Орта ғасыр философиясы



Орта ғасыр философиясы
1. Орта гасырлық христиан философиясының даму кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
2. Августин Аврелий және Томас Аквинаттың діни философиясы.
3. Орта гасырдағы мұсылман философиясының қалыптасу жаг.дайлары, негізгі багыттары.
4. Әл Кинди және әл Ғазали философиясы.
5. «Таза агайындардың » әлеуметтік көзқарастары.
Теологияның негізгі қағидалары: 1) әлеуметтік статусының қандай еке-ніне қарамастан, кез-келген адам Жаратушының жердегі көрінісі; 2) адам-заттың түбі бір; 3) адам жердегі күйбең тіршіліктен бас тартып, Иисус Христостан үлгі ала отырып, Жаратушыға махаббат жолымен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Бұл қағидалар ең әуелі Орта ғасыр философи-ясының мазмұнынан, оның негізгі өкілдері Августин Аврелий мен Томас Аквинаттың ілімдерінен айқын көрінеді. Августин Аврелий (Блажен¬ный) –
354 ж. Тагаст қаласында дүниеге келген. Еңбектері ете көп, негізгілері: «Құдайы қала туралы», «Жан сыры» (Тәубе, Исповедь). Оның өмірін екі кезеңге болуге болады: дінге дейінгі және дінді қабылдап, Құдайға деген Сенім оның жүрегі мен жанында берік орын алған кезең. Құдайға деген Сенім оның өмірін түгел өзгертті, Сенім оның өмірі мен ойының, философиялық пайымдауының субстанциясына айналды. Августин өзінің философияға деген бұрынғы сүйіспеншілігін тым артық деп бағалады, нағыз рахат философияда емес, Құдайға деген махаббатта, бірақ бұл рахат — болашақта болатын рахат, оған жеткізетін жалғыз жол — Христос жолы. Осылайша философияның құндылығы төмендетіліп, оның орнын теологиялық ойлау басты. Сонымен қатар, Августин Ақылдың рөлін де жоққа шығармайды: «Адам Құдайды іздегісі келуі үшін ақылды болуы қажет. Құдай өзін түсініп іздегендерді ғана қалайды». Ең басты мәселе — космос емес, жеке адам мәселесі. Өзіңді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұңғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Өзінді өзің танып-біл дегеніміз — өзіңді Құдайдың бейнесі ретінде тану, біздің ойымыз — Құдайды еске алу, біздің танымымыз — Құдайдың ақыл-ойы, парасаты, бір адамнан екінші адамға көшіп отыратын махаббат -Құдайдың махаббаты.,) Құдай концепциясын түсіндіру процесінде ол Платонның «Идеясына» жүгінеді. Идея заттардың өзгермейтін, тұрақты негіздері, фундаментальді формалары, пайда болатын және олетін нәрселердің бәрі Идеядан бастап қалыптасады, Бірақ Августин Платонның теориясын екі жерден өзгертеді:
1) Идея Құдайдың ойлары;
2) Құдай таза Болмыс ретінде басқа
заттардың болмысына қатысты, оларды жасайды. Ақиқат ретінде ол бәріне өзінің сәулесін түсіреді, махаббат ретінде өзіне тартады және адамның жанына тыныштық орнатады.
Августин Идеяны тану жанның ең жоғарғы бөліктеріне ғана, яғни, ақыл-парасатқа ғана тән деп пайымдайды. Себебі, Ақиқатқа жету үшін жан тап-таза, ашық, айқын болуы тиіс.
Августин Құдай болмысының үш дәлелін келтіреді:
1) Гректердің өзі дүниені жаратушының бар екені туралы идеяны айтқан. Дүниенің сантүрлілігі мен

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Орта ғасыр философиясы
Орта ғасыр философиясы
1. Орта гасырлық христиан философиясының даму кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
2. Августин Аврелий және Томас Аквинаттың діни философиясы.
3. Орта гасырдағы мұсылман философиясының қалыптасу жаг-дайлары, негізгі багыттары.
4. Әл Кинди және әл Ғазали философиясы.
5. Таза агайындардың әлеуметтік көзқарастары.

Теологияның негізгі қағидалары: 1) әлеуметтік статусының қандай еке-ніне қарамастан, кез-келген адам Жаратушының жердегі көрінісі; 2) адам-заттың түбі бір; 3) адам жердегі күйбең тіршіліктен бас тартып, Иисус Христостан үлгі ала отырып, Жаратушыға махаббат жолымен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Бұл қағидалар ең әуелі Орта ғасыр философи-ясының мазмұнынан, оның негізгі өкілдері Августин Аврелий мен Томас Аквинаттың ілімдерінен айқын көрінеді. Августин Аврелий (Блажен-ный) -
354 ж. Тагаст қаласында дүниеге келген. Еңбектері ете көп, негізгілері: Құдайы қала туралы, Жан сыры (Тәубе, Исповедь). Оның өмірін екі кезеңге болуге болады: дінге дейінгі және дінді қабылдап, Құдайға деген Сенім оның жүрегі мен жанында берік орын алған кезең. Құдайға деген Сенім оның өмірін түгел өзгертті, Сенім оның өмірі мен ойының, философиялық пайымдауының субстанциясына айналды. Августин өзінің философияға деген бұрынғы сүйіспеншілігін тым артық деп бағалады, нағыз рахат философияда емес, Құдайға деген махаббатта, бірақ бұл рахат -- болашақта болатын рахат, оған жеткізетін жалғыз жол -- Христос жолы. Осылайша философияның құндылығы төмендетіліп, оның орнын теологиялық ойлау басты. Сонымен қатар, Августин Ақылдың рөлін де жоққа шығармайды: Адам Құдайды іздегісі келуі үшін ақылды болуы қажет. Құдай өзін түсініп іздегендерді ғана қалайды. Ең басты мәселе -- космос емес, жеке адам мәселесі. Өзіңді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұңғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Өзінді өзің танып-біл дегеніміз -- өзіңді Құдайдың бейнесі ретінде тану, біздің ойымыз -- Құдайды еске алу, біздің танымымыз -- Құдайдың ақыл-ойы, парасаты, бір адамнан екінші адамға көшіп отыратын махаббат -Құдайдың махаббаты.,) Құдай концепциясын түсіндіру процесінде ол Платонның Идеясына жүгінеді. Идея заттардың өзгермейтін, тұрақты негіздері, фундаментальді формалары, пайда болатын және олетін нәрселердің бәрі Идеядан бастап қалыптасады, Бірақ Августин Платонның теориясын екі жерден өзгертеді:
1) Идея Құдайдың ойлары;
2) Құдай таза Болмыс ретінде басқа
заттардың болмысына қатысты, оларды жасайды. Ақиқат ретінде ол бәріне өзінің сәулесін түсіреді, махаббат ретінде өзіне тартады және адамның жанына тыныштық орнатады.
Августин Идеяны тану жанның ең жоғарғы бөліктеріне ғана, яғни, ақыл-парасатқа ғана тән деп пайымдайды. Себебі, Ақиқатқа жету үшін жан тап-таза, ашық, айқын болуы тиіс.
Августин Құдай болмысының үш дәлелін келтіреді:
1) Гректердің өзі дүниені жаратушының бар екені туралы идеяны айт-қан. Дүниенің сантүрлілігі мен өзгермелілігі, оның объектілерінің әдемілігі оны ұлы да әсем, көзге көрінбейтін және білінбейтін Құдай жаратқанын дәлелдейді.
2) Екінші дәлел -сопsепsus gепtіиm (адамзаттың ауызбіршілігі). Та-
биғаты түгелімен бұзылған адамдардан басқа адамзат ұрпағы Құдай
дүниені Жаратушы де п мойындайды.
3) Ең жоғарғы бақыт бұл өмірде емес, о дүниеде. Оған Құдайды сүйе алған адам ғана жетеді.
Құдай Дүниені Жаратушы. Неден жаратты? Ештеңеден, онымен бірге Құдай уақытты да жаратты. Адамды Құдай сезімдік дүниенің соңғы рациональді жануары ретінде жаратқан, оның жаны өлмейді, мәңгілік, ол өлетін болса, Ақиқат та еледі.
Зұлымдық мәселесі. Құдайдан шығатын нәрсенің бәрі ізгілік, жақсылық болса, зұлымдық қайдан шығады? Августин зұлымдықты үш түрге бөледі:
1) метафизикалық-онтологиялық -- зұлымдық болып көрінетін нәрсенің өзі жалпы универсалдық оптика деңгейінде жоғалып кетеді. Зұлымдық туралы пікіріміз кебіне субъективті. Әрбір нәрсенің болмыстық мәні бар, яғни жағымды бірдеңеге ие.
2) моральдік зұлымдық -- күнә. Күнә залым жігерге тәуелді. Құдайға берілгендікті өзгерту де моральдық зұлымдық.
3) физикалық зұлымдық -- ауру, қайғы, күйзеліс және өлім -- мо-ральдық зұлымдықтың салдарлары.
Зұлымдық -- өзіне деген махаббатта, ізгілік -- Құдайға махаббат. Әуелі өзіне деген махаббат, Құдайды жек көру сезімдері Жер қаласын, Құдайды ақыл-есінен айрылғанша сүю -- Кек, Аспан қаласын туындатады. Екі қаланың да аспанда періштелері бар. Бірінші патшалықтың адамы жер бетінде дүниені билеуші ретінде, ал көк қаласының тұрғыны кезбе ретінде көрінеді. Бірақ біріншісі қарғысқа ұшырайды, ал екіншісі - мәңгілік құтқаруға ие болады.
Нағыз адам, Августиннің ойынша, сүйе білген және сүюге лайық адам. Бұл махаббат Құдайға, өзін қоршаған алыс және жақын адамдарға, Құдай-дың бейнесі -- заттарға бағытталған болуы керек. Адамның, тұлғаның өлшемі -- сүйе білу деңгейі. Философиялық ойлау осы принципке, Құдайға Сенімге негізделген болуы тиіс. Августиннің кейбір ойлары:
Табиғи деп аталып жүрген теология туралы әңгімені кез-келген адам-мен емес, аттары латын тілінен аударғанда даналыққа махаббатты білдіретін философтармен жүргізу керек; даналық дегеніміз бәрін Жаратушы болса, онда нағыз философ Құдайды сүйеді. ...философтар даналыққа талпынысқа немесе даналықтың өзіне үйретеді. ...Дүниені жаратқан Құдайға жүгініп емес, дүниенің желісіне жүгініп пайымдайтын философтардан сақ болу қажет.
Томас (Фома) Аквинат (1225-1274) -- Сенім мен Ақылдың гармониясын негіздейтін ілім қалыптастырды. Оның негізгі тұжырымдары:
1) Сенім мен Ақылдың көмегімен жүзеге асырылатын таным процесінің тәсіл-әдістерінің ортақ жақтары кеп. Сенім де, Ақыл да бір затты -- Құдайды және ол жаратқан дүниені танып-біледі;
2) Екі тәсіл де бірін-бірі жоққа шығармайды, толықтырып отырады. Адам Құдайға тәуелді болғанымен, оның ақыл-ойының салыстырмалы автономиясы бар. Теология философияны, Сенім Ақылды терістей алмайды, ақиқат көзі -- осы тұжырымда.
3) Екі тәсілді де Құдай жаратқан, сондықтан өмір сүру құқықтары бірдей. Бірақ екі тәсілдің ерекшеліктері де бар:
1) Сенім Құдай-жаратушы туралы ақиқатты сезім, жігер, тілекке сүйене отырып қабылдайды.
2) Ақыл ақиқат туралы үнемі күмәнданады, тіпті Құдай Болмысы ту-ралы ақиқаттың да дәлелін іздейді.
Сондықтан, Аквинаттың ойынша, Сенім Ақылдан жоғары. Ол Қүдай-дың жаратылыстан тыс нұр-шапағаты. Інжілді толтырып тұрған да осы Құдайдың жарығы. Ақыл -- адамның қабілеті, құралы, табиғи нұры, ол философияның ақиқаттарында көрініс тапқан. Ақыл діннің қызметшісі болу үшін жаратылған. Яғни, Аквинат дін мен философия-ғылымның' арасындағы компромисс идеясын негіздеді.
Аквинат Құдайдың бар екендігінің бес дәлелін келтіреді:
1) Дүние дегеніміз қозғалыс. Әрбір зат қозғалысының бастауы бар, бұл қағида сезімдеріміз арқылы дәлелденеді. Осы қозғалысқа алғашқы күш беретін -- Құдай.
2) Екінші дәлел туындатушы себеп ұғымынан шығады. Дүние себеп пен салдардан тұрады. Әр заттың себебі бар. Алғашқы себеп -- Құдай.
3) Үшінші себеп кездейсоқтық пен қажеттілік ұғымдарына негізделген. Дүниеде кездейсоқ нәрселер көп, бірақ қажеттілік, заңдылықтың бар екендігі күмәнсіз. Мысалы, планеталар қозғалысы, адамдардың өмірі. Осы қажеттілік-заңдылықтарды туғызатын Құдай.
4) Заттардың жетілу дәрежелері әр түрлі. Бір зат толық жетілген, екіншісі шамалы жетілген. Абсолютті, ең жоғары жетілген -- тек Құдай ғана.
5) Ақылы жоқ заттар да белгілі бір мақсатқа, ретке бағынып, табиғатта өмір сүреді. Олардың бәріне мақсат сілтеп отыратын -- Құдай.
Орта ғасырлық христиан философиясының тарихи-мәдени рөлі туралы айтсақ, еркін ой тежелген, шіркеу догматтары үстемдік құрған кезең болғанымен, бұл философия адамзат тарихы мен мәдениетінің дамуына өзіндік үлес қосты.
1) Христиан дінінің идеологиясы Европа мемлекеттерінің рухани ны-ғаюына ерекше ықпал етті, әлеуметтік-саяси тұрақтылығына әсерін тигізді.
2) Грек философиясының мұраларын дамытуға үлес қосты.
3) Рухани өмірдің сәулет өнері, бейнелеу өнері, музыка, әдебиет сияқты салаларының дамуына игі ықпал етті.
4) Көптеген философиялық категорияларды тереңдетті: сенім, ақыл, абстрақтылық және нақтылық.
5) Құдайдың алдында адамдардың бәрі бірдей идеясы қоғамды адам-гершілік тұрғысынан нығайтты, махаббат пен шыдамдылыққа үйретті.
Ортағасырлық мұсылман философиясы. Философияның, жалпы мәдениеттің даму тарихы ұзақ жылдар бойы біржақты, европоцентристік тұрғыдан қарастырылып келгені белгілі. Осы көзқарастың салқыны сал-дарынан Орта ғасыр философиясы тек христиандық философия шеңберінде ғана қарастырылды. Шындығында, сонау антика заманы мен оның бер жағын байланыстырып тұрған, жай байланыстырып қана қоймай, дүниежүзілік мәдениеттің, өркениеттің дамуына мықты әсер еткен Шы-ғыстағы мұсылман философиясы еді. Оны толығырақ, объективті зерттеу мүмкіндігі енді ғана туып отыр. Бұл салада атқарар жұмыс өте көп, бірақ аз ғана уақыттың ішінде жүргізілген ізденістердін өзі мұсылман мәдениеті мен философиясының Батыс философиясынан мүлдем өзгеше екендігін керсетеді.
Мұсылмандық ІІІығыс философиясы араб және түркі тілді болып бөлінеді. Араб тілді философияның қалыптасуына әсер еткен ислам діні, Аравияда VІІ-ғасырда дүниеге келген Араб халифаты ХVІ-ғасырға дейін мәдениеттің ірі ошағы болды, ал ғалымдар халифат Рим империясынан да мықты болған деген пікір айтады. Бұл пайымдаулармен келісуге де болады, себебі осыншама ұзақ өмір сүруге кез-келген империяның әлі келмес еді. Араб халифатының экономикалық дамуының күшті болуы оның фи-лософиясының да айқындаушы факторы болды.
Ислам діні негізгі діні, араб тілі Құран тілі болған Араб халифатында мұсылман философиясы өзінен VI ғасыр бұрын дүниеге келген христиан дінімен күрес нәтижесінде қалыптасты. Өзінің таралу барысында, әсіресе кіші Азияда ислам антика философиясының ошақтарымен бетпе-бет келіп отырды. Қазіргі заманғы белгілі қазақ философы Ғ. Есімнің пікірінше, әлемді күшпен ғана емес, философия мен ғылымды тарату арқылы да билеуге болатынын ұғынған халифтер грек және үнді философиясын тереңдеп зерттеуге ерекше көңіл белді. Адам, оның тағдыры мәселесін түсіндіруде, оған рухани басшылық жасауға моральдық жауап-кершілік ісінде олар антика, философиясының категориалдық аппаратына жүгінді. Сондықтан да философияның практикалық қажеттілігінен грек философтарының еңбектері әуелі сирия, кейін араб тіліне аударылды. Тіпті Византиямен соғыста олар тұтқындарды қолжазбаларға айырбастап алып отырды. Осы араб тіліне аударылған еңбектер кейін Европаға жетті. Яғни, Европа өркениеті үшін анти ка философиясың сақтап қалған араб ойшыл-дары деуге болады.
Орта ғасырдағы мұсылман философиясының басты өкілдері: әл Кинди, әл Фараби, ибн Сина, әл Ғазали, Таза ағайындар (шығыстық перипатетизм); ибн Бадж, ибн Араби, ибн Туфейль, ибн Рушд (батыстық перипатетизм) және тағы басқалар.
Орта ғасырлық мұсылман философиясының ерекшеліктері:
* ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен діннің бірін-бірі үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы.
* көпұлттылық -- араб, парсы, түркі және т.б. ұлт философтары.
* негізгі философиялық тіл -- арабтілі. Араб тілінде философия фалсафа деп аталды.
* Басты мәселелер -- адам және оның тағдыры, адам және Құдай, адам және қоғам, онтология мәселелері.
Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
Қалам (сөз, тіл) -- спекулятивтік теология. Спекуляция -тәжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау жолымен қол жеткізу дегенді білдіреді. Қалам -- мұсылман қоғамының даму эволюциясының заңды құбылысы болды. Әр түрлі секталар мен топтар Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткеннен кейін ислам діни ілімінің уағыздарын қызу талқылау нәтижесінде пікірталас объектілерін анықтап, дұрыс шешім іздеп отырды. Белгілі Иран ойшылы Мортаза Мотаххари қаламға исламдық көзқарастар туралы, яғни ислам тұрғысынан алғанда не нәрсеге сенімді болу және не нәрсеге сену қажеттігі туралы ғылым деген анықтама береді.
Қаламды жалғастырушылар мутакаллимдер -- құр догматтарға сүйеніп қана қоймай, ақыл-ойға да жүгініп, діни және ғылыми білімдердің басын ашып отырды, Құдай, ерік еркіндігі, құдайы әділеттілік, Құранның пайда болуы және тағы басқа мәселелерді кеңінен талқылады.
Қаламның беделді мектептерінің бірі -- мутазилизмде -- (оқшаулану-шылар, бөлектенушілер) -- рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни мәселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, фи-лософия мәселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаны негізін қалады.
Суфизм -- алладан басқа құдай жоқ қағидасын алладан басқа өмір сүретін ештеңе жоқ қағидасымен алмастырды. Суфизм -- ислам дініні рухы, мәні, сананың өсуінің, жан тазарып, ар-ұят оянуының, рухани жетілудің белгісі, арлы, адал болу, алланы сүю, адамды сүю.
Юсуф ибн Исхак әл Кинди (800-870) -- араб философиясының көрнекті өкілі, фалсафа терминінің тарихта қалуына бірден-бір себепкер. Ұмыт бола бастаған грек мәдениетін қалпына келтіріп, жарыққа шығарған осы ойшыл деуге әбден болады. Ол зерттемеген ғылым саласы жоқ, логика, математика, этика, музыка салаларынан 240-қа жуық еңбек жазған. Ең бастылары -- философия саласындағы зерттеулері- Аристотельдің ірі еңбектерін араб тіліне аударған әл Кинди оның философиясын аса құрметтеп, философияны танып-білгісі келген адам әуелі Афистотельді зерттеуді қолға алғаны жөн дейді: Әрбір істің басшысы алла, бірақ білім бұлағы -- Аристотель. Оның пікірінше, жеке адам, ол керемет қабілетті болған күннің өзінде де ақиқаттың тұңғиығына жете алмайды, сондықтан бұрынғы заманда өмір сүрген басқа халықтар қол жеткізген білімді міндетті түрде игеру қажет. Даналыққа ие болатын адам -өзіне дейін өмір сүрген адамдардың интеллектуальдік жетістіктерін игерген адам ғана: Ақиқаттың қайдан шыққанына ұялатын ештеңе жоқ, ол тіпті біз танымайтын, білмейтін алыс елдерден болса да. Ақиқат іздеген адамға ақиқаттың өзінен жақсы ештеңе де жоқ, ақиқатты менсінбей, оны айтқан немесе бізге жеткізгендерге жоғарыдан қарауға болмайды: ақиқат-пен ешкімді төмендету мүмкін емес, керісінше -- ақиқат кез-келген адамды нұрландырады.
Әл Кинди философияны христиан ойшылдары секілді теологияға кегендемейді, керісінше, жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байла-ныстырады, философияны энциклопедиялық ғылыми білімді қорытын-дылаушы және оның негізі деп қарастырады. Оның пікірінше философияны игеру үшін математиканы жақсы білу керек. Математиканы ол төрт саладан тұрады деп қарастырады:
1) сан туралы ғылым -- арифметика және гармония;
2) қатаң дәлеледерге негізделген, алаңдардың өлшемі туралы ғылым -- геометрия;
3) жұлдыздар туралы ғылымдар -- астрономия және астрология;
4) гармония -- осы үш саланы біріктіретін ғылым. Гармония барлық нәрселерге тән, ол дыбыстарда, әлемде және адамдардың жанында бар.
Әл Кинди осы төрт ғылымның негізгісі - ең біріншісі -- сандар туралы ғылым деп есептейді: Сандар болмаса, есептеуге жататын нәрсе де бол-майды. Әл Кинди білімді екі түрге бөледі: сезімдік және ақыл-ой, зерделік. Біріншісі адамға да, жануарға да тән. Екіншісі -- адамта ғана, ол математикалық білім, ол нанымға емес, дәлелдерге негізделген. Әл Кинди философияны осылайша рационалистік тұрғыдан түсіндіреді, бірақ оның шыңы -- құдайылыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы
Орта ғасыр философиясы. Орта ғасыр философиясының ерекшеліктері, мәні
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Тақырыбы: «орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар
Мұсылман философиясы
Орта ғасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Орта ғасыр философиясының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері
Ислам философиясы
Жаңа ғасыр философиясы
Пәндер