Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін зейін қасиеттерін дамыту


КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста тәрбие үрдісі жағдайындағы психикалық іс-әрекеттер заңдылықтарын, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуінің психологиялық негізін, зейін қасиеттерін зерттеу және дамыту жолдарын іздестіре отырып, тұлғаны қалыптастырудағы ықпалы зерттелді.
Жеткіншектердің жаңа психологиялық мүмкіндіктерін қалыптастыруға бағыттау, баланың психикалық дамуы, оны ілгері өрбіту, мақсатқа бағдарлай ұйымдастыру, тәрбиелеуді басқару және өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруға кең өрісті жағдай туғызады. Сондықтан біздің зерттеуімізде оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің теориялық-әдіснамалық негіздері зейін қасиеттерін дамыта отырып қарастырылған. Бұл мәселелер Л. С. Выготскийдің адам тұлғасының жалпы дамуында «интеллект және аффект» байланыс идеялары арқылы зерттелді.
Қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі психологиялық-педагогикалық үрдісте оқушының өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызды. Бұл зерттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің теориялыҚ-әдіснамалық және эксперименталды әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыруға бағдарланған.
Жұмыстың негізгі мазмұнын тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін зейіннің қасиеттерін зерттеу және олардың негізінде психологиялық көмекті ұйымдастыру құрайды.
Өзін-өзі тәрбиелеу механизмдері жас ерекшелігін ескере, қойылған міндеттерге сәйкес реттей білу психологиялық-педагогикалық зерттеулерді жүйелі қатынас бағытымен жүргізуді талап етеді.
Зерттеудін өзектілігі. Педагогикалық психологияда қазіргі кездегі негізгі ағымдарды, жаңа тұжырымдамаларды негіздей отырып, жеткіншектердің өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін белсендендіріп, өнегелілік қасиеттерін қалыптастыру білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі.
Бүгінгі әлеуметтік-психологиялық жағдайлар, білім беру жүйесінде тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуіне психологтардың, педагогтардың және физиологтардың ерекше назар аударуларын қажет етеді.
Тұлғаның өнегелілік - еріктік өрісін, адамгершілік санасын, түсініктерін, ұғымын, принциптерін, сенімдерін, қылығының адами негіздерін, басқаларға өзінің эмпатияларын, әлеуметке деген қатынасын көрсететін мінез-құлық сапалары мен әдеттерін дамытудағы психологиялық механизмдерді аша отырып, балалық шақтың түрлі кезеңдеріндегі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырудың шарттары мен ерекшелігінің жалпы заңдылықтарын қарастыру жұмысымыздың өзектілігіне дәлел.
Қазіргі психологиялық-педагогикалық үрдістің арнайы толығырақ міндеттерін бейнелейтін құбылыстардың ішінде өзін-өзі тәрбиелеу, әсіресе психикалық әрекеттердің (зейіннің қасиеттерін арнайы дамыту жолдарымен),
маңызды мәселенің бірі деуге болады. Бұл бағытта мәдени құндылықты, психологиялық-педагогикалық және жалпы ғылыми категорияларының әлеуметтік өмір аумағында дәстүрлі және жаңашыл байланыстары ерекше қалыптасуда.
Өскелең ұрпақты дамытуда соңғы жылдары өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі жалпы тәрбиенің өзекті саласы ретінде әр түрлі ғылыми зерттеулердің объектісіне айналуда.
Тұлғаны мақсатты түрде қалыптастырудағы айқын заңдылықтарды табу, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми негізде құру, сонымен бірге психологиялық теорияның даму мүмкіндіктерін ескеру бүгінгі күннің талабына сәйкес жалпы тәрбие үрдісін қамтамасыз етеді.
Тұлға дамуының әлеуметті түрде ұйымдастырылатын оқыту шарттарына байланысты ақыл-ой сияқты саласын дамытуда психикалық әрекеттердің шешуші міндеттері, оның ішінде зейіннің рөлі жетекші екені көптеген психологиялық зерттеулерден Л. С . Выготский, Н. Ф. Добрынин, И. В. Страхов, Ж. Ы. Намазбаева жане т. б. еңбектерінен белгілі.
Адамның саналы белсенді іс-әрекеті - оның тұлғалығының психологиялық өзгешеліктерін дамытудың негізі. Қалыптасқан жеке адам өзінің көзқарасы, ұғымы, өнегелілік талаптары, бағалауымен, саналы қойған мақсатымен, өзінің қылығын, іс-әрекетін басқара білуімен сипатталады.
Өзін-өзі тәрбиелеудегі өзіндік сананың теориялары Л. С. Выготский, В. В. Столин, ИС. Кон, В. С. Мерлин, И. И. Чеснокова, М. И. Лисина, Ч. Кули, Дж. Г. Мид еңбектерінде жан-жақты қарастырылып талданған, ал педагогикалық психология саласында өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін зерттегендер: В. И. Селиванов, Н. С. Ликин, А. Г. Ковалев, Ю. М. Орлов т. б.
Жұмыста Б. Г. Ананьевтің, С. Л. Рубинштейннің тұлғаны дамытуда кешенді қатынас жүйелері, және Н. Ф. Добрынин, П. Я. Гальпериннің зейінге байланысты зерттеулерінің эксперименталды бөлімдері, Ж. Ы. Намазбаеваның тұлғаны кешенді жүйемен дамыту теориясы басшылыққа алынды.
Сонымен бірге зейінің әр түрлі аспектерін профессор Ж. Ы. Намазбаеваның жетекшілігімен қазақстандық психологгар О. С. Сангилбаев, Ш. С. Сатиева, И. В. Андреев, С. В. Тихомирова зерттеген.
Зерттеу мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін зейін қасиеттерін дамыту арқылы ғылыми-теориялық жолмен дәделдеу.
Зерттеу міндеттері:
- зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, еңбектерді теориялық талдау;
- өзіндік сананың және өзін-өзі тәрбиелеудің теориясын зерттеп ашу;
- өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін және тәсілдерін теориялық талдау;
- зейін теориялары және зейіннің түрлері мен қасиеттерінің мазмұнын сипаттау;
-тұлғаның талаптану деңгейінің контексінде зейіннің қасиеттерін эксперименталды зерттеп, солардың негізінде оқушыларға, ата-аналарға, педагогтарға өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін зейіндерінің қасиеттерін дамыту арқылы психологиялық көмек көрсетуге нұсқа-кеңестер құру.
Зерттеу нысаны: тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі.
Зетттеу пәні: талаптану деңгейі мен оқушылар зейінін өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінің контексінде зерттеу жатады.
Зерттеудің ғылыми болжамдары: өзіндік сананы теориялық талдау өзін-өзі тәрбиелеудің теориялық-әдіснамалық негізін құрайды. Мұндай болжам келесі жеке болжамдармен бекітіледі:
- өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі тұлғалық дамуды кешенді ұйымдастыру
арқылы мақсатқа бағдарлайды;
- зейіннің көлемін, шоғырлануын және тұрақтылығын арнайы дамыту, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін тиімді етеді.
Қорғауға ұсынылатын ғылыми қағидалар:
1. Өзіндік сананың теориялық мазмұны мен құрылымы өзін-өзі тәрбиелеудегі теориялық-әдіснамалық бағытты анықтаушы ретінде, яғни, өзіндік сана тұтас субъектіге тән және өз іс-әрекетін айналадағылармен қатынасын ұйымдастырудағы қызметі.
2. «Мен-тұжырымдамасы» немесе «Мен-бейнесі» өзіндік сананың нәтижелі жемісі. Өзіндік сананы дамытатын қозғаушы күштерді индивидтің шынайы өздігінше әрекеттене, айналадағылармен ара-қатынасын өзгерте алады.
3. Өзіндік сана - мәдени феномен ретінде өз қылықтарының тұрақтылығын сақтауға және индивидтің игерген әлеуметтік құндылықтарға зейінділікпен жауапкершілік сезімін басынан кешіруге мүмкіндік береді.
4. Жеткіншектің қатынас іс-әрекетінде өзіндік сана қалыптасып, негізгі
жаңа құрылым - әлеуметтік. сананың ішке аударылуына мүмкіндік туады.
Сондықтан, өзін «мен» ретінде ұғынуы, тұлғаның өзіндік санасының дамуы, өз
бетінше шынайы іс-әрекеттің субъектісі ретінде, өсу үрдісінде орын алады.
5. Өзін-өзі тәрбиелеу күрделі реалды үрдіс және бұл құбылысты зерттеу, оның өтуінің объективті заңдылықтарына негізделген. Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі нақты логикалық құрылыммен сипаталады.
6. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде зейін механизмдерін зерттеудің практикалық маңыздылығы ерекше.
7. Жеткіншектердің зейін қасиеттерін: шоғырлануын, тұрақтылығын және іскерлігі мен іс-әрекеттерінің деңгейін анықтау, олар оқу-тәрбие жұмысына, өзін-өзі тәрбиелеуіне нақты кеңестер беруге мүмкіндік туғызады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
Өзіндік сананың теориялық мазмұны мен өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдерінің байланысы және талаптану деңгейін, өзін-өзі бағалауды анықтау арқылы нақты зейін касиеттерінің деңгейлері зерттелді. Өзін-өзі тәрбиелеу мен зейін қасиеттерінің теориялық негіздері және эксперименталды зерттеулердің мүмкіндіктері қарастырылды. Солардың негізінде оқушыларға, ата-аналарға және педагог-психологтарға нұсқау кеңестер ұсынылды.
Жетекші идея
Өзін-өзі тәрбиелеу тұлғаның өзіндік санасымен және зейіннің қасиеттерімен тығыз байланысты. Өзіндік сананың нәтижелігі тәрбиелеу үрдісінде талаптану деңгейі мен өзін-өзі бағалауды ескеріп, оқу-тәрбие шараларын арнайы ұйымдастыруға тәуелді.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізіне Л. С. Выготскийдің (мәдени-тарихи теориясы), А. Г. Спиркиннің (сана және өзіндік сана тұжырымы), Ч. Кулидің, Дж. Г. Мидтің, Д. Бемдердің (өзіндік сана және оны қалыптастыру туралы теориялары), В. И. Селиванованың, А. Г. Ковалевтің, Л. И. Рувинскийлердің (өзін-өзі тәрбиелеу туралы теориялары), Б. П. Ананьевтің, С. Л. Рубинштейннің және Ж. Ы Намазбаеваның (тұлғаны дамытуда кешенді қатынас жүйелері), Н. Ф. Добрыниннің (зейінді эксперименталды зерттеулері) басшылыққа алынды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы:
-өзіндік сана мен өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің теориялық-әдіснамалық мазмұны ашылды;
-өзін-өзі тәрбиелеуде зейін қасиеттерін дамытудың практикалық
мүмкіндіктері талданды;
- зейін қасиеттерінің өзін-өзі тәрбиелеуде алатын орны мен дамытуға қажет ерекшеліктерін дұрыс бағдарлауға мүмкіндік туғызатыны дәлелденді;
- зерттеу мақсатына байланысты әдістер мен әдістемелерді практикалық іске асыру жолдары жүйеге енгізілді;
-өзін-өзі тәрбиелеуде қолданылатын психологиялық мүмкіндіктер
оқушыға, ата-аналарға және педагогтарға, нұсқау-кеңес түрінде құрастырылып ұсынылды.
Зерттеуде қолданылатын әдістер мен әдістемелер: Шварцландердің «Талаптану деңгейін анықтау», Будассидің «Өзін-өзі бағалау» әдістемелері;
-Мюнстерберг-Дворяшина және Бурдонның «Корректуралық сынақ»
эксперименталды әдістемелері;
-практикалық зерттеуде алынған мәліметтерді статистикалық өңдеуде χ 2 - критериінің деңгейін анықтайтын әдіс;
-әңгімелесу әдісін кейбір мәселелі жағдайларды толықтыруда қолдану.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, кестелерден (диаграммалар мен гистограммалардан), суреттерден, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 БӨЛІМ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК САНА МЕН ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Әрбір адам өзінің өмірлік жолын өзі құрып, таңдау жасайды. Өзге адамдармен де өзі қарым-қатынас орнатады. Сонымен қатар, өз өмірінде кейбір қателерді өзі жасап, өзі түзеп жатады. Отбасы мен білім беру орталықтарының алдына қойған мақсаттары - қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін өсіп келе жатқан адамның жекелік қасиеттеріне тікелей әсер ету ғана емес, сонымен қатар, өзіндік дамуы мен өзіндік сана механизмдерін жетілдіруде өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі қалыптастыру, өзін-өзі құруы үшін қажетті жағдайды жасау болып табылады.
Ғылым мен практикада гуманистік бағыт шеңберіндегі арнайы технологиялар өңделіп, дайындалады. Онда өзін-өзі дамыту идеясы басты мәселеге айналып, “Жеке тұлғаға бағытталушы қатынас”, “Жеке, бағытталған білім беру” түсініктері қалыптасқан.
Болашақ мамандардың психологиялық тұрғыдан дайындығының жетілуі адамның жеке басының өсуіне байланысты. Көптеген психологтар жеке тұлғаны дамыту мәселелерімен айналысады, бірақ жалпы психология мен жеке тұлға психологиясы арасындағы “Жеке тұлғаның өсуі” аспектісі психотерапиялық тәжірибе мен жалпы психологиялық теория арасындағы алшақтықтың себебінен қажетті деңгейде зерттелмеген.
Бұл термин күнделікті қолданылатын қарапайым сөздік қорда “Жеке тұлғаның дамуы” сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Көптеген әдебиеттерде “Өзін-өзі жетілдіру”, “Өзін-өзі дамыту”, “Өмірлік жол”, “Жеке тұлға потенциалдарының дамуы” және т. б. түсініктермен кездеседі. Көрініп тұрғандай, әртүрлі терминдермен бір мағыналы сөздер айтылады немесе бір атаумен мүлдем сәйкес келмейтін терминдер кездеседі.
Отандық психологиялық сөздіктер мен оқулықтарда ”Жекелік өсу“ терминінің түсінігі көрсетілмеген. Дәстүрлі түрде ол К. Роджерс, Джеймс, Фрейд, Юнг, Адлер, Райха, Александер, Перлз, Маслоу Ассаджоли есімдерімен және шығыстық іліммен байланыстырады.
К. Роджерстің көзқарасына сүйене отырып жекелік өсу туралы түсінік аламыз. Біздің түсінігімізше К. Роджерс жекелік өсуді құрайтын үш негізгі басты компоненттерді бөліп көрсетті: актуализация механизмі, жеке тұлғаны бағалау процесі және адамның өзін-өзі құрудағы позитивті бағытталуы.
Даму - адамның сандық жəне сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нəтижесі. Даму нəтижесінде адам биологиялық түр жəне əлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның биологиялық сипаты өз ішіне морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтыған тəн- дене дамуынан көрінеді. Ал əлеуметтік даму оның психикалық, рухани, интелектуал кемелденуінен байқалады.
Егер адам сана жəне өзіндік санаға ие болып, өз бетінше жаңғыртушы іс-əрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адам тұлға деп аталады. Адам тұлға болып туылмайды, ол қасиеттік дəреже даму барысында қалыптасады. “Адам” ұғымынан өзгеше “тұлға” түсінігі - адамның қоғамдық қатынастар, басқа адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан əлеуметтік сапа-қасиеттерін білдіреді. Тұлға ретінде əрбір адам əлеуметтік жүйеде мақсат бағдарлы жəне ойластырылған тəрбие барысында қалыптасады. Əрбір тұлға, бір жағынан, қоғамдық тəжірибені игеру деңгейімен, екінші жағынан, материалдық жəне рухани құндылықтар қорына қосқан қоғамдық үлесімен танылады. Тұлға болып жетілу үшін адам өзіне табиғаттан берілген жəне өмір мен тəрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты практикалық қызметте аша білуі шарт.
Адам дамуы - бұл өте күрделі, ұзақ мерзімді жəне қарама-қайшылықты процесс. Біздің ағзамызда болып жатқан өзгерістер өмір бойына ұласады. Ал адамның тəн-дене болмысы мен рухани дүниесі, əсіресе, балалық жəне жас өспірімдік шақта қарқынды ауысуларға кезігеді. Адамның дамуы сандық өзгерістердің қарапайым жиынтығы немесе төменннен жоғарыға бағытталған ілгерілі қозғалыс тобы емес., бұл процестің өзіне тəн ерекшелігі - сандық өзгерістердің тұлғаның физикалық, психикалық жəне рухани сапалық қасиеттеріне диалектикалық түрде өтіп, жаңалануы.
Бұл құбылыстарды түсіндіруде əртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Мамандардың бір бөлігі адамдардың дамуын кездейсоқ, басқарымға келмейтін өзінше жүрісі бар, даму өмір шарттарына тəуелсіз, сондықтан, тумадан берілген күштерге байланысты; адамның дамуын ешкім, еш уақытта өзгертуі мүмкін емес, тағдыр белгілейді. Ал басқа бір зерттеушілер тобының пайымдауынша: даму - бұл əуел бастан қозғалысқа қабілетті тірі материя. Даму жолында көне жойылып, жаңа туындап барады. Өмірге енжар икемдесуші жануарлардан адам өз дамуы үшін қажеттерін өз еңбегімен жасай алатындығымен ажыралады.
Дамуды қозғаушы күш - қарама-қарсылықтар тайталасы. Қарама-қарсылықтардың арқасында үздіксіз қайта жасалулар мен жаңғыртулар дүниеге келеді. Қарама-қарсылықтар - бұл өзара екі полярлы күштердің бір-біріне сиымсыздығынан туындайтын диалектикалық процесс. Адам қайшылықтарды іздеп немесе ойдан шығарып, əлектенуінің қажеті жоқ, олар қадам сайын өмірлік қажеттіктердің өзгеру салдарынан пайда болып отырады. Табиғатынан адамның өзі де қарама-қайшылықты дүние болмысы.
Қарама-қайшылықтар барша адамдардың дамуына ықпал жасаушы ішкі жəне сыртқы, жалпы (əмбебап), сонымен бірге қарапайым материалдық жəне ең жоғары рухани қажеттерінің жəне оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтар əмбебап сипатқа ие. Ішкі қарама-қайшылықтар əр адамның өз болмысына қанағаттанбауынан туындайды. Олар жеке-дара ниеттерде көрінеді. Негізгі ішкі қайшылықтардың бірі - жаңадан пайда болған қажеттер мен оларды іске асыру мүмкіндіктерінің арасындағы алшақтықтар. Мысалы, оқушылардың өз психикасы мен интеллект, əлеуметтік деңгейінің жетімсіздігіне қарамай, мүмкіндіктері толысқан ересектермен бірге іс алып баруға ұмтылуы. “Қалаймын -“қолымнан келмейді”, “білемін” - “білмеймін”, “мүмкін”-“болмайды”, “бар”-“жоқ” - мəңгі қарама-қайшылықтарды белгілейтін қосарлы ұғымдар. Адам дамуын зерттей отырып, ғалымдар даму жəне оның нəтижелері - бір жағынан, жəне оларға ықпал жасаушы себептер - екінші жағынан, арасындағы заңдылықты байланыстарды аңдатушы бірнеше маңызды тəуелділіктерді ашты.
Неліктен кей адамдар өз дамуында өте биік нəтижелерге жетіседі, ал екінші біреулер - ондай мүмкіндікке ие емес? Бұл процестің жəне оның нəтижесі неге байланысты? Ұзаққа созылған зерттеулер осы сұраққа орай жалпы заңдылық ашты: адам дамуы ішкі жəне сыртқы жағдайларға тəуелді. Ішкі жағдайлар - адам ағзасының физиологиялық жəне психикалық қасиеттері. Сыртқы жағдайлар - бұл адамның қоршаған ортасы, ол жасаған жəне дамыған аймақ, сыртқы ортамен ықпалды араласу процесінде адамның ішкі мəні өзгереді, жаңа қасиеттері қалыптасады, ал бұл, өз кезегінде алдағы өзгерістерге жол ашады.
Сонымен, адамның дамуы сандық жəне сапалық өзгерістердің желісі мен нəтижесі. Даму барысында адам тұлғаға айналып, сана мен өзіндік сана, дербес жаңғыртушы іс-əрекет иесі болып жетіледі. Дамудың қозғаушы күші-қарама-қарсылықтар күресі. Адамның дамуы ішкі жəне сыртқы жағдайлармен анықталады.
Дамудың қай қырлары адамның өзіне тəуелді жəне қай тараптары сыртқы жағдайларға, жағдаяттарға байланысты? Дамуды айқындаушы себептер тобы - жағдайлар деп аталады, ал сол қарапайым себептердің ішіндегі ең маңызды, мəнді себеп - жағдаят (фактор) деп аталады. Даму процесі мен оның нəтижесіне əсер етуші жалпы жағдайлар мен жағдаяттар қандай?
Белгілі болғандай, адамның даму процесі мен оның нəтижесі үш өзекті жағдаяттардың бірлікті əрекетімен жасалады, олар -нəсілдік, қоршаған орта жəне тəрбие. Негізге “нəсілдік” деп аталатын адамның тума, табиғи ерешеліктері алынады. Нəсілдік - бұл атадан балаға берілетін тұрақты сапалар мен ерешеліктер. Нəсілдікті тасушы - биологиялық ген (грек сөзі - туындатушы) . Организм қасиеттері табиғат жаратқан гендік кодтарда өрнектеліп, белгілі ақпарат күйінде тіршілік өкілі тəнінде сақталатынын жəне бірден бірге ауысып баратынын бүгінгі ғылым дəлелдеп отыр.
Генетика - адам дамуының нəсілдік бағдарлама құпияларын ашып, жариялайды. Адамның нəсілдік бағдарламасы адамды адам кейпінде танытатын жалпы, сонымен бірге əрбір адамның басқаға ұқсамас өзгешілігін білдіретін айрықша детерминатты (тұрақты) жəне ауыспалы бөліктерді өз ішіне алады. Нəсілдік бағдарламаның т ұ р а қ т ы бөлігі адамзаттық ұрпақ жалғастыру жəне адам тегіне тəн нышандарды - сөйлеу, тік жүру, еңбек іс-əрекеті, ойлау, т. б. - қамтамасыз етеді. Атадан балаға адамның сырт-қы белгілері: дене құрылысы, шаш, көз, тері түстері - ауысады. Қан тобы, резус-фактор, ағзадағы ақуыздардың əртүрлі бірігімі қатаң генетикалық бағдарламаға тəуелді түзілген.
Адамның жүйке жүйесі, мінезі, психикалық процестердің өту ерекшелігі осы нəсілдік қасиеттер тобынан. Ата-аналар тəнінде болған жүйке жүйесінің кемшіліктері, олардың арасында психикалық күйзеліс, сырқаттар - патологиялық ауытқулар ұрпақтан-ұрпаққа өтіп отырады. Сондай-ақ, қан аурулары (гемофилия), қан диабеті, кейбір эндокриндік бұзылыстар, мысалы - ергежейлілік, нəсілдік сипатқа ие. Ұрпаққа ауыр зиян келтіретін жағдаяттардың бір тобы - ата- аналардың алкагольдік жəне нашақорлық зиянды əдеттерінен.
Нəсілдік бағдарламаның ауыспалы бөлімі адамға тіршілік жағдайларының өзгермелі шарттарына икемдесіп баруына көмегін тигізеді. Нəсілдік бағдарлама жетілдіре алмаған адамның сапа-қасиеттері өмір бойы жүріп жататын тəрбиемен толықтырылады. Бағдарламаның бұл бөлігін əрбір адам өз бетінше дамыта алады. Осылайша табиғат əрбір адамға өзіндік даму жəне өзіндік жетілу жолымен өзінің адамилық мүмкіндіктерін іске асыруға жол ашады. Сонымен, тəрбие қажеттігі адамға оның табиғатынан берілген.
Балалар өз ата-аналарынан нені мұра етіп алады - ақыл əрекетіне дайын қабілеттерді ме немесе қабілеттерді дамыту үшін қажет, мүмкін болған нышандарды ма? Эксперименталды зерттеулерде топталған деректерді талдау бұл сұрақтарға нақты бір жауап мүмкіндігін берді: нəсілдіктен өтетін қабілеттер емес, тек қана - нышандар. Əулетке өткен нышанның кейін дамуы да мүмкін не қолайлы жағдайлар болмаса, өшіп кетуі де ықтимал. Бəрі жағдайға байланысты: егер адамның нəсілдік бастаулары нақты қабілетке өту мүмкіндіктеріне кез болса жəне тұрмыс шарттары, тəрбиесі, адам мен қоғамның қажеттері орынды үйлесім тапса, нышан қабілет деңгейінен көрінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz