Құқық қорғау қызметінің мәні, мазмұны



Құқық қорғау органдары қызметінің негізгі мәні олардың атауынан айқын көрінеді:бұл мемлекеттің маңызды конституциялык міндеті—адам мен азаматтың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауды жэне сақтауды жүзеге асыру. Олардын басқа да қалған функциялары — қоғамдық тәртіпті сақтау, меншікті қорғау, қылмыстылықпен күрес, қоғамға қарсы бағытталған құбылыстардың алдын алу және т.б.— осы маңызды міндеттің элементтері. Қүқық қорғау органдарының өзі де мемлекеттің элементі, оның негізгі құрылымдарының бірі-белгілі бір қоғамның қалыпты өмір сүруін ұымдастыратын, әлеуметтік нормалар мен қатынастардың жүйесі ретінде құқықтың кепілі кызметін атқаратын билік құрылымы — болып табылады.Құқық қорғау органдары өз қызметін жүзеге асыруда мынадай негізгі әдістерді қолданады: күқықбұзушылықтардың алдын алу (яғнн, азаматтармен тәрбие жұмыстарын жүргізу) және ерекше жағдайларда тікелей зорлау нысанын иеленетін мәжбүрлеу санкцияларын қолдану. Жоғарыда келтірілген аныктамадан көрініп тұрғандай, "биліктік күш" түсінігі (яғни, мэжбүрлеуге, зорлауға негізделген әрекет) қүқыққорғау орган¬дары қызметінің негізгі сипаттамасы болып табылады.Бұл мәселеден мынадай сүрақ туындайды: мәжбүрлеу, іікелей зорлық адамгершілік сипатта бола ала ма? Олардың бар екеніне ешбір күмән жоқ; дауда оның қолдану саласына, зорлықтың дәрежесіне қатысты ғана туындауда,ал зорлықтың моральдығы мәселесіне келетім болсак, бұл мэселенің позитивтік жэне негативтік шешімі ұзак уақыт бойы, тіпті, қазіргі күннің өзінде де ғалымдарды екі бағытқа бөлген: моралистік жэне реалистік. Бірінші бағыт барлық адамдарға мектеп қабырғасынан белгілі. Біз Лев Толстойдың шығармашылығынан "зүлымдыққа зорлықпен қарсы тұрмау" концепцнясымен таныстық (дінге сенушілер бүнымен одан да ертерек танысады, себебі, ол Исаның өсиеттерінде айтылған). Бұл концепция гуманизм қағидасына негізделген пацифистік жэне басқа да қозғалыстардың негізінде жатыр. Осыған ұқсас көзқарастарды қазіргі кездегі көптеген ғалымдар да білдіруде. Олардың қатарынан XX ғасырдың ірі философы, әлеуметтанушысы және тарихшысы Макс Веберді атауға болады. Ол "моральдық түрғыдан мәжбүрлеу әрқашан кері бағаланған, тіпті, ол саясатты жүзеге асырудың жалғыз құралы болган күннің өзінде де" деп түжырымдайды. Реалистік бағыт қүқық пен моральдың белгілі бір әлеу¬меттік топтар мен класстардың ортақ мүддесін көрсету мен білдіруіндегі
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж. толықтырулар мен өзгерістер енгізілген 07.10.98ж. Баспа «Жеті жарғы» А., 2001
2 Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 01.07.1999ж. А., «Жеті жарғы» 2002ж.
3 Қазақстан Республикасының Азаматтық Процестік Кодексі 13.07.1999ж. А., «Юрист»
4 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Процестік Кодексі 13.12.97ж. №206-1 (өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңдарына № 163-ІІ 09.12.98ж.; № 238-ІІ 11.07.01ж.; № 244-ІІ 16.07.01ж. сәйкес енгізілген) Алматы, «Жеті жарғы» 2002ж.

Балтабаев Қанағат

Е.А Бөкетов атындағы мемлекеттік универстиеті

Құқық қорғау қызметінің мәні, мазмұны

Құқық қорғау органдары қызметінің негізгі мәні олардың атауынан айқын
көрінеді:бұл мемлекеттің маңызды конституциялык міндеті—адам мен
азаматтың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауды жэне сақтауды жүзеге
асыру. Олардын басқа да қалған функциялары — қоғамдық тәртіпті сақтау,
меншікті қорғау, қылмыстылықпен күрес, қоғамға қарсы бағытталған
құбылыстардың алдын алу және т.б.— осы маңызды міндеттің элементтері.
Қүқық қорғау органдарының өзі де мемлекеттің элементі, оның негізгі
құрылымдарының бірі-белгілі бір қоғамның қалыпты өмір сүруін
ұымдастыратын, әлеуметтік нормалар мен қатынастардың жүйесі ретінде
құқықтың кепілі кызметін атқаратын билік құрылымы — болып табылады.Құқық
қорғау органдары өз қызметін жүзеге асыруда мынадай негізгі әдістерді
қолданады: күқықбұзушылықтардың алдын алу (яғнн, азаматтармен тәрбие
жұмыстарын жүргізу) және ерекше жағдайларда тікелей зорлау нысанын
иеленетін мәжбүрлеу санкцияларын қолдану. Жоғарыда келтірілген
аныктамадан көрініп тұрғандай, "биліктік күш" түсінігі (яғни,
мэжбүрлеуге, зорлауға негізделген әрекет) қүқыққорғау органдары
қызметінің негізгі сипаттамасы болып табылады.Бұл мәселеден мынадай
сүрақ туындайды: мәжбүрлеу, іікелей зорлық адамгершілік сипатта бола ала
ма? Олардың бар екеніне ешбір күмән жоқ; дауда оның қолдану саласына,
зорлықтың дәрежесіне қатысты ғана туындауда,ал зорлықтың моральдығы
мәселесіне келетім болсак, бұл мэселенің позитивтік жэне негативтік
шешімі ұзак уақыт бойы, тіпті, қазіргі күннің өзінде де ғалымдарды екі
бағытқа бөлген: моралистік жэне реалистік. Бірінші бағыт барлық
адамдарға мектеп қабырғасынан белгілі. Біз Лев Толстойдың
шығармашылығынан "зүлымдыққа зорлықпен қарсы тұрмау" концепцнясымен
таныстық (дінге сенушілер бүнымен одан да ертерек танысады, себебі, ол
Исаның өсиеттерінде айтылған). Бұл концепция гуманизм қағидасына
негізделген пацифистік жэне басқа да қозғалыстардың негізінде жатыр.
Осыған ұқсас көзқарастарды қазіргі кездегі көптеген ғалымдар да
білдіруде. Олардың қатарынан XX ғасырдың ірі философы, әлеуметтанушысы
және тарихшысы Макс Веберді атауға болады. Ол "моральдық түрғыдан
мәжбүрлеу әрқашан кері бағаланған, тіпті, ол саясатты жүзеге асырудың
жалғыз құралы болган күннің өзінде де" деп түжырымдайды. Реалистік бағыт
қүқық пен моральдың белгілі бір әлеуметтік топтар мен класстардың ортақ
мүддесін көрсету мен білдіруіндегі біртұтастығын негізге алады. Олар осы
екі нысанда нормативтік, реттеушілік және императивтік мәнді иеленеді
және бір-бірінен мән-мағынасы бойьшша емес, оларды жүзеге асырудың
механизмдері бойынша ерекшеленеді. Отандық ғылымдарда реалистік бағыт
кеңінен таралған. Бүл бағыт мәжбүрлеу мен зорлықты кез-келген әлеуметтік
өмір сүрудің қажетті құрамдас бөлігі ретінде қабылдайды. Мұндай
көзқарасқа сэйкес, зорлықтың адамгершілік еместігі жөнінде айту —
адамгершілікті әлеуметтік тәжірибеден тартып алып, бос абстракциялар
саласына жіберу дегенді білідіреді. Мүндай көзқарастар қазіргі кездегі
орыс философы В.В.Денисовтың сөзінде нақты көрініс тапқан: "әлеуметтік
зорлық өзінің нақты көрінісін белгілі бір топтың, класстың, мемлекеттің,
коғамдық жүйенің басқа топтарға, класстарға, мемлекеттерге, қоғамдық
жүйелерге қатысты мәжбүрлеу мен басып-жаншудың (саяси, қүқықтық,
экономикалық, эскери жэне т.б.) әртүрлі нысандарын, әдістерін және
қүралдарын қолданудан немесе қолдану мүмкіндігінен көрініс табады".
Келтірілген анықтамадан көрініп түрғандай, адамгершілік түсінігі
зорлыққа қайшы келмейді, керісінше, онымен белгілі бір байланыста
болады. Басқаша айтқанда, зорлық, басқа кез-келген әрекет сияқты,
адамгершілік сипатта болуы да, болмауы да мүмкін. Бұл бағыт бізге
қүкыққоргау органдары кызметінің адамгершілік мазмұның қарастыруға
мүмкіндік береді.Құқық қорғау органдарының қызметі туралы нақты
білмейтін тұлғалар бұл жұмыстың адамгершілік мазмұны туралы ойланбайды
да. Қарапайым, бұл қызметке қатысы жоқ адамның көзқарасы бойынша бұл
құрылымдар тек қорқыту және зорлау құралдарын ғана қолданады. Жэне
олардың ойынша, бұл саладағы талаптар—осы құралдарды қолдану қабілетіне
қойылатын талаптар. Олар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің
жұмысында төмендегідей адамгершілік қасиеттердің ерекше рөль атқаратынын
білмейді:

-Адалдық

-Адамдарға деген махаббат

-Әділеттілік -батылдық

-қоғам апдындағы өз әрекеттері үшін жоғары жауаптылық

және т.б. Қызметкерде аталған қасиеттердің болуы оның кәсібилігінің
міндетті,өлшемі болып табылады. Олардың бойында осы қасиеттерді
тәрбиелеуге басшылардың, тәрбие және кадр апараты қызметкерлерінің,
қызметтік ұжымдардын барлык іс әрекеттері бағытталған. Қызметтің бұл
аталғн талаптарды қоғам да, қызметтік құжаттар да қояды. Мысалы, "Ресей
Федерациясының ішкі істер органдарындағы қызмет туралы Ереженің" 58
бабының "II" тармағына сәйкес, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің
жеке, адамгершілік қасиеттеріне қойылатын талаптарға қайшы әрекет
жасаған қызметкер өз қызметінен босатылады.Сол себепті де, құқық қорғау
органдары қызметкерлерінің өз әрекеттерінің қаншалықты әділ екендігі
жөнінде тұрақты түрде ойлануы заңды да. Мұндай жағдайда өз эрекеттеріне
заң тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар, адамгершілік, ар-ұят тұрғысынан
да баға. бере алған қызметкерді ғана жоғарғы кэсібилік
ерекшелендіреді.Адам күнделікті нан үшін, материалдық игіліктер үшін
ғана өмір сүрмеуі керек. Ол үшін, ең алдымен, шындық пен бостандық;ар-
ұят пен қадір-қасиет, адамгершілік пен гуманизм жоғары тұруы тиіс. Сол
себепті де, жеке тұлғаның жоғарғы моральдық қасиетгері ретінде
қарастырылатын адам мінезінің түрлері құқық қорғау органдары
қызметкерлерінің қызметтік іс- әрекеттерінің ажырамас бөлігі, олардың
кәсіби шеберлігінің, адамгершілік және мәдени даму деңгейінің көрсеткіші
болып табылады.Кез-келген қоғамда өмір сүріп, еңбек ету бұл өз
мақсаттарына жетуге ұмтылған казіргі күнгі адамдардың қызметі ғана емес.
Бұл — ғасырлар бойы қалыптасқан катынастар жүйесі де, адам ескеріп-
сыйлауға міндетті қоғамдык адамгершілік қағидалары да, әрбір еңбек
үдерісімен қатар жүретін, қоғамда үстемдік құрған идеялар, теориялар,
көзқарастар да. Сондықтан, құқық қоргау органдарының жеке құрамы,
олардың қызметтік кодекстері туралы оң көзқарас, ол ұлттық дәстүрлерге,
адамгершілік нормаларына сәйкес келген жағдайда ғана, халықтың қолдауын
тауып, сыйластығына бөленеді. Б.э. дейінгі IV гасырда Аристотель
азаматтың қалыптасуы қалай жүретіні туралы жазған. 18 жасқа толғанда
бозбала Халық жиналысына келіп, ант береді: "мен заңдардың талаптарын
бұзбаймын, үлтымның қасиетті ережелерін сақтаймын, қажет болған
жағдайда, Отаным үшін күресемін". Бүдан кейін ол екі жылға әскерге
кетеді. Осыдан кейін ғана ол толық қүқылы азамат деп танылған. Ежелгі
заманның өзінде адамдар мемлекеттегі әскердің маңызды рөлін түсінген. Ал
қазіргі кезде көптеген адамдардың мемлекет алдындағы кез-келген
міндеттерден бас тартуын байқауға болады. Сылтаулар мьнадай: еш пайдасы
жоқ, қиын, дене тұрықым мен салмағымның әскери стандартқа сәйкес
келмеуі, қауіпті...Бүкіл әлемде мемлекеттік қызметтің кәсіпкерлікке
Карағанда пайдасы азырақ екендігі белгілі. Алайда, қоғамның саған
билікті бергенін сезіну, мемлекеттік қызметтің кейбір артықшылықтары
(мысалы, зейнетақы, эртүрлі жеңілдіктер жэне т.б.) белгілі бір
материалдық шығындардың орнын толтырады. Қоғамды, мемлекеттік
кызметкерлерді сыйлау—қоғамның рухани және адамгершілік жағдайының,
мемлекеттің тұрақтылығы мен беріктілігінің маңызды көрсеткіші.Әрине,
қызметтің негізгі мәні болып заңға қызмет ету табылады. Алайда, бұл
жерде ескеріп өтетін бір жайт, заң өз бетімен мақсат болып табылмайды,
ол қоғамның игілігі үшіп қызмет етеді. Және қоғам заңды әділетгіліктің,
яғни, коғам меп мемлекетгің қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін
жоғарғы адамгершілік бастаманың, көрінісі деп таныған жағдайда ғана ол
игілік болып саналады.Егер азаматтар заңды әділетсз, адамгершілік пен
адамдыққа қарсы деп тапса, онда оны орындау қарамақайшы, яғни, қоғамды
тұрақсыздандыратын нәтижеге алып келеді.Неге бүл жерде мәселе осылай
қойылған? Себебі, ең алдымен, қүқық қорғау органдарында заңға кызмет
етемін деп ойлап, өз міндетгерін ешбір жүрексіз, заң әріптерінің артынан
тірі адамды көрмей орындайтын қызметкерлердің болуы. Жоғары да
келтірілген талдаудан көрініп түрғандай, қызметтік міндеттерді осылай
орындау, көп жағдайларда, заңдарға көңілінің толмауына, ал кей кездерде
мелекеттің ішкі саясатына деген қарсы қатынсақа алып келеді.Бүл жерде
мәселе мемлекет пен белгілі бір тұлғаныи мүдделерін қарсы қою, заң
талаптарын ескермеу туралы емес.Құқық қорғау органдары қызметекрлерінің
қасиетті міндеті болып қандай жағдай да болмасын заңға қайшы әрекеттер
жасамау болып табылады. Сонымен қатар, қүқық қорғау органдары
қызметкерлерінің басты міндеттернің бірі—өзінің қызметтік борышын
орындау, басқаша айтқанда, заң талаптарын орындауда, оның нәтижесі
адамгершілік сипатта болатындай және әлеуметтік әділеттілік талаптарының
өмірге енуіне жағдай жасайтындай қызмет ету. Сонымен, қүқық қорғау
органдары қызметкері тұрақты түрде қоғам мен өзінің қызметтік
құрылымының адамгершілік түрғыдан бір-біріне әсер ету саласында қызмет
атқарады. Бір жағынан, ол қоғамның адамгершілік-тәрбиешілік әсерін
сезінеді, екінші жағынан, ол өзі азаматтарға тәрбиелік әсер етеді: егер
оның заң талаптарын орындауы әлеуметтік әділеттілік ісіне қызмет етсе
және оны адамдар терең адамгершілік сипатта деп сезінсе, оның тәрбиелік
әсері оң сипатта болады; ал егер азаматтар бүл әрекеттерді әділетсіз
жэне адамгершілікке қарсы деп қабылдаса — кері әсері тиеді.Міне, қүқы
ққорғау органдарындагы тәрбие қызметі осындай негіздерге сүйенген. Оның
көптеген аспектілері бар, бірақ, адамгершілік сипаттағы тәрбиелеу —
органдардың және бөлімдердің басшыларының, тәрбиелеу және кадрлық
аппарат қызметкерлерінің, қызметтік ұжымдардың тәрбиелік қызметінің
маңызды нысаны болып табылады. Адамгершілік сипаттағы тәрбиелеудің
қүрамына қызметкерлерде патриоттық және үжымшылдық сезімдерін,
элеуметтік әділеттілік, адамдарды сыйлау сезімдерін тәрбиелеу кіреді.
Қүқық қорғау органдары қызметінің бүл саласындағы талаптар бірқатар
қызметтік құ-жаттарда олардың қызметінің басында-ақ бекітілген. Алғашқы-
лардың бірі болып адамдарға деген дүрыс қарымқатынас талабы орын алды.
Тәрбиесіздіктің, өз билігін асыра пайдаланудың органда қызмет етуге
қайшы келетіндігі айтып өтілді. Қызметкер кезкелген жағдайда өзін
мәдениетті, сыпайы үстануы тиіс. Оның әрекетгері қатаң әрі шешуші
болуымен қатар, әрқашан әділетті және халыққа түсінікті болуы тиіс.
Аталған мәселелерге катысты орыстың үлы философы В.С.Соловьевтін
көзқарастарына тоқталып өткен жөн болар.Ол өзінің "Адамгершілік жэне
қүқық" атты еңбегінде былай деген: "Осиет немесе жан-жақтылықты талап
ету түріндегі адамгершілік бастаманың мәнінің өзінде адамгершіліктің
қатысты элементін тану бекітілген—оған жетудің қажетті шынайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет функциясының белгілері
Мемлекет түсігіні және мәні
Құқық қорғау идеологиясы
Мамандықтың пәндер каталогы
ІІО қызметінде әкімшілік құқық қатынастарындағы жеке адамның құқықтарын қамтамасыз ету кезінде туындайтын жалпы және жеке негізгі мәселелерді талдау, анықтау, қорыту және шешу, сондай-ақ осы қызметті жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу
Мемлекет түсінігі, функциясы
Мемлекет функциясының ішкі функциясы
Жедел іздестіру қызметінің негіздері. Оқу-әдістемелік оқу жұмыс кешені
Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
Пәндер