Азаматтық қоғамының экономикалық жүйесі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті

Заң факультеті

«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы»

Курстық жұмыс

тақырыбы: «Азаматтық қоғамының экономикалық жүйесі»

Орындаған: Ю-10 тобының студенті

Балтабаев Қанағат

Тексерген: Байжанова

Қарағанды-2014 жыл

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3

І. Азаматтық қоғам туралы идеялардың тарихи қалыптасуы . . . 5

1. 1. Азаматтық қоғамның тарихи қалыптасуы . . . 5-8

1. 2. Азаматтық қоғам туралы теориялар . . . 8-15

1. 3 «Азаматтық қоғам» түсінігі, белгілері . . . 15-22

ІІ. Азаматтық қоғамының экономикалық саясатын жүзеге асыру механизмі . . . 22

2. 1 Экономикалық жүйе . . . 22-25

2. 2 Азаматтық қоғамды реттеудің - экономикалық құралдары . . . 25-30

Қорытынды . . . 31-32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі33

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойынша адамға қатысты әділ болатын, ақыл - парасат, бостандық, сәттілік, тиімділік және әділеттілік мекендейтін идеалды қоғамдық құрылым үлгісін іздестіру, ойшылдарды әрқашан толғандырған.

Қайта өрлеу дәуірінен бастау алатын ізгілік идеялары, әрбір тарихи кезеңде ойшылдардың еңбектерінде өз көрінісін тапқан. Үшінші мынжылдыққа аяқ басқан кезеңде, ізгілік идеялары жалпы әлемдік деп танылып, өз көрінісін құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам идеяларында табады. Қазіргі әлемде мемлекеттер арасында тығыз байланыс, жақындасу және ғаламдану үрдістерінің кең етек алуы, сонымен қатар, осы күнгі болмыс шындығы, мемлекеттердің, белгілі бір стандарттарға сәйкес келуін, өздеріне және адамға деген көзқарастарды жаңадан, объективті түрде қалыптастыруды қажет етеді.

Әлемдік саяси - құқықтық ілімнің құндылығы болып табылатын, демократиялық елдердің ата заңдарында бекітілген азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет, ертеңін ойлайтын әр мемлекет үшін ұмтылуға нысана және жоғарғы стандарт болып табылады.

Әрине азаматтық қоғам жүйесі дамыған, құқықтық мемлекеттің экономикасы да тұрақты болуы қажет.

Өзінің тарихи дамуында экономикалық жүйе ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен - мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. . Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысаңдар - бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық айналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысаңдары мен әдістерін пайдаланады. Курстық жұмыстың мақсаты. Азаматтық қоғам түсінігін, мәнін ашып жеткізу, азаматтық қоғамның экономикаға байланысын, оның экономикалық жүйесіне анықтама беру. Экономикалық саясатты жүзеге асыру механизмдерін көрсете кету, экономиканың тарихын, қалыптасу, өзгеру, даму жолдарын ашу. Мемлекетті реттеудің экономикалық құралдырын, яғни салық саясатын айту.

I. Азаматтық қоғам туралы идеялардың тарихи қалыптасуы

1. 1Азаматтық қоғамның тарихи қалыптасуы

“Азаматтық қоғам” түсінігі түп тамырларын Аристотельдің полис (koinoia politike - азаматтық қоғам), Цицеронның societas civilis және табиғи құқық идеаларынан алады. Азаматтық қоғам (koinoia politike, societas civilis, burgeliche Gesellschaft, socite civile) және саяси қоғам немесе мемлекет (polis, civitas, staat, etat, stato) мәні бойынша бір - бірін алмастыратын терминдер болды.

Ежелгі грек ойшылдары “саяси” түсінігіне қоғам өмірінің бүкіл салаларын енгізген: жанұя, дін, білім алу, көркем мәдениеті, өнер және т. б. Politike-нің мүшесі болу, яғни, азамат болу - мемлекеттің мүшесі болу, яғни, басқа азаматтарға зиян келтірмей, мемлекет заңдары бойынша өмір сүру және әрекет ету.

Осындай түсінік өзгермеген қалпында 18 - ші ғасырға дейін сақталып келді. Дж. Локктың өзі “азаматтық қоғам” және “мемлекет” түсініктерін өзара алмастырушы ретінде қолданған. И. Кант өзінің еңбектерінде “burgerliche Gesselschaft” (азаматтық қоғам) және мемлекет түсініктері синонимдер ретінде қолданылады. Осы екі түсініктің бір - біріне жақындығы Ж. Ж. Руссо еңбектерінде айқын көрінеді. Руссоға сәйкес, әр азаматтың биліктік қатынастарға қатысуына, халықтың толық билікке иеленуіне негізделген басқару жүйесі ғана, заңды күшке ие. Осының негізінде, Руссо өкілдік қағидасын сынаған, өйткені онда, азамат өзінің еркін басқа адамға тапсырып, өзінің азаматтық құқығынан айрылады. Руссо “societe civile” немесе азаматтық қоғам және мемлекет мәнін осылайша ұсынған.

Орта ғасырдан жаңа заманға өту шағы, азаматтық қоғамның мемлекеттік институттардан өзгешеліктері бар екенін түсінуменен айшықтанды. Осы тұрғыдан, сол кездегі орта ғасырлық бытыраңқы мемлекеттердің орнына ұлттық мемлекеттің қажеттігі идеялогиясы саяси ілімдерге елеулі әсер етті. 14 - ші ғасырда Еуропада Гогенштауфендер империясының дағдарысынан бастап ұлттық жеке - даралық түсінігі пайда бола бастады, нәтижесінде ұлттық мемлекет идеясы дүниеге келді. Осы үрдісте, өзінің Бонифаций 8-ші папасына қарсы күресінде, римдік теократизміне және ұлттық жеке - даралыққа негізделген король билігінің егемендігі қағидасын қарсы қойған, Әдемі Филипптің таққа отырған кезеңі өте маңызды болды. Бастапқыда, еуропалық қоғамдық - саяси ілім өкілдері (Ж. Боден, Т. Гоббс, Б. Спиноза және т. б. ) мемлекетті табиғи қалыптан аттап өтуге бағытталған институт деп түсіндірген. Осы табиғи қалыпты біреулері (Т. Гоббс) бәрінің бәріне қарсы соғыс қалпы ретінде түсінген, басқалары болса (Ж. Ж Руссо) осы қалыпты жоғары үйлесімділік деп түсінген.

Мемлекеттің егемендігі қағидасын енгізген Ж. Боденнің ойынша, мемлекет қоғамның бүкіл мүшелерінің үстінен және оларға тиесілінің бәріне егеменді билігін жүргізеді. Қоғамның бытыраңқы мүшелері үстем билік, яғни егемендік астында жиналғанда мемлекет пайда болады. Осы дәстүрді жалғастыра отырып, Т. Гоббс келесідей тұжырымдаған: “мемлекет соғыс қалпынан өту құқығын, мемлекетке дейінгі адамдар қоғамдастығының бүкіл мүшелерінің келісімі нәтижесінде алады. Осы келісімнің нәтижесінде пайда болған азаматтық қоғам мемлекетке және оның заңдарына теңестіріледі. Руссо айтқандай, табиғи бостандығын жоғалтқан адамдар, өздерінің табиғи құқықтарынан айрылудан үрейленіп қоғамдық келісімге бірікті. Осы келісім барлық мүшелердің жеке басын және мүлкін қорғау үшін тағайындалады, осы жерде әрбір мүше басқаларымен бірігеді, дегенмен олар өздеріне ғана бағынады және бұрынғыдай еркін болып қала береді. Руссоның айтуынша, осы ассоциация, кезінде “азаматтық қоғам” деп аталған, қазір Республика немесе Саяси ағза деп аталады: оның мүшелері осы саяси ағзаны, ол бәсең кезінде Мемлекет деп, белсенді кезінде Егемен (Суверен) деп, және оған ұқсайтындармен салыстырғанда Держава деп атайды.

Т. Гоббс, Дж. Локк, Ж. Ж Руссо, Монтескье және т. б. -рмен өнделген индивидуализм концепциясы, мемлекеттен тәуелсіз қоғам азаматы ретіндегі тұлғаның еркіндігі мәселесін алға қойды. Нәтижесінде, әсіресе 18 - ші ғасырдың екінші жартысынан societas civilis дәстүрлі концепциясы эрозияға ұшырап қайта қарала бастады.

Осы жағдай Дж. Локк, А. Фергюсон, С. Пуфендорф, И. Кант, физиократтар және т. б. - рмен қалыптастырған ұсыныстарында көрінді. Дж. Локк сенімі бойынша қоғам мемлекеттен бұрын болған, ол “табиғатқа сәйкес” өмір сүреді. Автордың айтуынша, мемлекет “жаңа ағза” болып табылады ; осы мемлекет құқықтар кешеніне ие, ал құқықтар осы мемлекетті құрайтын жеке тұлғалардың құқықтарынан басым түседі. Гоббста саяси биліктен бұрын болған “қоғам” түсінігі болмайды, Локктың тұжырымдауынша мемлекет табиғи қалыптағы қоғамдық қатынастар негізінде пайда болады. Егер үкімет, түрлі себептермен жойылса да, қоғам өзінің табиғи заңдары және құқықтары негізінде өмір сүре береді. Қоғамды құрайтын халық егеменді, осы себептен, оның егемендігі мемлекетке өткен күннің өзінде, мемлекет қоғамды толық алмастыра алмайды. Керісінше, мемлекеттің басты мақсаты осы қоғамды қорғау. Осы ойды ұстанушылардың тұжырымы бойынша, мемлекет қоғамның орнына келмейді, ол оны басқаруға тағайындалған. Мемлекет - қоғамның құралы, сол арқылы өзін айқындайды. Қалай дегенмен, тым кеңейіп кеткен мемлекет жеке индивидтің еркін білдіруіне және ықтималды мүмкіндіктерін жүзеге асыруына кедергі жасайды деген пікір қалыптаса бастады.

В. фон Гумбольт азаматық қоғаммен мемлекет арасындағы қайшылықтарды және өзгешеліктерді нақты мысалдар арқылы көрсетуге тырысты. Сонымен қатар, В. фон Гумбольт мына ойды айтқан: “Мемлекеттің ықпалы неғұрлым үлкен болса, ықпал етушілер және осы ықпал астындағылар соғұрлым ұқсас болады. Осындай мемлекеттік құрылым - көптеген әрекет етуші және қозғаушы күштер емес, әрекет ету және тұтынудың өлі және тірі құралдарының жиынтығына ұқсап қалады”[3; 45] . Осылай дами келе, азаматтық қоғаммен мемлекеттің айырмашылығы орнығып қалған жағдайға қарсы тұжырым ретінде қалыптаса бастады, сонымен қатар ол, адамдардың әлеуметтік теңдігін, азаматтардың бостандықтарын және шектелген конституциялық үкіметті қамтамасыз етуге бағытталған жаңа қоғамдық құрылым идеялары арқылы құнды бола бастайды. “Азаматтық қоғам мемлекетке қарсы” тақырыбы, төңкеріліс сипатындағы мазмұнды иеленіп, Т. Спенс, Т. Ходжскин, Э. Ж. Сиэйс еңбектерінде, әсіресе, Ұлы Француз төнкерілісінің бағдарламасы - “Адам және азамат құқықтары Декларациясы” құжаттарында кең қарастырылды.

Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай- бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүние жүзілік ғылыми, саяси қайраткерлкрдің, ойшылдардың айтуынша- қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде- мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. К. Маркс қысқаша:"Қоғам- адамдардың өзара еңбек жасауының одағы", - дейді. Қоғамдық мүдде- мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты, объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуға, нығаюға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам саналы адамдрдың ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік еріксіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса, ондай нәтижесіз тез тарап кетер еді. Адам қоғамның бірінші - клеткасы. Қоғам күрделі әлеуметтік бірлкстігі. Бұл бірлестік, бұл қоғам дұрыс, жақсы даму үшін оның ішіндегі қарым - қатынастарды реттеп, басқару керек болды. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздері әлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырлы. Сондықтан мемлект пен құқық пайда болды. "Адамдар өз тарихын өздері жасайды, - деп жазды Маркс, - бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барды, бұрынғыдан қалған мұраны қолдануға мәжбүр болды"

Қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі белгілері:

  • саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы;
  • қоғамдық түпкілікті, нақты, объективтік мүдде мақсаттың қалыптасуы;
  • адамдардың өзара ынтымақтастығының, бірлігінің қалыптасуы;
  • қоғамлық мүдде- мақсат, тілек арқылы қарым- қатынастарды реттеп- басқару;

- қоғамды басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын мемлекеттік

аппараттың өмірге келуі.

Қоғам - саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орынлау үшін саналы түрде өзара бірігуі. Мұнда міндетті ерікті шартты элемент бар: мүдде- мақсаттың қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.

Адамның объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым - қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам т. б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге двмып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның басқа түрлері тез құрылдып, тез жарап жатады. Олардың өмірі, іс - әрекетінің шеңбері, кеңістігі көп өлкеге жайылмацды, уақыты көпке созылмайды.

Азаматтық қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік - экономикалық және мәдени - рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатысушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге- аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.

Азаматтық қоғам - мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерешеліктері: кеңкстік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тәуелсіз - дербестікте дамыту.

Республика Конституциясы Қазақстандығы азаматтық қоғамның барлық даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан (оның айығы - онда "Азаматтық қоғам" бөліиінің әдейі болмауы) әлеуметтік бағларлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақиы қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайды. Оған : тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік мнешік пен жеке меншік (6-баптың 1- тармағы) ; адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтатас кешені (2-бөлім) ; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын (27- бап) ; идеологиялық және саяси әр алуандылықты (5-бап) және тағы басқа жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық- азаматтық қоғамды ерікті дамыту дың алғы шарттарың жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде -мақсаты.

1. 2 Азаматтық қоғам туралы теориялар

Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой- пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой- пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері тек қана мемлекеттің, қоғамның мазмұнының өте күрделі болуынан немесе олардың нысанының сан қырлы өзгеуінен емес, сонымен бірге азаматтық қоғам мен мемлекеттцің саяси билікті жүргізу және олардың іс әрекеті барлық таптардың, топтардың мүдде- мақсатына қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе қоғамдағы әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы.

Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе - Кеңес дәуірінде елімізде марксистік мемлекеттің теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік. Ол кезде қоғам мен мелекетті таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа теорияны, басқа бағытты ысырып тастап отырдық. Қазір ол теорияларға көзқарас түзелді, дұрысталды. Тарих теориялардың бәрінде аздап болса да шындық жәнетарихи нақты дәлелдеп болады. Сондықтан ол теорияларды білу, дұрыс жағын алу, пайдалану өте қажет. Сло деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің ғылымға, қоғамға пайдасы мол.

Тағы бір ескертетін мәселе - "азаматтық қоғам " деген алғашқы қауымдық қоғамда да, құл иелену формасында да, феодалдық формация да болған жоқ.

Азаматтық қоғамның ең радикалды концепциясын “Адам құқықтары” атты атақты памфлеттің авторы Т. Пейн қалыптастырды. Мемлекетке қарсы тұратын азаматтық қоғам мәселесі Т. Пейн еңбектерінде басты тақырып болды. Пейн мемлекетті қажетті зұлымдық деп атады: ол неғұрлым аз болса, соғұрлым қоғамға тиімді болады[4; 56] . Осы себептен, мемлекттің билігі азаматтық қоғам пайдасына шектелген болуы қажет, өйткені, әрбір индивид, ішінен қоғамға бағытталады. Мемлекеттен бұрын пайда болған осындай әлеуметтілік, ортақ мүддеге және өзара көмек сезіміне негізделген, бәсеке және сабақтастықтың бейбіт қатынастарын қалыптастуруға жағдай жасайды. Азаматтық қоғам неғұрлым кемелденген болса, соғұрлым өз істерін өзі реттеп, үкіметке деген қажеттілігі азаяды.

Ажырамас құқықтарға ие, еркін және тең индивидтер мемлекеттен жоғары тұрады. Сондықтан, мемлекетті заңды және “өркениетті” деп тану үшін, ол бүкіл индивидтердің келісімімен құрылған болуы керек. Осы келісім конституциялық түрде рәсімделген және парламентарлы өкілді механизмдер арқылы бекітілген болуы тиіс. өркениетті басқару жүйелері - еркін және тең индивидтердің белсенді келісімімен билікке ие болатын, конституциялық басқару жүйелері. Бұндай үкіметтер құқықтарға ие болмай, тек өзінің азаматтары алдында міндеттерге ие болады.

Нақты үкіметтер өз белсенділігімен конституцияларды өзгертуге немесе кеңейтуге, немесе азаматтардың келісімдерін және сенімдерін бұзуға құқықтары жоқ. Азаматтар табиғи қалыпта ғана, тұрақты егеменділікке ие болады. Осы табиғи қалыпты кез - келген бұзушылық және де құқықтың негізі ретіндегі, белсенді келісімге кез - келген қарсы тұру талпынысы деспотизм және агрессивті басқару әрекеті болып табылады. Осы тұрғыдан, Пейн азаматтық қоғамды мемлекетке қарсы қояды. Оның сенуі бойынша, өзіне сенетін және өзін - өзі басқаратын қоғам саяси механизмдердің минимумын ғана қажет етеді. Мемлекеттің билігін минимумға дейін қысқарту, тәуелсіз ұлтттық және бір - біріменен бейбіт араласатын азаматтық қоғамдардың халықаралық конфедерациясын құру мүмкіндігіне жол ашады. Бұл жағдайда, ұлттық егеменді мемлекет, сайланатын басқарушыдан және “жалпы бейбітшілік, өркениет және сауда” кепілі болатын, азаматтық қоғамнан тұрады. “Қоғам қағидалары негізінде әрекет ететін, осындай ұлттық ассоциация” азаматтық қоғам қамтамасыз ете алмайтын қоғамдық қызметтерді қамтамасыз етуге ғана қажетті. Кейіннен осы дәстүр, А. Де Токвиль, Дж. С. Милл және т. б. тарапынан жалғасты.

Олар оны, келесідей ереже төңірегінде дамытты, яғни, мемлекет және азаматтық қоғам арасындағы бөлініс, шынайы демократиялық, әлеуметтік және саяси жүйенің тұрақты сипаты болып табылады. Осы жүйеде өндірістік меншік, шешім қабылдай алу мәртебесі жеке салаға бағынышты емес. 19 - шы ғасырдың ғалымдары мен ойшылдары азаматтық қоғамның аса көп мөлшердегі еркіндігін қоғамның бөлектенуі және кекілжіндердің өршігуіне себеп ретінде қарастырған, сондықтан олар, қатал мемлекеттік реттеуді және бақылауды орнатуға шақырды. “Мемлекет азаматтық қоғамға қарсы” мәселесі И. Бентам, Ж. Сисмонди және т. б. еңбектерінде көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси жүйелердің түрлері
Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі және құрылымы
Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі
Азаматтық қоғамның саяси жүйесінің түсінігі
Азаматтық қоғам жайында
Мемлекет нысанының соңғы элементі - саяси режим
Клерикалық мемлекет зайырлы және теократиялық мемлекеттерінің ортасындағы мемлекет
Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәні
Азаматтық қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz