Қантты диабет кезіндегі тамақтану



Қантты диабет ұйқы безі гормонының, яғни инсулиннің жетіспеушілігі кезінде немесе тіндердің инсулинге деген сезім тамығы төмендеген кезде туындайды. Диабет тұқым қуалаушылық жолмен немесе ұйқы безі ауруында дамиды. Диабет - тойып тамақ жеу немесе семіздікке шалдықтыратын жануар майын, жеңіл сіңірілетін көмірсуларды шамадан көп қолданғанда және басқа да тиімді тамақтану шарттары бұзылғанда дамиды. Қантты диабет негізінде көмірсу алмасуының бұзылуы жатыр: жасуша мен тіндердің глюкозаны сіңіруінің бұзылуы, май мен ақуыздан, бұлшық ет пен бауырдағы глюкогеннен глюкозаның түзілуінің күшеюі. Нәтижесінде қандағы канттың мөлшері көбейеді және несеппен бірге қанттың бөлінуіне алып келеді. Диабетке шалдыққан науқастарда май алмасуы бұзылады, бұл қанда тотықпаған майлардың кетон денелерінің жиналуына соқтыруы мүмкін. Қандағы ақуыз алмасуы өнімдерінің артуына әкелуі мүмкін, яғни метаболикалық ацитоз дамиды. Осының барлығы ағзаның өздігінен улануына және диабеттік комаға ұшыратуы мүмкін. Қантты диабет атеросклерозбен, бүйректің зақымдалуымен, бауырдың майлы инфильтрациясымен асқынуы мүмкін. Диабеттің жеңіл түрі болғанда емдеу факторы - тек дұрыс тамақтану, ал орташа және ауыр түрлерінде аталмыш сырқат инсулинмен және басқа да дәрі-дәрмектермен емделеді.
Қантты диабетке шалдыққан науқастарға №9 емдәм сынама немесе тұрақты түрде тағайындалады, қалыпты жағдайда ақуыз 90г, май 80 грамға дейін шектеледі, негізінен жануар тектес және көмірсу мөлшерін (300-350 г) азайту, жеңіл сіңірілетін тағамдар есебінен негізінен қант және құрамында қанты бар азық-түліктер беріледі.
Емдәм үшін NаСІ және холестериннің мөлшерін шектеу, дәрумендер мен липотроптық заттардың, клетчатка, пептиндер, алмастырылмайтын май қышқылдарын арттыру керек. Тамақтану уақыты белгілі бір уақытта күніне 5-6 рет болуы керек, ол көмірсулардың біркелкі ыдырап таралуына байланысты. Тамақтанудағы тиімді қуаттылық құндылық мүмкіндігінше мынадай болуы керек: таңертеңгі ас - 20%, 2-ші таңертеңгілік ас - 10%, түскі ас - 30%, сәскелік ас - 10%, г кешкі ас - 20%, түнгі ас - 10%. Инсулинді енгізгенде тағам режимі иньекцияның санына, уақытына және мөлшеріне байланысты. №9 емдәмге

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАНТТЫ ДИАБЕТ КЕЗІНДЕГІ ТАМАҚТАНУ
Қантты диабет ұйқы безі гормонының, яғни инсулиннің жетіспеушілігі
кезінде немесе тіндердің инсулинге деген сезім тамығы төмендеген кезде
туындайды. Диабет тұқым қуалаушылық жолмен немесе ұйқы безі ауруында
дамиды. Диабет - тойып тамақ жеу немесе семіздікке шалдықтыратын жануар
майын, жеңіл сіңірілетін көмірсуларды шамадан көп қолданғанда және
басқа да тиімді тамақтану шарттары бұзылғанда дамиды. Қантты диабет
негізінде көмірсу алмасуының бұзылуы жатыр: жасуша мен тіндердің
глюкозаны сіңіруінің бұзылуы, май мен ақуыздан, бұлшық ет пен бауырдағы
глюкогеннен глюкозаның түзілуінің күшеюі. Нәтижесінде қандағы канттың
мөлшері көбейеді және несеппен бірге қанттың бөлінуіне алып келеді.
Диабетке шалдыққан науқастарда май алмасуы бұзылады, бұл қанда
тотықпаған майлардың кетон денелерінің жиналуына соқтыруы мүмкін.
Қандағы ақуыз алмасуы өнімдерінің артуына әкелуі мүмкін, яғни
метаболикалық ацитоз дамиды. Осының барлығы ағзаның өздігінен улануына
және диабеттік комаға ұшыратуы мүмкін. Қантты диабет атеросклерозбен,
бүйректің зақымдалуымен, бауырдың майлы инфильтрациясымен асқынуы
мүмкін. Диабеттің жеңіл түрі болғанда емдеу факторы - тек дұрыс
тамақтану, ал орташа және ауыр түрлерінде аталмыш сырқат инсулинмен
және басқа да дәрі-дәрмектермен емделеді.
Қантты диабетке шалдыққан науқастарға №9 емдәм сынама немесе
тұрақты түрде тағайындалады, қалыпты жағдайда ақуыз 90г, май 80 грамға
дейін шектеледі, негізінен жануар тектес және көмірсу мөлшерін (300-350
г) азайту, жеңіл сіңірілетін тағамдар есебінен негізінен қант және
құрамында қанты бар азық-түліктер беріледі.
Емдәм үшін NаСІ және холестериннің мөлшерін шектеу, дәрумендер мен
липотроптық заттардың, клетчатка, пептиндер, алмастырылмайтын май
қышқылдарын арттыру керек. Тамақтану уақыты белгілі бір уақытта
күніне 5-6 рет болуы керек, ол көмірсулардың біркелкі ыдырап таралуына
байланысты. Тамақтанудағы тиімді қуаттылық құндылық мүмкіндігінше
мынадай болуы керек: таңертеңгі ас - 20%, 2-ші таңертеңгілік ас - 10%,
түскі ас - 30%, сәскелік ас - 10%, г кешкі ас - 20%, түнгі ас -
10%. Инсулинді енгізгенде тағам режимі иньекцияның санына, уақытына
және мөлшеріне байланысты. №9 емдәмге көмірсудың жалпы мөлшері есебінен
ксилит, сорбит, фруктоза енгізіледі. Десерттік тағамдар мен сусындарға
дәмін келтіру үшін сахарин қосады. Тою сезімін күшейту үшін жалпы
рациондағы көмірсу есебінен емдәмге құрамында көмірсуы аз көкөніс,
жеміс-жидек енгізу керек. Диабеттің ауырлығына байланысты.

№9емдәмді өзгертуге солады, бұл науқастың қосымша ауруларына,
еңбекке жарамдылығына, жасына, дене салмағына, жынысына және инсулиндік
емге байланысты. Бұл кейбір тағамдар мен азық-түліктерді алып тастау
жолымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, диабетпен ауыратын
науқастардың тағамдық заттар есебінен дене еңбегімен айналысуына
байланысты №9 емдәмге қуаттық қажеттілікті арттыру керек. №9 емдәм
диабет жеңіл және орташа түрде болса, дене салмағы қалыпты немесе
азғантай артық болғанда, науқас инсулин қабылдамаса немесе аз мөлшерде
(20-30 бірлік) қабылдаса ғана тағайындалады. Емдәмдегі көмірсулар дұрыс
сіңірілуі үшін инсулин мен басқа дәрі-дәрмектердің мөлшерін таңдау
қажет.
Қантты диабеттің орта және ауыр түрімен ауыратын науқастар
емдәмдегі көмірсуларды нан, жарма, картоп, көкөніс, жеміс-жидек арқылы
400-450 грамға дейін көтереді. Сонымен қатар ақуыз мөлшері 100-110 г
және май мөлшері 85-90 грамға арттырылады. Кетон денелері көбейіп
кетсе, май азайтылады. Егер инсулин күніне 2 рет енгізілсе (таңертеңгі
асқа дейін және күндіз асқа дейін), онда барлық көмірсулар 65-70
пайызға дейін көбейтіледі.
Инсулин таңертең. күндіз, кешке - 3 мезгіл қабалданатын болса, онда
көмірсулар мөлшері үш рет тамақтану кезінде бірдей мөлшерде болуы
керек. Инсулинді енгізгеннен кейін асты 2 рет ішу керек: 15-20 минуттан
кейін және 2-3 сағаттан кейін - бұл инсулиннің барынша қатты әсер
ететін кезі. Бұл үшін аз-аздап тамақтанып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қант диабеті және оның типтері
Липидтер алмасуның бұзылыстары
Қант диабетінің бұзылусының себептері
Қарттардағы қантты диабет. Дәрі –дәрмекпен емдеу. Диабеттік табан синдромы, аяқты күту принциптері
Нәруыздардың алмасуы
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер жиынтығы
Спонтанды қант диабеті
Балалардағы гипер- және гипогликемия синдромы. Эндокринологияда мейірибкелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері
Липидтер алмасу механизмінің биохимиялық бұзылыстары
Зат алмасудың біртектес бұзылыстары
Пәндер