Жалақының мәні мен түрлері, формалары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті

Тобы

СӨЖ №3

1. Жалақының мәні мен түрлері, формалары.

Жалақы - еңбек құнының (бағасының) ақшалай елшемі. Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған нарыктық экономикаға көшу кезіңде минимальды деңгейдегі еңбек ақыны мемлекет кепілдендіреді және жоғарғы деңгейдегі еңбек акыға шек қойылмайды. Бұл еңбекті материалды ынталандырудың және еңбек өнімділігін арттырудың басты құралы болып, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуға ықпал етеді.

Жалақыны дифференциялау және оның принциптері. Еңбек ақы деңгейі халык шаруашылығы саласына қарай өзіндік ерекшілігімен айқындалып, ол бес принципке негізделген.

Бірінші принцип - еңбектің күрделігі. Күрделі, біліктілікті (квалификацияланған) еңбек жай еңбекке қарағаңда моддау құнды құрайды және оған еңбек ақы жоғары болуы тиіс.

Екінші принцип, еңбек жағдайына карай жіктеу. Еңбек жағдайы женіл және ауыр; калыпты және зиянды болуы мүмкін. Сондыктан калыпты жағдайда еңбек еткендерге қарағанда, ауыр әрі зиянды жұмыс істейтіндер жалақыны көп алуы кажет.

Үшінші принцип, еліміздің дамуын байқататын экономиканың ең қажетті салаларында басқаларына қарағанда өсім мен ақы төлеу жоғары болады.

Төртінші принцип, экономикалық аудан мен аймақтың табиғи -климаттық жағдайының өзгешелігімен байланысты. Еңбек ақыға әртүрлі экономикалык аймақтарда аудандык коэффициент белгіленіп, жалақыға қосымша түрінде қосылады. Қазақстан Республикасында бұл коэффициент 1, 15-ті құрайды. Демек, елімізде барлық салаларда жұмыс істейтіндер жалақысына 15% қосымша ақша алады.

Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 9-шы қаңтардағы «Қазақстан Республикасы экономика саласыңдағы жұмысшыларға еңбек ақы төлеу туралы» қаулысына сай, жалақыны есептегенде қолданып жүрген салалық, аудандык коэффициенттер размері сақталады. Таулы, құмды және сусыз жерлердегі жұмыс үшін, экономикалық келеңсіз аймақта тұратындарға коэффициенттер сакталады.

Бесінші принцип, жұмыскер өзі еңбек ететін жердегі және жалпы ұжымның еңбек нәтижесімен байланысты.

Жалақыны ұйымдастырудың негізгі принциптері тарифтік жүйеде бейнеленген. Еңбек сыйпатынын сандық және сапалығын есепке ала отырып, тарифтік жүйе жалақыны ұйымдастырады және реттейді. Тарифтік жүйеге тарифтік-квалификациялык анықтама, тарифтік сетка және тарифтік өсім енеді.

Тарифтік-квалификациялык анықтамаға шаруашылык саласының көптеген жұмыс түрлерінің сипаттамасы мен тізімі кіреді. Жұмыстың барлык түрі күрделілігіне қарай разрядқа бөлінеді және жұмыс аткарушының білімі мен орындау іскерлігіне талаптар көрсетіледі.

Тарифтік сетка кез келген саладағы маман еңбегінің біліктілігі мен біліксіздігінің арасын айқындауға қызмет етеді. Сетка белгілі сандық разрядтардан тұрады және оған сай келетін коэффициенттер болуы керек.

Тарифтік ставка жұмыскердің разрядка байланысты уақыт өлшемінде (сағат, күн) енбекақы размерін айқындауға қызмет

жасайды.

Тарифтік коэффициент әртүрлі разрядтың ставкасы қанша ретке өскендігін 1-ші разряд ставкасымен салыстыра көрсетеді.

Ескерту:

а) жұмысшыларға разряд диапазоны 1-ден 8-ші разряд арасында;

б) мұғалімдерге 6-дан 13-ші разряд арасында;

в) Жоғарғы оқу орындарындағы окытушыларға 1 l-ден 21-ші разряд арасында.

Үкіметтің 1996 жылғы 9-шы қаңтардағы «Қазақстан Республикасы экономика саласындағы жұмысшыларға еңбек ақы төлеу туралы» Қаулысында 1996 жылы қаңтардан бастап біркелкі тарифтік сетка (БТС) ендірілген.

Халық шаруашылығындағы жұмысшы және қызметкерлерге кәсіптік-біліктілік топтар (разрядтар) бойынша біркелкі тарифтік сетка (БТС) :

Қаулыда еңбек ақыньщ минималды мөлшері көрсетілген. Жұмыс беруші жұмыскерге одан төмен төлемеуі керек. Біркелкі тарифтік жүйенің (БТЖ) бірінші разрядының ставкасы осы минимумды керсетеді.

Жалақының 1997-ші жылғы минимальды мөлшері мынандай:

1-ші каңтардан - 2030 теңге

1-ші сәуірден - 2060 теңге

1-ші шілдеден - 2085 теңге

1-ші казаннан - 2340 теңге

Мысалы, 18-ші разрядтағы жұмыскерге жалақы төленуін есептеп көрейік. Айталык, 1997 жылдын каңтарынан 18-ші разрядпен республикадағы жалакы мынаған тең: 2030 х 3. 41=6922 теңге 30 тиын, оған 15% аудандык (қазақстандық) қосымшаны қосыңыз 6922 х 1. 15 = 7960 теңге 64 тиын.

Осылайша еңбек ақы бюджеттік ұйымдағы жұмыскерлерге (жоғарғы оқу орны, мектеп, аурухана) төленеді. Кәсіпорындағы жұмысшыларға 2-ші мен 8-ші разряд аралығы қолданылады.

Мемлекеттік емес кәсіпорында тарифтік ставканы, тарифтік коэффициентті және лауазымды қызметкердің айлығын кәсіпорын өз шешімімен белгілейді. Мемлекеттік тарифтік жүйе жұмысты тарификациялау процесінде жай бағыт сілтеу үшін керек. Және әртүрлі біліктіліктегі (квалификациядағы) жұмыскердің минимадды жалақысын белгілеуге кажет:

Қазіргі кезде барлық әлемдік қауымдастық елдерінде жалақының негізінен екі түрі колданылады: мерзімді және кесімді. Біздің елдін жағдайында олардьың әркайсысы жүйелерге жіктеледі.

Мерзімді жалақы нақты істелген жұмыс уақытының шамасына байланысты төленеді.

Кесімді жалақы қажетті сапада шығарылған өнімнің мөлшеріне қарай төленеді. Жұмыскерлердің еңбегін нормалау мен есептеу қиынға түскенде мерзімді жалақыны қолданады. Шығарылған жеке өнім (табыс) жұмыскердің өзіне ғана емес бүкіл технологиялык процеспен (мысалы, химиялық тұтқаның операторы, ашытқыдағы шығаратын оператор т. б. ) байланысты болғанда мерзімді жалақы колданылады. Мерзімді жалақы инженер-техник жұмыскерлерге, қызметкер, краншы, электрик, наладчиктер т. б. төленеді.

Өнімнің сандық мөлшерін ендірістік бөлімше мен операцияларда ұлғайту қажет болғанда кесімді жалақы ендіріледі.

Номиналды жалақы - жұмыскердің өзінін енбегіне алатьш ақшалай сомасы.

Жұмыскер өзінің номиналды жалақысына бүгін және ертең кандай тауарды, қызмет көрсетуді қандай мөлшерде жасай алуын нақты жалақыға жатқызамыз. Осы құбылыс нарыққа өту кезінде және қарқынды инфляцияда қатты сезіледі. Егер ақшалай (номиналды) жалақы-өспесе, баға өссе, онда ол жалақыны төмендетумен пара-пар. Осындай құбылыс транспорт қызметіне, байланысқа, тұрғын үй-тұрмыс қызметіне баға өскенде және салық өскенде болады.

Кесте 1.

:
:
:
:
:
:
Жалақының түрі мен жүйесі
Төленетін ақының сыйпаттамасы
1. Мерзімді түрі:
а) жай мерзімді
ИТЖ-ның (ИТР) жұмыс істеген уақыты үшін, жұмысшыларға тарифтік ставка бойынша төленетін жалақысы
ә) мерзімді-сыйлықты
ИТЖ-ға айлықтан басқа, ал жұмысшыларға тарифтік ставкадан басқа сыйлықтар беріледі
Жалақының түрі мен жүйесіТөленетін ақының сыйпаттамасы1. Мерзімді түрі:а) жай мерзімдіИТЖ-ның (ИТР) жұмыс істеген уақыты үшін, жұмысшыларға тарифтік ставка бойынша төленетін жалақысыә) мерзімді-сыйлықтыИТЖ-ға айлықтан басқа, ал жұмысшыларға тарифтік ставкадан басқа сыйлықтар беріледі:
Жалақының түрі мен жүйесі:
Жалақының түрі мен жүйесіТөленетін ақының сыйпаттамасы1. Мерзімді түрі:а) жай мерзімдіИТЖ-ның (ИТР) жұмыс істеген уақыты үшін, жұмысшыларға тарифтік ставка бойынша төленетін жалақысыә) мерзімді-сыйлықтыИТЖ-ға айлықтан басқа, ал жұмысшыларға тарифтік ставкадан басқа сыйлықтар беріледі:
Жалақының түрі мен жүйесі:
Жалақының түрі мен жүйесіТөленетін ақының сыйпаттамасы1. Мерзімді түрі:а) жай мерзімдіИТЖ-ның (ИТР) жұмыс істеген уақыты үшін, жұмысшыларға тарифтік ставка бойынша төленетін жалақысыә) мерзімді-сыйлықтыИТЖ-ға айлықтан басқа, ал жұмысшыларға тарифтік ставкадан басқа сыйлықтар беріледі:
Жалақының түрі мен жүйесі:

2. Кесімді (жеке және ұжымдық) түрі:

а) тікелей кесімді
Әрбір өнім мөлшері бірдей бағамен төленеді.
а) тікелей кесімді: ә) кесімді-сыйлык
Әрбір өнім мөлшері бірдей бағамен төленеді.: Сапа, үнемдегені үшін және (жұмысты) өнімді артық орындағаны үшін сыйлық қосылады.
а) тікелей кесімді: б) кесімді прогрессивті
Әрбір өнім мөлшері бірдей бағамен төленеді.: Әрбір шығарған затка норманы артық орындағаны үшін ақы прогрессивті өсім бағамен төленеді.
а) тікелей кесімді: в) ұжымдық-кесімді
Әрбір өнім мөлшері бірдей бағамен төленеді.: Металлургия, өндірісінде, автомобиль жасауда құрастыру желілерінде қолданады. Әрбір бөлімше, желі мүшесінің жалақысы барлык ұжым өндірген өнім көлеміне байланысты.
а) тікелей кесімді: г) аккордық жүйе жалақысы - кесімді жалақының езгерген түрі болып табылады.
Әрбір өнім мөлшері бірдей бағамен төленеді.: Бұл жүйе бойынша ақы төлеу жұмысшылардын бір немесе топтарына әуелден жалақының жалпы сомасы объект, агрегат, жүмыс көлеміне байланысты көрсетіледі.

Тұрғыңдардьң ақшалай табысын индексациялау негізінде оларды әлеуметтік қорғау қажеттілігі туады. «Тұрғындардың ақшалай табысын тұтыну тауарына және қызмет көрсетуге бағаның өсуіне байланысты индексациялау» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 1991 жылы 1-ші шілдеден бастап, Қазақстан территориясында әрбір квартал сайын олардың ақшалай табысы индексациялануы қажет.

Кәсіпорында техникалық, жабдықтау өскенде және дамыған технологияны колданғанда жалакының калыптасқан (қалыпты) түрін пайдалану азая түсіп, жұмысшының еңбегі кесімді немесе мерзімді ставка бойынша төленеді. Жалакының бұл түрлері жеке жалақы вариантының әр түрімен ауыстырылады. Жеке жалақы да әр жұмыскердің еңбегін бағалау негізінде, оның өзіндік үлесіне, атқарған жұмысына үлкен жауапкершілікпен карауы ескеріледі. Мұнда жеке еңбек ақы түрінің «жұмыста аналитикалык бағалау» кең етек алған. Онын мәнісі мынада: жұмысты орындаушы қанағаттану үшін, әртүрлі жұмыс пен талаптардың күрделілігін сипаттайтын, жасалған көрсеткіш шкаласының негізінде сандық, балл бойынша бағаланады. «Аналитикалык бағалау» негізінде жалақының көптеген жеке ставкасы белгіленеді. Германиядағы «Хукингем» металлургиялык кәсіпорын концернде 5 мың жұмысшы бар, онда жалақының 1000-нан астам жеке ставкасы ендірілген.

Жапонияда ірі кәсіпорындар жалақының жасқа әрі стажға байланысты калыптаскан түрін қолданса, 70-ші жыддардың аяғыңда жұмыс стажына қосымша мөлшерді жыл сайын азайта бастады. Тіпті, жұмыскер 35 жасқа жеткенде, ол қосымша мөлшерді тоқтатып тастады. Жоғарыдағы аталған түрлердің орнына еңбек ақы төлеудщің комбинацияланған түрі келді. Өзінің қаржы мүмкіндігіне қарай еңбектің нәтижесі үшін, жұмыс стажы мен жасы үшін еңбек ақы төлеу.

Көптеген өндірісі дамыған елдерде әртүрлі «пайдаға қатысу», «кәсіпорын жетістігі» жүйелері колданылады.

Пайдаға қатысу кезінде еңбек ақы екіге бөлінеді. Бірінші бөлімі ұжымдык келісіммен белгіленеді, екіншісі - қосымша бөлім, кәсіпорын жұмыскерлері мен әкімшілік арасында арнайы келісім арқылы анықталып жылдың аяғында кәсіпорынның «пайда үлесі» ретінде төленеді.

2. Пайыз, оның пайда боуы және факторлары
Оның себебі, бүгінгі күнгі ресурстарға иелік ету жеке адамның тұтыну таңдауын ұлғайтып қана қоймайды, сонымен қатар болашақта жоғары табыс мөлшерін қамтамасыз ету үшін шараларды жүзеге асыру мүмкіндігін де береді. Сондықтан, ағымдағы ресурстарға иелік етуден бас тартып оны қарызға беріп, оның орныны толтыруға есеп жасайды. Қарыз алушы ресурстарды пайдаланғаны үшін, яғни осы ресурстра табыс әкелгенге дейін, сатып алғаны үшін төлем төлейді. Демек, шешім қабылдау мен табыс алу арасында белгілі бір уақыт өтеді. Осы уақыт төлем процентін құрайды. Осы себепті де процент қарыз капиталының бағасы.
Процентінің нарықтық экномикада атқаратын қызметі үлкен. Жаңа классиктердің пікірінше:
- процент капиталды пайдаланудың әрқилы варианттарын таңдап алудың маңызды құралы;
- процент ставкаларын салыстыру, ресурстарды рационалды бөліп, капиталға ең пайдалы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіншілік жасайды.
- процент ставкасы ұзақ мерзімді жоспарда тұтынуға деген бейімділікті жеңіп, ұқыптылық, үнемділікке ынталандырады. Осылардың салдарынан капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасайды.
Нарықтық қатынаста бағаның тез өзгеріп отыруына байланысты ақшаның бірдей сомасы бүгін және бір жылдан кейін әрқилы бағада, сондықтан осы ақшаны банкке салуға болады, ол бір жылдан кейін салынған сома нарықтық ставканың процент мөлшеріне ұлғаяды.
Дамыған несие жүйесінде банктер ақшаны көбейту қабілетіне ие болады. Осыған мысал келтірейік

Халық өз ақшаларын банктерде сақтайды, банктер басы артық резервтерді ұстамайды, бірақ банктің резерв нормасы 1/10 қатынасына тең делік. Егер де халық табысы 100 шартты бірлікке өссе, онда банктердегі халық салымдары қалай және қаншаға өседі ? Бұл жағдайда банк салымдарының өсімі 10-ға тең (100-дің 1/10) . Демек, банк 90 шартты бірлікті қаржыны халыққа бере алады. Халыққа берілетін банктің үстеме салымдарының өсімі 90шартты бірліктік қаржыға тең, оның 9 шартты бірлігі 900 шартты бірліктік қаржыны құрайды, ал жалпы салымдарының өсімі 1000 бірлікте қаржыға жетеді.
Банктің айналымындағы ақша массасының көлемін неше рет көбейетіндігін есептеп шығару үшін депозиттік мультипликатор (m) пайдаланлады; яғни, ол: m -1/r; мұнда r - банктің міндетті резерві және мұнда ол 10-ға тең.
Ақша ұсынымы (Мs) мен ақша базасы (В) арасындағы байланыс мына теңдеу арқылы көрсетіледі. Мs mB
Мұнда: Мs - ақша ұсынымының өсімі
В -ақша базасының өсімі
Коммерциялық банктердің қызмет ету мақсаты пайданы иемдену болып табылады.
Банк пайдасы табыстар мен шығындардың ара қатынасымен анықталады.
Банк пайдасының нормасы мына формула бойынша анықталады:
Банк пайдасы Банктің жалпы пайдасы банк ісін жүрізуге байланысты шығын
нормасы х 100%
Банк меншігіндегі капитал

Банк пайдасы - қарыз капиталы иесінің иемденетін табысы.
Жылдық процентпен өрнектелген, қарыз капиталынан түсетін табыс -проценттік ставка деп аталады. Ол ұзақ мерзімді уақытпен анықталатын оташа проценттік ставкасына және әр күн сайын қалыптасатын нарықтық проценттік ставкасына бөлінеді. Оған әсер ететін факторлар:
а) капитал көлемі;
б) капиталдың өнімділігі;
в) капиталға сұраным мен ұсынымының қатынасы
Сонымен бірге, ол өз кезегінде тағы да номинал проценттік ставкасына және нақты проценттік стиавкасына бөлінеді.
Номинал проценттік ставка белгілі бір ақша бірлігінің (мысалы, теңге немесе доллар) бағамы бойынша белгіленетін ставканы айтады. Нақты проценттік ставка деп инфляциямен өзара сабақтас байланыста белгіленетін ставканы айтады.
Ставкалардың деңгейі төмендегі факторларға байланысты өзгеріп (мысалы, 7%-тең 20%-ке дейін) отыруы мүмкін.
1. Тәуекелдік. Егер борышқордың қарызды қайтара аламайтын қаупі күшейген кезде, несие беруші соғұрлым қарыз процентін көтере түседі.
2. Мезгілдік. Ұзақ мерзімге арналған қарыздар қысқа мерзімге берілетін қарызбен салыстырғанда жоғары проценттік ставкамен беріледі: себебі, ұзақ мерзімді несие берушілер өз ақшаларын баламалық пайдаланудан бас тартуына байланысты қаржылай залалдарға ұшырауы мүмкін.
3. Қарыз көлемі. Әдетте, азғантай мөлшердегі қарызға проценттік ставка жоғары болады. Себебі, көп және аз қарыздардың әкімшілік шығындары бірдей. Басқа да жағдайлар -бәсеке салық салу деңгейі және т. б. факторлар әсер етеді.
Проценттік ставканың атқаратын қызметі зор, өйткені ол өндіріс деңгейі мен оның құрылымына ықпалын тигізеді, яғни:
1. Төменгі проценттік ставка инвестициялардың өсуіне және өндірістің ұлғаюына мүмкіндік жасайды. Жоғары проценттік ставка инвестицияны «тұншықтырады» және өндірісті тежейді.
2. Проценттік ставка капиталдың орнығуына да әсер етеді. Ол ақшаларды ең табысты салаларға шоғырландырады.

3. Дисконттау дегеніміз не?

Дисконттау - түрлі жылдардың экономикалық көрсеткіштерін уақыт кезеңі бойынша салғастырылатын түрге келтіру; дисконттау коэффициентін (дисконтты, дисконттаушы көбейткішті) - болашақтағы құнның мәні қазіргі уакытқа келтірілетін пайыздық мөлшерлемені пайдалану жолымен шығын сомасының немесе ақырғы нәтижелердің бастапқы сомасын анықтау әдісі. Банк операциялары мен сгратегиялық операциялар саласында - уақыт жөнінен шашыратылған төлемдерді мәміленің басталуына келтіру кезінде, көп жақты есеп айырысуларда, несиелендіруде, төлемге жатпайтын сақтандыру тәуекелі кезінде, басқа да жағдайларда, сондай-ақ стратегиялық есеп айырысулар мен талдаулар кезінде, инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау кезінде, экономикалық-математикалық әдістерді пайдалана отырып көрсеткіштерді есептеуде кеңінен пайдаланылады.

4. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде сипаттама

Пайда- тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда - кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы. Пайданың алынуын немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және негізгі қызметтен тыс жұмсалған шығын. Әдетте, табыс негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметтен тыс қызмет түрінен алынған табыс болып бөлінеді. Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табыс өнімді өткізуден (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен табыстарды, сыйақыны, дивидендті, роялтиді, жалгерлік ақыдан түскен табыстарды, т. б. қамтиды. Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынған табыстарда, мысалы, негізгі құрал-жабдықты сатудан алынған табыс, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан немесе ұзақ мерзімді активтердың баланстық құнын көбейтуден алынған табыс, т. б. қамтылады. Шығыстар (шығындар) - активтердің немесе олардың құнының азаюы не меншікті капиталды азайтатын, оны меншік иелері арасында бөлісумен байланысты емес міндеттемелердің көбеюі нысанында есепті кезең ішінде экономикалық тиімділіктердің азаюы. Шығыстар негізгі қызмет пен негізгі емес қызмет үдерісінде пайда болған шығыстарға бөлінеді. Негізгі қызмет шығыстары өнімнің (орындалатын жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнын қамтиды, ал негізгі қызметке жатпайтын қызмет шығыстарына, мысалы, негізгі құрал-жабдықты өткізу нәтижесінде пайда болған шығасы, төтенше жағдайдан келтірілген залалдар, т. б. жатады. Пайда бірқатар түрлерге бөлінеді:жалпы (баланстық) Пайда деп аталатын толық Пайда, ол өнімді өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден, өткізуден тыс операциялардан алынған Пайданы (алынған және төленген айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары арасындағы айырма, жалға берілген мүліктен төленетін жалгерлік ақы, т. б. ) және салықтар мен аударымдар төлегеннен кейін қалған таза Пайданы қамтиды.

  • Бухгалтерлік Пайда сатудан алынған табыс пен бухгалтерлік шығындар арасындағы айырма ретінде есептеледі. Экономикалық Пайдада баламалы шығындар ескеріледі. Әдетте, эконмикалық Пайда бухгалтерлік Пайдадан кәсіпорынның өзіндік құнда ескерілмеген, кейде айырылып қалған мүмкіндіктерді қамтитын өтелмеген меншікті шығындарының шамасынан кем болып келеді. Пайда кәсіпкерлік қызметтің экономиканы ілгері бастырушы, ұдайы дамытушы ретінде ұдайы әрекет ететін уәждемесі болып табылады. Пайда алу мақсатымен кәсіпкер өндірісті шығынды азайтатындай, ресурстарды тиімді пайдаланатындай етіп ұйымдастырады, осыған орай ол өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың жетілдірілген нысандарын, өнімділігі жоғары техниканы, прогресті технологияны енгізеді. Пайда ресурстарды тартудың баламалы тәсілдері арасында олардың тиімді бөлінуіне септігін тигізетін тұтқаға айналады. Пайда алушы кәсіпкердің өзінің Пайдасын инвестиция ретінде жұмсауға мүмкіндігі болады. Қазақстанда экономикалық реформа қағидаттарының ойдағыдай енгізілуі арқасында кәсіпорындар жұмысының нәтижелілігі үздіксіз арта түсуде. Мәселен, Қазақстан Республикасында кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың табысы 1999 ж. 101508 млн. теңгеден 2002 ж. 512044 млн. теңгеге көбейді. Табыстылық, әсіресе, өнеркәсіпте арта түсіп отыр, мұнда салық салынбай тұрғандағы жиынтық табыс тиісінше 89568 млн. және 401087 млн. теңгені құрады. 2002 ж. республикада барлық кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың жиынтық Пайдасының 86, 1%-ы жекеше сектордың үлесіне тиді.

Пайданы бөлу тәсілі кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарына қарай ажыратылады. Мысалы, акционерлік қоғамның Пайдасын пайдалану жалпы жиналыстың айрықша құзырында. Акционерлік қоғамның нақ осы жалпы жиналысы есепті қаржы жылындағы Пайданы бөлу тәртібін бекітеді, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдайды, қоғамның бір жай акциясына шаққанда жыл қорытындысы бойынша төленетін дивидендтің мөлшерін бекітеді. Қоғам Пайдасының бір бөлігі ғана дивидендтер түрінде бөлінеді, әдетте, оның бір бөлігі қорлануға (сақтық капиталдың толықтырылуы үшін және өндірісті ұлғайтуға), басқа да әлеуметтік мақсаттарға жұмсалады.

  1. Капитал мәні және капитал нарығына сипаттама.

Капитал нарығы орташа және ұзақ мерзімді қорлардың (ақша, бағалы қағаздар) қозғалысын жүзеге асырады. Капитал нарығының ақша нарығынан айырмашылығы мерзіміне байланысты. Оны түсіндіру үшін капитал нарығының негізгі құралдарына тоқталайық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек нарығы туралы ақпарат
Қазақстандағы еңбекақы қатынастары және оның қарқыны
Нарық шартындағы еңбек ақы
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
Құн теориясы, маңызы мен мәні
Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыру
Жалақының мөлшеріне әсер ететін факторлар
Кәсіпорындағы еңбек ақысын төлеудің ақпараттық жүйесі
Еңбек рыногы және оның элементi – жұмыссыздық
Қазақстанда жалақыны мемлекеттік реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz