Құқық нормасын талқылау
Жоспар
Кіріспе
1тарау.Құқықты талқылау және оның сипаттамасы
1.1.Талқылау түсінігі және мәні
1.2. Талқылаудың философиялық аспектілері
2тарау. Талқылау әдістері
2.1. Талқылаудың тілдік және логикалық әдістері
2.2. Талқылаудың жүйелік және тарихи әдістері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Құқықты талдау заң ғылымдарының дәстүрлі мәселелерінің бірі болып табылады. Нормаларды талқылау қажеттігі көптеген жағдайлармен байланысты соның ішінде құқық нормаларының сыртқы сипаты безендіру , олардың тілдік – логикалық ойлау жүйесімен , нормалардың жүйелі құрастыруы және оларды ерекше қасиеттеріне, қызметіне байланысты сәйкестендіру.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолында,әсіресе меншікті заңдық базамызды күрделенуде біздің Қазақстан еліміз үшін ерекше маңызды. Бұл мәселе мемлекетіміз үшін ерекше, себебі: ол өзінің заңдық негіздерін құру және құқықтық мемлекет құру жолына түсті. Құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің бірі заңның жоғарылығы қағидасы екендігі мәлім, яғни заңның «ведомстволық нормалардан» жоғары тұруын көрсетеді. Бұл толық түрде құқықты талқылау мәселесіне жатады.
Заңдық әдебиеттерде осы тақырыпқа байланысты көптеген жұмыстар қарастырылып, қорғалғанымен құқық нормасын талқылау теориясын талдау, дайындау, қазіргі кездегі заңдық тәжірибеде толық қанды қажеттіліктерін қанағаттандырмайды.Құқық нормасын талқылау барысындағы көптеген мәселелер әлі де болса даулы, ал кейбір сұрақтар тіпті әлі зерттелмеген.
Мұндай мәселелердің қатарына ресми талқылау актілерінің құқық қолданушы органдар үшін маңызды екенін айта кетуге болады. Заң әдебиеттерінде ресми талқылауға байланысты екі түрлі ой қалыптасады. Бірінші, мұндай талқылаулар нормалардың қолданылуын жеңілдетеді, ондағы қарама-қайшылықтар мен түсініспеушіліктерді реттейді. Екіншіден, ресми талқылаулар норманы ауыстырады, сонымен қатар оның мазмұнын өзгертеді. Әкімшілік- басқарушылық жүйеде министерстволар мен ведомстволардың талқылау және түсіндіру тәжірибесі заңдардың, үкімет қаулыларының мағынасы мен мәнін жоққа шығарды, себебі бұл актілер аппарат құрылымдарының мүдделеріне сай жасалған акті ретінде есептеді.
Қазіргі кезде талқылау, түсіндіру тәжірибесі қысқартуды талап етеді, оның ішінде талқылау формасының тиімді түрі аутентикалық талқылау болуы керек. Төменгі тұрған органдардың нормативтік-құқықтық актілерге талқылау жасауы көбейген сайын, сапасы жоғарылай түседі. Осыған сай, төменгі заңдық күші бар актілер жоғарғы заңдық күшке ие.
Негізінен талқылау теориясы көптеген әдебиеттерде енді талдауда, себебі бұл тақырыпта құқық нормасының жалпы түсінігі, оның түрлері,әдістері меннысандары ғана қарастырылған.
Кеңес одағы кезінде де құқық актілерін ресми талқылау оның заңдық табиғатын зерттеуден басталды,құқықтық актілердің нақты түрлері, олардың қызметі, құқық нормаларының түсінігі, мәні мемлекет және құқық теориясымен қатар басқа салалық заң ғылымдарда да құқық нормасының мәнін талқылау, түсіндіру, анықтау өз кезегінде қызмет нәтижесін объективтендіруде көрініс табады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Нормативті құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.
2. ҚР Қылмыстық кодексі. 24 шілде 1997. Алматы, 1997.
3. ҚР Азаматтық кодексі. 31 шілде 1997. Алматы, 1997.
4. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егеменділік туралы Декларациясы // Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы. 1990.№44.
5. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» // Жаршы. 1991.№51.
6. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 16 қазан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы, 1995. №10; 1999. №5.
7. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» 26 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995. №12; 1999. №5.
8. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» 18 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995.№12; 1999.№5.
9. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» 25 желтоқсан 2000 жыл// Егемен Қазақстан, 2000. 30 желтоқсан.
10. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң к‰ші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы» 29 желтоқсан 1995 // Жаршы. 1995. №24.
11. Қазақстан Республикасының заңы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жыл// Парламент Жаршысы, 2001.№1.
12. Қазақстан Республикасы заңы «Нормативті құқықтық актілер туралы» 24 наурыз 1998 // Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 1998. №2-3, өзгерістері мен толықтыруларымен қоса.
13. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2030». Жеке басылым. Алматы: Жеті Жарғы, 1999.
14. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Қазақстан Республикасы сот жүйесі тәуелсіздігін күшейту шаралары туралы» 1 қыркүйек 2000 жыл// Егемен Қазақстан,2000. 2 қыркүйек.
15. Қазақстан Республикасы Президенті Қаулысы «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы» 12 ақпан 1994. Алматы, 1994.
16. Қазақстан Республикасы Президенті өкімі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестілікті қалыптастыру тұғырнамасы» 23 мамыр 1996 // Саясат, 1996. №9.
Арнайы әдебиеттер:
1. Алексеев С.С. Общая теория права (курс в 2-х томах) М., 1982 г.
2. Айтхожин Қ., Қанағатова Қ. Конституция нормаларының тікелей жүзеге асуының кейбір мәселелері. //Заң.- 2002.-№7.
3. Әбдрасұлов Е. Конституцияны түсіндірудің теориялық негіздері мен сатылары. //Заң.- 2002.-№11.
4. Әбдрасұлов Е. ТМД конституцияларына түсінік берудің кейбір аспектілері. //Заң.- 2001.-№12.
5. Әбілмәжінова Б. Заңдық құжаттар тіліндегі кейбір грамматикалық категориялардың синтаксистік ерекшеліктері.//Заң.- 2001.-№11.
6. Баймаханов М.Т. Проблемы воплощения принципов правового государства в Конституции Республики Казахстан. // Государство и право. -1992. - №8
7. Баймаханов М.Т. Спор продолжается // Юридическая газета. 2002, 6 февраля.
8. Баранов В.М. Истинность норм советского права. - М.,1989. - С.371
9. Венгеров А. Б. Теория государства и права: Часть 1. Теория государства. -М:Юрист, 1995г.
10. Верховенство права. Алматы, 1992 г.
11. Вопленко Н. Н. Официальное толкование норм права, М., 1976 г.
12. Вильнянский С. Значение логики в применении правовых норм. Ученые записки Харьковского юридического института. - Вып.З, 1948.-С.48
13. Дюрягин И.Я. Применение норм советского права. Вопросы теории. Свердловск, 1973.
14. Зиманов С.З. Конституция и парламент РК. -Алматы: Жеты Жаргы, 1996.
15. Зиманов С.З. Предисловие к монографии Абдрасулова Е.Б. Толкование закона и норм Конституции: теория, опыт, процедура. - Алматы, 2002.- С.8
16. Карасев М.Н. Некоторые аспектьт толкования норм права //Журнал российского права. - 2000, № 11. - С.20
17. Керимов Д.А. Философские проблемы права. - М.,1972. - С.374-375
18. Комаров С. А. Общая теория государства и права: Учебник. - М.: Юрист, 1997.
19. Корельский В. М., Перевалов В. Д. Теория государства и права. М., 1997.
20. Козлов Б.А. Теория государства и права. ЛГУ, 1987.
21. Кудрявцев В.Н. Какое государство мы строим. М., 1991.
22. Кечекьян С. О толковании законов судьями // Право и жизнь. -1928, Кн.1.-С.4
23. Лазарев В.В.Социалъно-психологические аспекты применения права. - Казань, 1982.
24. Лазарев В.В. Эффективность правоприменительных актов. КГУ, 1975.
25. Лазарев В.В. Применение советского права. КГУ, 1972.
26. Лазарев В.В. Пробелы в советском праве. М., 1974.
27. Лазарев В. В. Общая теория права и государства - М., 1998.
28. Лившиц Р. 3. Теория права - М: БЕК. 1994.
29. Лившиц Р.З.Современная теория права. Краткий очерк. М. 1992.
30. Маликов М.К. Проблемы реализации права. Иркутск, 1988.
31. Недбайло П.Е. Применение советских правовых норм. М., 1960.
32. Нерсесянц В.С.Наш путь к праву /от социализма к цивилизму. М., 1992.
33. Общая теория государства и права: Учебник / Под ред. В. В. Лазарева. - М: Юрист, 1998.
34. Пиголкин А.С. Толкование нормативных актов. М.: Юридическая литература, 1962.
35. Радько Т.Н. Функции социалистического права. Советское государство и право. Л., 1977. -№ 5.
36. Радько Т.Н.Функции советских правовых норм. Саратов, 1987.
37. Сабикенов С.Н. Право и социальные интересы. - Алма-Ата, 1986. - С.155
38. Соколов Ю.А. Применение советского социалистического права. М.,
1958.
39. Спасов Б. П. Закон и его толкование. М., 1986.
40. Соцуро Л.В. Неофициальное толкование норм права. - М.,2000. - С.42-63.
41. Теория государства и права. Учебник для юридических вузов и факультетов. Под ред. В. М. Корельского и В. Д. Перевалова - М: Изд.гр. ИНФРА, 1997 г.,С. 440.
42. Фарбер И.Е. О применении норм права //Советское государство и право.- 1954, №4.-С.16

Құқықты талдау заң ғылымдарының дәстүрлі мәселелерінің бірі болып
табылады. Нормаларды талқылау қажеттігі көптеген жағдайлармен байланысты
соның ішінде құқық нормаларының сыртқы сипаты безендіру , олардың тілдік –
логикалық ойлау жүйесімен , нормалардың жүйелі құрастыруы және оларды
ерекше қасиеттеріне, қызметіне байланысты сәйкестендіру.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолында,әсіресе меншікті заңдық
базамызды күрделенуде біздің Қазақстан еліміз үшін ерекше маңызды. Бұл
мәселе мемлекетіміз үшін ерекше, себебі: ол өзінің заңдық негіздерін құру
және құқықтық мемлекет құру жолына түсті. Құқықтық мемлекеттің басты
белгілерінің бірі заңның жоғарылығы қағидасы екендігі мәлім, яғни заңның
ведомстволық нормалардан жоғары тұруын көрсетеді. Бұл толық түрде құқықты
талқылау мәселесіне жатады.
Заңдық әдебиеттерде осы тақырыпқа байланысты көптеген жұмыстар
қарастырылып, қорғалғанымен құқық нормасын талқылау теориясын талдау,
дайындау, қазіргі кездегі заңдық тәжірибеде толық қанды қажеттіліктерін
қанағаттандырмайды.Құқық нормасын талқылау барысындағы көптеген мәселелер
әлі де болса даулы, ал кейбір сұрақтар тіпті әлі зерттелмеген.
Мұндай мәселелердің қатарына ресми талқылау актілерінің құқық қолданушы
органдар үшін маңызды екенін айта кетуге болады. Заң әдебиеттерінде ресми
талқылауға байланысты екі түрлі ой қалыптасады. Бірінші, мұндай талқылаулар
нормалардың қолданылуын жеңілдетеді, ондағы қарама-қайшылықтар мен
түсініспеушіліктерді реттейді. Екіншіден, ресми талқылаулар норманы
ауыстырады, сонымен қатар оның мазмұнын өзгертеді. Әкімшілік- басқарушылық
жүйеде министерстволар мен ведомстволардың талқылау және түсіндіру
тәжірибесі заңдардың, үкімет қаулыларының мағынасы мен мәнін жоққа шығарды,
себебі бұл актілер аппарат құрылымдарының мүдделеріне сай жасалған акті
ретінде есептеді.
Қазіргі кезде талқылау, түсіндіру тәжірибесі қысқартуды талап етеді,
оның ішінде талқылау формасының тиімді түрі аутентикалық талқылау болуы
керек. Төменгі тұрған органдардың нормативтік-құқықтық актілерге талқылау
жасауы көбейген сайын, сапасы жоғарылай түседі. Осыған сай, төменгі заңдық
күші бар актілер жоғарғы заңдық күшке ие.
Негізінен талқылау теориясы көптеген әдебиеттерде енді талдауда, себебі
бұл тақырыпта құқық нормасының жалпы түсінігі, оның түрлері,әдістері
меннысандары ғана қарастырылған.
Кеңес одағы кезінде де құқық актілерін ресми талқылау оның заңдық
табиғатын зерттеуден басталды,құқықтық актілердің нақты түрлері, олардың
қызметі, құқық нормаларының түсінігі, мәні мемлекет және құқық теориясымен
қатар басқа салалық заң ғылымдарда да құқық нормасының мәнін талқылау,
түсіндіру, анықтау өз кезегінде қызмет нәтижесін объективтендіруде көрініс
табады.
Сонымен, құқық нормаларын талқылау- мемлекеттің құзыретті органдарының
қызметі және қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың шын мәнісіндегі
құқық нормаларының мазмұнын түсінуге арналған. Талқылау үрдісінде норма
әрекеттерінің жағдайы, құқықтық қатынастың мүшелерінің заңды құқықтары және
міндеттері белгіленеді, сонымен бірге құқық нормаларының ұйғарымын бұзғаны
үшін заңды жауапкершілік мөлшері көрсетіледі.
Талқылау құқық нормаларының іске асырылуын толық және жан-жақты жүргізу,
атқару органдарының қызметінде, сот және прокуратура органдарында,
азаматтардың және ұйымдардың өздерінің, заңды құқықтарымен міндеттерін
орындау кезінде қамтамасыз етілу қажет болады. Соған байланысты, талқылау
құқық нормаларының барлық әрекет ететін аумағында бір жақты түсінуге және
қолдануға ықпал жасайды, әр түрлі қоғамдық өмір аясындағы заңдылықты және
біркелкі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді.
Құқық нормаларының мәнін анықтау, оның талабын дұрыс түсінуге қажетті
алғы шарт. Құқық нормаларын түсіндіру тек сол кезде яғни, түсіну процесінде
оның мазмұнында түсінбеушілік кездессе. Ондай жағдайда, құқық нормаларының
мәнін шын мәнісінде қосымша түсіндіру қажет болады.Барлық құқық нормалары
анықталады,ал сөйлеу жөніндегі дәлдік туралы, не болмаса құқық нормаларын
күнделікті істе пайдалану туралы келіспеушіліктер болса, қосымша түсіндіру
қажеттігі туады. Сонымен, құқық нормаларын анықтау, барлық жағдайда оның
мазмұнын түсіндіру емес. Талқылау зияткерлік (интеллектуалды) қызметке
жатады, ол процесс кезінде ғылыми тұрғыдан құқықтың тереңірек қасиеті
білінеді, объективті және жетімдегі тұрғыдан құқық нормаларындағы ұйғарым
баяндалады. Талқылаудың тиімділігі, талқылаушының құқықтық санасының
деңгейіне байланысты болады.Құқықтық сана деңгейі жоғары адам, түсінсе,
құқық нормаларының мазмұнын түсіндірсе, соған сай құқық бұзушылар аз
болады, жеке адамның құқығымен бостандығы толығырақ қанағаттандырылады
Бұл жұмыста автор талқылауды жүзеге асыратын мемлекеттік және қоғамдық
органдар мен ұйымдардың құзыретіне байланысты болжамдар, тұжырымдар мен
көзқарасын айтады.
Автор жұмысының негізгі мақсаттарының бірі ретінде, ресми талқылау
актілерінің құқықтық табиғатын және олардың қоғамдық қатынастарды реттеуде
құқық қолданушы органдар үшін маңыздылығын ашып көрсетуді алға алып отыр.
Заң ғылымының бұл бөлігін теориялық жағынан жан-жақты қарастыру құқықтың
дұрыс қолданылуын, құқықтық тәртіп пен заңдылықтың орнатылуына әкеледі.
1-Тарау. Құқықты талқылау және оның сипаттамасы
1.1 Талқылау түсінігі және мәні
Құқық нормаларын талқылау-құқық актілерінде орын алатын құқық
нормаларының мазмұнын ұғыну және түсіндіру. Талқылау барысында нормативті
нұсқаудың мазмұны, олардың әлеуметтік бағытталғандығы, құқықтық реттеу
жүйесіндегі ролі мәселелері шешіледі. Талқылау заңдық нормалардың реттеу
жүйесіндегі абстрактілігіне, арнаулы терминологияға, құқық шығармашылық
әрекеттің ақаулығына байланысты қажет. Құқықтық нормаларды талқылау
әрекетінің мақсаты заңдық нұсқауларды біртектес дұрыс түсінуді және оларды
қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.
Талқылаудың екі жағы танылған: мазмұнын субъектінің өзінің ұғынуы;
өзгелерге түсіндіру Ішкі интеллектуалды процесс ретіндегі норма талаптарын
ұғыну мен құқық мазмұны туралы өзіндік тұжырымдарын құқықтық актіні қалай
түсіну қажеттігін көрсету мақсатында сыртқа шығару құқықты талқылау ұғымына
бірігеді.
Құқықты талқылау мәселелері құқық қолдану мен құқықты жүзеге асыру
көлемінен асып кетуде.Себебі, ол мемлекеттік-құқықтық өмірді ғылыми және
кәдуілгі тану процесінде дербес мағынаға ие.Сондай-ақ, қолданыстағы
құқықтың мазмұны туралы нақты түсініктің болуы құқықшығармашылық әрекетінің
барысында да аса қажет. Онсыз жаңа құқықтық акт қабылдау немесе бар
актілерді жүйелендіру мүмкіндігі болмай қалады.Талқылау объектісі болып
заңдар және заңға бағынышты актілер саналады. Оларда бекітілген нормалар
ғана емес, актілердің преамбуласы да, өзге де бекітілген ережелері маңызды
болып табылады.
Талқылау пәні заңда көрініс тапқан заң шығарушының тарихи еркі танылады.
Заңды қолдану уақытындағы заң шығарушының да еркі ескеріледі, себебі
талқыланған актілерден кейінгі шығарылған құжаттарда алдыңғы актінің
мазмұны тікелей немесе жанама түрде бұзылуы мүмкін. Әрине , бұндай жағдай
заңдылықтың қатаң режимі сақталған және құқықтық тәртіп орнатылған жағдайда
орын алуы тіпті де мүмкін емес.
Талқылау белгілі бір табиғи немесе қоғамдық құбылыстарды тануға
бағытталған үрдіс. Талқылау деп тар мағынасында берілген формулаларды,
белгілерді, ережелерді, т.б., яғни заңның табиғи және жасанды тілді
түсіндіруді айтамыз. Осыған орай талқылауды екі түрлі тұрғыда қарастырамыз:
1. Талқылау – ол белгі жүйесін түсіндіруге бағытталған ойлау үрдісі.
2. Алдында көрсетіліп кеткен ойлау үрдісінің нәтижесі, яғни белгі
жүйесіне белгілі бір мағына беруі.
Заң ғылымдарында және тәжірибеде құқықты талқылау (немесе заңды)
термині қолданылады. Мұнда да анықталған ойлау үрдісі нормалардың мазмұнын
ашуға бағыттала отырып, ондағы терминдердің, анықтамалардың негізгі
мағынасы мен түсінігін береді, яғни нәтижеге жетеді.
Талқылау – танымды жүйелеу. Құқық нормалары – бұл адамның көру, есту,
ұстап білу сияқты сезімдері арқылы қабылданбайтын обьект болып табылады.
Құқық нормасын зерттеуге, белгілі бір құралдарға қойып өлшеуге, микроскоп
астына қойып қарауға келмейді. Құқық нормасы жалпылау мен абстракциялаудың
нәтижесі бола тұра, ойлаудың, яғни оның ұғым, пікір, ой қорытындысы сияқты
формаларының обьектісі болады.
Құқық нормаларын талқылау ойлаудың бір түрі ретінде қарастырылады. Оның
нәтижесінде жалпы ойдан басқа, яғни құқық нормаларының мазмұны жөніндегі
ойлар туындайды. Талқылау тілмен байланысты жүйелік танымның формасы
ретінде қарастырылса, онда қандай білімдердің жүйеленуі негізінде құқық
нормасының мазмұнына тереңірек үңілуге болады, қандай жаңа ойларды қорытуға
болады, құқық нормаларының нақты мазұнын қалай ашуға болады деген сұрақтар
туады. Әрине, мұндай білімдердің қатарына өмірдің жоғарғы формалары туралы
білімдер жатады, яғни олар – құқық нормаларымен жүйеленетін және сезімдік
қабылдауға жататын білімдер болуы керек. Өмір жөніндегі құқық нормалары әр
түрлі формаларда жүйеленеді және басқа құбылыстармен жан- жақты байланыста
болады.Интерпретатор талқылау үрдісінде, нақты өмір сүру формаларындағы
құқық нормасының қолданылуын ескере отырып, құқық формаларының нақты
мазмұнын бекітеді. Нақты құқық формаларының сыртқы байланысы мен оның
қолданылу формаларын анықтау, талқылау үрдісі мен әдістерінің
ерекшеліктерін көрсетеді. Алдымен, олардың ішіне тілдік форманы жатқызамыз,
екіншіден, құқық нормалары анықталған жүйенің ішінде өмір сүреді, құқық
жүйесінің бір бөлігі болып табылады, әрбір жекелеген құқық нормасы басқа
құқық нормаларымен байланыста болады. Бұл байланыстар жеке нормалардың
мазмұнына әсер етеді және талқылау кезінде олар ескерілуі тиіс. үшіншіден,
құқық нормаларының өзінің генезисі,яғни генетикалық байланысы болады.
Нормалардың арасындағы генетикалық байланыс, нақты байланыс болып табылады.
Құқық нормаларының бұл генетикалық байланыстары жөнінде білу, олардың пайда
болуын түсіндіреді және құқық нормаларын тану үрдісі кезінде қолданылады.
Келесі айтылатын, ол іс-әрекет нәтижесінде, белгілі бір анықталған
әлеуметтік ортадағы адамдардың тәртібі нәтижесінде құқық нормаларының пайда
болуы.
Сәйкесінше, құқық нормасының өмір сүруінің бірден бір формасы. Ол осы
нормалармен реттелетін адамдардың іс-әрекеті, тәртібі. А.М.Яковлев құқық
нормалары өздерінің мазмұны нақты іс-әрекеттер мен нақты анықталған
адамдардың актілерінде ашады деген.Оның ойынша құқық нормалары (басқа да
әлеуметтік нормалар) жасанды түрде де, яғни формальды норма түрінде,
сонымен қатар нақты анықталған тұлғалардың іс-әрекеттерінде де, яғни нақты
нормаларда да көрініс табады[1].
Талқылау барысында, интерпретатор келесі ұғымдарды пайдалана отырып,
құқық нормалардың нақты мазмұнына жетеді. Олар:
- құқық нормасы құрылған тілді білу;
- интерпретацияланған нормалардың басқа нормалармен байланысын, яғни
құқық жүйесін білу;
- құқық нормаларының генетикалық байланысы жөнінде білу;
- құқық нормаларының жүзеге асуының міндеттемелері, басқа әлеуметтік
құбылыстармен қызметтік байланысы жөнінде және олардың негізгі
шарттары туралы білу;
Құқық нормаларының бір белгісі ретінде олардың жалпы және абстрактілі
(нормативті) мағынада болуын, яғни олардың субьектілер мен оқиғаларға кең
ауқымда әсер етуін айтамыз. Құқық нормалары нақты субьектілердің іс-
әрекеттерінде жүзеге асады және нақты оқиғаларға қолданылады. Сондықтан
құқық нормаларын жүзеге асыру кезінде олардың мазмұнындағы элементтерді
нақты көрсету керек, сондай әрекеттерден кейін құқық нормасының мазмұны
нақты оқиғаларға жақынырақ болады.
Талқылау барысында жалпы және абстрактілі нормалар түсінікті, нақты
анықтамалар беретін тілге ауыстырылады. Бұл талқыланып жатқан норманың
заңдық тұрғыда шешуді талап ететін оқиғаға байланыстылығын көрсетеді.Әрбір
құқық нормасы қоғамдық қатынастардың анықталған түрін реттейді. Құқық
нормасымен реттелетін нақты қатынастар сан алуан, олар берілген
қатынастарға тән белгілерді сақтай отырып жеке өздерінің ерекше қасиеттері
болады. Құқық нормаларын жеке қатынастарға қолдану құқық нормаларының
мазмұнына байланысты көптеген сұрақтар туғызады. Бұл сұрақтарға жауапты тек
талқылау арқылы ғана алуға болады.
Заң қабылданған кезде жаңадан пайда болып келе жатқан немесе мүлдем
болмаған қатынастар мен оқиғалар болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда
заңшығарушы оларды абстрактілі түрде құқық нормаларымен реттейді. Жалпы
нормалар мен жаңадан пайда болған қатынастарды реттеудің өзі әртүрлі
сұрақтар туғызады. Бұл сұрақтарға талқылау актілерінің көмегімен жауап
беруге болады. Алдында айтылып кеткен қатынастар қазіргі кезге тән. Себебі,
өмірде бұрын құқық нормаларымен реттелмеген жаңа экономикалық, саяси,
әлеуметтік, ұлттық қатынастар пайда болуда.
Жаңадан қабылданып жатқан заңдарда көптеген жетімсіздіктер мен
ақаулықтар бар[2]. Бұл ақаулықтарды тек бұрын қолданылған нормаларды дұрыс
талқылау арқылы ғана түзетуге болады. Заңдағы көптеген жетімсіздіктердің
пайда бола бастауы, заңшығарушыны жаңа заңмен тиым салмағанның барлығына
рұхсат деген қағиданы енгізуіне әкелді.[3]
Құқық нормаларын талқылаудың ерекшелігі, олардың тілдік-логикалық,
заңдық сипаты болып табылады. Сондықтан құқық нормаларын талқылау кез-
келген тілді талқылау қажеттілігі сияқты маңызды болады[4].
Құқық нормасы, құқық субьектілерінің туындауы мүмкін мінез-құлқы
жөніндегі заңшығарушының ойын білдіреді.
Материалдық негізсіз қандай да болмасын ой өмір сүре алмайды. Ол бір
адамнан басқа бір адамға сөз немесе кез келген іс-әрекет арқылы беріледі,
соның нәтижесінде ол құрылады. Тіл арқылы ой материалды, сезімдік қабылдау
формасына келеді, сол арқылы жазып, естіп, көріп, оқып отырған адамға нақты
ой береді.
Құқық нормаларын құрған кезде заңшығарушы әртүрлі сөздерді, терминдерді,
күрделі сөйлемдерді қолданады. Сөйлемдер мен құқық нормалары тығыз
байланыста бола тұра, сөз бен ұғым сияқты әртүрлі түсініктерді береді.
Құқық нормасы (нақты немесе пайда болуы мүмкін мінез-құлық жөніндегі ой)
тілдік форманың астында жасырын болады, яғни кез келген сөйлемнің
формасында бола алады.[5] Нормативтік анықтамалар сырттай нормативтік мәнге
ие емес сөйлемдердің астарында болуы мүмкін. Құрамында құқық нормасы бар
сөйлемдерді құру тағы да талқылауды қажет ететін мәселелердің қатарына
кіреді.
Құқық нормалары қоғамдық қатынастарды бір-бірінен оқшауланған түрде
емес, анықталған жиынтықта, байланыста реттейді, яғни олар қатынастарды
реттеуде өздеріне берілген қызметтерді бөліп алады. Құқық нормасының
негізгі мәні, мазмұны, басқа онымен логикалық байланыстағы нормаларға
бағынады. Басқа нормалар, талқыланып жатқан нормамен байланысты нормалар,
оның мағынасын тарылтады немесе кеңсітеді. Нормалардың арасындағы
байланысқа мән бермеу, талқыланып жатқан норманың мағынасын дұрыс
түсінбеуге әкеледі. Ал нормалардың арасында пайда болатын байланыстар сан
алуан болуы мүмкін.
Құқық нормаларын талқылау- мемлекеттің құзыретті органдарының қызметі
және қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың шын мәнісіндегі құқық
нормаларының мазмұнын түсінуге арналған. Талқылау процсінде норма

Құқық нормаларын талқылаудың, екі түрі бар: анықтау (өз түсінігі) және
түсіндіру (басқаға түсіндіру). Құқық нормаларының мәнін анықтау, оның
талабын дұрыс түсінуге қажетті алғы шарт. Құқық нормаларын түсіндіру тек
сол кезде яғни, түсіну процесінде оның мазмұнында түсінбеушілік кездессе.
Ондай жағдайда, құқық нормаларының мәнін шын мәнісінде қосымша түсіндіру
қажет болады.Барлық құқық нормалары анықталады,ал сөйлеу жөніндегі дәлдік
туралы, не болмаса құқық нормаларын күнделікті істе пайдалану туралы
келіспеушіліктер болса, қосымша түсіндіру қажеттігі туады. Сонымен, құқық
нормаларын анықтау, барлық жағдайда оның мазмұнын түсіндіру емес. Талқылау
зияткерлік (интеллектуалды) қызметке жатады, ол процесс кезінде ғылыми
тұрғыдан құқықтың тереңірек қасиеті білінеді, объективті және жетімдегі
тұрғыдан құқық нормаларындағы ұйғарым баяндалады. Талқылаудың тиімділігі,
талқылаушының құқықтық санасының деңгейіне байланысты болады.Құқықтық сана
деңгейі жоғары адам, түсінсе, құқық нормаларының мазмұнын түсіндірсе, соған
сай құқық бұзушылар аз болады, жеке адамның құқығымен бостандығы толығырақ
қанағаттандырылады.
Талқылауда ерекше рольді арнайы заңгерлік дайындығы бар, заң
ғылымдарының жетістіктерін терең меңгерген жоғары заңдылық мәдениеті бар
адамдарға беріледі.Заңгерлердің кәсіби дайындықтарының деңгейінен көп
жағдайда құқықтытүсіндіру жұмысының сапасы көрінеді, тұрғындар шын
мәнісінде құқық нормаларының мәнін, олардың ұйғакрымдарының дәл іске
асырылуыныңқажет екендігін түсінеді.
Талқылаудың негізгі тәсілдері - құқық нормаларының мазмұнын анықтауға
арналған. Грамматикалық талқылау - құқық нормаларының мәнін грамматикалық
тәсілде қолданып, оның мәтінін (түпнұсқасын) талдап
түсіну.Мұндайталқылаудағы қажеттілік, қандай сөздерде, сөйлемдерде құқық
нормаларының гипотезасы (болжал), диспозициясы және санкциясы құрылгандығын
білуіміз керек.Ол үшін, жекелеген сөздердің маңызы белгіленеді, олардың
грамматикалықнысаны түсіндіріледі, бір-бірінің арасындағы байланыстар
белгіленеді,содан кейін, норманы құрайтын сөйлемнің грамматикалық және
мәндік құрамы түсіндіріледі.Құқық нормасын грамматикалық талқылауда,
жекелеген атаулардың маңызын білуге арнайы тоқтау қажет.Дегенмен, заңда
кейбіреулеріне ерекше мән беріледі (мысалы,лауазымды адам, кінәсіз
жәбірленуші, дәлелдемелер т.б.) Ондай атауларды түсіндіру, көп жағдайда,
заңдардың өзінде және басқа нормативтік-құқықтық актілерде түсіндіріледі.
Құқық нормаларын қолдану кезде, әр түрлі маңыздағы көп пайдаланылатын
атаулардың тікелей құқықтық-шығармашылық органның өзімен белгіленген шын
мәнін білу қажет.Онсыз заңда істерді теріс шешуге әкеліп соғуы мүмкін.
Нормативтік-құқықтық актілерде арнайы атаулар кең пайдаланылады,олар әр
түрлі техника, ғылым, өнер салаларынан болады. Оларды дұрыс түсіну үшін,
сөздіктерге және мамандардың көмегіне сүйену қажет.
Жүйелі талқылау дегеніміз құқық нормаларының мазмұнын басқа нормалармен
салыстыру арқылы түсіндіру және оның солармен байланысын анықтау. Әрбір
құқық нормалары, құқық жүйесінің бір бөлігі және басқа нормалармен бірігіп
әрекет етеді. Сондықтан, белгілі құқық нормалармен мазмұнын түсіну үшін,
оның басқа нормалармен логикалық байланысын түсіну қажет. Ең алдымен,
мазмұны жағынан талқылайтын нормалармен байланысты талдау белгіленеді.Ойға
адатын нәрсе, қандай нормативтік-құқықтық актіде, ол қандай орын алады.
Егер, ол норма қосымша заң актілерінде болса, оның заңға не болмаса басқа,
үлкен заңдылық күші бар актіге сай екендігіне көз жеткізу қажет. Әр түрлі
құқық салаларының нормаларымен салыстырылуы мүмкін.
Құқық нормаларын қолданатын органдар үшін, жүйеліталқылаудың үлкен
маңызы бар. Ол заңды істерді дұрыс бөлуге қажетті жағдай жасайды.Мысалы,
арнайы әскери машинаны жүргізу тәртібін бұзғандықтан, қылмыстық жауапқа
тарататын норманы қодану үшін, қандай тәртіп бұзылғанын белгілеу (анықтау)
қажет. Ол үшін, басқа нормативтік актілерге қараймыз, себебі оның сонда
көрсетілген.Жалпы алғанда, жүйелік талқылау қарым-қатынаспен бір-біріне
тәуелді, құқық нормаларымен реттелген, қоғамдық қатынастармен қамтамасыз
етілген.
Тарихи- саяси талдау - құқық нормаларының мақсатын міндетін,сол өздері
қабылдаған кезеңдегі, тарихи жағдайларды зеттеу арқылы түсіндіру.Тарихи-
саяси түсінуде қажетті нәрсе, оның тереңге кететін әлеуметтік бағытын және
құқық нормаларының мақсатын зерттеу керек, оның нақты қабылданған жағдайын
білу қажет.Мұндай жағдай, нормаолардың әлеуметтік - саяси мәнін ашып
көрсетуге мүмкіндік береді, оның негізін адамгершілік мазмұнын
көрсетеді.Тарихи-саяси талдау, құқық нормаларын дәл және дұрыс іске асыруға
көмектеседі, қолдану кезіндегі заңдылық бұзылуына тежеу болады.Құқық
нормаларын түсінуде барлық көрсетілген тәсілдерді пайдалану қажет.Оларды
біріктіріп қолдану, талқылайтын құқық нормаларының мәні дәл және дұрыс
түсінуге жағдай жасайды.
Құқық нормаларын талқылаудың нәтижелері. Құқықнормаларына шек қоятын
және таратушы талқылаулар. Құқық нормаларының мазмұнын түсіну, олардың
толық және дәл іске асырылуына әкелуі міндетті. Талқылаудың нәтижесінде
құқық нормалары толық түрдегі анықтықта және мәні белгілі болуы қажет.
Мағынаның айқындығы - норманың мазмұнын терең тусіну, талқылаудың
нәтижесіндегі әр түрлі сенімсіздіктің жоқтығы. Мағынаның белгілілігі -
жасалған қорытындылардың негізінде, бір, не бірнеше шешім шығаруға жол
бермейтін, құқық нормаларының мазмұндарының нақтылығы.
Талқылдаудың нәтижелері, мәтіндегі нормалардың көрнісімен (заңның сөзі)
және оның шын мәнісіндегі мазмұндарының (заңның рухы) арасындағы
қатынастарға байланысты түрлерге бөлінеді. Көбінесе, шын мәніндегі құқық
нормаларының мәнін сөз арқылы түсінуге болады, норманың анық түрдегі
мәтініне сай болу қажет.Ондай талқылдауды сөзбе -сөз талқылау - деп
атайды.Сөзбе-сөз талқылауды, құқық нормалары толығымен оның мәтінінің
мазмұнына сай келеді (заңның сөзімен рухы бір-біріне дәл келеді).
Егер түсіну нәтижесінде, шын мәнісіндегі мазмұнын оның мәтіндегі
көрінісінен кемдеу болса, талқылауды шек қоюшы, деп атайды.Шектеуші
талқылауда, норманың мәтіндері оның мазмұнымен толық сәйкестендіріледі.
Егер, түсіну нәтижесінде нормалардың шын мазмұны оның мәтінінде кеңдеу
болса, оны таратушы талқылау д.а. Бұған мысал ретінде Конституцияның бабын
айтуға болады,онда соттар тәуелсіз, тек заңға бағынады-
делінген,Конституцияның бұл бабындағы шын мәніндегі шын атауының мазмұны,
оның сөздік көрінісінде қарағанда кең.
Сонымен,шектеу және тарату талқылаулары шын мәніндегі құқық нормаларының
мазмұнын толық сәйкестендіреді және нормативтік-құқықтық баптың мәтінінде
дәл жазылады. Құқық нормаларын ресми және ресми емес, нормативті және
казуальді талқылау. Заңға қосымша актілер.
Құқық нормаларын түсінуде, жоғарыда көрсетілгендей, олардың мазмұнының
анықтығы, белгілілігі толық еместігін байқаймыз.Ол әр түрлі себептермен
түсіндіріледі. Мысалы, азаматтардың заңмен таныстығының жетімсіздігі, көп
жағдайда құқық нормаларын түсіндіруде қиындық туғызады, мысалға, кейбір
кездегі кездесетін әс жүзіндегіқұқық қолданудағы қайшылықтарды айтуға
болады.Сондықтан, қажетті жағдайға жататындар құқық нормаларын талқылау -
түсіндіру және оларды дәл асыруды қамтамасыз ету, әс жүзіндегі, әсіресе
оларды қолдану процесіндегі қателікті жібермейді.[6]
Құқық нормаларын түсіндіру - шын мәніндегі құқық нормаларыныңмазмұнын
ашуға бағытталған нұсқаулар не ұсыныстар. Құқық нормаларын түсіндіретін
субъектілерге байланысты, талқылау - түсіндіру екіге бөлінеді: ресми және
ресми емес.
Ресми талқылау- құқық нормаларының тек құзыретті органдарымен
түсіндіріледі.Ол норманы қабылдаған органдардың барлығының міндеті болып
табылады.Ресми талқылау арнайы актілерде жарияланады, яғни құзыретті
органдардың шығаратын баспасында болады(қаулы, нұсқау т.б) Ресми
талқылаулар өздерінің көлемдеріне байланысты нормативті және казуальді
(жекелеген) болып бөлінеді.
Нормативті талқылау - белгілі нормаларды не құқық нормаларын қолданатын
жеке адамдармен органдардың міндетті түрдегі түсініктемелері. Ондай
түсіндіру, талқыланатын құқық нормаларымен барлық жағдайларға
таралады.Соған сәйкес, оның талабын өмірде дұрыс, біржақты жүргізілу
қамтамасыз етіледі.Ресми талқылауды, соны шығарган органның өзі беруі
мүмкін.Ондай талқылау аудентивтікмысалға, Президенттің өзі шығарған
Жарлыққа түсінік беруі.Сонымен қатар, нормаларды ресми талқылау, соны
шығарған органдардың өзімен жүргізілуі мүмкін.Ондай жағдайда, оларға
көрсетілген нормаларды түсіндіруге арнайы өкілеттік беріледі. Мысалы, заң
шығарушы орган, соған сай атқарушы билік органдарына, өзі шығарған заңдарды
түсіндіру жөнінде тапсырма бере алады.Арнайы өкілеттіктерінің негізінде
министрліктер және ведомстволардың үкімет шығарған нормативтік- құқықтық
нормаларды түсіндіруге құқықтары бар. Мысалы, Қаржы министрі өзі шығарған
мемлекеттік бюджетті түсіндірсе, Еңбек министрі еңбек қорын пайдалану
мәселелері туралы түсінік береді.
Казуальді талқылау- нақты заңды істі қарау кезіндегі құқық нормакларының
мазмұнына түсінік беру.Ондай талқылаудың казуальді деп айтылуы, ол тек сол
нақты оқиға (казусқа) байланысты. Казуальдік талқылаудың қажеттігі тек сол
уақытта керек, егер төменгі құқық қолданушы органдардың шешімі нақты заңды
іс бойынша дұрыс болмаса, заңға қайшы болса.Сонымен бірге,олар сол норманы
қолданылатын басқа органдарға үлгі болады.
Нормативті және казуальді түсіндірулер, өзінің мазмұндары бойынша соттық
және әкімшілік талқылауға бөлінеді. Соттық талқылау- құқық нормаларының
мәнін соттардың түсіндіруі. Құқық нормаларын сот қызметінде дұрыс түсіну -
оны біркелкі пайдалануды қамтамасыз етеді. Мемлекеттің Жоғарғы Сот
органдарының төменгі сот орындарына, сот процесінде туатын азаматтық және
қылмыстық заңдарды пайдалану туралы түсініктерінің үлкен маңызы бар.
Жоғарғы Сот органдарының билігі барлық соттарға міндетті және түсіндірілген
құқық нормаларын қолданатын органдармен, лауазымды адамдарға да тікелей
қатысы бар.
Әкімшілік талқылау- құқық нормаларын мәнін атқарушы және өкім шығарушы
органдармен түсіндірілуі.Ондай талқылау басқару, еңбек, әлеуметтік
қауіпсіздендіру және басқа мәселелерге арналады. Өзіне берілген
құзыреттеріне байланысты, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өздері
шығарған құқық нормаларына түсінік беруге құқықтары бар, ондағы
нормаларының әрекеті тек сол аудан, қала аумағымен шектелген.
Ресми талқылауларды актілер нысанында, соған сай құзыретті органдар
шығарады.Ресми талқылаудың заңды куші, соны шығарған органдардың
өкілеттігіне байланысты.Од актілерде, түсіндірулермен қатар,дербес нормалар
не жекелеген ұйғкарымдар болуы мүмкін.Осыларға байланысты нормативтік
актілердегі дәлсіздік және түсініксіздіктер жойылады, сол актілерді іс
жүзінде пайдалану жетілдіре түседі.
Құқықтық нормаларды талқылаудың ресми актілері. Құқықтық нормаларды
талқылаудың Ресми актілері (талғап-талдап түсіндіру)-құқық нормаларының
мазмұнын түсіндіру, екіншіден, олардың ұйғарымын нақтылау және дәлелдеу.
Талдау және талғау актілероінің ерекшелігі, олар талқыланатын заң нормалары
кіретін нормативтік-құқықтық актілермен бірігіп әрекет етеді.
Талдау және талғау актілері, олардың мазмұндарына және
жарияланатынортасына байланысты бөлінеді. Талдау талғаудың тәжірибесін
біріктіретін- нысан. Міне, осындай актілер толық көлемде құқық нормаларын
ресми түсіндірудің функциясын орындайды, себебі, олар құзыретті органдардың
құқықтық шығармашылығы қызметіне қатынасы жоқ
Ресми емес талқылау - құқық нормаларының мәнін түсіндіру, міндетті
сипатта болмайды.Ол әрбір азаматтардан, не қоғамдық ұйымдардан шығады.
Ондай талқылаулар, құқық нормаларын қолданатын органдарға,не лауазым
иелеріне міндетті емес. Дегенмен, ресми емес талқылаулар, оларға өте үлкен
көмекті, құқық нормаларын іс жүзінде қолданғанда көрсетеді. Құқық
нормаларын дәл және дұрыс іске асыру үшін, үлкен мемлекеттік және қоғамдық
қайраткерлердің белгілі заңдардың қоғамдық өмірдегі негізі, олардың іс
жүзіндегі бағыты жөніндегі айтқандарының үлкен маңызы бар. Оларды
түсіндіру, заңның мәнін жан-жақты, терең меңгеруге ықпал жасайды,
азаматтардың құқықтық танымының деңгейінің көтереді заң талаптарының дұрыс
іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Құқық нормаларын ресми емес талқылаудың бір түрі - доктриналдық (ғылыми)
талқылау. Ол арнайы ғылыми -зерттеу мекемелерімен, кәсіпкер ғалымдармен,
заңгерлермен, тәжірибелі жұмыс істейтін заңгерлермен, заңдарға берілетін
түсініктемелерде, ғылыми жұмыстарда, мақалаларда, лекцияларда беріледі.
Доктриналдық түсіндіру, құқық нормаларының мазмұнын және оларды қолдану
төжірибесін түсіндіру, олар білімге және құқықтық реттеудің
заңдылығынатерең білгендікке, қоғамдық өмірді ұйымдастырудағы құқықтың
рөліне, нақты заңдылық мәселелерді шешуге негізделеді. Ғылыми ұсыныстар,
арнайы органдардың құқық шығармашылығын жетілдіруге және құқықты қолдану
қызметіне, оларды обьективті қоғамдық дамудың заңдылығына сәйкес келтіруге
көмектеседі.
Сонымен, талқылау құқық нормаларын дұрыс және біркелкі түсінуді және
қолдануды қамтамасыз етеді.
1.2 Талқылаудың философиялық аспектілері
Қандай да болмасын ғылыми танымның әдістемелік және теориялық негізін
бейнелеу теориясы құрайды. Бұл теориядан тыс ешқандай ғылымның теориялық-
танымдық проблемаларын шешу мүмкін емес. Соның ішінде құқық нормасының
талқылану проблемаларын да шешу мүмкіндігі.
Талқылаудың обьективтілігі. Таным – бұл ойлау қабілеті бар субьектінің
әрекетті нақты бейнелеу формасы . Танымдық кейіп немесе бейне субьекті мен
обьектінің байланысының нәтижесі[7]. Субьект пен обьектінің арасындағы
қатынас мүмкін болады, себебі зат обьективті тіршілік етеді, яғни
субьектіден тыс және одан тәуелсіз[8]. Субьект өзінің сезім органдарына
әсер ететін басқа субьектілер түсіне алмайтын таза субьективті кейіптерді ,
ойларды т.б. бейнелей және қабылдай алады.
Талқылау үрдісінде танымның пәні құқық нормалары, олардың мазмұны болып
табылады. Осыған байланысты құқық нормаларының таным обьектілерінің нақты-
обьективтік мәні жөнінде сұрақ туындайды. Талқылау пәні заңда көрініс
тапқан заң шығарушының тарихи еркі танылады. Заңды қолдану уақытындағы заң
шығарушының да еркі ескеріледі, себебі талқыланған актілерден кейінгі
шығарылған құжаттарда алдыңғы актінің мазмұны тікелей немесе жанама түрде
бұзылуы мүмкін. Әрине , бұндай жағдай заңдылықтың қатаң режимі сақталған
және құқықтық тәртіп орнатылған жағдайда орын алуы тіпті де мүмкін емес
Құқық нормалары – бұл заңшығарушының ерікті қызметінің нәтижесі болып
табылады. Осындай негізде кейбір авторлар құқықты, соның ішінде жеке
нормаларды субьективті фактор ретінде қарастырады.
ТМД мемлекеттерінің ғалымдары обьективтік және субьективтік құқық
жөніндегі пікірталастарда бір жақты келісімге келе алмады. Құқық нормаларын
обьективті нақтылықты бейнелейтін, құқық субьектілерінің қалыпты немесе
болуы мүмкін мінез-құлқы туралы заңшығарушының ойы ретінде қарастыруымыз
керек. Мұндай жағдайда құқық нормалары субьективті болады. Бірақ, құқық
танымның пәні болуы үшін ол нақты обьективті, сезім арқылы қабылданатын
болуы керек. Сезім арқылы қабылдануы үшін ол материяландырылуы, яғни сезім
мүшелері арқылы қабылдана алынатын формаға келуі керек. Сыртқы материалдық
формаға келмеген заң шығарушының ойы құқық субьектілеріне бағыттала отырып,
олармен қабылданбайды.
Заңшығарушының ойына обьективті нақтылық беретін және субьектілермен
сезім арқылы қабылданатын форма – тіл болып табылады. Тілдің материясы
құқық нормасына обьективті нақтылық береді және мәнін тани алатын жекелеген
субьектілерден тәуелсіз қылады.
Талқылау – логика заңдылығына бағынатын үрдіс. Талқылаудың
обьективтілігі тек оның пәніне ғана емес, сонымен қатар формальды логика
ережелері мен заң дарына да байланысты болады. Құқық нормаларын талқылау-
құқық актілерінде орын алатын құқық нормаларының мазмұнын ұғыну және
түсіндіру. Талқылау барысында нормативті нұсқаудың мазмұны, олардың
әлеуметтік бағытталғандығы, құқықтық реттеу жүйесіндегі ролі мәселелері
шешіледі. Талқылау заңдық нормалардың реттеу жүйесіндегі абстрактілігіне,
арнаулы терминологияға, құқық шығармашылық әрекеттің ақаулығына байланысты
қажет. Құқықтық нормаларды талқылау әрекетінің мақсаты заңдық нұсқауларды
біртектес дұрыс түсінуді және оларды қолдануды қамтамасыз ету болып
табылады.
Талқылау барысында қолданылатын формальды логика ережелері мен заңдары
табиғат пен қоғамның обьективті мәні сияқты, обьективті мәнге ие болады.
Логика заңдары адамның ойына жабыспайды, олар адам ойының қажетті
қасиеттері болып табылады. Олар біздің олар туралы білетінімізгн немесе
білмейтінімізге байланыссыз қызмет етеді. Адамдар оларды құрмайды,
бұзбайды, бірақ олар обьективті заңдарға сәйкес оларды жүзеге асыра алады.
Интерпретацияның ойлау үрдісі логика заңдарына қатаң бағынуы керек[9].
Тұрақтылық заңын сақтай отырып, интерпретатор ойлау барысында заттарды,
олардың құбылыстары мен қасиеттерін басқа заттармен ауыстырмауы тиіс.
Талқылау кезінде мұндай ауыстырулар болуы мүмкін, себебі, кейбір заңдарда
бір терминмен әртүрлі ұғымдар беріледі. Соның нәтижесінде белгілі бір
құбылыстарға басқа құбылыстардың қасиеттері ауысады.
Тұрақтылық заңының бұзылуы заңшығарушы қолданған ұғымның көлемінің
кеңеюуіне немесе тарылуына әкеледі. Қайшылықтар заңы интерпретация
негізінде логикалық тұрғыдағы жүйелі ойлауды, ондағы пікірлердің
қайшылықтардың туындамауын талап етеді. Бұл заңға сәйкес бір қатынасқа
жататын, бір уақытта болатын, пәні бір болатын екі ойдың екеуі де ақиқат
бола алмайды. Талқылау барысында интерпретатор ойын қандай да болмасын
құбылыс немесе зат жөнінде пікірден бастайды. Қандай да болмасын құбылыс
жөнінде екі қарама-қайшы пікір туындаса, белгілі бір қорытындылар жасамай
тұрып, олардың арасындағы қарама-қайшылықты шешу керек және де екеуінің
қайсысы ақиқат екенің анықтау керек .
Үшіншісі жақтан айыру заңы бойынша, екі бір-біріне қарама-қайшы пікірдің
біреуі міндетті түрде ақиқат болуы керек, ал екінші – жалған болады. Бұл
екеуінің арасында ешқандай үшінші болуы мүмкін емес. Егер біз норманың
мәнін ашатын қандай да бір тезистің ақиқаттығын дәлелдесек, онда бұл
тезиске қайшы келетін пікірлерді жалған деп санаймыз. Белгілі бір іске
байланысты қабылданатын шешім, сот үкімі немесе басқа мемлекеттік органның
шешімі нақты анықталған болуы керек. Шешімнің анықтылығы, құқық нормасының
мазмұны туралы пікірлердің анықтылығын қажет етеді.
Талқылауда қолданылатын жеткілікті негіз заңы бойынша құқық нормасының
мәнің ашатын әрбір тезис дәлелді болуы тиіс. Бұл заң негіздің де ақиқат
болғаның талап етеді. Құқық нормасының мазмұны туралы қорытынды логикалық
тұрғыдағы ақиқаттың негізінен тұруы керек. Белгілі бір жасалған ұсыныс
интерпретация кезінде міндетті түрде дәлелденуі немесе қабылдануы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 237 бабында, үкім
жобалаудың негізінде шығарылмайды, делінген. Бұл талап тек белгілі бір іске
ғана қатысты емес, сонымен қатар құқық нормаларының мазмұны жөніндегі
жобаларға да қатысты. ҚР ҚІЖК 282 бабына сәйкес,егер сотта мұндай өндіріс
болып қарастырылса, онда сот айыпталушыға ниеттің өзгеруіне сай өзгеріс
жасауға міндетті.. ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 331 бабының 3
бөліміне сәйкес үкімнің өзгеруінің негізі, заңның нақты мәніне қарама-қайшы
пікір туғызып, заңның дұрыс емес қолданылуы. Құқық нормасының мәнін ашатын
дәлелдемелер кейбір ережелерге қолданады, кейбіреулеріне қолданылмайды.
Жоғарғы инстанциялармен шығарылған қаулылар мен анықтамаларда мұндай
жағдайлар жиі кездеседі.
Талқылау – танымның диалектикалық үрдісі. Танымның үрдісі, оның
обьективтілігі диалектика заңдарына сәйкес әрекет етеді. Танымның белгілі
бір обьектіге қарай қозғалысы диалектика арқылы ғана жүзеге асады.
Затты шын мәнінде білу үшін, оның барлық жақтарын, байланыстарын жан-
жақты зерттеу керек. Біріншіден, біз оған ешқашан толық жетпейміз, бірақ
жан-жақты зерттеу белгілі бір қателіктерден сақтандырады. Екіншіден,
диалектикалық логика затты даму, өзгеру барысында алуды талап етеді.
Үшіншіден, барлық адамзат тәжірибесі заттың толық анықтамасына кіру керек.
Төртіншіден, диалектикалық логика абстрактілі ақиқат жоқ, ақиқат әрқашан
нақты деп үйретеді [10].
Талқылау, біз анықтағандай, үнемі ойлау мен танудың үрдісі. Құқық
нормасы тіршілік етеді, оның өзінің генезисі болады, анықталған нақты –
тарихи жағдайларда құрылады. Ол адамдардың мінез-құлқында, нақты
әрекеттерде, қоғамдық қатынастарда тіршілік етеді. Құқық нормасының басқа
формалары жоқ. Бірақ құқық нормасының формасына сәйкес талқылаудың белгілі
бір анықталған әдістері қолданылады. Талқылаудың барлық әдістерін жиынтықта
қолдану диалектикалық танымның бірінші талаптары болып табылады.
Диалектикалық логиканың екінші талабы, Құқық нормаларын талқылауда
тәжірибеде қолданылады. Құқық нормаларының мазмұнының қозғалысы олардың
жалпы және абстрактілі мәнінен шығады. кейбір құқық нормалары жаңа заңды
шығармай-ақ немесе ескі заңның күшін жоймай-ақ жаңа қоғамдық қатынастарды
реттей алады. Диалектиканың үшінші талабы, тәжірибе арқылы талқылаумен
тығыз байланысты. Құқық нормаларының жалпы және абстрактілі мәні
заңшығарушының жалпы және абстрактілі ұғымдарға бағынышты болады. Құқық
нормаларының ішіндегі ұғымдардың байланысы талдау, синтез және т.б. ұғымның
операциялары арқылы анықталады.
Интерпретатор ұғымның қасиеттерін бөліп қарастыра отырып, ұғымдағы нақты
құбылыстардың қасиеттерін зерттеп, нақты әрекеттерге анализ жасайды.
Талқылау – танымның субьективті үрдісі.Танымның бір түрі ретінде
талқылау обьективті мәнімен қатар, субьективті мәнге ие болады. Талқылаудың
субьективті мәні, оның әртүрлі қасиеттері бар субьектімен ерекшеленеді. Ол
субьектінің бойында ойлау қабілеті, жеке құқықтық және моральдық санасының
дәрежесі жоғары, жеке қызығушылықтары болады. Талқылаудың субьектісі
белгілі бір әлеуметтік топқа жататын адам болып табылады. Сондықтан ол
белгілі бір идеологияны жақтайды. Субьектінің бұл қасиеттері талқылау
үрдісімен қатар, оның нәтижесіне де әсер етеді.
Талқылаудың субьективтік мәні оның шығармашылық мәнін көрсетеді.
Талқылаудың шығармашылық мәнінен ауытқу мүмкін емес, себебі талқылау
үрдісінде құқық нормасының мазмұнында жаңа ілімдер пайда болады. Егер
талқылау барысында жаңа ілімдер пайда болмаса, онда талқылаудың тәжірибеге
де, теорияға да қажеті болмас еді. Талқылау құқықтық реттеуде нақты
фактілерге қолданылады. Құқық нормасын жүзеге асыру кезінде жеке фактілерге
байланысты интерпретатор алдында құқықтық тұрғыдағы әртүрлі сұрақтар туады.
Бұл сұрақтарға жауапты құқық нормаларының мазмұнынан іздеу керек.
Ілімдердің жаңалығының маңыздылығы, интерпретация барысында құқық
нормасының мазмұнының жалпы немесе абстрактілі ілімдер жөнінде нақты және
жекелеген ақпарат алуға мүмкіндік береді.Марксистік құқық теориясында
талқылау таптық-саяси мәнге ие. Ол гнесиологиялық, яғни танымдық табиғаттан
шығады, яғни талқылау үрдісіндегі обьективті және субьективті жағдайлардың
жиынтығының табиғаты. Талқылаудың таптық-саяси мәні интерпретатордың қандай
тапқа жататынына байланысты болады. Анықталған әлеуметтік топтық
қызығушылықтары, мақсаттары, белгілі бір құндылықтары интерпретатордың
санасына әсер ету арқылы талқылау нәтижесіне де белгілі бір дәрежеде әсер
етеді.
Көптеген ғалымдардың марксистік әдістемелерге қарсылығына қарамастан,
біздің ойымызша бұл жағдайларда К. Маркс пен Ф.Энгельстің ойлары дұрыс. Біз
әртүрлі меншік формалары бар нарықтық экономикаға ауыса бастадық. Бұл
қоғамның мүліктік және әлеуметтік түрленуіне әкеледі. Әртүрлі әлеуметтік
топ өкілдері қоғамда алатын мүліктік және әлеуметтік жағдайларына,
мүдделеріне қарай құқықтық актілерді өз ерік мақсаттарына өмірлеріне
тиесілі етіп жасауға тырысады.
2 тарау. Талқылау әдістері
2.1. Талқылаудың логикалық және тілдік әдістері
Тіл қатынастың бір түрі ретінде сөзбен тығыз байланысты. Тіл мен сөйлеу
қатынастың біртұтас құралы. Тіл мен сөз осы сөйлеуде өзектеледі. Тілдік
дұрыс қисындалу заңдылығы белгілі бір ойдың пәнінің мазмұнын объективті
тұрғыда әрқилы етіп шектейді, осыған сәйкес тілдік белгі біруақытта ой
пәнінің бірнеше белгілерін мазмұндық, құрылымдық, пәндік, мәндік ,жүйелік
қатынастарына байланысты ретке келтіру.1 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz