген жерден алынған жағындыны микроскоппен қараудың нәтижелері негізге алынады. Зертханалық зерттеуге ойылып, шеті жиектеніп, көмкерілген, дененің шешекке тән өзгеріске ұшыраған жерлерінен материал алынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Індетке қарсы шаралар
Індеттік процестің даму заңдылықтары және сатылығы
Індетке қарсы шаралар туралы
Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар
Ұйымдастыру шаруашылық шаралары
Дәрілік заттар түрлері
Аса қауіпті ауру қоздырғыштарын
Індетке қарсы шаралар туралы түсінік
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғау
Үй жануарларының жұқпалы аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz