Әдебиеттік оқу сабақтарында халық ауыз үлгілерін қолдану арқылы эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4-7

1. ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҒЫН ОҚЫТУ - БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ ІСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛЫ . . . 8-42

1. 1. Ауыз әдебиеті туралы түсінік. Қазақ ауыз әдебиетінің тақырыптық

және жанрлық жағынан көп түрлілігі, оның топтастырылуы . . . 8-15

1. 2. Қазақ халқының ауызекі шығармашылығын балалардың эстетикалық

тәрбие жүйесінде қолдану . . . 15-33

1. 3. Эстетикалық тәрбие мен халық дәстүрінің сабақтастығы . . . 33-38

1. 4. Эстетикалық тәрбие қазақ халық ағартушылардың көзімен . . . 38-42

2. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨРКЕМДІК - ӘСЕМДІК САНА-СЕЗІМІН ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ . . . 43-70

2. 1. Эстетикалық тәрбиені бастауыш сыныптардың оқу үрдісінде

пайдалану жолдары . . . 43-60

2. 2. Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық қызығушылығын

қалыптастыруда қазақ фольклоры жанрларын пайдалану . . . 60-64

2. 3. Тәжірибелі-эксперименттік жұмыстың мазмұны және нәтижесін

талдау . . . 64-70

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 71-73

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 74-76

ҚОСЫМША . . . 77

КІРІСПЕ

Еліміздің ертеңі бүгінгі жастар екені белгілі. Ал бүгінгі өскелең ұрпақ ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпынан тым алыс, батыстық үлгіге бой алдырып барады.

Халықтық педагогиканың асыл мұралары болып табылатын салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мақал-мәтел, шешендік өнер, халық ауыз әдебиетін бүгінгі жастар бойына сіңіру үшін ең алдымен ана тілімізден бастаған жөн. Ана тілін білмейтін ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру әсте мүмкін емес. Өз тілінде сөйлеп және ойлай алмайтын ұрпақтың өз ұлтына деген құрмет еш уақытта болмақ емес.

Бастауыш сыныптың негізгі міндеті - баланың жеке тұлғасын алғашқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оқу қызметі . . . өзін өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез-құлық мәдениетіне . . . және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады». - ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында (Астана, 2004 ж. )

Жалпы мектептердің жұмысында әдебиеттік оқу сабағын оқыту - білім мен тәрбие беру ісін жүзеге асырудың ең маңызды құралы болып есептеледі.

Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу сабақтарын оқытудың ең бірінші міндеті - балалардың бойында саналы түрде дұрыс және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастырып, оларды әдеби шығармалармен жұмыс істей білуге үйрету. Мұнда балалардың кітап оқып үйренуі - ең негізгі мәселе. Сонымен бірге, жалпы мектептердің оқушыларына эстетикалық және адамгершілік тәрбие беруге көмектеседі. Тек әдебиеттік оқу сабақтары ғана балаларға туған жер табиғатының сұлулығын сезіне білуге, өз республикасының бұрынғы және қазіргі тарихы, әлеуметтік жағдайымен танысуға мол мүмкіндік береді. Тәрбие өрісінің әсері, балалардың шығарманы эмоциялық ішкі жан дүниесімен сезінуі мұғалімнің өз басынан өткендей етіп түсіндіру, жеткізе білуіне байланысты.

Сыныпта оқылатын әдебиеттік оқу сабағының негізгі міндеті - таным мен тәжірибені ажыратпай, бір үрдіс ретінде қарай отырып, мектеп оқушыларының қоғам туралы пікірін саналы түрде қалыптастырып, әдеби көркем шығармаларымен танысып және ғылыми көпшілік мақалаларды оқып, талдай білуге үйрету болып табылады.

Эстетикалық тәрбие - бұл өнер шығармалары және шынайы құбылыстарды эстетикалық түйсіну қабілетінің, сонымен бірге өмір жолындағы өз шығармашылық қабілетін арттырудың мақсат-бағдары, даму жолы.

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - оқушының бойында көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіре білу.

Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:

  • Әдеби шығармалар, өнер құралдары арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.
  • Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
  • Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу.
  • Оқушыларды әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу.

Зерттеу өзектілігі: Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық қызығушылығын қалыптастыруда қазақ фольклоры жанрлары таптырмайтын тәрбие құралы. Сондықтан оқытудың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді үйрету мақсатында халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдана алудың әдіс-тәсілдерін анықтау керектігі бұл жұмыстың ең маңыздысы, өзектілігі болып табылады.

Зерттеу мәселесі: Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық қызығушылығын қалыптастыруда қазақ фольклоры жанрларын пайдалану - педагогикалық мәселе ретінде зерттеуді қажет етеді. Ш. Уәлихановтың тарихи-этнографиялық зерттеулерінде халық өнері жайлы аса құнды материалдар бар. А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин еңбектерінің эстетикалық тәрбие беру мәселерін зерттеуде алар орны ерекше. Абай қара сөздерінде баланың эстетикалық сезімін, сұлулыққа, әдемілікке тәрбиелеу қажеттігін баса айтқан.

Бүгінде эстетикалық тәрбие беру мәселесімен Б. Әлмұхамбетов, К. Болатбаев, Р. Камалов, Т. Левченко т. б. ғалымдар айналасуда. Соның өзінде де эстетикалық тәрбиені бастауыш мектепте кеңінен пайдалануды әлі де терең зерттеу қажет.

Зерттеу тақырыбы: Әдебиеттік оқу сабақтарында халық ауыз үлгілерін қолдану арқылы эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық түйсіну қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиет үлгілерін қолданудың өзектілігін негіздеу.

Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу сабақтарының оқытылу үрдісі.

Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу сабақтарындағы эстетикалық тәрбие мен халық ауыз әдебиетінің сабақтастығы.

Зертеудің ғылыми болжамы: Жалпы жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде халық ауыз әдебиеті үлгілерін жүйелі пайдалана білсек, дәстүріміз жалғасып, әдет-ғұрпымыз сақталып, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуімізге әбден болады.

Зерттеудің негізгі міндеттері:

  1. Зерттеу тақырыбын ашуға ғылыми - педагогикалық еңбектерді жүйелеу, талдау.
  2. Эстетикалық тәрбие саласының теориялық-әдіснамалық негіздерін сипаттау.
  3. Бастауыш сыныпта халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы эстетикалық тәрбие берудің жолдарын айқындау.
  4. Эстетикалық тәрбие мен халық дәстүрінің сабақтастығын дәлелдеу.
  5. Бастауыш сыныпта көркемдік - эстетикалық тәрбиелеудің арнайы іс-шараларын сипаттау.

Зерттеу әдіснамасы: Қазақ ағартушылары - Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың эстетикалық тәрбие саласында арнайы еңбектер жазып қалдырмағаны белгілі. Алайда, олар өздерінің саяси-қоғамдық, ғылыми және әдеби еңбектерінде қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің, өнерінің даму барысына аса көңіл бөлді. Халық шығармашылығын жинап зерттеу арқылы қазақтардың эстетикалық талғам деңгейін, болмысқа деген эстетикалық көзқарасын көрсете білді, эстетикалық тәрбиеге байланысты көптеген құнды пікірлер айтты.

Зерттеу әдістері: байқау, әңгімелесу, талдау, шығармашылық жұмыстарға талдау, салыстырма әдісі, озат тәжірибені зерттеу т. б.

Зерттеуде сүйенген әдіснамалық-тарихи тұжырымдамалар - мәдениеттілігі, этномәдени, ұлттық тәрбие негіздері, халық ауыз әдебиет үлгілері, озат педагогикалық тәжірибе т. б.

Зерттеудің теориялық мағынасы: эстетикалық тәрбие халық педагогикасындағы әсемдік тәрбиесімен ұштастыра көрсетіліп және халық ауыз үлгілері арқылы берілетін эстетикалық тәрбиенің негізгі категорияларына анықтама айқындалды.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы: бастауыш мектепте халық ауыз үлгілерін оқу сабақтарында қолдану арқылы эстетикалық тәрбиелеудің жолдары жүйелі түрде сипатталды. Әдебиеттік оқу сабақтарының тәжірибелік ықпалы көрсетілді. Бұл жұмысты бастауыш сынып мұғалімдері оқу сабақтарын түрлендіріп өткізуде кеңінен қолдануларына болады.

Зерттеу базасы: Қостанай облысы, Амангелді орта мектебінің бастауыш сыныптары. Зерттеуге қатысқан оқушылар саны - 45. Оның ішінде 3 «а» -сынып - 21 оқушы, 3 «ә» - сынып - 24 оқушы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, тараулар (2), қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша.

1. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨРКЕМДІК - ӘСЕМДІК САНА-СЕЗІМІН ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ

1. 1. Ауыз әдебиеті туралы түсінік. Қазақ ауыз әдебиетінің тақырыптық және жанрлық жағынан көп түрлілігі, оның топтастырылуы

Ауыз әдебиеті - халқымыздың аса мол мұрасы, нелер бейнелі сөз маржандары осы ауыз әдебиетінде. Ауыз әдебиетінен сусындамаған, нәр алмаған бірде-бір шынайы суреткер болған емес. Ауыз әдебиеті - олардың құнарлы топырағы.

Атынан көрінгендей, ол ауызша шығарылып, ауызша айтылған.

Фольклор - синтетикалық өнер түрі. Онда өнердің әр түрі - сөз, музыка, хореография және театр өнерлері шоғырланған. Ал мектепте фольклор тек сөз өнері тарихы ретінде өтіледі.

Фольклор - ағылшын сөзі, дәлме-дәл аударғанда, халық шығармасы, халықтың ауызша шығарған көркем сөздері деген мағынаны береді. Фольклор барлық халықта бар. Қай елдің болсын жазба әдебиетінен фольклоры бұрын туған. Халық ішінен шыққан талант, көркем сөздің ұсталары өз еңбектерін ауызша айтып, артына сөз қалдырды. Оны кейінгі ұрпақтар бірінен-бірі жаттап алып, біздің дәуірімізге жеткізді.

Ауыз әдебиеті - талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері оны сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.

Адамзат өзінің сонау бала кезінде, табиғаттың жұмбақ, тұңғиық сырына ойы жете алмаған кезінде сол табиғаттың сиқырлы алуан жұмбақтарын шешсем, оны өз игілігіме жаратсам, бағындырсам деген арманын өзінің ауыз әдебиетінде бейнелеген. Адамның табиғаттың дүлей, мылқау күшімен арпалысы да сол ауыз әдебиетінде өрнектелген. Қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық өмірдің ілгерілеуіне, адамның ой-санасының өсуіне, өзін қоршаған табиғаттың сырына терең бойлауына байланысты ауыз әдебиеті де мазмұны, формасы жағынан байып, дамып отырған.

Басқа ел тәрізді, қазақ халқының да ауыз әдебиеті - ескі заманнан келе жатқан мұра. «Құламерген», «Ер Төстік» тәрізді ертегілер - бұдан әлденеше ғасыр бұрынғы өмірдің туындысы.

Халық қай кезде болса да жақсы өмірді келешектен күтті және келешекке нық сенді. Бұл сенім көркем шығармалардан да берік орын алды. Халық өздерінің ауыр тұрмысын жеңілдетуді көздеді. Соған сәйкес «Ыста тас», «Ұшқыш кілем» т. б. тамаша қиял ертегілерін туғызды.

Халық ауыз әдебиеті әр салада, әр түрлі жанрда дамыған. Тұрмыс-салт жырларынан бастап, эпостық жырларға дейінгі бай мұра халық ауыз әдебиетінің жанрлық өрісін танытады.

Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрлері:

а) тұрмыс-салт жырлары, ә) мақал-мәтелдер, жұмбақтар; б) ертегілер; в) эпостық жырлар; г) лиро-эпостық жырлар; д) айтыс өлеңдер; ж) тарихи жырлар, шешендік сөздер т. б.

Біз қазақ халқы ауыз әдебиетінің әр кезеңде, түрлі жанрда дамығанын айқын көреміз. Халық ең асыл өнері - бай ауыз әдебиеті арқылы өзінің тарихын, халықтың рухын бейнелеген. Халықтың бүкіл тіршілігі өлең-жыр-ларға арқау болған. Дүниеге жаңа келген жас нәрестенің алғаш құлағына шалынары да - ән-өлең сазы. Ойын - қызық, той-думаны өлеңмен, әнмен өтеді. Жер қойнына да адамды өлеңмен шығарып салады. Ұлы Абайдың: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнауына кірер денең», - деуі де сондықтан. Демек, ең асыл мұрасы өлең-жыр болған қазақ халқы бүкіл өмір кезеңдерін сол жырларында әр түрлі жанрда өрнектеп бейнелеген.

Ауыз әдебиетінде кездесетін бір не екі шумақ өлеңдер мен әнге салып айтылатын өлеңдерден бастап, кейбір көңіл күйді білдіретін ұзақ жырларға дейін лирикалық жанрға жатады. Ал ертегі, аңыз әңгіме, батырлар жыры - эпостық жанрға жатады.

Ауыз әдебиеті болсын, жазба әдебиет болсын екеуі де көркем туынды. Олардан көркем шығармаларға тән барлық қасиет-сапаларды көреміз. Солай бола тұрса да, ауыз әдебиетінің жазба әдебиетке қарағанда, өзіне тән айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар неде? Ең алдымен, ауыз әдебиеті - ұжымдық шығармашылық. Ауыз әдебиеті шығармаларының белгілі бір авторы жоқ. Бір заманда, демек, әуел баста оны жеке адамдар шы-ғарған. Жазу-сызу болмағандықтан, алғашқы шығарушылар ұмытылып қала берген. Кейінгі айтушылар оған түрлі өңдеулер енгізіп, өз тұсынан өзгертулер жасап, жаңартып отырған.

Ауыз әдебиеті ауызша шығарылып, ауызша айту арқылы таралатын болғандықтан, үнемі шығармашылық өзгеріске ұшырап отырады. Осыған байланысты олардың әр түрлі нұсқалары - варианттары болады. Мысалы, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының 15 шақты, сол сияқты «Қобыланды батыр» жырының да бірнеше нұсқалары бар. Нұсқалық - ауыз әдебиеті шығармаларының бәріне тән. Олай болса, ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен екінші айырмашылығы оның әр түрлі нұсқасының болуында екен.

Үшінші айырмашылығы - ауыз әдебиеті шығармаларында лексикалық, синтаксистік қайталаулар жиі ұшырайды. Қалыптасқан дағдылы сөздер мен сөйлемдер, тұрақты ұйқастар жиі қолданылады. Сол сияқты ертегілердің көбі «Ерте, ерте, ерте екен, Ешкі жүні бөрте екен, Қырғауылы қызыл екен, Құйрық жүні ұзын екен» деген жолдармен басталады. Батырлар жырының бастауында да бұл сияқты қайталаулар ұшырайды.

Халық ауыз әдебиетінің жанрлық, тілдік ерекшеліктері, поэтикалық дәстүрі оның осы айырмашылықтарына байланысты.

а) Тұрмыс-салт жырлары:

Тұрмыс-салт жырларында өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, негізгі шаруашылық кәсібі, түрлі әдет-ғұрпы, салт-санасы кең суреттеледі.

Тұрмыс-салт жырларының басты түрлері:

1. Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған өлең-жырлар.

Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған өлең-жырларға жататындар: төрт түлік мал және басқа жануарлар туралы, аңшылық туралы өлеңдер және наурыз жыры.

2. Әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең-жырлар.

Әдет-ғұрыпқа, салтқа байланысты туған өлең-жырларға жататындар: той бастар, жар-жар, сыңсу, бет ашар, қоштасу, көңіл айту, естірту, жоқтау.

ә) Мақал мен мәтел:

Мақал-мәтелдер - ғасырлар шежіресі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан.

Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді, Онда өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады.

Халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, асқан шеберлік танытқан. «Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын» дегендей мақал-мәтелдің өн бойынан поэзияға тән үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақты кездестіреміз. Онда басы артық бір бөгде сөз жоқ. Барлығы өз орнында. Мақал-мәтелде бәрі екшелген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ой-өрнек ажыраспас туыстық тапқан. Мысалы, «Қой шелді болмай, төлді болмайды». Осындағы сездердің бірін де өзгерту мүмкін емес. «Шелді мен төлді» ойымен де, үйлесімімен де іштей үндестік тауып тұр. Оның орнына майлы, семіз деген баламаны алсақ, мақал бүкіл шырай-көркінен, мән-мағынасынан айрылады, мақалдық қасиеті жұтаңдайды. Сол сияқты басқа сөздерді де өзгерте алмайсың. Олар осы бітімінде ғана үлкен ой жүгіне ие.

Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Ол халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды.

Мақал-мәтелдер қосарлана айтылып, бір-біріне туыс болғанмен, екеуінің өзара айырмашылықтары да бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады. Мысалы, «Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алсақ, бұл екі жай сөйлемнен тұрады. Мұнан мақалдар көбіне екі бөлімді болатынын білеміз. Оның үстіне мақалдарда ой тиянақты. Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді. Киіз қазықтың жерге кіруі тоқпағының күшті болуына байланысты. «Мезгілі жетсе, мұз да ерір» деген мақалдан да осыны айқын байқауға болады.

Мақалда бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салыстыру арқылы ой-пікірді айқындай түсу тәсілі басым келеді. Мақал шендестіруге құрылады. Мысалы, «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді», «Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені, еменнің иілгені - сынғаны». Осы келтірілген мақалдардың өзінен өмір құбылыстары типтендіріліп, дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отыратындығын байқаймыз.

Ал м ә т е л құрылысы ойды түйіндеу жағынан мақалдан өзгешерек. «Әлін білмеген әлек», «Көппен көрген ұлы той» деген мәтелде тұспал ғана бар, мағына ашық емес, қорытынды пікір жоқ. Осы бейнелі сөз айшығы арқылы берілген ойды тындаушы өзі топшылайды, мәтелде дәлелдеу де, тиянақты тұжырым да болмайды.

Мақал мен мәтел осы жоғары белгілермен бір-бірінен айрылады.

Жұмбақтар. Жұмбақ - бұл да ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көне түрі. Ол халықтың табиғат құбылыстарының, өзін қоршаған дүниенің сырын танып білуге талпынған ойынан туған. Жұмбақ адам баласының ой-өрісі, дүние тануы кеңейген сайын, халықтың қоғамдық тұрмысының, кәсіп-тіршілігінің өзгеріп отыруына байланысты мазмұны, тақырыбы жағынан үнемі жаңарып, байып отырады. Оның тақырыбы сан алуан. Сол тақырыптарына, мазмұнына қарай жұмбақтардың туған кезеңдерін шамалауға болады. Мысалы, қалам, сия, хат, кітап, телефон, ұшақ сияқты өнер-білімге, техника жаңалықтарына байланысты жұмбақтар бертінгі дәуірдің туындылары екені аян.

б) Ертегілер:

Негізгі түрлері: а) қиял-ғажайып ертегілері; ә) хайуанат жайындағы ертегілер; б) салт ертегілер.

Ертегілердегі оқиға. Ерлік, батырлық, шыншылдық, адалдық, сұлулық, тапқырлық - ертегілердегі жағымды кейіпкердің негізгі сипаты мен қасиеті екендігі.

Ертегі - ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі. Ертегілер - бірнеше ғасырлардың жемісі. Өз халқымыздың тарихын, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, нанымын, дүние танушылық көзқарастарын білеміз десек, ертегілерді аттап өтуге болмайды. Өйткені ертегі, әңгімелер - өткендегі өмірдің елесі. Қазақтың тұрмыс-салтын кеңінен шолып, мол қамтыған ауыз әдебиетінің ең көлемді, бай түрі ертегілер болып саналады.

в) Аңыз әңгімелер:

Ауыз әдебиетіндегі әңгіменің бір алуан саласы - аңыз. Аңыз негізінде әңгіме түрінде болады. Кейде өлең, жыр түрінде болуы да мүмкін.

Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Аңыздың тарихи адамға қатысын да айтуға болады. Кейде аңыз әңгімеде де шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Бұл жағынан алғанда аңыз бен ертегінің арасы жақын. Негізгі айырмасы - аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адам төңірегіне құрылады.

Аңыз әңгімелерге қиял элементі көп араласса да, әлгі аңызға айналған адамның өзі қарапайым адамның қатарында қала береді. Аңыздың тақырыбы, мазмұны, сюжеті әр алуан болып келеді және әр кезеңде өмір сүрген адамдарға байланысты аңыздар туа береді.

Қазақ аңыздарының көп тарағандары мыналар: Асан-қайғы, Жиренше, Қорқыт, Алдар көсе. Әр дәуірге сай басқа да аңыздарды көп кездестіруге болады.

г) Батырлар жыры:

Қазақ ауыз әдебиетінің аса бай мұрасы - батырлық жырлар. Ол жырларды жыраулар шығарған, оларды жыраулар мен жыршылар домбыраға қосып, өз әуендерімен айтады.

Батырлық жырларда ел қорғау, басшыларға қарсы күрес кезінде көрсеткен батырлардың ерліктері жырланады, батырлардың отбасына, еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі - шынайы патриоттығы дәлелденеді, көбінесе бірегей ұлға зар болған қарт ата-аналардың арман-тілегі орындалады (Алпамыс, Қобыланды, т. б. ) .

Батырлық жырлардағы оқиға жүйесі сенімді, нанымды, қызықты құрылады да, онда, көбіне, тарихи деректер мен қиял-ғажайып оқиға суреттері аралас баяндалады, іс-қимыл, ерлік жүйелі дамып, кейіпкерлердің бейнелері мен мінез-құлықтары әсерлі суреттеледі.

Батырлық жырлар көбіне 7-8 буынды жыр тармақтарымен жырланады, кейде 11 буынды қара өлең ұйқасымен де жырланады. Жырда әсірелеу, суреттеу басым болады, жыр желдірме екпінімен жеңіл айтылады.

Негізгі батырлық жырлар қазіргі кезде дыбыс жазуына түсірілген, баспадан том-том кітап болып басылып шықты. Дегенмен, әлі де толық зерттелмеген (Мысалы, «Қырымның қырық батыры»), баспа бетіне жарияланбаған жырлар да бар.

Соңғы уақытта шығарылған батырлық жырлардың көркемдік дәрежесі жоғары, авторлары белгілі (Н. Байғанин «Ер туралы жыр», Ж. Жабаев «Өтеген батыр», Қ. Аманжолов «Мәншүк», т. б. ) .

ғ) Лиро-эпостық жырлар:

Батырлар жырының (эпос) тақырыбы ерлік, ел қорғау, өз отаны, өз елі үшін сыртқы жаумен күресіп, кек алу болса, лиро-эпос жырларының негізгі тақырыбы - бас бостандығы, сүйіспеншілік. Қаһармандардың басында кездесетін әр түрлі қиыншылықтар сол сүю, махаббат мәселесінің айналасынан ұзап кетпейді. Шығармада кездесетін зарлы мұң, аянышты көріністер бір-бірін сүйген, бас азаттығын арман еткен жастың маңына жинақталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда әдеби шығармаларды оқытудың мақсаты мен міндеттері
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Қазақ халқының ауыз әдебиеті түрлері
«Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы
Әдебиеттік оқу пәнінің, көркем шығарманы оқыту мен талдаудың негіздері
АКТ технологияларын оқу сабақтарында қолдану жолдары
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш сыныпта көркем шығарманы оқыту әдістерін диагностикалау критерийлерін тұжырымдау
Балаларға әңгіме айтып беру
Бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттік оқу сабағында сөздік қорларын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz