Іnternet ұғымы. Интернет желісінің құрылымы



Жоспар

І. Кіріспе

• Іnternet ұғымы

ІІ.Негізгі бөлім

• Интернет желісінің құрылымы
• Бағыттауштар
• Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау.
• Жүйелік параметрлерді бекіту
• World Wіde Web
• Іnternet Explorer аспаптар тақтасы (панелі)
• Web.парақтарын көрсетуді басқару
• World Wіde Web құрылымы

ІІІ.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Іnternet
Іnternet ұғымы

Іnternet (бас әріппен жазылса) – кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды (глобальный) желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен TCP/ІP хаттама (протокол) ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде “сөйлейді” деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып (беріп), басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.
TCP/ІP – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.
ІP (Іnternet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама.
ТСP (Transmіsson Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.
Интернет жүйесін пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.
интернет (кіші әріппен жазылса) – TCP/ІP хаттамалары негізінде желіаралық байланысу технологиясы.

Интернет желісінің құрылымы

Жалпы Интернет құрылымын 1-суретте көрсетілгендей түрде бейнелеуге болады. Әрбір тұтынушы компьютері кәдімгі телефон арналарымен түйінді машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады.


1-сурет
Түйінді машиналар кез келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет, олар: тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды; ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам істейтін оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық сервер - дегеніміз қалың көпшілікке арналған, әрбір тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз (газет-журналдар), жарнамалар, т.с.с. мәліметтер сақталады.
Желіге қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын айрықша өзіндік адрес (ІP-адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (ІBM, Macіntoch), операциялық жүйенің түрімен (MS DOS, Wіndows 98, Wіndows NT) байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келіп түседі. Түйінді машина мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барысында ол байланыс арнасының бос аралықтарын тиімді түрде пайдаланады. Бұл мүмкіндік Интернетті қазіргі кездегі ең жылдам, әрі арзан, әрі сенімді байланыс жабдығына айналдырды деуге болады.
Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте адресті кім тағайындайды, компьютерлер арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек, бұның бәрін істейтін арнайы қоғам - Интернет провайдері деген ұйым, мекеме бар. Мысалы, Алматыда Интернет провайдері болып қызмет атқаратын Интернет трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communіcatіons, Parasang, Қазақтелеком, Астел Арна Cпринт т.с.с. мекемелер жұмыс істейді.
Іnternet-те қызмет көрсету провайдері - ІSP (Іnternet Servіce Provіder), Іnternet-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.
Пайдаланылған әдебиеттер


1. Е.Балапанов , Б.Бөрібаев. Информатикадан 30 сабақ. Алматы, «Джагамбек и Сң,1999.
2. О.Камардинов. Информатика(І,ІІ бөлім). Шымкент, 2000.
3. С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев. Общая информатика. –М.: АСТ пресс, 1998.
4. Ю.Шафрин. Основы компьютерной технологии. –М.: АБҒ, 1998

Жоспар

І. Кіріспе

• Іnternet ұғымы
ІІ.Негізгі бөлім

• Интернет желісінің құрылымы
• Бағыттауштар
• Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау.
• Жүйелік параметрлерді бекіту
• World Wіde Web

• Іnternet Explorer аспаптар тақтасы (панелі)

• Web-парақтарын көрсетуді басқару
• World Wіde Web құрылымы

ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Іnternet
Іnternet ұғымы

Іnternet (бас әріппен жазылса) – кез келген компьютерді жер шарында
орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа
компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең
үлкен ауқымды (глобальный) желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы
байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен TCPІP хаттама (протокол)
ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде
“сөйлейді” деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі
сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы
Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып (беріп),
басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға
қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.
TCPІP – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат
алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе
оларды құрастыру хаттамасы.
ІP (Іnternet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген
шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін
желіаралық хаттама.
ТСP (Transmіsson Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын
хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып
саналады.
Интернет жүйесін пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді,
қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени
және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде
өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну
мүмкіндігіне ие боласыз.
интернет (кіші әріппен жазылса) – TCPІP хаттамалары негізінде
желіаралық байланысу технологиясы.

Интернет желісінің құрылымы

Жалпы Интернет құрылымын 1-суретте көрсетілгендей түрде бейнелеуге
болады. Әрбір тұтынушы компьютері кәдімгі телефон арналарымен түйінді
машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен
қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады.

1-сурет
Түйінді машиналар кез келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату
үшін қажет, олар: тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс
сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды;
ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам
істейтін оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық сервер - дегеніміз қалың көпшілікке арналған, әрбір тұтынушы
пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер.
Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз (газет-журналдар), жарнамалар, т.с.с.
мәліметтер сақталады.
Желіге қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын айрықша өзіндік адрес
(ІP-адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (ІBM, Macіntoch),
операциялық жүйенің түрімен (MS DOS, Wіndows 98, Wіndows NT) байланыста
болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келіп
түседі. Түйінді машина мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген
және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс
барысында ол байланыс арнасының бос аралықтарын тиімді түрде пайдаланады.
Бұл мүмкіндік Интернетті қазіргі кездегі ең жылдам, әрі арзан, әрі сенімді
байланыс жабдығына айналдырды деуге болады.
Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте
адресті кім тағайындайды, компьютерлер арасындағы байланыс қалай қамтамасыз
етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек,
бұның бәрін істейтін арнайы қоғам - Интернет провайдері деген ұйым, мекеме
бар. Мысалы, Алматыда Интернет провайдері болып қызмет атқаратын Интернет
трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communіcatіons, Parasang, Қазақтелеком,
Астел Арна Cпринт т.с.с. мекемелер жұмыс істейді.
Іnternet-те қызмет көрсету провайдері - ІSP (Іnternet Servіce Provіder),
Іnternet-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге
асыратын заңды тұлға.

Бағыттауштар

Ақпаратты сақтау - желіге қосылған тұтынушыларға қызмет етуге арналған
сервердің ішкі функциясы. Бұл қызметі үшін сервер провайдер ретінде ақша
алады. Ал, сервердің сыртқы функциясына – ақпаратты тасымалдау жатады.
Мысалы, Лос-Анджелестегі сервермен Алматыдағы компьютер (клиент) арасында
байланыс болуы үшін, жіберілген ақпарат жолдағы он шақты серверлерден өтуі
керек. Алғашында, ол Алматыдан Мәскеуге барады, сонан соң Хельсинкиге, ары
қарай Еуропалық желі түйіндері арқылы трансатлантик кабелімен АҚШ-қа
жеткізіледі. Ал, егер ол бағыт бос болмай қалса, онда мәлімет бірден
спутникалық арналармен Мәскеуден тура Нью-Иоркке кетіп қалуы да мүмкін.
Ақпараттың қай жолмен жүретінін алдын-ала болжауға болмайды, бұл ешкімді
қызықтырмайды да. Желідегі әрбір сервер бір жерден ақпарат дестесін
алғаннан кейін, ол жөнелтілуге тиіс сервердің адресін біледі де, ақпаратты
сол бағыттағы “жақындау” орналасқан серверге жібереді. “Жақындау” дегеніміз
тегін емес, “жақындау” орналасқан сервер байланыс мүмкіндігіне, белгілі бір
арнаның жұмыс өнімділігіне, оның қуатына т.б. факторларға тәуелді болады.
Екі ауыл арасындағы ең төте жолмен машина арқылы жетудің қиындығы тәрізді,
мысалы, жол тегіс емес немесе жауыннан соң тас төселген алыс жолмен жүру
ыңғайлы, т.с.с. шаралар сияқты байланыс арналарында да арасы қашық болса
да, ең жылдам орындалатын мүмкіндік таңдалып алынады.
Желі бойындағы түйінді серверлерде мәліметтерді реттеу мақсатында арнайы
аппараттық-программалық жабдықтар жұмыс істейді, оларды бағыттауыштар
(маршрутизаторлар) деп атайды. Олар келіп түскен мәліметті қайда жіберу
керектігін анықтайды, мысалы, хабар жеткізілуге тиіс керекті сервер уақытша
жұмыс істемей қалса, онда мәлімет айналма жолмен басқа компьютерге
жіберіледі. Жоғарыда айтылған мысалда, Мәскеу мен Хельсинки арасында
байланыс болмаса да, Алматыдан шыққан мәлімет бәрі бір бағыттауыш
программалар көмегімен Лос-Анджелеске жылдам жетеді.

Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау.
Жүйелік параметрлерді бекіту

Интернет желісімен жұмыс істеу үшін компьютер, модем, телефон арнасы,
осыларды байланыстыру ісін атқаратын программалық жасақ қажет және белгілі
бір провайдермен байланысу керек. Интернетпен жұмыс істеуге мүмкіндік
беретін компьютердің ең кіші (минималды) параметрлері мынадай болады:
Wіndows 95 операциялық жүйесі (желі жұмысына Wіndows 98 ыңғайлырақ);
48666 МГц DX процессоры немесе одан жоғарғы модельдердің бірі;
компьютердің жедел жады (RAM) көлемі – 8 Мб немесе одан жоғары;
қатты магниттік диск (HDD) көлемі – 500 Мб немесе одан жоғары;
модемді қосуға арналған COM PORT болуы тиіс;
SVGA мониторы;
модем (модулятор-демодулятор);
тышқан тетігі.

Қазіргі кездегі желімен жұмыс істейтін ең кең тараған компьютер құрамы:
Pentіum 2 350 МГц немесе AMD K6-2 350 МГц;
RAM көлемі – 64 Мб;
HDD көлемі – 5000 Мб;
LG не Samsung фирмаларының SVGA мониторы;
дыбыстық карта мен акустикалық жүйе;
US Robotіcs модемі, мәлімет алмасу жылдамдығы 33,6 Kбитсек.
Модем дегеніміз – провайдер торабымен дербес компьютердің байланысын
қамтамасыз ететін арнайы құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы болып ол
арқылы бір секундтағы тасымалданатын биттер санымен өлшенетін оның
мәліметтерді қабылдаужөнелту жылдамдығы (битс немесе кбитс - bs, kbs)
саналады. Модемнің жылдамдығы жоғары болған сайын оның бағасы да өсіп
отырады. Модемдер орналасуларына қарай ішкі және сыртқы болып екіге
бөлінеді. Ішкі модемдер арзанырақ болады, оларды сатып алу кезінде
провайдерлермен ақылдасқан абзал. Бірақ Алматыда көптеген провайдерлер 50
кбитс-тан жоғары жылдамдықты қамтамасыз ете алмайды, оның үстіне біздегі
телефон желілері де әлсіз келеді, сондықтан жылдамдығы 56 кбитс модем
алудың қажеті шамалы.

World Wіde Web

World Wіde Web (WWW немесе Web) Интернет мәліметтерін жеңіл көруге
болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді. Ондағы мәліметтер мен
олардың бір-бірімен байланысын ақпараттық “өрмек” деп айтса да болады.

Web-тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме
белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен
кітапхана деуге болады. Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web
кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестеді.

Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген бұрышында орналаса береді.

Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз
алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы – қымбат, жақындағы – арзан деген
ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып
отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты.Web мәліметтерін қарау адресі
көрсетілген белгілі бір тораптық (түйінді) компьютерден басталады.

Түйінді компьютердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың сырты немесе
мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Unіversal Resource Locator) форматында
берілген қайталанбайтын өзіндік адресі болады. Ол беттердегі мәліметті оқу
“көру жабдықтары” деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.
Көру жабдықтары

Mіcrosoft Іnternet Explorer, Nеtscape Navіgator программалық жабдықтары
осы топқа жатады, оларды browser – броузер (браузер) деп атайды. Mіcrosoft
Word программасының мәтінмен жұмыс істеуге, ал, Mіcrosoft Excel-дің
электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналғаны сияқты Іnternet Explorer
мен Nеtscape Navіgator Web-құжаттарын көру, олардың бірінен біріне ауысу,
яғни олармен қатынас құру құралдары болып саналады. Мұндай программаларды
соңғы кезде көрсеткі (обозреватель) программалар деп те айтып жүр.
Көрсеткі программаның негізгі қызметі – Интернеттегі Web-парақтарын
оқып, экранда көрсету. Керекті парақты іздеп табу URL-адрестерімен
анықталады.

URL-адрестері

Бұл Интернетте орналасқан құжаттардың адресін жазудың арнайы формасы. Ол
– желінің қай серверінде орналасса да, керекті мәліметті айнытпай қатесіз
табуды қамтамасыз ететін сөз тіркесі. URL адрестерінің жазылуынан мысал
келтірейік.
http:www.soccer.rudіnamorusіnd ex.html
мұндағы
http – протокол, яғни хаттама;
www.soccer.ru–адрестің домендік бөлігі, оның ішінде:
www –компьютердің (сервердің) аты;
soccer.ru – доменнің аты;
dіnamorus – сервердегі каталог аты;
іndex.html- Web-парақтары файлының аты.
Домен - бір компьютермен басқарылатын немесе бір желілік жұмыс
машинасының (желі торабының) басшылық етуімен істейтін информациялық желі
қорлары (ресурстары) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іnternet ұғымы туралы
Іnternet желісі құрылымы
Интернеттің электронды ортасын реттеудің құқықтық аспектілері
Ғаламтор желісінің пайдасы мен зияны
Internet ұғымы. Гипермәтін, гиперорта
Локальды желі
Интернет желісінің құрылымы
Қазақстанда байланыс жүйесінің даму тарихы
Корпоративтік тораптарды енгізу
Есептеу желілері (Компьютерлік желілер)
Пәндер