Абайдың қара сөздері: сипаты мен мазмұндық тереңдігі



КІРІСПЕ 3
1. АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ: СИПАТЫ МЕН 5
МАЗМҰНДЫҚ ТЕРЕҢДІГІ 5
1.1. Абайдың қара сөздерінің жазылуы мен жанрлық ерекшеліктері 5
2.2. Қара сөздердің сипаты мен мазмұны 9
ҚОРЫТЫНДЫ 13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 15
КІРІСПЕ

Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері – Абай Құнанбаев.
Дана ақын - Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі - Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы - Ұлжан, әжесі-Зере. Сегіз жасар Абай өзінің зеректік қабілетімен әке көзіне ілігіп, үміт күтер, ата жолын ақтар бала болар ма деген ой салады. Міне осы себептен әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып, әуелі Ғабдулжаппар молдаға оқуға береді. Бұл молданың қарамағында екі жылдай оқып, мұсылманша бастауыш білім алады. Бұдан кейін, он жасар Абай, бір басқыш ілгері дәрежедегі, жабық оқу орны, мешіт жанындағы діни медресеге түседі. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі "Приходская школаға" түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл - Абайдың орысшаны игеріп кетуіне негіз болған.
Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, ел билеу әдісін үйретеді. 60-жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап оқыған орысшасын өз бетімен оқу арқылы дамытып, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп кітаптар алдырады. Сөйтіп жүріп, ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас революционер Е.П.Михаэлиспен кездеседі. Кітапханада Л.Толстой кітабын сұрап тұрған қазақы адамды көріп таңырқаған Михаэлис оған таяп келіп, жөн сұрайды. Екеуінің таныстығы осыдан басталып, кейін үлкен достыққа айналады.
Бұл жылдары Абай орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтовтармен қатар революционер - демократтар Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың және Еуропаның ақын, ғалым, философтарының да еңбектерімен танысып, әдеби білімін, философиялық ой-пікірін, дүниетану көзқарасын кеңейте түседі. Абай орыс әдебиеті мен публицистикасын тек оқушы, үйренуші ғана болып қойған жоқ, оларды қазақ даласына насихаттаушы, өзінің мазмұнына түрі сай, көркем аудармалары арқылы оның идеясы мен мазмұнын да, эстетикалық қасиеттерін де қазақ оқушыларына дәл жеткізуші болды.
1886 жылы Абай "Ғылым таппай мақтанба, "Интернатта оқып жүр" өлеңдерін жазды. Ақынның бұл өлеңдерінің күні бүгінге дейін мәні зор. Ақын айтқан: өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу сияқты теріс әрекеттер әлі де бар. Ал, талап, еңбек, ғылым, қанағат, рақым да біздің қазіргі тәрбиеге дәл келеді.
Абай қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерді. Ол өзіне дейінгі қазақ әдебиетіндегі кемшіліктерді қайталамады. Шығыс, батыс, орыс мәдениетін өз шығармаларына үлгі етіп, сол арқылы өз өлеңдерінің сапасын жоғарылатты
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1986.
2. Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі. – А.: Қазақстан, 1993.
4. Машанов А. Әл-Фараби және Абай. – А., 1994.
5. Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары. А., 1992.
6. Әуезов М. Абай Құнанбаев: Мақалалар мен зерттеулер, А., 1972.
7. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы. I том. “Қазақ энциклопедиясының” бас редакциясы. - Алматы, 1998, 11-16 бет
8. Құлмат Өмiрәлиев. “Абай афоризмi”, - Алматы, “Қазақстан”, 1993
9. С. Қирабаев “Әдебиетiмiздiң ақтаңдақ беттерi” Алматы, “Бiлiм”, 1995, 30-42 бет.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3
1. АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ: СИПАТЫ МЕН 5
МАЗМҰНДЫҚ ТЕРЕҢДІГІ 5
1.1. Абайдың қара сөздерінің жазылуы мен жанрлық ерекшеліктері 5
2.2. Қара сөздердің сипаты мен мазмұны 9
ҚОРЫТЫНДЫ 13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 15

КІРІСПЕ

Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері - Абай Құнанбаев.
Дана ақын - Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі - Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы - Ұлжан, әжесі-Зере. Сегіз жасар Абай өзінің зеректік қабілетімен әке көзіне ілігіп, үміт күтер, ата жолын ақтар бала болар ма деген ой салады. Міне осы себептен әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып, әуелі Ғабдулжаппар молдаға оқуға береді. Бұл молданың қарамағында екі жылдай оқып, мұсылманша бастауыш білім алады. Бұдан кейін, он жасар Абай, бір басқыш ілгері дәрежедегі, жабық оқу орны, мешіт жанындағы діни медресеге түседі. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі "Приходская школаға" түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл - Абайдың орысшаны игеріп кетуіне негіз болған.
Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, ел билеу әдісін үйретеді. 60-жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап оқыған орысшасын өз бетімен оқу арқылы дамытып, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп кітаптар алдырады. Сөйтіп жүріп, ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас революционер Е.П.Михаэлиспен кездеседі. Кітапханада Л.Толстой кітабын сұрап тұрған қазақы адамды көріп таңырқаған Михаэлис оған таяп келіп, жөн сұрайды. Екеуінің таныстығы осыдан басталып, кейін үлкен достыққа айналады.
Бұл жылдары Абай орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтовтармен қатар революционер - демократтар Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың және Еуропаның ақын, ғалым, философтарының да еңбектерімен танысып, әдеби білімін, философиялық ой-пікірін, дүниетану көзқарасын кеңейте түседі. Абай орыс әдебиеті мен публицистикасын тек оқушы, үйренуші ғана болып қойған жоқ, оларды қазақ даласына насихаттаушы, өзінің мазмұнына түрі сай, көркем аудармалары арқылы оның идеясы мен мазмұнын да, эстетикалық қасиеттерін де қазақ оқушыларына дәл жеткізуші болды.
1886 жылы Абай "Ғылым таппай мақтанба, "Интернатта оқып жүр" өлеңдерін жазды. Ақынның бұл өлеңдерінің күні бүгінге дейін мәні зор. Ақын айтқан: өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу сияқты теріс әрекеттер әлі де бар. Ал, талап, еңбек, ғылым, қанағат, рақым да біздің қазіргі тәрбиеге дәл келеді.
Абай қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерді. Ол өзіне дейінгі қазақ әдебиетіндегі кемшіліктерді қайталамады. Шығыс, батыс, орыс мәдениетін өз шығармаларына үлгі етіп, сол арқылы өз өлеңдерінің сапасын жоғарылатты, ұлттық түрді сақтай отырып, оған интернационалдық нәр берді, әдебиетімізді шын өнер дәрежесіне жеткізді.
Абай қазақтың ұлттық әдебиетін мазмұны жағынан ғана емес, түр жағынан да байытты. Қазақтың әдеби тілінің негізін салды.
Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезов Абайды "қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі" деп орынды атаған.
Абай мұрасы қаншалықты мол зерттелді десек те, ұлы ақын замандастары мен болашақ ұрпақтарына арнап мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла деп ескерткен терең, мәнді сөзіне үнемі ой көзімен қарау қажеттілігі күн өткен сайын сезілуде. Ақыннан қалған философиялық терең, ойға толы шығармаларын оқыған сайын мағынасы алыс беймәлім, төркінін іздесең, сан қилы көне рухани соқпақтарға бастайтын көптеген күрделі ұғымдар әлі де болса біршама ұшырасып жатады. Сол секілді ұлы ойшылдың қара сөздеріндегі адамгершілік тақырыбын арнайы зерттеу объектісіне айналдыру да өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан біз осы шағын курстық жұмыста ақынның қара сөздерін, ондағы адамгершілік мәселесін жан-жақты қарастыруды мақсат тұтып отырмыз.

1. АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ: СИПАТЫ МЕН
МАЗМҰНДЫҚ ТЕРЕҢДІГІ

1.1. Абайдың қара сөздерінің жазылуы мен жанрлық ерекшеліктері

90-жылдар ішінде Абай өзінің бір алуан шығармаларын қара сөзбен жазған. Оның қара сөздері көркем шығарма түрінде емес, ақынның өзі көрген өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған. Оның сөйлем құрылымы, сөз саптау өзгешіліктері де осы мақсаттан туады. Көлемі шағын, мазмұны, мағынасы мол терең болып келеді. Кейбіреулері сұрау жауап түрінде, өзімен өзі сырласу, оқырманмен кеңесу түрінде беріледі.
Ақыры, ойладым, осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бел байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
Бірінші сөзде Абай қарасөз жазудағы өз мақсатын осылай түсіндіреді. Ол осы ойына келген нәрселер туралы жазуды соңғы өмірінің мақсат-мұраты тұтады. Сол арқылы кейінгі ұрпаққа ақыл-өнеге, өсиет, ғибарат қылдыруды көздейді.
Абайды қара сөздерінің жалпы саны қырық бес. Олардың қайсысы болса да сол дәуірдегі әлеуметтік өмірінің күрделі мәселелерін сөз етуге арналады. Кейбір сөздері тақырыбы, мазмұны жағынан бірін-бірі толықтырып отырады.
Адам, - дейді ол Он тоғызыншы сөзде, - ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көрген көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады.
Абай прозасы iшiнде Ғақлия, нақыл сөздер де, ғылыми мақала да, ойшылық трактат та, өткiр сын, мысқыл ретiнде келетiн сатиралық әңгiме де, адамгершiлiк өсиеттер де, публицистикалық насихат түрлерi де, шешендiк әңгiме кеңестерi де бар. Тек көлемдi көркем проза жазбаған.
Қысқасы бiз: 1) Абайдың қара сөздерiң негiзiнен прозаның шағын түрi деп атау керек. 2) Абайдың қара сөздерiнде шағын прозаның мынадай түрлерi бар деп бiлу керек демекпiз:
1. Өсиет Ғақлияға Абайдың адамгершiлiк мораль, мiнез-құлық туралы мысал жөнiмен келетiн өсиет мазмұнды эссе ретiндегi сөздерi және дiни ғибрат ретiнде жазған бiраз дидактикалары жатады. Олар: Он үшiншi, Жиырмасыншы, Жиырма сегiзiншi, Отыз сегiзiншi сөздерi деуге болады.
Абай өсиет Ғақлия реттi эссенi тек түр ретiнде өз мақсатына сай жаңа мазмұн бере отырып, пайдаланған. Мұны Абай ағартушы насихатшының талабына, өнеге, ақыл айтып кету арманына сай жазған. Сондықтан оны түр ретiнде пайдаланудан қашпаған.
2. Тастих немесе философиялық трактат. Бұған Абайдың философиялық ойларын, дүниеге көзқарастарын бiлдiретiн ғылыми пiкiрлер айтқан эсселерi жатады. Мысалы, Жетiншi сөз, Он жетiншi сөз, Қырық үшiншi сөз, Қырық бесiншi сөз.
Бұдан басқа Жиырма жетiншi сөзi мен Отыз сегiзiншi сөзi де трактат үлгiсiне ұқсайды. Бiрақ олар терең ойлылығы жақынан жақын болса да, түрi жақынан бiраз алшағырақ. Соңдықтан бұл сөздердi өсиет ретiндегi диалог - кеңес сөз үлгiсiне жатқызған жөн.
3. Нақыл тұспал сөз (афоризм, изречение). Абайдың өлеңдерiнде де, қара сөздерiнде тауып айтқан, тұжырымды үлгiлi деп аталып жүрген сөзi түгелдей афоризм (23 афористiк сөз), тұспал сөздер де көп. Осындай афоризм тiзiмi Қабуснамада да кезiгедi. Қара сөздерiнiң iшiнде Отыз жетiншi сөзде, бұдан өзге афоризмдерi көп. Олар әр жерде шашылып жатыр, өлеңiнде де, қара сөздерiнде де, әркiмнiң еске алған сөздерiнде де кездеседi. Оларды өз алдына тiзсе, мол дүние болып шығады.
Мысалы: Сақалын сатқан кәрiден еңбегiн сатқан бала артық, Дүние бiр қалыпты тұрмайды, адамның қуаты бiр қалыпта тұрмайды. Ендеше көңiл қайдан бiр қалыпта тұра алады (Жиырмасыншы сөз). Осылайша, тұспал сөзбен ақыл айтып, тұжырымды ой берiп, әдебиетте тұспал мәтел сөз формасын дамытты.
4. Әңгiме, кеңес ретiндегi диалог, монологтарында Абай кейде екi адамды не адам мүшелерiн сөйлестiрiп, кеңестiредi. Кейде өзi әңгiме-дүкен құрып, тыңдаушысымен не өзiмен өзi кеңесiп отырады. Бiреуге сұрау қойып, жауап күтедi, не өзi екiншi кiсiнiң ролiнде толғанады. Жауабы өзiнен-өзi белгiлi сұрақтар қояды. Мысалы: төртiншi, бесiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он екiншi, он алтыншы, он тоғызыншы, жиырма бесiншi, жиырма жетiншi, отыз бiрiншi, отыз екiншi, қырқыншы сөздерi.
5. Публицистикалары: бiрiншi, екiншi, үшiншi, он төртiншi, жиырма төртiншi, жиырма алтыншы, жиырма тоғызыншы, отыз үшiншi, отыз тоғызыншы, қырық бiрiншi, қырық екiншi сөздерi және Бiраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы мақаласы.
Публицистика - мерзiмдi баспасөздiң шығуына байланысты пайда болған белсендi жанр. Онда саяси-әлеуметтiк, қоғамдық маңызы бар мәселелер қозғалады. Жағымсыз құбылыстар, мiнездер сыналады. Кейде ғылыми мәселелер көтерiледi. Абайдың екiншi, үшiншi, бесiншi, тоғызыншы, отыз үшiншi, қырық екiншi сөздерi мен Бiраз сөз қазақтың қайда шыққаны туралы сөздерi - ғылыми мақала ретiнде жазылған публицистикалық еңбек. Онда Абай алуан түрлi қоғамдық саяси - әлеуметтiк, ғылыми мәселелердi қозғайды. Бұл сөздердiң мақалалық сипаты айқын байқалады. Күнделiктi бiр мәселенi қысқаша жай ғана баяндап берушiлiк, оған әлеуметтiк тән бере сөйлеу - мақалаға ұқсататын қасиеттер.
Абай қазақтың болыс, билерiн, байларын келеке еттi, елдегi қырсыздық, еңбексiздiк, надандық тағы басқа жағымсыз iстердi сынай сөйлеп, алтыншы, он бiрiншi, он төртiншi, жиырма екiншi, жиырма тоғызыншы, қырық бiрiншi сөздерiнде публицистиканың сын-сатира, эссе, очерк, мақала, памфлет жанрларын әдебиетке әкелдi. Памфлетте ирониялық күлкiнiң, сатираның элементтерi басым болады. Памфлет адамшылыққа жат қылықтарды мұқату, халықты оған қарсы қою, жақсылыққа шақыру мақсатын көздейтiн публицистика. Әсiресе алтыншы, он бiрiншi, жиырма екiншi, жиырма тоғызыншы, қырық бiрiншi сөздерi памфлетке ұқсайды.
Ал Абайдың бiрер сөзi ("бiрiншi сөзi") мемуарлық, кейде күнделiк деректi бiлдiредi. Соның элементтерi байқалады. Мұнда Абай өз жайын, ойын, мақсатын, талаптарын айтып отырады.
Абайдың қара сөздерi тек жанры - прозалығы жақынан ғана маңызды шығарма емес, сонымен бiрге, ол өзiнiң тiлi, стилi жақынан да аса маңызды еңбектер.
Абай XIX ғасырдағы гуманитарлық ой сананың жемiсi, ол - көркем әдебиет тiлiн жалпы халықтың қазақ тiлiне жақындастырып, оның бұқаралық сипатын зорайтқан, қазақ әдеби тiлiн қалыптастырып жетiлдiрушi. Абай өзiнiң көркемдiгi жоғары шығармаларын жалпы халықтық қазақ тiлiнде жазды. Халық тiлi байлығын өте шеберлiкпен ұстартып, ұқыптылықпен қолданды.
Абай шығармаларының тiлiнде қазақ тiлiне тән барлық халықтық қасиеттер сақталған. Қазақ тiлiнiң монолиттiк бiрлiгiн, ертедегi ескi формаларын және оған көршi - татар, башқұрт, өзбек, қырғыз, араб, парсы тiлдерiнiң заңды әсерiн Абай шығармаларының тiлiнен айқын көруге болады. Керек жерiнде шет тiл сөздерiн орынды қолданады.
Абай заманында қазақтардың билеп-төстеушiлерi, дiн басылары, татар молдалары қазақ тiлiне араб-парсы сөздерiн көп енгiзiп, оны бiрте-бiрте күшейте түстi. Абай олардың қазақ тiлiн бөтен сөзбен шұбарлап, бұзуларына жол бермей, тiл тазалығын керек еттi. Абай қазақтың бай әдеби тiлiн меңгерiп, оны iлгерi дамыту мақсатында өзiндiк жаңа сөз, сөйлем тiркестерiн жасады. Кейбiр қолданылып жүрген сөздердiң өзiне жаңа мағына берiп отырады.
Абай орыс сөздерiн қолданғанда оны қазақ тiлiнiң заңына көндiре, қазақ ұғымына, айтуына ыңғайлап, өзгертiп те жiбердi.
Халық әдебиетiндегi мақал-мәтел сияқты нақыл сөздердi өзiнше пайдаланып, оны да жаңа тұрғыда дамытты. Қазақ әдеби тiлiн орыс тiлiмен жақындастырып, одан аударып не тiкелей сөз алу жолымен қазақ тiлiнiң сөздiк құрамының өсуiне алғаш үлгi көрсеттi. Сөйтiп Абай қазақтың әдеби тiлiн бұрынғы қалпына әлдеқайда жетiлдiрiп, мәдениетi iлгерi елдердiң әдеби тiлi дәрежесiне жеткiзу қамын жасады.
Абайдың философиялық қара сөздерiнiң тiлi автордың өз ойымен кезiнiң алдыңғы қатарлы санасын бере бiлуде тиянақты, өзiндiк өзгешелiгi бар екенiн және оның дүние танып, қорытынды жасау талабында болғанын танытады. Оның әрбiр сөздерi - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаев қара сөз кітабының авторы
Абайдың шығармашылығы
Абай - дана, Абай – дара тұлға
Абай
Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларының тәрбиелік қызметі
Абай шығармашылығының рухани болмысы
Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары
Абай Құнанбайұлы
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
Абай Құнанбаев өмірбаяны
Пәндер