Сертификаттаудың заңнамалық базасы


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Техникалық реттеу туралы заңы . . . 3-4

Сәйкестікті растау сызбасы . . . 4

Қорытынды . . . 5-6

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 7

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы Заңы сәйкестікті міндетті растаудың екі түрін қарастырады: декларациялау және міндетті сертификаттау. Нақтылы өнім түрінің сәйкестігін міндетті растаудың түрі мен сызбасы техникалық регламентте толық белгіленеді, ал ондағы сызбалар құрамы өнімнің ерекшелігін ескере отырып істі атқару мерзімін қысқартуды және өтініш берушінің шығынын азайтуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Сертификаттау жөніндегі заңнама Қазақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» Заңынан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен құралады.

Қазақстан экономикасында өтіп жатқан өзгерістерді ескере отырып 1999 жылы ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының орнына халықаралық заңнамаман гармонизацияланған ҚР «Сертификаттау туралы» Заңы қабылданған болатын. Соңынан 10 маусым 2003 жылы бұл Заңға өзгертулер енгізілген және толықтырылған. 9 қараша 2004 жылы ҚР «Техниклық реттеу туралы» Заңы қабылданып, ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының күші жойылды.

Техникалық реттеу туралы

Техникалық реттеу жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты, ол адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғаудың нәтижелі жүйесін құру және саудада қисынсыз, артық кедергілерді болдырмау. Ол үшін мына шаралар көзделеді:

• Өнімнің ерікті стандарттарын міндетті техникалық регламенттерден бөлу (өмір мен денсаулықты қорғауға қатысы барларын) ;

• Ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен ең жоғары деңгейде үйлестіру;

• Сәйкестікті растау жүйесін ымырышылдандыру және әр бір мүмкін жағдайда сәйкестікті ерікті растау сызасын еңгізу;

• Тәуелсіз және алаламайтын аккредиттеу жүйесін құру;

• Қазақстанның сәйкестік сертификатының шетелдік нарықта мойындалуына қол жеткізу.

Практика тұрғысынан Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңын қабылдауға қандай ішкі және сыртқы себептер ұйықты болғанын білу маңызды. Мұндай себептердің бастылары мыналар:

• бірінші жағдай - елдің техникалық заңдылықтарын дамыған шет елдердің заңдылықтарына мүмкіндігінше үйлестіру. Тек қана осындай үйлестіру арқылы еліміздегі бизнес қазіргі замандағы экономикалық кеңістікке кіре алады және барлық болып жатқан өзгерістерге дер кезінде құлақ асып, бәсекелестікке дайын болуға тырысады;

• екінші жағдай - кәсіп иелерінің талпынысы мен азаматтық бизнесіне мемлекет тарапынан қойылатын артық әкімшілік кедергілерді болдырмау. Стандарттарда келтірілген санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыс нормалары мен ережелері және т. б. өте көлемді және нашар реттелген міндетті талаптар кәсіп иелерінің жұмысын шектейді.

Осы жағдайдан туындайтын мәселелерді шешудің басты ағыты - тексеру жұмыстарының маңызды бөлімдерін реформалау, шаруашылық іс-әрекеттерге қатысушыларға қойылатын мемлекеттің міндетті талаптарын инвентаризациялау. Қазақстан Республиканың Конституциясы бойынша кәсіп иелерін іс-әрекеттері тек қана Заң арқылы шектеледі және Конституция нақтылы түрде қорғайтын жағдайларға қатысты жүргізіле алады. Осындай Конституция қорғайтын жағдайлар- адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиян келтірмеу. Міндетті талаптарды үйлестіруге тырысу, жоғарғы деңгейдегі нормативтік актілер арқылы кәсіп иелерінің қаржылық емес сипаттағы міндетті талаптарын белгілеу қазіргі заманға тән дүние жүзілік тәжірибеден туындайды. ҚР-ның «Техникалық реттеу туралы» Заңында келтірілген отандық техникалық реттеу жүйесі осы тәжіребені ескере тырып құрылған.

Сәйкестікті растау сызбасы

Сәйкестікті растау сызбасы - объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсілдері. Сәйкестікті міндетті растау сызбасын таңдау мына критерийлерге сүйене отырып жүргізіледі:

  1. келтірілетін зиянның қауіп-қатер деңгейіне;
  2. өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштерінің өндірістік факторлардың әсеріне сезімталдығына;
  3. өнімнің күрделілік деңгейіне.

Сәйкестікті міндетті растаудың түрі мен сызбасы тауардың еркін айналуына және ЕО пайдалы практикасын, әсіресе сәйкестікті растаудың модульдікпринципін, қолдануға заңда көрсетілген нормаларға сәйкестендірілген жағдайларды туғызуы керек. Елімізде техникалық реттеу объектісінің техникалық регламенттерге сәйкестігін растауда қалыптасқан ерекшеліктерді мына екі негізгі жағдайлардан көруге болады:

  • ЕО міндетті растаудың жалғыз түрі - декларациялау ғана қолданылса, ҚР«Техникалық реттеу туралы»Заңында оған қоса растаудың екінші түрі - міндетті сертификаттау енгізілген;
  • «Техникалық реттеу туралы»Заңына сәйкес декларациялау сызбаларында Еуропалық модульдерге тән типті сертификаттау, сәйкестік туралы декларация берілген өнімге инспекциялық тексеру жүргізу, жобаны сертификаттау сияқты элементтерді қолдануға мүмкіндік қарастырылмаған.

Қорытынды

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау стандарттау саласында сәйкестікті растауда, өнім сапасы мен қауіпсіздігінде, қызмет көрсетуде міндетті талаптардың орындалмауына жол бермеу, себептерін табу және жою мақсаттарында жүргізіледі. Бақылау мен қадағалау объектілері ретінде өнім, процестер, сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен зертханалар болып табылады. Бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган, оның аумақтың органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жүргізеді. Уәкілетті орган мен оның аумақтык бөлімшелері, олардың лауазымды адамдары бақылау мен қадағалауды өнімді өткізу сатысында жүзеге асырады. Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары:

  1. Өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бақылау мен қадағалау жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімді еткізудің жолын кесуге және оған жол бермеуге ыңпал ету шараларын қолданады.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жататындар:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті органның басшысы.
  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - уәкілетті орган басшысының орынбасарлары.
  3. Облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары - аумақтық органдардың басшылары.
  4. Облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары - аумақтық органдар басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары.
  5. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік, аумақтық органдардың басшылары, аумақтық органдардың басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар белгілеген тәртіппен аттестат алуға тиіс. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау кезінде тексеріледі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сертификаттаудың заңнамалық базасы туралы
Стандарттаудың заңнамалық базасы туралы
Сертификаттаудың заңнамалық базасы жайлы
Сертификаттаудың заңнамалық базасы жайлы ақпарат
Сертификаттаудың заңнамалық базасы жайлы мәлімет
Сертификаттау туралы түсінік
Стандарттау, метрология және сертификаттау пәнінен лекция жинағы
Туризмдегі стандарттау және сертификаттау
Сертификаттаудың заңнамалық базасы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz