Қазақстанның саяси – экономикалық, әлеуметтік және сыртқы жағдайы
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
I.тарау. Ресейге қосылар алдындағы Қазақстан.
1.1. Қазақстанның саяси .экономикалық, әлеуметтік және сыртқы жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2. Қазақ әдет.ғұрып заңдарының негізгі тармақтары және оның институттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
II. тарау. Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның салдары.
2.1. Ресейдің Қазақстанды отарлап алуы және оның
салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2. Құқықтық және саяси .әкімшілік реформалар ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.3. Озбырлыққа қарсы ұлт.азаттық көтерілістер ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46
Қолданылған құжаттар тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48

Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі. Тәуелсіз мемлекетіміздің нығайып, жан -жақты дамуы , адамдардың әлеуметтік тұрмысының жақсаруы, ұлтаралық татулықтың орнауы, рухани мәдениетінің өркен жаюы қашан да имандылық пен ата-бабаларымыз ұрпақтарына қалдырған қағида-ережелеріне байланысты болмағы даусыз. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойына моральдық нормаларға бағынып , арақатынастарын солар арқылы реттеп отырған. Оны еліміздің өткен ата-бабалар өмір салтынан көруге болады.
Кешегі патшгалық саясат пен тоталитарлық басқару әдісі халықты шенеуніктер не айтса, соған көнуге үйретіп , мәңгүрттендіре отырып, ата-бабаларымыздыің өткен өмірін сұрғылт, қаптаған сор , әділдіктен мақұрым ретінде санамызға ұялатып , өзіміз шошитын құбыжық етіп көрсеткісі келді. Сөйтіп , бірнеше ғасырлар бойына созылған бұл дәстүр ұрпағымыздың азуына , ұлттық сананың өспеуіне әсер етті. Нәтижеде «бөлшекте де , билей бер» деген қағида ұран күшіне еніп, оны жүзеге асыру шаралары қарастырылды. Қазақ халқының рулардан тұратының сәтті пайдалана білген басқыншылар бір руды екіншісіне айдап салды, араға сөз жүгіртіп , ел арасын арандатты.Қазақ қоғамына әр түрлі дау-дамайларды қасақана қопсытып, өзара қырқыстыру нәтижесінде атамекенінен бірте-бірте айырды. Мұндай жымысқы саясаттан кеңес өкіметі де адал бола алмады, қайта тапқа, топқа, жерге бөлу өршітіле түсті. Сол ауыру әбден меңдегені сонша, одан әлі күнге айырыла алмай келеміз.
Ата-бабаларымыз қалыптастырып еншімізге қалдырған заңдар әрқашанда имандылықпен, әділдікпен қабысып, оны озық адамзат қоғамы өз жан-дүниесімен шығарған болатын.Сол себепті де ол деуірде имандылық пен заң бәрінен де жоғары қойылып, оған ханнан бастап қараға дейін бас иген, талаптарын мүлтіксіз сақтаған. Қазір мұндай байланыс мүлдем үзілген. Оны патшалық Ресейден бастап, кешегі тоталитарлық басқару жүйесі быт-шыт қылған. Қираған ұлттық сипаттарымызды зерттеп, зерделеп, тәуелсіз мемлекетіміздің басты идеологиясына айналдыру іспетті маңызды мәселе тарих ғылымы мен құқықтық тарихымызда негізгі мәселе болуы тиіс. Құр сүлбесі қалған ата-бабаларымыздың құқықтық мәдениетін қаз-қалпына келтіру аса қиындық келтірмейді. Өйткені ол рухани мұралар, қанымызға, дінімізге әбден сіңген. Оны жоқ ететін күш әсте болмайды.
Мәселенің өңделуі.Сөз жоқ, бұрыннан келе жатқан екі жүзді моральмен өмір сүру мүмкін емес. Ел боламыз десек, қазақ халқының көсегесін көтереміз десек,Конституциямыздағы құқықтық, демократиялық мемлекет орнықтырамыз, адам және адамзат өмірі, құқықтары мен бостандықтары – оның ең қымбат қазынасы деп жазған ережелерді жүзеге асыру жағына көңіл қойғанымыз абзал. Рас, ата-бабаларымыздың рухани мәдениеінің басты саласы болып табылатын әдет-ғұрып заң нормалары әр дәуірде өзіне лайықты қырынан сөз етілген-ді. Қазақ әдет-ғұрып құқығын зерттеуге Қазақстанның Ресейдің қол астына енуі кезеңінде патшалық саясат мәжбүр болып, еріксіз қолға алынған-ды. Ондағы басты мақсат:қазақ әдет-ғұрып заң нормаларын жинап, оларды патша заңдарымен салыстыра қарап зерттеуге, өзіне ыңғайлыларын өкімет саясатына және шығаратын жарлықтарына қарсы келмейтіндей етіп қолдану, ал сәйкес келмегендеріншектеп, тосқауылдар қою, тіпті жойып жіберу еді. Бұл арада айта кетер бір мәселе сол, қандай пиғылмен болса да, сол кездегі жиналған әдет-ғұрып жайлы деректер нормативті өмір шындығының жазба жәдігерліктері болуында. Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі тұстарда қазақ әдет-ғұрпы қоғам ішінде әлі өз орнын жоғалта қоймағанына қарамастан, оларды тез арада тұншықтырып, тамырына балта шабу жақтары қарастырылды. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрмен қатар рухани мәдениетіміздің басқа салаларына да шабуыл жасалды. Сақталған жазба мәдениеттеріміз өртенді, жасырып жерге көміліп, шіріді. Оны ұстанушылар қудаланды.
Бұл жайлы шындықтың беті ашылып, ғайбаттың көбесі сөгіліп, соңғы кезде, әсіресе еліміз тәуелсіздігін жариялағалы бері әділдіктің беті бері қарай бастады. «Өткенін білмейтін халықтың - өзіне сенім болмайды»,2-деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1998 ж. 18 наурызында Алматыдағы зиялылармен кездесуінде сөйлеген сөзінде ашығын айтты. Қазақ тарихының шындығын айтушылар көшбасында белгілі тарихшыларымыз:М.Қозыбаев, Ү.Нысанбаев, Ж.Қасымбаев, Б.Көмеков, А. Қадырбаев, Ғ.Есімов, Д.Кішібеков, Қ.Нұрпейсов, Т.Омарбеков, М.Қойгелдиов т.б. ғалымдарымыз елеулі еңбек сіңіруде.

Қолданылған құжаттар тізімі
1. Назарбаев Нұрсұлтан: Қазақстан тарихы – бірігу тарихы, Тұтастану тарихы. «Егемен Қазақстан» 1998, 18 наурыз.
2. Кенжәлиев З. «Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет» А., 1997.
3. Қозыбаев М. Ата тарихы туралы сыр. «Егемен Қазақстан» 1992, 3 қазан.
4. Әбуталиев Н. Ордабасы Қожаберген. Алматы, 1995.
5. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячилетий. А., 1992.
6. Созақбаев С. Тәуке хан. «Жеті Жарғы», Алматы, 1994.
7. Зиманов С.З., Усеров Н.У. «Жеті Жарғы жайлы». В сборнике «Проблемы казахского обычного права», Алматы, 1989.
8. Апполова Н.Г. Экономические и политические связи Казахстана с Россией 18 начале 19 в. М., 1960.
9. Марғұлан А.Х. Из истории городов и строительного искусства Древного Казахстана. А., 1950.
10. Қазақ шежіресі, Алматы, 1994.
11. Апполова Н.Г. Присоединение Казахстана к России. А., 1948. 129 б. Ана тілі, 1990, 19 сәуір.
12. Қазақ ССР тарихы. Алматы, 1949, 1 т., 155 б.
13. Бекмаханов Е. Қазақ халқының Кенесары бастаған азаттық қозғалысы. «Жұлдыз», 1991,№10.
14. Мойсеев В.А. Джунгарское ханство и казахи 17-18 вв. Алматы, 1191,стр.56.
15. Басин В.Я. Казахстан в системе внешней политики России в первой половине 18 в. В кн: Казахстан в 15-18 вв. А., 1969, стр.73.
16. Өсерұлы Н. Халық дәстүрінен үйренейік. «Фемида», 1996, №9, 30 б.
17. Кенжәлиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. Алматы, 1971.
18. Зиманов С.З., Еренов А. О характере феодальной собственности на землю в Казахстане. Труды Алма – Атинского юридического института. А., 1955, т.1, стр. 49.
19. Әбдіраманұлы А. Халық данасы – Сары би және Қоңырат руларының шежіресі. А., 1992.
20. История государства и права КазССР, Алматы, 1982, ч.1.
21. Қазақстан тарихы, очерктер. Алматы, 1994, 289 бет.
22. Зиманов С.З. Общественный строй казаков первой половине 19 века. А., 1958.
23. 15-18 ғасырлардағы қазақ ақын – жырауларының шығармалар жинағы, Алматы, 1971.
24. Мағауин М. «Алдаспан», Алматы, 1971.
25. Сапаргалиев Г. Карательная политика царизма в Казахстане. А., 1966.
26. Өсерұлы Н. Шариғат. Алматы, 1996, 286-287 беттер.
27. Қасымбаев Ж. Кенесары хан, А., 1993.
28. Өзбекұлы С. Барлыбек Сұлтанов. Алматы, 1996.
29. Мұса Ғ. «Жетісу қазақтары жайлы». «Қазақ», 1914, №60.
30. Салықов Кәкімбек. Кенесарының соңғы сөзі. «Қазақ елі», 1998, 30 қазан.

Мазмұны
Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
-----------------3
Негізгі бөлім
I-тарау. Ресейге қосылар алдындағы Қазақстан.
1.1. Қазақстанның саяси –экономикалық, әлеуметтік және сыртқы жағдайы-----
----------------------------------- ----------------------------------- ------
-----------------7
1.2. Қазақ әдет-ғұрып заңдарының негізгі тармақтары және оның институттары--

13
II- тарау. Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның салдары.
2.1. Ресейдің Қазақстанды отарлап алуы және оның
салдары---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------23
2.2. Құқықтық және саяси -әкімшілік реформалар------------------------- -----
--30
2.3. Озбырлыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістер -----------------------------
---35
Қорытынды ----------------------------------- -------------------------------
-----------46
Қолданылған құжаттар тізімі----------------------------- --------------------
------48
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі. Тәуелсіз мемлекетіміздің нығайып, жан -жақты
дамуы , адамдардың әлеуметтік тұрмысының жақсаруы, ұлтаралық татулықтың
орнауы, рухани мәдениетінің өркен жаюы қашан да имандылық пен ата-
бабаларымыз ұрпақтарына қалдырған қағида-ережелеріне байланысты болмағы
даусыз. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойына моральдық нормаларға бағынып ,
арақатынастарын солар арқылы реттеп отырған. Оны еліміздің өткен ата-
бабалар өмір салтынан көруге болады.
Кешегі патшгалық саясат пен тоталитарлық басқару әдісі халықты
шенеуніктер не айтса, соған көнуге үйретіп , мәңгүрттендіре отырып, ата-
бабаларымыздыің өткен өмірін сұрғылт, қаптаған сор , әділдіктен мақұрым
ретінде санамызға ұялатып , өзіміз шошитын құбыжық етіп көрсеткісі келді.
Сөйтіп , бірнеше ғасырлар бойына созылған бұл дәстүр ұрпағымыздың азуына ,
ұлттық сананың өспеуіне әсер етті. Нәтижеде бөлшекте де , билей бер деген
қағида ұран күшіне еніп, оны жүзеге асыру шаралары қарастырылды. Қазақ
халқының рулардан тұратының сәтті пайдалана білген басқыншылар бір руды
екіншісіне айдап салды, араға сөз жүгіртіп , ел арасын арандатты.Қазақ
қоғамына әр түрлі дау-дамайларды қасақана қопсытып, өзара қырқыстыру
нәтижесінде атамекенінен бірте-бірте айырды. Мұндай жымысқы саясаттан кеңес
өкіметі де адал бола алмады, қайта тапқа, топқа, жерге бөлу өршітіле түсті.
Сол ауыру әбден меңдегені сонша, одан әлі күнге айырыла алмай келеміз.
Ата-бабаларымыз қалыптастырып еншімізге қалдырған заңдар әрқашанда
имандылықпен, әділдікпен қабысып, оны озық адамзат қоғамы өз жан-дүниесімен
шығарған болатын.Сол себепті де ол деуірде имандылық пен заң бәрінен де
жоғары қойылып, оған ханнан бастап қараға дейін бас иген, талаптарын
мүлтіксіз сақтаған. Қазір мұндай байланыс мүлдем үзілген. Оны патшалық
Ресейден бастап, кешегі тоталитарлық басқару жүйесі быт-шыт қылған. Қираған
ұлттық сипаттарымызды зерттеп, зерделеп, тәуелсіз мемлекетіміздің басты
идеологиясына айналдыру іспетті маңызды мәселе тарих ғылымы мен құқықтық
тарихымызда негізгі мәселе болуы тиіс. Құр сүлбесі қалған ата-
бабаларымыздың құқықтық мәдениетін қаз-қалпына келтіру аса қиындық
келтірмейді. Өйткені ол рухани мұралар, қанымызға, дінімізге әбден сіңген.
Оны жоқ ететін күш әсте болмайды.
Мәселенің өңделуі.Сөз жоқ, бұрыннан келе жатқан екі жүзді
моральмен өмір сүру мүмкін емес. Ел боламыз десек, қазақ халқының көсегесін
көтереміз десек,Конституциямыздағы құқықтық, демократиялық мемлекет
орнықтырамыз, адам және адамзат өмірі, құқықтары мен бостандықтары – оның
ең қымбат қазынасы деп жазған ережелерді жүзеге асыру жағына көңіл
қойғанымыз абзал. Рас, ата-бабаларымыздың рухани мәдениеінің басты саласы
болып табылатын әдет-ғұрып заң нормалары әр дәуірде өзіне лайықты қырынан
сөз етілген-ді. Қазақ әдет-ғұрып құқығын зерттеуге Қазақстанның Ресейдің
қол астына енуі кезеңінде патшалық саясат мәжбүр болып, еріксіз қолға
алынған-ды. Ондағы басты мақсат:қазақ әдет-ғұрып заң нормаларын жинап,
оларды патша заңдарымен салыстыра қарап зерттеуге, өзіне ыңғайлыларын
өкімет саясатына және шығаратын жарлықтарына қарсы келмейтіндей етіп
қолдану, ал сәйкес келмегендеріншектеп, тосқауылдар қою, тіпті жойып жіберу
еді. Бұл арада айта кетер бір мәселе сол, қандай пиғылмен болса да, сол
кездегі жиналған әдет-ғұрып жайлы деректер нормативті өмір шындығының жазба
жәдігерліктері болуында. Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі тұстарда қазақ
әдет-ғұрпы қоғам ішінде әлі өз орнын жоғалта қоймағанына қарамастан, оларды
тез арада тұншықтырып, тамырына балта шабу жақтары қарастырылды. Әдет-
ғұрып, салт-дәстүрмен қатар рухани мәдениетіміздің басқа салаларына да
шабуыл жасалды. Сақталған жазба мәдениеттеріміз өртенді, жасырып жерге
көміліп, шіріді. Оны ұстанушылар қудаланды.
Бұл жайлы шындықтың беті ашылып, ғайбаттың көбесі сөгіліп, соңғы
кезде, әсіресе еліміз тәуелсіздігін жариялағалы бері әділдіктің беті бері
қарай бастады. Өткенін білмейтін халықтың - өзіне сенім болмайды,(2(-деп
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1998 ж. 18 наурызында Алматыдағы
зиялылармен кездесуінде сөйлеген сөзінде ашығын айтты. Қазақ тарихының
шындығын айтушылар көшбасында белгілі тарихшыларымыз:М.Қозыбаев,
Ү.Нысанбаев, Ж.Қасымбаев, Б.Көмеков, А. Қадырбаев, Ғ.Есімов, Д.Кішібеков,
Қ.Нұрпейсов, Т.Омарбеков, М.Қойгелдиов т.б. ғалымдарымыз елеулі еңбек
сіңіруде.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Патшалық Ресей империясының қол астына
қазақ халқының еріксіз кіруінің себептері мен салдарын, маңызын, қазіргі
қоғамда алатын орнын сипаттау.
Зерттеудің міндеттері:
−Қазақстан Республикасының тарихи аренадағы жаңа орнын баянды етудің
негізгі жолдарын анықтау;
−Өткен тарихымызға шынайы баға беру;
−Ғылыми құндылықтарды республика халқының мақсат-мүддесіне, игілігіне
қызмет ету екендігін баяндау.
Зерттеу нысанасы − көрнекті тарихшы ғалымдардың творчестволық мұрасы
болып табылады.
Жұмыс деректемелері ретінде болғандар:
−өкіметтің басшылық және бағдарламалық құжаттары;
− жетекші тарихшылар, зерттеушілер, этнографтардың тарих ғылымына
арналған материалдары;
−Мерзімді басылымдар, еңбектер, құжаттар жинағы, Қазақстан тарихы,
мәдени құрылыс, халыққа білім берудің анықтама материалдары;
−Қазақстан Республикасының энциклопедиялық басылымдарының
мәліметтері;
−А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап кітапханасының, облыстық тарихи-
өлкетану мұражайының анықтама-библиографиялық әдебиеттері мен картотекалары
қолданылды.
Зерттеу әдістері. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес
өзара байланысты ғылыми әдістердің жиынтығы қолданылды.Оған тарихи,
салыстырмалы, статистикалық талдау әдістемесі қамтылды.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Оның барлық негізгі нәтижелерін
тарихшы мамандарға, мұғалімдер мен оқытушылардың жұмыс тәжірибесіне,
студенттерге оқу сабағына дайындалуға, ғылыми курс жұмыстарын жазуға көмек
ретінде қолдануға болады. Бұл материалдар Қазақстан тарихы, Тарихи
деректану т.б. пәндерде оқу құралы ретінде қолдануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 2 тарау, қорытынды,
қолданылған құжаттар тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі негізделген, зерттеудің
мақсаттары мен міндеттері анықталған, оның теориялық және тәжірибелік
маңызы көрсетілген. Өткен тарихтың жалпы сипаттамасы, тарихнама талдауы
жарияланған материалдарға шолу берілген.
Негізгі бөлімде патшалық Ресей қоластына еріксіз кірген қазақ
халқының қиын тағдыры сөз болуымен қатар озбыр күш ықпалының ежелден
қалыптасқан елдің мемлекеттік басқару жүйесін өзгеріске ұшыратып, тұрмыс-
тіршілігінің қалыпты жағдайын, азаматтық, қылмыстық құқықтарын бұзғандығы
деректі материалдар негізінде әңгіме болады.
Сондай-ақ, қазақ халқының өткен тарихы, әдет-ғұрыптары, хандарының
жүргізген саясаты мен билерінің төтенше съезі Ережелері сияқты көптеген
маңызды мәселелер де қамтылған.
Қорытындыда атқарылған жұмыстың нәтижесі келтіріліп, негізгі
тұжырымдамалар жасалған.
Қолданылған құжаттар тізімінде диплом бітіру жұмысына пайдаланылған
басылымдар жүйелі түрде көрсетілген.
1-Тарау. Ресейге қосылар алдындағы Қазақстан.
1.1. Қазақстанның саяси- экономикалық, әлеуметтік және
сыртқы жағдайы.
17 ғасырдың аяғы 18 ғасырдың басына қарай Қазхақстанның саяси жағдайы
онша мәз емес енді. Уақ хандықтарға бөлінген қазақ феодалдары өзара
алауыздық пен кикілжіңге белшесінен батып, ал сұлтандар болса, осы
алауыздықты өз бас пайдаларына жаратып, қазақтардың ұлы ханы болуға тырысып
жатты. Шыңғыс тұқымдарының Тақ таласы талай жазықсыз жандардың қызыл ханы
текке төгіліп, қазақ елінің күйзеліске ұшырауына жақындата түсті. 1640 жылы
Дала құрылтайында әскери тәртібін нығайтатын заңдар қабылдаған соң іргелі
елге айналған Қалмақ мемлекеті пайда болуы нәтижесінде бұл қауіп күшейе
түсті. 1640 жылы Дала ережелерін қабылдаған жоңғарлықтар Бір жеңнен
қол, бір жағадан бас шығарып, қазақтарға аса қауіпті, күшті мемлекетке
айналды. Мемлекет басында Хұн-Тайша отырды. Нояндар мен зайсандары ұлыс-
аймақтарды басқарды. Ел ішінде темірдей тәртіп орнады. Тумысынан көшіп-
қонып мал баққан жоңғарлықтар мал жайылымдарына зәру болды. Олжерлер
қазақтардың сахарасы еді.
Жоңғарлардың бастапқы Қазақстанға басып кіруі, 1643 жылға тура
келеді. Батур Хұн-Тайша басқарған жоңғарлықтар Жетісуға баса көктеп кірді.
Қиын жағдайда қалған Жәңгір хан аз ғана жасағымен Бұхарадан Жалаңтөс батыр
көмегі жеткенше қалмақтарды тау шатқалында ұстап, ерлік көрсеткенін біз
тарихтан жақсы білеміз (2(. Алайда Батур өз мемлекеті аумағына Жетісудың
шығыс бөлігін, Ертіс пен Балқаш көлі жағаларын қосып алып, кеңейте түсті.
Қалдан-Церен тұсында да жоңғарлықтар шабуылы өрши түсті. Ол 1678 жылы
Шығыс Түркістанды өзіне қосып алды. Ендігі жерде Жоңғария мемлекеті
Ресеймен, Қытаймен, Орта Азиямен сауда-саттық, алыс-берісін күшейтті.
Әсіресе, байлығы мол Шығыс Түркістан шикізатын Ресейге қару-жараққа
алмастырып ала бастады. Сол замандағы өте ірі қару − пушка қалмақтарда
болғанын П.Рычков жазған-ды (3(.
Осындай қиын кезде таққа отырған Тәуке ханның алдында Қазақ халқының
тәуелсіздігін сақтап қалу саясаты басты мәселе болды. 1681 жылы Қалдан-
Церен Шудан өтіп Сайрамға тарпа бас салды. Бірақ, қазақтардың ерен
ержүректілігі арқасында Сайрам аман қалды. 1684 жылы қалмақтар қайта
оралып, Сайрам атырабын қиратып кетті.
Цеван-Рабтан (1697-1727) тұсында қазақтарға үстін-үстін жоңғарлықтар
(1711-1712, 1714, 1717, 1723, 1725) шабуыл жасады. Әрине, жоңғарлықтарға
қару беріп, құтыртып отырған Ресей еді. Оның мақсаты тым әріде, қазақтарды
әлсіретіп, өзіне бодан етіп қосып алу ниетінде еді.
Осындай қиын-қыстау заманда ру-ру, ұлыс-жүз болып бөлініп,
алауыздықпен өзара дау-жанжал, қақтығыстар мен бірін-бірі барымталаған
қазақтардың басын қосып, ішкі дау-жанжалдарды сәл де болса тежеп, уақ
хандарды бір орталыққа біріктірген, елдің ынтымақтастығын күшейткен Тәуке
хан еді. Сондықтан да халық сол дәуірді бозторғай қой үстіне
жұмыртқалаған кезең еді деп текке айтпаған.
Осы дәуірде қабылданған ірі реформалардың бірі − Жеті Жарғы деп
аталатын қазақ әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Бұл жинақтың қазақ қоғамы
өмірінде алған орны мен маңызы өте зор болғаны мәлім.
Қазақтардың ежелден-ақ күн көрісінің негізі мал шаруашылығы болды.
Былайша айтқанда, мал қазақтарға ішсе – тамақ, кисе – киім, мінсе – көлік
қызметін атқарады. Бұл дәуірде сыртқы саяси жағдайдың күрт қиындауы
жоңғарлықтардың қазақтың көп жерлерін басып алуы себебінен қоныстың
тарылуынан болғанынан деп санау қажет. Жеті Жарғының үлкен бір бөлігін ел
қонысы, жер дауын шешу деп тұжырымдауға болады. Онда қазақ қоғамындағы
әрбір рудың көшіп- қонатын жайылымдық жері мен қыстауларын анықтап,
белгілеп беру реттері айтылған.
Тәуке хан кезінен БИЛЕР КЕҢЕСІ тұрақты кеңесу органына айналды.
Кеңес мүшелігіне атақты билер, батырлар енді. Бұлар заң шығару функциясына
ие болды. Бұл кеңесу органы шешімінсіз хан бірде-бір шешім шығара алмады.
Хан қазақ қоғамындағы көкейкесті мәселелерді шешу үшін билер кеңесін
шақыруға құқықты еді. 1693 жылы орыс елшілері келуіне орай шақырылған билер
кеңесі немесе тұрақты күз айларында өткізілетін халық мәжілісі т.б. Осы
кеңестерде шешілген бағдарламамен хан жұмыс істеді. Көбіне билер кеңесі
мамыр айында, ал халық мәжілісі қазан, қараша айларында, яғни жайлауға не
қыстауға көшіп-қонғаннан соң өткен. Оған мүмкіндігінше үш жүзден өкілдер
түгел қатысқан (19(. Мұндай жиындар хан сарайында немесе Түркістандағы
Х.А.Яссауи мешіті қасындағы би төбеде өткен (20).
Тәуке хан сырқы жағдайдың қиындығын ескеріп, батырлар қосынын
шекараға таяу көшіп-қондырған (21(.
Тәуке көрші мемлекеттермен тату-тәтті тұруға ұмтылды. Ол Бұхар
хандығымен қарым-қатынас жасап, сауда-саттықты ұлғайтты (22(. 1686-1693
жылдар аралығында Тәуке хан Ресейге бірнеше дүркін елшілер жіберіп, тату
көрші болғысы келетінін білдірді. Бірақ, Ресей патшалығы қазақтарды
қалмақтар арқылы әлсіретіп, содан соң қолға түсіргісі келіп, Қазақстан
арқылы Орта Азия, Үндістан, Қытайға шығу саясатын ұстанды. Жоңғарлықтар
қазақтардың бітпес ата жауына айналды. Өз тәуелсіздігін сақтау шаралары
қазақ хандығы алдында маңызды мәселе болды.
Тәуке хан ру басшылары мен билерге өз елінің барлық мүмкіндіктерін
пайдалана отырып, жауға баратын жауынгерлердің ер-тұрманы мен көлігін, қару-
жарағын қамтамасыз етуді міндеттеді. Мойнына қару асынған қазақ ел
қорғаушысы ретінде танылып, сол себепті де құрметтелді.
Билер кеңесі Тәуке хан жүргізген реформаларды жүзеге асыруда
үлкен үлес қосты, өзінің мемлекеттік функцияларын тұрақты түрде атқара
отырып, сыртқы жауға тойтарыс беруге жұмылдыра алды. Қоғамдық саяси аренада
халық арасынан шыққан ерен батырлар, ерен жанқиярлықпен ерлік танытты.
Тәуке хан ел басын біріктіре отырып, ортадағы алауыздықтарды жоя білді. Үш
жүз билерінің басын қосып, елді бірлікке, бәтуалыққа шақырды. Жерді
пайдалану барысында туындаған дауларды әділдікпен шешуге тырысты.
Рас, Тәуке хан бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құра алмады. Ол
тек осы бағытта батыл әрекет қана жасады. Қазақ мемлекетінің саяси бірлігін
шамалы ғана қалпына келтіруге және қазақ сұлтандарының ханды қолдауына
сыртқы қауіп қолайлы жағдай туғызса да бұл әрекет іске аспады, деп
бағалайды (24(, Тәуке хан құрған мемлекетті. Әлбетте, бұл пікір артық
айтылған. Кезінде осы кезеңге әділ баға берген Е.Бекмахановтың Тәуке хан
ру араздығына қарсы аянбай күресті және жеке сұлтандар мен билердің
дербестігін шектеді... Сот билігін толық өз қолына шоғырландырды... Осындай
шаралармен орталықтанған мемлекетке қарсы билер мен сұлтандардың мүддесіне
ауыр соққы берді,(25(- дегеніне құлақ асқан жөн.
Ресей патшалығы Қазақстанға қызығуы 18 ғасырдың басынан ерекше
күшейе түсті. Қазақтардың тәуелсіздігін сақтауға ерен күш жұмсаған әз-Тәуке
өлгеннен соң (1718),қазақ қоғамы тағы да тақ таласы үшін алауыздыққа
ұшырады. Сүттің қаймағындай кілегейленген бірлікке жік түсіп, елдің
берекесі қаша бастады. Тәуке ханнан соң хан болған Қайып Ресейдің саясатын
жете ұғынып, үлкен жаудың алдын алу үшін 1718 жылы Тайкөмір Құлтубаев
бастаған елшілігін жіберіп, онда олар: Сообщили лишь об одном желании хана
находиться в союзнических отношениях с Российским государством, сохраняя
вечний мир, но нисколько не намекая на какие-либо отношения подданства
(28(,- деген Қайып хан хатын тапсырды.
Сол жылы Әбілхайыр да Шабы және Бахадурмен бірге Ресейге елшілікке
барып, І Петрге о готовности служить Российскому государю не только на
конях но и пеший рад(29(, - деген хатын тапсырды.
Жоңғарлықтардың шабуылын тек Ресей империясының көмегі арқылы
тойтара алуға болатынына көзі жеткен Әбілхайыр орыстармен достасу шараларын
қарастыра бастады. Алайда құтырған қалмақтар 1723 жылы қазақтарды ақтабан-
шұбырындыға ұшыратып, қалың елді тоз-тоз етті. Қалған елді қырғызып алмау
және қазақтардың тәуелсіздігін жоғалтпау жолында Кіші жүзден Тайлақ, Орта
жүзден Бөгенбай бастаған қазақ қолдарын Әбілхайыр бастап, ата-дұшпанымен
алысты. Соның нәтижесінде 1726 жылы Бұланты өзені бойында (Сарысу), 1729
жылы Балхаштың оңтүстік бетінде қалмақтардың жойқын қолына соққы беріп,
тегеурінді шабуылын тоқтатты (30(. Көп ұзамай 1730 жылы қыркүйекте
Әбілхайыр Анна Иоанновнаға Қазақстанды Ресейге қосып алу жөнінде өтініш
жазып, елші жіберді.Оған жауап ретінде 5 қазан 1730 жылы Ресейдің Тевкелев
А.И. бастаған елшілері келді (5(. Бұлардың мақсаты атақты ру басшыларын
парамен сатып алу, сөйтіп Әбілхайыр ханмен бірге орыс бодандығын ант
ішкізіп қабылдау болатын.
19 ақпан 1731 жылы орыс падишасы қазақтардың орыс мемлекеті
қоластына енгені хақында жарлық жариялады.
5 қаңтар 1732 жылы Әбілхайыр бас болып Самеке, Барқ, Нұралы, Бөгенбай
және 27 ру басшылары ант ішіп, Ресей қоластына енгендігін айғақтады.
Тарихшы З.У. Тоғанның айтуынша, 1730 жылы Тәукенің ұлы Болат хан
қайтыс болған соң, қазақтың үш жүзі Әулиеатада құрылтай шақырылып: бұл
құрылтайға үш жүздің ұлы ханы Болаттың баласы Әбілмәмбет және Болат хан
тікелей билігін жүргізген Ұлы жүздің сұлтандары, Шығай ханның ұрпағы және
өз заманының қаһарманы Барақ сұлтан билігін жүргізген Орта жүздің
сұлтандары, Әбілхайыр басқарған Кіші жүздің суұлтандары қатынасады... Осы
құрылтайда Әбілхайыр Әбілмәмбеттен үш жүздің ұлы хандығын алмақ болып
жолсыз талап қояды. Сонымен үш жүздің берекесі бұзылады (15(, - деп,
Әбілхайырдың үш жүз бірлігіне жік салғанын ескертеді. Өйткені, Әбілхайыр үш
жүз арасына жік сала отырып, үш жүзге ұлы хан, оған қоса Хорезм мен
Қарақалпақ ханы болып билікті қолға алуды арман еткен. Шындығын айтсақ, бұл
кезде Әбілхайыр хан Кіші жүздің өзінде
түгел билемеген, оның бір бөлігін Қайып ханның баласы Батыр сұлтан, енді
бір бөлігін Әбілхайырдың ұлы Нұралы сұлтан, қалған бір бөлігін Әбілхайырдың
өзі билейтін еді. Құрылтай Болат хан орнына Әбілмәмбетті хан етіп сайлап,
қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына көшеді. Осындай сәтте
Әбілхайырдың тек Ресей қоластына кіріп, қолдағы билігінен айырылып қалмау
саясатын ұстанғаны шындық. Әбілхайырдың әлсіздігін орыс патша үкіметі де
білді. Әбілхайыр ендігі жерде , казак-орыс, башқұрт, қалмақтардан тепкі
көріп отырған қазақтар әлсіз екендігін орыс билеушілеріне жеткізіп, оның
өзіне хиуалықтар мен қалмақтарды, алаларды бағындыруына көмек көрсетуге ,
сонмен қоса қазақ хандығы орыс патшасы қол астының мәңгілікке өтуге уәде
беретінін айтады (29(. Мұндай бас июшілікті орыс билеушілері қуана қарсы
алды. А.И.Левшиннін айтуынша , қазақтардың бағынуы Ресей империясы үшін
барлық жақтан пайдалы болды: 1) Бұл империя бір тамшы қан ағызбай бірнеше
жүз мың халықты қосып алады; 2) Қазақтардың бағынуы Шығыс оңтүстік
өлкелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 3) Қазақтар арқылы қорқынышты
жоңғарлар күшін әлсір етуге болады; 4) Қазақтарды пайдалана отырып,
бүліншілік шығара беретін башқұрттарды басуға болады; 5) Қазақтарды
пайдалана отырып хиуа, ала, қарақалпақтарды бой ұсындыруға болады; 6) Қытай
мен Үндістан секілді ірі мемлекеттермен қарым-қатынас жасауға жол ашатын,
әрі сонда кірудің кілтін қолға алады. Міне , осындай стратегиялық
маныздылығын ескере отырып, Әбілхайырдың өтінішін тез қабыл алады. 1731
жылы 19 ақпанда Ресей патшасы Анна Иоанновна Кіші жүзді Ресей қарамағына
алу туралы қол қойды.
Әбілхайырдың халыққа сездірмей , сыртан келісіп жүргені анықталды.
Бұл жайлы Қазақ ССР тарихына: Өте- мөте қатты ашындырған нәрсе-
Әбілхайырдың олармен ақылдаспастан Петербурға сөз салуы болды (28(, -
дейді. Өз саясатына бедері зор Бөгенбай батырды тарта білген Әбілхайыр
патша көңілінен шығады. 24 ақпан 1736 жылығы жауап грамотасында ханша бұл
ойын жасырмаған. Әбілхайыр патшаға онан әрі жағына түсу үшін башқұрттарға
дүрсе қоя берді.
1740 жылы Әбілхайыр Хиуаны басып алып, аз уақыт хандықты қолына алды.
Алайда , Иран Шахы Надирдың әскерінен именіп , сол жылы Хиуаны тастап шықты
(19(.Ресей өкіметі Әбілхайырдың әлсіздігіне көзі жетіп , екі ара суи
бастады. Бұл кезде жоңғарлықтар қайта тыңайып, 30 мың қолмен қазақтарға
қауіп төндіре бастаған кез еді. Ресей қазақ ханы Әбілмәмбетті қорғап, оны
нөкерлерімен бекіністеріне енгізді (12(. Сөйтіп беделі әлсіреп, ойы жүзеге
аспаған Әбілхайыр 1747 жылы қаңтарда Ресей қарамағындағы қалмақтарға
аттанды. Бірақ, жорығы сәтсіз аяқталды. Қалмақтарға Ресей қару-жарақ беріп,
әрі казак-орыстарын да жәрдемге жіберген болатын. 1748 жылы Әбілхайырды
орта жүздің сұлтаны Барақ өлтірді.
Дегенмен, Әбілхайыр бастап берген Ресейге қосылу, сөйтіп жан
сақтау дәстүрі жалғаса берді. Ендігі жерде Ресей Орта жүзді қоршай
бекіністер салып, ұлан- ғасыр қазақ жерін бодан ету саясатына тікелей
көшті. Әбілхайыр болса, қазақ халқының басына түскен ауыр тауқыметтен тек
Ресей империясы арашалап қала алады деп әрі бүкіл Қазақ пен Қарақалпақ,
Хиуаға хан боламын деп дәмеленген еді. Кәнігі айлакер Ресей өкіметі
Әбілхайырды алдап соқты. Оған жан-тәнімен қолдап-қуаттап, ешқандай да
жәрдем бермеді. Алданып қалғанын Әбілхайыр тек өлер алдында ғана сезген
еді.
1.2. Қазақ әдет-ғұрып заңдарының негізгі тармақтары
және оның институттары.
Қазақ әдет-ғұрып заңдары бірден көктен түсе қалған жоқ. Ол өз
бастауын сонау ежелгі замандарда өмір сүрген ата-бабаларымыз сақ-
массагет,гундерден алады. Кейін әдет-ғұрып заң нормалары батыс-түрік
қағанаты дәуірінде жетіле түсіп, ал дешті-қыпшақ, Қарахан тұстарында заң
түрінде қалыптаса бастады. Бұл дәуір ислам дінінің Қазақстан территориясына
таралып, ене бастаған кез еді. Құйындай шарпып өткен моңғол шапқыншылығы,
Шыңғыс ханның Жаса заңы да, кейіннен қазақ хандары: Қасым, Есім, Тәуке
жасаған құқықтық реформалар да әдет-ғұрпымыздың бұл қалыптасу құбылысына
түбірлі әсер етіп, оны өзгерте алмады. Ққалыптасу процесі бір қалыпты,
баяу, өз ағымымен жүріп отырды. Ислам діні шариғат қағидалары мен түркі
тектес ата-бабаларымыз қағида-ережелері бір-біріне араласып, өзара бірін-
бірі толықтыра отырып, өзіндік сипатқа ие жаңа әдет-ғұрып қағидаларын
қалыптастырды. Мұндай бір-біріне әсер ету, бір-біріне кірігу әдет-ғұрып
қағидаларының көп тармақтарында байқалды, оның иституттары заманға сәйкес
сомдала түсті. Сөйтіп, оның кез-келген тарауларынан біз патриархаттық-
феодалдық өсіп-өркендеудің ерекшеліктері мен сипаттарын көре аламыз. Әдет-
ғұрып заң нормалары қоғамның негізгі бағыттаушы ролін атқаратындықтан, оның
тұрмыс-тіршілік барысы, халықтың ойлау дәрежесі айқын сезіледі. Сайып
келгенде, әдет-ғұрып, салт-дәстүр сол қоғамның айнасы болып табылып, өзінің
мазмұнымен де, болмысымен де қоғамнық- саяси тіршілігімен де тығыз қабысып
жатады. Сондықтан да әдет-ғұрып заң нормалары , өзінің мазмұнымен де,
құрылысымен де, иституттарымен де сол қоғаммен біте қайнасып, сол ортаға
қызмет етеді. Сол себепті де Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және
саяси тарихын көзден таса ете отырып, зерттеуге мүлдем болмайды. Томаға-
тұйық болса да дами отырып, қазақ әдет-ғұрпы көшпелі және жартылай көшпелі
қазақ қоғамындағы негізі берік, жан-жақты сомдалған құқықтық сипатқа ие
болды. Қоғам ішіндегі тәртіпсіздіктерден бастап, саяси өміріндегі барлық
құбылыстар осы әдет-ғұрып заң нормаларымен реттеледі. Бұл 20 ғасырға дейін
қолданылып келді қазір де кей тұстары өз күшін жойған жоқ. Қайта еліміз
тәуелсіздігін жариялап, жеке ел болып отырған тұста, оның тармақтары
көктемде қылтиып шыққан жауқазындай бой көтере бастады. Түбінде Қазақстан
мемлекеті аман болса, , өзінің ата-бабалары қалыптастырып, ұрпақтарына
тастап кеткен қағида-ережелері өздеріне қалтқысыз қызмет етеді деп сенеміз.
Әдет-ғұрып заңдары қашан да болмасын, қоғамның өзі жаратып, өзі
қалыптастырғандықтан ерекше күшке ие болады, сөзсіз орындалуға жатады.
Адамдардың мінез-құлқына, дініне, санасына сіңісіп, күнделікті міндетіне
айналады. Мұндай заңдарды сыртқы күш оңайлықпен өшіре де, құрыта алмайды.
Қайта, саяси билеуші өз органдары арқылы бұл қағида-ережелерді қуаттап, күш
беріп отыруға дейін алып келеді. Өйткені бұл әдет-ғұрып заңдарын қоғам
мүшелері өздері ұнатып қабылдаған, ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тек тиімді
жақтарымен ғана көрінген.
Әдет-ғұрып заңдары қоғамда араласпайтын жері жоқ, Ол қоғамның барлық
тармақтарына кірігіп, сол шеңберде әрекет етеді. Кез келген тармағындағы
құқықтық тәртіпсіздік жауапкершілікке апарып жазаға (айып, тоғыз, құн т.б.)
не болмаса кешірім сұралатын рухани бишаралықпен өндіріледі. Әдет-ғұрып
заңының бір ерекшелігі – түрме қапассыз-ақ тәртіпсіздікке тұсау қоя алуы,
өн бойында демократиялық сипаттарының мол болуы дер едік. Сот процесі
міндетті түрде жариялы түрде, жиналған көпшілік пікірімен санаса отырып,
екі жақтың айғақтарына мән беру, істі ақылға салып, әділ шешу, мәмілеге
келу т.б. арқылы жүргізіледі. Кез келген жасалған қылмыс аяқсыз
қалдырылмайды. Қаралатын істе көпшілікке тәрбиелік бағыт беретіндей жағы
қарастырылады. Әсіресе, нақақ кісі өлтіру, ұрлық, тонаушылық, бүлік
шығарушылық, әйел зорлаушылық, зинақорлық, біреудің әйелін алып кетушілік
міндетті түрде көпшілік алдында жауапқа тартылады.
Қазақтарда Қылмыс-күнә, ал оны жасаушы қылмыскерлер күнәһарлар
болып табылады. Қылмыскер жауапқа тартылуы үшін кәмелетке толған, ақыл-есі
бүтін, істеген ісіне жауап бере алатын болуы шарт. Ал, екіқабат әйелдер,
жындылар, кәмелетке жетпегендер, құл мен күңдер (оларды күнәсі үшін қожасы
қожасы жауап береді) жауапқа тартылмаған. Міне, сөйтіп, ислам дінімен біте
қайнасып, астарласып кеткен қазақтардың қылмыстық құқықтары, оның шариғат
заңдары қағидаларымен өте ұқсас. Күнәһар деген сөз, тәртіп бұзушылық,
біреуге обал жасаушылық. Оның жазасы бұл пәни дүниеде де, ол дүниеде де
болатындығы. Қылмыс жасаушылар бұл дүниеде сот алдында, ол дүниеде Алла
алдында жауап беруге міндетті.
Сондықтан да әдет-ғұрып заңдарының негізгі талаптарының бірі жасаған
қылмыстық әрекетіне сай жаза тарту, яғни талион принципін (қанға-қан, жанға-
жан), өлтірілсе - өлтірілген, мүгедек етілсе – мүгедек етілген.
Қазақ әдет-ғұрпының (Жеті Жарғының да) негізгі тармағына біреудің
отбасын бұзу, зинақорлық жатады. Бұларды жасаушылар міндетті түрде
өлтірілген. Өйткені, қайсы бір қоғамды алмайық, ол отбасынан жанұдан
құралады. Отбасы бейбіт өмір кешсе, қоғамға жақсы, қабырғасы нық зәулім үй
секілді болғаны, ал отбасы бұзылып, іріп-шіріп жатса онда зәулім үй қирады
десе де болады Сондықтан да барлық заманда отбасының беріктігіне ерекше
көңіл бөлініп отырған. Әрдайым отбасының қожасы – отағасы, яғни сол үйдің
иесі ер адам болып табылады. Әке құқығы өте кең. Барлық мал-мүлік пен
шаруашылықты басқару қолында болған. Отбасы – ері мен әйелінен, бала-
шағасынан тұрады. Әсіресе, отбасысының кілті әйел адамның қолында. Әйелге,
үй-іші тазалығынан, тамақ даярлап пісіруден бастап, бала тәрбиесі, қонақ
күту, үй шаруашылығы, малды сауу және жайғау, оның өнімдерінен заттар
даярлау, киіз басу, өрмек тоқу, т.б. осы секілді өмірі бітпейтін барлық
шаруа мойнына жүктелген. Сол үшін қазақтар қыз балаға ерекше мән беріп,
жақсы тәрбиелеп өсіруге тырысқан. Жеті Жарғыда ері әйелінің зинә жасап
жатқанының үстінен түссе, онда әйелін де, оның ойнасын да өлтіруге құқықты,
ол үшін құн төлемейді (2( - деп жазылған. Сонымен қатар, өлім жазасына
әйелді зорлап зинә жасағандар, сол секілді шариғат некелесуге тыйым салған
қағидаларды бұзып, өзінің қарындас, қыздарына т.б. жақындасқандар кесіледі,
- дейді. Әлемдегі барлық қазақтар ішіндегі тек қазақтар 7 атаға дейін қыз
алыспайды.
Шариғатта да зінәқорлығы үшін жас-кәрі, азат не құл, мұсылман не
кәпір, ер мен әйел, еркек пен еркек екеніне қарамай, тек кәмелетке жетсе
болғаны өлтіріледі.
Қазақтарда да, шариғатта да әйелді зорлағандардың өлім жазасына
кесілуі, әйелдердің жеке мүддесін, абырой-намысын қорғағандық қана емес,
әйел адам барған отбасының, қала берді бүкіл руының намысын қорғағандық деп
білуіміз керек. Өйкені әйелді зорлау біреудің отбасын бұзғандық болып
саналады. Сондықтан да Жеті Жарғы бойынша зинақорлар өлтірілген [25].
Әрине бұл жазалар біреудің некелі әйелін зорлағанда жүзеге асырылған. Ал
басы бос айттырылмаған әйел мен қыздарды алып қашушы адымды жазалауда
басқаша түр алады. Бұл жағдайларда кінәлі адам өлім жазасына кесілмейді,
егер тұрмыс құрғысы келмесе, онда қызды ата-анасына қайтарып, үстіне қалың
мал төлеп өлімнен құтыла алады. Осы жоғарыда айтылғандар бұзылып,
орындалмай жатса, онда жесір дауы туындайды. Жесір дауы институты өте
салмақты, бұл даудың кесірінен барып кісі өлімі, барымта т.б. даулар
туындап жатады.
Қазақ әдет-ғұрып заңдарында ұрлық-қарлық, тонау мен қарақшылық та
үлкен тарауды қамтиды. Өйткені, мал-мүлік әркімнің меншігі саналып, оған
қол сұғушылар әр қоғамда да қатаң жазаланып отырғаны тарихи деректерден
белгілі.
Әсіресе, кісі тонаушылық пен қарақшылық жасаушылар өлім жазасына
жазаланған. Шыңғыс ханның Жаса заңында да кімде-кім жылқы ұрласа, онда
иесіне 9 жылқы етіп қайтаруы тиіс. Мұндай айып төлей алмаса балаларын алу
керек. Ал балалары жоқ болса, өзін малша бауыздау қажет (28(, - делінген.
Ал, 1640 жылғы Монғол-Ойрат Ережесінде: бір түйе ұрлағанға - 15 тоғыз,
айғырға – 10 тоғыз, биеге – 8 тоғыз , сиыр, қой, құнан атқа – 6 тоғыздан
айып төлеткен. (9(
Қазақстанда да ірі қара малды ұрлаушылар 4 адам куә болып, айғақтап
берсе өлімге кесілген.(8( Кімде-кім ұрлық үстінде адам өлтірсе, онда екі
қылмысы үшін жазаға тартылған.(30(
Қазақ әдет-ғұрып нормаларында мүліктік құқық ерекше орын алады. .
Өйткені, қазақ қоғамындағы қозғалмалы мүліктің бәрі де жекеменшіктілікке
жатады. Патриархаттық- феодалдық , қазақ қоғамында мал жекеменшіктіліктің
негізгісі саналады. Кез-келген екі қазақ кездескенде мал-жаның аман ба(-
деп, бірінші кезекте малды айтуы тегін емес. Мал мен мүліктен кейінгі
жекеменшік құқығының объектісіне құл мен күңдер де жатады. Бұл институтты
1822 жылғы Сібір қырғыздары жайлы Ережеде Ресей патшалығы шектегені
белгілі. Қазақ мемлекетінің және құқығының тарихын зерттеушілердің бәрі
дерлік қазақ әйелдерін өзінің құқықтық жағынан жекеменшіктілік объектісіне
жатқызып келгені құпия емес. Оған олар: аға өлсе жеңге мұрас, қазақ
байыса қатын алады, ерден кетсе де, әйел елден кетпейді, т.т. мақал-
мәтелдерге сүйене отырып, қалың малға сатылатынын тілге тиек ететін.Әрине
бұл пікір түбірімен қате. Қазақ әйелдері қажет десек, мұсылман елдеріндегі
әйелдерге қарағанда артықшылықтарға, ерлермен тең құқыққа ие болғаны
даусыз. Құранда: ер мен әйел тең құқықты, олар істеген істеріне бірдей
жауап бере,ді, Мұхаммед ғалейһис салам әркім алдымен анасын және анасын
құрметтеуді талап етуі қазақ әйелдері құқықтарында жарқын көрінеді. Қазақ
қоғамында мүліктік құқық қатты қорғалған.
Шариғат заңы бойынша да ұрыларға қатаң жаза қолданылып, қолын кескен.
Мұндай ауыр жаза ұрлықтың алдын алады. Оны біз бұрынғы кезде қазақтар
ұрлықтың не екенін білмегенімен, барлық дүние-мүлкі ашық тұратынынан да,
қазіргі мұсылман елдеріндег ұрлық мүлдем кездеспейтінен аңғара аламыз.
Ата-баба жолынан таю ежелден-ақ аяусыз жазаланған. Тәуке ханның да
Жеті Жарғысында діннен безу және христиан дініне өткендерді жазалау жайлы
айтылады. Діннен безушілерді тас боран етіп өлтірген, ал христиан дінін
қабылдағандардың барлық мал-мүлкі таланып, өздері қоғамнан қуылған.(17(
Діннен безушілікті 7 куә айғақтауы тиіс. Қазақстан Ресей қоластына
қарағаннан соңғы кездерде патшалық саясат христиан дініне өткендерге
әртүрлі жеңілдіктер бергені белгілі. Осыған орай, ондай саясатқа қарама-
қарсы әдеттік заңдарда христиан дініне өткендерге жаза қатая түседі. ЕНді
барлық мал-мүлкінен айырылуымен бір қатарда өлім жазасына да кесілетін
болды.(11( Шариғатта да діннен безушілік бұл фәниде де, Алла алдында да ең
ауыр қылмыс, сол себепті өлім жазасына кесілген. Ол жазадан құн төлеп
құтыла алмаған. Рас, Құранда дінге күштеу жоқ деп оны қабылдау,
қабылдамауды әр адамның өз еркіне қалдырған. Сондықтан да діннен
безушілерді тобаға келуге шақырған, ата-баба жолынан ауытқымауды талап
теткен. Оған көнбегендерді мойнына құрым байлап, бетіне күйе жағып, ел-елді
аралатып масқаралаған. (11( Бұл жаза тек дінге бас имеушілерге ғана. Ал,
христиан дініне өткендерге рахымсыз қарағаны хақ. Оның есесіне патшалық
Ресей ондайларды өз панасына алып, қолқанаты болды. Бұл, әсіресе, 1854 жылы
14 мамырдағы билер сотын реформалауда көрінді. Ашығын айтсақ, мұндай
қылмыстар қазақ қоғамында некен-саяқ еді.
Сонымен, қазақ әдет-ғұрып заңдарының қайнар көздеріне:
1.Ежелден қалыптасқан Түркі тектес тайпалардан енші алмаған
дәуірлердегі әдет-ғұрып қағида ережелерін;
2.Мұсылмандық шариғат заңдарын;
3.Ақсақалдар Ережесі,жөн-жосық, билер кеңесі шығарған заңдарды;
4. Қасым ханның қасқа жолы заңдарын;
5. Есім ханның ескі жолы заңдарын;
6. Тәуке ханның Жеті Жарғысын – жатқызамыз.
Қасым ханның қасқа жолы
Қазақ хандығы ежелден қалыптасқан дағдыға байланысты өз ерекшелігі
бар, тарихи әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлардан туындаған өз
қағида ережелерін өз дәуіріне сай лайықтап, жаңа қағидалар қосып,екшеп
отырған. Осындай дәстүрді Қасым хан да жалғастырды. Ол хандық құрған (1511-
1523) тұста халық бұқарасы мен билер тобына сүйеніп, бұрынғы заңдарға
өзгерістер енгізіп, дамытып, билер кеңесінде ақылдаса отырып Қасым ханның
қасқа жолы деп аталған төмендегі заңдарды қабылдаған:
1.Мүлік заңы (бұл тарауда мал-мүлік, жер-су дауларын шешу ережелері
айқындалған)
2.Қылмыс заңы.
3.Әскери заң.
4.Елшілік жоралары.
5.Жұртшылық заңы.
Есім ханның ескі жолы
Арада бір ғасыр өткенде Есім хан (1598-1645) Қасым шығарған заңдарға
толықтырулар мен өзгерістер енгізіп, артында Есім ханның ескі жолы деп
аталған заңдар қалдырған. Өкінішке орай, екі заң жобалары бізге келіп
жетпеген. Әлі күнге ғылымда жасырын, құпия болып қалып отыр.
Бізге түгел болмаса да келіп жеткен Тәуке ханның Жеті Жарғысына
тоқталып азырақ түсінік берейік.Тәуке (1678-1718) хандық құрған кезден
қазақ тарихында бір тынышсыз , қилы заман болып суреттеледі. Жан-жақтан жау
анталаған қиын кезеңде Тәуке үш жүздің баласын (бір жеңнен қол, бір жаңадан
бас) шығартып, бір орталыққа бағындыра білді. Бұл Тәукенің парасаттылығының
куәсі. Сол себепті де оны халық әз-Тәуке атаған.
Жеті Жарғы мазмұны жағынан 3 құрамнан тұрған. Біріншіден, қазақтың
ежелгі әдет-ғұрып құқығы – Қасым ханның қасқа жолына негізделген,
екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде Есім ханның ескі жолы деп
аталатын нормаларды қамтыған, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне, жүргізген
саясатына сәйкестендіріп әдет-ғұрып нормаларына өзгерістер және жаңалықтар
енгізілген.
Ресей қоластына енген қазақтардың әдет- ғұрып заңдары үш кезеңнен
өтіп, сұрыпталды деуге болады. 1-кезең – Ресей қоластына ене бастаған
кезден, қазақ хандығы жойылғанға дейін, 2-сі – 1867-1868 жылдардағы
реформаларға дейінгі, ал соңғы 3-ші кезең 1917 жылғы патша өкіметі
құлағанға дейінгі дәуірді қамтиды.
Әлбетте, 1-ші кезеңде әлі дербес тәуелсіздігінен айырыла қоймаған
қазақ қоғамындағы әдет- ғұрып толық құрсауға алына алмады. Мемлекеттік
басқару жүйесінде хандық-сұлтандық басқару жүйесі қолданылды, Осы
кезеңдерде Ресей қазақ әдет- ғұрып заңдарына онша тиісе қоймай, тек жинау,
үйрену үстінде болды. Оны тыңшылары шенеуніктері арқылы ғана жинады. Бұл
тұста Ресей қазақ әдет- ғұрпындағы аманат институтын өте сәтті
пайдаланып, ант берген хан-сұлтан балалары мен туыстарын міндеттеп, аманат
есебінде ұстады. Патша өкіметі өз қарым-қатынасын шекаралық байланыс арқылы
дамытып, сауда-саттыққа көп көңіл бөлді. Осындай аралас-құралас шекаралық
аумақтарда сот билігін өз қолына алды, бақылауларын орнатты. Орыс
көпестерінің мүддесін қорғап, қайшылықтарды орыс заңдарымен қарады. 1738
жылы құрылған соттық комиссия осы мақсатта құрылған болатын.
2-ші кезеңде хандық билікті жойып, территориялық бөлінудің жаңа
жүйесін енгізді. Жерлерді өз бақылауына алып, өздері билеуге көшті. Осының
нәтижесінде қазақ жері орыс империясы қарамағына өтіп, қазақ ьхалқы
біржолата тәуелсіздігінен бүтіндей айрылды. Енді патша шенеуніктері патша
саясатын пәрменді жүргізуге көшті. Осы тұста олар қазақ әдет-ғұрып
заңдарының мықтылығына көздері жетіп, енді оны асықпай бөлшектеп, ыдыратуға
күш салды. Сол үшін әдет-ғұрып заңдары үрдісі жиналып, зерттеле бастады
[8]. Бұл жинақтардағы нормалар Ресей тарапынан сұрыпталып, бекітіліп
отырды. Осылайша жинақтап, сұрыптап отыру мәселелерімен айналысу 1823 жылы
Омбыда құрылған Уақытша комитетке (Батыс Сібір генерал-губернаторы
жарлығымен) тапсырылды. Олардың жұмыс нәтижесі 1876 жылы жарық көрген
Самоквасовтың кітабында берілді [9]. Алайда патшалық өкімет бұл жинақты
бекіте қоймады. Оның да себеп-салдары бар еді. Ең негізгісі бұл әдеттік
заңдар орыс заңдарыының өрісін тарылтып, іске асуын тежеді.
Ал 3-ші кезеңде Ресей империясы 1867-1868 жылдардағы жасаған
реформалар нәтижесінде қазақтардың ұлттық мемлекетін жойып, өз колониясына
түпкілікті айналдырған еді. Бұл кезеңде қазақ әдет-ғұрып заң нормалары
бөлшектелініп, аудан-ауданға лайықтанып кіші Ережелерден тұрды. Олардың
өзара үйлеспеушіліктері мен қарама-қайшы, өзара кереғар талаптары көбейе
түсті. Бұл патшалық өкіметке өте қолайлы болып, бақылауын күшейте түсуге
мүмкіндік берді. Билер соты деген атау өзгертіліп, халық соты аталды. Билер
сайланып қойылатын болды. Сайланып қойылу өз кезегінде парақорлықты, істі
әділ шешпеуді өрістетті. Осыны сәтті пайдаланған Ресей өкіметі енді өз
заңдерын толық енгізе басттады. Дегенмен, қанға, дініне әбден сіңгендіктен
қазақ халқы өз дәстүр-салтынан, психологиясынан, әдет-ғұрып заңдарынан қол
үзбеді, қоғам ішінде оны қолдану дағдыларын доғара қоймады.
ІІ. Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның салдары.
2.1. Ресейдің Қазақстанды отарлап алуы және оның салдары.
Ресейдің Қазақстанға,қазақ жеріне қызығуы әсіресе, патшалық өкіметтің
башқұрттар мен татарларды күшпен қосып алғаннан кейінкүшейе түсті. Енді
ұлан-ғайыр қазақ жері а
рқылы Қытай, Үндістан, Орта Азияға шығуға болатынын білгенімен, бірақ
алдымен Балтық, Қара теңіз жағы мәселесін шешіп алуды бірінші кезекке
қойған еді. Жалпы Ресей империясының Қазақстанды отарлап, бодан етуін
мынадай кезеңдерге бөлеміз:
1. 16 ғасырдан бастап әрқилы босқындар, қашқын казактардан құрылған
отрядтардың еркін де, қалай болса солай отарлауы өріс алды.
2. 17 ғасырдан бастап сауда-өнеркәсіп капиталының ыңғайымен әскери-
әкімшілік отарлау жүзеге асырылды.
3. 19 ғасырдың аяғынан 20 ғасырдың басына дейін көшіп-қону бағытында
отарлау.
1. 17 ғасырдан 20 ғасырға дейін созылған әлеуметтік- идеологиялық
отарлау.
Бұл кезеңдерде басқару жүйесін реформалау, жергілікті халықты рухани
жағынан отарлау, әскери-жазалау шараларымен қатар жүргізіліп отырды. Сол
себепті де біз бұрыннан қалыптасқан тұжырымдарға, яғни Қазақстанның Ресейге
қосылуы прогрессивті рөл ойнады деген пікірге мүлдем қосыла алмаймыз.
Өйткені, біріншіден, қазақтардың өз еркімен қосылмауына орыс армиясының
Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу процесін айғақ етеміз, екіншіден, Ресей
Қазақстанды жаулап ала отырып, шұрайлы жерлерін тартып алды, ежелден
қалыптасқан көшпелі өркениеттің тамырына балта шапты, тұрмыс-тіршілік
характерін өзгертті, Оларды шоқындырмақ саясатын ұстанды. Әрине, бұл
айтылған жайттар тарихшыларымыз тарапынан әлі де зерттеле, зерделене түсері
хақ. Біз Ресей халқымен тығыз араласып, тағдырлас болдық.Жақсысын да,
жаманын да көрдік. Бұл біздің санамызды оятуға кепілдік берді. Әңгіме адам
тағдырын ойыншық еткен империялық саясат туралы ғана болғандықтан, қазақ
халқының мәдени-рунани ғұмырнамасына көп зиян әкелгенін айта отырып, оның
тарихи себептерін нақты көрсету болып отыр. Империялық өкімет түптеп
келгенде қазақтардың ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрып сал- дәстүрін түбірімен
жоюға ұмтылысы көп нәрсенің ақиқатын ашып беруді талап етеді.
Ресей мемлекеті Әбілхайырды уысына түсірген соң, қазақ жеріне өз
билігін орнату шараларын қарастырды. Әуелі, көңілін тауып Әбілмәмбетті,
Бөгенбай батырды өз жағына шығарды.
1723 жылы қазақ халқын ақтабан шұбырындыға ұшыратуда қалмақтарға өз
үлесін қосқан патшалық Ресей, абдыраған қазақ басшылары – Сәмеке ханды,
Күшік ханды, Әбілмәмбет хан мен Барақ сұлтандардың аңдысын аңдып, қажет
кезінде қол ұшын беруге даяр тұрды. Тіпті Сәмеке мен Күшік хан Орта жүз
қазақтарының біразын алып, орыс шекарасын асып, башқұрт жеріне жетті. Орыс
империясы алдаусыратып, оларға башқұрттардың шұрайлы жерлерін жайылымға
алып берді. Сөйтіп, қазақ халқының арасына жік салып, күшін әлсірету
саясатын ұстанды. Осындай алауыздық тұманы серпілмеген тұста тарих
аренасына Абылай хан шықты.
Абылай хан күшті де айлакер саясаткер болды. Ол қалмақтардың тақ
таласы үшін болған кикілжіңін пайдаланды.Сол секілді, Қытай мемлекетімен де
тез тіл табыса білді. Қытай мемлекетінің ханы Еженнің өзі тікелей
қолбасшыларына былайша жарлық берді. Сендер қазақтарға орынсыз килікпей,
аулақ жүріңдер, оларға монгол тайпалары қатарында қарауға болмайды. Олар өз
алдына хан болып келген екен, оны мойындауымыз тиіс.(4(. Бұл жарлықтан біз
, Қытай мемлекеті қазақтардың тәуелсіз ел екендігін мойындағанын айқын
көреміз. Сонда да болса, Абылай Еженнің көңілін әбден жайлап, сеніміне кіру
үшін 1757 жылы жазда Қанжығар, Өміртай, Долан, Аранжы, Бекенайларды Пекинге
елшілікке жіберді.(5(.Ол нәтижесіз болмады. Сол жылы үш жерде – Шәуешек
(Тарбағатай), Іле (Құлжа) және Үрімжіде екі ел арасында сауда жәрмеңкесі
ашылды. Бұл жәрмеңкеге қазақтар негізінен айырбас сауда үшін жылқы, қой,
сиыр және оның өнімдерін әкеліп, оған мата, шәйі жібек, қант-шай т.б.
айырбастап отырды.
Абылайдың алды болжағыш, осындай көрегенді саясаты арқасында ел
ақтабан шұбырындытауқыметінен ес жиып, экономикасы беки түсті.Бұл жайлы
ақын-жырауладың өлең жырлары өте көп сақталған.
Ресей патшалығы шығысқа баратын қақпаның кілті есебінде қараған
Қазақстан территориясын ұтымды сәттерді пайдалана отырып, қолына түсіруге
жан-тәнін аямай салды. 1717 жылы Бухгольц экспедициясы Ом мен Ертіс
қиылысына, келесі жылы Семейге, 1719 және 1720 жылдары Ертіс арқылы
Зайсанға дейін жеткен генерал майор лихаров Өскемен бекіністерін салды.(9(.
Сөйтіп.Ертіс бойын жағалай әскери бекіністер шеп құрды, нәтижеде Орынбор
жолағымен тікелей байланысты. Бекіністердің салынуы Ресей мен қазақтар
арасында сауда-саттықты жандандырғанын айтып өткеніміз мақұл. Бұл жайлы
қазақ тарихында: Петропавлдан айырбас сарайында қырғыздар әрқашан керуен
болып сауда жасауға келіп жатады деп жазылған.
Ресей патшалығы осылайша өзінің торын құрып жатқанынан сезіктеніп,
оның аяғы насырға шабатынын сезген Абылай Ресеймен де, Қытаймен де құйтырқы
, алдау саясатын ұстанды. Бұл саясат бірден-бір дұрыс саясат еді. Осындай
білгір саясат алып барған Абылай орыстардың ішкері ене түсуін азда болса
тежеді. Жоңғар үшін Қытай тарапы арқылы әлсіретті, қазақ қоғамында бейбіт
өмір орнатуға қол жеткізді. Көрші Орта Азия хандықтарымен де сауда-саттық
байланыс, мәдени қарым-қатынас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz