Бетонның маркасы мен класы: сипаттамасы және жіктелуі


Жоспар:

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім.
  1. Бетонның маркасы
  2. Бетонның класы
  1. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Бетон (французша: bton, лат. bіtumen - тау шайыры), құйматас - жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т. б. ), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т. б. ), кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады.

Бетон құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т. б. арнайы бетондар) және органикалық байластырғыш заттармен алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі. Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты аса ауыр (2500 кг/м3-ден жоғары), ауыр (1800 - 2500 кг/м3), жеңіл (1800 - 500 кг/м3), өте жеңіл (500 кг/м3-ден төмен) болып бөлінеді.

Қолдану түріне қарай құралымдық, құралымдық-жылу оқшаулағыш, жылу оқшаулағыш және арнайы жасалған бетондар (отқа төзімді, қышқылға төзімді, жолға төсеуге арналған, т. б. ) болып ажыратылады.

Бетонның ең басты қасиеті оның беріктілігінде. Беріктілігі негізінен байластырғыш материалдардың түрі мен сапасына, бетонның орташа тығыздығына байланысты. Сондай-ақ, ол бетон бұйымдарының маркасымен (сығымға беріктілік шегімен, осьтік созылуымен немесе иілу кезіндегі созылуымен) сипатталады.

Бетонды алғаш рет ертедегі римдіктер күмбез, арка сияқты әсемдік-сәндік құрылыстарда пайдаланған. Рим империясының күйреуімен бетонды пайдалану тоқтап, тек 18 ғасырда Батыс Еуропа елдерінде қайта қолданылды. 20 ғасырдың 40-жылдарынан бастап құрылыстың қарқынды дамуына байланысты Қазақстанда бетон кеңінен пайдаланыла басталды. Қазіргі уақытта Теміртау менПавлодарда кеуек бетон, Астана, Алматы, Семей, Шымкент, Атбасар қалаларында керамзит бетон, ал Теміртауқаласында отқа төзімді бетон өндіріледі.

Бетон технологиясы бойынша зерттеулер 20 ғасырдың 50-жылдары Қазақстанның Архитектура, құрылыс және құрылыс материалдары институтында (1965 жылдан Алматы құрылыс материалдары ғылыми-зерттеулер және жобалау институты) басталды.

Институтта бетонның суға төзімділігі зерттелді (А. И. Минас) . Бетон қоспасының қатаюын тездету, үстеме қоспалар қосудың әдістері табылды (Ө. А. Аяпов) .

Жеңіл кеуек бетон түрлерін дала шпаты құмдарынан алу технологиясы жасалды (Қ. Қ. Қуатбаев, П. А. Ройзман) .

Бетон алу жұмыстарында бетон құрамына өндіріс қалдықтарын (шлак, күл, т. б. ) қосу арқылы олардың сапасын арттыруға болатындығы анықталды (Ө. А. Аяпов, т. б. ) . Қазір бетон жасау технологиясын жетілдіру және оның сапасы мен тиімділігін арттыру жөнінен көптеген ғылыми зерттеулер (Алматы, Қарағанды, Өскемен, Шымкент, т. б. ) жүргізілуде.

Бетон - гравийдің, қиыршықтастың, малтатастың, қиынды тастың цемент немесе басқадай тұткыр материал ертіндісімен араластырып жасаған, тез қатаятын қоспасы. Бетон түрлері:

  • тез қататын бетон;
  • су өткізбейтін бетон;
  • ауа өткізбейтін бетон;
  • беріктігі жоғары бетон;
  • жеңіл бетон; ауыр бетон;
  • кеуекті бетон.

Бетон классы деп жобалау кезінде бетонның керекті бір сипатының орташа статистикалық мәнін айтамыз. Бетон класстары келесідей болады:

В- қысуға беріктік, текшелі беріктік, жобада көрсетіледі.

Вt - остік созуға беріктік, керек кезде тағайындалады

Бетон маркалары деп оның қандай да бір физикалық қасиетін сипаттайтын шама болып табылады:

F - аязға төзімділік (F50-F500) ;

W - су өткізбеугіштік, арнайы конструкцияларда талап етіледі, мысалы резервуарлар(W2-12 кгс/см2) ; ;

D - тығыздығы бойынша, жылуөткізгіштік бойынша талаптар қойылғанда (D 500-2000 кг/м3)

S - өздігінен кернеуленуі, өздігінен кернеуленген цементті қолданғанда талап қойылады(S0, 6-4) .

Бетонның өстік беріктігі бойынша классы В, 150мм бетон текшені қысуға сынау нәтижесінде алынған нәтижені айтамыз. Сынақ 28 тәуліктен кейін 20±2 0С -та қатқан үлгілерді сынаумен жүргізіледі.

Бетон түріне және жұмысына байланысты бетон класстары келесідей болады:

Цементтен жасалған ауыр бетондар үшін:В7, 5; В10; В12, 5; В15; В20; В30…В60;

Кернеуленетін бетондар үшін В20…В60;

Жеңіл бетондар үшін, егер орташа тығыздығы D600…D900 - B1…B7 және т. б. (СНиП 2. 03. 01-84*)

Падаланылған әдебиеттер:

  1. Бубнович Н. В. и др. «Строительные конструкции» Алматы 2005
  2. Сетков В. И., Сербин Е. П. «Строительные конструкции» - М. : ИНФРА-М, 2005 г., 448 с.
  3. google. kz
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобалау сатылары мен нормалары: бетонның түрлері, маркасы және құрамдық материалдары
Құрылыс конструкциялары: даму тарихы, талаптар, бетонның класы мен деформациялық-серпімділік модульдері
Қосмекенділер класы: жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Бауырымен жорғалаушылар класы: жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Балықтар класы: жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Жалпақ құрттар (Plathelminthes) мен сорғыштар класы (Trematoda): жалпы сипаттамасы, жіктелуі және медициналық маңызы
Бетонның жіктелуі және көбікті бетон өндірісінің технологиясы
Дизайндағы заманауи материалдар: бетонның құрамы, цемент түрлері және жіктелуі
Хордалылар типі, бассүйектілер тармағы және сүтқоректілер класы: жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Шаянтәрізділер класы: морфологиясы, физиологиясы және жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz