Құрылыс машиналары



Кіріспе
І. Жер қазғыш машиналар
a) Скрепер
b) Бульдозер
c) Грейдер
d) Эксковатор
ІІ. Көтергіш.тасымалдағыш машина . кран
Құрылыс машиналары — әр түрлі құрылыс жұмыстарына арналған машиналар мен механикаландырылған құрал-жабдықтар. Бұлар құрылыс жұмыстарын кешенді түрде механикаландырып, индустриялы әдістерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Құрылыс машиналарының атқаратын жұмыс түріне қарай бөлінеді:
• Қазғыш
• Топырақ таптауыш
• Бұрғылауыш
• Қада қағу
• Тиеу – түсіру әрі тасымалдау
• Ұсақтап сорттау
• Араластырғыш
• Бетон төсегіш
• Өңдеуіш
• Жол құрылыс машиналары және т.б.

Жер қазғыш машиналар — үймереттер, жолдар, әуежайлар салуда және жер асты коммуникациясын (құбырлар, байланысжелілері) жүргізуде, сондай-ақ, гидротехникалық, мелиорациялық және ирригациялық жұмыстар мен кен байлықтарын карьерлердеөндіруде жер қазу жұмыстарын орындауға арналған машиналар. Жер қазғыш машиналар үш топқа бөлінеді: жер қазушы-тасымалдаушы машиналар, экскаваторлар және гидромеханикаландыруға арналған машиналар мен құрал-жабдықтар. Бірінші топқа жұмыс құралының түріне байланысты скреперлер (шөмішпен жабдықталған), бульдозерлер, автогрейдерлер, грейдер-элеваторлар (пышақпен жабдықталған) жатады. Олардың негізгі жұмыс операцияларына топырақты қабаттап өңдеу, оны тасымалдау, үйіндіге үю және жер бетін тегістеу кіреді. Экскаваторлар (екінші топ) жұмыс істеу принципі бойынша циклдік және үздіксіз болып бөлінеді. Циклдік экскаваторларға бір шөмішті, ал үздіксіздерге бірнеше жұмыс құралдарымен (шөміштермен, қырғыштармен, топырақты сілемнен кесіп алып және төгу орнына шығаратын құрастырмалы құралдармен, тістермен, т. б.) жабдықталған экскаваторлар жатады. Бір шөмішті экскаваторлар топырақты өзінің тұрақ деңгейінен жоғары да, төмен де жерден қаза алады және тік не кері күрекпен жабдықталуы мүмкін. Үшінші топқа су шапшыту арқылы грунтты бұзу әдісімен қазатын машиналар мен жабдықтар (гидромониторлар, жер сорғыш снарядтар) жатады.
1. Бекмагамбетов М.М. „Автомобильный транспорт Казахстана, этапы становления и развития“ Алматы: Print-s 2003ж. Қазақша баспасы 2008ж Қазақстанның автомобиль көлігі, құрылуы мен даму кезеңдері.
2.Великанов „Автомобильные транспортные средства“ 1977.
3.Бруков „Специализированный подвижной состав“ Транспорт 1979г.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
І. Жер қазғыш машиналар
a) Скрепер
b) Бульдозер
c) Грейдер
d) Эксковатор
ІІ. Көтергіш-тасымалдағыш машина - кран

КІРІСПЕ
Құрылыс машиналары -- әр түрлі құрылыс жұмыстарына арналған машиналар мен механикаландырылған құрал-жабдықтар. Бұлар құрылыс жұмыстарын кешенді түрде механикаландырып, индустриялы әдістерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Құрылыс машиналарының атқаратын жұмыс түріне қарай бөлінеді:
* Қазғыш
* Топырақ таптауыш
* Бұрғылауыш
* Қада қағу
* Тиеу - түсіру әрі тасымалдау
* Ұсақтап сорттау
* Араластырғыш
* Бетон төсегіш
* Өңдеуіш
* Жол құрылыс машиналары және т.б.

Жер қазғыш машиналар -- үймереттер, жолдар, әуежайлар салуда және жер асты коммуникациясын (құбырлар, байланысжелілері) жүргізуде, сондай-ақ, гидротехникалық, мелиорациялық және ирригациялық жұмыстар мен кен байлықтарын карьерлердеөндіруде жер қазу жұмыстарын орындауға арналған машиналар. Жер қазғыш машиналар үш топқа бөлінеді: жер қазушы-тасымалдаушы машиналар, экскаваторлар және гидромеханикаландыруға арналған машиналар мен құрал-жабдықтар. Бірінші топқа жұмыс құралының түріне байланысты скреперлер (шөмішпен жабдықталған), бульдозерлер, автогрейдерлер, грейдер-элеваторлар (пышақпен жабдықталған) жатады. Олардың негізгі жұмыс операцияларына топырақты қабаттап өңдеу, оны тасымалдау, үйіндіге үю және жер бетін тегістеу кіреді. Экскаваторлар (екінші топ) жұмыс істеу принципі бойынша циклдік және үздіксіз болып бөлінеді. Циклдік экскаваторларға бір шөмішті, ал үздіксіздерге бірнеше жұмыс құралдарымен (шөміштермен, қырғыштармен, топырақты сілемнен кесіп алып және төгу орнына шығаратын құрастырмалы құралдармен, тістермен, т. б.) жабдықталған экскаваторлар жатады. Бір шөмішті экскаваторлар топырақты өзінің тұрақ деңгейінен жоғары да, төмен де жерден қаза алады және тік не кері күрекпен жабдықталуы мүмкін. Үшінші топқа су шапшыту арқылы грунтты бұзу әдісімен қазатын машиналар мен жабдықтар (гидромониторлар, жер сорғыш снарядтар) жатады.

Скрепер (ағылш. scraper, scrape -- қыру) -- жер қыртысын қабаттар бойынша сыдыруға, тасымалдауға және төгуге арналған циклдік жұмыс атқаратын жер қазушы -- көліктік машина. Скрепердің жұмысшы органы -- сыйымдылығы 25 м3-ге дейін болатын шөміш. Скреперлердің тарту күшінің әсерімен (мысалы, элеватормен) жүк тиелетін, тракторларға тіркелетін, қос осьті тракторлар мен ауыр жүк тартушылардың (тягачтардың) негізіндегі жартылай тіркемелі және бір осьті ауыр жүк тартушылардың негізіндегі өздігінен жүретін түрлері болады. Скреперлер -- жер қазу, әр қазғыш машинаның бір түрі. Скреперлерді канал құрылысын салу, әр қазу және оның беткейлерін пішіндеу, сонымен катар су қоймаларының топырақ қазу, тасымалдау, жер тегістеу жұмыстарын жүргізу барысында жиі қолданады.

Бузьдозер - 1) аспалы жұмыстық тетігі - қалқаны бар өздігінен жүретін жер қазғыш трактор не сүйреткіш. Ол кен байлықтарын аршу, арна қазу, жол салу, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды, т.б. жүргізу үшін топырақты қабат-қабатымен ығыстыру және оны тегістеу, үю сияқты жұмыстар кезінде қолданылады. Бульдозер (ағылшынша bulldozer, bulldoze - ірі кесектерді жару, ұсақтау) қалқаны бұрылмайтын бульдозер, қалқаны бұрылмалы бульдозер және қалқаны әмбебап бульдозер болып ажыратылады. Олардың барлығы да гидравликалық, канатты (болат арқанды) не электрмеханикалық жетектермен жабдықталады.
2) Әр түрлі қималы дайындамадан жасалған бөлшектерді (қапсырма, кронштейн, бұрыштық, т.б.) штамппен июге арналған пресс. Оның кривошипті және гидравликалық түрлері бар. Ұсталық-штампты өндірісте горизонталь кривошипті бульдозер кеңінен қолданылады.

Грейдерлер жол жұмыстарында жердің қабаттарын жоспарлау және профильдеуге, жукті белгілі бір жерге үйу, жукті тегістеу, жол жиектерін тазалауға, алаң дайындауға,қар тазалауға және т.б арналған.
Грейдерлер жіктеледі: тракторлы базадағы агрегатта жұмыс істейтін грейдер және өздігінен жүретін автогрейдерлер.
Грейдерлерді базалық трактордың тарту классына жіктеуге болады. Базалық трактордың тарту классы жеңіл және ауыр болып бөлінеді.
Жетек түрі бойынша грейдерлер механикалық және гидравликалық болады.
Грейдерлердін қолдану аймағы:
Грейдерлер құрылыста, жол құрылысында қолданылады. Құрылыста және жол жұмыстарында басты мақсаты жердің бірінші қабатын тегістеу (профильдеу). Жол жұмыстарында грейдерлермен жол ортасына жайылған жүкті жол бойына жаюмен айналысады.
Классына байланысты автогрейдерлер қолдану аймағы әр түрлі болады. 100 класстағы автогрейдерлер жолды жөндеу жұмыстарымен, 160 класстағы орташа көлемді жол жұмыстарын жөндеу, жүкті жаю, ал 250 класстағы үлкен көлемді жұмысты атқарады, көлемді жүктерді тасымалдау, үлкен аландарды құрылысқа дайындаумен айналысады.
Грейдерлердің жұмыс істеу операциялары: қабатты кесу, орын ауыстыру, көлбеулік пен тегістікті жасау. Қабатты кесу құрылыста жер жұмыстарының ең басты технологиялық операциясы. Қабаттың орын ауыстыруы технологиялық операциялардың бірі, алаң дайындау кезінде жиналған жукті аз көлемде итеріп жол шеткі көлбеулікке жұмсайды.

Экскаватор (лат. excavo -- түйгіштеймін, оямын) -- топырақты қазып, жанындағы үйіндіге төгу немесе көлік құралдарына тиеу үшін қолданылатын жер қазатын машина. Бір шөмішті және көп шөмішті болып бөлінеді. Әскерде, негізінен, бір шәмішті экскаватор окоп, блиндаждық шұнқыр, бойтаса пана, әскери техниканы жасыратын орындар, жол, аэродром салу үшін және т.б. міндеттерді орындау үшін пайдаланылады.
Көп шөмішті экскаватор - үзіліссіз жұмыс істейтін, тұйықталған шынжырға (шынжырлы экскаватор) немесе роторлы доңғалаққа (роторлы экскаватор) орнатылған көп шөміштері бар жер қазатын машина. Оның рельспен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кен ісінде қолданылатын механикалық машиналар
Құрылыс машиналары мен механизмдерінің және көмекші өндіріс жұмыстарының есебі.
Жол-құрылысында пайдаланылатын жерді дайындау машиналары
Құрылысты механикаландыру және автоматтандырудағы құрылыс машиналары мен жабдықтарының рөлі және олардың дамуы
Құрылыс машинасы және жабдықтары
Тасымалдаушы машиналар
Тас материалдарды сұрыптау машиналары
Бульдозер жұмыстарының қажеттілігін тексеру
Өнімнің өзіндік құны
Құрылыстағы бульдозерлер
Пәндер