Көтергіш құрылыс конструкцияларының мөлшерлік жүктемелері және жүктемелер үйлесімі


Жоспар:

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім.
  1. Мөлшерлік жүктемелер
  2. Жүктемелер үйлесімі
  1. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ

Көтергіш құрылыс конструкцияларының негізгі міндеті оларға әсер ететін эксплуатациялық жүктемелерді өзіне кабылдап алу болып табылады. Конструкцияларды есептеген кезде жүктемелер мен әсерлер ҚМжЕ 2. 01. 07-85* Жүктемелср және әсерлер" бойынша қабылданады.

Әсер ету уақытына байланысты жүктемелер тұрақты және уақытша (ұзақмерзімді, қысқамерзімді, ерекшелі) болып бөлінеді .

Тұрақты жүктемелерге имараттар мен ғимараттардың тұрақты бөлшектерінің салмағы; грунттардың салмағы мен қысымы; конструкциялардың алдын - ала кернеулеу әсері жатады (п. І. бҚМжЕ 2. 01. 07-85) .

Ұзақмерзімді жүктемелерге уақытша қалқалардың салмағы; стационарлы жабдыктардың салмағы; резервуарлардың, газголъдердің, құбыржолдардың ішіндегі сұйықтар мен газдардың қысымы; сыйымсауыттардағы сусымалы материалдардың салмағы; қоймалардың, кітапханалардың және сол сиякты имараттар жабындарына түсетін жүктемелер; технологиялық ұзақ температура әсерлері жатады (п. 1. 7 ҚМжЕ 2. 01. 07-85) .

Қысқамерзімді жүктемелерге атмосфера, яғни қар, жел, көкмұз жүктемелері мен тсмпература-ауа райының әсерлері; имараттар мен ғимараттарды тұрғызу МКС пайдалану кезінде қолданылатын көтергіш-көліктік жабдықтардың (кран, тельфер) жүктемелері; тұрғын және қоғамдық имараттар аражабыңдарына түсетін адамдар, жиһаздар массасының жүктемелері және т. б. жатады (п. 1. 8 ҚМжЕ 2. 01. 07-к %)

Ерекшелі жүктемелерге сейсмикалық және жарылыс әсерлері; жабдықтар бұзылып технологиялық үрдісінің күрт өзгеруіне байланысты жүктемелер; грунт құрылымы өзгеруінің арқасында негіздіктің шөгуінен пайда болатын әсерлер жатады (п. 1. 9 ҚМжЕ 2. 01. 07-85) .

МӨЛШЕРЛІК ЖҮКТЕМЕЛЕР

Имараттар мен ғимараттарды калыпты жағдайларда пайдалануға мүмкіндік беретін мөлшерлік ережелермен белгіленген (конструкцияларды жүктеменің бір дүркін әсеріне есептегенде) жүктемелер мен әсерлердің ең үлкен мәндері немесе (шаршап қирауын тексергенде) ең жиі кайталанатын жүктемелер мөлшерлік жүкгемелср деп аталады .

Тұрақты жүктемелер және әсерлер . Конструкциялар массасының мөлшерлік жүктсмелері стаңдарттардың және әзірлеуші зауыттардың мәліметтері бойынша немесе жобалау кезіндегі белгіленген өлшемдері бойынша анықталады. Грунттар жүктемесі грунт түріне және оның тығыздығына байланысты белгіленеді. Конструкцияларды алдын ала кернеулеу әсерінің мөлшерлік мәні жобалаған кезде тағайындалады.

Ұзакмерзімді жүктемелер және әсерлер . Жабдық салмағының мөлшерлік жүктемелері стандарттар және каталогтар бойынша немесе жобалау тапсырмасы мәліметтерінен анықталады. Сұйықтар мен газдардың және сусымалы материалдардың конструкцияларға кысымы жобалау тапсырмасында көрсетіледі. Қоймалардың, архивтердің, кітапханалардың аражабындарына түсетін жүктемелер ҚМжЕ 2. 01. 07-85 бойынша қабылданады.

Қысқамерзімді жүктемелер және әсерлер . Тұрғын және қоғамдық имараттар аражабдыктарына түсетін адамдар, жиһаздар массасының жүктемелері ҚМжІ', 1 2. 01. 07-85-де келтірілген. Көтергіш-көліктік жабдықтардың мөлшерлері жүктемелері стандарт немесе зауыт құжаттары бойынша қабылданады.

Кар жүктемесі . Жердің 1м 2 горизонталды бетіне түсетін қар салмағының мөлшерлік мәні S 0 гидрометеорология қызметі мөліметтері бойынша белгіленеді. Төбежабынының горизонталды проекциясына келетін қар жүктемесінің толық мөлшерлі мәні S мына өрнек бойынша анықталады:

S= S 0 µ,

мұндағы S„ -құрылыс жүргізілетін ауданға байланысты, жердің 1м 2 горизонталдыі бетіне түсетін қар салмағының мөлшерлік шамасы;

µ-жер бетіңцегі қардың салмағынан төбежабынға түсетін жүктсмеге аудару коэффициенті. Бүл козффициенттің мәні төбежабын көрінісіне байланысты ҚМжЕ 2. 01. 07-85 3-қосымшасында келтірілген.

Жел жүктемесі Жел жүктемесінің мөлшерлік мөні мына өрнек бойынша анықталады: ω m = ω 0 *k*C

Мұндағы ω 0 -имаратгың немесе ғимараттың орналасқан ауданына байланысты, ҚМжЕ 2. 01. 07-85 5-кестесі бойынша қабылданатын, жел қысымының мөлшерлік шамасы; к-биіктігі бойынша жел қысымының өзгеруін ескеретін коэффициент (ҚМжЕ 2. 01. 07-85* 6-кесте) ; С - аэродинамикалық коэффициент (ҚМжЕ 2. 01. 07-85*1 4-қосымшасында) .

Көк мүз жүктемелері электр тарату және байланыс ауа жолдарын, антенналық-мачталық құрылғыларды жобалаған кездерде ескеріледі. Көк мүз жүктемесін ҚМжЕ 2. 01. 07-85 7-пункті бойынша қабылданады.

Қоршаған ауа температурасының өзгеруі мен күн радиациясының және технологиялық факторлардың температуралық әсерлері, конструкциялардың беріктігі мен деформациялығына ыкпалының тиюі мүмкін болған жағдайда есептеуде ескеріледі. Температура әсерлері ҚМжЕ 2. 01. 07-85 8-пункті бойьшша анықталады. Сейсмикалық әсерлердің шамасы кұрылыс жүргізілетін ауданның есептік сейсмикалығына қарай ҚР ҚМжЕ 2. 03-30-2006 "Сейсмикалық аудандардағы құрылыс" бойынша белгіленеді.

ЖҮКТЕМЕЛЕР ҮЙЛЕСІМІ

Жүктемелер конструкцияларға жекелей түспей бір-бірімен үйлесіп әсер етеді.

Құрылыс конструкцияларын есептеген кезде ең қолайсыз, физикалық қисыны бар жүктемелер үйлесімдері ескеріледі. Есепке алынған жүктемелердің құрамына байланысты үйлесімдер негізгілер және ерекшелілер болып екі түрге бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соққы жүктемелері және ғимарат конструкцияларының бұзылу механизмдері
Құрылыс конструкцияларына түсетін жүктемелер мен әсерлер
Ақтөбе қаласының бас жоспары және сәулет-құрылыс конструкцияларының негіздері
Жалпы ғимарат конструкцияларының шекті күйлері бойынша есептеу
Құрылыс материалдары және беларқа (арқалық) конструкцияларының түрлері мен есептеу тәсілдері
Құрылыс машиналары: жер қазғыш машиналар, көтергіш крандар және қада батырғыш қондырғылар
Құрылыс машиналарын механикаландыру мен автоматтандыру: құрылымы, жіктелуі және көтергіш-тасымалдау жүйелері
Іргетастар мен көтергіш конструкцияларды күшейту әдістері мен технологиялары
Мөлшерлік химия әдістері және кобальттің қасиеттерін анықтау тәсілдері
Менеджмент: ғылым мен өнердің үйлесімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz