Стандарттаудың экономикалық және әлеуметтік мәселелері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Еңбек қауіпсіздігі туралы стандарттар . . . 3
Стандарттау және денсаулықты қорғау, еңбек қауіпсіздігі . . . 5-7
Қорытынды . . . 8
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 9
КІРІСПЕ
Ғылыми - техникалық, әлеуметтік - экономикалық, мемлекетаралық және мемлекет бағдарламаларын және инфрақұрылым жинақтарын нормативті қамтамасыз етуөнімнің атаулығын және негізгі көрсеткіштері туралы ақпараттапмен тұтынушыларды қамтамасыз ету үшін тізімдеу жүйесін құру.
- Өндірушілер, өндірушілер, дайындаушылар, сатушылар мен тұтынушылар арасындағы өзара түсінушілікті қамтамасыз етеді;
- Тұтынушылар және мемлекет мүддесіндегі өнімнің сапасы мен атаулығына оңтайлы талаптарды орнату, соның ішінде оның қоршаған ортаға, өмір, денсаулық және мүлік үшін қауіпсізділігін қамтамасыз етеді;
- Бірлескен бойынша талаптарды, сондай - ақ өнімнің өзара ауыстырушылығын орнату;
- Өнім сапасын бағалау сертификаттау бақылауын нормативтік техникалық қамтамасыз ету;
- Орнату негізінде біріңғайланған параметрлік және тұрпат өлшемдік қатарды базалық құрылым, бұйымның құрылымды біріңғайланған блогты модулді құраушы бөліктерін қолдану;
- Метрологиялық нормаларды ережелерді талаптарды орнату бақылаудың нормативтік технологиялық қамтамасыз етілуі, сертификаттау және өнімнің сапасын бақылауы;
- Технологиялық процестерге талаптарды орнату, соның ішінде материал сыйымдылығын энергосыйымдылықты және еңбек сыйымдылығын төмендету мақсатында, аз қоқысты технологияны қолдануды қамтамасыз ету;
- Техника экономикалық ақпаратты кодтау және жіктеу жүйелерін құру және енгізу;
Мысалы ретінде Еңбек қауіпсіздігі туралы стандарттары (ЕҚС) әлеуметтік стандарттарға жатады.
Еңбек қауіпсіздігі жүйесін жасап оны енгізу арқылы өндірісте жарақат алуды және кәсіптік ауыруларды азайтуға, адам денсаулығын сақтап, оның еңбекке қабілетін жақсартуға болады.
Еңбек қауіпсіздігі жүйесі бірнеше стандарттардан тұрады. Машиналар, приборлар, құрал-жабдықтар, материалдар, заттар жөніндегі көптеген стандарттар мен техникалық шарттарда қауіпсіздік туралы талаптар белгіленген. Мұндай стандарттарды жасауға Денсаулық сақтау министрлігі, мемлекеттік қадағалау органдары, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері қатысады.
Еңбек қауіпсіздігі жүйесі мынадай іс-шараларды белгілейді:
- еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарының талаптары;
- өндірістің қауіпті және зиянды факторларына койылатын талаптар мен нормалар;
- өндіріс құрал-жабдықтары қауіпсіздігінің талаптары;
- өндіріс процесі қауіпсіздігінің талаптары;
- жұмысшылардың қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар; өндіріс ғимараттары мен құрылыстарына койылатын талаптар.
Стандарттарда өндірістің қауіпті және зиянды факторларының рұқсат етілген шекті параметрлері мен сипаттамалары белгіленеді, олардың түрлері, қорғану және бақылау әдістері көрсетіледі.
Қауіпсіздік сақтау тәртіптері стандарттар мен техникалық шарттардың "Техникалық талаптар" бөліміне кіргізілген. Пайдалану, тасымалдау, сақтау қауіпсіздігінің талаптары, сондай-ақ, сол талаптардың орындалуын бақылау тәсілдері стандарттар мен техникалық шарттардың тиісті бөлімдеріне кіргізілген.
Шикізаттар, материалдар және химиялық заттардың стандарттарында бұл заттардың токсикологиялық (улы) қасиеттері, адам ағзасына әсері, жұмыс орнының ауасы мен суындағы руқсат етілген мөлшерлері, мұндай мөлшерлерді анықтау әдістері белгіленеді. Заттардың қауіпті және зиянды әсерінен жұмыскерлерді қорғаудың шаралары мен құралдары да стандарттармен беріледі.
Өрт техникасына және өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар да стандартта белгіленеді.
Еңбек қауіпсіздігі жүйесінің стандарттары ылғида жетілдіріліп, әрекеттегі стандарттар қайта қаралып, жаңа стандарттар жасалынып отырады. Еңбек қауіпсіздігінің қызметі әсіресе жаңа техниканы енгізумен байланысты кеңейе түседі. Мысалы, лазер қауіпсіздігі, робот қауіпсіздігі, роботтанған технология қауіпсіздігі, ионданған және инфрақызыл сәулелерден, гидравликадан, жоғары температура және жоғары қысым құралдарынан сақтану қауіпсіздігінің стандарттары.
Табиғат қорғау және табиғи қорларды пайдалануды жақсарту жөніндегі стандарттар жүйесі. Табиғатты қорғау және табиғи қорларды пайдалануды жақсарту жөніндегі стандарттар жүйесінің негізгі мақсаты - адам әрекеті мен қоршаған табиғи ортаның тиімді байланысын белгілеу. Адам мен табиғат арасында дұрыс әрекеттесу болған жағдайда ғана табиғат байлығын ұтымды пайдалануға, өндірістің дамуы мен қоршаған орта арасындағы тепе-теңдікті сақтауға болады. Стандарттаудың бұл жүйесінде бір-бірімен өзара байланысқан мемлекеттік стандарттардың жиыны бар. Бұл стандарттар қоғамның іс-әрекетінің табиғатқа, адам денсаулығына тигізетін зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Табиғат қорғаудың стандарттарына суды қорғау және пайдалану стандарты, атмосфераны қорғау стандарты, топырақты қорғау және пайдалану стандарты, жерді пайдалануды жақсарту стандарты, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау стандарты, жер беті көрінісін өзгертуді қорғау стандарты, жер қойнауын қорғау және пайдалану стандарттары жатады.
Стандарттарда табиғи объектілердің күй-жайын анықтаудың, ластаушы заттардың рұқсат етілген мөлшерін есептеудің тәсілдері, сондай-ақ, табиғи ортаны ластанудан сақтауға арналған қондырғылар мен құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар белгіленеді.
Сөйтіп, табиғатты қорғау мәселелері стандарттау жүйесінде маңызды орын алады. Табиғат қорғау жөніндегі стандарттарды әрі қарай жетілдіру кешенді стандарттау бағдарламасына сай жүргізіледі. Елді жерлердің ауасының, суының сапасын, көмір қышқыл газының және автокөліктерден бөлінетін көмірсутектердің мөлшерін тексеру әдістерінің стандарттары жүйелі түрде кайта қарастырылып отыруы тиіс. Стандарттауды жетілдіру жүйесіндегі тағы бір мәселе ауадағы, судағы, топырақтағы зиянды заттарды анықтаудың өте дәл инструменталдық әдістерін жасау болып табылады, сол арқылы табиғат байлығын сақтауға, қалпына келтіруге және үнемді пайдалануға тиімді жол ашылады.
Стандарттау және денсаулықты қорғау, еңбек қауіпсіздігі
Стандарттау мәселесі адамдардың денсаулығы мен еңбек қауіпсіздігін қорғауда әрқашан ақтуалды. Стандарттардың жеткілікті көлемдегі бөлігі ток күшінің, шудың, шаңның, сәулеленудің жарықтандырудың және т. б. көрсеткіштердің қажетті деңгейлерін анықтады.
Соңғы уақытта отандық өнеркәсіптер жұмыстарының тәжірибесінде денсаулықты қорғау мен еңбек қауіпсіздігі стандарттарының мәні артуда. Бұл Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына қадам басуымен, мемлекеттің дамуы мен жаңа экономика талаптарымен айқындалады.
Қазақстандық өнеркәсіптердің көптеген шетелдік серіктестіктері ИСО 9000 сапа жүйесінің халықаралық сертификатын алу талаптарымен қатар OHSAS 18001:2007 (Occupational health and safety management systems) халықаралық стандарттың талаптарына жауап беретін денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі жүйесінің халықаралық сертификатының бар болуын талап етуде. Бұл стандарт бірлестіктерде келеңсіз жағдайлардың орын алуын азайтатын, яғни жабдықтар сынуының, қызметкерлер жарақаттануының және денсаулығына қауіп төндіретін оқиғалардың алдын алып отыратын жұмыс жүйесінің құрылуына әсер етеді.
Мұндай халықаралық стандарттың қажеттілігі күмән тудырмайды. Бұл келесі қағидалармен айқындалады: жаһандану үрдісі мемлекеттердің экономикалық байланыстарын кеңейтуде, өнімнің өндірісі мен тауарайналымының көлемін жоғарылатуда, жаңа технологиялардың қуаты мен жылдамдығын тұрақты түрде өсіруде, осының барлығы жабдықтардың авариялық жағдайларға ұшырап, адамдар мен қоршаған ортаға экологиялық жүктемелердің түсуін көбейтіп, ұзақ уақытқа дейін ұмытылмастай ететін оқиғаларға жеткізуі мүмкін. Мысал ретінде, Чернобыльдегі атом электр станциясының, алып мұнай құятын танкерлердің, ірі әуе кемелерінің жарылыстырын келтіруге болады. Жаңа әлем өндіріс обьектілерімен қаныққан, бұл әсіресе, Жапония, АҚШ, Еуропа сияқты жоғары деңгейде дамыған өңірлерге тән сипат. Бұл өнеркәсіптік елдер қазір экономикада жаңа белестерге көтерілуде, олар өздерінің жетістіктерін жоғары қояды және өз ауқымында, сол тәрізді көрші елдерде де ешқандай техногенді жағдайлардың болмауын қалайды. Өндірістегі апаттардың негізгі себебі «адамдық» фактор болып табылады, ешқандай автоматтандыру өндірістің толық қауіпсіздікте болуына кепілдік бере алмайды. Адам бұрынғыдай соңғы шешімді қабылдайтын, басты фигура болып қалады. Өндірістік ортада адамның әрекеті көптеген: кәсіби білім, тәжірибе, көңіл-күй, физикалық қалып және т. б. факторларға негізделеді
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz