ЖШС «Тараз RAYS» ақша қаражаттарымен есеп айырысудың есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
: Кіріспе
Мазмұны:
: 1
Мазмұны: «Тараз RAYS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы -шаруашылық қызметтерінің негізгі бағыттары
:
: 1. 1
Мазмұны: Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің басқару құрылымы
:
: 1. 2
Мазмұны: Кәсіпорынының негізгі қаржы-экономикалық көрсеткішін талдау
:
: 1. 3
Мазмұны: Қазіргі кезеңдегі Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарын халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына ауыстыру бағыттары
:
: 2
Мазмұны: ЖШС «Тараз RAYS» ақша қаражаттарымен есеп айырысудың есебі
:
: 2. 1
Мазмұны: Ақша қаражаттардың есебіне жалпы сипаттама
:
: 2. 2
Мазмұны: Касса операцияларынның есебі
:
: 2. 3
Мазмұны: Есеп айрысу операциялардын есебі
:
: 2. 4
Мазмұны: Валюталық шот бойынша операциялардың есебі
:
: 3
Мазмұны: ЖШС «Тараз RAYS» ақша қаражаттарымен есеп айырысудың аудиты
:
: 3. 1
Мазмұны: Ақша қаражаттарының аудиті
:
: 3. 2
Мазмұны: Есеп айырысу шотының есебінің аудиті
:
: 3. 3
Мазмұны: Валюталық шоттағы нақты ақша есебінің аудиті
:
: 3. 4
Мазмұны: Кәсіпорындағы ақша қаражаттарын талдау
:
:
Мазмұны: Қорытынды
:
:
Мазмұны: Қолданылған әдебиеттер тізімі
:
:
Мазмұны: Тіркеме
:
:
Мазмұны:
:
:
Мазмұны:
:


Кіріспе

Нарықтық қатынаста шаруашылық субъектілер бухгалтерлік есепке ерекше мән береді. “Бухгалтерлік есеп”, “Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндеттемелер туралы” заңның негізінде бекітілген бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспарының негізінде құрылады. Қазіргі кезде Республикамыздағы бухгалтерлік есеп жүйесі, Халықаралық бухгалтерлік стандартқа сай жүргізіледі.

Есептің мәліметі субъектілердің, олардың құрылымдық білімдерінің басқару жұмыстарына, олардың қаржылық есеп беруіне, экономикалық жобалауға, ағымдағы жоспарларға пайдаланылады.

Қазіргі кезде шаруашылық жүргізуде, уақытылы, толық және нақты экономикалық ақпарат беретін, ретке қойылған есеп жүйесінсіз басқару мүмкін емес.

Өнім өндіруде, еңбек құралын сатуда, бюджетке төлемдер мен сақтандыру органдары мен басқа да төлемдер мен салықтандыру органдары мен басқа да төлемдерді анықтағанда, уақытылы және дұрыс жүргізілген бухгалтерлік есептің маңызы орасан зор.

Кәсіпорындар арасында болатын, жан-жақты есептесулер ақшаның көмегімен іске асырылады.

Оның көмегімен таза кіріс алу мақсатында жұмсалған өндірістік босалқылар алынады. Соның арқасында, айналым қаржылары тоқталмай, өндірістің қызмет нәтижесінде аяқталатын процеске ықпалы зор. Сол себепті есептесулерді ұйымдастырудың және ақшалай қаржылардың есебін зерттеудің актуалдылығы ерекше.

Ақша қаражаттарының бір бөлігі қызметкерлерімен еңбекақы бойынша қолма-қол есеп айрысу үшін, қолма-қол ақшаға құндылықтарды сақтану үшін есеп беретін адамдар пайдаланады. Мұндай қаражаттар кассада сақталып, сол арқылы айналымға түседі. Есеп айрысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына тәуелді.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірлген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылқтарды, негігі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен тыс басқада мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнім сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде, болатын болса, екіншіден сол өнімді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. Осындай кәсәпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алшақ және берешек операциалар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айрысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.

1 «Тараз RAYS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы -шаруашылық қызметтерінің негізгі бағыттары

1. 1 Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің басқару құрылымы

«Тараз RAYS» ЖШС 2000 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Қызметінің негізігі мақсаты тұтынушыларға қызмет көрсету және құрлыс обьектілерінде жөндеу жұмысын жүргізу, жоғарғы қысыммен жұмыс істейтін құбырларды жөндеу жұмыстарымен айналысады. Бұл тауарлардың негізігі тұтынушылары қазіргі экономикамыздың қарқынды дамуына байланысты елміздегі құрлыс саласының дамуы.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнім өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу мен зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.

Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жүйесі кәсіпорынның негізгі мәліметтер жүйесі болып табылады. Оның мәліметтері ішкі есеп беруде, жоспарлауда, бағалауда, бақылауда есеп саясатын жасауда, сыртқы есеп беруде пайдаланылады.

Қазақстан Республикасы қабылдаған бухгалтерлік есеп стандарты, бас шоттар жоспары бойынша бухгалтерлік есеп: қаржылық және басқару есебі болып 2-ге бөлініп отыр.

  • Қаржылық есепті жүргізу арқасында кәсіпорынның активтері мен пассивтері есепке алынады.
  • Басқару есебінің мәліметтері кәсіпорынның ішкі саясатының басқару жүйесінде пайдаланылады.

Шаруашылық операцияларын, активтерді, меншікті капиталды, міндеттемелерді, қызмет нәтижелерін және басқаларын көрсетудің балама тәсілдерін теріске шығармайтын бухгалтерлік есепке алудың стандарттары есеп жүргізу саясатын қалыптастырудың базасы болып табылады.

Есеп жүргізу саясатын қалыптастыру маңызды да жауапты рәсім болып табылады, ол қаржы есептемелерін дайындауға және тапсыруға ықпал етеді.

Есеп жүргізу саясаты - бұл есеп объектілерін есепке алу мен бағалаудың варианттарын ұйымдастыруды таңдау, сондай-ақ бухгалтерлік есеп принциптерінің негізін қалаушы бекітілген талаптарды орындай отырып бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың формасы мен техникасы.

Есеп жүргізу саясаты қаржы есептеріне берілетін түсініктеме жазбахатта бірінші болып ашып көрсетілуі тиіс. Егер есеп беру кезеңінде есеп жүргізу саясатында өзгерістер болса, олардың себептерін көрсете отырып ашуы қажет. Ал егер бұл өзгерістер елеулі қаржы және материалдық зардаптарға душар етсе, ондаашып көрсету кезінде осындай өгерістердің зардаптарын баға беру қажет.

Есеп саясатын қалыптастыру әр стандартта ұсынылатын тәсілдердің бірін таңдаумен, субъект қызметінің жағдайын басшылыққа ала отырып оларды негіздеумен және қаржы есептемесін тапсыру үшін оларды негіз ретінде қабылдаумен тұжырымдалады.

Басқарушы қызмет жүйесі баскару мақсаттарына бағынады. Басқару мақсаты шаруашылық субъектінің болашақтағы дамуы мен қызметінің нақты нәтижелерін талдау; түпкі мақсатқа қол жеткізудегі және шаруашылық субъектінің ішкі бөлімшелерінің қызметтерінің нәтижесін бағалау және бақылау; ішкі есеп беру арқылы басқару деңгейі мен бір деңгейдегі әр түрлі өндірістік бөлімшелер арасында ішкі коммуникацияны ұйымдастыру; жедел басқару шешімдерін қабылдау және бақылау, ағымдағы жоспарлау үшін басқарудың барлық деңгейлерін қажет ақпаратпен қамтамасыз ету сияқты кызметтердің орындалуы басқарушы есептің қатысуымен шешіледі.

Басқарушылық қызмет іс жүзінде басқыру процесін есеп процесімен байланыстырады, өйткені олармен бірдей объектілері бар:

-субъектінің шаруашылық қызметінің процесінде адамдардың мақсатқа сәйкес еңбегін қамтамасыз ететін өндірістік ресурстар;

-шаруашылық субъектілердің өндірістік қызметінің жиынтығын құрайтын, шаруашылық процестері және олардың нәтижелері;

Қаржы-шаруашылық қызметін талдау үшін кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерінің және олардың нәтижелерінің сипаттамасы қажет, олар жоспардың, есеп берудің және басқа ақпарат көздерінің көрсеткіштерінде өз көрінісін табады.

1. 2 Кәсіпорынының негізгі қаржы-экономикалық көрсеткішін талдау

Кәсіпорынға қатысты Уәкілетті орган оның құрылтайшылары болып
табылады. Жарғыны бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді,
Кәсіпорынға жарғылық капитал береді, Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды.

Кәсіпорын жұмысшыларының еңбек ету, өмір сүру және денсаулық
сақтау жағдайларын жақсарту жөніндегі әлеуметтік саясатты, әлеуметтік
сақтандыруды жүзеге асырады, жыл сайынғы еңбек демалыстарын белгілейді.

Кәсіпорын еңбекақы қорының мөлшерін жыл сайын мемлекеттік
басқару органы белгілейді.

Еңбекақы нысанын, штаттық кестені, лауазымдық жалақылар
мөлшерін, сыйақы және өзге де сыйлықтар жүйесін Кәсіпорын белгіленген
жалақы коры шегінде өз бетінше белгілейді.

Кесте 1 - ЖШС «Тараз RAYS» қызметінің 2007-2008 жылдарға негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері

№:
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Жылдар: Жылдар
Ауытқу: Ауытқу
№: 2007
Көрсеткіштер: 2008
Жылдар: (+, ─)
№: 1
Көрсеткіштер: 2
Жылдар: 3
Ауытқу: 4
5
№: 1
Көрсеткіштер: Қызмет көрсетуден түскен кіріс, мың тг
Жылдар: 179389, 3
Ауытқу: 201561, 2
22179, 9
№: 2
Көрсеткіштер: Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам
Жылдар: 26
Ауытқу: 20
-6
№: 3
Көрсеткіштер: Негізгі құралдардың орташа құны, мың тг
Жылдар: 1241, 1
Ауытқу: 3529
2287, 9
№: 4
Көрсеткіштер: Қысқа мерзімді активтердің орташа құны, мың тг
Жылдар: 10176, 2
Ауытқу: 34509, 2
24333
№: 5
Көрсеткіштер: Еңбек өнімділігі, тг
Жылдар: 6899, 6
Ауытқу: 10078, 1
3178, 5
№: 6
Көрсеткіштер: Қор қайтарымы (1 жол /3жол), тг
Жылдар: 144, 55
Ауытқу: 57, 12
-87, 4
№: 7
Көрсеткіштер: Қор сыйымдылығы (3жол/ 1жол) тг
Жылдар: 0, 01
Ауытқу: 0, 02
0, 01
№: 8
Көрсеткіштер: Өнімнің өзіндік құны, мың тг
Жылдар: 146941
Ауытқу: -
-
№: 9
Көрсеткіштер: Жалпы кіріс, мың тг
Жылдар: 32448, 3
Ауытқу: 201561, 5
169113, 2
№: 10
Көрсеткіштер: Кезең шығыстары, мың тг
Жылдар: 37175, 1
Ауытқу: 201463, 9
164288, 8
№: 11
Көрсеткіштер: Салық салынғанға дейінгі кіріс
Жылдар: -4756
Ауытқу: 97, 6
-4629, 2
№: 12
Көрсеткіштер: Табыс салығы
Жылдар: -
Ауытқу: 29, 3
29, 3
№: 13
Көрсеткіштер: Таза табыс
Жылдар: -4726, 8
Ауытқу: 68, 3
-4658, 5
№: 14
Көрсеткіштер: Дебиторлық берешек
Жылдар: -
Ауытқу: 99013
99013
№: 15
Көрсеткіштер: Қысқа мерзімді активтердің айналымдылығы
Жылдар: 27, 88
Ауытқу: 94, 54
66, 7
№: 16
Көрсеткіштер: Сату көлемінің табыстылығы, % (9/1)
Жылдар: 18, 1
Ауытқу: 100
81, 9
№: 17
Көрсеткіштер: Активтердің табыстылығы % (13/активтер)
Жылдар: -
Ауытқу: 0, 20
0, 20
№: 18
Көрсеткіштер: Меншікті капитал табыстылығы (9/меншікті капитал)
Жылдар: 318, 8
Ауытқу: 584, 1
265, 3
№:
Көрсеткіштер:
Жылдар:
Ауытқу:

Кестенің мәліметтеріне сүйене отырып, қарастырылып отырған кәсіпорынның қаржы-экономикалық қызметінің барлық көрсеткіштері бойынша талдау жүргізейік. Кестенің берілгендері бойынша көріп отығанымыздай, қызмет көрсетуден түскен кіріс 2007 жылы 179389, 3мың теңгені құраса, 2008 жылы 201561, 2 мың теңгені құрап, 22179, 9 мың теңгеге өскен. Ал, жалпы кіріс болса 2008 жылы, өткен 2007 жылға қарағанда 169113, 2 мың теңгеге көбейген. Мерзімді шығындар есепті жылда алдыңғы жылмен салыстырғанда 164288, 8 мың теңгеге артса, салық салынғанға дейінгі кіріс -4629, 2 мың теңгеге кеміген. 2008 жылы таза табыс өткен 2007 жылға қарағанда -4658, 5 мың теңгені құраған. Қызметкерлердің орташа тізімдік саны 2007 жылы 26 адам болса, 2008 жылы 20 адам болған, яғни -6 адамға азайған. Негізгі қордың орташа жылдық құны 2007 жылы 10176, 2 мың теңгені құраса, 2008 жылы 34509, 2 мың теңгені құраған, демек есепті жылда алдыңғы жылмен салыстырғанда 24333 мың теңгеге өскен. Негізгі қордың қолданылуының тиімділігін білдіретін қор қайтарымы көрсеткіші 2007 жылы 144, 55 теңге болса, 2008 жылы 57, 12 теңге болса, демек есепті жылы -87, 4 теңгеге азайған. Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына занды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, болып табылады.

Кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтердін лауазымды жалақыларының мөлшерін, оларға сыйақы беру және өзге де сыйлықтар жүйесін мемлекеттік басқару органы белгілейді.

Негізгі қаржы - экономикалық көрсеткіштер көрсетілген қызметтердің көлемін өткен жылмен салыстырып талдау арқылы жасалынады, егер қызмет көлемі салыстырмалы жылдан көп немесе аз болғанда өзгермеге әсер еткен факторларды анықтау қажет.

Шаруашылық субъектінің өнім өндіру жөніндегі жоспардың орындалуы басқа керекті жағдайларға қоса адам құрамының толық болуымен оны қажеттілікке сай келуіне байланысты болады. Шаруашылық субъектінің бүкіл қызметкері екі топқа бөлінеді:

-өнеркәсіптік-өндірістік

-өндірістік емес

Өнеркәсіп өнімін дайындау процесіне тікелей қатынастардан өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлерге

-жұмысшылар

-қызметкерлер жатады.

Осы себептен еңбек жөніндегі тапсырмалар орындалу көрсеткіштеріне зерттеу шаруашылық субъектінің жұмысшы күшімен қамтамасыз етілуін талдаудан басталады. Мұның өзі бүкіл шаруашылық субъекті бойынша қызметкердің топтарымен қызметкерлердің категориялары бойынша іс-жүзіндегі мәліметтерді өткен жылғы көрсеткіштермен салыстыру арқылы жүргізіледі. Шаруашылық субъектіде өндірісте еңбек етіп жүрген жұмысшылармен қызметкерлердің жалпы орташа тізімдік санын өткен жылмен салыстыру керек.

Топтар бойынша және жұмыс істеушілердің категориялары бойынша қызметкердің саны өндіріс көлемінің және басқа да жағдайларда өзгеруіне сәйкестендіріліп отырады. Мұның өзі бүкіл шаруашылық субъекті бойынша қызметкердің топтарымен қызметкерлердің категориялары бойынша іс-жүзіндегі мәліметтерді өткен жылғы көрсеткіштермен салыстыру арқылы жүргізіледі.

Шаруашылық субъектіде өндірісте еңбек етіп жүрген жұмысшылармен қызметкерлердің жалпы орташа тізімдік санын өткен жылмен салыстыру керек.

1. 3 Қазіргі кезеңдегі Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарын халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына ауыстыру бағыттары

Халықаралық қаржылық есеп стандарттары негізінде отандық бухгалтерлік есеп жүйесін ары қарай жетілдірудің негізгі мәселелерінің бірі - ұйымдарда күні бүгінге дейін екі бақытта жүргізіліп келе жатқан қаржылық және салық есебін біріктіріп үндестіру, сондай-ак есептің жаңа қаржылық моделін құру болып табылады. Егер қаржылық есептің үндестірілген жаңа моделі құрылған жағдайда есеп жүргізудің еңбек шығындары біршама азаяды. Сонымен қатар екі түрлі есептің орнына көп мағыналы қаржылық есеп құрылып, мұның өзі салық есебіне тән есептеулер жөніндегі ақпараттар даярлауды да камтамасыз етеді.

Отандық бухгалтерлік есепті жетілдіру мен ары қарай дамыту және ХҚЕС негізіне қарай қолайлы үйлесімді бағытқа салу үшін төмендегі шараларды іске асырған жөн:

  • ұйымдар қызметінің қаржылық нәтижесін барынша қарапайым және сенімді түрде көрсету; мүмкіндікке қарай қазақстандық ұйымдардын қаржылық жағдайын шетелдік компаниялардың қаржылық жағдайы мен салыстыру негізінде ұзақ мерзімді нарықтык қатынастарды шетелдік әріптестермен бірге құру, сондай-ақ бірлескен ұйымдар құру барысында қолайлы шешім кабылдау.

Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру мәселелерін талдау барысында тек қана қаржылық бухгалтерлік есепке тән мәселелерді ғана қарастырмай, сонымен қатар басқарушылық есепті ары қарай жетілдірудің жолдарын зерттеу қажет. Қазіргі кезенде басқарушылық есеп бухгалтерлік есептің көлеңкесінде қалып, муның көптеген проблемалары әлі күнге дейін зерттелмей келеді. Алайда басқарушылық есептің қолайлы моделін кұру бизвгс пен кәсіпкерлікті дамытудың негізін құрайтындығын білген жөн.

Бухгалтерлік есептің ерте заманда дамуы кезеңінде тек жеке шоттар (қарыз алушылар мен ақша беруші) ғана қолданылған. Кейіннен бухгалтерлік есеп шоттары нақтыланып, әр түрлі тұрғыдағы мүліктер қозғалысы есебін жүргізуші номиналдық (мысалға еңбек акы есебін жүргізу) шоттары пайдаланылды.

Есептің сенімділігі мен түнықтылығын жетілдіру, сондай-ақ мұның басқарушылық функциясын арттыру, қаржылық Қорытынды есеп өрісіндегі мәліметтерді толықтыру мен талдау мақсатында құрылатын бухгалтерлік есеп шоттары жоспарына жер жүзі ғалымдары баса назар аударып келеді.

Қазақстан, Ресей, Франция, Германия және басқа да көптеген Шетелдерде бірегей үндестірілген, арнайы жүйеге келтірілген, Меншік түріне қарамастан барлық ұйымдарда (банктерден тыс) Қолданылатын ұлттық бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары жасалынған.

Қазіргі кезеңде жер жүзі елдерінің 120-ға жуығында ұлттық :четтар жоспары жасалынған. Кейінгі жылдары көптеген кәсіби бухгалтерлік есеп ұйымдары бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын құру мен жетілдіруде төмендегі принциптерді негізге алу керектігін түжырымдаған:

-ұйымдардың мүліктік және қаржылық жағдайын дәлме-дәл көрсету;

-активтер мен бұлардың көздерін(меншікті капитал, міндеттемелер) бағалау;

-қолданылынатын әдіснамалардың тұрақтылығын ақпараттардың сапалығын есеп принциптерінің дұрыстығын және ұйымдар қызметінің үздіксіздігін сақтауды негізге алу.

Бухгалтерлік есеп шоттары ақпараттарды топтастыра отырып, төмендегі құндық экономикалық көрсеткіштерді қалыптастыруға арналған:

-капитал мен мұның құрамын күраушы көрсеткіштерді және

-келтірілген қарыз қаражаттарды бағалауға;

-өндірістік шығындар;

-тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатудан түскен табыс;

-басқарушылық шығындар;

-басқада операциялық және сатудан тыс табыстар мен шығындар;

бөлінбеген табыс, жабылмаған зиян) т. с. с.

Шоттар жоспарының негізгі мақсаты - біртектес ақпараттарды топтастыру мен салыстыру, сондай-ақ есеп ақпараттарын сапалы дайындау мен көрсету болып табылады. Мұның өзі әртүрлі ұйымдардағы ақпараттарды салыстырып қарауды және өндіріс тиімділігін талдауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар шоттар жоспары тиісті жоғары орындарға, басқа да есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушыларға хабарлаудың негізін салушы үрдіс.

Капитал рыногының жаһандану бағытына қарай өрістеуіне, сондай-ақ халықаралық қаржы рыногының дамуына қарай қаржылық есептік бірегейлігі қамтамасыз етілуі қажет. Мұндай бағыт ұстанған жағдайда еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық есеп стандарттары талабына сай жаңаша кұруды талап етеді. Егер ұйымдарда жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттар талабына сәйкес болмаса, онда халықаралық капитал рыногын кұру мен тиімді объектілерді инвестициялау, қаржыландыру процестері өз мәнін таппайды. Сондықтан потенциалды инвесторлар қаржылық ақпараттардың «тұнықтылығын» талап етеді. Компаниялар қызметі жөніндегі және қорытынды есеп жүйесіндегі ақпараттар тұнык және сенімді, орындалып, мұның барлығы да халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талабымен тығыз байланыста болған жағдайда, қаржы салымшы инвесторлар өздерінің салған капиталының қалай және қандай тиімділік дәрежесінде жұмсалғандығын біліп, бақылап отырады.

Өз экономикасын нарықтык экономика және базарлы сауда қатынастары деңгейінде жүргізетін жержүзілік экономикалық қауымдасқа қатысушы барлық компаниялар мен корпорациялар өздеріне тән бухгалтерлік есебін халықаралық бухгалтерлік есеп принциптері мен стандарттары талабына сай жүргізіп келеді.

Біздер кейбір компаниялар өзінің халықаралық бизнесін жеке бөлімшелер түрінде құрып, басқада бөлімшелер мен байланысты жағдайда ұйымдасатындығын білеміз. Кейбір компаниялар жекелеген еншілес кәсіпорындар құрып, бүлар өз қызметін ішкі және сыртқы рынокта жүргізетін болып та ұйымдастырады.

Қайда және қай елде орналасқандығына қарамастан бірлескен негізгі компаниялардың шаруашылық қызметіне қосымша қызмет көрсету мақсатындағы өндірістік, сату, қаржы процестері орталықтанған түрде ұйымдастырылған үшінші деңгейдегі компаниялар да құрылуы мүмкін. Ұйымдастыру түріне қарамастан барлық салалық экономикалық қатынастар өзара байланыста болады. Өндірістік процестің жоғары деңгейде дамуы мен маңызы жағынан күрделі болуына байланысты бухгалтерлік есеп мәселелерін танып білу процесі бухгалтерлік есепті жолдарымен шешілетіндігін білуіміз керек. Есеп жүйесіне тән өзектілігі кез келген елде және кез келген жағдайда қолданылатын бірыңғай стандарттар жасау болып табылады.

Әр елдің өз тарихы, өз күндылығы, саяси жүйесі, ұлттық ерекшеліктері айрықшы қалыптасатындығына байланысты көптеген ұлттық кәсіби бағыттағы бухгалтерлердің халықаралық қауымдастық ұйымдары халықаралық стандарттардың біртұтастығы өрісінде әлі де болса шешімін таппаған мәселелердің бар екендігін, алдағы кезеңдерде мұндай мәселелерді үйлестіру мен икемді жағдайға келтіру керектігін айтып келеді.

Әр ұлттың өз заңдарына, өз тіліне, өз ақшасы мен есеп жүргізу принциптеріне байланысты халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын енгізу мәселелері гармониялық үйлестіру жолымен жүргізілуі керек. Гармониялық үйлестірудің өзектілігі әр елде қабылданған есеп моделін, стандарттар жүйесін, бүларды реттеп отыру жолдарын жүйелендіруге байланысты. Ең негізгі мәселе - жекелеген елдер экономикасында қолданылынатын бухгалтерлік есеп стандарттары экономикалық кауымдастыкқа мүше елдерінде кабылданған стандарттар жүйесімен қарама-кайшылық жағдайда болмауы керек. Яғни халықаралық стандарттар мазмұны жекелеген елдерде қолданылатын стандарттар мазмұнымен гармониялық үйлесімді байланыста болғаны жөн.

Бухгалтерлік есеп стандарттары беделі жағынан жоғары деңгейдегі ресми құжат. Осы құжатты ары қарай жетілдіріп, халықаралық деңгейде қолдану мәселелеріне бухгалтерлік кәсіп өкілдері, қаржылық қорытынды есеп жасаушылар мен мұның мәліметтерін пайдаланушы кәсіби мамандар, сондай-ақ коғамдық ұйымдар тартылған. Кейінгі жылдары экономикасы дамыған көптеген елдер назары бухгалтерлік есеп жүйесін халықаралық деңгейде бір ізге салу мәселелеріне аударылып келеді. Мұның өзі нарықтык катынастар өрісіндегі халықаралық экономикалық одақтардың тұрақты бағытта қызмет атқаруына байланысты қаралған. Алайда әр елдер өз қалауы мен зерделенуіне байланысты халықаралық стандарт жүйесін қабылдаудың жолдарын таңдап алу мүмкіндігі болады.

Бухгалтерлік корытынды есеп экономикалық ақпараттар қалыптастырудағы бірден-бір сенімді акпарат дайындаушы процесс екендігше байланысты, жалпы есеп ережелері мен әдістерінің қолданылынуы барлық елдерде бірдей мазмұнда Калыптасатындығын естен шығармау керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлем тапсырмасының жазылған күні
Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне талдау
«КАЗОЙЛСЕРВИС» жшс-дегі іс-тәжірибе бойынша есеп беру
Ақша-қаражатының аудиті және талдауы
Нарық экономикасы жағдайында салықтардың рөлін анықтап, уақытылы төленуінің маңыздылығын айқындау
“Аймар” ЖШС-ң ұйымдық-экономикалық сипаттамасы, есеп және қаржы жұмысын ұйымдастыру
Кәсіпорынның тиімді қызмет етуін қамтамсыз етудегі ақшалай қаражаттарының есебі және талдауы
Ақша қаражаттар есебі және оның эквиваленттері
Кредиторлық берешек есебін зерттеп және олардың есебінің жолдарын қарастыру
Ақша қаражаттарының есебі және аудиті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz