Аудиттің түрлері мен оларға сипаттама



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1 Бөлім. Аудиттің түрлері, сипаттамасы
1.1. Аудиттің түрлері мен оларға сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.2. Ішкі аудит пен сыртқы аудиттің айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ...4.5

2 Бөлім. Ішкі және сыртқы аудит
2.1. Ішкі аудит және оның мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.9
2.2. Ішкі аудитті ұйымдастыру принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10.12
2.3. Сыртқы аудит және оның ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13.16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17.19
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Кіріспе

Аудиттің пайда болуы ең алдымен кәсіпорынның басқаруымен тікелей айналысатындар (әкімшілік, менеджерлер) мен оның қызмет етуін қаржыландыратын тұлғалардың (жеке меншік иелері, акционерлер, инвесторлар ) мүдделерінің бөлініп кетуімен байланысты. Соңғылары кәсіпорынның басқарушылары мен оған бағынышты бухгалтерлері ұсынған қаржылық ақпараттарға сене алмады да сенгісі келмеді. Кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы, әкімшіліктер жағынан алдаудың едәуір жиі болуы қаржы салымдарының тәуекелінің ұлғаюына әкелді. Акционерлер әкімшілік ұсынған есеп беру кәсіпорынның қаржы жағдайын анық көрсететіндігіне, оларды алдамағандығына сенімді болғысы келеді. Қаржы жөніндегі ақпараттарының дұрыстығын тексеру және қаржылық есеп беруді растау үшін акционерлердің пікірінше сенуге болатын адамдар шақырылды.
Аудиторға қойылатын басты талап- оның мінсіз адалдығы мен тәуелсіздігі болды.
1929-1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс бухгалтер-аудиторлардың қызметіне қажеттіліктің артуына әкелді. Бұл кезде аудиторлық тексерудің сапасы мен міндеттілігіне қойылатын талаптар тез арада қатая түсті және бұл сияқты қызметтерге нарықтық сұраныс өсті. Дағдарыстың аяқталысымен дерлік барлық елдер жылдық есеп берулердегі ақпараттар көлеміне және бұл есеп берулердің басылып шығуы мен аудиторлардың қорытындыларына міндетті шарттар енгізе бастады. Аудит алаяқтыққа қарсы күшті құрал болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. А.А. Сәтмырзаев, Б.Е. Укашев. Аудит теориясы, Алматы-2000
2. Т. Ә. Әбдіқалықов. Аудит және бухгалтерлік есеп /оқу құралы, Алматы: «Қазақ университетің, 2000;
3. С.Х. Кошкимбаев. Стандарты аудита, Алматы: «Қаржы-қаражыт, 1996;
4. М. С. Ержанов. Теория и практика аудита, Алматы: Ғылым, 1994;
5. П.И. Камышанов- Практическое пособие по Аудиту, Москва: Инфра-М, 1996
6. А.А. Терехов. Аудит: перспективы развития.-Москва: Финансы и статистика, 2001
7. Бухгалтерлік есеп және аудит.- Ғылыми-пркатикалық журнал, 2000(6), 2001(4)

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1 Бөлім. Аудиттің түрлері, сипаттамасы
1.1. Аудиттің түрлері мен оларға
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 3
1.2. Ішкі аудит пен сыртқы аудиттің
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... 4-5

2 Бөлім. Ішкі және сыртқы аудит
2.1. Ішкі аудит және оның
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-9
2.2. Ішкі аудитті ұйымдастыру
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10-12
2.3. Сыртқы аудит және оның
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...13-16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 17-19
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..20

Кіріспе

Аудиттің пайда болуы ең алдымен кәсіпорынның басқаруымен тікелей
айналысатындар (әкімшілік, менеджерлер) мен оның қызмет етуін
қаржыландыратын тұлғалардың (жеке меншік иелері, акционерлер, инвесторлар )
мүдделерінің бөлініп кетуімен байланысты. Соңғылары кәсіпорынның
басқарушылары мен оған бағынышты бухгалтерлері ұсынған қаржылық
ақпараттарға сене алмады да сенгісі келмеді. Кәсіпорындардың банкротқа
ұшырауы, әкімшіліктер жағынан алдаудың едәуір жиі болуы қаржы
салымдарының тәуекелінің ұлғаюына әкелді. Акционерлер әкімшілік ұсынған
есеп беру кәсіпорынның қаржы жағдайын анық көрсететіндігіне, оларды
алдамағандығына сенімді болғысы келеді. Қаржы жөніндегі ақпараттарының
дұрыстығын тексеру және қаржылық есеп беруді растау үшін акционерлердің
пікірінше сенуге болатын адамдар шақырылды.
Аудиторға қойылатын басты талап- оның мінсіз адалдығы мен тәуелсіздігі
болды.
1929-1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс бухгалтер-аудиторлардың
қызметіне қажеттіліктің артуына әкелді. Бұл кезде аудиторлық тексерудің
сапасы мен міндеттілігіне қойылатын талаптар тез арада қатая түсті және бұл
сияқты қызметтерге нарықтық сұраныс өсті. Дағдарыстың аяқталысымен дерлік
барлық елдер жылдық есеп берулердегі ақпараттар көлеміне және бұл есеп
берулердің басылып шығуы мен аудиторлардың қорытындыларына міндетті шарттар
енгізе бастады. Аудит алаяқтыққа қарсы күшті құрал болып табылады.

І-бөлім. Аудиттің түрлері, сипаттамасы. Сыртқы аудит
1.1. Аудитттің түрлері мен оларға сипаттама
Аудиттің түрлерін зерттеудің зор әдістемелік маңызы бар. Өйткені
аудитті қандай түрлермен жүргізу және олардың әрбір жағдайларда тигізетін
әсерлерін анықтау қажет. Осыған орай аудит төмендегідей түрлерге жіктеледі:
1. Субъектілер бойынша – ішкі және сыртқы
2. Заңдылығы бойынша- міндетті және бастамашылық
3. Объектіні аудиторлық жұмыспен қамту бойынша толық және ішінара
Ерікті (инициативалық) аудит кәсіпорын тарпынан өз еркімен
жүргізіледі. Бұл жағдайда аудит тексеруінің көлемін және қойылатын талапты
кәсіпорын өзі шешеді.
Міндетті аудит мемлекет құрылымының арнайы анықтаған шешімі бойынша
жүргізіледі. Көбінесе бұл жағдайда заң орындары кәсіпорынға аудит тексеруін
жүргізуді талап етеді.
Жыл сайынғы міндетті аудитті жүргізуге келесідей объектілер міндетті:
1. банктер;
2. несие серіктестігі;
3. банктік операциялардың жеке түрлерін жүргізуші ұйымдар және құнды
қағаздар нарығында іс-әрекет ететін ұйымдар;
4. сақтандыру компаниялары, зейнетақы жинақтау қорлары, зейнет активтерін
басқару компаниялары, инвестициялық қорлар;
5. табиғи монополияның субъектілері;
6. шетелдік қатысуы бар кәсіпорындар;
7. ААҚ
Шаруашылық жүргізуші субъектілерінің кәсіпкершілігіннің
көрсеткіштерін тексеруді заң орындары анықтайды. Тексеру жүргізу тәртібін,
жұмыс көлемін заң орны тапсырады. Нарықтық қатынастың даму кезеңінде жалпы
аудитттің атқаратын ролі өте үлкен. Сондықтан да аудиттің өр түрінің
атқаратын қызметі де, тапсырыс берушілер талабына сәйкес олардың қызметінің
даму барысында алатын орны да ерекше.

1.2. Ішкі аудит пен сыртқы аудиттің айырмашылықтар

Сыртқы аудит өз қызметінің барысында ішкі аудит тобы бар кәсіпорынға
аудит қызметін көрсететін болса, олар ішкі аудит жұмысына үлкен сеніммен
қарайды да, өзінің тексеруі барысында ішкі аудит материалын қайта
тексермейді. Сыртқы және ішкі аудиттің объектісі, тексеру әдістері бірдей
болғанмен олардың мазмұны мен мақсат, міндеттерінде айырмашылық бар екені
анық. Сол үшін арнайы кесте келтірілген:
Элементтері Ішкі аудит Сыртқы аудит
1 2 3
Аудит объектісіТапсырушы анықтайды. Сыртқы аудит статусы
Нақты кәсіпорын активін анықтайды. Қаржы есебін
тексеру, табыстылығын тексеру, оның
қамтамасыз ету мәлімет көрсеткіштерінің
жүйесін дұрыс қолдану. дұрыстығын анықтау.
Дамыған елдердегі өндіріс
барысының аудиті.
Біліктілік Кәсіпорын басшыларының Мемлекет тұрғысында өте
қалауы бойынша анықталады. қатал талап қолады, оны
Тәуелсіздік. Мамандарды біліктілік комиссиясы
бақылау. шешеді. Шексіз
дербес-тәуелсіздік
Әдістері Ішкі және сыртқы қызметі Ішкі және сыртқы аудиттің
бірдей. Ерекшеліктері аудитәдістері бірдей. Олардың
объектісі мен мақсатына айырмашылығы аудит
сәйкес әртүрлі болады. күрделігіне сәйкес
бөлінеді.
Мақсаты Тапсырушылар басшысымен Заң талабына сәйкес аудит
және жұмыс жоспарымен принциптерімен анықталады.
анқталады.
Ақпарат Тапсырушыға, кәсіпорын Тапсырушыға
басшыларына

Келтірілген кестеден ішкі аудиттің сыртқы аудиттен айырмашылығы, ол
кәсіпорын құрылымына жататындығы, сонымен қатар кәсіпорын басшысының қол
астында қызмет атқарады, ткелей басқаруында болады. Ішкі аудит кәсіпорынның
бөлімдерін тәуелсіз түрде тексереді, бірақ фирма, бірлестіктер тұрғысынан
бақылауда болады. Сонда да болса, ішкі аудиттің кәсіпорын үшін беделі,
атқаратын ролі өте жоғары. Себебі, олар оперативтік бақылау, тексеру
жүргізуде көп қызмет көрсетеді.
Ішкі аудиторлық тексерудің объектісі, қаржы ақпараты, өндіріс процесі
және компьютер жүйесі. Себебі, шаруашылық субъектілерінің негізгі шығыны
осы көрсетілген шаруашылыққа тиісті. Оның ішінде өндіріс барысының шығыны,
әсіресе материал шығыны, өндіріс қызметкерлеріне еңбек ақы шығыны, табиғи
және өндірістік қосалқы шығын, ішкі аудитті ұйымдастыру шығыны, тағы басқа
шығындар кәсіпорын және олардың басшысы үшін арнайы тексеру немесе ішкі
бақылау барысын ұйымдастыру ішкі аудит жағдайында жан-жақты қарастырылуы
қажет. Жалпы ішкі аудит жан-жақты көптеген бақылау және тексеру қызметін
атқаруға міндетті. Ішкі аудит тексеру жасаумен қатар барлық бухгалтерлік
құжаттардың дұрыс жазылуын, әкімшілік тәртіптің орындалуын, қабылданған
директивтік шешімнің және кәсіпорын бойынша шығарылған бұйрықтың орындалуын
қадағалап тексеріп отыруға міндетті. Онымен қоса түгелдеу порцесін жүргізу
және оның нәтижесін шығарып басқарушылық мәліметін талдау арқылы жалпы
шаруашылықтың даму жолын қарастырады. Сыртқы аудит өзінің жұмыс процесінде
ішкі аудит жұмысының сомасына баға береді. Қаншалықты тиімді жүргізілетінің
тиімділігін, сенімділігін, оның аудит барысындағы ролін анықтайды. Ондағы
негізгі мақсат ішкі аудит қаншалықты аудит күдігін жіберетінін, аудит
стандартын қандай дәрежеде дұрыс қолданатынын анықтау.

ІІ-бөлім. Ішкі және сыртқы аудит.
2.1. Ішкі аудит және оның мақсаты.
Ішкі аудит бұрын қалыптасқан ішкі бақылау жұмысының жүйесіне жатады.
Оның ерекшелігі кәсіпорын шаруашылығына ішкі бақылау арқылы тәуелсіздігі
сияқты өте қажет жұмыс тәртібі. Сырттан қарағанда ішкі аудиттің тәуелсіздік
сақтауы мүмкін емес сияқты. Соған қарамастан ішкі аудит өзінің жұмысы,
ақпарат тапсыру барысында түгелдей дербестігін сақтайды.
Аудит қызметі қалыптасқан елдерде ішкі аудит, үлкен және орталау шаруашылық
субъектілерінен құралады. Оның ұйымдастыру ерекшеліктері:
1. Шаруашылық субъектілернің басшылары, әкімшіліктері ішкі аудит қажет деп
тапқанжағдайда өзіне, ішкі тобын құруға шешім қабылдап, аудиторлық
куәлігі бар маман іздейді;
2. Аудитор маманы мен кәсіпорын басшылары келісім-шарт жасасып:
а( аудитор тобының атқаратын қызметін нақты анықтайды;
б( жұмыс атқару тәртібі, жұмыс орны, аудитордың және тапсырушының
міндеті нақты көрсетіледі;
в( аудитор тобының штаты анықталып, еңбек ақы төлем сомасы
анықталады.
Бұл келісім-шарттың заңдылық құқысы бар, осы орайда ескеретін жағдай
аудитор тобы келісім-шартта көрсетілген еңбек ақысы туралы тапсырушыға
тәуелді емес. Яғни, қаржылану, төлем мәселесі аудит қызметіне ешқандай
әсерін тигізбейді.
Сондықтан да, ішкі аудит тобы өз қызметін жүргізуде, барлық өзіне
қажет мәлімет жинауды кәсіпорын басшыларынан ешқандай қысым немесе
тергеушілік кездестірмейді. Тағы да ішкі аудит тобының тәуесіздігі жоғарғы
сатыдағы аудит фирмаларының бақылауы арқылы іске алады. Себебі, ішкі аудит
тобы өз жұмысы туралы тікелей жоғарғы сатыдағы аудит құрылымына,
директорлар қоғамының комитетіне ақпарат тапсырып отырады. Сондықтан да
ішкі адит тобына тапсырушылар немесе басқа әкімшілік құрылымы ешқандай
қысымшылық немесе өздерінің тарапынан ешқандай талап, міндет қоя алмайды.
Ішкі аудиттің ең негізгі мақсаты- ол, кәсіпорын шаруашылығы туралы
құралған мәліметтің дұрыстығына, шындығына бақылау жасау, сөйтіп басқару
барысында қолданылатын мәліметтің шындығын, дұрыстығын қамтамасыз ету.
Ішкі аудиттің мақсаты кәсіпорынның экономикалық саясатының
орындалуына бақылау жасау, қазіргі кезде біздің елімізде есеп саясатының
орындалуына немесе өзгеріс болса, оның себебін орынды немесе орынсыз
екеніне аудиторлық анықтама жасау. Ішкі аудит тобы осы өзінің ізгі мақсатын
іске асыру үшін жүйелі түрде бухгалтерлік есеп жұмысына, ішкі бақылау
жұмысына үздіксіз тексеру жүргізіп отырады.
Ішкі аудит қызметі қалыптасқан елдерде аудит қызметі қаржы ақпаратын,
информация құрылымын, бухгалтерлік есеп жұмысын ғана тексеріп қоймай,
басқалай да көптеген экономикалық қызметтер көрсетеді. Олар шаруашылық
субъектілерінің кәсіпкершілік көрсеткіштеріне экономикалық талдау жасап,
оның экономикалық даму жолына болжам жасау, қаржы стартегиясын белгілеу,
маркетинг зерттеуін жүргізу, басқару жұмысына түсініктеме беру тағы басқа
сол сияқты қызметтер. Яғни, ішкі аудит тобы тапсырушылар талабына сәйкес
жан-жақты қызмет көрсетеді. Сонымен қатар ішкі аудитор тобы сол кәсіпорын
құрылымының бір бөлімі болып саналады. Кәсіпорын шаруашылығында аудит тобы
ішкі бақылаушы болып қана қоймай, ол есеп саясатының орындалуын бақылап,
баға беріп отыратын сарапшы рөлін атқарады.
Ішкі аудит ережесін дайындауға шаруашылық субъектілернің жауапты
қызметкерлері қатысуы қажет. Біріншіден, экономика және қаржы директоры,
бас бухгалтер, тексеру комиссиясының бастығы, Әрине, бұл құжаттың жоғарғы
сатыдағы құрылымда, акионерлер қоғамында немесе жалпы жиналыста бекітілгені
жөн. Сонда ол ішкі аудит тобының тәуелсіздігі көп көмегін тигізеді. Ішкі
аудит тобының тәуелсіздігі тексеру комиссиясының және директордың нақты
келісім, билк жасап, оның құқы мен өкілдігін анықтап бекітуімен кепілдік
алады.
Ішкі аудиторлық тексерудің объектісі, қаржы ақпараты, өндіріс процесі
және компьютер жүйесі. Себебі, шаруашылық субъектілерінің негізгі шығыны
осы көрсетілген шаруашылыққа тиісті.Ішкі аудит жалпы бақылау жоспарын
жасайды, оның ішінде шаруашылық іс-әрекеттеріне оперативтік, жедел бақылау
–тексеруді жетілдіру, әсіресе сату барысы , өндіріс шығыны, таза табысты
болжау, өндіріске негізгі құралды енгізу, қаржыландыру, көзін қарастыру
мәселелерімен айналысады.
Аудитордың негізгі қызметі өндіріс бөлімдерін, сектордың жұмысын
тексеріп, ондағы өндіріс шығынын, мөлшерден артық шығынын талдап немесе
жетістіктерін қарастырып оның қорытындысын кәсіпорын басшыларына уақтылы
хабарлап отыру. Негізінде аудиттің мақсаты мен міндеті, оның құрылымы және
ішкі аудит тобының құрамы тапсырушы кәсіпорынның талабына сәйкес
анықталады. Ішкі аудит құрылымы келесі бірнеше топтан құралады:
a) инвестицияның дұрыс және тиімді падалануы, кәсіпорын мүлкінің,
материалының түгелдігін, еңбек және ақша, қаржы ресурсын дұрыс
пайдалану, салық саясатын және салық сомасын дұрыс есептеуді
бақылау тобы болып, арнайы қаржы ақпаратын бақылау, арнайы
тексеруші және тексеру тобы болып бөлінеді. Аудит қызметі
барысында бұл ішкі аудит топтары, тапсырушыныңқойған міндетіне,
талабына сәйкес жұмыс жасай береді. Әрине, мамандар
біліктілігіне байланысты, олар барлық саланың жұмысына әмбебап
болғаннан кейін аудит қызметінің сапасы да, жоғары орындалуы да
жедел болады.
Арнайы топтарға түсініктеме және онда қызмет мамандарға мінездеме
берейік. Арнайы топтарға қызмет атқаратын мамандардың түрі:
1. аудит стандартының мамандары. Ішкі аудит қызметінің құрамында
өздерінің арнайы аудит стандарты мен қызметі жүргізіледі. Стандарт
мамандары кәсіпорын бухгалтерлік есебінде, есеп саясатының орындалу
барысында аудит стандартының дұрыс қолданылуын, оның тек түрі ғана
сақталмай, негізгі талаптарының орындалуын қадағалап, бақылау және
тексеру жүргізеді. Анықталған кемшілік болса, оны тек қана кәсіпорын
басшысына хабарлауға міндетті;
2. ішкі аудит тобының қызметкерлерінің біліктілігіне жауапты адам.
Дербес, жеке біліктілігін көтеру бірнеше вариантта жүргізіледі:
сырттан мамандар шақырып тексеру материалдарын, талдауға түскен
құжаттарды қарастыру арқылы мамандар біліктілігін көтеру; мамандар
біліктілігін арттыру үшін бухгалтерлік жұмысқа, экономикалық
қызметтерге жіберу немесе мамандар алмастыру.
Әрине, бұл жоғарыда келтірілген әрбір тәсілдің өзіндік ерекшеліктері
бар, әрқайсысының өзіндік жақсы жағы да, кемшілігі де бар. Ішкі аудит
тобының басшысы өзі тиімді жолы пайдалануы қажет.
a. мәлімет жиынтығына (банкте( жауапкер: ішкі аудит қызметінде
нормативтік құжаттар қоры (заң, ереже-нұсқау, қағидасы т.б.(
барлық директивалық құжаттар жинағы, ағымдағы өзгерістерді,
жетістік көрсеткіштерінзерттеп, басшыларға қажет кезінде тиісті
мәлімет беріп отыратын маман;
b. бухгалтер, эксперт-сараптаушы;
c. заң маманы- шаруашылық әрекеттерінің заңдылығына, кәсіпорынның
құқын қорғаушы.
Ішкі аудит тобы шаруашылық субъектілерінің және филиалдарының
қаржылық ақпаратын нақты, жүйелі тексеріп отырады. Олар, сол кәсіпорынның
құрамында және еңбек ақысын сол жерден алып отырғандықтан, өзінің қызметі
мен кәсіпорын сенімін ақтауға міндетті. Ішкі аудит қызметі, оның берген
кеңесі, ұсынысы кәсіпорын қаржылық жағдайының, кәсіпкерлігінің
тұрақтылығын, тиянақтылығын қамтамасыз етеді.
Ішкі аудит өз қызметін талапқа сай орындап, оның ролін көтеру үшін ол
тек қана кәсіпорынның басшылық талабына сай қызмет жасауға міндетті.
Сондықтан да шет елдерде, мысалы, неміс елінің кәсіпорындарында ішкі аудит
құрылымының бастығы сол кәсіпорынның жоғарғы басқару тобына мүшелікке
қосыларда өзінің дербестігін қамтамасыз етеді.

2.2. Ішкі аудитті ұйымдастыру принциптері

Тексеру жүргізу барысында ішкі аудитор тәуелсіз аудитордың дәл сондай
принциптерін басшылыққа алуы тиіс. Қаржылық есептіліктің аудитін реттейтін
жалпы принциптер мен мақсаттың деген қазақстандық аудит стандартында
келесідей негізгі принциптер көрсетілген: тәуелсіздік, адалдық, әділдік,
кәсіби біліктіллк пен тиісті мұқияттылық, құпиялық, кәсіби жүріс-тұрыс,
техникалық стандарттарды ұстану. Дегенмен, ішкі аудиторлардың іс-әрекетінің
спецификасы аталып кеткен принциптерді жеткіліксіздігін көрсетеді.
Сондықтан да арнайы әдебиеттерде тек ішкі аудиторларға тән принциптерді
ажыратады. Олар: жекеленушілік, ішкі аудит бағдарламасының құпиялылығы,
ақпаратпен жабдықталу мен регламент принциптері. Кәсіпорын басшылығына
бағыну шартында, сонымен қатар аудиторлардың толық қаржылық тәуелділігі
тәуелсіздік принципі қиынға түседі. Сол себепті ішкі аудит бөлімінің жеке
басты статусы ішкі бақылау (аудит ) туралы ереже-тәртіпте ескеріліп кетуі
тиіс. Құпиялылықты қамтамасыз ету үшін ішкі аудитор кәсіпорынның атқарушы
басшылыққа емес, сыртқы ұйымдастырушыларға (мәселен, директорлар кеңесі)
бағыну керек. Қаржылық тәуелсіздікті осы қалыпта сақтау үшін жалақы мөлшері
кім анықтайды мен ішкі аудит қызметінің жұмысшыларының еңбек ақысының
қайдан алынатыны жөнінде алдын ала айтылуы тиіс. Бұл жағдайда еңбекақы
көлемін анықтау болашақта тексерілуге тиісті бөлімшелердің қызметінің
нәтижелеріне тәуелді болмауы қажет. Сонымен бірге, ішкі аудитормен
анықталған қателерді (бұрмалаулар) жөндеу және жауапкершілікті өзіне
алмауы тиіс. Ішкі аудит жұмысын құру кезінде субъекттің басшысы, әдетте,
келесі мақсаттарды алдына қояды: субъектке тиімді басшылық ету үшін сенімді
ақпаратпен қамту және тиімді басқару шешімдерін қабылдау; бухгалтерлік
есептің активтері, құжаттары мен регистрлерінің сақталуын қамтамасыз ету;
өндіірстік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы аудитті ұйымдастыру
Аудитке ілеспе қызметтер
Халықаралық аудит стандарттарының мәні
Ақша қаражатының аудиті
Аудит: әдістемелік маңызы, түрлері
Аудиттің әдістемелік маңызы
Қазақстан Республикасындағы сыртқы аудитті реттеуші заңдар
Банк операциялары бойынша шот корреспонденцияларының дұрыстығын тексеру
Аудит оның пайда болуы және дамуы
Жалпы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына сипаттама және аудит ролі
Пәндер