Қола дәуіріндегі қазақстан тайпалары
Жоспар
I. Кіріспе:
Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары.
II. Негізгі бөлім:
I. Қола дәуіріндегі шаруашылық, мал өсіру мен егіншіліктің дамуы.
II. Кен кәсібі, металлургия
III. Қоныстар мен тұрғын үйлер
IV. Қоғамдық қатынастар
III. Қорытынды:

Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары
Дәуірдің ерекшеліктері; Неолит дәуірінде-ақ бола бастаған шаруашылық өзгерістері нәтижесінде біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургия қалыптасты. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға көшу Қазақстан территориясындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер құрды; бұлардың қалыптасуында соғыс қақтығыстары едәуір роль атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың қақтығыстарында да жиі пыйдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.
Археологиялық материалдар бойынша, андроновтық тұрпатты ескерткіштер қалдырған далалық малшы-егінші тайпалардың мәдени ортақтығы жақсы мәлім. Барлық жергілікті өзгешеліктеріне қарамастан ұлан-байтақ территорияға тараған бұл тайпалар неолит дәуіріндегі тайпалық ала-құлалықтың орнына айқын мәдени біркелкілікті көрсетті.
Қола дәуіріндегі қоғам прогресі екі факторға байланысты. Олардың бірі — жаңа дәуірді белгілеген фактор — палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасын Қазақстан тайпалары қола заттар жасау ісін меңгерді.
Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың басында-ақ Поволжьенін, Приуральенің, Қазақстан мен Алтайдың далалық тайпаларында комплексті малшылық-егіншілік шаруашылығы қалыптасады. Ал біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Евразия халықтарының шаруашылығында мал өсіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың аяғында — I мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне — көшпелі мал шаруашылығына көшеді.

Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін Алматы 2005 ж.
2. Артықбаев Р. Қазақстан тарихы Алматы 2005 ж.
3. Әлиев Қ. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан Алматы 2005 ж.
4. Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы Алматы 2005 ж.
5. Маданов Х. Ұлы дала тарихы Алматы 2005 ж.
6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы Алматы 2005 ж.
7. Қазақстан тарихы 2 томдық Алматы 2005 ж.
8. Қазақтың көне тарихы Алматы 2005 ж.
9. Маданов Х. Қазақтың ұлттық мәдениеті Алматы 2005 ж.
10. Маданов Х. Қазақ халқының арғы бергі тарихы Алматы 2004 ж.
11. Қазақстан тарихы Алматы 2005 ж.
12. Қазақ тарихынан Алматы 2005 ж.
13. Ежелгі Қазақстан Алматы 2006 ж.
14. Смағулова Қазақ тарихы 2005 ж.

Шаруашылық, мәдениет және қоғамдық қатынастар
Мал өсіру мен егіншіліктің дамуы
Кен кәсәбі, металлургия
Қоныстар мен тұрғын үйлер
Үйдегі кәсіптер
Қоғамдық қатынастар
Қорытынды
Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары
Дәуірдің ерекшеліктері; Неолит дәуірінде-ақ бола бастаған шаруашылық
өзгерістері нәтижесінде біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықта
малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургия қалыптасты.
Өндіруші тұрпаттағы экономикаға көшу Қазақстан территориясындағы бүкіл
жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі, пысық
малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер құрды; бұлардың
қалыптасуында соғыс қақтығыстары едәуір роль атқарды. Қару енді жабайы
хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың қақтығыстарында
да жиі пыйдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес
саласына айналды.
Археологиялық материалдар бойынша, андроновтық тұрпатты ескерткіштер
қалдырған далалық малшы-егінші тайпалардың мәдени ортақтығы жақсы мәлім.
Барлық жергілікті өзгешеліктеріне қарамастан ұлан-байтақ территорияға
тараған бұл тайпалар неолит дәуіріндегі тайпалық ала-құлалықтың орнына
айқын мәдени біркелкілікті көрсетті.
Қола дәуіріндегі қоғам прогресі екі факторға байланысты. Олардың
бірі — жаңа дәуірді белгілеген фактор — палеометалдардың өндірістік жолмен
игерілуі болды. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасын
Қазақстан тайпалары қола заттар жасау ісін меңгерді.
Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың басында-ақ Поволжьенін,
Приуральенің, Қазақстан мен Алтайдың далалық тайпаларында комплексті
малшылық-егіншілік шаруашылығы қалыптасады. Ал біздің заманымыздан бұрынғы
II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы
өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы
уақыттан бастап далалық Евразия халықтарының шаруашылығында мал өсіру
неғұрлым көбірек орын ала бастады. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың
жылдықтың аяғында — I мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың
көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне — көшпелі мал шаруашылығына
көшеді.
Басқа тайпалар ішінен мал өсірушілердің бөлініп шығуын Ф.
Энгельс ең бірінші ірі қоамдық еңбек бөлінісі деп аталады. Батыс Азия мен
Шығыс Европаның далалық аймағында бақташы тайпаларының бөлініп шығуы,
шынында, біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында болды деуге
келеді, алайда әр қилы табиғи ортадағы дамудың әр түрлі қарқынын еске алу
керек.
Алғашқы экономиканың қайта құрылуына бәрінен бұрын табиғи-климаттық
өзгерістер себепші болды. Мәселен, қола дәуірінде ұзаққа созылған салқын -
ылғал кезеңнің орнына климаттың жылылық пен қуаңшылыққа қарай бірте-бірте
өзгеруінің мың жылдан асатын дәуірі келді, сөйтіп, ксеротермиялық минимум
дәуірі басталды. Қуаңшылық дәуірінде өзендердің суы тартылды, жайылмадағы.
алаңқайлар бірте-бірте құрғады, көлдердің су деңгейі төмендеді, түптеп
келгенде, Солтүстік жартышардағы құрылықтардың жалпы ылғалдылығы азайды.
Климаттың жедел құрғауына байланысты Шығыс Европамен Батыс Азиядағы далалық
тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысында болған өзгерістерді археологиялық
деректер де: растайды. Батыс және Орталық Қазақстанның ұзақ уақыттық;
қоныстарында су жетістірудің жаңа әдісі — құдық қазу шығару. Егер
Қазақстанның солтүстік аудандарының тұрғындары мен Батыс Сібірдің орманды
және тайгалы аймақтарының тайпа-лары энеолит пен әуелгі қола дәуірінде
шаруашылық және мәдениет жағынан бір-біріне көп ұқсас болса, кейін климат
өзгергенде бұл ұқсастық жойылады. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың
жылдықтың ортасында Орталық Қазақстандағы сияқты бұл аудандарда да
малшылық – егіншілік шаруашылығы өрістеп, мал шаруашылығы басым болды.
Оңтүстік Сібірде Нарым өлкесінің тайгалы-батпақты аудандарына дейін
бұл аймақтың халқына тән емес ежелгі мал шаруашылығының шаруашылық
дәстүрлерінің кең таралуына және Қазақстанның далалық тайпалары мәдениеті
ықпалының күшеюіне, сірә, сол жоғарыдағы табиғи-климаттық құбылыстар себеп
болса керек.
Халықтың қоғамдық құрылысы мен семьялық-некелік қатынастарында мәнді-
мәнді өзгерістер болды.
Қола дәуіріндегі экономиканың басты-басты екі бағыты болып табылатын
мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін
қажет етті; мұның өзі қоғамда еркектер ролінің күшеюіне және түптеп
келгенде, аналық ру орнына аталық ру (патриархат) болуына жет-кізді.
Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндіргіш күштердің өсуіне, қоғамдық
еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың дамуына
байланысты болды. Жеке семьялар оқшауланды, семьялық меншік кеңейді, рулық
қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.
ШАРУАШЫЛЫҚ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Мал өсіру мен егіншіліктің дамуы. Тағы жануарларды қолға үйретуге
көшу адам қоғамы дамуының заңды кезеңі болды. Қолға үйретілген және қолда
өсірілген жануарлар аңшылық сәтсіз болған күнде, әсіреее, қыста, тамақ қоры
болуын қамтамасыз етті. Тағы жануарларды қолға үйрету сонау неолит
дәуірінде басталды. Аралдың солтүстік төңірегіндегі, Қазақстанның батыс,
орталық және шығыс аудандарыңдағы неолиттік тұрақтарда тағы жануарлардың
сүйектерімен қатар қолға үйретілген сиырдың, жылқының, қойдың және, сірә,
ешкінің сүйектері табылды. Неолиттен кейінгі қола дәуірінде қолға
үйретілген-жануарлардың саны көбейді, малдың түрлері де көбейді. Нақ осы
заманда мал өсірудің дамуы негізінде, Ф. Энгельс атап айтқандай, бақташы
тайпалар басқа варварлар көпшілігінен бөлініп шықты — мұнын, өзі ең бірінші
ірі қоғамдық еңбек бөлінісі болды. Қола дәуірі шаруашылық формасы
ретіндегі мал-өсірудің үздіксіз дамыған уақыты.
Қола дәуірінің әуелгі кезеңіндегі қоныстарда жиналған сүйек материал
бұл уақытта Қазақстан территориясындағы адамның негізгі кәсібі үй маңында
мал өсіру болды деуге мүмкіндік береді. Малдың көбі ірі қара болды; оны жаю
үшін жайылмадағы шалғын пайдаланылды. Қой мен жылқы аз болды. Кәрі малдар
мен әр жылғы төл қысқа ет дайындауға арналды, ал төлдің бір бөлегі өсімге
қалдырылды.
Үй маңында мал бағудан бірте-бірте жайлауда мал бағу шықты. Малды
жайлауда баққанда бақташылар малмен бірге бір жайылымнан екінші жайылымға
жылжи келіп отырды. Малдың құрамында ұсақ малдың (қой-ешкінің) және
жылқының үлесі көбейді. Мәселен, Атасу қонысынан табылған сүйектердің дені
жылқының сүйегі болып шықты.
Дамыған қола дәуірінде жылқы жегімге ғана емес, міну өмірге де
қолдананылды. Мұны Степняктағы Айдаболдағы, Тастыбұтақтагы қоныстарда
табылған, сүйектен жасалған жұмсақ уыздықтардың айшықтары дәлелдейді.
Жылқыны көлік ретінде пайдалану даладағы және биік таудағы жайылымдарды
игеру мумкіншілігін молайтты. Орталық Қазақстанның далаларында түйе қолға
үйретілді. Ақсу-Аюлы II көшендерінің бірін қазғанда ботаның сүйегі
шықты. Алексеевка қонысында да түйенің кейбір сүйектері табылды.
Ежелгі замандағы мал шаруашылығы экстенсивті шаруашылық болды.
Жайылымдарды игеріп көлемін кеңейту, төзімді, тебінге жарайтын ( қыста қар
астынан аяғымен шөп аршып алуға және ұзақ жер жүруге қабілетті) жылқы, қой
сияқты мал түрлерін өсіріп, өндіру малдың көбеюіне жеткізді. Қола дәуірі-
нің соңғы кезеңінде Қазақстанның далалық аудандарында мал өсіру
шаруашылықтың негізгі саласына айналды және көшпелі мал шаруашылығына жақын
форма алды.
Сірә, ол кезде Қазақстанның кең-байтақ территориясындағы халықтың
бәрі бірдей шаруашылықтың осы жаңа формаларына көше қоймаған болу керек.
Мәселен, соңғы қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстандағы (Трушниково, Мало-
Қрасноярка), Батыс Қазақстандағы (Алексеевка) және Солтүстік Қазақстандағы
(Явленка I) қоныстарда малдың дені әлі де ірі қара болған;
Қазақстан территориясында мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен
бастап егіншілік дами бастады. Қола дәуірінің тайпалардың шаруашылығында
мал өсіру мен егін салу бірін-бірі толықтырып, өзара байланысты болды.
Мәселен, Усть-Парым конысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма практар
егіншіліктің болғанын көрсетеді. Ол уақыттағы адам кездейсоқ, ұсақ егістен
өзендердің жайылмаларындағы шағын алқаптарға үнемі егін егуге көшті.
Әуелгі қола дәуірінің қоныстарында тастан және бұғы мүйізінен
жасалған теселер табылды. Жер қонсытатын таяқтармен және мүйіз теселермен
салыстырғаида тас кетпендер өнімдірек (болды, өйткені, бұлармен жерді
жақсырақ қопсытуға болатын. Тастан астық үгітетін құралдар да: астық
түйгіштер, тоқпақшалар, түйгіштер, келілер, келісаптар жасалды. Егін
жинауда алғашқы кезде, сірә, қола пышақтар пайдаланылған болса керек, ал
соңғы қола дәуірінде бітімі әр түрлі қола және мыс орақтар, қола шалғылар
пайдаланылды (Шағалалы қонысы), Олар, сондай-ақ, қысқа Мал үшін пішен
дайындауда, қамыс дайындауда қолданылған болуы мүмкін.
Неғұрлым жетілген құралдардың пайда болуына байланысты егіс те біраз өсті.
Негізінде бидай, қара бидай, тары егілді.
Мұнымен бірге, кейбір қоныстардың шаруашылық ұраларын толтырған
қабатында тұз құстарының — қаз бен сұр тырнаның сүйектері (Қанай),
шортанның, бекіренің сүйектері мен қабыршақтары табылды, Балық тормен
аулаған; мұны табылған қыш және тас жүкшелерден аңғаруға болады. Алайда
қода дәуірінде аң аулау мен балық аулау өзінің бұрынғы маңызынан айрыла-ды.
Тағы хайуандардың (елік, марал, солтүстік бұғысы, арқар, қабан, құндыз, ақ
қоян, түлкі) сүйектерінің үлесі әуелгі қола дәуірінің қоныстарында 3,6%,
соңғы қола дәуірінде Шығыс Қазақстанның қоныстарында 4 процентке дейін
(Трушниково), ал Солтүстік Қазақстанның қоныстарында 1 процентке дейін
(Алексеевка) болады.
Қазақстан территориясында тараған аудандарының бәрінде қола дәуірі
мәдениетінің даму сатыларын сипаттайтын материал шаруашылық тұрпатының
өзгергенін көрсетеді: қола дәуіріндегі тайпалар үй маңында мал өсіруден
жайлауда мал бағуға одан кейін көшпелі мал шаруашылығына көшті. Нақ осы
жағдай материалдық мәдениеттегі өзгерістерді туғызды, дегенмен, бұл
өзгерістер барлық жерде бірдей болған жоқ. Географиялық және басқа
факторларға байланысты кейбір аудандарда әуелі жабайы хайуандарды қолға
үйрету басталды, ал екінші бір аудандарда әуелі қара дүрсін кетпендік
егіншілік шығып, тарады. Маркс әр түрлі қауымдар өздерінің айналасындағы
табиғаттан әр түрлі өндіріс құрал-жабдықтары мен әр түрлі тіршілік заттарын
табады -деп атап айтқанда, міне, осы жайды көрсеткен.
Кен кәсәбі, металлургия. Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш
күштерінің дамуында мал өсірумен және егін егумен қатар әр түрлі рудаларды
өндіру, тас пен сүйекті ұқсату аса маңызды роль атқарды.Бұл сатының
өнеркәсіптік қызмет саласындағы жетістіктерінің ішінде,—деп жазды Ф.Энгельс
— моталды рудаларды қорыту мен металдарды ұқсатудың ерекше мәнді маңызы
бар. Металдардың ішіндегі ең маңыздылары мыс пен қалайы, сондай-ақ
бұлардан қорытылатын қола болды. Қола іске жарамды құрал мен қару
берді...
Геологиялық зерттеулер ежелгі заманда тоттанған мыс рудаларын өндіріп,
қорыту ісінің зор мөлшерге жеткенін аңғартады. Ең жұпыны есептің өзі
Жезқазған өңірінде қорытылған мыстың көлемі шамамен 100 мың тонна болғанын
көрсетеді. Успенск мыс руднигінен 200 мың тонна руда шығарылған, ал Имантау
кен орнынан ежелгі заманда 48 мың тонна мыс рудасы қазылып алынған.
Ежелгі заманда касситерит шығарылған кен орындарының барлық зерттелген
пункттері бойьшша жүргізілген есептің көрсетуінше, мұнда 130 тонна калайы
өндірілген. Кені қазылып алынған орындардың аумағы мен шығарылған руданың
көлемі мыс, қалайы және алтын кен орындарының талай ғасырлар бойына
пайдаланылып келгенін көрсетеді.
Мысы мен қалайысы мол, тотықтанған руда ғана (малахит, изурит,
касситерит) өндірілді. Өндірудің формасы мен әдісі рудалы қабаттың орналасу
жағдайларына байланысты болды. Ұңғып алу жұмысы тек рудалы өзектердің
бойымен жүргізілді, ал бос топырақ қозғалмай қала берді. Қопсыма рудалар
босаң құрама тастардан, кварциттерден жасалған тоқпақшалармен, балталармен
қарапайым қайлалау арқылы өндірілді.Қайлалауға келмейтін тығыз рудалар
жөнінде отпен уату әдісі қолданылды. Өзектің үстіне немесе забойдың
алдындағы қуысқа от жағылды, ал тас әбден қызған кезде оған су құйылды.
Босаған қабат тас балға-шотпен, қайламен уатылып, ағаш күрекпен тері қапқа
салынды, сөйтіп, сыртқа шығарылды.
Отпен уатумен қатар үңгіме де пайдаланылды; оның ізі Жезқазған маңында
сақталған (Орталық Қазақстан). Ежелгі руда қазушылар ірі, рудалы тастың
астын үңгіп қазатын болған, содан кейін кварциттік балғамен соққылап, асты
үңгіленген руданы түсірген. Терең штольня жасалғанда, төбесі опырылып
түспеу үшін әр жерде тіреме қабат қалдырылған, кейде ағаш тіреуіштер
қолданылған. Алайда шахталар талай құлап, руда қазушыларды басып қалып
отырған. Үңгімелерде табылған адам қаңқалары және олардың жанындағы рудаға
толы шірімей сақталған тері қаптар осыны көрсетеді.
Жер бетінде, кен орнынан сыртқары жерде, әдетте көктемде су ағатын
жырада және су жинау үшін арнайы қазылған орда руда тас балғамен және руда
уатқышпен уатылып, кейін жуылатын болған. Су руданы сулап байыту үшін —
оны алғашқы рет кен-тастан айырып алу үшін қажет болды. Әбден уатылған руда
ағаш күрекпен немесе ірі малдың жауырынымен жиналып алынып, тері қапқа
салынып, қоныстағы қорытатын жерге тасылды. Күрек ретінде пайдаланылған
жануарлар сүйектері. Милықұдық, Сорқұдық, Кресто (Орталық Қазақстан) ежелгі
кен орындарынан кездесті; олар әбден мүжіліп, бетін мыстың жасыл таты
басқан.
Руда өндіріліп, уатылған жерлерде металдан, тастан, сүйектен жасалған
көптеген кен құралдары — төрт қырлы қола балға шоттар, тас құралдардан:
ауыр қайлалар, балға шоттар, балғалар, сыналар, руданы үгетін келісаптар,
келілер, сондай-ақ сүйек құралдардан: марал мүйізінен жасалған балғалар,
киік жүйесінен жасалған сыналар, руданы қапқа салатын мал жауырындары ағаш
күректер табылды. Руда тікелей қоныста немесе жақын жерде қорытылды. Бұл
үшін көрік тәрізді қорыту кештері салынды; бұлардың іздері Милықұдықта,
Жезқазғаа, Шүлбі өзенінің Ертіске құяр жерінде, Қанай аулының: жанында
табылды. Қанай аулының қонысы жанында, сайдың көмір араласқан көп мыс күлі
жиналды. Руданы балқыту үшін ағаш көмірі, флюс ретінде кварц, жоса
пайдаланылды. Мыс рудасының күлі Атасу, Суықбұлақ қоныстарында, кесек-кесек
рудалар, шлактар, мыс құймалары Былқылдақ I, Бұғылы I қорымдарында, Бескөл
I, Алексеевка, Трушниково, Қанай, Петровка II қоныстарында табылды.
Мыс рудасы мен қалайы рудасы жеке-жеке балқытылды, ал кеғйінірек, белгілі
бір затты құйғанда, мысқа тиісті мөлшерде қалайы қосылды. Мұны мынадан
байқауға болады: Г. Н. Щерба-Саясу учаскесінің төменгі жағында металды -
қалайының домалық кесектері бар құймалардың қалдығын тапқан.
Қола заттарға жасалған химиялық және спектрлық анализ және заман-дағы
металлургтердің қара дүрсін технологиясымен әр түрлі құралдарға қалайы мен
мысты өздерінің қалауынша қосқанын көрсетеді. Олар қорытпада қалайының
үлесі көбірек болса, металдың қатты, бірақ омырылғыш болатынын, ал оның
үлесі азырақ болса, онда, керісінше, металл неғұрлым жұмсақ және иілгіш
болатынын білген. Сондықтан соққыш құралдар жасау үшін мысқа әдетте 4%,
шапқы және кескіш құралдар жасау үшін 6 проценттен 9 процентке дейін,
тескіш құралдар үшін және құрылыс құралдарының кейбір түрлері үшін 9
проценттен 12 процентке дейін және одан да көп қалайы қосатын болған.
Сәндік заттарда да қалайының проценті көп болды. Ал орақтарда қалайының
проценті аз болады, өйткені, қалайысы көбірек болса, орақтың жұқа жүзі
сынығыш келеді және тез істен шығып қалады.
Құйма шеберханаларының қалдықтары Мало-Красноярка, Алексеевское,
Новоникольское I, Петровка II қоныстарынан табылды. Бұларда бітімі әр
түрлі тас және балшық құйма қалыптарда шаруашылыққа және тұрмысқа қажетті
құралдардың көпшілігі — орақтар мен дүмі шығыңқы балталар, қанжарлар мен
пышақтар, найзалар мен жебелердің ұштары құйылды. Сәндік заттар көбінесе
соғу, қақтау, ойып өрнектеу арқылы жасалды. Олар — киімге тағуға арналған
дөңгелек, қыспа өрнекті ілгектер, тізбектер, білезіктер, моншақтар,
өңір жиектер, тағысын-тағылар.
Қола дәуіріндегі Қазақстан территориясында тұрған тайпалардың
зергерлік өнерінің тамаша заттары — алтынмен апталған қола әшекейлер,
самайға тағылатын әр түрлі сырғалар, күрекше тәрізді түйреуіштер, ромб
тәрізді тармақты және сопақша ілмешіктер. Сол уақыттың өзінде-ақ адамдар
әйнек тәрізді ұнтақ ала білген, одан моншақ, тізбек жасаған.
Қазақстан территориясында қола дәуіріндегі руда өндіру ісінің кеңінен
жүргізілуі шикізат жөніндегі өз қажетін қанағаттандыруға ғана емес, сонымен
қатар металдың бірсыпырасын құйма күйінде және бұйым түрінде тайпалар
арасындағы айырбас үшін пайдалануға да мүмкіндік берді.
Қазақстан жерінде қалайы, мыс кендерінің көптігі, сондай-ақ олардың
қола дәуірінде кеңінен пайдаланылуы нәтижесінде тас құралдар мен қарулардың
көбінің орнына қола құралдар мен қарулар пайдаланылатын болды, Кен
кәсібінде тас құралдардың ролі сақталды (балғалар, сыналар, қайлалар,
т. т.), дегенмен, мұнда да қола балға шоттар, балғалар қолданыла бастады.
Енді тас, негізінен, кейінгі тарихи мамандарда да тастан жасалған астық
түйгіш, тоқпақша, келі, келісап, үккіш, жүкше, ұршықбас, сыр түйгіш секілді
құралдар молі бұйымдарды жасауға пайдаланылды.
Металдан, тастан жасалған құралдармен қатар тұрмыста сүйек заттар да
қолданылды, Олардың жасау үішн ірі малдардың жіліктері, қабырғалары,
жауырындары пайдаланылды. Әуелі сүйек балшық ыдыста қайнатылып,
жұмсартылады, бұдан кейін майы жоқ, иілгіш, жұмсарған сүйек оңай ұқсатылды.
Ұсатылған сүйек кепкен соң өзіне тән қатты, берік қалпына қайта келетін
болды.
Қоныстар мен тұрғын үйлер. Қазақстан территориясында қола дәуірі
қоныстарының жүзден астамы мәлім, олардың отызында археологиялық қазба
жұмыстары жүргізілді.
Әдетте, қоныстар өзендердің жайпақ жағасында, кең жайылмада, мүйісте,
кейде көл маңында орналасты; бірақ мұнда да олар ойпаң жерлерде, жылғалар
мен дала өзендерінің құяр жерінде жайғасты, өйткені, мұндай жерлерде
шөп көп болды, ал топырағы кетпенмен ұқсатуға ыңғайлы болды. Қоныстар
әдетте 6-10 үйден, үлкендері 20 үйден құралды; олар өзен жағасына бір
немесе екі қатар болып орналасты. Мүйістегі үйлер ортада ашық алаң қалдырып
айнала салынды; бұл алаң қоғамдық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz